Тест спецификациясы




Скачать 63.91 Kb.
НазваниеТест спецификациясы
Дата конвертации14.02.2016
Размер63.91 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.testcenter.kz/upload/iblock/605/aza_-_debiet_11_kaz.doc
Тест спецификациясы


1. Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын қазақ әдебиеті пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест.

2. Мақсаты: жалпы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізу.

3. Міндеттері: жалпы білім беретін орта мектептердің 11-сынып оқушыларының қазақ әдебиеті пәні бойынша білім деңгейлерін анықтау.

4. Тест мазмұны:

Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 10 тапсырма, екінші деңгей – 6 тапсырма, үшінші деңгей – 4 тапсырма.

Тест мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:




Тақырып



Тақырыпша

01


Ежелгі дәуір әдебиеті

01

«Күлтегін жазуы», «Алып Ер Тоңа» дастаны,«Қорқыт ата кітабы», Оғыз қаған жыры

02

Әбунасыр әл-Фараби, Ахмет Иүгінеки, Ахмет Иассауи

03

Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари, Рабғузи, Сайф Сараи

02

Ауыз әдебиеті

01

Тұрмыс-салт жырлары, ертегілер

02

Мақал-мәтел, жұмбақтар

03

Аңыздар, шешендік сөздер

04

Батырлар жыры. «Алпамыс батыр»,

«Қобыланды батыр». Лира-эпостық жырлар. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»

03

Жыраулар әдебиеті

01

Асан қайғы, Қазтуған жырау өмірі, шығармашылығы

02

Доспамбет, Шалкиіз жырау өмірі, шығармашылығы

03

Жиембет, Ақтамберді жырау өмірі, шығармашылығы

04

Үмбетей, Бұқар жырау өмірі, шығармашылығы

04

ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет


01

Махамбет Өтемісұлы. Өмірі, шығармашылығы

02

Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы

05

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы ағартушылар

01

Абай Құнанбайұлы .Өмірі, шығармашылығы

02

Ыбырай Алтынсарин. Өмірі, шығармашылығы

06

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы ақын - сазгер - әншілер

01

Біржан сал, Ақан сері, Әсет Найманбаев шығармашылығы

07

ХХ ғ. І жартысындағы әдебиет


01

Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы

02

Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов шығармашылығы

03

Мағжан Жұмабаев,Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығы

04

Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин шығармашылығы

08

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет

01

Қасым Аманжолов, Жамбыл Жабаев шығармашылығы

02

Мұхтар Әуезов. Өмірі, шығармашылығы

03

Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов,

09

Көркемдегіш, бейнелеуіш құралдар

01

Троп және оның түрлері

02

Фигура және оның түрлері

03

Өлең құрылымы, ұйқасы

10

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет

01

М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев шығармашылығы

02

Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, Ж.Молдағалиев шығармашылығы

03

О.Сүлейменов, М.Шаханов, Ж.Нәжімеденов шығармашылығы

04

Т.Айбергенов, Қ.Бекхожин, Ә.Нұрпейісов шығармашылығы

05

Б.Момышұлы, Д.Исабеков, М. Мағауин шығармашылығы

06

Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртаза шығармашылығы

07

О.Бөкей, Қ.Жұмаділов, Б.Соқпақбаев шығармашылығы




  1. Тест жоспары:

1 жартыжылдық: Ежелгі дәуір әдебиеті – 2 тапсырма

Ауыз әдебиеті – 2 тапсырма

Жыраулар әдебиеті – 2 тапсырма

ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет – 2 тапсырма

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы ағартушылар – 2 тапсырма

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы ақын - сазгер - әншілер – 1 тапсырма

ХХ ғ. І жартысындағы әдебиет – 2 тапсырма

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы

әдебиет –2 тапсырма

Көркемдегіш, бейнелеуіш құралдар – 2 тапсырма

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет – 3 тапсырма

2 жартыжылдық: Ежелгі дәуір әдебиеті – 2 тапсырма

Ауыз әдебиеті – 2 тапсырма

Жыраулар әдебиеті – 2 тапсырма

ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет – 2 тапсырма

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы ағартушылар – 2 тапсырма

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы ақын - сазгер - әншілер – 1 тапсырма

ХХ ғ. І жартысындағы әдебиет – 2 тапсырма

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы

әдебиет – 2 тапсырма

Көркемдегіш, бейнелеуіш құралдар – 2 тапсырма

ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет – 3 тапсырма

  1. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Ежелгі дәуір әдебиеті: көне түркі әдебиеті мен орта ғасырдағы түркі халықтарына ортақ әдеби жазба ескерткіштерінің тарихы мен түрлерін меңгеруі;

Халық ауыз әдебиеті: қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар, айтыс) негізгі белгілерін, түрлерін саралай білуі;

ХV-ХVІІІ ғ. әдебиет: жыраулық өнер және жыраулар поэзиясының даму кезеңдерін, жыраулар тұлғасы мен шығармашылығын, тіл көркемдігі мен жанрлық сипатын меңгеруі;

ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет: әр түрлі әдеби ағымдардың пайда болуына байланысты тектері мен жанрларына сәйкес талдауды, ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, идеялық-тақырыптық мәнін айқындауы;

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы әдебиет: демократтық, ағартушылық бағыттағы әдебиет, жаңа әдеби ағымдар мен бағыттар, әнші - сазгер ақындар поэзиясының шығармашылық ерекшеліктерін білуі;

ХХ ғасырдағы әдебиет: даму сипаты, мазмұн, түр, тақырып пен идея жағынан жаңа сатыға көтерілуі, әдеби жанрдың дамуы және көрнекті өкілдерінің шығармашылығын меңгеруі;

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет: Ұлы Отан соғысы кезіндегі және одан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінде соғыс, отаншылдық тақырыптың қалыптасуы; жанрлардың дамуы және көрнекті өкілдерін білуі;

Әдебиет теориясы: көркем шығармаға қатысты тақырып, идея, сюжет, композиция, көркем бейне, типтік образ, әдеби мінез, көркем бейнелеу құралдары секілді әдеби-теориялық ұғымдарды білуі, олардың көркем туындыдағы қызметін танып, талдай алуы керек.

7. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тестінің бір тапсырмасын орындап шығуға белгіленген уақыт – 1,5 минут.

Тестінің толық орындалу уақыты – 30 минут.

8. Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір нұсқада 20 тест тапсырмасы беріледі.

Тест нұсқаларының баламалылығы:

- тестілердің спецификацияға сай құрылуымен;

- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

9. Тапсырмалар формасы:

Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.

Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

10. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін 1 балл беріледі. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда оқушы 20 балл алады.

Похожие:

Тест спецификациясы iconҚазақстан тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген
Тест спецификациясы iconБиология пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Тест спецификациясы 2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуге қолдану үшін бекітілген
Тест спецификациясы iconТест спецификациясы
Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын география пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест
Тест спецификациясы iconТест спецификациясы
Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын алгебра пәні бойынша мемлекеттік аттестациялауға арналған тест
Тест спецификациясы icon«Қазақстан тарихы» пәні бойынша тест спецификациясы 10-сынып астана 2015п Integr Мазмұны
Емтихан нәтижесінде оқушылар бүкіл ел көлемінде, ал болашақта бар әлемде танылатын біліктілікке ие болады
Тест спецификациясы iconБиология пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Тест спецификациясы iconГеография пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Тест спецификациясы iconҚазақстан тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Тест спецификациясы iconАғылшын тілі пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Тест спецификациясы iconДүние жүзі тарихы пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған тест спецификациясы
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница