Қолы) (аты-жөні)




НазваниеҚолы) (аты-жөні)
страница7/14
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.34 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/УМКД_Деректану_07301,07303.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
13 дәріс

Тақырыбы: Жылнамалар және жылнаматану.

Дәрістің мазмұны:

Қазақстанның солтүстік бөлігінің тарихы жөніндегі маңызды деректер Сібір жылнамалары: Строганов жылнамасы (ХҮІІ ғ, ортасы шені шамасында), С. Есиповтың «Сібір жылнамалары» (1687 ж.) және «Ремезов жылнамасы» (ХҮІІғ. аяғы – ХҮІІІ ғ. басы) болып табылады. Оларда бұл аумақтағы және сібірдегі тайпалардың, соның ішінде керейіттердің (керейлердің) орналасуы туралы, бұл жерде, Сібір жұртында керейден шыққан Тайбұғы әулетінің, содан соң Сібір хандығындағы Шайбани әулетінің билік етуі туралы мәліметтер бар. Ресейдің Орталық (ЦГАДА, АВПР), сондай-ақ жергілікті мұрағаттарда сақтаулы материалдар мен құжаттарда Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Жоңғария, Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы хандықтар жөніндегі Ресей саясаты ғана көрсетіліп қоймайды, сонымен қатар бұл мемлекеттердің ішкі өмірі, олардың қарым-қатынасы туралы да мол ақпарат келтіріледі. Жарияланған және жарияланбаған бұл материалдар арасында хандар мен патшалардың грамоталары мен жолдаулары, дипломатиялық миссиялар басшыларының есептері, жазбалар, күнделіктер, «ертегілер», «сұралып алынған сөздер», қолтаңбалар және т.б. бар.

ХҮІ ғасырдағы белгілі тарихшы және әдебиетші Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың «Тарихи Рашиди» деген шығармасы ХІҮ-ХҮІ ғасырлардың басында Қазақстан аумағы мен көрші аумақтарда өмір сүрген ірі мемлекеттердің бірі Моғолстан тарихына арнайы арналған. Бұл еңбек – Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін де аса маңызды бастапқы деректеме. Онда тоқсан жыл ішіндегі қазақ хандарының тарихы тым қысқа болғанымен, дәйекті түрде баяндалған.

Шонжарлардың жоғарғы топтарына жататын Мырза Мұхаммед Хайдар ибн Мұхаммед Хұсайын Дуғлат (1499-1551 жж.) Моғолстанның аса ірі тайпаларының бірінен шыққан. Мырза Мұхаммед Хайдардың ата-бабалары – дуғлат тайпасының әмірлері мен бектері – Моғолстан мемлекетіне кірген Оңтүстік Шығыс Қазақстанның, Қырғызстанның, Шығыс Түркістанның саяси тарихында зор рөл атқарған; олар аса маңызды мемлекеттік қызметтер атқарып, ұлысбектер болған.

Мырза Мұхамед Хайдар хижра бойынша 905 жылы (1499/1500 жж.) сол кезде моғол хандарының билігінде болған Ташкентте туған. Оның анасы Моғолстан ханы Сұлтан Жүністің кіші қызы болған, ал Сұлтан Жүніс белгілі мемлекет қайраткері, тарихшы және ақын Захир ад-дин Бабыр мен Моғолстан ханы Сұлтан Сайидтің немере туысы еді. Мырза Мұхаммед Хайдар 1512 жылы 1533 жылға дейін Сұлтан Сайид ханның сарайында болып, билеушінің мұрагері Абд ар-Рашид сұлтанды тәрбиеледі. 1533 жылы Абд ар-Рашид хан дуғлаттардың жоғарылауынан қауіптеніп, оларға жазалау шараларын үйіп төкті. Мұхаммед Хайдар Кашмирге қашып барып, Үндістан, Ұлы Моғолдар билеушілері атынан 1551 жылдағы шайқастардың бірінде өлтірілгенге дейін билік етті.

Мырза Мұхаммед Хайдар жақсы білім алған, өз дәуірінің саяси оқиғалары мен қайраткерлерінен хабардар болды. Ол түркі тілінде әдеби шығармалар жазғанымен де, мұсылман тарихнамасына тарихи «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы ретінде енді. Шығарма 1542-1546 жылдары Кашмирде ортаазиялық парсы тілінде жазған. Екі бөлімнен – дафтардан тұрады.

І дафтар Моғолстанның Шағатай ұрпақтарынан шыққан хандардың тарихынан тұрады.

ІІ дафтар автор 1541 жылға дейін жеткізген мемуарлар болып табылады.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. . Орыс тарихнамасында таихи деректерді бірінші болып сынаған кім?

  2. А.С.Лаппо-Данилевский жазба деректерді ғылыми талдаудың қандай түрлерін ұсынды?

  3. Деректерді зерттеудің «партиялық принципі» дегеніміз не?

14 дәріс

Тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті

Дәрістің мазмұны:

Камал ад-дин Бинаи (1453-1512 жж.) – әдебиетші, «тәжік өлеңдерінің керемет шеберлерінің бірі» Гератта, Иракта, Самарқанд пен Бұхарада тұрған, Мұхаммед Шайбани ханға қызмет етуге көшіп, 1505-1510 жылдар аралығында оған арнап «Шайбани-наме» және «Футухат-и хани» деген екі тарихи еңбектерін жазған.

Камал ад-дин Бинаи жастық шағынан бастап, Мауараннахрда Темір ұрпақтары мемлекетінің құлауына дейінгі (1502-1503 жылдарға дейінгі) Мұхаммед Шайбанидың өмір жолын баяндаған. Ол Темір ұрпақтарының күйреуіне Мұхаммед Шайбанидың әскер күші мен қолбасшылық талантынан гөрі, Орта Азияның бұрынғы билеушілері мен шонжарларының арасындағы өзара қырқыстар мен кикілжің себеп болғанын көрсеткен.

Камал ад-дин Бинаидың қазақтар мен Қазақстан туралы мәліметтері көп әрі маңызды. Бинаи Әбілқайыр ханнан кейінгі Шығыс Дешті Қыпшақтағы жағдайы туралы, оның ұлы Шайх Хайдар ханның билікті қолдан шығарып алғаны туралы, оған Жошы ұрпақтарының, соның ішінде қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің, сондай-ақ маңғыт мырзаларының қарсы шыққаны туралы, Сыр өңірі қалалары аймағында ықпал жасау жолындағы күрес туралы сөз етеді. Түркістанның Отырар, Сығанақ, Сауран қалалары туралы материалдары, сондай-ақ Дешті Қыпшақтың құсшы, қоңырат, қият, өзбек, қазақ, башқұрт және басқа да түркі тілдес халықтарының құрамына кірген өзге тайпалары туралы мәліметтер құнды.

Молла Шадидің өлеңмен парсы тілінде жазған «Фатх-наме» («Жеңістер Кітабы») 1501 жылға дейінгі оқиғаларды қамтиды. Мұхаммед Шайбани ханның тапсыруымен жазылған. Оның мазмұны «Таварих-и гузида-йи нусрат-намедегі» оқиғаларының баяндалу үлгісіне сәйкес келеді. Қазақстан тарихы бойынша алғанда оның аумағында Шайбани ұрпақтарының биліктен айырылу кезеңінің сипаты көп жағынан Бинаидың материалдарына ұқсас. Алайда шайбанилер тобының басқа шығармаларда жоқ бірқатар мәліметтер, мысалы, Әбілқайырдан кейін Шығыс Дешті Қыпшақта Жәдігер ханның билік етуі туралы хабар да бар. Дастан мәтінін аударушы және зертеуші В. П. Юдин өз еңбегі үшін Молла Шади қосымша ақпарат көздерін, атап айтқанда, хандар мен олардың серіктерінің өздері ауызша айтқан әңгімелерін немесе «Таварих-и гузиданың» неғұрлым толық редакцияланып үлгірмеген қолжазбаларын пайдаланған деп топшылайды.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. Атрибуция дегеніміз не?

  2. Деректердегі қайшылықтарды ашудың қандай жолдарын ұсынуға болады?

  3. Шынайлық проблемасы мен өкілеттілік проблемасының түсініктері неде?

15 дәріс

Тақырыбы: Ортағасырлық жазба ескерткіштер.

Дәрістің мазмұны:

Қазақтың жалайыр тайпасының өкілі Қадырәли бек (Қадырғали, 1530-1605 жж.) бізге дейін жеткен, шартты түрде «Жами ат-таварих» дейін тұңғыш тарихи еңбегін жазды. Бұл шығарма ауызша тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің тарихи жинағы (ХІҮғ.) негізінде жазылған. Белгілі би Қадырәлі бек Ондан сұлтанға, ал одан соң олардың ұлы Ораз-Мұхаммедке қызмет еткен. Қалмақтардың қолынан Ондан сұлтан өлгеннен кейін Қадырғали Ораз-Мұхаммдепен бірге Көшім ханның қамқорлығымен Сібір хандығына қоныс аударған. Мұнда ол Сібір хандарына кеңесші болып қызмет еткен. 1588 жылы Сібір воеводасы Д. Чулков Ораз-Мұхаммедті оның барлық туысқандарымен және нөкерлерімен алдап, тұтқынға түсіріп, оларды Қадырғалимен бірге Москваға аманат етіп жіберді. 1592 жылы Федор Иванович патша Ораз-Мұхаммедке Касимов хандығынан жер бөліп берді. Ал 1600 жылы Борис Годунов оны Касимов қаласының ханы етіп қойды, 1602 жылы Қадырғали өз туындысын сонда жазды, онда Рашид ад-Дин еңбегінің Шыңғыс хан мен оның мирасқорлары тарихымен байланысты жекелеген бөлімдерінің қысқаша мазмұны келтіріледі.

Жалпы дәстүр мен мәдениет негізінде парсы тілді шығармалармен біріктірілген және негізінен Орта Азия мен Шығыс Түркістанда жазылған түркі тілді әдебиет ескерткіштері соңғы орта ғасырлар дәуіріндегі Қазақстан тарихы жөніндегі нарративтік деректемелер арасында маңызды орын алады. Оларда орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының қазақ халқы құрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуымен және дамуымен, сондай-ақ ХҮ-ХҮІІІ ғғ. басындағы қазақ қоғамы өмірінің көрінісін жаңғыртып көрсетумен байланысты кезеңнің ерекше маңыздылығын баяндаған едәуір мәліметтер бар.

Жалпы тарих бойынша «Зубдат әл-асар» («Маңызды жылнамалар») деген шығарманы басқа бір деректер бойынша Абдаллах Балхи (ХҮ ғасыр аяғы – ХҮІ ғасыр басы) ретінде белгілі Абдаллах бен Мұхаммед жазған. ХҮІ ғасыр басында ол Хорасанды көшпелі өзбектердің ханы Мұхаммед Шайбани біржола жаулап алғанға дейін Темір ұрпақтарына қызмет еткен. Сонан соң ол шайбанилерге қызмет етуге көшеді. Абдаллах Балхи өз еңбегін Шахрухияның кейіннен Ташкенттің билеушісі Келді-Мұхаммед сұлтанның тапсыруымен жазылған. Құрастырма хроника болып табылатын шығармада мұсылман әулеттерінің тарихы баяндалады. Оқиғаларды суреттеу 1525 жылға дейін жеткізіледі. Еңбектің ХҮІ ғасыр алғашқы ширегі үшін ғана түпнұсқа деректеме ретінде маңызы бар. Бұл кезеңнің оқиғаларын автор өз әсерлері және замандастары мен оқиғаларға қатысушылардан алынған ақпарат негізінде берген. «Зубдат әл-асарда» қазақтардың саяси тарихы мен олардың билеушілері жөнінде нақты материал бар. Мұхаммед Шайбани ханның 1510 жылы өзбектердің жеңісімен аяқталған қазақтарға жорығы туралы айтылады. Басқа деректермен қатар, Қасым ханның Түркістан мен Ташкентке жорығына байланысты мәліметтер де келтіріледі.

Тарихшы, ақын, билеуші – Үндістанда Ұлы Моғолдар империясының негізін салушы Бабырдың (1483-1530) тарихнамада «Бабыр-наме» («Бабыр жазбалары») деген атпен белгілі болған еңбегі орта ғасырлардың тамаша тарихи-әдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады. Жас кезінде бабыр Ферғананың мұрагер билеушісі болған. Уақыт өте келе Орта Азияда Темір ұрпақтарының орталықтанған мемлекетін құру жолындағы өзара қырқысқан күресіне белсене қатысады. Алайда Дешті-Қыпшақтан келген Мұхаммед Шайбани Темір ұрпақтары әулетінің түбіне жетті. Бұл жағдай Бабырды 1504 жылы Ауғанстанға кетуге мәжбүр етіп, сол жерден ол Орта Азия мен Үндістанға жорықтар жасады. 1526 жылы Бабыр Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалап, онда 1530 жылға дейін билік етті.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. Фольклор дегеніміз не, қанша жылдық тарихы бар?

  2. Ауыз әдебиеті туындыларымен айналысатын 1989 ж. қандай ғылыми орталық құрылды?

  3. Тарихи өлең жырлар мен әңгімелердің бүгінде қанша нұсқасы сақталған

16 дәріс

Тақырыбы: Заң актілері - тарихи дерек көзі..

Дәрістің мазмұны:

Жазба деректердің мынандай түрлерін атауға болады: жылнамалар, заң актілері, жеке актілері, іс қағаздық құжаттар, жеке адамдық деректер (хаттар, күнделіктер, заманхаттар), әдеби ескерткіштер, публицистикалық және саяси шығармалар, ғылыми еңбектер, мерзімді басылымдар. Бұрынғы совет халқының 70 жылдан астам өмірінде өшпес қайғылы із қалдырғандықтан, марксизм-ленинзм классиктерінің еңбектері, КОКП- ның құжаттары, партия көсемдерінің еңбектері де жазба деректердің түрі болып табылады.

Дегенмен, жазба деректердің бұл түрлері мәңгі бақи қатып қалған түрлер емес. Кей түрлер біртіндеп дамуы бәсеңдейді және жойылады (жылнамалар), кей түрлер, керісінше тез қарқынмен дамиды, сөйтіп түрлер ішінде құүжаттар кешенін құрайды. Бір сөзбен айтқанда, түрлер эволюциясы жүріп жатады. Бұл эволюциясы негізгі екі бағытта жүреді:

  • біріншісі, түрлер ішінде жаңа топтар мен әр түрліктердің пайда болуы, бұл деректердің жалпы диференциялану процесінің, олардың сандық әр алуандылығының өсуінің көрінісі. Мысалы, баспасөздің, мерзімді басылымының пайда болуының алғашқы кезеңінде олар өте әлсіз мамандырылған болса, ХIХ ғасырдың екінші жартысынан бастап салалы мерзімді басылым тез қарқынмен дами бастады. Соңғы жылдары көптеген тәуелсіз газеттер пайда болды.

  • Екіншісі, тарихтың әр түрлі кезеңінде деректің әлеуметтік функцияларының трансформациялануы. Бұл оның мазмұнының елеулі өзгерістерге ұшырауына әкеліп соғады. Мысалы, мерзімді басылым пайда болған кезінде негізінен ақпарат тарату функциясын атқарса, XIX ғасырда идеологиялық қару фунциясын атқарып, ал «социализм» кезеңінде баспасөз бүкіл мемлекет көлемінде халықты алдау, жаппай мәңгүрттендіру міндетін атқарады.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. Фольклортанушы Р.Бердібайдың деректану ғылымына қосқан үлесі?

  2. Е.Бекмаханов өз монографиясында фольклордың қандай ерекшеліктеріне тоқталды?

  3. Шежіретанушы ғалымдарды, олардың еңбектерін ата?

17 дәріс

Тақырыбы: Батырлар жыры – қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес тарихының дерегі.

Дәрістің мазмұны:

Жоңғарлар қазақтардың жері мен халқын күйзеліске ұшыратып, халықтың бір бөлігін тұтқынға алып, Талас алқабы арқылы Сырдарияға шыққан. Босқан қазақтардың бір бөлігі Сырдарияның төменгі ағысына ығысып, бір бөлігі Самарқан жағына кетуге мәжбүр болған. Жоңғар әскерінің саны және олардың ұрыс қимылдарын жүргізу әдістері туралы деректер бар. Қарастырылып отырған деректемеде жоңғарларға қарсы күрес кезеңінде қазақтар үшін, тегінде, ең күйзелісті және ауыр болған апатты жыл – 1723 жылдың бүкіл қайғы-қасіреті ашып көрсетіледі. Деректеменің географиялық материалдары жоңғарлардың Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз аумағына жасаған басқыншылық жорықтарының ауқымдылығын неғұрлым нақты көзге елестетуге мүмкіндік береді және оқырмандарды жоңғарлар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін барлық қазақтарды біріктіру мәселесін жедел шешуге арналған тарихи оқиғаның – Ордабасындағы хандар, билер, батырлар және рубасылары бас қосқан кеңесінің дер кезінде және жоғары мақсатта өткізілгенін түсінуге жетелейді.

Ресейдің Орталық (ЦГАДА, АВПР), сондай-ақ жергілікті мұрағаттарда сақтаулы материалдар мен құжаттарда Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Жоңғария, Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы хандықтар жөніндегі Ресей саясаты ғана көрсетіліп қоймайды, сонымен қатар бұл мемлекеттердің ішкі өмірі, олардың қарым-қатынасы туралы да мол ақпарат келтіріледі. Жарияланған және жарияланбаған бұл материалдар арасында хандар мен патшалардың грамоталары мен жолдаулары, дипломатиялық миссиялар басшыларының есептері, жазбалар, күнделіктер, «ертегілер», «сұралып алынған сөздер», қолтаңбалар және т.б. бар.

«Мин шилу» – көптеген императорлар билеуінің хроникасы, онда олардың күннен күнге жасаған қызметі туралы жазбалар бар. Қытай әскерлерінің Орталық Азия халықтарына қарсы соғыс қимылдарының әзірленуі мен барысының мәселелері, сарайда олардың елшілерін қабылдау көрсетілген.

«Мин хой яо» – тақырыптық белгісі бойынша жасалған тарихи құрама еңбектің үлгісі. Онда шет жерлердегі елдер, олардың орналасқан жерлері, қалалар, халықтардың әдет-ғұрыптары, елшілік байланыстары туралы мәліметтер бар.

Қытай деректері белгілі мұсылман деректерін өзінің жүйелілігімен, уақыт жағынан ұзақтығымен және жан-жақтылығымен едәуір толықтыра түседі.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. Шежірені зерттеу қандай бағыттарда жүзеге асты?

  2. Ш.Құдайбердіұлы еңбектерінің деректану ғылымында алатын орны?

  3. Үш жүзге кіретін руларды ажырат?

18 дәріс

Тақырыбы: Мерзімді басылымдар – жаңа дерек көздерінің маңызды түрі..

Дәрістің мазмұны:

Қазақстанның жергілікті мерзімді баспасөзіндегі тарихи материалдар да аз емес. Бұлар – орыс тіліндегі, ал одан соң қазақ тіліндегі газеттер, альманахтар, жинақтар. Олардың жұмысына саны шағын зиялылар тартылды. Мәселен, атап айтқанда ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде «Туркистанские ведомости» (1870-1882), «Акмолинские областные ведомости» (1888-1902) газеттеріне қазақ тілінде қосымшалар шығару жолға қойылды.

Сол кез үшін қазақ тіліндегі ірі мерзімді басылым «Айқап» журналы (1911-1915) болды. Журнал жаңалық, озық қадам атаулыны жақтады, шаруашылықтың жаңа нысандарын және тауар-ақша қатынастарын дамытуды насихаттады. Оған қазақ зиялыларының демократиялық ниеттегі өкілдері: Мұхамеджан Сералин (журналдың баспагері), Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев, Бақытжан Қаратаев, Жансұлтан Сейдалин, Әбдіғазиз Мұсағалиев және басқалар жазып тұрды.

1913 жылдың ақпанынан бастап 1918 жылдың күзіне дейін «Айқапқа» қарағанда әлдеқайда көп таралыммен Орынборда шығып тұрған газет «Қазақ» газеті болатын. Оның бас редакторы – Ахмет Байтұрсынов, баспагері – Мұстафа Оразаев болды. Газетке Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, Ш. Құдайбердиев, Т. Құнанбаев және басқалар үзбей жазып тұрды. Газет беттерінде жарық көрген проблемалардың негізгі және кең ауқымы («Дума және қазақтар», «Дума және соғыс», «Жобаланып жатқан заңдар туралы», «Қоныстанушылар туралы», «Қазақтар және жер мәселесі», «Шаруашылықтың өзгеруі», «Деннің саулығы, рухтың саулығы», «Аурулар туралы», «Оба жөнінде», «Білім беру туралы», «Қазақша білім беру туралы», «Бастауыш мектеп», «Мектептің мұқтаждары», «Оқу уақыты», «Қазіргі соғыс», «Соғыс туралы», «Г. Дума және солдат мәселесі», «Қазақтардан солдат алына ма?») газет мүдделерінің сан қырлы екенін және ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының ішкі және сыртқы өмірінің өміршең проблемаларына жауап іздестіргенін көрсетті. Газет беттері – қазақтардың шаруашылық, мәдени, рухани және әлеуметтік-саяси тарихының аса бай деректер көзі.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.

  1. Ең алғашқы шежірені жинақтап, зерттегендер кімдер?

  2. «Бехистун» жазбаларында сақ тайпалары туралы қандай мәліметтер беріледі?

  3. «Авеста» мәтінінің маңызы неде?

19 дәріс

Тақырыбы: Бүркеншек есімдер проблемасы.

Дәрістің мазмұны:

Жазба деректердің эволюцияға ұшырауы әр түрлі факторлар кешенінің мақсаты, әсер етуімен жүреді:

а) Әлеуметтік –экономикалық формацияның өзгеруі –жазба деректердің түрлік өзгеріске ұшырауының маңызды факторы.

ә) Түрлердің эволюцияға ұшырау процесінде әр түрлі формацияның жеке кезеңдері мен дәуірлері де үлкен рөл атқарады, бұл ең алдымен қоғаның әлеуметтік- саяси құрылымының өзгеруіне байланысты.

б) Кейбір түрлердің эволюцияға ұшырауына ірі тарихи оқиғалар, құбылыстар да әсер етеді. Мысалы, қазан төңкерісі,КСРО-ның күйреуі, Қазақстанның тәуелсіздік алуы, т.б.

в) Байланыс- қатынас құралдарының дамуына байланысты ғылым мен техника саласында болған ірі жаңалықтар да түрлер эволюциясына әсер етті.

Сонымен, өзінің тарихи даму барысында жазба деректердің әр алуан түрлері үнемі эволюциялық өзгерістерге деректердің формасына және мазмұнына әсер еткенімен, олардың әлеуметтік функцияларын недәуір өзгерістерге ұшратқанымен, олардың негізгі түрлік ерекшеліктерін сақтайды. Демек, түрлердің өзгеруі- табиғи-тарихи процесс

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. Қытай және араб саяхатшыларының еңбектерінен қазақтардың қандай территориясына, ру-тайпаларына қатысты құнды деректер таба аламыз?

  2. Орхон-Енисей өзені бойынан табылған көне жазулардың уақыты?

20 дәріс

Тақырыбы: Ұлт-азаттық күрестерге қатысты деректер.

Дәрістің мазмұны:

Генерал-майор А. Тевкелевтің Орынбор өлкесі мен қазақ жүздері туралы «Әр түрлі қағаздары» әсіресе өлкені отарлаудың басталуына байланысты шын мәнінде бірінші дәрежелі орын алады.

А. И. Тевкелев патша шенеуніктерінің арасында аймақтағы көптеген түрік халықтарының тұрмысын, әдет-ғұрпы мен құқықтық нормаларын жақсы білген өте беделді адам болатын. Патша мен Ресейге әбден берілген адам ретінде ол Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарын Ресей бодандығына қабылдаудың бастауында болды, күрделі, ал кейде қауіпті де дипломатиялық міндеттерді орындады.

Деректемелердің екінші тобын құжаттар мен материалдар жинақтары – «ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары» және «ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары» құрайды. Кеңестік кезде жарияланған жинақтарда Кіші жүз бен Орта жүзді Ресейге қосудың бас кезіне, бұл үрдістің барысы мен дамуына, оған қазақ хандарының қатысуына, А. Тевкелевтің және Орта жүздегі башқұрттар елшілігінің (Абылай ордасында) қызметіне, Абылайдың 1771 жылы хан атағын алуына қатысты материал бар.

Бірқатар мәліметтер қазақ хандарының Пугачевпен келіссөздерге, ал қазақ жасақтарының Орынбор мен басқа да бекіністерді қоршауға қатысқанын дәлелдейді.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысына қатысты материалдар қазақтардың Ресеймен, соның ішінде Кенесары Қасымовтың көтерілісі кезеңіндегі өзара қатынастарының экономикалық, сауда-саттық және басқа да жақтарын ашып береді.

ХІХ ғасыр деректемелерінің ақпаратына тән ерекшелік көтерілістердің бірнеше ошақтарының тууы болатын. Бөкей Ордасындағы шаруалардың Исатай Тайманов бастаған 1836-1837 жылдардағы бой көрсетуімен бір мезгілде дерлік Орта жүз бен Кіші жүзде патша өкіметіне қарсы Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс (1837-1847) бұрқ ете түсті, кейініректе 1856-1857 жылдарда Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған Сыр өңірі қазақтары тәуелсіздік жолындағы күреске көтерілді, ал 1855-1858 жылдарда Кіші жүз аумағында Есет Көтібаров басшылық еткен қазақтар Орынбор жазалау отрядтарына қарсы қимыл жасады. Қазақ шаруалары бой көрсетулерінің арасында ұзақтығы жөнінен де, қарқындылығы жөнінен де айырмашылық болды. Алайда құжаттар бұл көтерілістердің негізгі күші өз бостандығы мен дербестігін қорғаған қазақ шаруалары болғандығын растайды. Қазақтар және олардың өз жерін Ресейге қосу аяқталғанға дейінгі өкімет орындарына қарсы бой көрсетулері туралы алуан түрлі фактілер бар бірқатар тарихи материалдар жалпы Түркістанды жаулап алуға қатысты ертеректе жарық көрген жарияланымдарда оқырмандар назарына жеткізілді.

1930 жылдарда кеңестік тарих ғылымында патшалық Ресейдің ұлттық шет аймақтарындағы азаттық қозғалыстарының тарихы архив материалдары бойынша іздестірілді. Мұрағатшылар көтеріліс мәселелерін және Исатай Таймановтың патша мен ханның билік орындарымен көтеріліс кезеңіндегі өзара қатынастарындағы жеке рөлі көрсетілетін бірнеше құжат жариялады. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік архивінің қорларындажинақталған құжаттар мен материалдар жинағында Бөкей Ордасындағы көтеріліс мейлінше толық деректі көрініс тапты. Қазақ және орыс тілдеріндегі құжаттар көтеріліс туралы біздің білімімізді толықтыра түседі және Бөкей Ордасындағы қазақ қоғамының қалың тобы наразылығының себептерін, көтеріліс қамтыған аумақты, көтерілісшілердің әлеуметтік және рулық құрамын, күрестің қиын-қыстау жағдайларында И. Таймановтың жалтақтық көрсетуінің негізгі сырын, патшалық өкімет орындарының Жәңгір ханмен хат алысуының басты себептерін, олардың халық бұқарасымен күресінің әдістерін және басқа мәселелерді неғұрлым толық анықтауға мүмкіндік береді.

Тұтас алғанда, жинақтарды шығарушылардың алдында Ресей империясына қазақтардың өз еркімен қосылғандығын, ал ең бастысы – бұл үрдістің прогресшілдігін дәлелдеу, яғни кеңестік өмір шындығының көптеген он жылдықтар бойы тарихнамада санаға сіңіріліп келген идеяларын деректер арқылы негіздеу мақсаты тұрғанын айта кеткен жөн. Алайда жинақтардың материалдарына сын көзбен қараған жағдайда, зерттеушілер өлкені отарлаудың басталуы мен барысы, қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігіне империя енгізген саяси, шаруашылық және құқықтық өзгерістер туралы алуан түрлі мәліметтер алады.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. Орхон-Енисей жазуының құпия сырын ашып, оқу заңдылығын анықтаған ғалым?

  2. 26 таңбадан тұратын (руна жазуы) күміс тостағанша қай жерден табылды?

  3. Жылнама дегеніміз не және орыс жылнама тарихы қандай кезеңдерді қамтиды?

21 дәріс

Тақырыбы: Демографиялық статистика, қазақ диаспорасының этнодемографиялық мәселелері.

Дәрістің мазмұны:ХҮІІІ-ХХ ғасырдың бас кезі кезеңіндегі қазақтар тарихы жөнінде тарихи деректемелердің ауқымы кең, оларда Қазақстанның және онымен көрші мемлекеттердің аумағында болған тарихи оқиғалар мен фактілерді көрсететін ақпарат бар.

Бұл деректемелер өзінің түрі мен мазмұны жағынан алуан сипатта. Олар жазбаша, ауызша және заттай деректемелері түрінде болып келеді. Жазбаша және заттай тарих деректемелердің көпшілік бөлігі зерттеушілердің назарын аударып, ғылыми айналымға енгізілді.

Қазақтардың жаңа тарихының кезеңі Ресей мен Батыс Еуропа, Шығыс Қытай және мұсылман деректемелерімен қатар дәстүрлі қазақ деректемелері – шежіренің өзінде баяндалған. Қазақ шежірелерінің материалдары деректеметанушылық талдау жасаған кезде құнды тарихи мәліметтер болып табылады. Алайда қазақ шежірелеріне ұзақ уақыт бойы тиісінше ғылыми-зерттеушілік көңіл бөлінбей, тарих ғылымының деректемелік ізденістері шеңберінен тыс қалып келді, өйткені бел алып тұрған тоталитарлық жүйе мен идеологиялық цензура ұлттық тарихи деректемелерді пайдалануға тыйым салды. Кеңестік тарихнама мен деректеметанудың қазақтардың тарихи деректемелері ұмыт қалдырылған кездегі кемшілігі де осыдан шығады. Тарихшылар үшін деректемелердің бұл санатын ғылыми проблемалар шеңберіне енгізу қауіпсіз де болған жоқ, өйткені ғалымдарды (мысалы, Е. Бекмахановты, Ә. Марғұланды) тікелей қудалау жәйттері де болды, олар кеінгі тарихшыларды қазақтардың тарихи деректемелерін ғылыми талдау мен зерттеу проблемасын орағытып өтуге мәжбүр етті.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. Хронографтар дегеніміз кімдер?

  2. Жылнамаларға тән сипат, қандай факторлармен анықталады?

  3. Жылнамаларды ғылыми зерттеп, оларды жариялауда кімдерді атауға болады?

22 дәріс

Тақырыбы: Кино, фото, фоно және бейне фильмдер.

Дәрістің мазмұны:

ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақтар тарихы жөнінде жарияланған деректемелер мазмұны жағынан да, түрі жағынан да әр түрлі. Бірінші тобы қазақ даласы мен оған жапсарлас жатқан жерлерде болып, көзімен көргендердің жазбаларынан, қазақтар және олар қатысқан оқиғалар туралы мәліметтер бар материалдардан тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, жоңғар билеушісі Цеван-Рабтанда болған Иван Унковскийдің күнделіктері мен жолжазба дәптеріндегі мәліметтер назар аударуға лайық. Бұдан біз қазақтардың жоңғарлар жаулап алған Жетісу жері, жоңғарлардың Ұлы жүздің рубасыларын бағындыруы туралы ақпарат аламыз. Онда ойраттар жетекшілерінің есімдері және жер-су аттары келтіріледі. Атап айтқанда, олар жаулап алған Шу, Талас, Сарысу, Хантау, Ұлытау, Арғанаты жерлері және бірқатар қалала: Әулиеата, Сайрам, Созақ, Құлан, Шымкент, Ташкент және басқалар бар.

«ХҮІІІ ғасырдағы Сібір тарихының ескерткіштерінде» қазақтар туралы едәуір деректі материал бар. Қазақтар жоңғарларға қарсы күресу үшін Ресеймен одақ жасағысы келді. Мұндай келісімнің талаптары туралы 1716 жылы «Қайып хан мен бүкіл қазақ ордасының атынан» қазақ елшілері келегн Тобылда Сібір губернаторы М. Гагаринмен келіссөз жүргізілді. Бұл келіссөздердің материалдары, қазақтардың келесі, 1717 жылғы күресінің барысы, атап айтқанда Аягөз өзені жанындағы шайқас туралы мәліметтер, Әбілқайырдың 1718 жылғы патшаға жазған хаттары және басқа деректер, соның ішінде қазақ жасақтары туралы деректер қазақтардың сол кезеңде жоңғарларға қарсы күресінің нашар ұйымдастырылу себептерін ашып береді.

80-жылдардың аяғы – 90-жылдардың басында ғана қазақ авторларының тарих жөніндегі еңбектерін өмірге оралтып, қазақ шежірелерін жариялайтын мезгіл туды. Сөйтіп қазақ деректемелерін жаңа тарихи тұжырымдар тұрғысынан қарастыратын кез келді. Көшпелі қоғамның дәстүрі тарихи санасы шежіре шеңберінде қалыптасады. Ол көшпелілердің тарихи білімі құрылымындағы орталық өзек болып табылады, оның теориялық және қолданбалы маңызы тарамдалып, содан шығады. Бұл тарамдар шежіреде, біріншіден, нағыз генеологиядан, екіншіден, құрылым құрайтын ойдан шығарылған генеология ғана болып табылатын ирреалдық, үшіншіден, ежелден жеткен үн, «қария сөзі», «ескі сөз» – тарихи мифологиядан, сондай-ақ тарихи аңыздардан, эпикалық жырлардан – батырлар жырларынан, толғаулардан қалыптасып тарихи білімді құрайды.

Көшпелі қоғамда тарихтың мағынасы мен мақсатын түсіну басқа өркениеттер мен халықтардағы мұндай ұғымнан ерекше. Мысалы, христиан және мұсылман дүниесінің тарихнамасында тарихи ақпарат жинақтау жүйесіндегі негізгі принцип тарихи уақыт санаты болса, көшпелілерде ол тарихи тұлға санатымен ауыстырылған. Шежіреде тарихты және тарихи оқиғаларды дараландыру өзекті мағына болып табылады. Тарихи уақыт санаты тарихи кеңістік санатынан кейінгі үшінші орынға қойылады, ал бірінші қатарға қайраткер тарихи тұлға шығарылған. Тарихи уақытты есептеу тиісінше генеологиялық ұрпақтар мен тарихтың ең ірі оқиғаларына сәкес жүзеге асырылады, өйткені бұл, өз кезегінде, он екі жылдық циклды жыл санау қажет етілетін ғарышнамалық түсініктерге байланысты.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. «Бағзы замандар хикаясының» қандай түпнұсқалары (редакциясы) сақталды?

  2. Неге ежелгі орыс әдебиеті мен ежелгі қазақ дәуір әдебиетінің даму кезеңдері сәйкес емес?

  3. Қазақ әдебиетінің даму тарихын зерттеген әдебиеттанушы кім?

23 дәріс

Тақырыбы: Статистикалық деректер, олардың деректік ерекшеліктері

Дәрістің мазмұны: ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақтар тарихы жөнінде жарияланған деректемелер мазмұны жағынан да, түрі жағынан да әр түрлі. Бірінші тобы қазақ даласы мен оған жапсарлас жатқан жерлерде болып, көзімен көргендердің жазбаларынан, қазақтар және олар қатысқан оқиғалар туралы мәліметтер бар материалдардан тұрады. Осы тұрғыдан алғанда, жоңғар билеушісі Цеван-Рабтанда болған Иван Унковскийдің күнделіктері мен жолжазба дәптеріндегі мәліметтер назар аударуға лайық. Бұдан біз қазақтардың жоңғарлар жаулап алған Жетісу жері, жоңғарлардың Ұлы жүздің рубасыларын бағындыруы туралы ақпарат аламыз. Онда ойраттар жетекшілерінің есімдері және жер-су аттары келтіріледі. Атап айтқанда, олар жаулап алған Шу, Талас, Сарысу, Хантау, Ұлытау, Арғанаты жерлері және бірқатар қалала: Әулиеата, Сайрам, Созақ, Құлан, Шымкент, Ташкент және басқалар бар.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. «Бағзы замандар хикаясының» қандай түпнұсқалары (редакциясы) сақталды?

  2. Неге ежелгі орыс әдебиеті мен ежелгі қазақ дәуір әдебиетінің даму кезеңдері сәйкес емес?

  3. Қазақ әдебиетінің даму тарихын зерттеген әдебиеттанушы кім?

24 дәріс

Тақырыбы: Жеке адамдық құжаттар – тарихи дерек ретінде.

Дәрістің мазмұны:

Зерттеулердің келесі кезеңінде деректердің шынайылығын анықтау фактілерді бір-бірімен салыстыру арқылы жүреді. Осылай деректер мәліметтер беріп отырған фактілердің бірімен бірінің сәйкестігін немесе бірімен бірі қарама-қайшы келетіндігін анықталады. Фактілірдің сәйкес келуі мәліметтердің шынайылық дәрежесінің жоғары екендігін көрсетсе, керісінше бірін-бірі жоққа шығаруы олардың шынайылығына күмән тудырады. Авторлардың айтуынша деректанулық талдау жүргізу қорытындысына, тексерілген шындыққа жақын жекелеген тарихи фактілердің белгілі бір жиынтығы анықталуы керек. Тарихи зерттеулердің келесі кезеңі кітапта «Синтетикалық процестер» деп аталған. Бұл бөлімде тарихшы қалайша әр түрлі фактілердің басын біріктіріп, біртұтас еңбек етіп шығара алатындығы туралы айтылған. Қарастырылған бұл еңбектер өз кезінде ғалымдардың көңілін тарихшылардың деректермен, тарихи фактілермен жұмыс істеу методының ортақ мәселелеріне аударды, тарихшының кәсіби еңбегінде деректану ғылымының қандай орын алатындығын көрсетті. Университет профессорлары дайындаған бұл кітаптар «дерек», «құжат», «деректану», «деректерді сынау» сияқты түсініктерді ғылыми айналымға кеңінен енгізді. Тарихи құжаттарды сақтау орындары (ішінде мұрағат құжаттарын да) жазба, ауызша, заттай деректердің әр түрлері туралы мол мәлімет берді.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.

  1. Қазақ әдебиетінің даму тарихын зерттеген әдебиеттанушы кім?

  2. Ежелгі дәуір әдебиеті қандай ғасырлырды қамтиды және өз кезегінде қандай хронологиялық дәуірлерге бөлінеді?

  3. Қ.Жалаири өзінің «Жылнамалар жинағын» орыс патшасы кімге сыйға тартты?

25 дәріс

Тақырыбы: Саяси қуғын-сүргін құжаттары – ұлт-азаттығы жолындағы күрес тарихының дерек көзі.

Дәрістің мазмұны:

1731 жылдан бастап Ресейге қосылу үрдісімен тікелей байланысты материалдар, негізінен алғанда патша үкіметінің заң актілері, қазақ даласында болып кеткен ресми адамдардың хабарламалары және лауазымды адамдар, ақсақалдар, билер жазған құжаттар. Жинақтың материалдары мынадай бөлімдер бойынша жүйеленген: Қазақстан Ресейге қосылған кезден бастап қазақ хандары мен патша үкіметінің өзара қатынастары; шекаралық соттар мен жазалаудың ұйымдастырылуы; ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы реформаға дейін Сібір ведомствосының қазақтарын басқару; 1867 жылдан бастап Жетісу және Сырдария облыстарын басқару; 1868 жылдан бастап Дала облыстарын басқару; 1886 жылдан бастап Түркістан өлкесін басқару; 1891 жылдан бастап Дала генерал-губернаторлығын басқару. Сонымен жинақта 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы жарғы», 1844 жылғы «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже», 1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережелер», 1886 және 1891 жылдардағы ережелер бар. Оқырман ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар бойында Қазақ даласында болған әлеуметтік-саяси сипаттағы барлық өзгерістер туралы мағлұмат алады. Бұл топқа ХҮІІІ және ХІХ ғасырлар шебінде Қазақ даласы өмірінде болған әр түрлі оқиғаларды көрсететін, жеке кітап етіп шығарылған құжаттар жатады, өкінішке қарай, ол кітап алғаш көп томдық болып жоспарланған басылым томдарының бірі болып қалды. Қазақстан тарихы (1785-1828) жөніндегі аталған жинақта Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылық еткен ірі бой көрсетуі туралы едәуір материалдар бар. Көтерілістің себептері, оның өрістеуі, ол жөнінде патша әкімшілігі тарапынан жасалған әрекеттер және, әрине, нәтижелері туралы деректемелер оның қаншалықты құлаш жайғанын, әлеуметтік бағытын және сәтсіздікке ұшырау себептерін көрсетеді. Деректемелер шаруалардың бой көрсетулеріне тән белгілер – стихиялылығы мен ұйымдаспағандығын, күрестің айқын мақсаттары болмағандығын аңғаруға көмектеседі, алайда, көзімен көргендер көтерілістің негізгі себептері Кіші жүздегі жер мәселесінің шиеленісуінде деп біледі. Кейініректе КСРО ҒА мұрағатының басылымдарында шыққан материалдар олардың сипаты, зерттеулер қамтыған аудандардың басшы құрамы туралы мағлұматты көп жағынан толықтырып, кеңейте түседі. Ал онда сол экспедицияларға қатысушылар еңбектерінің толық тізімі жарияланған.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет

  1. Қ.Жалаири қазақ тарихы үшін маңызы зор тоғыз дастанды кімнің ұрпақтарына арнады?

  2. Мұхаммед Хайдар Дулатидың Бабырға туыстығы қандай және ол «Бабыр-наме» еңбегінде Дулатидың қандай қасиеттері туралы жазады?

26 дәріс

Тақырыбы: Н. Назарбаев еңбектер – тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі.

Дәрістің мазмұны:

ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен тарихи деректерімізді іздеп тауып, жиналуға, сақтауға және зерттеуге бағытталған 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік «мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, үкіметтің 2005 жылғы 1 наурыздағы №183 қаулысымен Ұлттық архиография және деректану орталығы ашылды.

Мұның бәрі қазақ зерттеушілердің деректану сияқты тарих ғылымының аса маңызды да күрделі саласын меңгеріп, оны өз деректерін тану мақсатында қолдана бастағандығын көрсетеді. Дегенмен, өркениетті бұл саладағы шыққан биігі және еліміздегі тарих ғылымының қазіргі жағдайы мен келешекте атқарар міндеттері тұрғысынан қарасақ, бұл – тым аз.

Соңғы жылдарда бұл бағытта Қазақстанда, дәлірек айтсақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде біраз жұмыстар атқарылды. Қазақстан тарихының деректанулық негіздерңмен, оның теориялық және методикалық проьлемалармен арнайы айналысу мақсатында тарих факультетінде 1998 жылы бірінші қыркүйекте Деректану және тарихнама кафедрасы ашылды. Деректану ғылымының қазақша ұғымдары мен терминдері жасалып, теориялық және методологиялық мәселелері мен методтары туралы қазақ тілінде ғылыми мақалалары мен бірнеше іргелі монографиялар жарияланады. Қолданбалы деректану бойынша алғаш рет ана тілімізде докторлық диссертация әзірленіп, қорғалды. Кейбір төл деректерімізді тану ісімен аспиранттар мен магистрлар айналыса бастада.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет

  1. М.Қашқари түркі тайпаларының этнографиялық деректері, тіл мәселесі, ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтап, баяндаған еңбегі қалай аталады?

  2. М.Қашқаридың сөздігін қазақ тіліне аударған кім?

  3. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастаны ортағасырлық қандай мемлекеттің саяси-әлеуметтік кезеңдерін баяндайтын дерек көзі болып табылады?

27 дәріс

Тақырыбы: Ресей империясының заң актілерін зерттеуіне қатысты деректер.

Дәрістің мазмұны:

Қазақстан тарихын зерттеуде ХІҮ-ХҮІІ ғғ. орыс құжаттары мен мұрағат материалдарының зор маңызы бар. Орыс жерлері Алтын Ордаға бағынған кезең жылнамаларда князьдардың Орданың билік орындарымен қарым-қатынастарының көптеген жақтары көрсетілген. Оларда Орданың ішкі, қоғамдық-саяси жағдайы туралы, атап айтқанда, ХІҮ ғасырдың 60-70 жылдарындағы Орда шонжарларының түрлі топтарының өзара қырқысқан күресі туралы айтылады. («И быть в Орде замятня велика»). Мамай, Тоқтамыс, Едіге, Әмір Темір заманына қатысты және бұл билеушілердің ыдырап бара жатқан Алтын Орданың тағдырына ықпал етуге және сол арқылы Москва Русіне, Литваға, Польшаға, олардың мемлекеттік орталықтану жолындағы күресіне кедергі жасауға тырысқан әрекеттерін сипаттайтын материал алуан түрлі.

Жылнамаға шаруашылық, халық туралы мәліметтер енгізілген, мысалы, кангиттер жерінің Батый иеліктерінен әрі орналасқаны көрсетілген. Жошы ұлысының батыс бөлігі үшін неғұрлым дәл, шығыс бөлігі үшін жанама географиялық деректер хабарлаған. Мысалы Үлкен немесе Алтын Орда астанасы Сарай қаласы болғаны, сонымен бірге Жайықтың арғы жағындағы барлық жер – орталығы Самарқандта болған «Көк Орда» деп аталғаны атап өтілген. Көк Орда деп «Ақсақ Темір басып алған» жерлер мен патшалықтар» арасында аталған, бірақ олардың ішінде Қытай да аталған, шынына келгенде бұл олай емес болатын.

Қазақстанның солтүстік бөлігінің тарихы жөніндегі маңызды деректер Сібір жылнамалары: Строганов жылнамасы (ХҮІІ ғ, ортасы шені шамасында), С. Есиповтың «Сібір жылнамалары» (1687 ж.) және «Ремезов жылнамасы» (ХҮІІғ. аяғы – ХҮІІІ ғ. басы) болып табылады. Оларда бұл аумақтағы және сібірдегі тайпалардың, соның ішінде керейіттердің (керейлердің) орналасуы туралы, бұл жерде, Сібір жұртында керейден шыққан Тайбұғы әулетінің, содан соң Сібір хандығындағы Шайбани әулетінің билік етуі туралы мәліметтер бар. Ресейдің Орталық (ЦГАДА, АВПР), сондай-ақ жергілікті мұрағаттарда сақтаулы материалдар мен құжаттарда Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Жоңғария, Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы хандықтар жөніндегі Ресей саясаты ғана көрсетіліп қоймайды, сонымен қатар бұл мемлекеттердің ішкі өмірі, олардың қарым-қатынасы туралы да мол ақпарат келтіріледі. Жарияланған және жарияланбаған бұл материалдар арасында хандар мен патшалардың грамоталары мен жолдаулары, дипломатиялық миссиялар басшыларының есептері, жазбалар, күнделіктер, «ертегілер», «сұралып алынған сөздер», қолтаңбалар және т.б. бар.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет

1. Ұғым дегеніміз не?

2. Деректанудың өзекті категориясы не болып табылады?

3. Деректерді жіктегенде неге сыныптау деп қарастырамыз?

28 дәріс

Тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихының деректері

Дәрістің мазмұны:

Қазақ ғалымдары мен зерттеушілерінің еңбектерінде деректанушылық ой әр түрлі дәрежеде кеңес өкіметінің кезінде де көрініс тапты. Әрине, әкімшілік партиялық билікке негізделген, тоталитарлық жүйе кезінде қалыптасқан саяси жағдай тарих ғылымының, оның ішінде деректану ғылымының да дамуына кері әсер еткендігі белгілі. Күні бүгінге дейін халқымыздың іргелі төл тарихының өз дәрежесінде жазылмауы, елімізде деректану ғылымының қалыптасып, жұмыс істей алмауымен тікелей байланысты.

Қазақтардың жаңа тарихының кезеңі Ресей мен Батыс Еуропа, Шығыс Қытай және мұсылман деректемелерімен қатар дәстүрлі қазақ деректемелері – шежіренің өзінде баяндалған. Қазақ шежірелерінің материалдары деректеметанушылық талдау жасаған кезде құнды тарихи мәліметтер болып табылады. Алайда қазақ шежірелеріне ұзақ уақыт бойы тиісінше ғылыми-зерттеушілік көңіл бөлінбей, тарих ғылымының деректемелік ізденістері шеңберінен тыс қалып келді, өйткені бел алып тұрған тоталитарлық жүйе мен идеологиялық цензура ұлттық тарихи деректемелерді пайдалануға тыйым салды. Кеңестік тарихнама мен деректеметанудың қазақтардың тарихи деректемелері ұмыт қалдырылған кездегі кемшілігі де осыдан шығады. Тарихшылар үшін деректемелердің бұл санатын ғылыми проблемалар шеңберіне енгізу қауіпсіз де болған жоқ, өйткені ғалымдарды (мысалы, Е. Бекмахановты, Ә. Марғұланды) тікелей қудалау жәйттері де болды, олар кеінгі тарихшыларды қазақтардың тарихи деректемелерін ғылыми талдау мен зерттеу проблемасын орағытып өтуге мәжбүр етті.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет

1. «Қасым ханның қасқа жолына» қандай ережелер енді?

2. «Есім ханның ескі жолына» қандай қосымшалар қосылды?

3. «Жеті жарғы» сол кездегі қазақ қоғамын жан-жақты сипаттай алған заң болды деп бағалауға бола ма?


29 дәріс

Тақырыбы: Заң актілері – тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі.

Дәрістің мазмұны: Басқа да мемлекеттер сияқты Қазақстан Республикасының тарихы да дерек көзерінің үлкен бір тобын құрайды. Қазақ халқының осы жерді мекендеген өзге де ұлттар өкілдерімен бірлесіп, құқықтық мемлекет құру жолына түсуі заң актілерінің тарихи дерек көздері ретіндегі маңызын арттыра түсті. Өмірдің барлық саласын заңдық негіз алуы, қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістердің белгілі бір заңдарға сай жүруі, ел тарихының әр алуан заңдарда бейнеленуіне алып келді. Демек, заң актілерін дерек көздері ретінде пайдалана білу, тәуелсіз Қазақстан тарихының обьективті жазылуының басты алғы шарттарының бірі болып табылатыны күмәнсіз.

Посткеңестік кеңістікте әсіресе дәстүрлі деректану мектебі ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған Ресейде, қазіргі заман тарихының қазіргі заман деректеріне деген қызығушылықтың арртуы байқалды. Олардағы ғылыми зерттеудің қазіргі деңгейі идеологиялық құрсаудан босану, білімнің интеграциялық үрдісі, заңдық дерек көздеріне деген деректанулық талдауға жаңа талаптар қойылып отыр. Осыған байланысты Ресей ғалымдары заңшығарушылықтың ролін жаңа тұрғыдан бағалауға, заңшығарушылықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының, оның ішінде қоғамның өзінің де өзара байланысының анықтауға ерекше мән бөлінуде.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Похожие:

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы аты-жөні

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Шетел әдебиеті»
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Шетел әдебиеті»
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Хайдаров Е. Е. – дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Жұмыс бағдарламасы Қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды. №8 хаттама, 23. 04. 2009 жыл
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні) келісілді *
В050300 – Психология мамандығының күндізгі оқу формасында оқитын студенттеріне арналған
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Мырзабаева Бақытгүл Мырзахметқызы – жалпы тарих кафедрасының оқытушысы. Сарайшық көшесі 34, 407-бөлме
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница