Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45




НазваниеДәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45
страница4/8
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/АНАТОМИЯ__СПОРТТЫҚ_МОРФОЛОГИЯ_5102,_3_кр..doc
1   2   3   4   5   6   7   8
Нағыз дәнекер ұлпаға-бір топ ұлпалар кіреді, оларға жататындар: іркілдек талшықты дәнекер ұлпа, тығыз талшықты дәнекер ұлпа, ретикулярлы дәнекер ұлпа т.б. Дәнекер ұлпа ағзада әртүрлі қызмет атқарады. Ішіндегі негізгілері-механикалық, трофикалық және қорғаныс қызметін атқаратындар.

  • Іркілдек талшықты дәнекер ұлпа-қан тамырлар мен көпшілік мүшелердің сүйеніші ретінде кездеседі. Бұл тек тірек емес, сонымен бірге зат алмасу үрдісіне де қатысады. Бұл ұлпаның жасушааралық заты негізгі затын құрайды, коллаген және серпімді талшықтардан тұрады

  • Тығыз талшықты дәнекер ұлпа-жасушааралық заттың негізгі тығыз орналасқан талшықтары ретінде көптеп кездеседі. Жасушалар бұнда аз болады. Тығыз талшықты дәнекер ұлпа –қалыптасқан және қалыптаспаған болып екіге бөлінеді. Қалыптаспаған ұлпада коллаген және серпімді талшықтар қиылысып әртүрлі бағытта орналасады. Бұл ұлпа теріні құрайды (оның тор қабатын). Қалыптасқан ұлпада коллаген талшықтары параллель орналасып бір буда тәрізді. Бұл ұлпадан сіңірлер, байламалар, фасциялар және басқа мүшелердің қабықша бөлігінен тұрады.

  • Майлы ұлпа-тері астының майлы қабатын түзеді, іш майда кездеседі, кейбір мүшелердің айналасында орналасуы мүмкін (мыс. бүйрек айналасында).

  • Шеміршек ұлпа-бұл да дәнекер ұлпаның бір түрі, жасушалардан тұрады және көп мөлшерде тығыз жасушааралық затты құрайды. Шеміршек ұлпалар немесе оны хондроциттер деп те атайды. Пішіні сопақша, домалақ болуы мүмкін, орналасқанда бір-бірлеп немесе топ-топ болып қуыстарда жасушааралық заттан құралады.

  • Гиалин шеміршегі-бүкіл буындар шеміршегін құрайды, қабырға шеміршегі, ауа жүретін жолдардың қабырғалары осы ұлпамен берілген. Ол көкшіл-ақ түсті, тығыз және жартылай мөлдір болады. Қарт адамдарда гиалин шеміршегі әкке айналуы мүмкін.

  • Серпімді шеміршек-құлақ қалқанын, көмейдің шеміршектерін, есту түтікшесінің шеміршегін түзеді. Ол сарғыш түсті. Бұлар әкке айналмайды.

  • Талшықты шеміршек-омыртқааралық дискілерді, қасаға симфизінің шеміршегін құрайды. Бұлар төс-бұғана және самай-төменгі жақ байланыстарында да кездеседі.

  • Сүйек ұлпасы-дәнекер ұлпаның ерекше бір түрі. Тірек және қорғаныс қызметімен бірге қозғалуда бастырық рөлін атқарады. Сүйек ұлпасы минеральді заттар (кальций мен фосфор) қоры болып есептеледі. Бұл басқа ұлпалар сияқты жасушалар мен жасушааралық заттардан тұрады. Сүйек ұлпасының жасушасын-остеоциттер деп атайды (osteon- сүйек, sytis-жасуша) және пішіні өсінді тәрізді. Дамып келе жатқан сүйектерде остеоциттерден басқа остеобластар мен остеокластар (blastos-ұрық, clao-қирату, талқандау) бар. Сүйек ұлпасының жасушааралық заттары – негізгі минералды тұздардан және талшықтардан тұрады. Талшықтар-коллаген, бірақ оларды оссеин деп атайды.

  • Қан (sanguis, haema)-жасушааралық сұйық заттан-плазмасы мен қалқып жүрген пішінді элементтерден тұрады.

  • Лимфа

  • Бұлшық ет ұлпасы

  • Нерв ұлпасы


    Сүйектер туралы ілім (osteologia)

    Cүйек ұлпасы. Сүйек-мүше. Құрылысы. Жасына байланысты ерекшеліктері. Сүйек байланыстары және олардың өзгеруі.


    Салыстырмалы анатомияның қорытындыларына қарағанда, қаңқа сүйектері тарихи даму кезінде үш сатыдан (жарғақты, шеміршекті, сүйекті) өткендігі байқалады. Шеміршек пен сүйек жануарлардың судан құрлыққа шығып тіршілік етуіне байланысты дамып жетілген мүшелеріне жатады. Омыртқалы жануарлар мен адамдардың да кейбір сүйектерінен шеміршектерді кездестіреміз.

    Сүйек мүше, өйткені ол бірнеше ұлпалардан түзілген. Барлық сүйектердің сыртында сүйек қабығы бар. Бұл жұқа, бірақ дәнекер ұлпадан тұратын тығыз қабат. Буын беттерінде ғана қабығы болмайды, олар шеміршектен түзілген.

    Сүйек қабығы, сүйектің өте қажетті бөлімі, оған қан тамырлары мен нервтер арнаулы тесіктері арқылы еніп қоректендіреді және нервтендіреді.

    Сүйектің сыртқы бөлігі тығыз немесе жинақы заттан түзілген, оның астында кемік зат орналасқан. Тығыз қатты қабатының қалыңдығы сүйекке түсетін күшке байланысты, тығыз заттар, әсіресе сүйектің орта (диафиз) бөлімінде қалың болады. Кемік зат бірнеше жұқа сүйекті қабыршақты тақташықтардан тұрады. Тақташықтардың орналасу тәртібі сүйекке түсетін күштің сығу, созылу бағыттарына сәйкес келеді. Бұндай құрылыс, сүйекке беріктік пен жеңілдік қасиет береді. Ұзын сүйектердің тек екі ұшы (эпифиздері), ал қысқа, жалпақ сүйектер тұтасымен және аралас сүйектердің кейбір бөліктері кемік заттардан тұрады.

    Сүйектің қатты заттары негізінен үш қабаттан тұрады. Олардың сырты бір-біріне қабатталып, айнала оршаған цилиндрлерден түзілген. Ол цилиндрлер сүйекті пластинкалардан (тақташықтардан) құралған.


    Тұлға сүйектерінің дамуы және оның жасына қарай қалыптасуы

    Қабырға ұрықтың эмбриогенездік дамуында екі айда шеміршекке айнала бастайды. Олардың жоғарғы 9 жұп қабырғаларының алдыңғы ұштары өзара қосылып, төс сүйегін түзе бастайды. Төстің сүйектенуі де ерте басталады. Туылғаннан кейін қабырғалардың омыртқаға жалғасатын артқы ұшындағы иіндері 2 жасқа дейін тереңдей береді. Қабырғаның толық сүйектенуі 15-20 жаста аяқталады. Төс сүйегінің тұтқа мен дене бөлігі 15-16 жаста, ал дененің семсер тәрізді өсіндісімен бірігіп кетуі 25 жастан кейін басталады.

    Омыртқа бағанасы да дамуында үш кезеңді толық өтеді. Омыртқалардың денесі мен доғаларында сүйектену нүктелері екі айлық эмбриогенездік дамуда-ақ басталады. Мойын, көкірек, бел омыртқа бөлімдерінде сүйектену 20 жаста, сегізкөзде 25 жаста, құйымшақта 30 жаста аяқталады.

    ...ер балаларда омыртқа бағанасының өсуі 20 жаста толық тоқтайды, ал қыздарда 18 жаста-ақ өсу тоқталады. Орта есеппен омыртқа жотасының ұзындығы ер адамдарда 70-73 см, әйелдерде 66-69 см. Омыртқа бағанасының түтігі 5 жасқа дейін өте тез кеңейіп 10 жаста тоқталады.


    ...Омыртқа жотасының екі иіні (дөңесі) алға қараған, оны мойын және бел лордозы дейді. Ал қалған екі иіні (дөңесі) артқа қараған, оны кеуде және сегізкөз кифозы деп атайды.

    Мойын мен көкіректің иіндері 7 жаста, ал бел иіндері 12 жаста тұрақты болып қалыптасады.


    Қол мен аяқ сүйектерінің онтогенезі


    Эмбриогенездік даму кезінде қол мен аяқ сүйектері шамамен үш апта болғанда, қалаққа ұқсап пайда болады. Екі айлық кезінде қол-аяқтың үш бөлімі де, саусақтары да пайда болады. Қол-аяқ сүйектерінің бұғанадан басқа барлық сүйектер үш (жарғақ, шеміршек және сүйекті) кезеңнен өтеді.

    Бұғана сүйегі ұрықтың 6-7 апталық кезінен сүйектене бастаған кезде оның эпифиз бөлімі толық сүйекке айналады. Жауырын ұрықтың 2 айлығында шеміршектеніп, ал туғанда, оның денесі мен қыры сүйектенген болады. Бұл сүйектердің толық сүйектенуі 18-25 жаста бітеді.

    Тоқпан жілік, шынтақ пен кәріжілік туған кезде олардың диафиздері сүйекті, ал эпифизі шеміршекті болады. Бұл сүйектердің эпифиздері 11-13 жаста сүйектеніп, оның диафизбен бірігуі 20-24 жастарда аяқталады. Тоқпан жіліктің төменгі басының сүйектенуі 15-18 жаста аяқталады.

    Жаңа туған нәрестелерде білезік сүйектері болмайды, олар алғашқы бір жастың ішінде шеміршекті болып дамиды. Білезік сүйектерінің сүйектену орталықтары: томпақ және ілмек сүйектерде 3-5 айда, 2-3 жаста-үш қырлы сүйекте, 3-4 жаста-жарты ай тәрізді сүйекте, 4-5 жаста-қайық тірізді сүйекте, 4-6 жаста-көп қырлы сүйектерінде пайда болады. Бұршақ тәрізді сүйектің сүйектену орталығы 5-15 жаста басталады.

    Саусақ сүйектерінде алғашқы сүйектену орталықтары олардың диафизінде басталады. Сүйектену тырнақ сүйектерінде-ұрықтың екі айлығында, ал орталық және негізгі бақайшақта туғаннан кейін 3-4 айдан соң басталады.

    Жаңадан туған нәрестелерде жамбас сүйектері үш бөлек сүйектен түзілген болады. Алғашқы үш жастың ішінде артқы жағы төмен түсіп, алдыңғы жағы көтеріліп көлденең күйіне келеді. 7-8 жаста шат сүйектері бірігеді. 14-16 жаста жамбастағы үш сүйек толық қосылады. Жамбастың тұтас сүйекке айналуы 20-25 жаста бітеді.

    Ортан жіліктің эпифиздері шеміршекті болады. Оның сүйектенуі, мысалы үлкен ұршығы 3-4 жаста, ал кіші ұршығы 9-12 жаста басталып, толық сүйектенуі 17-20 жаста аяқталады. Үлкен жіліншіктің жоғарғы ұшы 3-5 жаста, ал төменгі басы-2 жаста сүйектенеді. Тізе тобығы 3-5 жаста сүйектеніп, 10 жаста толық жетіледі. Аяқтағы жіліктердің диафизі мен эпифиздерінің бірігуі 18-24 жаста аяқталады.

    Аяқ басы сүйектерінің сүйектенуі мына тәртіпте жүреді. Өкше және топай сүйектері ұрық дамуының 7-8 айында, текше тәрізді-туар кезде, үшінші сына тәрізді-1 жаста, бірінші сына тәрізді- 1,5-2 жаста, екінші сына тәрізді -3-4 жаста, ал қайық тәрізді сүйек-4-5 жаста сүйекке айналады. Табан және башпай сүйектерінің диафизі мен эпифиздерінің бірігуі ер балаларда 17-21 жаста, ал қыздарда 14-19 жаста бітеді. Буындардың да толық бекуі 22-25 жасқа келгенде жетіледі.


    Адамның қаңқасы. Тұлға сүйектері. Омыртқаның құрылысы. Кеуде қуысы. Қабырға. Төс сүйегі. Тұлға сүйектерінің байланысы


    Адамның қаңқасы: тұлға сүйектері (омыртқалар, қабырғалар, төс), бас сүйегі (ми сауыты, бет), қолдың қозғалмайтын иық белдеуі (жауырын, бұғана), қолдың еркін қозғалатын бөлігі (қар, білек, қол басы), аяқтың қозғалмайтын жамбас белдеуі (жамбас) және аяқтың еркін қозғалатын бөлігі (ортан жілік, сирақ және аяқ басы) болып бөлінеді.

    Тұлға сүйектері. Тұлға сүйектеріне (ossa trunci) омыртқа жотасы (columna vertebralis), 12 жұп қабырғалар (costae) және төс сүйегі (sternum) жатады.

    Омыртқа бағанасы жұмысы мен пішініне, жатқан орнына байланысты: мойын бөлімі-7, көкірек бөлімі-12, бел бөлімі-5, сегізкөз бөлімі-5, құйымшақ бөлімі-4-5 омыртқалардан тұрады.

    Кеуде қуысы (compages thoracis) алдыңғы және бүйір жағынан төс сүйегі мен 12 қабырғадан, артқы жағынан 12 көкірек омыртқасынан құралған.

    ...Кеуде қуысының төменгі қуыстық тесігі ХІІ көкірек омыртқасынан, ХІ және ХІІ жұп қабырғалардан, ҮІІ-Х қабырғалардың шеміршек доғасы және төстің семсер тәрізді өсіндісімен қоршалып түзіледі. Бұл оның төменгі шекарасы болып есептеледі.

    Тұлға сүйектерінің байланыстары. Тұлға сүйектері өзара диартрозды, әрі синартрозды типте байланысады. Тұлға сүйектерінің диартрозды, яғни қозғалмайтын болып байланысуына төс, сегізкөз бен құйымшақ сүйектері, ал синартрозды немесе буынды байланысуына қалған сүйектерінің арасындағы буындар жатады.


    Бас сүйектерінің шығу тегі. Бас сүйек бөлімдері. Бет бөлімінің сүйектері. Топографиясы. Бас сүйектерінің дамуы.

    Бас сүйектерінің шығу тегін салыстырмалы анатомия мен палеозоологияның зерттеулері бойынша анықтауға болады. Бас сүйек басқа мүшелерге қарағанда күрделі дамыған. Мысалы: алғашқы бас сүйегі денемен тұтас болып (балықтарда), кейіннен (қосмекенділерде, бауырмен жорғалаушыларда) біртіндеп қозғалмалы болып дами бастаған. Құстар мен сүтқоректілерде бас сүйектер жақсы дамыған. Әсіресе, сүтқоректілердің арасында маймыл мен адамда ми сауыты тез дамып күрделі өзгеріске ұшырады.

    Адамдарда ми сауыты бет бөліміне қарағанда үлкен болып келеді. Бұл мидың тез үлкейіп дамып келе жатқанын көрсетеді.

    Бас сүйегі (cranium)-23 сүйектен құралған күрделі құрылысы бар, ол ми мен бастағы көп мүшелерді қорғап тұрады. Бұл сүйектер қызметтеріне қарай ми сауыты және бет бөлімі болып екіге бөлінеді. Ми сауытының іші қуыс, онда ми орналасқан, бет бөлімінде тыныс алу және ауыз қуысы, сезім мүшелері жатады.

    Ми сауыты сүйектерінде: шүйде, төбе (жұп), маңдай, самай (жұп), сына тәрізді сүйек, төр тәрізді сүйектер жатады.

    ...Бет бөлімінің сүйектері алуан түрлі жұп және тақ сүйектерден құралған. Олар-жоғарғы жақ сүйегі, мұрын сүйегі, көз жас сүйегі, төменгі мұрын қалқаны, таңдай сүйегі, төменгі жақ сүйегі, тіласты (құрмау) сүйегі және кеңсірік сүйектері.

    ...Бас сүйектері тұтас алып қарағанда, оның төменгі жағын негізі не табаны, жоғарғы жағын ми қақпағы деп те атайды. Ми күмбезін маңдай сүйегі, екі төбе сүйегі, шүйде сүйегі қоршап жатады. Бас қаңқасының түбін түзетін сүйектер мыналар: артқы жағынан шүйде сүйегі, алдыңғы жағынан маңдай сүйек пен тор сүйек, ортада сына тәрізді сүйек, ал сына сүйек пен шүйде сүйектер арасының екі жағында қос самай сүйектері жатады. Осы сегіз сүйек бірігіп ми сауытының қуысын түзеді.


    Қол сүйектері. Қолдың еркін қозғалатын сүйектері. Қол сүйектерінің байланысы

    Қолдың сүйектері иық белдеуі және еркін қозғалатын болып екі бөлімге бөлінеді. Иық белдеуінің сүйектеріне екі бұғана және екі жуырын жатады.

    Бұғана (clavicula) иілген жұп сүйек, бұл сүйекті кещеге сүйегі деп те атайды. Бұғананың денесі және екі ұшы болады.

    ...Жауырын (scapula) жалпақ үш бұрышты жұп сүйек, кеудеқуысының арқа жағында ІІ-ҮІІ қабырға тұсында орналасқан. Жауырынның жоғарғы, төменгі және шеткі бұрышы мен жиектері бар, сондай-ақ ол жалпақ болғандықтан ішкі және сыртқы беті болады.

    Қолдың еркін қозғалатын сүйектеріне тоқпан жілік, білек сүйектері (оған шынтақ пен кәрі жілік), қол басы сүйектері (оған білезік, алақан және саусақ сүйектері) жатады.

    Тоқпан жілік (humerus) іші қуыс ұзын сүйектерге жатады. Жіліктің ортаңғы бөлігін денесі не диафиз дейді. Жіліктің тұлғаға жақын ұшын проксималь басы, ал одан алшақ басын дисталь деп атайды.

    ...Білек сүйектеріне шынтақ (ulna) және шыбық немесе кәрі жілік (radius) жатады. Шыбық жілігінің жоғарғы басы цилиндр тәрізді болады. Шынтақ жілігінің жоғарғы басында үлкен жарты ай секілді ойығы болады.

    Қол басы сүйектері (ossa manus) негізінен білезік сүйектері(ossa carpi), алақан сүйектері (ossa metacarpalia) және саусақ сүйектрінен (phalanges digitorum manus) тұрады.

    Қол сүйектерінің өзара байланысы иық белдеуінің және еркін қозғалып тұратын сүйектердің байланысуы деп екіге бөлінеді. Бұл аталған байланысудың барлығы буынды немесе қозғалмалы байланыстарға жатады. Синартрозды байланысу қол сүйектерінің байланысуында кездеспейді.

    Қолдың иық белдеуі төс-бұғана буыны және иық-бұғана буыны жауырынның жалған байламдары және бұлшық еттер арқылы тұлға қаңқасына, сондай-ақ иық буыны арқылы қолдың еркін қозғалып тұратын бөлігіне жалғасып жатады.

    Төс-бұғана буыны (articulatio sternoalavicularis) ер тәрізді болып, буын капсуласы бірінші қабырғамен бұғанаға дейін созылған байламмен бекіген. Латераль бөлігінде бұғана жауырынның құс тұмсық өсіндісі арқылы жалпақ буын құрап, байлам арқылы құс тұмсық өсіндісі-бұғана байламы арқылы бекиді. Бұл буындарда жоғары, төмен және алға, артқа қозғалулар болады.


    Аяқ сүйектері. Аяқтың еркін қозғалатын сүйектері. Аяқ сүйектерінің байланыстары

    Аяқтың сүйектері жамбас белдеуі мен аяқтың еркін қозғалатын сүйектері болып екіге бөлінеді.

    Жамбас белдеуі сүйектері біріккен сақина немесе түбі ашық астауға ұқсайды. Жамбас белдеуі екі жамбас, сегізкөз және құйымшақ сүйектерінен тұрады.

    Жамбас сүйектері (ossa coxaes innominatum) қозғалмайтын (синартроз) жолымен байланысқан үш сүйектерден құралады. Жамбас сүйегінің құрамына: мықын, шонданай және қасаға (шат) сүйектері.

    ...Мықын сүйек (os ilium) жамбас сүйегінің жоғарғы жағын құрайды және жамбас сүйегінің ең үлкен бөлігін түзетін жұп сүйек. Мықын сүйегі дене және қалқан бөлігінен тұрады.

    Шонданай (отырғыш) сүйегінің (os ischii) денесі және екі бұтағы болады.

    Шат сүйегінің де (os pubis) денесі және екі бұтағы болады.

    Аяқтың еркін қозғалатын сүйектері: ортан жілік, сирақ және аяқ басы сүйектеріне бөлінеді.

    Ортан жілік (femur) адам қаңқасының ішіндегі ең ұзын түтікті сүйек.

    Тізе тобығы немесе тізе тиегі (patella) үшкілденген домалақ тиек тәрізді сүйектердің ең үлкені. Ол төрт басты бұлшық еттердің сіңірінің ішінде орналасып, тізе буынын бекітуге қатысады.

    Сирақ сүйектері (ossa cruris) үлкен жіліншік және кіші жіліншіктен, яғни білек сүйектеріне ұқсаған, екі сүйектен құралған.

    Үлкен жіліншік (tibia) ұзын түтікті, сирақтың медиал жағында орналасқан.

    Кіші жіліншік (шыбық) (fibula) жіңішке, ұзын түтікті тәрізді, сирақтың латеральді жағында орналасқан.

    Аяқ басы сүйектері (ossa pedis) үш бөлікке: тілерсек (ossa farsi), табан сүйектеріне (ossa metatar salia) және бақай сүйектеріне (ossa digitorum pedis) бөлінеді.

    Тілерсек сүйектері (топай, өкше, қайық, текше тәрізді және үш сына сүйектері).

    Аяқ сүйектерінің еркін қозғалмайтын жамбас белдеуі және еркін қозғалып тұратын сүйектер байланысы болып екіге бөлінеді.

    ...Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне жамбас-сан буыны, тізе буыны және балтыр мен аяқ басы сүйектерінің буындары жатады.

    Жамбас сан буыны, жамбас ортан жілік буыны, тізе буыны, аяқ басы бөлігі сүйектерінің байланыстары: балтыр топай буыны, топай-асты буыны, тілерсек-табан буыны, табан-бақай буыны, башпай аралық буыны.

  • 1   2   3   4   5   6   7   8

    Похожие:

    Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconДәріс 30 сағат Зертханалық сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат

    Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconДәріс 30 сағат Зертханалық сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат
    ...
    Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconДәріс –30 сағат Практикалық сабақ – 15 сағат ожсөЖ – 45 сағат
    Курс бағдарламасы : Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 11. 05. 2005ж. №289 негізінде жасалды
    Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconБарлығы – 135 сағат
    Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 2 сағат дәріс және 2 сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің...
    Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 icon«Программа жасаудың аспаптық құралы»
    Апта сайын 2 кредит-сағат, әрбір кредит-сағат бір қатынас сағатынан (дәріс, практика) және 2 сағат оқытушы басқаруымен өткізілетін...
    Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы»
    Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
    Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология»
    Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология» Алматы, 1999 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
    Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconЛекция 15 (сағат) Практикалық сабақ 30 (сағат) осөЖ 45 (сағат) СӨЖ 45 (сағат) Емтихан Сағат көлемі 135 Курс 3 Семестр 5 Астана 20 ж. Жұмыс бағдарламасы «Кәсіптік аурулар»

    Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconЛекция 30 сағат Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 45 сағат СӨЖ 45 сағат Емтихан 4-ші семестрде Барлығы 135 сағат Орал 2009 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Экология және табиғатты пайдалану»
    Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Экология және табиғатты пайдалану» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
    Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconАты-жөні
    Бір аптада 1 кредит сағат, әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс), және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік...
    Разместите кнопку на своём сайте:
    Документы


    База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
    обратиться к администрации
    Документы
    Главная страница