І. ПӘннің ОҚу бағдарламасы




НазваниеІ. ПӘннің ОҚу бағдарламасы
страница5/8
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.96 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/b1255f76-45c8-11e3-9bd8-f6d299da70eeУМКД ТМФК Ерменова!!!.doc
1   2   3   4   5   6   7   8
Көрнекі ықпал ету әдісі. Бұл әдістер жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа бөлінеді: көру көнекілігі, есту көрнекілігі, қимыл көрнекілігі әдістері.

Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:

  1. «Әдістемелік тәсіл», «Әдіс», «әдістеме» дегеніміз не?

  2. Дене тәрбиесінің арнайы және жалпы әдістері.

  3. Қатаң шектелген жаттығулар әдістері.

  4. Қимыл- әрекетке үйрету әдісі.

  5. Дене қуаты қасиеттерін дамыту әдістері.

  6. Ойын әдісі.

  7. Жарыс әдісі.

  8. Сөз қолдану әдісі

  9. Көрнекілікті қолдану әдістері.

  10. «Жүктеме» , жүктеменің көлемі, қарқыны.

  11. Жатығу орындаған кездердегі тынығу аралықтары, түрлері.

  12. Шеңберлі орындау әдісі, оның варианттары.

  13. Бірқалыпты және аралықты орындау әдісі.

  14. Қайталап және өзгермелі орындау әдістері

Әдебиет: негізгі [1-7]

қосымша [2,3,6]


Дәріс 4: Дене тәрбиесі қағидалары

Дәріс мақсаты: дене тәрбиесі және спорттың қағидаларын, қимыл - әрекетке үйрету кезеңдерін оқу, үйрену.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Дене тәрбиесі қағидаларының топтары. Саналылық және белсенділік қағидасы.

2. Көрнекілік, жүйелілік қағидалары.

3. Біртіндеушілік, реттілік және даралық қағидалары.

4. Дене тәрбиесі мен спорттағы үйрету үрдісі, оның теориялық және тәжірибелік бөлімі.

5. Қимыл-әрекетін таныстыру, үйрету және жетілдіру кезеңдері.


Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Саналылық және белсенділік қағидасы. Бұл қағиданың мақсаты – дене тәрбиесі үрдісі кезінде жаттығушылардың санасында дене тәрбиесі мен спорт әрекеттеріне деген саналы терең ой, тұрақты ынтығушылық, қызығушылық қалыптастыру және олардың осы әрекеттерге белсенді ұмтылуын ұйымдастыру.

Көрнекілік қағидасы. Көрнекілік – дегеніміз адамның сезім мүшелерін тану, түсіну, ұғыну үрдісінде қолдану. Ал дене тәрбиесі мен спорт үрдісінде көрнекілік қағидасы үйрету және тәрбиелеу кездерінде қолданылады. Қозғалысқа үйретуді көру арқылы ғана емес, есту және бұлшық ет түйсігі арқылы да түсіне білу керек. Әр түрлі анализаторлар белгілері оқушылардың санасында үйренетін жаттығу туралы толық түсінік тудырады.

Жүйелілік қағидасы. Дене қуаты қасиетін дамытудағы және қозғалысқа үйретудегі жақсы нәтиже тек қана дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі орындағанда ғана болады. Жүйелілік–сабақтар арасында ұзақ үзіліс болмауы, сол арқылы жаттығушылардың дене қуаты дайындығы деңгейін түсірмеуі.

Реттілік қағидасы. Қимыл әрекетке үйрету және дене қуаты қасиетін дамыту реттілігіне арналған талаптар үш дидактикалық ережеден тұрады: 1. Жеңілден – қиынға. 2. Қарапайымнан – күрделіге. 3. Меңгерілген қимыл әрекеттен – меңгерілмеген қимыл - әрекетке.

Біртіндеушілік қағидасы. Орындайтын жаттығулар техникасының біртіндеп күрделенуін, жүктеме көлемі мен қарқыны біртіндеп өсуін біртіндеушілік қағидасы дейміз.

Даралық қағидасы - дене тәрбиесі үрдісінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру түрінде жүргізіледі. Даралық қағидасы әр адамның дайындық деңгейіне, жыныс және жас ерекшеліктеріне байланысты. Жеке басының, психикасының ерекшеліктеріне, жүктемеге шыдамдылығына, сыртқы орта әсерін сезіну мүмкіншіліктеріне, жұмыс істеу стиліне байланысты.

Дене тәрбиесіндегі оқыту дегеніміз адамның дене қуатына және психологиялық жетілуіне бағытталған арнаулы білім жүйесінің қимыл- әрекетке үйрету, қалыптастыру, меңгеру, жетілдіру үрдісі. Ол үш кезеңге бөлінеді. Теориялық мағлұматтың көлемі мен мазмұны жалпы педагогикалық қағидалармен (жүйелілік, ұғынықтылық т.с.с.) анықталады, оқу мақсатына, оқушылар тобының ерекшеліктеріне байланысты төрт топқа бөлінеді. Олар: дене тәрбиесінің әлеуметтік керектігі туралы (денсаулықты нығайту, жұмыс қабілеттілікті арттыру т.б.), дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану ережелері туралы (футбол, баскетбол, волейбол ойындарын ойнау ережелері және т.б.), медициналық – биологиялық (дене гигиенасы, шынығу, ұйықтау, тамақтану, жаттығу режимдері туралы баяндаулар, әңгімелер), үйрететін қимыл – қозғалыс техникасы туралы мағлұматтар. Теориялық мағлұматтар алу көздері: қимыл тәжрибелілігі, арнайы оқулық, сөз және көрнекі қабылдау әдістері, мұғалімнің әрекеті, кино және бейнефильмдер көрсету т.б.

Нақтылы дене тәрбиесі және спорт тәжірибесінде қимыл-әрекеттердің техникасын үйрету үш кезеңнен тұрады: таныстыру, үйрету және жетілдіру.

Қимыл-әрекетін таныстыру кезеңі. Бұл кезеңнің міндеті – оқушыларға үйренетін жаттығу туралы түсінік беру және соны үйренуге ынтасын ояту. Түсіну, ұғыну үрдісі қалыптасу кездерінде бір-біріне байланысты, сабақтасты үш кезең пайда болады: 1. Үйрену міндеттерін ұғыну. 2. Орындау жобасын кұру. 3. Жаттығуды орындап көру. Қимыл-әрекетке таныстыру кезеңінің негізгі әдістері: Тұтас және бөлшектеп үйрету әдістері. Сөз қолдану әдістері: түсіндіру, баяндау. Көрнекі қабылдау әдістері: қимыл- әрекетті көрсету, көрнекі құралдар қолдану ж.т.б.

Қимыл - әрекетіне үйрету кезеңі. Бұл кезеңнің міндеттері, оқушыларға техника негізін үйрету, оны тұрақты орындауға жеткізу және осылар арқылы қимыл шеберлігін қалыптастыру. Оқушының әрбір жаттығу техникасы бөлшегіне ықылас сала орындайтын қимыл әрекетін қимыл шеберлігін дейміз. Құрылым жоспары бойынша үйрету кезеңі екі бөлімге бөлінеді: 1. Қимыл шеберлігін қалыптастыру. 2. Қимыл шеберлігін жетілдіру.

Қимыл-әрекетін жетілдіру кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты – қимыл дағдысын қалыптастыру, сол арқылы жоғары қимыл шеберлігіне жету. Жаттығуды көп қайталағаннан соң қимыл шеберлігі дағдыға айналады. Қимыл дағдысы деп- жеке қозғалыстарға емес, нақты әрекет нәтижесіне бағытталған қимыл әрекетін автоматтандыра орындай алу қабілеттілігін айтамыз. Жоғары қозғалыс шеберлігі дегеніміз қалыптасқан қимыл дағдыларын нақты өмір жағдайларында қолдану шеберлігі (жүгіру, секіру және басқа өнеркәсіптік, әскери әрекеттер). Жоғары қозғалыс шеберлігі үйрету үрдісінің соңғы межесі.

Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:

  1. Дене тәрбиесі мен спорттың қағидалары, оларды топтау.

  2. Саналылық және белсенділік қағидасы.

  3. Жүйелілік қағидасы.

  4. Біртіндеушілік қағидасы.

  5. Реттілік қағидасы

  6. Даралық қағидасы

  7. Көрнекілік қағидасы.

  8. Қимыл-әрекетіне үйретудің кезеңдерін атаңыз.

  9. Қимыл әрекетіне таныстыру кезеңін сипаттаңыз.

  10. Қимыл әрекетіне үйрету кезеңін сипаттаңыз.

  11. Үйрету кезеңінде кезігетін қателер.

  12. Қимыл әрекетін жетілдіру кезеңін сипаттаңыз.

  13. Жоғары қимыл ептілігі.

  14. Қимыл-әрекетіне үйрету кезеңдерінде қолданылатын әдістерді атаңыз.

Әдебиет: негізгі [1-7]

қосымша [2,4,6]


Дәріс 5: «Дене қуаты қасиеттері, оны дамыту әдістемесі»

Дәріс мақсаты: дене қуаты қасиеттерін зерттеу, оларды дамыту әдістерін, амалдарын білу, ұғыну.

Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Дене қуаты қасиеттері, анықтамасы, түрлері

  2. Күш және оны дамыту әдістемесі

  3. Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі

  4. Төзімділік және оны дамыту әдістемесі

  5. Ептілік және оны дамыту әдістемесі

  6. Икемділік және оны дамыту әдістемесі.

Тақырыптың қысқаша мазмұ

Адамның денесінде, санасында белгілі бір деңгейде сақталып тұрып, ол қозғалғанда, әрекет жасағанда пайда болатын қасиеттерді дене қуаты қасиеттері дейміз.

Күш және оны дамыту әдістемесі. Сыртқы қарсылықты жеңу немесе бұлшық, ет көмегі арқылы оған қарсылық көрсетуді күш дейміз. Күштің пайда болу түрлері: өз күш мүмкіншілігі статикалык кезде (дене қалыбын ұстау) және ақырын қозғалыс кезінде, күш жылдамдығының мүмкіншілігі тез, жылдам қозғалыста пайда болады (секіру, лақтыру т.б.). Бұл жағдайда спортшы күшіне жылдамдық қосу арқылы, жаттығуды тез орындау арқылы жоғарғы нәтижеге жетеді. Күшті дамыту үшін жоғарғы қарсылық жаттығулары қолданылады. Олар екі топқа бөлінеді: 1 Сыртқы қарсылық жаттығулары. Сыртқы қарсылықтарға: әр түрлі спорт кұралдарының салмағы (штанга, гирлер, гантельдер т.б.), серігінің қарсы әрекеті (қосақ жаттығулар), сыртқы ортаньң қарсылығы (құмда, қарда, суда жүгірулер т.б.) жатады. 2 Өз салмағының ауырлығын басқару жаттығулары (аспа темірде тартылу, еденнен итерілу, отырып тұрулар, секірулер т.б.). Дене тәрбиесі тәжірибесінде мынандай көп тараған күш дамыту әдістері бар: Жоғарғы күш салу әдісі. Қайталап күш салу әдісі. Статикалық (қозғалмайтын) күш салу әдісі.

Жылдамдық және оны дамыту әдістемесі. Жылдамдық дегеніміз - адамның белгілі бір уақыт аралығында кеңістікте жылдам қозғалған әрекеті. Жылдамдық үш түрде пайда болады: 1 Қарапайым және күрделі қозғалыс әрекеті жылдамдығы. 2 Жалғыз қимыл жылдамдығы. 3 Қимыл жиілігі. Жылдамдық жаттығулары аздаған мөлшерде сабақтың негізгі бөлімінде, орталық жүйке жүйесі қалыпты жағдайда тұрған кезде беріледі. Қимыл жиілігі жылдамдығын дамыту үшін қайталау, өзгермелі орындау, ойын, жарыс әдістері қолданылады.

Төзімділік және оны дамыту әдістемесі. Төзімділік, анықтау әдістері, түрлері. Адамның жұмысты ұзақ, қарқынын азайтпай орындай алу қабілетін төзімділік дейміз. Төзімділікті анықтаудың тузу және жанама деген екі әдісі бар. Төзімділіктің екі түрі бар: жалпы және арнайы. Спортшы ағзасын жаттығу жасап жатқан кезде энергиямен қамтамасыз ету жағынан төзімділік: аэробты, анаэробты және аралас (аэробты-анаэробты) деп үшке бөлінеді. Төзімділікті дамытқанда ұзақ және қатты қарқында орындалатын қозғалмалы ойындар, біртіндеп ұзаратын қашықтыққа 300, 500, 700, 1000 метрге жүгіру, 2000 метрді жүгіру мен жүруді алмастыра өту т.с.с. Ақырын және орта қарқында журуді алмастырып 2-3 шақырымға жүгіру, шаңғымен 3-5 шақырымға жүгіру т.с.с. Жоғары мектеп оқушыларына кросс дайындықтары, 3-5 шақырымға жугіру, шаңғымен 5 шақырымға жүгіру, өзгермелі және қайталап жүгіру жаттығулары қолданылады.

Ептілік және оны дамыту әдістемесі. Адамның кеңістікте үйлесімді қозғала алуын, жаңа күрделі қозғалысты тез меңгере алуын, өзгерген жағдайға байланысты өз әрекетін тез басқаша құра алу қабілеттілігін ептілік деп атаймыз. Ептілікті тәрбиелеудің негізгі амалдары: жаңа немесе жаңадан пайда болған элементттері бар спорттық, қозғалмалы ойындар, гимнастика, акробатика жаттығулары. Жақсы үйренген жаттығуларды қайталау ептілікті дамытпайды. Сондықтан мұғалім әрбір дене тәрбиесі сабағында 1-2 жаңа жаттығу немесе бұрын үйренген жаттығудың элементтерін жаңалап үйретіп отыруы қажет. Ептілікті дамыту жаттығуларын сабақтың бірінші жартысында өткізген дұрыс, өйткені оқушы ағзасы болдыра бастағанда ол жаттығулар аз нәтиже береді. Ептілікті дамыту әдістері: қайталау, ойын, жарыс әдістері.

Икемділік және оны дамыту әдістемесі. Адамның жаттығуды үлкен амплитудамен орындай алу қабілеттілігін икемділік дейміз. Икемділік белсенді және енжар болады. Икемділікті дамытудың негізгі амалы созылу жаттығулары. Ол жаттығулар мынандай түрлерде орындалады: қарапайым созылу, серіппелі созылу, сермеу, дене қалпын ұстау, сыртқы көмектің әсерімен созылу т.с.с. Икемділікті дамытудың негізгі жолы қайталау әдісі. Сонымен бірге ойын, жарыс, шеңберлі орындау әдістері қолданылады.

Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:

  1. Дене қуаты қасиеттері. Анықтама.

  2. Күш, күштің түрлері.

  3. Күшті дамыту амалдары мен әдістері.

  4. Жылдамдық, оның түрлері.

  5. Қарапайым қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.

  6. Күрделі қозғалыс жылдамдығы, оны дамыту.

  7. Жалғыз қимыл жылдамдығы мен қимыл жиілігі.

  8. Жас ерекшеліктеріне байланысты жылдамдықты дамыту.

  9. Төзімділік, оның түрлері.

  10. Аэробты төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.

  11. Анаэробты, аралас төзімділік, дамыту амалдары мен әдістері.

  12. Ептілік және оны дамыту әдістемесі.

  13. Икемділік, оның түрлері.

  14. Икемділікті дамыту амалдары мен әдістері.

Әдебиет: негізгі [1-10]

қосымша [2,4,6]


Дәріс 6: «Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері»

Дәрістің мақсаты: мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздерін білу.

Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.

  2. Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы

Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене қуаты дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс шебердігі мен дағдысының қалыптасуына дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттері: сауықтыру міндеттері, білім беру міндеттері, тәрбие беру міндеттері. 1. Өмірге қажетті қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру және жетілдіру. Оқушылардың қалыптастыру керек қозғалыс шеберлігі мен дағдылары мынандай бес топқа бөлінеді (З.И.Кузнецов, 1968): 1) адамға кеңістікте қозғалуға көмектесетін қозғалыс шеберлігі мен дағдылары. Олар: жүру, жүгіру, суға жүзу, шаңғы тебу; 2) адам қозғалғанда оның денесін басқаруға керек дене қалыптары мен тұрыстарының дағдылары. Олар: негізгі тұрыс, бастапқы қалып, әр түрлі дене қалыптары, тұрыстары, саптық жаттығулар және т.с.с.; 3) әр түрлі қозғалыстарды спорттық құралдармен орындау дағдылары. Олар: доптармен, скакалкалармен, гантельдермен, гимнастикалық таяқтармен орындаулар; 4) қол, аяқ қозғалыстарын дененің басқа мүшелерінің қозғалыстарымен үйлестіре басқара білу дағдылары. Олар: аунап түсулер, ілініп тұрулар, жоғары көтерулер, тірелулер, тепе – теңдік сақтаулар; 5) Қолдан жасалған кедергілерден өтуді қамтамасыз ететін кешенді қозғалыстарды орындайтын дағдылар. Олар: тіреле секірулер, өрмелеулер, ұзындыққа және биіктікке секірулер;

2. Дене мәдениеті мен спорт саласында керекті білімді қалыптастыру. Оқушылар білуі керек: 1) дене тәрбиесі жаттығуларының ережелері мен жолдарын; 2) ағзаның негізгі жүйелеріне дене тәрбиесі жаттығуларының әсерін; 3) өз бетімен жаттықтырулардың ережелері мен әдістерін; 4) дене жаттығулары сабақтары, жаттықтырулары кезіндегі өзін - өзі бақылаудың негізгі тәсілдерін; 5) жанұядағы дене тәрбиесінің рөлін;

Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы мен дене қуаты дайындығы. Ғалымдардың дәлелдеулерінше осы кезеңдегі негізгі денсаулық белгісі - оқушылардың дене дамуы. Балалардың бойы мен салмағына қарап олардың өмір сүру жағдайы мен сыртқы ортаның бала ағзасына жағымды, жағымсыз әсерін білуге болады. Балалардың бойы мен салмағы олардың денсаулықтарын анықтайтын санитарлы – гигиеналық, дәрігерлік – қоғамдық көрсеткіш болып табылады.

Мектеп оқушыларынан жылына екі рет, қыркүйек, мамыр айларында алынатын, олардың дене қуаты дайындығы деңгейін көрсететін сынақ жаттығулары. Осы көрсеткіштер бойынша оқушылардың дене қуаты қасиеттерінің даму деңгейін анықтап, келешек жұмыстарға өзгерістер енгізуге болады. Бұл стандарттық сынақ жаттығулары қарапайым және дене қуаты деңгейі туралы көп ақпараттар береді. 1. 1000 м жүгіру. Сынақ жаттығуы төзімділік деңгейін анықтауға арналған. 2. 10 м 5 рет қайталап жүгіру. Сынақ жаттығуы жылдамдық және ептілікті бағалауға арналған. 3. Кермеде тартылу (ер балалар). Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің күш төзімділігін бағалауға арналған. 4. Кермеде салбырай асылу (қыз балалар). Сынақ жаттығуы қол мен иық деңгейінің статикалық күш төзімділігін бағалауға арналған. 5. Шалқалап жатқан қалыпта 30 сек бойы кеудені көтеру. Сынақ жаттығуы кеудені көтеру бұлшық еттерінің күшін бағалауға арналған. 6. Отырған қалыптан алдыға еңкею. Сынақ жаттығуы омыртқа мен жамбас-сан буынының икемділігін өлшеуге арналған.

Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:

    1. Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің міндеттері.

    2. Білім беру міндеті, оған сипаттама

    3. Мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дене дамуы.

    4. Оқушылардың дене қуаты дайындығы

Әдебиет: негізгі [1-8]

қосымша [2,4,6]


1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

І. ПӘннің ОҚу бағдарламасы iconТуризмдегі инфрақұрылым (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – 3
Курс бағдарламасы. Типтік оқу бағдарламасы Алматы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2005 ж типтік бағдарлама негізінде...
І. ПӘннің ОҚу бағдарламасы iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Студенттерге арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы «Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен»
І. ПӘннің ОҚу бағдарламасы icon2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы – syllabus
Пәннің типтік оқу бағдарламасы. Пәннің оқу-әдістемелік кешені Абай атындағы ҚазҰпу құрастырған «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» қазақ...
І. ПӘннің ОҚу бағдарламасы iconКурсының ОҚу бағдарламасы 2010- 2011 оқу жылының 4 семестрінде 2 кредит
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Адам анатомиясы типтік бағдарламасы және қр госо 03. 001-2004 негізінде құрастырылған
І. ПӘннің ОҚу бағдарламасы iconКурсының ОҚу бағдарламасы 20011- 2012 оқу жылының 4 семестрінде 3 кредит
...
І. ПӘннің ОҚу бағдарламасы iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – I
Пәннің оқу әдістемелік кешені «Цитология» бойынша 050113 – «Биология» мамандығы типтік оқу бағдарламасы. Алматы, 2005ж. (типтік бағдарлама...
І. ПӘннің ОҚу бағдарламасы icon«Химия» пәні бойынша “Дайындық бөлім” мамандығының студенттері үшін Оқу-әдістемелік кешен (Силлабус)
Силлабус оқу бағдарламасы, жұмыс оқу жоспары ( ) және пәннің жұмыс бағдарламасы ( ) негізінде жасалған
І. ПӘннің ОҚу бағдарламасы iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені пәнінің ОҚытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы семей – 2012 Мазмұны
Биотехнология мамандығы бойынша студенттеріне арналған. Ол студенттерді пәннің мазмұнымен, саясатымен, өзектілігімен, қажеттілегімен...
І. ПӘннің ОҚу бағдарламасы iconСтудентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
М020500 Филология мамандығының магистранттарына арналған силлабус Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу...
І. ПӘннің ОҚу бағдарламасы iconМагистранттарға арналған пәннің оқу бағдарламасы
М020500 – Филология мамандығының магистранттарына арналған силлабус Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница