Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі




НазваниеҚазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Дата конвертации14.02.2016
Размер72.8 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://kurchatov.vko.gov.kz/kz/files/govern8.doc
Курчатов қаласы әкімдігінің

2010 жылғы «07» желтоқсанда

№ 529 қаулысымен

бекітілді


«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже



  1. Жалпы ережелер


1. «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» Заңына, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  1. Бөлім заңды тұлға болып табылады, өзінің мөрі, мемлекеттік тілдегі

өзінің атауы бар, белгіленген үлгідегі бланктері, заңға сәйкес банктерде есепшоты болады. Бөлім азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға өз атынан түседі.

  1. Бөлім өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңда белгіленген тәртіпте

бұйрық түрінде актілер шығарады, оның тиісті аумақта міндетті күші болады.

  1. Бөлімнің құрылымын және сандық шегін Курчатов қаласының әкімдігі

бекітеді.

  1. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан

облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі 4.

  1. Толық атауы: «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы

Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  1. Бөлім құрылтайшысы болып Курчатов қаласының әкімдігі табылады.

Құрылтайшы құжат ретінде Курчатов қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 529 қаулысы және осы Ереже табылады.

  1. Бөлім іс-әрекетін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асады.

Бөлімнің қызметі болып табылатын міндеттерді орындауда кәсіпкерлік тұлғалармен келісім қатынастарын жасауға тиым салынады.


2.Бөлімнің негізгі міндеттері мен қызметтері


10. Бөлімнің негізгі міндеттері болып келесілер табылады:

1) білім, дене шынықтыру және спорт саласында, аумақ аймағындағы жұмыс

істейтін барлық тиісті білім мекемелерінің сәйкестігіне қатысты бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) мемлекеттік оқу орындарында азаматтарға кепілдендірілген тегін орта

білім алуын қамтамасыз ету;

3) білім, дене шынықтыру және спорт саласында заңның орындалуына

мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) оқу орындарының дамуы және жұмыс істеуі үшін, халықтың салуатты

өмір салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру және спортты дамытуды ұйымдастыру жағдайын жасау;

5) дене шынықтыру және спорт ұйымдарының әдіс тұрпатын, жан-жақты

түрлерін кеңінен дамыту және енгізу.

  1. Бөлім бекітілген заңнама тәртібінде келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1) тұжырымдама, стратегиялар, аймақтық бағдарлама әзірлейді және орта

және бастауыш кәсіптік білімді, дене шынықтыру және спортты дамыту жоспарына заңды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

2) білім мекемелерінің қызметін регламенттейтін өз құзіреті шегінде

нормативтік-актілерді бекітеді және әзірлейді, білім жүйесін жетілдіру дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады және оқу-тәрбие үрдісінде жоғары нәтиежелерге жетуге, мәдениет саясатын жүзеге асыру, дене шынықтыруды және спортты дамытудың негізгі бағыттарын анықтайды.

3) мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының келісімі бойынша

мемлекеттік білім және спорт басқарудың жоғары тұрған ұйымдарына жергілікті бағынатын білім, спорт мектептерінің барлық типтері мен түрлері, азаматтардың тұратын орнына байланысты балалардың спорт клубы, балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру лагерлері, мүгедектерге арналған арнайы топтар мен мектептер, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерін, мекемелерін құру, тарату және қайта ұйымдастыру туралы ұсыныстар жасайды.

4) балалардың есебін жүргізеді және олар толықтай орта білім алғанға дейін

оларды оқытуды ұйымдастырады;

5) ата-анасының қамқорлығынан айырылған, кәмелеттік жасқа

толмағандарды қамқорлыққа алу және оларға қорғаншылықты ұйымдастырады, балалар үйіне немесе интернатқа орналастырады;

6) өз құзыреті шегінде ұйымдастыру-құқықтық нормаларға қарамастан,

жергілікті бағынатын білім мекемелерінің қызметін мемлекеттік білім стандартының мәселелерін бағалайды;

7) халықтың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай

жасайды;

8) заңнамаларға сәйкес ведомствоға қарасты мекемелер басшыларын

тағайындайды және лауазымынан босатады;

9) мектепке дейінгі, жалпы және бастауыш кәсіптік білім беру, дене

шынықтыру және спорт мәселелі жөнінде жоғары тұрған органдарға статистикалық есеп ұсынады;

10) оқыту технологиясы саласында жаңашыл саясат жүргізеді,

орта білімді ақпараттандыруды қамтамасыз етеді, дене тәрбиесі бойынша ақпараттық-ағартушылық, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтеді;

11) белгіленген тәртіпте білім мекемелері, педагогика, басшылық және басқа

қызметкерлерінің біліктілігін көтеру және қайта даярлауды, аттестациялауды, дене шынықтыру мамандарының спортта жоғары жетістіктерге жетуі үшін сонымен қатар халықтың әлеуметтік-демографиялық түрлі топтарымен жұмыс жүргізуді ұйымдастырады, мектепке дейінгі, жалпы орта және бастауыш кәсіптік білім мекемелерін және жергілікті бюджеттен қаржыландыратын мектептен тыс ұйымдарды аккредитациялау және аттестациялау, лицензиялау үрдісіне қатысады.

12) конференциялардың, жиналыстардың, пәндік олимпиадалардың, конкурс

пен жарыстардың, көпшілік дене тәрбие-спорттық іс-шаралардың өткізілуін ұйымдастырады.

13) білім қызметінің мониторингін ұйымдастырады, дене шынықтыру –

сауықтыру, спорттық-бұқаралық жұмыстар, салауатты өмір салтын қалыптастыру және білім саласындағы сараптық-аудиторлық қызметін жасайды.

14) білім мекемелерінде оқитын әскерге шақыруға дейінгі және әскерге

шақырылатын жастағы жастардың алғашқы әскери дайындығын ұйымдастырады.

15) кадрлар даярлығының , қайта даярлауының және біліктігінің және олардың қызметі мен әдістемелік қамсыздану бағдарламаларын үйлестіріп бекітеді, семинарлар мен оқытудың басқа нысандарын, тәжірибе алмасуды ұйымдастырады;

16) Республика, облыс, қала ішінде ақпараттық-жарнамалық жұмыстарды

өткізуге ұйымдар, бірлестіктер мен кәсіпорындардың өзара әрекетін қамтамасыз етеді, бұқаралық ақпарат құралдарын жарнамалық мақсатқа пайдаланады;

17) Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасына сәйкес басқа

да қызметтерді жүзеге асырады.

  1. Бөлім тапсырмалар мен қызметтерін жүзеге асыру үшін заңнамамен

белгіленген тәртіпте құқылы:

1) мемлекеттік органдардан, ведомствоға қарасты мекемелерден және

лауазымдық тұлғалардан мемлекеттік орган құзырының мәселелі бойынша ақпарат алуға және сұрауға;

2) ведомствоға қарасты мекемелердің міндетті орындауы үшін өз өкілетті

шегінде нормативтік актілер (бұйрықтар) шығару;

3) ведомствоға қарасты мекемелердің бұйрықтарын жартылай немесе

толығымен тоқтатуға немесе күшін жоюға;

4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға,

аталған мәселелер бойынша түсінік беруге;

5) өз құзырындағы мәселелер бойынша білім беру мекемелерін қадағалау.

6) өз құзыры аясында ведомствоға қарасты мекемелердің мемлекеттік тапсырыс төлемдеріне, оларды ұстауға бөлінген бюджеттік қаражаттың дұрыс пайдалануы мен тиімді жоспарлануына тексеру жүргізуге;

7) қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеті, сондай-ақ мемлекеттік орган құзыры

шегінде мемлекеттік және өзге бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша салааралық және аймақаралық үйлесімді жүзеге асыруға;

8) осы ереже, қолданыстағы заңнамалар, бекітілген келісім-шарттарқұзырының аясында басқа мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасауға;

9) заңнамағаға сәйкес басқа құқықтарды жүзеге асыруға.


5.Бөлімнің мүлкі


13. Бөлімнің жедел басқару құқығында күрделенген мүлкі бар. Бөлім мүлкі

оған мемлекет берген мүлік есебінен құралады және негізгі қорлар және айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ баланста құны көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады.

14. Бөлімнің өзіне бекітіліп берілген мүліктерге өз бетінше иелік етуге

құқылы емес.


6. Бөлім қызметін ұйымдастыру


  1. Бөлімді бастық басқарады. Қазақстан Республикасының заңнамасында

көрсетілген тәртіппен қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

  1. Бөлім бастығы өз қызметінде толығымен әкімге және Бөлім қызметі

мәселелеріне жетекшілік ететін әкім орынбасарына есеп береді.

  1. Бөлім бастығы Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді,

Бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз қызметін орындауға жеке басымен жауап береді.

  1. Бөлімнің техникалық қызмет көрсету және жүзеге асыруды қамтамасыз

ететін тұлғаларды санамағанда, Бөлім бастығы және мамандары мемлекеттік қызметші мәртебесін иеленеді;

  1. Бөлім бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан

босатады;

2) Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерінің өкілеттігін айқындайды;

3) Бөлім қызметкерлеріне заңда белгіленген тәртіпте тәртіптік жаза

қолданады және қызметкерлерге көтермелеу белгілейді;

4) бұйрықтар шығарады және міндетті түрде барлық қызметкерлерге

нұсқаулар береді;

5) Бөлім актілеріне (бұйрықтарына) қол қояды.

6) келісім-шарттар жасасады;

7) банкте есеп шоттар ашады, қаржылық тәртіпті сақтауға мойнына

жауапкершілікті алады;

8) Бөлімді мемлекеттік ұйымдарда, басқа да мекемелерде өкіл ретінде

таныстырады;

9) заңнамаға сәйкес басқа өкілеттіліктерді жүзеге асырады.


  1. Қайта құру және тарату




  1. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының

заңнамалырына сәйкес жүзеге асырылады.


«Қазақстан Республикасы

Шығыс Қазақстан облысы

Курчатов қаласының білім,

дене шынықтыру және спорт

бөлімі» ММ бастығы Ә.Ұлықпанова



Похожие:

Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі iconЕкібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі
Аласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне...
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі icon«Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі icon2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
«Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» (бұдан былай Бөлім) Текелі қаласында дене шынықтыру, спорт және туризм салаларында...
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі iconГен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында...
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі iconГен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында...
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында...
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі icon«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Дене шынықтыру және спортты дамыту» саясатын жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі icon«Бек ітемін» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің төрағасы
С. Бердіқұлов атындағы мемлекеттік сыйлық (одан әрі сыйлық) спорт және дене тәрбиесі туралы үздік жарияланымдары үшін Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі iconҚазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары бөлімі
Ы бөлімі мемлекеттік мекемесі (ары қарай – Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылтын, ауыл шаруашылығы, ветеринария және жер қатынастары...
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі icon«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница