Скачать 45.86 Kb.
|
![]() ![]() Астана қ-сы 10 желтоқсан БАСПАСӨЗ БАЯНЫ «Жас тұлпар - 2014» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды Бүгін Астанада ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында, «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына арналған, «Жас тұлпар» сыйлығын табыс етудің ІІ –ші салтанатты рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күні қарсаңына орай өтетін «Жас тұлпар» республикалық байқауы отандық патриотизмнің дамуына айтарлықтай үлесін қосқан жас таланттардың белсенділігін қолдауға бағытталған. Жеңімпаздарды анықтау мен сыйлықты беру туралы шешімді, құрамында партияның Саяси кеңесінің мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, республикамызға танымал қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері бар Байқау комиссиясы қабылдайды. Атап айтсақ, ағымдағы жылы «Жас тұлпар» байқауына қатысуға еліміздің барлық өңірлерінен 230 өтініш түсті. Құжаттарды қабылдау 2014 жылдың 31 қазанында басталды. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде, «сыйлықтың негізгі мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымымен қазақстандық патриотизмді дамытуға айтарлықтай үлесін қосып жатқан талантты жастарды қолдау. Сондықтан да сыйлықтың терең символдық мәні бар. «Жас тұлпар» студенттік қозғалысы өткен ғасырдағы 60 жылдардың басында Тәуелсіздікті армандаған, мәдени ерекшелігін, тілін, дәстүрі мен тарихи мұрасын сақтап қалуға ұмтылған қазақ жастарының ынта-жігерінің арқасында дүниеге келген болатын» дегенді айтты. Сыйлықтар 7 аталым бойынша берілді:
7.Аталым «Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы қоғамдық-саяси белсенділігі үшін» - Евгений РИБАЛКО, «КазБренд» қоғамдық қорының директоры (Қазақстандағы скаут қозғалысы ұйымы кеңесінің мүшесі, «Еуразия өңірінің Джамбориі» жастар слетінің ұйымдастырушысы, «Менің елім –Мәңгілік ел» жастар этнографиялық автоэкспедициясының жетекшісі). Әр аталым бойынша 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді. Сыйлықтарды Қазақстан халықтары Ассамблеясы Төрағасының орынбасары –Ералы Тоғжанов; ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі және «Жас тұлпар -2014» комиссиясының төрағасы Мәулен Әшімбаев; ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов; Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов; Қазақстандағы көптеген ақындар айтысының жеңімпазы Айнұр Тұрсынбаева сынды белгілі адамдар, елімізге танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері табыс етті. 2013 жылы «Жас тұлпар» сыйлығын иеленгендердің есімін атай кеткіміз келеді: олар - актер Нұрлан Әлімжанов, әнші Артур Сүлейменов (бүркеншік есімі Emir Franc), бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусінов, өрт құтқарушысы Еркін Бейсекенов (2013 жылдың шілдесінде Ақтөбе қаласында болған өрт кезінде 4 баланы ажалдан аман алып қалған), әнші, «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі Ибрагим Ескендір (Лондон олимпиадасында орындалған оның әні нағыз хитқа айналды), шахматшы, мектеп оқушыларының арасында күшті шахматшы титулын иеленген Жансая Әбдімәлік (12 жасында гроссмейстер болды), Шымкенттің учаскелік полицейі Тұрар Артықбаев (2009 жылдың желтоқсанында қызметтік борышын атқару барысында қылмыскердің оғынан өз денесімен адамды қорғап қалып, ерлік көрсеткен) Анықтама үшін: Студенттік «Жас тұлпар» қозғалысы 1963 жылғы 5 қарашада құрылған. Қозғалыстың белсенді қатысушылары Москваның, Ленинградтың, Киевтің, Одессаның, Риганың 800-ден астам студенттері болды. Ұйым Қазақстанда тұратын жастар үшін де идеялық дем беруші болды. Түрлі қалаларда – Қарағандыда «Жас қазақ» , Семейде «Тайшұбар» сияқты бірлестіктер құрылды. Белгілі «Дос Мұқасан» ансамблі осы кезеңде және дәл осы «Жас тұлпардың» ықпалымен пайда болды. 60-70-жылдары студенттік «Жас тұлпар» қозғалысының қатысушылары Мұрат Әуезов, Марат Сембин, Ғаділбек Шалахметов, Мырзатай Жолдасбеков, Тимур Сулейменов, Ерсайын Тәпенов, Гүлжан Бейбітова, Әміржан Әлпейісов және басқалар болды. 2013 жылы «Жас тұлпар» қозғалысына 50 жыл толды. Мерейтой құрметіне жазушы Әміржан Әлпейісов 60-70-жылдардағы жастар қозғалысы туралы «Жас тұлпар» дүбірі» атты кітап шығарды. «Жас тұлпар» қозғалысының мерейтойын мерекелеу шеңберінде 2013 жылы «Нұр Отан» партиясы осы қозғалыс атындағы сыйлықты тағайындаған еді. Аталған сыйлықты тағайындау «Нұр Отан» партиясы Саяси Доктринасының мәдениет пен өнерді дамыту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен нығайту, Қазақстан халқының ынтымағын қамтамасыз ету бағытындағы мақсаттарына сай келеді. www.nurotan.kz; www.twitter.com/Nur_Otan; www.facebook.com/nurotan.kz; http://instagram.com/nur_otan; http://www.flickr.com/people/99240259@N06/; e-mail: pressa.nurotan@gmail.com тел: +7 7172 55-55-63, +7 7172 55-55-96 |
![]() | Жыл сайын Білім министрлігінің қолдауымен классикалық музыка саласында түрлі номинациялар бойынша Республикалық жас орындаушылар байқауы өткізіледі Республикалық жас орындаушылар байқауының тарихы 1979 жылы П. И. Чайковский атындағы колледжінің мұғалімдері Мәдениет министрлігіне... | ![]() | «Астана және Президент» тақырыбы бойынша газет немесе интернет-сайтта жарияланған, теледидар мен радио эфиріне өткен материалдарға, фотосуреттерге жасөспірімдер мен жоғарғы сынып оқушылары арасында өтетін Республикалық байқауының Матаев Сейітқазы – әділқазы төрағасы, Ұлттық баспасөз-клубының, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының төрағасы |
![]() | Пресс-релиз Сегодня в Астане в преддверии Дня независимости рк состоялась II торжественная церемония вручения премии «Жас Тұлпар», посвященная... | ![]() | «ШЫҒыс қазақстанның жеті кереметі» облыстық байқауының Өткізілу ережесі Бұл ереже «Шығыс Қазақстанның жеті кереметі» (одан әрі – байқау) облыстық байқауының өткізілуін, ұйымдастырылу тәртібін қадағалайды... |
![]() | Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу Маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін... | ![]() | «менің елім мәҢгілік ел» атты балалардың республикалық шығармашылық радиобайқауының ережесі Жас ұрпақты этносаралық үйлесім мен ұлттар татулығын, халықтар достығын сақтауға үйрету |
![]() | 2014 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында пәндік олимпиада өткізу кестесіне «2014 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында пәндік олимпиада өткізу кестесіне» сәйкес Қорқыт Ата атындағы Қызылорда... | ![]() | 66 баспасөз релизі Стастистика комитетінің ресми деректері бойынша 2015 жылғы қарашада инфляция 3,7%-ды (2014 жылғы қарашада – 0,6%) құрады. Бұл ретте... |
![]() | 1932 жылы Жуалы ауданындағы Талапты ауылында туған Мәскеудегі Ломоносов атындағы мемлекеттік университетті бітірген. 1963 жылы «Жазушы» баспасының редакторы, республикалық «Лениншіл... | ![]() | Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»... |