Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы




НазваниеЭлектрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы
страница1/9
Дата конвертации06.02.2016
Размер0.96 Mb.
ТипРегламент
источникhttp://www.minjust.kz/files/regl.elek.uslug.kz.doc
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Электрондық мемлекеттік қызметтер

регламенттерін бекіту туралы


«Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысының 2-тармағын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Туу туралы, некеге тұру туралы, некені бұзу туралы, әке болуды анықтау туралы, ұл /қыз асырап алу туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Некеге тұруды тіркеу туралы өтініш беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Туу туралы, некеге тұру туралы, некені бұзу туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;

6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы М.И. Сексембаевқа жүктелсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Әділет министрі Р. Түсіпбеков


«Келісілді»

Қазақстан Республикасы Байланыс

және ақпарат министрі

__________________ А. Жұмағалиев

2011 жылғы  «____» ____________


Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2011 жылғы « 27 » маусымдағы

№ 236 бұйрығына 1-қосымша


«Туу туралы, некеге тұру туралы, некені бұзу туралы, әке болуды анықтау туралы, ұл /қыз асырап алу туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті


1. «Туу туралы, некеге тұру туралы, некені бұзу туралы, әке болуды анықтау туралы, ұл /қыз асырап алу туралы, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызметтер) мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру туралы» мемлекеттік қызмет стандарының (бұдан әрі - Стандарт) 1 қосымшасында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) «Азаматтық хал актілері жазбасы» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетеді.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет Стандарттың негізінде жүзеге асырылады.

3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандыру дәрежесі: жартылай автоматтандырылған (өтініш беру үдерісі автоматтандырылған).

4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету түрі: транзакциялық.

5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқарған сөздер:

1) «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) – азаматтық хал актілерін тіркеу үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;

2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары (бұдан әрі – АКҚҚ) – оның мағынасын жасыру не/немесе түпнұсқаландыруды қамтамасыз ету (түпнұсқаландыру деп ақпараттың түпнұсқа екенін анықтау түсініледі және алынған ақпарат бұрмаланбай берілді дегенді білдіреді) мақсатында ақпаратты қайта құрудың алгоритмдері мен әдістері;

3) жеке сәйкестендіру нөмір (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлға, соның iшiнде қызметiн өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;

4) құрылымдық функционалдық біріліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің және өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі;

5) тұтынушы – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға.

6) транзакциялық қызмет – пайдаланушыларға электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, өзара ақпарат алмасуды талап ететін электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

7) уәкілетті орган – аумақтық әділет органы;

8) Ұлттық куәландырушы орталық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ҰКО АЖ) – қызметті тұтынушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің деректерін сәйкестендіру үшін пайдаланатын жүйе;

9) «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

10) «электронды үкімет» шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) барлық электрондық қызметтер мен «электрондық үкіметтің» электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің бірыңғай орнын ұсынады.

11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;

12) электрондық құжат – ақпарат электронды цифрлы нысанде берілген және электрондық цифрлық құжат арқылы куәландырылған құжат;

13) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер.


2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде қызмет беруші әрекетінің тәртібі


6. Қызмет берушінің электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі адымдық әрекеттері мен шешімдері (функционалдық өзара іс-қимылдың диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

1) тұтынушы ЖСН көмегімен «ЭҮП» АЖ-ға тіркеуі жүзеге асырады («ЭҮП» АЖ-да тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-үдеріс – тұтынушы туралы деректердің «ЭҮП» АЖ (пароль ЭҮП-де, ЖСН - «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында тексеріледі), түпнұсқалылығын тексеру үдерісі, «ЭҮП» АЖ-нен электрондық мемлекеттік қызметке сұрау салу;

3) 2-үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

4) 3-үдеріс – тұтынушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу);

5) 4-үдеріс – сәйкестендіру деректерін және «ҰКО» АЖ-да тұтынушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі туралы деректерге сұрау салу;

6) 1-шарт –тұтынушының АКҚҚ-сын пайдаланумен тіркеу куәлігінің мерзімін және тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығын тексеру;

7) 5-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 6-үдеріс – электрондық мемлекеттік нысанды көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерді) тұтынушының ЭЦҚ арқылы қол қою және тұтынушының одан әрі әрекеттері туралы ақпаратты алу;

9) 7-үдеріс – АХАЖ АЖ-нен электрондық мемлекеттік қызметке сұрау салу.

Туу туралы қайталама куәлікке өтініш беру жағдайында тұтынушы туған күні және жері туралы мәліметті және ата-анасы туралы мәліметті көрсетеді.

Некене тұру туралы қайталама куәлікке өтініш беру жағдайында тұтынушы жұбайы (зайыбы) туралы, некеге тұрған жері мен күні туралы мәліметтерді көрсетеді.

Некені бұзғаны туралы қайталама куәлікке өтініш беру жағдайында тұтынушы жұбайы (зайыбы) туралы, некеге тұрған жері мен күні туралы мәліметтерді көрсетеді.

Тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама куәлікке өтініш беру жағдайында тұтынушы ауыстырғанға дейінгі тегін көрсетеді;

10) 2-шарт – АХАЖ АЖ-нен түскен деректерді тексеру;

11) 8-үдеріс – «ЭҮП» АЖ тұтынушыға 24 сағат ішінде бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекетті баж төлеуді ұсынады;

Көрсетілген мерзімде төлемеген кезде тұтынушыға сұрау салу мерзімінің өтіп кеткені туралы, сондай-ақ қайтадан сұрау салу мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді.

Тұтынушы банкке жіберу үшін төлемнің қажетті деректерін толтырады. «ЭҮП» АЖ төлем өткен соң тұтынушыға чек беріледі, ол төлемді жүзеге асырғанын растайды.

Егер төлем өтпеген болса, онда «ЭҮП» АЖ ол туралы тұтынушыға қате жіберілгені туралы толық сипаттамасымен хабардар етеді;

12) 9-үдеріс – сұратылған деректердің «ЭҮП» АЖ-де болмауына байланысты, сұратылып отырған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

13) 10 үдеріс – қызмет көрсетудің нәтижесі уәкілетті органның өтінішті өңдеуге қабылдағаны туралы хабарлама қалыптастыруы және тұтынушыға қағаз түрінде өтініш берген жері бойынша көрсетіледі.

7. Осы Регламентке 2-қосымшада тұтынушыға мемлекеттік немесе орыс тілінде көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметке экрандық нысандар келтірілген.

сұрау салуды толтыру – ЖСН тұтынушының «ЭҮП» АЖ-ға тіркелу нәтижесі бойынша автоматты түрде таңдалады;

сұрау салуға қол қою – тұтынушы «қол қою» кнопкасының көмегімен ЭЦҚ сұрау салуға қол қоюды жүзеге асырып, одан кейін сұрау салу «АХАЖ АЖ» өңдеуге жіберіледі;

сұрау салуды өңдеу – сұрау салуды өңдегеннен кейін тұтынушы дисплейдің экранына: ЖСН, сұрау салудың нөмірі, қызмет түрі, сұрау салу мәртебесі, қызмет көрсету мерзімі туралы ақпарат енгізіледі.

«мәртебені жаңарту» кнопкасының көмегімен тұтынушыға сұрау салуды өңдеу нәтижесін қарау мүмкіндігі беріледі.

8. Сұрау салуды өңдегеннен кейін тұтынушыға мынадай амалдармен сұрау салуды өңдеу нәтижесін қарауға мүмкіндік беріледі:

«ашу» кнопкасын басқаннан кейін – сұрау салу нәтижесі дисплей экранына шығарылады;

«сақтау» кнопкасын басқаннан кейін – тұтынушы сұратқан Adobe Acrobat нысандағы магнитті жеткізгіште сақталады.

9. Электрондық мемлекеттік қызмет жөніндегі қажетті ақпаратты тегін қоңырау шалатын 8-8000-80-77 немесе 1414 нөмірі бойынша «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Call Centre қолдау қызметінен, сондай-ақ, Әділет министрлігінің құқықтық-ақпараттық қызметінің 58-00-58 телефоны арқылы алуға болады.


3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау


10. ҚФБ тізбесі:

«ХҚКО» операторы;

Портал;

«ҰКО» АЖ;

ЭҮШ;

Уәкілетті органның маманы;

АХАЖ АЖ.

11. Іс-қимылдардың (рәсімдер, функциялар, операциялар) дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.

12. ҚФБ сипаттамасына сәйкес олардың (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) іс-қимылының қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма осы Регламентке 4-қосымшада келтірілген.

13. Осы Регламентке 5-қосымшада электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері берілуі тиіс нысандар, бланкі шаблондары келтірілген.

14. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

15. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар:

1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз түрде алудан қорғау);

2) тұтастық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау);

3) қол жетімділік (ақпаратты және ресурстарды заңсыз ұстаудан қорғау).

16. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарттары:

1) Интернетке шығу;

2) ЖСН/БСН болуы;

3) «ЭҮП» авторизациялау;

4) тұтынушыда ЭЦҚ-ның болуы.


«Туу туралы, некеге тұру туралы, некені бұзу туралы,

әке болуды анықтау туралы, ұл/қыз асырап алу туралы,

тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама

куәлікке өтініш беру» электрондық мемлекеттік

қызмет регламентіне 1-қосымша


Электрондық қызметтерді көрсету кезінде

функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы




Шартты белгілер:



Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Аралық хабарлама



Аяқтаушы қарапайым оқиға



Қате



Оқиғалар-таймерлер




Ақпараттық жүйе



Үдеріс



Шарт



Хабарламалар ағыны



Басқару ағыны



Соңғы тұтынушыға ұсынылатын электрондық құжат



«Туу туралы, некеге тұру туралы, некені бұзу туралы,

әке болуды анықтау туралы, ұл/қыз асырап алу туралы,

тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы қайталама

куәлікке өтініш беру» электрондық мемлекеттік

қызмет регламентіне 2-қосымша


Электрондық мемлекеттік қызметке экрандық нысандар


1-қадам. Пайдаланушыны авторизациялау.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы iconРегламентін бекіту туралы
«Қазақстан Рес-публикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 9-бабына, Қазақстан Республикасы...
Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы iconШетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №75 қаулысы
Кіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» №558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды...
Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы iconРегламентін бекіту туралы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы icon«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар
Аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге...
Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы iconЭлектрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы
Республикасының мемлекеттік органдарын куәландырушы орталық Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының...
Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы icon«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің...
Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы iconҚоршаған ортаны қорғау аумағындағы электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы №1033 «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы...
Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы iconДиссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы
...
Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы iconЭлектрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ
Электрондық оқу ресурстары туралы айтпас бұрын электрондық оқытудың анықтамасы мен ерекшеліктеріне тоқталып кетейік
Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы iconЭлектрондық мемлекеттік қызмет көрсету
Тұтынушы) көрсетіледі. Осы мемлекеттік қызмет түрін алу үшін электрондық сұраным жасаған тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасымен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница