Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45




НазваниеДәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45
страница3/8
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.99 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/АНАТОМИЯ__СПОРТТЫҚ_МОРФОЛОГИЯ_5102,_3_кр..doc
1   2   3   4   5   6   7   8

1.5. Әдебиеттер тізімі


НЕГІЗГІ ОҚУЛЫҚТАР


  1. Дайырбекова М.М. Адам анатомиясының практикумы. «Ана тілі». Алматы, 1992. 270 бет.

  2. Иваницкий М.Ф. Анатомия человека «Физкультура и спорт». М. 1985

  3. Курепина М.М.,Воккен Г.Г. Анатомия человека. Атлас. М., 1979. 304 стр.

  4. Cапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека. «Высшая школа». М. 1989. 544 стр.


ҚОСЫМША ОҚУЛЫҚТАР


  1. Гальперин С.И. Анатомия и физиология человека. М., 1969.

  2. Исмагулова Ф.А., Төленбеков И.М. Адам анатомиясы және физиологиясының кейбір мәселелері. «Мектеп». Алматы, 1970.

  3. Юсупова М.М. Адам анатомиясының практикумы. «Мектеп». Алматы, 1984.



3.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі


Кесте тапсырмалардың тізімі мен түрлерінен тұрады:

    • Графикалық есеп тапсырмалары, типтік есептер т.б.;

    • Орындалу уақыты;

    • Бақылау түрлері( тестілер, экспресс-сұрақтар, рефераттар, есептер, баяндамалар т.б.).






Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

-

Ауызша сабақ үстінде жауаптар

Тақырып бойынша

Семинар тақырыбына байланысты

Әрбір апта сайын

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Ауызша немесе баяндама түрінде

2

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау (әр жұмада екі тапсырмадан

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Дәріс пен семинар сабақтарына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша

Тақырып бойынша 1-4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

Cеминар сабақтарына арналған сұрақтар

Пән бойынша жалпы білімдерін тексеру

Семинар тақырыбына байланысты

5-6 және 12-13 апталар

Тапсырмалар саны бойынша 30 % бағаланады

Ауызша

4

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







Тест арқылы қалған (40%)

Компьтер арқылы тапсырылады



4.Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы


Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

Кафедра ДТТӘО тьютор Дияров Амангелді Сағынұлы


Пән Адам анатомиясы мен спорттық морфология


Кредит саны

1




Әдебиет атауы

Барлығы

кітапханада

кафедрада

Студенттердің қамтылу паызы (%)

Электронды түрі

ескерту

1

2

3

4

5

6

7

1.

Дайырбекова М.М. Адам анатомиясының практикумы. «Ана тілі». Алматы, 1992. 270 бет.




5






30







2

Иваницкий М.Ф. Анатомия человека «Физкультура и спорт». М. 1985




15



5



100







3

Курепина М.М.,Воккен Г.Г. Анатомия человека. Атлас. М., 1979. 304 стр.




10



10



100







4

Cапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека. «Высшая школа». М. 1989. 544 стр.








1










5

Исмагулова Ф.А., Төленбеков И.М. Адам анатомиясы және физиологиясының кейбір мәселелері. «Мектеп». Алматы, 1970.


Юсупова М.М. Адам анатомиясының практикумы. «Мектеп». Алматы, 1984.





1

1















5.Пән бойынша дәрістердің қысқаша мазмұны


АДАМ АНАТОМИЯСЫ


Кіріспе. Адам анатомиясы жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі үлкен бір саласы. Адам анатомиясы адам денесінің жалпы құрылысын және мүшелері мен жүйелерінің құрылысын, орналасуын, тіршілігі мен тарихи дамуын зерттейді.

Анатомия гректің «anatemno» - кесемін деген сөзінен шыққан. Кесу немесе іреп-сою (осу) анатомия ғылымының негізгі зерттеу әдістеріне жатады.

Анатомия ғылымы адам денесін жан-жақты зерттеуіне қарай бірнеше салаға бөлінеді. Оған жүйелілік анатомия, топографиялық анатомия, мүсіндік (пластикалық) анатомия, сипаттамалы анатомия, қызметтік анатомия, динамикалық анатомия және салыстырмалы анатомиялар жатады.

Жүйелілік немесе жалпы анатомия-ағзаның тірек-қимыл аппаратын, ішкі мүшелерді, жүрек қан тамырлар, жүйке және сезім жүйелерін зерттейді.

Топографиялық анатомия- адам денесіндегі мүшелердің өзара орналасуы тәртібін дәрігерлік мақсатта зерттейді.

Мүсіндік анатомия-адам денесінің сыртқы құрылысы мен оның мүшелерінің аралық қатынастарын зерттейді.

Динамикалық анатомия болса, адам денесінің қозғалыс аппараттарының құрылысын (биомеханикасын) тексеріп, дене тәрбиесі және спорт үшін қажетті мәселелерді қарастырады.

Ағзалардың құрылысы мен пішінін сипаттап жазумен сипаттамалы анатомия шұғылданса, олардағы мүшелер пішінінің еңбек, тұрмыс және сыртқы орта әсеріне байланысты қалыптасуын қызметтік анатомия зерттейді.


Адам анатомиясының зерттей әдістері жалпы екі салаға бөлінеді. Өлген адамды тексеретін саласын морфологиялық, ал адам мүшелерін тірілей тексеретін саласын-қызметтік деп атауға болады.

Анатомия ғылымы көптеген зерттей әдістерін пайдаланады. Ең негізгі ескі әдіс-кесу-осу әдістері.

Құйып толтыру( инъекциялық) әдісі бойынша ішіне құйғанда тез қатып қалатын бояулы заттарды пайдалану арқылы қан тамырларын, лимфа және қуыс мүшелерді зерттейді.

Бұзу(коррозия) әдісі өте нәзік және күрделі құрылысты мүшелердің (өкпе,бауыр) құрылысын зерттейді. Өкпе не бауыр ішіне тез қататын сұйық заттар құйып, қатқан соң сыртындағы ұлпаларды бұзатын ерітінділермен өңдейді.

Жидіту (мацерация) әдісі-шірітіп (жидітіп), өлікті жылы сумен шаю арқылы сүйек препаратын немесе тұтас қаңқа алуға мүмкіндік береді.

Ағарту әдісі-жасалған препаратты немесе ұлпаны арнаулы сұйықтықпен өңдеп ағартып алады. Көбінесе сүйектерді ағартуда қолданылады.

Микроскопиялық әдіс –адам денесінің көзге көрінбейтін ұсақ құрылысын байқау үшін микропрепараттар жасап зерттеуге қолданылады.

Антропометриялық әдіс- дене мүшелерінің бір-біріне салыстырмалы пропорциясын зерттеу арқылы олардың дұрыс қалыптасып бара жатқанын анықтайды.


Адам денесіндегі мүшелердің денеде орналасу тәртібін анықтау үшін арнаулы анатомиялық терминдер қолданылады. Мүшелердің орналасу тәртібін анықтап жазғанда, адам тік тұрып, екі қолын түсіріп, алақаны алдына қараған күйінде белгілейді. Сонда адам денесін және мүшелерін жазықтыққ пен білікке (өске) бөліп белгілеуге болады.

Адам денесін тік етіп үш жазықтыққа бөліп (тік-сагиттальді, маңдай алды-фронтальді және көлденең-горизонтальді) қырқады.

Сагтитталь (sagitta-тік) жазықтық тік орналасқан. Денені алдынан артына қарай қиып өтіп тұрады, соның нәтижесінде адам денесі немесе мүшесі тең екі сыңарға, оң және сол бөлікке бөлінеді.

Беталды (frons –маңдай) жазықтық –сагитталь жазықтыққа ұқсас тік орналасқан, бірақ оған перпендикуляр жататындықтан, адам денесін немесе мүшесін алды және арты етіп екі бөлікке бөледі. Бұндай жазықтықпен кесілген мүшені оның фронтальды қимасы деп атайды.

Көлденең (gorisontal) жазықтық-сагитталь және фронталь жазықтықтармен тік бұрыш жасай қиылады. Бұл жазықтықтарды дененің бірнеше жерінен жүргізуге болады.

Медиаль (medialis) – деген, адам денесінің ортаңғы бөлігіне жақын деп;

Сыртқы шеткі (lateralis) латераль-дегенді, дененің шетінде орналасқан; бүйірі (латери) дегенді, дененің сыртына теріге жақын деп түсіну керек.

Краниаль (cranialis) –деген сөзді адамның басына жақын деп түсінсек, ал

Каудаль (caudalis) –дегенді тұлғаның төменгі жағына, аяққа жақын орналасқан деп түсіну керек.

Проксималь (proximalis) – деген сөзді денеге, тұлғаға жақын деп, ал

Дисталь( distalis) – деген сөзді тұлғадан алшақта деп түсіну керек.

Вентраль (ventralis) –деген сөзді дененің алдыңғы жағы, немесе ішкі, құрсаққа жақын деп түсіну керек.

Дорзаль (dorsalis) – дегенде дененің арқа жағы, немесе адамның сырт жағына жақын деп түсіну керек.


Адам денесінің құрылысы, оның еркін тік тұрған күйінде зерттеледі. Олар мыналар: Бас (caput) бөлімінде: ми сауыты (cranium), бет (facies), мұрын (nasus), ауыз (oris) болады. Мойын (cervix), тұлға (truncus) бөлімінде: кеуде (thorax), құрсақ (abdomen), жамбас қуысы (pelvis) болады.


...Морфологиялық жағынан адам конститутциясының үш түрі (белгісі) бар (М.В.Черноруцкий).

  1. Гиперстениктер-енді, шомбал, көлемді, семіз (қоңды). Денесі ұзынша келгенмен аяқ-қолдары қысқа. Ми сауыты, көкірек қуысы және құрсақ көлемді еледі. Құрсақ жағы көкірекке қарағанда, көлденең өлшемдердің ұзына бойына қарағанда көлемді және басым келуі тән.

  2. Астениктер-бұлар ұзын бойлы, сымбатты және денелерінің құрылысы жеңіл, жалпы дамуы нашар, аяқ-қолдары тұлғасына қарағанда әлдеқайда ұзын және басым, көкірек қуысы құрсаққа қарағанда басым болып келеді.

  3. Нормостениктер-екеуінің арасында орналасатын тип.


Басқа классификация бойынша адамның дене құрылысы тағы да үш түрге бөлінеді:

  1. Долихоморфты –биік, орта бойдан жоғары, денесі қысқаша келген, көкірек қуысының шеңбері кішілеу, иық белдеуі орташа немесе тарлау келген, аяқтары ұзын, жамбастың еңкейу бұрышы аз.

  2. Брахиморфты-орташа немесе бойы одан да кіші, денесі ұзыншалау, көкірек қуысының шеңбері үлкен, иық елдеуі кеңірек, аяқтары қысқа, жамбастың еңкейу бұрышы үлкен.

  3. Мезоморфты-орташа, жоғарғы екі типтің орта шенінде орналасады.


Нәсіл бойынша бүкіл адамзатты үш үлкен нәсілге бөледі:

  1. Экваториальді немесе астрало-негроидты;

  2. Евразиялық немесе европеоидты

  3. Азиялық-американдық немесе монголоидты.


Тірі табиғат біртекті емес, тұтас жүйе бұған иерархиялық ұйымшылдық тән. Бұнда бірнеше деңгейді аңғаруға болады:

  1. 0,1 мм-ден үлкен-мүшелер: ағза (ұйымшылдық деңгейі) –мүшелі (зерттеу деңгейі) –анатомиялық;

  2. 100 мкм-10 мкм (зерттеу объектілерінің мөлшері) – (зерттеу объектісі) –ұлпалар-(ұйымшылдық деңгейі) –ұлпалық –(зерттеу деңгейі)-гистологиялық;

  3. 10-0,2 мкм (200 нм)-жасушалар-жасушалық –цитологиялық;

  4. 200-1 нм-жасуша компоненттері-субжасушалық-ультраструктуралык;

  5. 1 нм- биополимерлер молекуласы-макромолекулярлы –физика-химиялық


Жасушалардың пішініне қарай эпителийді: жалпақ, бағана тәрізді, призма тәрізді немесе цилиндр тәрізді және текше эпителий деп бөлінеді.

  1. Бір қабатты жалпақ эпителий (мезотелий) –серозды қабықшалары бар құрсақ қуысын, плевраны және перикардты жауып жатыр.

  2. Бір қабатты текше эпителий –бүйректердің арнашықтарын, бездердің көптеген тармақтарын және ұсақ бронхыларды астарлап жатыр.

  3. Бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий –қарынның шырышты қабығын, ішектердің, жатырдың және басқа да мүшелерді астарлап жатыр. Бұндағы эпителий бокал тәрізділері кездеседі, шырыш бөліп шығарады. Жатыр мен жатыр түтікшелерінің эпителий жасушалары кірпікшелермен жабдықталған.

  4. Бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителий-ұзындықтары әртүрлі, сондықтанда бұлардың ядролары әр деңгейде және бірнеше қатар болып орналасады. Бұлар мұрын қуысын, көмейді, трахея мен бронхыларды астарлап жатыр.

  5. Көп қабатты жалпақ эпителий-теріні, ауыз қуысын, өңешті, көздің мүйізді денесін, бөліп шығару мүшелерін жауып жатыр. Бұл эпителийдің үш түрі бар: мүйізделген, мүйізделмеген және өтпелі.

  6. Безді эпителий-жасушалардың әртүрлі пішінімен берілген, бөліп шығару қасиеті бар-секрет бөліп шығарады.

  7. Дәнекер ұлпалар-жасушааралық заттар жақсы берілген, бұлар әдейі аморфты және дәнекер ұлпалы талшықтардан тұрады. Бұл топқа дәнекер, шеміршек және сүйек ұлпалары кіреді. Бұлардың шығу тегі (мезенхимадан) дәнекер ұлпасымен бірге қан және лимфа да кіргізіледі.

1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconДәріс 30 сағат Зертханалық сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат

Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconДәріс 30 сағат Зертханалық сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат
...
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconДәріс –30 сағат Практикалық сабақ – 15 сағат ожсөЖ – 45 сағат
Курс бағдарламасы : Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 11. 05. 2005ж. №289 негізінде жасалды
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconБарлығы – 135 сағат
Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 2 сағат дәріс және 2 сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің...
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 icon«Программа жасаудың аспаптық құралы»
Апта сайын 2 кредит-сағат, әрбір кредит-сағат бір қатынас сағатынан (дәріс, практика) және 2 сағат оқытушы басқаруымен өткізілетін...
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Өсімдіктер экологиясы» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconЛекция 15 сағат Практикалық сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 30 сағат СӨЖ 30 сағат Емтихан 5-ші семестрде Барлығы 90 сағат Орал, 2010 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Микробиология және вирусология» Алматы, 1999 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconЛекция 15 (сағат) Практикалық сабақ 30 (сағат) осөЖ 45 (сағат) СӨЖ 45 (сағат) Емтихан Сағат көлемі 135 Курс 3 Семестр 5 Астана 20 ж. Жұмыс бағдарламасы «Кәсіптік аурулар»

Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconЛекция 30 сағат Семинар сабақ 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ)- 45 сағат СӨЖ 45 сағат Емтихан 4-ші семестрде Барлығы 135 сағат Орал 2009 ж. Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Экология және табиғатты пайдалану»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Экология және табиғатты пайдалану» Алматы, 2003 типтік бағдарлама негізінде құрастырылған
Дәріс 30 сағат Зертханалық сабақ– 15 сағат ожсөж- 45 iconАты-жөні
Бір аптада 1 кредит сағат, әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс), және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница