«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе




Название«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе
страница8/9
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.11 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.mzsr.gov.kz/sites/default/files/densaulyk_kaz.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9
5.6. Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру

5.6.1. Адами ресурстарды стратегиялық басқару

 

Денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбек нарығын мемлекеттік реттеу медицина қызметкерлерін сапалы дайындау және халықтың мұқтаждықтарына сәйкес барабар бөлу мақсатында адами ресурстарды басқару жөніндегі бірыңғай саясаттар мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға құрылатын болады.

Денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында саланың адами ресурстарын стратегиялық басқару (АРБ) жүзеге асырылады. Бұл АРБ бағдарламаларын саланы дамытудың стратегиялық мақсаттарымен: қоғамдық денсаулық сақтауды дамытумен, денсаулық сақтаудың МСАК басымдығының негізінде халық мұқтаждықтарының айналасына интеграциялануымен, медициналық және фармацевтикалық білім беруді жаңғыртумен, инновацияларды және медициналық ғылымды дамытумен сәйкестендіруді көздейді.

Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарының қажеттіліктерін айқындау, есепке алу және жоспарлау жүйесі жетілдіріледі, денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарының тиімділігі мен қолжетімділігі жақсартылады, білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалау жүйесі дамытылады. 

Мыналар:

қажетті адами ресурстардың болуы (қолжетімділігі);

қызметкерлердің тиісті құзыреті;

адами ресурстардың халықтың сұрауларына ілтипаттылығы;

адами ресурстардың өнімділігі АРБ-ның негізгі қағидаттары ретінде айқындалуға тиіс.

Осы қағидаттарға сәйкес АРБ-ның ұлттық, өңірлік және корпоративтік саясаттары мен бағдарламалары әзірленіп, енгізіледі. Олар басқарудың келесі кезеңдеріне негізделеді:

1. Адами ресурстарға қажеттілікті жоспарлау.

Саланың адами ресурстармен сандық және сапалық қамтамасыз етілуін талдау, саладағы еңбек нарығын талдау және бағалау тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Кейіннен денсаулық сақтаудың тиісті деңгейлеріндегі АР-ға жалпы мұқтаждық, сондай-ақ саланың, өңірдің және ұйымның даму стратегиясына сәйкес қажет мамандықтар мен біліктіліктердің құрылымы (дәрігерлер, мейіргерлер, кіші медициналық персонал, әкімшілік қызметкерлер, медициналық инженерлер және т.с.с.) айқындалатын болады.

Бұл ретте, акценттер ескірген штаттық нормативтер мен стандарттарды қолдану қажеттілігінен қолданылатын технологияларға, стандартталған операциялық емшараларға және пациенттің қажеттіліктеріне сәйкес адами ресурстар мен еңбек шығындарын икемді жоспарлау мүмкіндігіне қарай ауысатын болады.

Персоналдың функциялық міндеттері мен оларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындау тәсілдері қайта қаралады: шамадан тыс егжей-тегжейлеудің орнына жалпы талаптарға сай болу және үйренуге қабілетті болу және еңбектің құбылмалы сыртқы жағдайларына сәйкес, жаңа технологиялар мен стандарттарға сәйкес жаңа құзыреттерді дамыту қажеттілігіне көңіл аударылатын болады.

Атап айтқанда, медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделін енгізу шеңберінде алғашқы звено қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары қайта қаралатын болады. Ұлттық және өңірлік АРБ саясаттарында ЖПД мен мейіргерлердің рөлін арттыру, жекелеген денсаулық сақтау қызметтері (мысалы, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық оңалу қызметтері және т.б.) қызметкерлерінің функционалын кеңейту көзделеді.       

Жалпы алғанда, орта медицицналық персоналдың білім беру және қайта даярлау стандарттарын өзгертумен қатар, олардың құзыреттерін кезең-кезеңімен кеңейту жүзеге асырылады.

Қажетті дағдылардың ең аз көлемін міндетті меңгеруді қоса алғанда, техникалық және кіші медициналық персоналдың даярлығы мен құзыреттерінің ең төменгі деңгейіне қойылатын нақты талаптар әзірленеді (мысалы, міндетті түрде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеру).

2. Қызметкерлерді жалдау.

Кадрларды, ең алдымен – басшылық ететін звено, басқару және қаржылық аппараттың қызметкерлерін конкурстық және алқалы негізде іздеу мен іріктеу қағидаты кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

3. Еңбек өнімділігін арттыру:

Медициналық ұйымдарда, әсіресе, жас мамандар үшін бейімдеу және менторлық (шефтік) қағидаттары мен тетіктері әзірленетін болады.

Нарық қағидаттарын, тариф түзу кезінде еңбек шығындары құнының барабар бағалануын, нәтижеліліктің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарлануды ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін уәждеу және еңбекақы төлеу, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлеріне, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық бейін мамандарына, әсіресе ауылдық жерлердегі жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тетіктері жетілдіріледі.

Материалдық емес уәждеме ретінде түрлі тетіктер: жұмыс берушінің есебінен оқу мүмкіндігін беру, үздіксіз мансаптық және кәсіби тұрғыдан өсуді қамтамасыз ету, жағымды ұйымдық мәдениетті, жұмыс орындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қолдау белсенді түрде қолданылады.

Денсаулық сақтау жүйесі мамандарын үздіксіз кәсіби дамыту жүйесі жетілдіріліп, дамытылады. Ол ұйымдардың стратегиялық даму мақсаттарымен интеграцияланып, барабар қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта медицина қызметкерлерінің құзыреттерін тәуелсіз бағалау жүйесімен өзара тығыз байланыста үздіксіз кәсіби білім беру стандарттары әзірленетін болады.

4. Көші-қон, қайта бейіндеу.

АР дамуына тұрақты түрде мониторинг жүргізу, болжау және жоспарлау негізінде қажет мамандықтар мен қызметтер бойынша кадрларды қайта бейіндеу және қайта бөлуді мемлекеттік қолдау, оның ішінде жаңа құзыреттерге тегін оқыту, басқа да материалдық және материалдық емес ынталандыру шаралары іске асырылады.

Жергілікті және өңірлік еңбек ресурстары нарықтарындағы медицина қызметкерлерінің көші-қонын басқару тетіктері енгізіледі.

Өңірлік және жаһандық экономикалық интеграция процестерін ескере отырып, денсаулық сақтау саласында отандық еңбек нарығына шетелдік жұмысшы күшін тарту қағидалары мен тәртібі, оның ішінде жіті тапшы мамандықтар бойынша шетелдік мамандар тартуды оңайлату шаралары жетілдіріледі.

5. Денсаулықты нығайту, қауіпсіздік және зейнетке шығу.

Медицина қызметкерлерінің жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені әзірленеді.

6. Мониторинг және болжау.  

Денсаулық сақтау саласындағы еңбек нарығы мен адами ресурстардың дамуына тиімді мониторинг жүргізу және болжауды қамтамасыз ету, кадр даярлауды басқару мен жоспарлаудың заманауи әдістерін енгізу мақсатында  міндеттерінің аясы кең институционалдық негіз ретінде Денсаулық сақтау саласының кадрлар ресурстарының ұлттық обсерваториясын одан әрі дамыту қамтамасыз етіледі.

5.6.2. Медициналық білім беруді жаңғырту

Денсаулық сақтау жүйесінің кадрлар ресурстарын үздіксіз кәсіби дамыту жүйесінің негізі Ұлттық біліктілік шеңбері болмақ. Оны қалыптастыру мыналарды көздейді:

медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарына қызметкерлерді іріктеу және қабылдау тәсілдерін жетілдіру;

Еуропалық біліктіліктерді тану директиваларына сәйкес медициналық және фармацевтикалық мамандықтар тізбесін оңтайландыру және денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстары жөніндегі статистиканы қалыптастыру қағидаттары мен тетіктерін қайта қарау;

практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, дәрігерлер қауымдастығының, ғылыми ұйымдардың қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы түлектер мен жұмыс істейтін мамандардың біліктілік деңгейін регламенттейтін кәсіби стандарттарды әзірлеу;

медициналық ЖОО-лар мен колледждердің санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі оқу бағдарламаларын жетілдіру;

санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарында жұмыс істейтін, білімі медициналық емес мамандарға (биологтар, зоологтар, инженерлер және т.б.) біліктілік санаттары үшін ақы төлеу жүйесін жетілдіру;

санитариялық-эпидемиологиялық қызметтегі кадр тапшылығын жою мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бейін мамандары үшін мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;

құзіреттілікке және кәсіби стандарттарға негізделген интеграцияланған үлгінің негізінде денсаулық сақтау кадрларын негіздік дайындаудың білім беру бағдарламаларын енгізу;

кәсіби стандарттарға сәйкес резидентура бағдарламаларын жетілдіру;

кәсіби стандарттарға сәйкес және халықаралық тәсілдерді (Maintenance of Certification процедурасы) енгізудің негізінде әрбір мамандық пен біліктілік деңгейі үшін біріздендірілген сертификаттау курстарын әзірлеу және енгізу;

фармация саласында дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі дайындық бағдарламаларын жетілдіру, ол дәрілік заттардың, соның ішінде биологиялық препараттардың, өндірісі және сапасын бақылау саласындағы фармацевтикалық кадрлардың, сондай-ақ фармацевтикалық нарықты реттеу саласындағы мамандардың біліктілік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Түлектердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларының деңгейін бағалау үшін кәсіби стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибеге негізделген құзыреттерді тәуелсіз бағалау жүйесі енгізіледі.

Медициналық және мейіргерлік білім беруді әрі қарай дамыту клиникалық тәжірибенің, медициналық білім мен ғылыми қызметтің үштұғырын көздейді, ол мыналарды:

стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің біртұтастығы негізінде академиялық және өндірістік үдерістерді тиімді басқаруды;

университеттік клиникалар жағдайында заманауи теориялық білім мен шынайы практикалық дағдылар алудың негізінде сапалы медициналық білім беруді;

озық технологиялар мен ғылыми әзірленімдерге қолжетімділік негізінде медициналық көмектің сапасын тұрақты көтеруді;

нәтижелерін дереу практикалық денсаулық сақтауға транферттеумен өзекті ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған ауқымды клиникалық және зертханалық базаларды;

ресурстарды интеграциялау және бірлесіп пайдаланудың негізінде жүйелердің қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Осы мақсатта медициналық қызметтер мен кадр даярлаудың толық оралымы қағидасы бойынша ғылыми ұйымдардың, медициналық ЖОО-ның, стационарлық және амбулаториялық ұйымдардың функциялық (консорциумдар) және ұйымдастырушылық (холдингтер) бірігуінің негізінде интеграцияланған академиялық медицина орталықтарын (универитеттік клиникаларды) дамыту тұжырымдамасы әзірленеді. Жаңа клиникалық базалар мен университеттік клиникаларды құру халықаралық жетекші университеттермен және медициналық ұйымдармен әріптестік орнатумен жүзеге асырылады. Академиялық үдерістерге шетелдің жетекші мамандарын, ғалымдары мен оқытушыларын тарту тәжірибесі кеңінен дамытылады.

Бұл ретте, білім беру және ғылыми ізденістер үдерістеріне практиканың үздік мамандары уәждемелі түрде тартылып, ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар практикалық жұмыс жасау және клиникалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігін алады. Бұл дәрігерлік кадрларды (дәрігер, оқытушы, ғалым-бәрі бір тұлғада) ұтымды пайдалануға, кадрлардың жоғары материалдық және кәсіби уәждемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және бүгінгі күні әлемдік денсаулық сақтаудағы кәсіби дамудың үздік стандарты болып табылатын медициналық кадрларды ғылыми-педагогикалық мансаптық дамыту үлгісін қалыптастырады.

Медициналық білім беруді әрі қарай дамытудың міндетті шарты - білім мен дағдыларды айқын және тиімді бақылау мүмкіндігімен, оқу және ғылыми ақпараттық базаны шектеусіз кеңейту мүмкіндігімен онлайн сервистер, кітапханалар, дәрісханалар, студенттер мен оқытушы құрамның жеке электрондық аккаунттарын құра отырып, оны толық ақпараттандыру болады.  Өңірлердегі қайта даярлау және біліктілік арттыру үшін ЖОО орналасқан жерлерде ұзақ уақыт болу мүмкіндігі жоқ мамандар үшін білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологиялары  ендіріледі.

Медициналық білім беру бағдарламаларын жетілдіру шеңберінде студенттердің заманауи этикалық стандарттарды, коммуникациялық дағдыларды, білім алу және оны ұстап тұру үшін жеткілікті деңгейде ағылшын тілін міндетті түрде меңгеруін кезең-кезеңімен енгізу қамтамасыз етіледі.

Орта медициналық қызметкерлерді (бұдан әрі – ОМҚ) оқыту МСАК басымдығын, оның көпфункциялылығы мен әмбебаптығын ескере отырып жүргізіледі. ОМҚ оқыту стандарттары да әзірленген кәсіби стандарттарға сәйкестендірілетін болады.

Медициналық ЖОО-ның автономдығын кеңейту, университет инфрақұрылымын салу мен реконструкциялау кезіндегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, корпоративті басқарудың үздік қағидаларын енгізу жөніндегі шаралар білімді беруді басқару тиімділігін арттырудың негізі болады.  

5.6.3. Инновациялар мен медицина ғылымын дамыту

 

Халық денсаулығын қорғау және нығайту жөніндегі қойылған стратегиялық мақсаттардың негізінде осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2019 жылға дейін кезеңге медицина ғылымын дамытудың басым бағыттары айқындалатын болады.

Отандық медицина ғылымын дамытудың бірінші кезекті міндеті - әлемдік озық стандарттар мен тұжырымдар трансфертінің негізінде оның әдіснамалық тәсілдерін жаңғырту болмақ. Осы мақсатпен отандық ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобалардың халықаралық бағдарламалар және жобалармен интеграциясына үлкен назар аударылатын болады, отандық жобалардың халықаралық көп орталықты зерттеулер бағдарламаларына тартылуы ынталандырылады.

Перспективалы және бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу жобаларын, соның ішінде start-up жобалар, инновациялық гранттар, венчурлық қормен қаржыландыру нысанында мемлекеттік қолдау шараларын, соның ішінде қаржылық көмекті іске асыру жалғасады.

 Ғылыми құзыреттерді дамыту, стратегиялық басым бағыттар бойынша оқыту мен ғылыми тағылымдамалардың орта мерзімді бағдарламасы әзірленеді; ғылыми кадрлармен алмасу дамытылады; ғылыми жұмыстың халықаралық стандарттарына үйретуде, соның ішінде зерттеулердің дизайны мен әдіснамасын жасауда, ғылыми еңбектерді рәсімдеуде көмек көрсетіледі.       

Ғылыми кадрлар тапшылығы жағдайында ғылыми мектепті дамыту мыналарға:

магистратураға, PhD докторантураға қабылдауды ұлғайтуға, ғылыми кадрларды дайындау мамандықтары мен бағыттарының санын көбейтуге;

2018 жылдан бастап отандық жетекші медициналық ЖОО мен ғылыми ұйымдардың базасында пост-докторантура бағдарламаларын енгізуге;

білім және ғылым ұйымдарына дарынды мамандарды тартудың, оларды ғылыми зерттеулер жүргізуге ынталандырудың әлеуметтік-экономикалық тетіктерінің кешенді жүйесін құруға негізделеді.

Ғылыми құзыреттерді және әлемдік технологиялар трансфертін дамыту шеңберінде медицина қызметкерлерінің кәсіби және ғылыми қоғамдастығын, кәсіби бірлестіктер мен қауымдастықтарды дамытуды қолдау, сондай-ақ медициналық ғылым мен білімді дамытудағы олардың рөлін көтеру қамтамасыз етіледі.

Ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын барабар, тұрақты және айқын қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Осы мақсатпен жекелеген ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың кезең-кезеңімен бағдарламалық-нысаналы және негізгі қаржыландырудан ғылыми-зерттеу қызметін тек гранттар негізінде қаржыландыруға өтуі жүзеге асырылады. Бұл ретте, ғылыми қызметкерлердің мүддесі үшін қаржыландыру мен есептіліктің анықтығы және қарапайымдылығы қамтамасыз етіледі.

Ғылыми зерттеулер мен жобалардың да, ғылыми ұйымдардың да менеджментінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасаады. Әлемдік жетекші елдердің тәжірибесі бойынша медицина және фармацевтика ғылымы университеттер айналасына шоғырланады. Осы мақсатта, ресурстарды (ғимараттарды, жабдықтарды, адами ресурстарды және өзгелерін) бірлесіп пайдалану үшін ғылыми, білім беру және медициналық ұйымдардың интеграциялануы ынталандырылады.

Ұжымдық пайдалану зертханаларын, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми зертханалар мен базалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды әрі қарай дамыту қамтамасыз етіледі. Медициналық технологиялардың клиникалық сынақтарының орналасуын жүйелі қолдау және ынталандыру жүзеге асырылады.

  Ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіштері халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдар көлемі, қазақстандық авторлардың жұмыстарынан үзінді келтірулер саны, патенттеу көлемі және алынған нәтижелерді коммерциялау мен практикалық денсаулық сақтауға енгізу деңгейі болады.

  Сондай-ақ, отандық медицина ғылымының деңгейін бағалау және сапасын арттыру мақсатымен, жыл сайын  еліміздің ғылыми ұйымдарының Ұлттық рейтингі жарияланатын болады, ол олардың айқындығын, бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе iconМазмұны бағдарламаның паспорты
Кіріспе
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Бағдарламаның атауы
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе icon«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан...
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе icon1. Бағдарламаның паспорты 3
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі №827...
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылы бойынша жиынтық ақпарат
Бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілді....
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе icon1. бағдарламаның паспорты
Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің...
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе icon1. Бағдарламаның паспорты
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметiн дамыту және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету 20
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты > Кіріспе icon«Қоғамдық денсаулық» пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
Жұмыс бағдарламасы "Қоғамдық денсаулық" типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница