Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі




Скачать 89.73 Kb.
НазваниеЕкібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі
Дата конвертации14.02.2016
Размер89.73 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://sportekb.kz/files/polozhenie_otdela_kaz.doc





Екібастұз қаласы әкімдігінің

2015 жылғы « ___» қаңтардағы

№ _____ қаулысымен

бекітілген


«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


  1. Жалпы ережелер


1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, дене шынықтыру және спортты дамыту ортасы бойынша мемлекеттік басқару міндеттерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде ведомств жоқ.

3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеменің заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазыналық органдарында шоттары болады.

5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141203 индексі, Екібастұз қаласы, Екібастұз қаласының 50 жылдығы көшесі, 10.

10. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi;

ресми тілде: государственное учреждение «Отдел физической культуры и спорта акимата города Экибастуза».

11. Осы Ереже «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

13. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджет табысына жіберіледі.


  1. Мемлекеттік органның миссиясы, (мәні, мақсаты), негізгі апсырмалары, функциялары, құқықтары мен міндеттері


14. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және үйлестіруді қамтамасыз ету.

15. Міндеттері:

1) бұқаралық спортты дамыту;

2) дене шынықтыру және спортты насихаттау;

3) спорттық резервті дайындау.

16. Функциялары:

1) жеке тұлғалардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша және жаппай демалу орындарында дене шынықтыру мен спортпен айналысуы үшін инфорақұрылымды құру;

2) спорт мекемелерімен бірлесіп спорт түрлері бойынша облыстық маңызы бар қалалық, аудандық жарыстар өткізу;

3) әртүрлі спорт түрлерінен қалалық құрама команда дайындығын және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

4) бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдау;

5) спортшыларға спорттық санаттар беру: 2 разрядты спортшы, 3 разрядты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядты спортшы, 2 жасөспірімдік разрядты спортшы, 3 жасөспірімдік разрядты спортшы,

6) бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

7) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;

8) қала аймағында және оның ауылдық аймақтарында спорттық іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру;

9) қала аймағында және оның ауылдық аймақтарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан және мерзімі бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинау, талдау және жиынды жүзеге асыру;

10) спорт түрлері бойынша команда құрамасының тізімін бекітеді және қалыптастырады;

11) балалар жасөспірімдер спорт мектебінің қызметін үйлестіреді.

12) саладағы өзекті проблемаларды шешу, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мәселелерді ұйымдастыру және қалалық ведомсты қызметті үйлестіру;

13) ресми дене шынықтыру және спорттық іс-шараларда медициналық көмекті ұйымдастыру;

14) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде жалпы қауіпсіздікті және жалпы тәртіпті қамтамасыз ету;

15) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16) коммуналдық заңды тұлғаларды басқару бойынша:

ведомствоға қарасты заңды тұлғаларды басқару мәселелері жөнінде актілер әзірлеу, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

ведомствоға қарасты мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындау;

ведомствоға қарасты қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеу;

ведомствоға қарасты мемлекеттің қатысы бар кәсіпорындар мен ұйымдардың даму жоспарларын және олардың орындалуы бойынша есептерін қарастыру, келісу, бекіту, бақылау және талдау жүргізу;

ведомствоға қарасты ұйымдардың мүлкін пайдалануға және сақталуына бақылау жасайды;

коммуналдық меншікті басқару жөніндегі уәкілетті органға ведомствоға қарасты заңды тұлғалардың мүлкін қайтарып алуға немесе қайта бөлуге келісім береді;

мәліметтерді, оның ішінде, өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсету үшін дайындайды;

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

облыстық, республикалық спорт ұйымдарында қаланың мүддесін ұсыну;

қаланың және облыстың өкілетті және атқарушы органдарында мемлекеттік органның мүддесін білдіру;

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық құжаттары мен ереже негізінде қалалық спорттық жарыстарды өткізу түралы Ережені бекіту;

белгіленген тәртіпте дәреже тағайындау, қалалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін медальдармен, белгілермен, жүлделермен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселесін шешу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес саладағы мамандардың мүддесін қорғау;

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзу туралы істі қарастыру.

рассматривать дела об административных правонарушениях согласно Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года «Об административных правонарушениях»;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды іске асыру.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру


18. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты мемлекеттік органға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның фунцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Екібастұз қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қызметкелері болады.

21. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

2) белгіленген заңнама тәртібімен қызметкерлерді мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;

3) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрық шығарады және тапсырма береді;

4) «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;

5) мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық әрекетіне бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауап береді;

6) қазынашылық органымен бірлесіп төлемдер бойынша, соның ішінде ақша алушылардың тиісті есеп шоттарына тоқсан сайын салыстырмалы тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға атқарады.



  1. Мемлекеттік мекеменің өзарақарым-қатынасы


22. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылығы Екібастұз қаласы әкімдігінің қарамағындағы мекеме болып табылады;

23. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және Екібастұз қаласы әкімдігі арасындағы өзарақарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде реттелінеді;

24. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі әкімшілігі арасындағы өзарақарым-қатынас және ұжымдық келісім-шарты және Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде және оның еңбек ұжымымен реттеледі.


5. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі


25. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.


4. Мемлекеттік органның мүлкі


26. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге көздер есебінен қалыптастырылады.

27. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық жеке меншікке жатады.

28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату


29. «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мемлекеттік органның ведомстволарының қарамағындағы

мемлекеттік ұйымдардың тізбесі


«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Спортсервис» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жасыбай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

«Екібастұз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

«Екібастұз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

«Екібастұз қаласы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;


Похожие:

Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі icon«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің...
Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі iconЖуалы ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Жуалы ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің миссиясы мен пайымдауы
Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі icon«Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі icon«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Дене шынықтыру және спортты дамыту» саясатын жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган
Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі icon«Аягөз аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм
ШҚО, Аягөз аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің міндеттері мен көріністері
Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі icon2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
«Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» (бұдан былай Бөлім) Текелі қаласында дене шынықтыру, спорт және туризм салаларында...
Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі iconГен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында...
Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі iconГен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында...
Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында...
Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі iconДене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері ”
«Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері» пәні кредитгік технология бойынша оқытьщ студенттерге 050108- «Дене...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница