Скачать 146.79 Kb.
|
Қазақ филологиясы кафедрасы 6М020500- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Павлодар Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 6М020500- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша Бағдарлама 2012 жылдың 23 тамызындағы № 1080 ҚР ҮҚ-мен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі МЖМС және 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 ҚР ҮҚ-мен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім мекемелеріне оқуға қабылдаудың Типтік ережелері негізінде әзірленді. Құрастырушы: ________________ Г.К.Шахажанова Казақ филологиясы кафедрасы Қазақ филологиясы кафедрасы отырысында ұсынылған, «___» ____________ 2015 ж. № ___ хаттама Кафедра меңгерушісі ___________ Н.Қ.Жүсіпов «___» __________ 2015 ж. Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған «___» ____________ 2015 ж. № ___ хаттама ОӘК төрағасы ___________ С.К.Ксембаева «___» __________ 2015 ж. КЕЛІСІЛДІ: Факультет деканы ___________ Ә.І.Бегімтаев «___» __________ 2015 ж. МАҚҰЛДАНДЫ: АҚБД директоры ___________ Р.Ж. Нургожин «___» __________ 2015 ж. Университеттің ОӘК мақұлданды «___» __________ 2015 ж. № ___ хаттама 6М020500- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханын өткізуге дайындық бойынша ұйымдастыру іс-шаралары Жалпы жағдайлар 6М020500 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығына магистратураға қабылдау емтиханы талапкерлердің қазақ әдебиеті мен қазақ әдебиеттану пәндерінен, тіл білімінен және лигвитикалық пәндерден теориялық және практикалық білім-біліктілігін, даярлығын тексеретін емтихан болып саналады. Сондықтан да кабылдау емтиханның бағдарламасында қазақ әдебиетінен өзге пәндерінен, тіл білімі салалары: тіл біліміне кіріспе, фонетика, морфология , синтаксис т.б. тілдік сипаттағы мағлқматтарды кеңінен қамтылуы шарт. Тест және жазбаша тапсырмалары төмендегідей пәндер бойынша құрастырылып, мынадай тақырыптарды қамтиды: Тіл білімі бойынша қамтылатын тақырыптар І. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы 1. Қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен түрлері.
ІІ. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы
ІІІ. Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы
ІV. Қазіргі қазақ тілі морфологиясы
V. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі
VІІ . Жалпы тіл білімі
VIII. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы 1. Қазақтың халық және ұлт тілдерінің жасалуы 2. Ұлт тілінің қалыптасуы 3. Тарихи лексикология 4. Тарихи фонетика 5. Тарихи морфология 6. Тарихи синтаксис ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Әдебиеттану бойынша қамтылатын тақырыптар І. Халық ауыз әдебиеті
ІІ. Ежелгі дәуір және ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті
ІІІ. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті 1. Шоқан Уәлиханов-әдебиет зерттеушісі 2. Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы 3. Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы 4. Ы. Алтынсариннің қазақ әдебиеті дамуында алатын орны 5. Мұрат Мөңкеұлы шығармашылығы 6. Абайдың лирикалық өлеңдері, дастандары мен қара сөздері 7. Мағауия Абайұлының «Медғат-Қасым» поэмасы 8. Шернияз Жарылғасұлы шығармашылығы 9. Дулат Бабатайұлы шығармашылығы ІV. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
V. Қазіргі қазақ әдебиеті
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Магистратураға түсушілерге арналған емтихан тәртібі Магистратураға өтініш қабылдау 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады: - Ұйым басшысының атына өтініш - Жоғары білім туралы құжаттың түпнұсқасы және нотариалды расталған көшірмесі; - Шет тілінен белгілі бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (егер бар болса); - Кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтынқұжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін); - 3х4 мөлшеріндегі алты фотосурет; - 086-У нысанындағы медициналық анықтама; - Жеке куәлігінің көшірмесі; - Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі (бар болса); - Бауы бар папка, конверт. Сонымен қатар, осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстырылғаннан кейін түпнұсқалар қайтарылады. Магистратураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, ал қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі. ЕМТИХАНДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ: Қабылдау емтиханында әрбір талапкер қазақ әдебиеті мен қазақ тілі теориясы жайлы мағлұматтарды білуі тиіс. Аталған ғылым салаларының міндеттерін, ғылыми-зерттеу әдістерін терең де саналы меңгергендігін байқатуы керек. Бағдарламада қарастырылған әдебиеттің әр кезеңіндегі мәселелері қазақ әдебиетінен мамандар даярлау талабына сай алынды. Талапкерлер қазақ әдебиетінен әр кезеңдегі уақыттың сөз өнері әлемінде қандай мәселелер арқылы танылатындығын, ондағы негізгі әдебиетті жете зерттей отырып, әдебиеттің қалыптасу жолдарын тарихи-философиялық, психология-эстетикалық тұрғыда түсіндіре білуге тиіс. Әр ақын-жазушының шығармашылығының ерекшелігін тани отырып, олардың әдеби мұраларының көркемдік бейнелілігіне талдау жасай білуге, оны сын тұрғысынан да зерттей білу талап етіледі. Әр сұрақта қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері бойынша тест тапсырмалары беріледі және тіл білімінің жоғарыда аталған салаларынан тест сұрақтарына жауап беруі қажет етіледі. Пререквизиттер: - Әдебиеттанудың өзекті мәселелері - Тіл білімінің және әдебиеттанудың өзекті мәселелері - Шығыс әдебиетінің тарихы -Түркі халықтары әдебиетінің тарихы МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАННЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 6М020500 - «Филология: қазақ филологиясы» мамандығына талапкердің білімі, қабілеті, дағдысы және біліктілігі мен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған бақылау. Магистратураға қабылдау емтиханы аралас түрде (тест және жазбаша) өтеді. Бірінші бөлімде талапкерлер мониторинг кабинеттерінде тапсырады. Тест тапсырмалары ҚР МЖББС сәйкес міндетті компоненттерде қамтылған тіл бойынша жүргізілетін пәндер негізінде құрастырылған. Тестің әр нұсқасында 50 сұрақ беріледі. Тест тапсырмасының әр сұрағына 1,5 минуттан бөлінеді. Тест тапсырмаларының жауабы компьютер бағдарламасы бойынша тексеріледі. Комиссия құрамына техникалық хатшы кіреді. Ол мемлекеттік емтиханның хаттамасын жүргізеді. Тестке енген 50 сұрақтың әрбіреуіне 1 балл есептеледі. Емтихан соңында әр студент өз жауаптарының нәтижесімен танысады. Екінші бөлімде талапкерлер жазбаша тапсырады. Магистратураға қабылдау емтихандарының мазмұны екі пән бойынша даярланады. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндері бойынша тақырыптық саулдар қамтылады. 30 билет әр билетте 2 cұрақтан беріледі. Бірінші сұрағы қазақ тілі пәні бойынша екінші сұрағы қазақ әдебиеті пәні бойынша жасалған. Емтиханның екі бөлігі де бір күнде жүргізіледі, тестілеудің максималды балы 40 %, ал екінші бөлікте (жазбаша сұрау) 60 % алуға мүмкіндіктері бар. Емтиханның қорытынды бағасы келесі шкалаға сәйкес қойылады: 0-49% балл - «2» (қанағаттанарлықсыз) 50-74% балл - «3» (қанағаттанарлық) 75-89% балл – «4» (жақсы) 90-100% балл – «5» (өте жақсы) 1. Емтиханды тапсырушы талапкерлердің жауаптары тест тапсырып болғаннан кейін, компютерде есеп түрінде көрсетіледі. 2. Талапкердің жазбаша жауаптары емтихан тапсырылып біткеннен кейін қарастырылады, соңында қорытынды бағалары қойылады. 2. Магистратураның барлық мамандықтары бойынша магистратураға қабылдау емтиханы бір күнде өткізіледі. |
![]() | «6М020500 Филология: қазақ филологиясы (қазақ әдебиеті)» «6М020500 – Филология: қазақ филологиясы (қазақ әдебиеті)» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған арнайы пән | ![]() | «6D020500 филология» (Қазақ тілтануы) мамандығы бойынша докторантурағА Қабылдау емтиханының Бағдарлама Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «6М020500 – Филология» мамандығының... |
![]() | «6М020500 «Филология» (Қазақ тілі мен әдебиеті ) мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы БАҚ – қазақ әдеби тілінің тарихында қалыптасуы мен дамуы тұрғысынан ерекше стиль түріне жатады. Бақ беттеріндегі тіл мәдениетінің... | ![]() | 6М0501800 Жобаларды басқару мамандығы бойынша магистратураға қабылданушылар үшін қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 Мазмұны М0501800 Жобаларды басқару мамандығы бойынша магистратураға қабылданушылар үшін қабылдау емтиханының |
![]() | 6М0501800 Жобаларды басқару мамандығы бойынша магистратураға қабылданушылар үшін қабылдау емтиханының бағдарламасы алматы 2012 М0501800 Жобаларды басқару мамандығы бойынша магистратураға қабылданушылар үшін қабылдау емтиханының | ![]() | Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті ( қазақ әдебиеті траекториясы), 6М020500-Филология: Қазақ филологиясы (қазақ әдебиеттануы траекториясы)... |
![]() | 6М020500 филология мамандығына магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы №261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға... | ![]() | «6M021000 – Шетел филологиясы: шығыс тілдері» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «6M021000 – Шетел филологиясы» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған. Бағдарламаны... |
![]() | «6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті», «6М020500-Филология» «6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «6М020500-Филология» мамандықтары бойынша магистратураға түсушілерге арналған пәндер | ![]() | «6M021200– ТҮркітану» мамандығы бойынша магистратураға түсушілерге арналған мамандық БОЙЫНШа түсу емтиханының бағдарламасы алматы 2012 Бағдарлама «6М021200 – Түркітану: филология» мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес жасалған |