2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi




Скачать 63.51 Kb.
Название2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
Дата конвертации14.02.2016
Размер63.51 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://tekeli.gov.kz/uploads/files/file1826.doc
№____ қосымша

Алматы облысы

Текелі қаласы әкімдігінің

20____ жылғы «____»____________

№_____ қаулысымен бекітілген


«Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ережелер

1. «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» (бұдан былай Бөлім) Текелі қаласында дене шынықтыру, спорт және туризм салаларында әрекет ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомстволары, өкілдері мен филиалдары жоқ.

3. Бөлімнің құрылтайшысы Текелі қаласының әкімдігі.
4. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

5. Бөлім мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

6. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.    

7. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

8. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
9. Бөлім құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

10. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, 041700, Текелі қаласы, Абылай хан көшесі 34.
11. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
12. Осы Ереже "Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

13. Бөлім қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
14. Кәсiпкерлiк субъектiлерiмен    бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.


2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

15. Бөлімнің миссиясы: тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдандырумен, спорттық резервті даярлаумен және спортшылардың шеберлігін нығайту жолдарымен дене шынықтыру және спорт саласандағы мемлекеттік саясатты іске асыру

16. Негізгі мiндеттерi:

1) халықтың спорт қызметтерін пайдалану үшін азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз ету;

  1. қала аумағындағы спорт және туризм саласында біртұтас мемлекеттік саясатын әзірлеп, жүзеге асыру, тұрғындарға спорт қызметтерін көрсету, жетілдіру және олардың спорт байланыстарын одан әрі дамытуды әзірлеу;

3) қала аумағында тұлғаларды жан-жақты және үйлесімді дамыту, олардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дене тәрбиесі мен спортты дамыту және тұрғындардың демалысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

4) спортты дамытудың ғылыми негізделген жүйесін іс жүзінде енгізу және спортшыларды дайындау;

5) спорт кадрларын дайындауды және оларды бөлуді қамтамасыз ету;

6) жоспарларды реттеу және спорттық пен туристтік іс-шаралар мен жарыстарды өткізу;

7) спорт және дене тәрбиесі туралы білімді насихаттау және тарату;

8) қала тұрғындарына дене тәрбиесі және спорт мекемелері көрсететін қызметтерді дамыту.

17. Функциялары:

1) дене шынықтыру және спорт саласында мемелекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін ұсыныстар әзірлейді;

2) қалалық дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсатты бағдарламардың дайындауына және оны жүзеге асыруына қатысады;

3) қала әкімінің қарауына белгіленген тәртіппен спорт мәселелері бойынша қаулылардың, өкімдердің және шешімдердің жобаларын ұсынады;

4) спорт саласындағы әлеуметтік процесстерді және қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына ықпалын талдап, болжам жасайды. Сондай-ақ қалалық орнгандардың және басқа ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік саясат бағыттарын жүзеге асыру жөнінде ақпарат дайындайды және қаланың спортты дамыту стратегиясын әзірлеп қала әкіміне ұсынады;

5) қалалық әдістемелік орталықтар базасында спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер өткізуді ұйымдастырады, олардың нәтижелерін қорытып, іс-жүзіне енгізеді;

6) спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың қоғамдық бірлестіктердің бағдарламаларына ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.

7) мемлекеттік тапсырыс бойынша жүргізілетін шараларды қаржыландырады;

18. Құқықтары мен міндеттері:

1) спорт саласына еңбегі сіңген азаматтарға, лауазымды тұлғаларға белгіленген тәртіппен құрметті атақтар беру туралы ұсыныстар жасайды;

2) қала әкім аппаратына спорт мекемелерінің материалды-техникалық базасын сақтап нығайту және жаңа спорт объектілерін жобалап құру туралы ұсыныстар жасайды;

3) спорт мекемелерін кадрлармен қамтамасыз етілуін зерделейді, оларға жаңа мамандар даярлау қажеттіліктерін болжайды;

4) бөлім мекемелер мен кәсіпорындардан ақпарат жинақтауды ұйымдастырып оларды спорт мәселелері жөніндегі ақпарат пен қамтамасыз етеді. Түрлі ведомостволар ұйымдастыратын спорттық шараларды өткізудің қалалық жоспарларын үйлестіріп, спорттық бағыттағы біртұтас күнтізбелік жоспарларды бекітеді;

5) белгілі жерлерге туристік және экскурсиялық бағдарламалардың әзірлеуіне қатысады;

6) қалада дене тәрбиесі-сауықтыру және спорттық шараларды өткізеді, спорттық жарыстар мен жиындар өткізеді, белгіленген тәртіппен қала аумағында жоғарғы ұйымдардың жарыстарын ұйымдастырады;

7) қаланың құрама командаларын дайындауды жүзеге асырады және олардың жоғарғы ұйымдардың спорттық шараларына қатысуын қамтамасыз етеді;

8) мүдделі ұйымдар мен бірігіп спорттық резервтерді дайындау жұмыстарын жүргізеді, оқу-жаттығу процесінің жұмыстарын ұйымдастырады;

9) дене шынықтыру және спорт салалары бойынша есеп береді;

10) белгіленген тәртіппен спорттық дәрежелер, төрешілік категориялар береді, спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, дене тәрбиесі қызметкерлерін, ұжымдарды сыйлықтармен, вымпелдармен, чемпион ленталарымен, жетондармен, дипломдармен, грамоталармен, марапаттайды;

11) мүдделі бөлімдермен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, жас спортшыларды дайындау жұмыстарын жүргізеді, спорттық үйірмелер жұмысын реттейді;

12) бөлім, заңда белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініштерін, шағымдарын, қарайды. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, олардың заңды талаптарымен негізделген өтініштерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

13) қалада дене тәрбиесі және спортты дамыту мәселелері бойынша есептер дайындайды;

14) туризм индустриясының туристік нарық пен қызмет көрсетуіне талдау, болжау, реттеу жүргізуін және жоғары органдарға қаладағы туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтер береді;

15) халықаралық аймақтық ішкі туристік байланыстардың дамуына жағдай жасайды, аймақтық туристік іс-шараларға қатысады;

16) туризм саласындағы конференция, семинар, оқудың басқа да түрлерінен және туризм саласындағы мамандармен тәжірибе алмасуды өткізуге қатысады;

17) туристік іс-шаралар өткізуге бөлінетін бюджеттік қаржыны пайдалана отырып, туристік іс-шаралар, мереке думан, білім сайыстары, жарыс, слет, альпиниада, ойын жорықтарын және басқа да іс-шаралар өткізуге қатысады.


3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

19. Бөлімде басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады.

20. Бөлім басшысының қызметке тағайындалуы және қызметтен босатылуы заңнамаға сәйкес өткізіледі.

21. Бөлім басшысының өкiлеттiгi:

1) спорт мәселелері жөніндегі заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;

2) бөлімде жалпы басшылықты жүзеге асырады;

3) бұйрықтар, нұсқаулар шығарып, спорт саласындағы барлық бөлімшелер, мекемелер мен кәсіпорындар орындауға тиіс алқа шешімін бекітеді;

4) бөлім қызметкерлерін тағайындап, оларды қызметінен босатады, заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

5) жемқорлыққа қарсы әрекеттер қолданады;

6) бөлім аппаратындағы қызметкерлердің аттестациясын ұйымдастырады.

Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің бас маманы орындайды.


4. Мемлекеттiк органның мүлкi

22. Бөлімнің заңнамамен көзделген оперативті басқару құқығындағы жекелеген мүлкі бар.

Бөлім мүлкі өкілетті органмен берілген мүліктен құрылады.

23. Мекеме өзіне бекітіп берілген мүлікті және смета бойынша бөлінген қаржы есебінен алынған мүлікті өз бетімен немесе басқа жолдармен алуға құқылы емес.


5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


«Текелі қаласының дене шынықтыру

және спорт бөлімі» ММ басшысы Б.Тұғылбаев

Похожие:

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi icon«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы ПӘнінен лекция бiлiм саласы: 100000 Бiлiм
Бұл пән өз iшiне фонетика, лексикология, морфология, синтаксис салаларын қамтиды. Қазіргi қазақ тiлiнiң негiзгi мiндеттерi мен мақсаты...
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi iconЖердегi тiршiлiкiтiң пайда болуы
Жалпы биология негiздерi пәнi, мiндеттерi. Тiршiлiк анықтамалары. Зерттеу әдiстерi мен жетiстiктерi. Биологияның даму тарихы
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi iconҚазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды...
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi iconВалюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
Осы Заң резиденттер мен резидент еместер валюталық құндылықтарға құқықтарын іске асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi,...
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы
Азақстан республикасының мемлекеттiк гербi, елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi icon«ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мм миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары
Басқарманың миссиясы: Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыру
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi iconҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін...
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi iconМемлекеттiк статистика туралы Қ аза қ стан Республикасыны ң
Осы Заң статистика қызметi саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi, уәкiлеттi органның және статистика қызметiн жүргiзушi мемлекеттік...
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi iconҚазақстан Республикасының мемлекеттiк туы
Азақстан республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi icon2. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница