Скачать 0.96 Mb.
|
Электрондық мемлекеттік қызметке экрандық нысандар ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымша ХҚКО арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі ҚФБ іс қимылдарының сипаттамасы
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентіне 4-қосымша Интернет арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі ҚФБ іс қимылдарының сипаттамасы
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламетіне 5-қосымша нысан
«Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламетіне 6-қосымша «Сапалылық» және «қол жетімділік» электрондық қызмет көрсетулер көрсеткіштерін айқындау үшін сауалнамалар нысандары «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» (қызмет атауы) 1. Электрондық қызмет көрсету үдерісінің және нәтижесінің сапасымен қанағаттанасыз ба? 1) қанағаттанбаймын; 2) жартылай қанағаттанарлық; 3) қанағаттанамын. 2. Электрондық қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттың сапасына қанағаттанасыз ба? 1) қанағаттанбаймын; 2) жартылай қанағаттанамын; 3) қанағаттанарлық. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылы «27 » маусымдағы № 236 бұйрығына 5 - қосымша «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті 1. Жалпы ережелері 1. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету «электрондық үкімет» порталымен мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 2-қосымшасында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚО) немесе Интернет арқылы көрсетіледі. 2. Электрондық мемлекеттік қызмет Стандарттың негізінде жүзеге асырылады. 3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандыру дәрежесі: автоматтандырылған. 4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету түрі: интерактивті және ақпараттық. 5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқарған сөздер: 1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі - БСН) - заңды тұлға (филиал мен өкiлдiк) және қызметiн бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр; 2) е-анықтама – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы электрондық түрде беру; 3) екі өлшемді штрих-код – анықтаманың бірегей нөмірі, анықтаманың мазмұны және нысаны, анықтаманы берген МО жауапты тұлғасының сертификаты мен ЭЦҚ туралы шифрленген ақпаратты қамтитын тік бұрышты нысанды графикалық элемент; 4) жылжымайтын мүлік (жылжымайтын мүлік) – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер; 5) жеке сәйкестендіру нөмір (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлға, соның iшiнде қызметiн өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр; 6) «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесі – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы ақпаратты аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып сақтау, пысықтау, іздеу, тарату және ұсыну үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және есепке алу саласындағы мәліметтерді автоматты жинақтау (енгізу), өңдеу, өзектендіру, сақтау және талдауға арналған жүйе (бұдан әрі – ЖМТ МДҚ); 7) интерактивті қызмет – өзара ақпарат алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға олардың сұраулары бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет; 8) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі – ҰКО) – «электрондық үкіметің» қатысушыларына, мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерге қызмет көрсететін куәландырушы орталық; 9) құқықтық кадастр – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар мен онымен жасалатын мәмілелердің бірыңғай мемлекеттік тіркелімі; 10) құрылымдық функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер және оларға бағынысты жүйелер және т.б.; 11) пайдаланушы – қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйелерге жүгінетін субъекті; 12) тіркеуші орган – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын аумақтық әділет органы; 13) транзакциялық қызмет көрсету – өзара ақпарат алмасуды талап ететін электрондық ақпарат ресурстарын пайдаланушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, ақпарат ұсыну жөніндегі қызмет көрсету; 14) Ұлттық куәландырушы орталық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҰКО АЖ) – қызметті тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – тұтынушының ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің деректерін сәйкестендіру үшін пайдаланатын жүйе; 15) «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе; 16) «электронды үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) – барлық электрондық қызметтер мен «электрондық үкіметтің» электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің бірыңғай орнын ұсынады; 17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі; 18) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер; 19) электрондық құжат – ақпарат электронды цифрлы нысанде берілген және электрондық цифрлық құжат арқылы куәландырылған құжат. |
![]() | Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Рес-публикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 9-бабына, Қазақстан Республикасы... | ![]() | Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №75 қаулысы Кіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды... |
![]() | Регламентін бекіту туралы Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»... | ![]() | «Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар Аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге... |
![]() | Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының... | ![]() | «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің... |
![]() | Қоршаған ортаны қорғау аумағындағы электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы №1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы... | ![]() | Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы ... |
![]() | Электрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ Электрондық оқу ресурстары туралы айтпас бұрын электрондық оқытудың анықтамасы мен ерекшеліктеріне тоқталып кетейік | ![]() | Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету Тұтынушы) көрсетіледі. Осы мемлекеттік қызмет түрін алу үшін электрондық сұраным жасаған тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасымен... |