Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45




НазваниеДәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45
страница6/8
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/АНАТОМИЯ__СПОРТТЫҚ_МОРФОЛОГИЯ_5102,_3_кр..doc
1   2   3   4   5   6   7   8

6.Практикалық, семинарлық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

Жоспарланбаған

7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар.

Бұл курс бойынша негізінен тірек –қимыл аппаратының негізгі құрлысы мен қозғалысы, бұлшық еттер жүйесінің дамуына көп көңіл бөлінеді.Соның ішінде қозғалыс аппаратының қызметтік принципі, оның қозғалысының ерекшеліктері сол арқылы ағзаның дамуына әсері зерттелінсе, ішкі органдар жүйесі ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару, қан тамырлар жүйесі негізгі қозғалыс аппаратын басқаратын құрлым жүйесінің ерекшеліктері оқытылады. Студенттерге осы ішкі жүйе мен сыртқы жүйесінң бірлестігі мен қызметтік жүйесінің байланысы мен үйлесімділікте біртұтас ағза ретінде дамуын түсіндіру ең маңызды рол атқарады. Бұл пән дәрістік және зертханалық сабақтар және студенттердің өз бетімен жұмысы ретінде оқытылады. Дәріс мазмұнында пәннің жалпы теориялық негізі қаланса, зертханалық сабақтар өткізгенде дәріс жүйесінде алған білімдерін практика жүзінде шыңдайды. Әрбір студент дене қозғалысына анатомиялық талдау жасап, олардың даму ерекшеліктеріне статистикалық мәлімет бере отырып, антропометриялық әдістермен зерттеу жолдарын үйренеді. Дене компонентерінің салмағын өлшеу, өздігінен оқытушының көмегімен анатомиялық өлшеу әдістерін жүргізуге үйренеді.

СОӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

- тақырып

- мақсаты

- өткізу түрі

- тапсырмалар, сұрақтар

- әдістемелік нұсқаулар

- пайдаланатын әдебиет


8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, зертханалық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар.


Практикалық сабақтарда іс жүзінде асыруға болатындай жағдайларда оқу үрдісінің кезінде көрсетіледі немесе нақты тапсырманы орындау барысы толығымен түсіндіріледі.

Семинар сабақтарында көбінесе теория жүзінде жауаптар алынып, бағаланып жалпы білімдері тексеріледі.

Барынша барлық тақырыптарға көрнекілік материалдар қолдану.


1. Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Қаңқа.

Мақсаты: Омыртқа жотасының және көкірек қуысының құрылысымен танысу. Олардың құрылысы мен дамуына әртүрлі факторлардың әсері.

Жоспары: 1.Омыртқа жотасының құрылысы-жалпы көрінісі, бөлімдері, омыртқалардың әр бөлімдегі құрылысы. Сегізкөз бен құйымшақ, олардың ерекше құрылысы. Омыртқалардың жалғануы: омыртқааралық дискілер, буындар (ауыз омыртқа-шүйде, ауыз омыртқа-эпистрофей, басқа омыртқалар арасындағы буындар). Сіңірлер (жалғама дәнекерлер).

2.Омыртқа жотасының иіндері. Сымбат, оның түрлері.

3.Көкірек қуысының құрылысы: қабырғалардың құрылысы, төс сүйегі. Ерекшеліктері. Қабырғалардың омыртқалармен және төс сүйегімен жалғануы.

Жабдықтау: 1.Қаңқа түгел. 2.Бөлек сүйектер. 3.Омыртқа жотасы.

Кестелер, планшеттер.

Сурет салу: Адам анатомиясы. М.М.Курепина, Г.Г.Воккен. Атлас. 3/ а,б, в, г, д; 4/а, в, д

Тексеру сұрақтары:

1.Омыртқа жотасының құрылысы және маңызы неде?

2.Бөлімдері және олардың ерекшеліктері.

3.Омыртқалардың ортақ және жеке құрылысындағы ерекшеліктері.

4.Омыртқа тесіктері. Омыртқа арнасы, қалай құралады? Қайдан басталып, қайдан аяқталады?

5.Омыртқа жотасы қандай себептерден қисаюы мүмкін? Қалай алдын алуға болады?

6.Сегментарлық құрылысын қалай түсіндіруге болады? Барлық бөлімдері сондай ма? Дәлелдеңдер.

7.Омыртқа жотасындағы қозғалыстар.

8.Қабырғалар мен төс сүйегінің құрылысы.

9.Көкірек қуысының пішіні мен қозғалысы неге байланысты?


2. Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Бас сүйегі.

Мақсаты: Ми сауыты мен бет сүйектерінің құрылысымен танысу.

Жоспары: 1.Ми сауытына жалпы шолу, құрылысының басқа сүйектерге қарағанда ерекшеліктері.

2.Ми сауыты сүйектерінің құрылысын меңгеру.

3.Бас сүйегінің бет сүйектері (жұп пен тақ, қозғалмалы және қозғалмайтын).

Жабдықтау: 1.Адамның бас сүйегі. 2.Ми сауытының төбесі мен табаны (бөлеек). 3.Боялған ми сауыты сүйектері. 4.Бас сүйегінің жалғамалары. Жіктер, түрлері.

Таблицалар мен планшеттер.

Сурет салу: 14/a/, 15/a/, 16/a/, 17/a, б/.

Тексеру сұрақтары:

1.Бас сүйегінің ми бөлігіне қандай сүйектер кіреді?

2.Бас сүйегінің бет бөлімі, бұған қандай сүйектер кіреді?

3.Адамда ми бөлімі мен бет бөлімінің ара қатысы қандай? Ол неге байланысты?

4.Бет сүйектерінің құрылысына сипаттама беру.

5.Ми сауыты сүйектерінің құрылысына сипаттама беру.

6.Сол жақ самай сүйегін оң жақтан қалай айыруға болады? Күрделі құрылысы неге байланысты?

7.Сүйектердің пішініне қарай атқаратын қызметін қандай белгілер арқылы анықтауға болады?

8.Бас сүйегінің ішкі құрылысы мен сыртқы құрылысының ерекшеліктері неде?

9.Көз, мұрын және ауыз қуыстары қандай сүйектерден тұрады? Қандай қуыстарымен және шұңқырларымен байланыстары бар?


3. Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Қаңқаның жоғарғы бөлімі (сүйектері).

Мақсаты:Жоғарғы бөлімінің құрылысы мен жалғамаларын меңгеру, иық белдеуі мен қол сүйектерінің құрылысынын жануарлардан ерекшелігін анықтау.

Жоспары: 1.Иық белдеуі мен қол сүйектерінің орналасуы. Жоғарғы бөлімінің тұлға сүйектерімен байланысы. 2.Жауырын мен бұғана сүйектерінің құрылысы. 3.Қол сүйектерінің (саусақ) құрылысы, ерекшелігі. 4.Буындар: иық, шынтақ, білезік олардың құрылысы, пішіні, айналу біліктері және қозғалыстары.

Жабдықтау: 1.Қаңқаның жоғарғы бөлімінің сүйектері.

2.Бөлек сүйектер.

3.Қол сүйектері.

Таблицалар мен планшеттер.

Сурет салу: 7 /a,б/; 8/a/; 9.

Тексеру сұрақтары:

1.Жоғарғы бөлімнің сүйектерін атау.

2.Иық белдеуінің сүйектерінің құрылысы.

3.Оң жақ бұғананы сол жақ бұғанадан қалай айыруға болады?

4.Иық белдеуінің қандай буынға жататынын айқындау.

5.Шынтақ буыны қандай сүйектерден тұрады? Қандай айналу біліктері бар?

6.Білезік буыны қандай сүйектерден тұрады? Бұнда қандай айналу біліктері бар?


4. Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Қаңқаның төменгі бөлімі (сүйектері).

Мақсаты.Жамбас белдеуі мен аяқ сүйектерінің құрылысын жалғану ерекшеліктерін меңгеру, оның иық белдеуі мен қол сүйектерінен ерекше құрылысын салысырып сипаттама беру.

Жоспары: 1.Жамбас белдеуі мен аяқ сүйектеріне жалпы шолу жасау. Олардың өзара орналасуы.

2.Жамбас сүйектерінің құрылысы, топографиясы.

3.Жамбас сүйектерінің тұлға сүйектерімен жалғасуы.

4.Буындар: жамбас, тізе, толарсақ олардың құрылысы, пішіні, айналу біліктері және қозғалыстары.

Жабдықтау: 1.Қаңқаның төменгі бөлім сүйектері.

2.Бөлек сүйектер.

3.Аяқ сүйектері.

Сурет салу: 10, 11/б/, 12 /а,б/, 13.

Тексеру сұрақтары:

1.Төменгі бөлімнің сүйектерін атау.

2.Жамбас белдеуінің сүйектерінің құрылысы.

3.Жамбас белдеуінің тұлға сүйектерімен жалғануы.

4.Төменгі бөлімнің жалғамалары қандай буындарға жатады?

5.Тізе буынының ерекшелігі неде?

6.Жалпақ табандылық деген не, және оны қалай болдырмауға болады?


5. Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Бас пен мойын бұлшық еттері.

Мақсаты:Бас пен мойын бұлшық еттерінің топографиясы, атқаратын қызметін меңгеру.

Жоспары: 1.Бас бұлшық еттері. Шайнау бұлшық еттері, топографиясы, бекитін жерлері.

2.Ымдау бұлшық еттері, топографиясы беку ерекшеліктері.

3.Мойын бұлшық еттері, топографиясы, бекитін жерлері және атқаратын қызметтері.

Жабдықтау: 1.Бас пен мойын муляждары

Таблицалар мен планшеттер.

Сурет салу: 27, 28, 29, 30 /a,б/.


Тексеру сұрақтары:

1.Бастың бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді?

2.Шайнау бұлшық еттерін атау, басталатын жері мен бекитін жері және атқаратын қызметтері.

3.Мойын бұлшық еттерін атау, атқаратын қызметтерінің ерекшеліктері.

4.Тіл асты сүйегіне бекитін бұлшық еттерді атау және олардың басталатын және бекитін жерлерін көрсету.

5.Терең орналасқан мойын бұлшық еттері, олардың атқаратын қызметтері.

6.Мойын фасциялары және олардың құрылысы.


6. Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Кеуде бұлшық еттері.

Мақсаты: Кеуде бұлшық еттерінің басталатын және бекитін жерлері, орналасуы, өзінің бұлшық еттерін келімсек бұлшық еттерден айыра білу.

Жоспары: 1.Кеуде бұлшық еттеріне жалпы сипаттама беру.

2.Арқа бұлшық еттері (үстемелі және тереңде жатқан бұлшық еттер), олардың бекитін жерлері.

3.Төс бұлшық еттері, бекитін жерлері. Келімсек бұлшық еттер және өзіндік бұлшық еттері.

4.Іш (құрсақ) бұлшық еттері, топографиясы, бекитін жерлері.

5.Диафрагма (көк ет) оның орналасуы, құрылысы, бекитін жерлері.

Жабдықтау: 1.Адам қаңқасы, торстар, үстеме орналасқан бұлшық еттер.

2.Терең орналасқан бұлшық еттер.

Таблицалар мен планшеттер.

Сурет салу: /19, 20, 21 қарау), 22 /a/, 24, 25, 26.

Тексеру сұрақтары.

1.Кеуде бұлшық еттері қандай топтарға бөлінеді?

2.Арқа бұлшық еттері, фасцияларды ата, бекитін жерлерін көрсет.

3.Өзіндік арқа бұлшық еттері мен келмісек бұлшық еттердің айырмашылығы неде?

4.Төс бұлшық етері, фасциялары.

5.Құрсақ бұлшық еттері, бекитін жерлері, атқаратын қызметтері.

6.Құрсақ шандыры деген не? Неден құралады?

7.Тыныс алу актісінде қандай бұлшық еттер қатысады?


7. Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Дененің жоғарғы бөлімінің бұлшық еттері.

Мақсаты: Қол мен иық белдеуінің топографиясын меңгеріп атқаратын қызметтерін айқындау.

Жоспары: 1.Иық белдеуі мен қол бұлшық еттеріне жалпы шолу жасап дененің ең қозғалмалы бөлігі ретінде қарастыру.

2.Иық белдеуінің бұлшық еттері, топографиясы және атқаратын қызметі.

3.Қол бұлшық еттерін топографиялық және анатомиялық белгілеріне қарай топтарға бөлу.

4.Бір буынды және көп буынды бұлшық еттер.

Жабдықтау: 1.Адам қаңқасы, адамның торсы, бұлшық еті бар муляждар.

Таблицалар мен планшеттер.

Сурет салу: 31 /a, б/, 32 /a/, 33/б/, 34.

Тексеру сұрақтары:

1.Иық белдеуі мен қолдың еркін қозғалатын бұлшық еттеріне сипаттама беру, оларды атау.

2.Иық белдеуі мен қолдың еркін қозғалатын бұлшық еттерін топтарға бөлу.

3.Дененің жоғарғы бөлімінің қандай бұлшық еттері жақсы дамыған және ол неге байланысты?

4.Бұлшық еттердің буындарға байланысты орналасуы қалай?

5.Дененің жоғарғы бөлімінің буындарында алуан түрлі қозғалыстар немен байланысты және бұлшық еттердің рөлі қандай?


8. Зертханалық жұмыс

Тақырыбы:Дененің төменгі бөлімінің бұлшық еттері.

Мақсаты: Жамбас белдеуі мен аяқ бұлшық еттерінің топографиясын меңгеру, қызметтерін айқындау.

Жоспары. 1.Дененің төменгі бөлімінің бұлшық еттері (ішкі және сыртқы топтары), бөлек бұлшық еттердің топографиясын, бекитін жерлері.

2.Аяқ бұлшық еттерінің топографиялық-анатомиялық белгілеріне қарай топтарға бөлу.

3.Дененің төөменгі бөлімінің буындарының ерекше қозғалыстарына көңіл аудару. Тізе буыны.

Жабдықтау: 1.Адам қаңқасы, адамның торсы, бұлшық еті бар мүсіндер.

Таблицалар мен планшеттер.

Сурет салу: /35 танысу/, 36 /a,б/, 38 /a,б/, 39 /a/.

Тексеру сұрақтары:

1.Жамбас белдеуі мен аяқтың еркін қозғалатын бұлшық еттеріне жалпы сипаттама беру, атау.

2.Дененің төменгі бөлімінің бұлшық еттері қандай топтардан тұрады?

3.Жамбас, балтыр және табан бұлшық еттерінің бекитін жерлерін атау.

4.Дененің төменгі бөлімінің қандай бұлшық еттері жақсы дамыған және ол неге байланысты.

5.Жамбас буыны иық буынынан қандай ерекшелігі бар?

6.Бүгу және жазу бұлшық етерінің қызметі қалай үйлесімді жүреді?


9. Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Қан айналу және лимфа ағу жүйелерінің құрылысы. Жүрек.

Мақсаты: Жүректің қақпақшалары, қуыстары, қабырғаларының құрылысы мен топографиясын меңгеру.

Жоспары: 1.Жүрекке жалпы сипаттама беру. Оның топографиясы, пішіні, көлемі.

2.Жүректің құрылысы: қабырға қабаттары, камералары, қақпақшалары, өзінің қан тамырлары.

3.Жүректі нервтендіру, қанмен қамтамасыз ету және лимфаның ағуы.

Жабдықтау: 1.Жүректің препараттары, модельдері.

Таблицалар мен планшеттер.

Сурет салу: 57, 58 /a,б/, 60.

Тексеру сұрақтары:

1.Жүрек қай жерде орналасады? Және қандай мүшелермен шектеледі?

2.Жүрек қандай қуыстардан тұрады? Қайсылары араласып тұрады, қалай?

3.Эпикард, миокард және эндокард дегендер не? Олардың ерекше құрылысы неде?

4.Жүрек айналасындағы бос кеңістік және оның қоржынының атқаратын қызметі.

5.Жүрек қақпақшалары, қызметі.

6.Жүрек қабырғаларының құрылысында қандай ерекшеліктері бар?

7.Жүректің өзінің қан тамырлары, олардың топографиясы.

8.Жүректің өткізгіш жүйесінің құрылысы қандай? Оның құрамына не кіреді?

9.Жүректің босауы мен жиырылуы қалай деп аталады?


10. Ішкі секреция бездері

Тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің құрылысы.

Мақсаты: Ішкі секреция бездерінің мүшелерінің ерекше құрылысы және нерв пен қан тамырлар байланысын анықтау. Ағзаның дамуы мен зат алмасуындағы рөлі.

Жоспары: Ішкі секреция бездерінің топографиясы, орналасуы.

2.Олардың құрылысындағы жалпы және жеке ерекшеліктері. Пайда болуы және оларға классификация беру.

Жабдықтау: Ішкі секреция бездерінің модельдері.

Таблицалар мен планшеттер.

Сурет салу: 72.

Тексеру сұрақтары:

1.Ішкі секреция бездерін атау, оларға классификация беру.

2.Ішкі секреция бездері сыртқы секреция бездерінен қандай айырмашылығы бар?

3.Жеке бездердің топографиясы.

4.Ішкі секреция бездерінің зат алмасудағы атқаратын рөлі.

5.Қандай бездер ішкі және сыртқы секреция рөлін атқарады, атау.

6.Ұйқы безінің құрылысы қандай?

7.Жыныс бездерінің құрылысы және атқаратын қызметі қандай?

8.Қандай мүшелер, ішкі секреция бездерінен басқа, гормондар бөле алады?


11. Зертханалық жұмыс

Тақырыбы.Нерв жүйесінің құрылысы. Нерв ұлпасы. Жұлын.

Мақсаты: Нерв ұлпасының құрылысын, жұлынның құрылысын, рефлекторлық негіздерін түсініп, меңгеру.

Жоспары: 1.Нерв ұлпасының құрылысын, нерв жасушасының, нерв талшықтарының және нерв дінінің көлденең және тікелей кесінділерін зерттеу.

2.Жұлынның құрылысы: ақ зат пен сұр заттың орналасуы, сегментарлық құрылысы, жұлынның қабықтары, қанмен қамтамасыз етілуі.

Жабдықтау. 1.Нерв ұлпасының және нерв жасушаларының микропрепараттары.

2.Нервтердің көлденең және тікелей кесінділерінің микропрепараттары.

3.Жұлынның моделі.

Таблицалар мен планшеттер.

Сурет салу: 73,74,75,89.

Тексеру сұрақтары:

1.Нерв ұлпасының құрылысы қандай?

2.Нерв жасушаларының басқа жасушалардан ерекшелігі неде?

3.Нерв пен нерв талшығының құрылысы. Қандай нерв талшықтары бар?

4.Нейроглия дегеніміз не? Маңызы неде?

5.Жұлынның сыртқы құрылысы қандай?

6.Жұлын түйіндері неден тұрады, артқы және алдыңғы түптер.

7.Жұлынның сегментіне не кіреді?

8.Жұлын қабаттары, олардың атқаратын қызметтері.

9.Орталық арна деген не, немен толтырылған?

10.Нерв орталықтары деген не, және қайда орналасады?

11.Рефлекторлық доға қандай тізбектерден тұрады?


12. Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Бас ми.

Мақсаты: Бас мидың құрылысын, ақ зат пен сұр заттың орналасуын меңгеру.

Жоспары: 1. Бас миға жалпы сипаттама беру.

2.Бас мидың бөлімдерінің құрылысы: сопақша ми, артқы, ортаңғы және аралық ми.

3.Ретикулярлы формация, оның топографиясы.

Жабдықтау: 1.Бас мидың препараттары

2.Бас мидың модельдері.

Таблицалар мен планшеттер.

Сурет салу: 77 /a/, 78, 80, 82.

Тексеру сұрақтары:

1.Бас мидың жалпы құрылысы. Оның бөлімдері.

2.Ми діңін қандай бөлімдер құрайды?

3.Сопақша мидың құрылысы мен маңызы.

4.Көпірдің құрылысы және маңызы.

5.Мишықтың құрылысы және атқаратын қызметі.

6.Орталық мидың құрылысы және атқаратын қызметі, аяқтары және төмпешіктері.

7.Аралық ми, оның құрылысы.

8.Үшінші қарынша оның маңызы.

9.Бас ми қарыншаларының өзара және басқа қуыстармен байланысы.

10.Сопақша мида қандай маңызды орталықтар орналасқан?


13. Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Үлкен ми шеңберлері.

Мақсаты: Үлкен ми шеңберлерінің құрылысын, ақ зат пен сұр заттың орналасуын меңгеру.

Жоспары: 1.Үлкен ми шеңберлеріне жалпы сипаттама беру.

2.Ми қыртысының микроқұрылысы.

3.Базальді ядролардың топографиясы, құрылысы.

4.Үлкен ми шеңберлерінің өткізгіш жолдары.

5.Ми қабықтары.

Жабдықтау: 1.Мидың препараттары мен модельдері.

Таблицалар мен планшеттер.

Сурет салу: 86 /a, б/, 87 /a, б/, 88.

Тексеру сұрақтары:

1.Үлкен ми шеңберлерінің құрылысының ерекшелігі неде?

2.Қандай жазықтықтар мен үлестер бар?

3.Негізгі қатпарлар мен сайлар, олардың маңызы.

4.Ақ зат пен сұр заттың орналасу ерекшелігі неде?

5.Бас ми қыртысының микроқұрылысы.

6.Бас ми қыртысының жазықтықтары, анализаторлар ядролары, олардың орналасуы.

7.Базальді ядролар топографиясы және құрылысы.

8.Бүйір қарыншалардың құрылысы және атқаратын қызметі.

9.Бас мидың өткізгіш жолдары, маңызы.

10.Өткізгіш жолдарды атап, оларға сипаттама беру.


14. Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Жұлын нервтері. Бас мидан шығатын нервтер.

Мақсаты: Жұлын мен бас мидан шығатын нервтердің құрылысын, тарайтын аудандарын, топографиясын меңгеру.

Жоспары: 1.Жұлын нервтеріне жалпы сипаттама беру.

2.Жұлын нервтерінің құрылысы, тарамдары.

3.Өрімдердің құрамы, түрлері.

4.Бас ми нервтеріне жалпы сипаттама беру.

5.Бас ми нервтеріне классификация беру.

Жабдықтау:1.Адам қаңқасы, омыртқа жотасы (модель).

2.Бас сүйегі. Шынайы препараттар, муляждар.

Таблицалар мен модельдер.

Сурет салу: 93.

Тексеру сұрақтары:

1.Жұлын нервтеріне жалпы сипаттама беру.

2.Жұлын нервтері қандай тарамдарға бөлінеді?

3.Қандай жұп өрімдер белгілі және олар неден құралған?

4.Құйымшақ өрімі неден тұрады және қандай тарамдар береді?

5.Дененің жоғарғы бөлімі қалай нервтендірілген?

6.Дененің төменгі бөлімі қалай нервтендірілген?

7.Бас ми нервтерінің орталықтары қайда орналасқан?

8.Бас ми нервтерінен шығатын нервтер қайда барады?

9.Бас ми нервтерінің түйіндері қайда орналасқан?


15. Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Үлкен қан айналу шеңберінің артериялары.

Мақсаты: Үлкен қан айналу шеңберінің артерияларының топографиясын және орналасу заңдылықтарын меңгеру.

Жоспары: 1.Адамның қан тамырлар жүйесінің жалпы жоспарын анықтау.

2.Бас пен мойынды қанмен қамтамасыз ету.

3.Дененің жоғарғы бөлімін, көкірек, құрсақ және ішкі мүшелерді қанмен қамтамасыз ету.

4.Дененің төменгі бөлімін қанмен қамтамасыз ету.

Жабдықтау: 1.Адам қаңқасы (модель).

Таблицалар, планшеттер және модельдер.

Сурет салу: 61, 62, 64.

Тексеру сұрақтары:

1.Қолқа қандай бөлімдерге бөлінеді?

2.Қолқаның өрлеме бөлімінен қандай артериялар шығады?

3.Қолқаның доғасынан қандай артериялар шығады?

4.Көкірек қолқасынан қандай тарамдар шығады және қанмен қалай қамтамасыз етеді?

5.Ішкі және сыртқы ұйқы артериясының негізгі тармақтары және қанмен қамтамасыз ету.

6.Бас миды қанмен қамтамасыз ету.

7.Жұлынды қанмен қамтамасыз ету.

8.Дененің жоғарғы бөлімдері қалай қанмен қамтамасыз етіледі?

9.Өкпені қандай қан тамырлары қанмен қамтамасыз етеді?

10.Дененің төменгі бөлімдері қандай қан тамырларымен қамтамасыз етіледі?

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconДәріс 30 сағат Зертханалық сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат

Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconДәріс 30 сағат Зертханалық сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат
...
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconДәріс –30 сағат Практикалық сабақ – 15 сағат ожсөЖ – 45 сағат
Курс бағдарламасы : Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 11. 05. 2005ж. №289 негізінде жасалды
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconБарлығы – 135 сағат
Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 2 сағат дәріс және 2 сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің...
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 icon«Программа жасаудың аспаптық құралы»
Апта сайын 2 кредит-сағат, әрбір кредит-сағат бір қатынас сағатынан (дәріс, практика) және 2 сағат оқытушы басқаруымен өткізілетін...
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология» Алматы, 1999 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconЛекция 15 (сағат) Практикалық сабақ 30 (сағат) осөЖ 45 (сағат) СӨЖ 45 (сағат) Емтихан Сағат көлемі 135 Курс 3 Семестр 5 Астана 20 ж. Жұмыс бағдарламасы «Кәсіптік аурулар»

Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconЛекция 30 сағат Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 45 сағат СӨЖ 45 сағат Емтихан 4-ші семестрде Барлығы 135 сағат Орал 2009 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Экология және табиғатты пайдалану»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Экология және табиғатты пайдалану» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconАты-жөні
Бір аптада 1 кредит сағат, әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс), және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница