Қазақстан республикасының Ұлттық банкі




Скачать 24.88 Kb.
НазваниеҚазақстан республикасының Ұлттық банкі
Дата конвертации14.02.2016
Размер24.88 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.audan.pavlodar.gov.kz/upload/files/3b7ccbc5cf2c3f87df41d88d42e35a66.doc



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

4 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ


«Ұлы қолбасшылар» монеталар сериясынан

«Amir Timur» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығару туралы


2015 жылғы 28 қаңтар Алматы қаласы


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 28 қаңтардан бастап «proof» сапасымен номиналы 100 теңгелік «Ұлы қолбасшылар» монеталар сериясынан «Amir Timur» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығару туралы хабарлайды.

«Amir Timur» күміс монетасының бет жағында (аверсінде) Қазақстан Республикасы елтаңбасының алтындатылған бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «100 TENGE» деген жазба, ат үстіндегі жауынгердің бейнесі және соғылған жылын білдіретін «2014» деген сан бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазба бар. Жазбалар нүктелермен бөлінген.



Монетаның сырт жағында (реверсінде) антрополог М.М. Герасимовтың орындауындағы ұлы қолбасшы Әмір Темірдің (Amir Timur) мүсіндік портреті, оның артында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Ахмед Ясауи кесенесінің және сауда керуенінің бейнесі салынған. Жоғары бөлігінде ағылшын тілінде «AMIR TIMUR» деген жазба және қолбасшының өмір сүру жылдарын білдіретін «1336-1405» деген сандар бар. Төменгі бөлігінде Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазу бар.

Монетаның бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Қыры (гурты) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 13 мың дана.

Номиналдық құны 100 теңгелік ескерткіш монета Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Монеталар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «Польша монета сарайы» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығаруға және сатуға арналған келісімге сәйкес дайындалды.

Әмір Темір (Amir Timur) – Орта, Оңтүстік және Батыс Азияның, сондай-ақ Кавказдың, Поволжье мен Русьтің тарихында айтарлықтай рөл атқарған басқарушы және қолбасшы. Астанасы Самарқанд болған Тимуридтер империясының негізін қалаушы (1370 жыл).

Монетаның дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш монета коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Ол кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Монетаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ ҚРҰБ-ның www.nationalbank.kz сайтының «Ұлттық валюта» парақшасындағы интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны: +7 (727) 2738 398.


Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (727) 2704 639, +7 (727) 2704 585; +7 (727) 3302 497, e-mail: press@nationalbank.kz, www.nationalbank.kz.

Похожие:

Қазақстан республикасының Ұлттық банкі iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі iconКонкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі»
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм батыс Қазақстан филиалы, 090000, Орал қаласы, Ж. Досмухамедов к-сі, 16/1-үй, анықтама...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару жөніндегі
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы
Республикасының Заңына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің тазартылған алтынмен және құйма күміспен экспорттық операциялары бойынша...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін мониторингінің 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі iconҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша
Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан республикасының Ұлттық банкі iconКонкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» рмм, 050040, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, анықтама үшін телефондары 8(727) 330-24-66,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница