Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары




НазваниеҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
страница1/14
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.41 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://youthpolicycenter.kz/uploads/sections/36/r-sport-zh_ne-dene-shyny_tyru-agenttigini-2012-1
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 31 наурыздағы
№ 414 қаулысымен   
бекітілген     


Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері
агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


1-бөлім. Миссия мен пайымдау

      Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
      Пайымдау – бәсекеге қабілетті спорт құмар ұлтты қалыптастыру.

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

1. Дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау

      Ескерту. 1-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.12.2012 № 1719 Қаулысымен.

Елімізде бұқаралық спорттың дамуы

      Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
      2011 жылы саланың қызметі «Қазақстан 2030» Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталды.
      2011 жылы 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру бойынша халықаралық стандарттар талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылды.
      Осы кезеңде саланың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілді. Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді және бекітілді.
      Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Егер 2007 – 2014 жылдарға арналған Дене шынықтыру және спорттың дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басында 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны ел тұрғындарының (15 %-ы) 2,3 млн. адамын құраса, 2008 жылы 2,35 млн. адамға артқан, 2009 жылы 2,4 млн. адам, 2010 жылы 2,8 млн. адам (17,7 %), 2011 жылы 3,3 млн. адам немесе 20,0 %-ын құраған.
      Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсетудің және дамытудың тетігі, сондай-ақ зиянды әрекеттерге қарсы күрестің құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат ете отырып, бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше мән береді. Бұқаралық спортты дамыту үдерістерінің негізгі сипаттары: бұқаралық спортты қолдауда мемлекеттің рөлін, сондай-ақ осы саладағы қызметті ұйымдастырудың барлық нысандарының рөлін арттыру, бұқаралық спортты алдын алу және емдік іс-шараларда пайдалану, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу, жастарды адамгершілік, эстетикалық және зияткерлік тұрғыда дамытуда спортты пайдалану болып табылады.
      Осы үдерістердің ықпалы мыналардан:
      1) спорттық думандардан және спорттық қызмет көрсету секторынан;
      2) спорттық телерадио хабарларын тарату көлемінің артуынан;
      3) халықтың қажеттілігін ескере отырып, дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымын дамытудан;
      4) қызмет көрсету нысандарының, бұқаралық спорт қызметін көрсету ұсыныстарының әдістері мен құралдарының алуандығынан түсетін табыстың өсуіне әкелді.
      Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша өткізілетін спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, тек 2011 жылдың өзінде 18 мыңнан астам бұқаралық-спорттық іс-шара өткізілді, оларға 4,1 млн астам адам қатысты.
      Өткен төрт жыл кезеңінде спартакиадалар, спорт түрлерінен турнирлер, спорттық отбасылар арасында «Бірге жарысамыз» атты жарыстар, бұқаралық жүгірістер, сонымен қатар әрқайсысында 2 млн. астам адам қатысатын президенттік тестілер тапсыру айлықтарын өткізу дәстүрге айналды.
      2011 жылы алғаш рет Қазақстанның бүкіл аумағында дәстүрлі халықаралық «Олимпиадалық жүгіру күні», бірінші «Жасөспірімдердің ауылдық спорт ойындары», «Жастар ойыны» бір уақытта басталды.
      Ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамып келеді, олармен бүгінгі күні 208,4 мыңнан астам адам шұғылданады (2010 жылы – 166 мың адам). Бұған жыл сайынғы чемпионаттар, республикалық және халықаралық турнирлер, соның ішінде Тоғызқұмалақтан бірінші әлем чемпионаты, бірінші Жастар ойыны, Қазақ күресінен әлем және Азия чемпионаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін Халық спорты ойындарын өткізу, спорт мектептері мен клубтарында ұлттық спорт түрлерінен бөлімшелердің ашылуы ықпал етті.
      Ауыл спортын дамытуда маңызды бастама «Ел Қайраты» республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамын құру болып табылады.
      6769 жалпы білім беру мектебінде 3 сағаттық дене шынықтыру сабақтары енгізілген, бұл мектептердің жалпы санының 98 %-ын құрайды.
      Елде спорт секцияларында 803 мыңнан астам бала немесе жалпы білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 33,0 %-ы (2,5 млн. мектеп оқушысы) спортпен шұғылданатын 24 мыңнан астам дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істейді. Республикада 1978 спорт клубы, соның ішінде 106 балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі клубы, 662 балалар мен жасөспірімдер клубы, 1010 дене шынықтыру-сауықтыру клубы және 164 спорт түрінен кәсіптік клуб жұмыс істейді, онда 376 мың адам шұғылданады.
      Өткен үш жылда дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартылған денсаулығының мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсу серпіні байқалғанын атап өту қажет.
      Елімізде халықтың 3 %-ын құрайтын 486 мыңнан астам мүгедек тұрады, олардың ішінде 45 % адамға спортпен шұғылдануға тыйым салынбаған. Осы санаттағы адамдар арасында 15,5 мың адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, бұл 7,7 %-ды құрайды (2010 жылы – 6,5 %).
      Бүгінгі күні республикада 193 мүгедек спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері болып табылады. 2011 жылы 57 адам спорт шебері, 9 адам халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындады.
      Жыл сайын спортшы-мүгедектер арасында республикалық және халықаралық деңгейде 70-тен астам спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылады және өткізіледі, оған 5 мыңнан астам адам қатысады.
      Елде бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамытудың нәтижесі отандық спортшылардың Олимпиада және Азия ойындарындағы, әлем және Азия чемпионаттарындағы жоғары жетістіктері болып табылады.
      2011 жылы спорт ғимараттарының саны бүкіл республика бойынша 32 614 бірлікті құрады, олардың ішінде 21 238 бірлік ауылдық жерде орналасқан. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 1348 бірлікке артық, оның ішінде:
      1) жүзу бассейндерінің саны 12 бірлікке артты (2009 жылы - 222, 2010 жылы – 231, 2011 жылы – 243);
      2) спорт залдарың саны 199 бірлікке артты, 2010 жылы 7 133 бірлік болса, 2011 жылы 7 332 бірлікті құрады;
      3) теннис корты 40 бірлікке артты, егер 2010 жылы олардың саны – 276 болса, 2011 жылы – 316-ны құрады;
      4) 2011 жылы хоккей корты 100 бірлікке артты, егер 2010 жылы олардың саны – 423 болса, 2011 жылы – 523-ті құрады.
      Астана және Алматы қалаларында 7-ші қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу шеңберінде қазіргі заманғы спорт объектілері салынды. Алматыда «Медеу», «Шымбұлақ» және сырғанау мұз айдынын жапсарлас салу арқылы Б. Шолақ атындағы Спорт сарайы толық қайта жаңартылды. Республикада 30 мың орны бар «Астана – Арена» жабық футбол стадионы салынды, «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «Қазақстан» спорт сарайы жанында тегістелген мұз айдыны, «Алау» коньки тебу стадионы, «Алатау» шаңғы және биатлон кешендерінің стадионы, Алматыда халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені салынды.
      Негізгі проблемаларды талдау
      Сонымен қатар, дамудың оң үрдістерімен қатар, республикадағы бұқаралық спортты дамытуды тежеп отырған проблемалар да бар:
      1. Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі:
      1) ауылда спортты жеткіліксіз төмен дамыту, ең алдымен материалдық-техникалық базаның жоқтығынан проблема болып тұр. Ауылдық жерлердегі 4483 спорт залының 3650-і жалпы білім беру мектептерінде орналасқан және оқу сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады. Спорт залдарының тек 20 %-ында барлық халықтың дене шынықтырумен айналысуына мүмкіндік бар;
      2) спорттық құрылыстардың ғана емес, сонымен бірге ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұрғылықты жері мен бұқаралық демалыс орындарында спорттық мүкәммал мен жабдықтың жетіспеуі де сезіледі.
      2. Бұқаралық спорттың нашар дамуы. Халықтың тұрғылықты жері бойынша жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншектер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, қарапайым спорт алаңдары мен тұрғылықты жерлерде және бұқаралық демалыс орындарында спорт құрылыстары жоқ дерлік. Ауылда спортты дамыту проблемасы ерекше өзекті болып отыр. Қазіргі спорт объектілері республика халқының көпшілігі үшін қолжетімсіз болып отыр. Сонымен бірге азаматтардың өздерінің дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға белсене қатыспау мәселесі де өзекті болып отыр.
      3. Қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін спорттың ғылыми базасының болмауы, білікті мамандар тапшылығы:
      ауылдық жерде спорт бойынша әдіскерлер жоқ. Талдау көрсеткендей, 6998 кентте барлығы 784 әдіскер жұмыс істейді, ол 12,0 %-ды құрайды.
      Қазіргі кезде дене шынықтыру және спорт саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын жетілдіру үшін «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар жаңа редакцияда енгізіледі.
      Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
      Қазіргі факторлық жағдайларды бағалау мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін, оқушылар мен оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесін, халық арасында дене шынықтыру-бұқаралық қозғалысты, мүгедектер арасында дене дайындығы мен спортты, спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау, дене шынықтыру мен спортты насихаттау жөніндегі шаралар қабылданғаны туралы растайды.
      Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бірқатар сыртқы факторлар, негізінен әлеуметтік-экономикалық және жаһанданумен байланысты факторлар ықпал етеді. Ішкі факторларды қарастыру кезінде мынадай негізгі аспектілерді көрсетуге болады: халықтың дене шынықтыру белсенділігін жеткіліксіз реттеу, бұл спорт орталықтарында бос уақытты өткізуде төленетін жоғары бағалар және спорт ғимараттары санының жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Балалар, жеткіншектер және ересек адамдар арасында дене шынықтыру және спорт жеткіліксіз насихатталады.

Лотерея қызметін реттеу тиімділігін арттыру

      Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
      Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап лотерея қызметі саласында либералды саясатты ұстанады. Еліміздің аумағында 1996 жылы ұлттық лотереяны енгізгенге дейін тек жеке компаниялармен өткізілетін ұлттық лотереялар ұйымдастырылды.
      Бүгінгі күні лотерея қызметі мынадай нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі: 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекс (Салық кодексі), 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы», 1993 жылғы 9 сәуірдегі «Кәсіптік одақтар туралы», 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы», 1998 жылғы 1 шілдедегі «Алматы қаласының негізгі мәртебесі туралы», 2003 жылғы 8 ақпандағы «Пошта туралы», 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысы.
      Қазіргі уақытта нарықтың мемлекеттік емес секторында 25 шаруашылық субъектісінің лицензиялары бар, олардың ішінде: лотерея қызметін жүзеге асыратындар 11 құрайды, ал мемлекеттік лотерея қызметін ұйымдастыруды Мемлекеттік (ұлттық) лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі кеңестің дирекциясы өткізеді.
      2009 жылдан бастап өткізілген лотереядан түсетін салықтың және мемлекеттік бюджетке түсетін міндетті төлемдердің жалпы көлемі 75 млн. 678 мың теңгені, 2010 жылы 476 млн. 176 мың теңгені құрайды. Өз кезегінде 2009 және 2010 жылдары мемлекеттік (ұлттық) лотереядан түсетін түсім 185 млн. 228 мың теңгені және 134 млн. 367 мың теңгені құрайды.
      Негізгі проблемаларды талдау
      Лотерея қызметінің оң үрдісімен қатар, негізгі проблемасы ретінде лотерея қызметінің саласында заңнамалық базаның жоқтығын атап өткен жөн.
      Нарықта Бас прокуратураның мәліметтерімен расталып отырған лотерея ойындарына халықтың қатысуына зиян кетіретін көптеген қаржылық және құқықтық тәртіп бұзушылықтар бар, бұл ретте осы саланың заңнамалық реттеуі жоқ.
      Соңғы он жылда Қазақстандық лотерея тәжірибесінде осы үлестің жеткіліксіз екендігі көрінеді, ал мемлекет тарапынан әлеуметтік маңызды шығыстардың қосалқы қаржы көзі ретінде лотерея ісіне басты назар аударылмай келеді.
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі), «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында және «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысындакөзделген лотерея қызметінің қолданыстағы құқықтық базасы осы саланың нақты және тиімді реттелуін айқындамайды.
      Қазіргі кезде «Лотерея және лотерея қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары әзірленді.
      Ішкі және сыртқы факторларды бағалау
      Ел ішіндегі факторлық жағдайларды бағалау қазіргі кезде лотерея қызметі саласында заңнаманы реттеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы куәландырады.
      Мемлекеттік реттеу және бақылаудың жаңа жүйесін енгізу осы саладағы кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал етеді, күмәнді лотереяларды ұйымдастыруды шектеуге және лотерея ойындарына халықтың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, лотерея қызметі саласында заңнаманы реттеу өткізілген лотереядан арнайы нысаналы аударымдарды енгізуге және белгілі бір әлеуметтік объектілер мен іс-шараларға ақша қаражатын мақсатты бағыттау тетігін белгілеуге мүмкіндік береді. Болжанып отырған шаралар лотереяға қатысушылардың уәжділігін арттырады.
      Сонымен қатар, лотерея қызметін дамытудың халықаралық тәжірибесі куәландырып отырғандай, осы қызмет түрі тек олардың ұйымдастырушыларына үлкен табыс әкелумен қатар мемлекеттердің бюджеттеріне және әр түрлі қайырымдылық қорларына едәуір тұрақты кіріс әкелетін (жыл сайын 10%-ға ұлғайту) ауқымды және серпінді нарық болып табылады.
      Финляндия, Бельгия, Испания, Италия және Чехия сияқты бірқатар елдерде лотереяны ұйымдастыру және өткізу мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады, себебі оның кірісі мемлекеттік бюджеттің және ақша айналымының маңызды бөлігін қалыптастырады. Барлық елдерде лотерея нақты регламенттелген қағидаларды, жауапкершілік нормаларын, лотереяларды өткізу тәртібін көздейтін мемлекеттік бақылаумен өткізіледі. Барлық лотереялық компаниялар (жеке және мемлекеттік) өзінің қызметі туралы қаржылық есептерді жариялайды, онда мемлекет қорларына түсімдердің мөлшерлері мен табыстың қандай мақсаттарға жұмсалғаны көрсетіледі.
      Сондай-ақ, лотереядан түсетін кірістер мемлекеттерге салықты төмен деңгейде ұстап тұруға және көптеген спорттық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Англияның футбол қауымдастығы Ұлттық лотереядан «Уэмбли» стадионын қайта жөндеу үшін 120 млн. фунт грант алды.
      Орташа есеппен, әлемде жыл сайын 150-160 млрд. АҚШ долларына лотерея билеттері өткізіледі, бұл ретте лотерея бизнесінің айналымы АҚШ-та шамамен 30 млрд. АҚШ доллары, Германияда шамамен 6 млрд. АҚШ доллары, Жапонияда шамамен 8 млрд. АҚШ доллары, Испанияда және Италияда барлық мемлекеттік лотерея тиісінше 6,53 және 6,5 млрд. АҚШ доллары болып табылады.
      Ресейдің заңнамасында федералдық бюджет кірісіне есептелетін бүкіл ресейлік мемлекеттік лотереяның нысаналы аударымдарын белгілеу арқылы әлеуметтік бағыттарды белгілей отырып, лотереяның мемлекеттік және жеке түрлері көзделген. Бұл ретте, Ресей Федерациясының Үкіметі кезекті қаржы жылына арналған федералдық бюджет туралы федералдық заң жобасында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен объектілерді қаржыландыруға лотерея өткізуден түскен түсімнің кемінде 10 пайызын бөлуді көздейді.

Ойын бизнесі саласындағы бақылауды жүзеге асыру

      Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
      Ойын бизнесіне салық түсімдерінен түскен республикалық бюджеттің кірісі жыл сайын өсуде. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы ойын бизнесінің кірісі 19%-ға көбейді және 4 393 460 мың теңгені 
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconГен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында...
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconГен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында...
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconЗайсан аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Туризм, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында аудан көлемінде тиімді мемлекеттік басқаруды...
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
«Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінiң 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Өскемен қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары
Ағымдағы жағдайдың талдауы және дене шынықтыру және спорт, туризм саласының дамуының беталысы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары icon«Бек ітемін» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің төрағасы
С. Бердіқұлов атындағы мемлекеттік сыйлық (одан әрі сыйлық) спорт және дене тәрбиесі туралы үздік жарияланымдары үшін Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
...
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconҚазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012. 09. 05. №582-587 (27660), 2012. 09. 08. №592-596 (27669); "Казахстанская правда" 05. 09. 2012 г., №297-298...
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconМекенжай Тел/факс
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізімі
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары iconМекенжай Тел/факс
Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізімі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница