Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы




Скачать 461.41 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
страница1/2
Дата конвертации14.02.2016
Размер461.41 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.adilet.gov.kz/sites/default/files/zhoba.doc
  1   2


ЖОБА


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢ


«Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


1-бап. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-бап; 2010 ж. № 5, 23-бап; № 7, 32 -бап; № 15, 71-бап; № 24, 149-бап, 152-бап; 2011 ж., № 1, 2-бап, 3-бап; № 2, 21-бап; № 11, 102-бап; № 12, 111-бап; № 17, 136-бап; № 21, 161-бап; 2012 ж., № 1, 5-бап; № 3, 26-бап; № 4, 32-бап; № 8, 64 –бап мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) 1-бабына:

2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) - адамның иммун тапшылығы вирусынан туындайтын ауру;»;

16)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«16) бірегей дәрілік зат - жаңа активті заттарды білдіретін немесе қамтитын, оның тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен расталған және толық деректеме негізінде тіркелген дәрілік зат;»;

18)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«18) дәрілік заттар - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған, адам организмімен араласатын немесе оның ағзалары мен тіндеріне енетін фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар. Дәрілік заттарға фармакологиялық (активті) субстанциялар және дәрілік препараттар жатады;»;

19)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«19) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды және оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен өнім беру шарттарын жасасуды, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы сақтау және тапсырысшыларға жеткізіп беру жөніндегі қызметтерді қамтамасыз етуді, ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;

23)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:


«23) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгілік ережелерге сәйкес жұмыс істейтін дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана жанында ұйымдастырылған дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі ұйымдар;»;

26)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«26) дәрілік заттың балк-өнімі, медициналық мақсаттағы бұйымдар - технологиялық процестің соңғы қаптамалаудан басқа барлық сатысынан өткен, мөлшерленген дайын дәрілік препарат, дайын медициналық бұйым;»;

38)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«38) денсаулық сақтау саласындағы сараптама - денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі аяларындағы құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;»;

45)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«45) диагностикалық реагенттер - пациентке диагноз қою немесе оның физиологиялық жай-күйін бағалау мақсатында организмнен тыс зерттеулерге арналған және организмнің параметрлері туралы мәліметтер алу үшін қызмет ететін және медициналық мақсаттағы бұйымдарға жататын реагенттер, реагенттердің жиынтықтары;»;

58)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«58) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу – биологиялық активті заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың олардың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу мақсатындағы фармакологиялық, токсикологиялық және басқа да эксперименттік ғылыми зерттеулер кешені;»;

69)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«69) иммундық-биологиялық препараттар - инфекциялық және иммундық (аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға арналған, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған заттар, сондай-ақ иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары;»;

75)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«75) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар;»;

95)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«95) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ уланудың жаппай жағдайлары мен туындаған эпидемиялық ошақтардың пайда болуына, шектеуіне және жоюға бағытталған шаралар кешені;»;

115)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«115) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, соның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, эпидемиологиялық қадағалауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, адам денсаулығына кері әсерін тигізетін азық-түлік өнімдерін және өнімдер мен заттардың жеке түрлерін мемлекеттік тіркеуді, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы гигиеналық оқытуды, тәуекелді бағалауды, қамтитын қызметі;»;

121)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«121) эпидемиялық мәні бар объектілер - өндіретін өнімі және (немесе) қызметі Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде халық арасында тағамнан уланудың және инфекциялық және паразитарлық аурулар таралуының белең алуына әкеп соғуы мүмкін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер;»;

мынадай мазмұндағы 123)- тармақшамен толықтырылсын:

«123) авторландырылған генерик (автогенерик) – бірегей препаратпен бірдей, сол өндірушімен шығарылатын, бірақ саудалық атауымен және бағасымен ерекшеленетін дәрілік препара;»;

мынадай мазмұндағы 124)- тармақшамен толықтырылсын:

«124) өндірістік бақылау – өндірілетін өнімдердің, жұмыстар мен қызметтердің адам және мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған заңды тұлғамен немесе жеке кәсіпкермен орындалатын іс-шаралар, соның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынаулар кешені;»;

мынадай мазмұндағы 125)- тармақшамен толықтырылсын:

«125) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою бойынша іс-шаралар кешені;»;

мынадай мазмұндағы 126)- тармақшамен толықтырылсын:

«126) ошақтық дезинфекция - инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және/немесе жою мақсатында жүргізілетін дезинфекция;»;

мынадай мазмұндағы 127)- тармақшамен толықтырылсын:

127) дезинсекция – жәндіктерді және басқа да буын аяқтыларды жою бойынша іс-шаралар кешені;»;

мынадай мазмұндағы 128)- тармақшамен толықтырылсын:

«128) дератизация – кеміргіштерді жою бойынша іс-шаралар кешені;»;

мынадай мазмұндағы 129)- тармақшамен толықтырылсын:

«129) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бақылау бойынша нормативтік құжат – дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымның сапасына қойылатын талаптардың кешенін белгілейтін өндіруші-ұйыммен бекітілген, дәрілік затты мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тіркеу құжаттамасына өзгерістер енгізу кезінде уәкілетті органмен берілген нөмірі бар құжат. Оған: талдау нормативті құжат, уақытша талдау құжаты жатады.»;

мынадай мазмұндағы 130)- тармақшамен толықтырылсын:

«130) фармакологиялық қадағалау – дәрілік заттардың қауіпсіздігі, жанама әсерлері туралы ақпарат жинау, талдау және ғылыми бағалаудың және тіркелген дәрілік заттарға қатысты тиесілі реттеуші шешімдер қабылдау мақсатында оларды тіркеуден кейінгі кезеңде медициналық қолдануда мүмкін болатын тәуекелін айқындаудың мемлекеттік бақылау жүйесі;»;

мынадай мазмұндағы 131)- тармақшамен толықтырылсын:

«131) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың жанама әсерлерінің мониторингі – дәрілік препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың жанама әсерлері туралы хабарламаларды анықтау, жинау, бағалау және талдауға бағытталған іс-шаралар кешені;»;

мынадай мазмұндағы 132)- тармақшамен толықтырылсын:

«132) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу – бұл жүйелі, тұрақты негізде денсаулық сақтау субъектілерін және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласын медициналық көмектің және фармацевтикалық қызметтің сапасын жақсарту, қоғамдық сенімді нығайту мен тәуекелдерді азайту мақсатында денсаулық сақтау саласында бекітілген стандарттардың негізінде сенімді және берік әдістерді қолданумен оқытылған сыртқы инспекторлардың бағалауы/зерттеуі;»;

мынадай мазмұндағы 133)- тармақшамен толықтырылсын:

«133) интервенциялық зерттеу – зерттеу субъектісі ретінде адам қатыстырылатын зерттеу, онда дәрігер хаттама негізінде зерттеу субъектілеріне арнайы араласуды белгілейді; зерттеу субъектілері диагностикалық, емдеу және өзге де араласу түріне ұшырайды, ол әрі қарай емделушіні бақылау және биомедициналық нәтижелер мен денсаулыққа арналған нәтижелерді бағалаумен кездейсоқ немесе кездейсоқ емес түрде белгіленуі мүмкін;»;

мынадай мазмұндағы 134)- тармақшамен толықтырылсын:

«134) интервенциялық емес зерттеу – дәрілік препарат кәдімгі медициналық тәжірибе шегінде медициналық қолдануы бойынша нұсқаулықта бекітілген көрсетулер бойынша тағайындалатын зерттеу; емделушіні емдеудің белгілі бір тобына жатқызу алдын ала зерттеу хаттамасымен көзделмеген, емдеу мекемесінде қалыптасқан тәжірибемен жүргізіледі, және препаратты тағайындау емделушіні зерттеуге қосу шешімінен қатаң түрде бөлінген; қосымша диагностикалық немесе мониторингтік рәсімдер жүргізу болжанбайды, ал жиналған деректерді талдау үшін эпидемиологиялық әдістер қолданылад;»;

мынадай мазмұндағы 135)- тармақшамен толықтырылсын:

«135) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың медициналық техниканың қауіпсіздігі – адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігімен байланысты жол бергісіз тәуекелдің жоқтығы;»;

мынадай мазмұндағы 136)- тармақшамен толықтырылсын:

«136) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың медициналық техниканың тиімділігі – алдын алу, диагностикалық, емдеу және (немесе) оңалту әсеріне жетуді қамтамасыз ететін сипаттамалардың жиынтығы;»;

мынадай мазмұндағы 137)- тармақшамен толықтырылсын:

«137) қайта өндірілген дәрілік зат (генерик) – активті субстанциялар құрамы, дәрілік нысаны, сапа көрсеткіштері, қауіпсіздігі, тиімділігі бойынша бірегей дәрілік затпен бірдей және бірегей дәрілік заттың қорғау құжаттарының жарамдылық мерзімі біткеннен кейін айналымға түскен дәрілік зат;»;

мынадай мазмұндағы 138)- тармақшамен толықтырылсын:

«138) биосимиляр – алғаш шығарылған дәрілік затқа (бірегей) ұқсас және бірегей дәрілік зат патентінің жарамдылық мерзімі біткеннен кейін тіркеуге ұсынылған биотехнологиялық дәрілік зат;»;

мынадай мазмұндағы 139)- тармақшамен толықтырылсын:

«139) биотехнологиялық дәрілік зат- рекомбинантты дезоксирибонуклеинді қышқыл технологиясын қолдану жолымен, биологиялық белсенді ақуыздардың өндірілуін кодтайтын гендерді бақыланатын экспрессиялау әдісімен, гибридтеу және моноклональді қарсы денелер әдісімен жасалған биологиялық дәрілік зат, сондай-ақ гендік-инженерлік модификациялаудың генотерапиялық және соматотерапиялық дәрілік заты;»;

мынадай мазмұндағы 140)- тармақшамен толықтырылсын:

«140) биологиялық жолмен алынған дәрілік заттар – биологиялық заттардан тұратын (гормондар, цитокиндер, қанның ұюының факторлары, инсулиндер, моноклональді қарсы денелер, ферменттер, колоние ынталандырушы факторлар, тіндердің жасушаларының базасында жасалған және биотехнологиялық әдістермен көмегімен алынған басқалар) препараттар);»;

мынадай мазмұндағы 141)- тармақшамен толықтырылсын:

«141) жалған дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника - құрамы немесе жиынтықталуы және (немесе) өндіруші туралы құқыққа қайшы және әдейі түрде қолдан жасалған этикеткамен жабдықталған дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;»;

мынадай мазмұндағы 142)- тармақшамен толықтырылсын:

«142) ұзақ мерзімді жеткізу шарты - бірыңғай дистрибьютормен немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушымен жеті жылға дейін, дәрілік заттарды өндірудің толық циклын тиесілі өндірістік тәжірибенің стандарттарына сәйкес жасауға, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген тәртіпте тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету шегінде Қазақстан Республикасы аумағында ISO стандарттарына сәйкес жасауға ниеті бар заңды тұлғамен жасалатын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізудің азаматтық-құқықтық шарты;»;

мынадай мазмұндағы 143)- тармақшамен толықтырылсын:

«143) «Болараны» алып тастау – патенттің жарамдылық мерзімі бітуіне қарай оның Қазақстан Республикасы аумағында айналуын көздейтін, бірегей дәрілік затқа патенттің жарамдылық мерзімі біткенге дейін дәрілік заттың генеригін тіркеуге уәкілетті органның рұқсатын алу;»;

мынадай мазмұндағы 144)- тармақшамен толықтырылсын:

«144) Биовейвер – оған сәйкес генерикалық дәрілік заттың өзара алмасушылығын айқындау жіктеудің биофармацевтикалық жүйесін және «Растворение» тестін қолданумен in vitro салыстырмалы зерттеулері негізінде жүргізіледі және жүйелік әсері бар жылдам босайтын қатты дәрілік нысандарға қолданылады;»;

мынадай мазмұндағы 145)- тармақшамен толықтырылсын:

«145) гемопоэздік дің жасушалары – адамның дифференциациялауға қабілетті жілік майының жасушалары;»;

мынадай мазмұндағы 146)- тармақшамен толықтырылсын:

«146) контрактілік фракциялау – Қазақстан Республикасы халқын қан препараттарымен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының қан қызметі саласында қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдарында әзірленген қан компоненттерінен шетел өндірушісінің зауыттарында қан плазмалық препараттарын өндіру;»;

мынадай мазмұндағы 147)- тармақшамен толықтырылсын:

«147) гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімі - НLА-жүйесі бойынша типтендірілген гемопоэздік дің жасушаларының ықтимал донорларының автоматтандырылған ақпараттық қоры;»;

мынадай мазмұндағы 148) - тармақшамен толықтырылсын:

«148) НLА-жүйесі – тіндер және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), сондай-ақ гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялау кезінде донор мен реципиенттің тіндік үйлесімділігін анықтайтын және адамның лейкоциттерінде орналасқан антигендер жүйесі;»;

мынадай мазмұндағы 149) - тармақшамен толықтырылсын:


«149) психологиялық көмек: - психологиялық қиындықтарды шешуге, алдын алуға, қиын өмірлік және кризистік жағдайлардан және оның салдарынан өтуге, психикалық және соматикалық денсаулықты қолдауға, психикалық дамуды оңтайландыруға, өмір сапасынсоның ішінде адамның өз мүмкіндіктерін жандандыру жолымен бейімдеуге және арттыруға;
- адамдарды психологиялық мәселелердің себептері, олардың алдын алу және шешу жолдары туралы, тұлғаның дамуы, оның өздігінен жетілдірілуі жөнінде ақпараттандыруға бағытталған іс-шаралар кешені;»;

мынадай мазмұндағы 150) - тармақшамен толықтырылсын:

«150) психологиялық мәселе – өзімен, өзінің қызметімен , тұлғааралық қарым-қатынастармен, отбасындағы жағдаймен және (немесе) жеке өмірінің өзге де жағдайларымен қанағаттанбауымен туындаған адам жанының қолайсыздық жағдайы;»;

мынадай мазмұндағы 151) - тармақшамен толықтырылсын:

«151) кризистік жағдай – өмірлік өзгерістерге және психологиялық мәселелердің туындауына әкелетін, олармен адам өзі әдеттегі әдістермен шамасы келмейтін жағдайлар және (немесе) факторлар;»;

мынадай мазмұндағы 152) - тармақшамен толықтырылсын:

«152) кризистік араласу — кідіріссіз психологиялық көмек көрсету»;»

мынадай мазмұндағы 153) - тармақшамен толықтырылсын:


«153) Психологиялық көмектің түрлері:

1) психологиялық диагностика – оның психологиялық мәселелерін анықтауға, олардың ерекшеліктерін нақтылауға бағытталған адам тұлғасының жеке-психологиялық ерекшеліктерін бағалау;

2) психологиялық алдын алу – адам тұлғасының және тұлғааралық қарым-қатынастардың дамуы мен қалыптасуында болуы мүмкін кемшіліктердің алдын алу, адамға оның жан тыныштығын сақтау мен нығайтуға әсер ету;

3) психологиялық ағарту – психологиялық мәдениет пен жеке өмір сапасын арттыру мақсатында психология және психологиялық көмектің мүмкіндіктері туралы азаматтардың ақпараттандырылу дәрежесін арттыру, психологиялық білімді таратуға бағытталған іс-шаралар кешені;

4) психологиялық кеңес беру – психологиялық мәселелерді шешуде адамға (адамдар тобына) әсер етуге бағытталған іс-шаралар кешені;

5) психологиялық коррекция — психологиялық мәселелерге алып келетін, адам тұлғасының және оның жүріс-тұрысының ерекшеліктерін түзетуге (коррекциялауға) бағытталған іс-шаралар кешені;

6) психологиялық оңалту;
7) психологиялық тренинг.;»;

мынадай мазмұндағы 154) - тармақшамен толықтырылсын:

«154) Темекі өнімдері – шегу, сору, шайнау және иіскеу үшін пайдалануға арналған шикізат материалы ретінде темекі жапырақтарынан толық немесе жартылай әзірленген өнімдер;»;

мынадай мазмұндағы 155) - тармақшамен толықтырылсын:

«155) Кальянға арналған темекі – кальянды қолданумен тартуға арналған және темекі өнімдерін өндіру үшін кесілген немесе жұлынған шикізаттан тұратын темекі немесе темекі емес шикізат қосылмаған және өзге де қоспалардан тұратын шегуге арналған темекі өнімінің түрі;»;

мынадай мазмұндағы 156) - тармақшамен толықтырылсын:

«156) насвай (насыбай) – соруға арналған және темекіден, әктеуіш және өзге де темекі емес шикізаттан жасалған шегуге жатпайтын темекі өнімінің түрі;»;

мынадай мазмұндағы 157) - тармақшамен толықтырылсын:

«157) темекіге демеушілік ету – темекіні тура немесе жанама тұтыну, темекі өнімдерін сатуды ынталандырудың ықтимал нәтижесі немесе нәтижесі, мақсатымен кез келген оқиғаға, іс-шараға немесе жеке тұлғаға салымның кез келген түрі;»;

мынадай мазмұндағы 158) - тармақшамен толықтырылсын:

«158) Жарнама және сатуды ынталандыру – темекі өнімін сатуды немесе темекіні тура немесе жанама тұтынуды ынталандырудың ықтимал нәтижесі немесе нәтижесі, мақсатымен коммерциялық ақпаратты, ұсынымдарды берудің немесе әрекеттердің кез келген түрі;»;

мынадай мазмұндағы 159) - тармақшамен толықтырылсын:

«159) Темекі өнеркәсібі – темекі өнімдерін әзірлеумен, көтерме таратумен және импортпен айналысатындар;»;

мынадай мазмұндағы 160) - тармақшамен толықтырылсын:

«160) Әлеуметтік қызметкер – бекітілген талаптарға сәйкес қажетті біліктілігі бар, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықты анықтайтын және бағалайтын қызметкер;»;

мынадай мазмұндағы 161) - тармақшамен толықтырылсын:

«161) Медицинский психолог –

мынадай мазмұндағы 162) - тармақшамен толықтырылсын:

«162) Шұғыл медициналық көмек – пациенттің өміріне қауіптің айқын себептерінсіз кенеттен болған қатты ауруларда, жарақаттарда, денсаулықтың тез нашарлауында, созылмалы аурулардың асқынуында ЖМКП ұйымдарымен амбулаторлық жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек;»;

мынадай мазмұндағы 163) - тармақшамен толықтырылсын:

«163) телемедицина – денсаулық сақтау саласындағы жүйелер, қызмет көрсетулер және қызметі үшін кешендік түсінік, олар денсаулық сақтау жүйесінің дамуы, медициналық білімнің жетілдірілуі және медицина саласында басқару мен зерттеу мақсатында ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар құралдарымен дистанциялық түрде беріледі;»;

мынадай мазмұндағы 164) - тармақшамен толықтырылсын:

«164) телемедициналық қызметтер – ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолданумен жүзеге асырылатын дистанциялық медициналық қызметтер кешені;»;

мынадай мазмұндағы 165) - тармақшамен толықтырылсын:

«165) Ұлттық стандарт – уәкілетті органмен бекітілген және тұтынушылардың көпшілігіне қол жетімді стандарт.»;

2) 4-бапта:

11)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

  1   2

Похожие:

Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconМедициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 58-бабының...
Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconАкушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Ресубликасы Кодексінің 32-бабына сәйкес акушерлік-гинекологиялық...
Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасында балалар онкологиясы және гематологиясы қызметінің жұмысын үйлестіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабы 1-тармағының...
Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconХалық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы

Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне микроқаржы ұйымдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Згерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Згерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы iconҚазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы
Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын қабылдаудың...
Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы icon«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша салыстырма кесте
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница