Скачать 131.59 Kb.
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру» мемлекеттiк қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) - жоғалған немесе жарамсыз құжаттарын қалпына келтiргенге дейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiк беру рәсiмi. 2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi № 1063 қаулысы 25-тармағының негiзiнде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттiк қызметтi аумақтық (қалалық, аудандық) әдiлет органдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары мен телефондары көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетедi. 5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi аяқтау нысаны уақытша жеке куәлiк беру болып табылады. 6. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетiледi. 7. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi: 1) азаматтарды тiркеу екi жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмде жасалады. 2) құжаттарды тапсырған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды алған кезде ең ұзақ кезек күту уақыты - 30 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттiк қызмет көрсету ақылы жүргiзiледi. Уақытша жеке куәлiктi беру үшiн 0,2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады. Растайтын құжаты төлем туралы түбiртек немесе «электронды үкiметтiң» төлем шлюзы арқылы берiлетiн төлем туралы чек болып табылады. Уақытша жеке куәлiк бергенi үшiн: Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi; Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерiмен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ерi» атақтарын алған адамдар; «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар; Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердiң ата-аналарының бiрi; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттiк баж төлеуден босатылады. 9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурстарында (www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. 10. Мемлекеттiк қызмет көрсету демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi асқа үзiлiссiз, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн түскi асқа бiр сағат үзiлiспен, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн ұсынылады. Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. 11. Мемлекеттiк қызмет мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн жағдай жасалған Орталық ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi 12. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушылар: жазбаша арызын, 3,5х4,5 см. көлемде бiр фотосуретiн, уақытша жеке куәлiк үшiн мемлекеттiк баж төлегенiн растайтын түбiртегiн ұсынады. 13. Бланктi толтыру талап етiлмейдi. 14. Құжаттарды қабылдау «терезенiң» атқаратын функциялары мен оның мiндеттерi туралы ақпарат iлiнген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген «терезе» арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызмет көрсеткен кезде Орталық инспекторы құжаттарды осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестiгiн тексередi, журналға тiркейдi және жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына тапсыруды жүзеге асырады. Жинақтаушы бөлiмнiң инспекторы құжаттарды жинап, тiзiлiм жасап, уәкiлеттi органдарға жiберудi жүзеге асырады. Орталық өтiнiштердi қоса берiлген құжаттарымен уәкiлеттi органға және керi қарай жеткiзудi осы құжаттар қабылданған күнi курьерлiк байланыс арқылы күнiне кем дегенде 2 рет жүзеге асырады. Уәкiлеттi орган орталықтан құжаттар пакетiн алған соң, оның осы стандарттың 12-тармағына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады, уақытша жеке куәлiктi толтырады және Орталыққа құжаттарды жiберуге тiзiлiм жасайды. Орындалған (дайын) құжаттар уәкiлеттi органнан Орталыққа қолхатта көрсетiлген беру мерзiмiнен бiр күн бұрын түсу керек. 15. Тұтынушыға осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген: 1) сұрау салудың нөмiрi және қабылдау күнi; 2) сұратылып отырған мемлекеттiк қызметтiң түрi; 3) қоса берiлiп отырған құжаттардың саны және атауы; құжаттарды беру күнi, уақыты және орны; 4) 1-нысан арызын қабылдаған Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты бар құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi. 16. Дайын құжаттарды берудi Орталық инспекторы «терезе» арқылы қолхат негiзiнде көрсетiлген мерзiмде жүзеге асырады. Егер тұтынушы мерзiм iшiнде құжаттарды алуға келмеген жағдайда, Орталық оның бiр ай мерзiм iшiнде сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды уәкiлеттi органға қайтарады. 17. Тұтынушы осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттардың бiрiн ұсынбаған жағдайда, Орталық мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартады. Уәкiлеттi орган құжаттарды ресiмдеуден қателiктердi анықтаған кезде, құжаттар пакетiн алғаннан кейiн бiр жұмыс күнi iшiнде бас тарту себептерiн жазбаша дәлелдеп, Орталыққа қайтарады. Орталық дәлелдi бас тартуды алған соң бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнi хабардар етедi және уәкiлеттi органның бас тарту себептерi көрсетiлген жазбаша негiздемесiн бередi. 3. Жұмыс қағидаттары 18. Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтiк борышты орындау кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделген және сыпайылық, толық ақпарат беру, оны сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады. 4. Жұмыс нәтижелерi 19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi. 20. Мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмыстары бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобымен бекiтiледi. 5. Шағымдану тәртiбi 21. Уәкiлеттi орган қызметкерiнiң және Орталық инспекторларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнен 58-00-58 телефоны арқылы алуға болады. 22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта бойынша немесе Орталықтың кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол қабылданады. Орталықтар басшыларының мекен-жайлары мен телефондары осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетiлген. 23. Қабылданған шағым Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тiркеледi және түскен уақытынан бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу мен тексеру жүргiзу қажет болған жағдайда күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Қаралған шағымдардың нәтижесi туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. 6. Байланыс ақпараты 24. Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестесi осы стандарттың 10-тармағында көзделген Орталықтың жұмыс кестесiне сәйкес анықталады. Орталықтардың байланыс телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1 қосымшасында көрсетiлген, сондай-ақ, ресми ақпараттар кездерiнде және уәкiлеттi органдар мен Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады. Орталық басшыларының байланыс телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшаларында көрсетiлген. 25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8-үй, интернет ресурс: www.minjust.kz. «Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк қызмет стандартына 2-қосымша Кесте. Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi
|