Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші? Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой. Бала: Ата




Скачать 347.33 Kb.
НазваниеАйтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші? Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой. Бала: Ата
страница1/2
Дата конвертации14.02.2016
Размер347.33 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://v.anatili-almaty.kz/referats/Отбасы - ұлттың тірегі - 2 реферат [www.topreferat.com].doc
  1   2
МЕН және МЕНІҢ ОТБАСЫМ
Төменгі сынып оқушыларына арналған әдеби-музыкалық кеш.


Дайындық кезеңі: Балаларға алдын-ала отбасы мүшелеріне арнап өлең шумақтарын, ән жаттап келуге тапсырма беріледі.

Безендірілуі: кітап көрмесі жасалып, отбасы мүшелері туралы нақыл сөздер, гүл, шар, суреттер т.б. ілінген.

(Ақырын ғана «Балбырауын» күйі ойналады, ортаға жүргізуші шығады).

Жүргізуші: Сәлем, ата – алтын күн

Сәлем, қарты халқымның!

Бақытты болғын балалар,

Ашық болсын күніңіз!

Жайнай берсін жүзіңіз! – дей келіп,

«Мен және менің отбасым » деп аталатын мерекемізді бастаймыз.

Бүгінгі мейрамымызды біз өзіміздің ата-әжелеріміз, ана мен әкелерімізге арнаймыз. (Сырттан иттің үрген дауысы шығады).

Міне менің көмекшім де келіп қалыпты ғой! Кір, кір қуаныштымыз.


Күшік: Мен күшікпін, ақ күшік!

Қырағы да, сақ күшік.

Түні бойы жатпаймын,

Қоралы малды сақтаймын.


Әжем мені мақтайды,

Тамағымнан қақпайды.

Ақылды итке санайды,

Аппақ жүнімді тарайды.


Мен де оған еркелеп,

Әжеме жылы қараймын.

Мен күшікпін, ақ күшік!

Қырағы да, сақ күшік.

Түні бойы жатпаймын,

Қоралы малды сақтаймын.

(Өтебай Тұрманжановтың өлеңінен өзгертіліп алынған).

Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге арнап бір қоржын жұмбақтар алып келдім.

Жүргізуші:

  • Өте жақсы. Балалар, сендер жұмбақтарды шешкенді ұнатасыңдар ма?

  • Ия!

  • Олай болса менің көмекшім сендерге жұмбақтар жасырады, сендер оларды шешуге тырысыңдар.


Күшік:

  • Менің де қоятын шарттарым бар. Менің қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, ән салып беріңдер.

1-жұмбақ:

Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз?

(АТА)

2- жұмбақ:

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған. Ол кім?

( Атаң)

Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші?

Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой.


1. Бала: Ата

Айтады ертек жан атам,

Ақ сақалын салалап.

Құмарымды тарқатам,

Жер мен көкті аралап.

Ертегілер еліне,

Бір шегетін сапары,

Ардақтаймын өмірде,

Асқар таудай атамды.


2.Бала: Біздің атай

Күлімдейді келіп бар бала,

Қоршайды оны айнала!

Алаңда, бақта, сайда да,

Солармен бірге қайда да.


Мойнына бірін мінгізіп,

Біріне бетін сүйгізіп.

Көкірегінде күн жүзіп,

Көреді күнде мың қызық.


Ойнатып бәрін келеді,

Ойыншық әкеп береді.

Көңілі қандай таза еді,

Жүрегі қандай кең еді!


3 - Жұмбақ: Бұл кім?


Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған;

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған;

Аялы қолда талпынтқан;

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан;

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

Қаймақты сүттей қалқытқан;

Суық болса жөргегін,

Қорғасындай балқытқан;

Бұл кім? (Ана)

Ыбырай Алтынсарин



Әлпештеп өзіңдей өсірген,

Нағашы әжеңнің баласы.

Төрінде жалпиып көсілген,

Бұл күнде жиеннің анасы

Ол кім?

(Анаң)

Жүргізуші: Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...). Ал енді аналарымызға арнап ән шашуын шашайық!


1. Бала: Ана туралы жыр

(Әні бар)


Әлемнің жарығын

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін

Жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың

Қанатын самғаған.

Балалық құштарым

Өзіңе арналған.


Әлдилеп аялап,

Өсірген жемісін.

Самал жел, сая бақ

Құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де,

Мен саған сәбимін.

Көңліңді көктемдей

Көзіңнен танимын.


Өтеуге борышым,

Анашым, жан сырым,

Іздедім сен үшін,

Әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын,

Сыйлар ем, кеш мені,

Сыйлар ем ай, күнін,

Қолыма түспеді.


Ете гөр қанағат,

Әзірге берерім –

Балалық махаббат,

Балалық жүрегім.

Бол риза, анашым,

Қолдағы осы бар

Өзіңе арнаған

Әнімді қосып ал.

Ғафу Қайырбеков


Абзал ана


Өлеңін жазған – Ж. Молдағалиев

Әнін жазған – Б. Дәлденбаев


Солғанша гүлім күнде тоңып,

«Ана!», «Ана!» деп ән салам

Кетейін мейлі жүзге толып,

Бөбекпін мен саған.

Қайырмасы:

Ана, ана, ана,

Мәңгі дос сен ғана.

Абзал ана, ана,

Көңілің кең дала.

Данасың сен,

Дарасың сен.

Анажан аңсаған,

Арналды ән саған.

Қарызбын әжім, ақ шашыңа,

Көзіңнің жасына.

Өзіңсің бақыт бақшасы да,

Өмірдің басы да.


Жүргізушы: Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (АНА)

Сондықтан анамызға арнап алғысымызды айтайық.


2-Бала: Анамызға мың алғыс


Аялаған, баптаған,

Асыраған сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс!


Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді.

Анамызға мың алғыс!


«Адал бол, - деп, - балдырған»,

Әділдікке баулыған.

Жүрегінде – махаббат,

Тілегінде – марқабат

Анамызға мың алғыс!

Жаппар Өмірбеков.


4 - ші жұмбақ:

  • Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (ӘКЕ).

5 – ші жұмбақ:

Атаңның баласы

Кей кезде таласып,

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге?

Ол кім?

(Әкең)

1-Бала: Әке


Атам айтса «Ұлым» деп,

Әжем айтар «Күнім» деп,

Екеуінен қаймығып,

Айтады әкем «Інім» деп.


Ықыласы бір менде,

Бір шытпайды қабағын.

Үйде, түзде жүргенде,

Соған ұқсап бағамын.


2-Бала: Жан әке

Өлеңін жазған –Х.Талғаров

Әнін жазған – М.Ілиясов


Қамқорсың, әке, өмірде,

Қуатым – сенсің көңілге.

Әлпештеп мені өсірдің,

Ұшармын ертең көгіңде.

Қайырмасы:


Аңсадым жылы сөзіңді,

Ақылшым болған кезіңді.

Есімде, әке, сақтаймын,

Асқар биік өзіңді.


Арманың едім аңсаған,

Әкелем бақыт мен саған.

Ұрпағың болып жалғастым,

Қуаншы, әке, сен соған.


Қайырмасы:


Теңіздей шалқып жүремін,

Сүйенер сенсің – тірегім.

Барсам да қайда, жан әке,

Өзіңмен бірге жүрегім!


Қайырмасы.


6 -шы жұмбақ.

  • Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (ӘЖЕ).

7 – жұмбақ:

Аймалайды күнім деп,

Мейірімді жүзі күлімдеп.

Тәтті – ақ дейді немере

Бал шырындай үнің деп.

Ол кім?

(Әжең)

  • Ал сендердің әжелерің не істей алады? (Балалардың жауабы). Енді әжелеріңізге арнап өлеңдер айтып берейік.


1-Бала: Әже ақылы


Әжем – Ақыл бесігі,

Мейірімімен тербеткен.

Мен де ақылды боламын,

Аман-есен ержетсем.


Менің әжем.


Маған ақыл беретін,

Әжем менің асыл жан,

Сипап жақсы көретін,

«Құлыным» деп басымнан.


Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді,

Ертегі айтып беретін,

Әжеге ешкім жетпейді.


2-Бала: Әрқашан, әже, аман жүр

Өлеңін жазған- М.Көбегенов

Әнін жазған- Ә.Қиясов


Гүліндей боп өзің сүйген өлкенің,

Әже, сенің жігіт болды тентегің.

Мұхиттарға сапар шегіп барамын,

Арманымның көтеріп ақ желкенін.


Қайырмасы:

Өзіңнің ерке балаң бұл,

Арнайды бүгін саған жыр.

Жақсылық тілеп жолыма

Әрқашан, әже, аман жүр.


Аяладың, мәпеледің жасымнан,

Мен де сенің табылушы ем қасыңнан.

Қуаныш қып менің өскен бойымды,

Естен кетпес сипайтының басымнан.


Қайырмасы


Көңіліңді торламасын қайғы-мұң,

Аққу-қаздан арылмасын айдының.

Ақ жаулығың ақша бұлттай желбіреп,

Қуанышпен қарсы ала бер таң нұрын.

Жүргізуші: Ал, Ақкүшік, тағы кім отбасы туралы өлеңдер біледі екен?

1. Бала: Ең жақын адамдар –

Әкем мен анам бар.

Әкемнің әкесі –

Ақ басты Атам бар.

Әкемнің шешесі –

Ақ шашты Әжем бар.


Ұлдардың үлкені –

Бір туған ағам бар,

Қыздардың үлкені –

Бір туған әпкем бар.


Үлдардың кішісі -

Бір туған інім бар,

Қыздардың кішісі-

Бір туған қарындас

Әпкеге – сіңілі бар.


Ақ күшік:

- Өте ақылды, тапқыр балалар екендеріңді көрдім. Сендермен бірге болғаныма қуаныштымын. Менің бүгінгі дайындаған жұмбақтарым таусылды. Ал енді кел балалар ойын ойыншықшы: ҚУЫР-ҚУЫР – ҚУЫРМАШ. (ойын)

Сергіту минуты. Санамақ «Бір үйде біз нешеуміз?»


І. Бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусақтардың бір рет түгел атын айтып береді:

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз

Бас бармағым – атам,

Балан үйрек – апам,

Ортан терек - әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкентай бөбек – мен.


ІІ. Бұдан кейін: Бас бармақ. Балалы үйрек. Ортан терек. Шылдыр шүмек. Кішкентай бөбек, - деп, саусақтарға түгел ат қойып шығады. 5 саусақ түгел жұмылады. Тағы да бармақтан бастап былай деп 5 саусақты түгел жазады:

Сен тұр, қойыңа бар,

Сен тұр, түйеңе бар,

Сен тұр, жылқыңа бар,

Сен тұр, сиырыңа бар.

Сен, кішкентай бөбегім, әлі жас екенсің, қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзін алақанның шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:


Қуыр-қуыр қуырмаш,

Балаларға бидай шаш.

Әжең келсе, есік аш,

Қасқыр келсе, мықтап бас – деп шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды.

Жүргізуші: Біз отбасымыз туралы жұмбақтарды шештік, ойын ойнадық. Енді Ақ күшікке рахметімізді айтайық, біздің көңілімізді көтеріп, зор қуанышқа бөледі.

Ал, балалар, осымен әдеби- музыкалық кешімізді аяқтаймыз.

Қош – сау болыңдар! Көріскенше күн жақсы.


«ПАРАСАТТЫ АРУЛАР мен

ЕРЖҮРЕК АЗАМАТТАР»

атты сайыс байқауы

5-7 сынып оқушыларына арналған


І. Кітапхананың оқу залы: Гүл шоқтары, шарлар, суреттермен көркем безендірілген.

ІІ. Тақырыпқа байланысты кітап көрмесі жасалған. (Әдемі кітаптар, цитаталар жазылып қойылған). Композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Ататолғау» күйі баяу ғана естіліп тұрады. Саханада бай, бір немесе екі көмекшісімен отырады. Сәлден соң екі жігіт Алдар көсені алып келеді.

Бай: Уа, Алдар қайдан адасып жүрсің?

Алдар көсе: Сәлем бердім, байекем! Көрмегелі ай өтті ме, жылға жетті ме, беймәлім.

Бай: Көрмегелі көп айдың жүзі болды. Сен жаңа заманға кеткелі Хан шаһарында елеулі өзгерістер жоқ. Өзіңнің көрген – білгеніңді баян ет.

Алдар көсе: Айтсам, баекем, айтайын,

Қабағыңды байқайын.

Таң қалатын бір іс бар

Көп сөз етіп жатпайын.

Жаңа заман жақсы екен

Бақ беретін жақта екен.

2006 –да өмір сүріп,

Таң нұрланып атса екен.

Кітапхана деген бар орын,

Кітаптардың ордасы.

Арулар мен азаматтар сайысы,

Болған екен сол жерде.

Рұқсат етсең, баекем,

Айта берейін асықпай.

Бай: Уа, көсе, сонда жаңа заман 2006 – да өмір сүріп жатырмыз ба? Кітапхана деген ол не?

Алдар: Байеке, біз сияқты емес. Ол жерде балалар көптеген қызықты кітаптар оқиды, мейрамдарға қатысады. Нағыз күш те, қызық та, қуаныш та сол жақта.

Ал, ендеше , қолымнан келгенше,

Айтып берейін сіздерге, арулар мен азаматтар

сайысын.

Сана – сезім байысын, бақыт келсін сіздерге.

Ал, енді « Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар» атты сайыс. Мен барған кезде…

Кітапханашы: Қош келдің, Алдар ата! Адасып жүрсіз бе?

Алдар көсе: Армысың, балам! Мен ертегі елінен жаңа заманның балаларының өнерін тамашалайын деп келдім.

Кітапханашы: Жаңа ғасыр, жаңа заманда біз биыл 2006 – шы жылда еңбек етудеміз. Оқырмандардың өнерін тамашалаңыз. Жүріңіз, өзіңізге қолайлы жерге жайғасыңыз.

( Алдар көсені бір орынға отырғызады)

Қош кедіңіздер, парасатты арулар мен ержүрек азаматтар!

Армысыздар, дарынды балалар мен жас оқырмандар!

Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт- дәстүрлері, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады.

Ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлық, тамаша тәлім-тәрбие берерлік өсиет сөздер бар.

Оқырмандар арасында – халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру кітапханашылардың да азаматтық борышы. Ендеше «Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар» атты сайыс байқауын бастаймыз.

Әділ қазылар алқасымен таныстыру.

Сайыс 1 бөлімнен 5 кезеңнен құралған.


Сайыс кезеңдері:


1. Жорға

2. Қонақ күте білеміз бе?

3. Сөздің көркі – мақал.

4. Өнер сайысы

5. Поэзия минуттары

6. Білгенге маржан... (Сұрақ-жауап ойыны)

Сайыс байқауымыздың міндеттерімен таныстырайық.

  1. Әр топ мүшелеріне кітапханашы кезекпен сұрақтар қояды.

  2. Егерде сұрақ қойылған топ мүшесі жауап бере алмаса, онда қарсылас топтан жауап беруіне болады.

  3. Сұрақтардың жауаптары «5» ұпайлық белгімен бағаланады.

  4. Дұрыс жауап бере алмаған топтың жауаптары бір ұпай кеміп отырады.

Ал, сайысқа қатысушы арулар мен азаматтар, міне қоржын, іші толған сұрақтар, алып жауап берейік. Кім жылдам жауап береді, сол көп ұпай алады.

Мінеки, сондай жомарт сенің халқың,

Ешқашан жоғалтпаған ата – салтын.

Жас ұрпақ, ойлан өзің, біл тарихтан,

Қазақ боп қал, қадірле қазақ халқын.
  1   2

Похожие:

Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші? Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой. Бала: Ата iconШ. Уәлиханов атындағы №12 көп салалы гимназия
Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші....
Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші? Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой. Бала: Ата iconТұлғалық қалыптасу мен дамудың қазіргі заманғы мәселелері
Адам психологиясының құпиясы мол, сыры терең екендігі қандай болса, тұлғалық қалыптасуы мен дамуына ықпал етуші себептері де соншалықты...
Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші? Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой. Бала: Ата iconАдам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз
Леуметтану ғылымы оны былай анықтайды: отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен...
Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші? Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой. Бала: Ата icon2 бала аурулары кафедрасы адам ресурстарын дамыту басқармасының есебіне анықтама
Адам ресурстарын дамыту басқармасының (ардб) 2011 жылы атқарған жұмысы бойынша жасаған есебіне
Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші? Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой. Бала: Ата iconӘож жамбыл айтыс шебері
Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Бірақ молдалардың қорлығына шыдай алмай Жамбыл...
Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші? Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой. Бала: Ата iconҚиын балалармен жұмыс. Бекибаева Сәнгүл Ғосманқызы
Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады
Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші? Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой. Бала: Ата iconКіріспе
Бұл соғыстың жарық түсірілмеген жерлері әлі көп. Көп сұраққа әлі жауап жоқ. “Ауған соғысы” жөнінде бірін бірі жоққа шығаратын деректер...
Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші? Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой. Бала: Ата iconБаланы тәрбиелеуде ата-аналардың ролін арттыру бойынша халықаралық тәжірибе
Осындай отбасыларда финдық балалар мен жасөспірімдер бақылаусыз болады. Тәрбие жүйесі баланы ата-анадан ерте алыстатуды болжайды...
Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші? Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой. Бала: Ата iconБалалардың мектепке дайындығын жан жақты ұйымдастырудың психологиялық педагогикалық негiздерi
Мектепке дейiнгi шақ бала бойынша адамгершiлiктiң негiзiн қалайтын кез. Сондықтан да бала бойынша жас кезiнен бастап iзгiлiк, мейiрiмдiлiк,...
Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) Енді Ақкүшік, мен тақпақтар айтып берейінші? Ал, бәріміз тыңдайық! Айта ғой. Бала: Ата iconАхмет Ясауи ?
Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница