Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы




Скачать 300.09 Kb.
НазваниеМектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы
страница2/4
Дата конвертации14.02.2016
Размер300.09 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://moodle.nci.kz/doc/008/1.doc
1   2   3   4

3. Терминдер мен анықтамалар




Осы Ережеде тиісті анықтамалары бар терминдер қолданылады:

3.1.Базистік оқу жоспары: Оқу орындарының (мектепке дейінгі білім беру ұйымдары) белгілі бір түріне арналған стандарт бөлігі ретінде бекітілген негізгі мемлекеттік нормативтік құжат.

3.2.Жетекші қызмет түрі: Маңызды психикалық құрылым мен қызметтің басқа түрлері дамитын негізгі қызмет.

3.3.Диагностикалық бағдарламалар: балалардың ақыл-ой және шығармашылық, есте сақтау, зейін, қабылдау қабілеттерін дамыту деңгейін айқындауға; балалардың мектепке әлеуметтік даярлығы (дене бітімінің дамуы, ауру-сырқаулық, дене бітімінің даярлығы) мен психофизиологиялық деңгейін анықтауға арналған бағдарламалар.

3.4.Инновациялық процесс: Педагогикалық жаңалықтарды жасау, қабылдау, бағалау, игеру және қолданудың басқару процесі.

3.5.Инфокоммуникациялық мәдениет: ақпараттандыру саласындағы жеке тұлғаның мінез-құлық үлгісі, білімінің кеңдігі мен тереңдігі, құндылығын анықтайтын жүйенің сапалық жиынтығы.

3.6.Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: кіріктірілген ақпараттарды пайдалану мен бейнелеу, тарату, сақтау, жаңарту, жинау мақсатымен, өндіріс процестері мен программалық-техникалық құралдарды пайдаланушылар мүддесінің әдіс-тәсілдер жиынтығы.

3.7.Ақпараттық-білімдік орта: оқыту процесін мақсаттан нәтижеге дейін бейнелейтін, білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың интеграциясын қамтамасыз ететін, білім беру процесі объектілері мен субъектілерінің инфокоммуникациялық өзара әрекетін жобалайтын педагогикалық жүйе, сонымен қатар электрондық контент –ортаны пәндік мультимедиалық мазмұнмен толықтыру жағдайындағы оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру.

3.8.Компьютерлік ойындар: мультимедиалық интерактивтік оқыту бағдарламалары бірыңғай ақпараттық-білімдік орта жасауға, оның танымдық дамуын қамтамасыз етуге, баланың интеллектуалдық қызметінің тәсілдерін, айналаны қоршаған тұтас көріністі, құнды бағдарды қалыптастыруға бағытталған, білім беру процесі субъектілерінің инфокоммуникациялық өзара әрекеті ретіндегі оқытудың қазіргі заманғы парадигмасына өту.

3.9.Электрондық оқытуды контентті жасақтау: педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың интеграциясын сипаттайтын, бірлескен өзінше жалпы мақсатқа арналған қолданбалы бағдарламалық өнімдер мен цифрлық білімдік ресурстардың жиынтығы.

3.10.Оқыту бағдарламалары: ойын түрінде бір немесе бірнеше дидактикалық міндеттерді шешуге, балаларды әріптерді меңгеруге, жазу арқылы оқуға және оқу арқылы жазу дағдыларын дамыту қабілеттерін арттыруға, қарапайым математикалық түсініктері, жазық пен кеңістіктегі бағдарлары бойынша түсініктерін экологиялық тәрбиені қалыптастыратын дидактикалық («жабық») типтегі ойын бағдарламалары.

3.11.Сабақтастық: Мектепке дейінгі балалық шақтың әрбір жас кезеңіндегі білім беру саласының мазмұнына қажетті байланыс пен жүйелі қарым-қатынасын белгілеуі.

3.12.Дамыту бағдарламалары: («ашық») типтегі ойын бағдарламалары, мектепке дейінгілердің танымдық даму қабілеттерін арттырады және балаларды өзіндік шығармашылық ойындарға қызықтырады, фантазиялары мен қиялдарын дамытады.

3.13.Цифрлық білімдік ресурстар: білім беру процесі субъектілерінің қашықтан интерактивтік өзара әрекеттестігі ретіндегі электрондық оқытудың инфокоммуникациялық білімдік ортасын құру жиынтығын қамтамасыз ететін электрондық басылымдардағы цифрлық форматтағы дидактикалық материалдар.

3.14.Электрондық оқыту: педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың интеграциясы негізінде жүзеге асырылатын, оқушылардың оқу жетістіктерінің дараландырылған есебі мен іс-әрекеттің интерактивтік тәсілдері, білім беру мазмұнының ыңғайлылығы негізінде ақпараттық-білімдік орта жағдайында білім беру процесі субъектілерінің қашықтан интерактивті өзара әрекеттестігінің мазмұнын құрайтын оқытудың өзіндік түрі.


4. Жалпы ереже


4.1 Осы Ереже:

  • мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде электрондық оқыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуді көздейді;

  • балалардың мектепке дейінгі сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту модернизациясына сәйкес электрондық оқытудың мазмұнын анықтайды;

  • ақпараттық қоғам жағдайында тұлғаның ойдағыдай дайын социализацияға қалыптасу қабілеттілігін арттыратын педагогикалық процестің жаңалығын қамтамасыз етеді;

  • электрондық оқытудың пәндік-дамыту ортасының мазмұнын анықтайды;

  • электрондық оқыту жағдайында мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтарының талаптарын анықтайды;

4.2 Ереже талаптары міндетті болып табылады:

  • мектепке дейінгі білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын әзірлеу;

  • ведомстволық бағыныштылығына, меншік нысанына, типіне, түріне қарамай, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарында электрондық оқытуды ұйымдастыру;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған электрондық оқу басылымдары мен әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу;

  • мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен педагогтарының қызметін мемлекеттік аттестациялау мен лицензиялау.

4.3. Ереже болжайды:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогикалық процесінде электрондық оқытуды ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануды;

  • электрондық оқытудың мазмұнын, оның деңгейі мен сапасын іріктеуге қойылатын талаптарды регламенттеуді;

  • мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік ахуалын іске асыру жағдайларын қамтамасыз етуді;

  • мектепке дейінгі балалардың бірыңғай білім беру кеңістігін сақтауды;

– білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастық байланысты қамтамасыз ету;

  • мектепке дейінгі баланың жеке тұлғасының толыққанды дамуына электрондық оқытудың ақпараттық-білімдік ортаның дамыту потенциалын пайдалану;

4.4. Электрондық оқытудың мақсаты мен міндеттері.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың басты мақсаты: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде инфокоммуникациялық құзіреттіліктерді меңгерген, баланың мектепте білім алуға психологиялық даярлық деңгейін кеңейтетін, баланың жеке тұлғасын дамыту.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық оқытудың басты міндеттері:

  • барлық білім беру процесіне қатысушыларды жаппай сапалы білім беруге бағытталған үздік білім беру ресурстары мен технологияларға тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету;

  • толыққанды білім беру кеңістігін құру мен әрбір баланың жеке дамуын кешенді қамтамасыз ету;

  • жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін білім беру процесін технологияландыру;

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды басқару жүйесін автоматтандыру;

− мектеп жасына дейінгі балалар мен тәрбиеші – педагогтардың инфокоммуникациялық мәдениетін дамыту.


5. Электрондық оқыту субъектілері

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында электрондық оқытудың негізгі субъектілері басқару және білім беру процесінің тікелей қатысушылары болып табылады: мектепке дейінгі мекеме меңгерушісі; әдіскер; меңгерушінің административтік-шаруашылық қызметі бойынша орынбасары; тәрбиешілер; психологтар; балалар; ата-аналар; кітапханашылар; музыкалық қызметкерлер; медицина қызметкерлері.


6. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында электрондық оқытуды жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар


6.1. Электрондық оқыту құралдарын пайдалану оқу жүктемесінің 20%-ға жуық мөлшерінде ұсынылады.

6.2. Электрондық оқыту құралдары кейс технологиялары, ТV-технологиялар, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың интеграциясына негізделген желілік технологиялары болып табылады.

6.3. Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану пәндік ортаның дамуын байытатын және жаңғыртатын факторлар болып табылады. Компьютер мен интерактивті жабдықтар физиологиялық-гигиеналық, эргономикалық және психологиялық-педагогикалық шектеулі және рұқсат етілетін нормалар мен нұсқаулықтарды сөзсіз сақтай отырып ересек мектеп алды жасындағы балалардың жұмысында пайдаланылуы мүмкін.

Компьютерлік ойындық дамыту және оқыту бағдарламаларын баланың парапар психикалық және психофизиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты пайдалану ұсынылады. Баланың жеке тұлғасын дамытуда дәстүрлі және компьютерлік құралдардың органикалық үйлесуіне ұмтылу қажет.

6.4. Электрондық оқыту білім беру субъектілерінің интерактивті өзара әрекеттестігі ретінде бір-бірімен және мектепке дейінгі балалардың оқу-танымдық қызметінің әр түрлілігі есебімен ақпараттық-білімдік орта мен дереу қайта байланыспен жүзеге асырылады. Электрондық оқыту жағдайында мектепке дейінгі балалар тәрбиешінің, цифрлық білім беру ресурстары мен қолданбалы бағдарламалық өнімдердің көмегімен қажетті білімдерді, біліктер мен дағдыларды ала отырып, оқыту мазмұнын белсенді түрде меңгереді.

6.5 Ерте жастағы балалар компьютердің алдында ұзақ отырмауы керек, қолданыстағы СНИП сәйкес компьютерді пайдалану сабақтарының уақытын ақылмен шектеу қажет.

7. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында электрондық оқытуды жүзеге асыруға қойылатын талаптар


7.1. Электрондық оқытудың кейс технологияларын жүзеге асыру мектепке дейінгі мекемелердің оқыту процесінде CD және DVD дискілерде қолданбалы бағдарламалық өнімдердің сан қилы түрлерін, мультимедиалық оқыту бағдарламалары мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалануды болжайды. Кейс технологияларының арқасында цифрлық контентті әзірлеу мен контенттеу, электрондық оқыту кез келген бала үшін Интернетке ену сапасына қарамай, сонымен қатар шалғай ауылдағы мектепке дейінгі мекемелер және мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де мүмкін болады.

7.2 Мектепке дейінгі білім беруге арналған қолданбалы бағдарламалық өнімдердің негізгі түрлері мектепке дейінгі балалар іс-әрекеттерінің жетекші түрлеріне сәйкес мультимедиалық интерактивтік оқыту бағдарламалары болып табылатын компьютерлік ойындар ретінде қарастырылады.

7.3 Компьютерлік ойындар баланың танымдық дамуын қамтамасыз ететін, оның зияткерлік қызметінің тәсілдерін, айналаны қоршаған тұтас бейнені қалыптастыратын, ҚР мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру саласы бойынша құндылық бағдарлар: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бірыңғай ақпараттық-білімдік ортасын құруға бағытталған.

7.4. Компьютерлік ойындар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын МЖБС жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, соның ішінде:

  • толық кеңістікті құру және мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

  • баланың сөйлеуін және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашу негіздерін меңгеруге даярлау;

  • мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік құндылық бағдарын адамның оң мінез-құлқы, нормасы, тәртіптік ережесі, қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтық салт-дәстүр үлгісінде қалыптастыру;

  • өз отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге құрметпен, қоршаған орта, отбасы, түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу;

  • баланың қоршаған дүние, өзі және әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсінігінің тұтас бейнесін қалыптастыру;

  • баланың танымдық дамуы, интеллектуалдық іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастыру, танып-білуге қызығушылығын арттыру;

  • баланың бойында эстетикалық сезімді дамыту, бейнелеу, көркемдік-тілдік, музыкалық іс-әрекетінде шығғармашылық қабілетін дамыту;

7.5. Компьютерлік ойындар оқытуды ойын түрінде қарастырады, мектеп жасына дейін ойын қызметі жетекші болып табылады. Компьютерлік ойындарда таным процесіне баланы қатыстыруға шақыратын анимацияланған (мультипликациалық) кейіпкерлер, негізгі мазмұнның барлығы қажет.

7.6. Мектеп жасына дейінгі балаларға компьютерлік ойындар жасау, онымен педагогтар мен ата-аналарды таныстыру қажет, оларды пайдалану әдістемесін әзірлеу керек.

7.7. Компьютерлік оқыту ойындарының мазмұнына өскелең ұрпақтың азаматтық көзқарасын, ұлттық сана-сезімін қалыптастырудың тиімді жолдары ретінде ұлттық бағдарлар компонентін ендіру қажет.


8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында электрондық оқытудың ТV-технологиясын жүзеге асыруға қойылатын талаптар


8.1. Электрондық оқытудың ТV-технологиясын жүзеге асыру білім беру процесінде оқу теледидарын пайдалануды қарастырады:

  • ұлттық арналарда оқу-білімдік бағдарламаларды тарату;

  • ҚР барлық аймақтарын қамтитын жерсеріктік хабар тарату;

  • Интернет-тарату мен кабельдік желілер бойынша оқу-білімдік бағдарламаларды трансляциялау.

8.2. Бейнесабақтар жасау бағыттары – балаларға арналған оқу-танымдық фильмдер; педагогтарды озық тәжірибелермен таныстыру – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының үздік тәрбиешілерінің шебер-сыныптары; компьютерлік оқыту ойындары мен интерактивті жабдықтарды пайдалану әдістемесі.


9. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында электрондық оқытудың желілік технологияларын жүзеге асыруға қойылатын талаптар

9.1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқыту процесінде электрондық оқытудың желілік технологияларын жүзеге асыру білімдік міндеттер мен басқарудың кешенді мәселелерін қамтамасыз етеді:

− Балалар бақшасын басқару жүйесі (SMS);

  • Оқытуды басқару жүйесі (LMS);

  • Білім беру салалары бойынша электрондық әдістемелік жүйелер (MMS).

9.2. Балалар бақшасын басқару жүйесі (SMS – School Management System) қатысу есебінің жүйесін енгізеді. SMS әкімшілік саясатты жақсарту негізінде жүргізуге болатын мектепке дейінгі балалардың есебін қалыптастыруға қатысуын қадағалайды. Балалар бақшасын басқару жүйесі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ағымдағы бизнес процес есебімен ағымдағы іс-қағаздарын автоматтандыруы қажет.

9.3. Оқытуды басқару жүйесі (LMS – Learning Management System) мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру процесінің барлық қатысушыларына (балалар бақшасының әкімшілігі, тәрбиешілер, балалар, ата-аналар) интерактивті және on-line, off-line режимінде тәрбие мен оқыту (контент) мазмұнына шығуға мүмкіндік береді.

9.4. Пән салалары бойынша электрондық әдістемелік жүйелер(MMS –Method Management System) білім салаларының психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және пәндік-бағдарлық кірігуін қамтамасыз етуге бағытталған. Электрондық әдістемелік жүйелер – ол білім беру салалары бойынша ұйымдастырылған және құрылымдалған ақпараттардың мобильді, ашық, дамытушы, технологиялық негізі.


10. Электрондық оқытуды жүзеге асыратын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының инфраструктурасына қойылатын талаптар


10.1 Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарында электрондық оқытуды жүзеге асыру құрамдас бөліктердің талаптарына сәйкес болуы керек: құрылыс нормалары мен ережелері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушылардың денсаулығын сақтаудың санитарлық және гигиеналық нормасы, оқу бөлмесінің жабдықтары, зертханалық және компьютерлік жабдықтар, телекоммуникация құралдары.

10.2 Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді ұйымдарында интерактивті сабақтарға арналған бөлмелер, мультимедиалық лингафондық кабинеттер (МЛК), оқу телевизиясы, тәрбиешілердің жұмыс орны, кітапханаларға, медицина қызметкері үшін компьютерлер болуы қажет.

10.3 Оқу қажеттілігіне қарай бөлмелер интерактивті тақталармен, мультимедиалық проекторлармен, бейнекамералармен, телевизорлармен, бейнемагнитофондармен, фотоаппараттармен, DVD/VCD-плеерлермен жабдықталуы қажет.

10.4 Компьютерлердің конфигурациясы оқу қызметінің сәйкес түрлерін орындауды қамтамасыз етуі қажет. Әрбір жұмыс орнында CD – привод, веб-камера, дыбыс карталары және құлаққаптардың болуы міндетті болып табылады.

10.5 Пайдаланатын коммерциялық бағдарламалық жасақтама лицензияланған болуы шарт.

10.6 Жабдықтамалар кешеніне көбейткіш техникалары (принтер, көшіру аппарат) және сканер кіру керек.

10.7 Жабдықтамалар құрамында аудио жазбаны тыңдау мен бейнежазбаны көруге арналған 10 балаға кемінде бір комплект сәйкес ойнату аппараты болуы қажет.


11. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін мамандармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

11.1. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының барлық педагогикалық ұжымы электрондық оқыту саласы бойынша білімдерін арттыру немесе қайта даярлықтан өтіп тұруы және соған сәйкес сертификаты болуы қажет.

11.2. Тәрбиешінің инфокоммуникациялық құзырлылығы өзінің кәсіби іс-әрекетінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға құндылық қатынасының болуын ұйғарады; мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру процесінде компьютерлік оқыту ойындарын пайдаланудың әдістемесін меңгеру; оқытуды басқару жүйесін (LMS) қолдану біліктілігі; мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бойынша Интернет-ресурстардан білімі, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы әріптестермен, ғалымдармен, әдіскерлермен, ата-аналармен қарым-қатынас тәсілдерін меңгеру, дидактикалық және презентация материалдарын әзірлеу үшін сенімді пайдаланушы деңгейінде офистік қосымшаларды меңгеру.


МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

АО «Национальный центр информатизации»


ПОЛОЖЕНИЕ

«О СИСТЕМЕ ЭЛЕКТРОННОГО ОБУЧЕНИЯ

В ОРГАНИЗАЦИЯХ ДОШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ»


Алматы, 2011


ПОЛОЖЕНИЕ

О СИСТЕМЕ ЭЛЕКТРОННОГО ОБУЧЕНИЯ

В ОРГАНИЗАЦИЯХ ДОШКОЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ


1. Область применения


1.2. Настоящее Положение о системе электронного обучения в организациях дошкольного образования (далее – Положение) устанавливает систему норм и требований к целям, содержанию, средствам, формам и методам электронного обучения в организациях дошкольного образования, совокупность требований к уровню подготовки дошкольников и педагогов в области информационно-коммуникационных технологий, определяет требования к объему использования информационно-коммуникационных технологий в организациях дошкольного воспитания и обучения.


1.2 Положение предназначено для применения:

  • всеми организациями дошкольного воспитания и обучения Республики Казахстан, независимо от форм их собственности, типов и видов;

  • учебными заведениями, институтами повышения квалификации и переподготовки педагогических кадров, научно-исследовательскими институтами;

  • организациями, компаниями, осуществляющими разработку и поддержку контентного, технического и технологического обеспечения электронного обучения;

  • центральным и местными исполнительными органами в области образования при осуществлении государственного контроля над качеством воспитания и обучения.

Положение используется органами государственного управления и организациями Республики Казахстан при лицензировании образовательной деятельности, аттестации организаций дошкольного образования, подготовке рабочих планов и программ, контроле выполнения данных документов.


2 Нормативные ссылки


В настоящем Положении использованы ссылки на следующие документы:

2.1.Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 г. «Об образовании» № 389-1.

2.2. Закон РК «Об информатизации» от 11 января 2007 г. № 217-3.

2.3. Долгосрочная Стратегия «Казахстан – 2030».
1   2   3   4

Похожие:

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы iconТехникалық ЖӘне кәсіптік білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы электрондық оқыту жүйесі туралы осы ереже (одан әрі – Ереже)
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ЖҰмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын енгізу
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы icon5 В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығына арналған
Бөбекжай – 2-3 айлық нәрестеден 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекеме
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ «біз мектепке барамыз»
«Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы. Астана, 2009. 106 б
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы iconОқу жұмыс жоспары
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер” 2008 жылғы...
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы iconАстана 2015 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығы базасында әзірленген
Азақстан республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасы / астана, 2015. 191 Бет
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы iconМұғалімдер мен мектеп оқушыларының меңгеруіне
Назарбаев бекіткен 2020 жылға дейін Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында анықталған электрондық оқыту – білім беруді...
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы iconЭлектрондық оқыту ЖҮйесінде электрондық ОҚу ресурстарын жасау маңыздылығЫ
Электрондық оқу ресурстары туралы айтпас бұрын электрондық оқытудың анықтамасы мен ерекшеліктеріне тоқталып кетейік
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ересек жастағЫ
Н. Л. Татаурова, И. А. Тирская, Т. А. Дрыгина, Г. Г. Корчевская, С. И. Шелипова, С. Г шақабаева., И. И. Митрофанова
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы электрондық ОҚыту жүйесі туралы icon«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ересек жастағЫ
Н. Л. Татаурова, И. А. Тирская, Т. А. Дрыгина, Г. Г. Корчевская, С. И. Шелипова, С. Г. Шақабаева, И. И. Митрофанова
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница