"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы




Скачать 298.56 Kb.
Название"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
страница1/2
Дата конвертации14.02.2016
Размер298.56 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://mid.gov.kz/images/npa/o_ytv_pravil_96kz.doc
  1   2
"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 676 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қазанда № 8806 тіркелді


      «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңы 19-бабының 4-тармағына сәйкес және қызмет өңірі шегінде техникалық байқау операторларының техникалық байқау ұтқыр желілерінің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6874 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 3 тамыздағы № 344-345 (26739) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызмет өңірін айқындау қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б. Әбсаттаров):
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен оны бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды және оны мемлекеттік органдардың интранет-порталында (МОИП) орналастыруды;
      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.


      Министр                                    А. Жұмағалиев


Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация
министрiнiң     
2013 жылғы 29 тамыздағы
№ 676 бұйрығына   
қосымша


«Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация
министрiнiң     
2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 96 бұйрығымен   
бекiтiлдi


Қызмет өңiрiн айқындау қағидасы


      1. Осы Қызмет өңiрiн айқындау қағидасы (бұдан әрi - Қағида) «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
      2. Қағида Қазақстан Республикасының барлық аумағында механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн (бұдан әрi - КҚ) мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудi қамтамасыз ету үшiн техникалық байқау операторларының өңiрлiк қызметiн анықтау тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Қызмет өңiрi тiркелген КҚ бөлу қағидаты бойынша анықталады.
      4. Осы Қағидаға 1 және 2-қосымшадағы 2-бағанда көрсетiлген елдi мекендерде және өңiрлерде техникалық байқаудың стационарлық желiсi бар техникалық байқау операторы КҚ-ның мiндеттi техникалық байқауды осы Қағидаға 1 және 2-қосымшадағы 3-бағанда көрсетiлген елдi мекендер мен өңiрлердiң әкiмшiлiк-аумақтық шекаралары шегiнде техникалық байқаудың ұтқыр желiлерiмен өткiзуiн қамтамасыз етедi.
      Өңiрлерде КҚ-ның мiндеттi техникалық байқауы аудандардың, ауылдық/селолық округтердiң және аудандық маңызы бар қалалардың әкiмшiлiк орталықтарында қамтамасыз етiледi.
      5. КҚ мiндеттi техникалық байқаудан уақтылы өтуiн қамтамасыз ету үшiн техникалық байқау операторы қызмет өңiрi шегiнде КҚ-ның мiндеттi техникалық байқауды өткiзу кестесiн (бұдан әрi - Кесте) әзiрлейдi.
      6. Техникалық байқаудың стационарлық желiсi мiндеттi техникалық байқаудың жыл бойы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейiн өтуiн қамтамасыз етедi.
      Ұтқыр желi мiндеттi техникалық байқауды жыл бойы бекiтiлген Кестеге сәйкес өтуiн қамтамасыз етедi.
      7. Техникалық байқаудың ұтқыр желісі үшін график техникалық байқау орталығы орналасқан жері бойынша техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілген күннен бастап облыстың жергілікті атқарушы органына келісуге ұсынылады.
      Облыстық жергілікті атқарушы органға келісуге Кестені кейін ұсынуды техникалық байқау операторы жыл сайын қызмет өңірі шегінде көлік құралдарын міндетті техникалық байқауды өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
      Облыстың жергілікті атқарушы органымен Кестені келіскеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде техникалық байқау операторы Кестенің көшірмесін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық көліктік бақылау органына жібереді.
      8. Кесте осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылады.
      9. Облыстық жергілікті атқарушы органдар келiсуге ұсынылған Кестенi келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
      10. Кестенi облыстық жергілікті атқарушы орган келiскен кезде қызмет өңiрiне елдi мекендер санының және атауының және мiндеттi техникалық байқауды өткiзу мерзiмдерiнiң сәйкестiгi тексерiледi.
      11. Кестенi техникалық байқау операторы қызмет өңiрiне сәйкес елдi мекендердiң саны мен атауын және мiндеттi техникалық байқауды өткiзу мерзiмдерiн толық емес көрсету арқылы ұсынған жағдайда облыстық жергілікті атқарушы орган Кестеге түзетулер енгiзедi.
      12. Мiндеттi техникалық байқауды өткiзу мерзiмi бiр елдi мекенде кем дегенде үш күнтiзбелiк күндi құрайды.
      13. Кестенi облыстық жергілікті атқарушы орган келiскеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде техникалық байқау орталығы тұрғындарды Кесте жөнiнде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында таратылатын кезеңдiк баспа басылымдарында хабарлайды.
      14. Заңды тұлғалардың КҚ міндетті техникалық байқауды өткізген жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасы шеңберінде техникалық байқау операторларына Кестені бұзбастан, заңды тұлғаның аумағына кіру үшін техникалық байқаудың ұтқыр желілерін қолдануға рұқсат етіледі.
      Заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасы шеңберінде техникалық байқаудың ұтқыр желісінде қызмет көрсету осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес анықталған техникалық байқау операторының қызметі өңірі шеңберінде жүзеге асырылады.
      15. Елді мекенде екі және одан көп техникалық байқау орталықтары болған жағдайда осы елді мекенге техникалық байқаудың ұтқыр желісімен қызмет көрсету жүзеге асырылмайды.


Қызмет өңірін айқындау
қағидасына 1-қосымша


Техникалық байқау операторларының қызмет өңірі



р/с №

Міндетті техникалық байқау стационарлық техникалық байқау орталығымен қамтамасыз етілетін елді мекендердің және өңірлердің атауы

Міндетті техникалық байқау ұтқыр техникалық байқау желілерімен қамтамасыз етілетін елді мекендердің және өңірлердің атауы

1

2

3

Ақмола облысы, Астана қаласы




1

Астана қаласы,
Aршалы ауданы,
Целиноград ауданы,
Шортанды ауданы.

Aршалы ауданы, Астрахан ауданы,
Атбасар ауданы, Егіндікөл ауданы,
Есіл ауданы, Жақсы ауданы,
Жарқайың ауданы, Қорғалжын ауданы,
Ерейментау ауданы, Целиноград ауданы, Шортанды ауданы.

2

Көкшетау қаласы, Щучинск қаласы, Степногор қаласы,
Зеренді ауданы,
Бурабай ауданы.

Ақкөл ауданы, Атбасар ауданы,
Бұланды ауданы, Бурабай ауданы,
Еңбекшілдер ауданы, Зеренді ауданы,
Сандықтау ауданы, Степногор қаласы.

Алматы облысы, Алматы қаласы




3

Алматы қаласы, Қапшағай қаласы, Есік қаласы, Ұзынағаш аулы, Қарасай ауданы,
Іле ауданы, Талғар ауданы.

Балқаш ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы,
Жамбыл ауданы, Іле ауданы,
Қарасай ауданы, Райымбек ауданы,
Талғар ауданы, Ұйғыр ауданы.

4

Талдықорған қаласы,
Ескелді ауданы.

Ақсу ауданы, Алакөл ауданы,
Ескелді ауданы, Қаратал ауданы,
Кербұлақ ауданы, Көксу ауданы,
Панфилов ауданы, Сарқант ауданы,
Текелі қаласы.

Ақтөбе облысы




5

Ақтөбе қаласы,
Қарғалы ауданы.

Алға ауданы, Әйтеке би ауданы,
Байғанин ауданы, Ырғыз ауданы,
Қарғалы ауданы, Мәртөк ауданы,
Мұғалжар ауданы, Темір ауданы,
Ойыл ауданы, Қобда ауданы,
Хромтау ауданы, Шалқар ауданы.

Атырау облысы




6

Атырау қаласы,
Құлсары қаласы.

Жылыой ауданы, Индер ауданы,
Исатай ауданы, Құрманғазы ауданы,
Қызылқоға ауданы, Мақат ауданы,
Махамбет ауданы, Құлсары қаласы.

Шығыс Қазақстан облысы




7

Өскемен қаласы,
Глубоков ауданы,
Ұлан ауданы.

Глубоков ауданы, Зайсан ауданы,
Зырян ауданы, Қатонқарағай ауданы,
Көкпекті ауданы, Күршім ауданы,
Тарбағатай ауданы, Ұлан ауданы,
Шемонаиха ауданы, Риддер қаласы.

8

Семей қаласы.

Абай ауданы, Аягөз ауданы,
Бесқарағай ауданы, Бородулиха ауданы,
Жарма ауданы, Үржар ауданы,
Курчатов қаласы.

Жамбыл облысы




9

Тараз қаласы,
Байзақ ауданы,
Жамбыл ауданы.

Байзақ ауданы, Жамбыл ауданы,
Жуалы ауданы, Қордай ауданы, Мерке ауданы,
Мойынқұм ауданы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Сарысу ауданы, Талас ауданы, Шу ауданы.

Батыс Қазақстан облысы




10

Орал қаласы,
Зеленов ауданы,
Теректі ауданы.

Ақжайық ауданы, Бөкейордасы ауданы,
Бөрлі ауданы, Жаңақала ауданы,
Жәнібек ауданы, Зеленов ауданы,
Казталовка ауданы, Қаратөбе ауданы,
Сырым ауданы, Тасқала ауданы,
Теректі ауданы, Шыңғырлау ауданы.

Қарағанды облысы




11

Қарағанды қаласы, Теміртау қаласы, Бұқар жырау ауданы.

Абай ауданы, Ақтоғай ауданы,
Бұқар жырау ауданы, Қарқаралы ауданы,
Нұра ауданы, Осакаров ауданы,
Шет ауданы, Балқаш қаласы, Приозер қаласы,
Саран қаласы, Шахтинск қаласы.

12

Жезқазған қаласы, Сәтбаев қаласы, Ұлытау ауданы.

Жаңаарқа ауданы, Ұлытау ауданы,
Қаражал қаласы.

Қостанай облысы




13

Қостанай қаласы, Рудный қаласы, Қостанай ауданы.

Алтынсарин ауданы, Амангелді ауданы, Әулиекөл ауданы, Денисов ауданы,
Жангелдин ауданы,
Жітіқара ауданы, Қамысты ауданы,
Қарабалық ауданы, Қарасу ауданы,
Қостанай ауданы, Меңдіқара ауданы,
Наурызым ауданы, Сарыкөл ауданы,
Таран ауданы, Ұзынкөл ауданы,
Федоров ауданы, Рудный қаласы,
Арқалық қаласы, Лисаковск қаласы.

Қызылорда облысы




14

Қызылорда қаласы.

Арал ауданы, Жалағаш ауданы,
Жаңақорған ауданы, Қазалы ауданы,
Қармақшы ауданы, Сырдария ауданы,
Шиелі ауданы, Байқоңыр қаласы.

Маңғыстау облысы




15

Ақтау қаласы,
Мұнайлы ауданы.

Бейнеу ауданы, Қарақиян ауданы,
Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауданы,
Түпқараған ауданы, Жаңаөзен қаласы.

Павлодар облысы




16

Павлодар қаласы, Ақсу қаласы,
Павлодар ауданы.

Ақтоғай ауданы, Железин ауданы,
Ертіс ауданы, Қашыр ауданы,
Лебяжье ауданы, Май ауданы,
Павлодар ауданы, Успен ауданы,
Шарбақты ауданы, Ақсу қаласы.

17

Екібастұз қаласы.

Баянауыл ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы




18

Петропавл қаласы,
Қызылжар ауданы.

Айыртау ауданы, Ақжар ауданы,
Аққайың ауданы, Есіл ауданы,
Жамбыл ауданы, Қызылжар ауданы,
Мамлют ауданы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы,
Шал ақын ауданы, Тайынша ауданы,
Тимирязев ауданы, Уәлиханов ауданы.

Оңтүстік Қазақстан облысы




19

Шымкент қаласы,
Сайрам ауданы.

Арыс ауданы, Бәйдібек ауданы, Қазығұрт ауданы, Мақтаарал ауданы, Ордабасы ауданы, Отырар ауданы, Сайрам ауданы, Сарыағаш ауданы, Созақ ауданы, Төле би ауданы, Түлкібас ауданы, Шардара ауданы.

20

Түркістан қаласы.

Бәйдібек ауданы,
Созақ ауданы, Кентау қаласы.

21

Сарыағаш қаласы.

Мақтаарал ауданы, Сарыағаш ауданы,
Шардара ауданы.


Қызмет өңірін айқындау
қағидасына 2-қосымша

  1   2

Похожие:

\"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы iconКемелерді жасауды және материалдар мен бұйымдарды дайындауды техникалық байқау қағидасын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 13 мамырдағы №276 Бұйрығы
\"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы icon«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
\"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы icon«Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі
Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес...
\"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығы
\"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы iconӘлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау...
\"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы icon«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының
Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м а. 2011 жылғы 10 мамырдағы №261 бұйрығы
\"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2012 жылдың шілде айында тіркелген нормативтік құқықтық актілер тізімі
«Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
\"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы icon2 012 жылғы 9 қазандағы Астана, Үкімет Үйі от «9» октября 2012 года
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін...
\"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы icon30. 03. 11 г. №297 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы
Азақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет...
\"Қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы №96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы iconПедагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница