Қолы) (аты-жөні)




НазваниеҚолы) (аты-жөні)
страница6/14
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.34 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/УМКД_Деректану_07301,07303.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.

  1. Зерттеуші Л.Н. Пушкарев жазба деректерді қандай жіктерге бөліп көрсетеді?

  2. Жазба деректер эволюциясына әсер ететін факторлар?

  3. Ең алғаш деректерді зерттеу қоғамын ұйымдастырған кім және ұйымның міндеті?

7 дәріс

Тақырыбы: Деректің пайда болуын сынау.

Дәрістің мазмұны: Тарихи деректер өзінің саны, көлемі жағынан аса көп, мазмұны, түрі жағынан әр алуан. Оның бәрін қамту аса қиын. Сондықтан тарихи деректер теңізінде дұрыс жол табу, тарихи зерттеулерде оларды тиімді және пайдалы етіп қолдана білу қажеттілігі оларды сыныптау проблемасын туғызады. Басқаша айтқанда, деректерді ортақ қасиеттері бар, бірақ бір-бірінен ерекше белгілерімен айырылатын категорияларға бөлу.

Деректерді сыныптаудың біздегі бүгінгі жайы туралы тарих ғылымдарының докторы Мерует Әбусейітова, ортағасырлық Қазақстан тарихының деректану мәселесіне тоқтала келе «Важнейшие вопросы казахстанского источниковедения еще не получили удовлетворительного разрешения. Речь идет прежде всего о классификации источников, выработке общих принципов их типологизации. Задача систематизации источников по истории Казахстана связана с необходимостью выработки общих теоретических принципов типологии, что потребует привлечения некоторых формальных методов анализа» (10)- деп, Қазақстан тарихының маңызды бір проблемасының әлі шешімін таппай отырғандығын айтады.

Орыс деректану мектебінде бұл мәселе ұзақ жылдарға созылған ізденістер нәтижесінде біршама шешімін тапқан деп айтуға болады. Сондықтан, сол мектептің тәжірибесіне сүйенсек сыныптау зерттеушіге тәуелсіз обьективті өлшемдерге негізделуі керек, олар обьективті деректердің өзіне тән қасиеттерінен шығуы қажет және онда деректердегі шындықтың ену және бейнелену заңдары көрінуге тиіс.

Демек, сыныптау проблемасы тек таза техникалық емес, методологиялық та пробема болып табылады және тек қалың деректер арасында бағыт көрсету функциясын атқарып қана қоймайды, сонымен қатар оларды зерттеу тәсілі қызметін де атқарады.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.

  1. Хартия мектебінің мақсаты не болды?

  2. «Деректану» деген терминді бірінші рет ғылымда қолданған ғалым?

  3. . КСРО-да бірінші рет деректану пән ретінде қашан қолға алынды?

8 дәріс

Тақырыбы: Фольклор – қазақ тарихының дерек көзі.

Дәрістің мазмұны:

Типтік сыныпталудың тарихи деректерді түрлік сыныптаудан айырмашылығы ол деректердің мазмұны мен формасының сәйкестігі принципіне негізделген. Тип ақпаратты салу және сақтау тәсілдермен ерекшелннген деректерді біріктіреді. Негізінен деректердің жеті типін айтуға болады: жазба, заттай, этнографиялық, фольклорлық, лингвистикалық, фотокиноқұжаттар, фоноқұжаттар. Мұндай сыныптау дерекке тән ерекше белгілерін (пайда болу, мазмұны, формасы) ескереді, дегенмен, бұл- шартты сыныптау. Өйткені, фольклорлық (ауызша) деректер қазіргі кезде, көп жағдайда жазба түрінде таралған, ал этнографиялық деректер-заттай ескерткіштер немесе кинофотоқұжаттар түрінде беріледі.

Сондықтан бұлардың арасында айқын айырмашылық жоқ.

Осындай ерекшіліктерін ескере келе 1981 жылы И.Д. Ковальченконың басшылығымен шыққан «Источниковедение истории СССР» оқулығында әлеуметтік ақпаратты бекіту формасына қарап, деректерді мынандай типтерге бөлген: заттай, көркем-сурет және графикалы сурет, жазба және фотоқұжаттар (13).

Сонымен қатар деректерді пайда болу тегіне, сыртқы ерекшіліктеріне қарай үлкен типтік топтар сыныбына, оның ішінде шағын топтарға бөлуге болады:

-заттай деректер-археологиялық ескерткіштерден бастап қазіргі машиналар мен техникаға дейін;

- көркем сурет деректері- сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлық туындылары;

- сөздік деректер- күнделікті сөйлеу мәнерінен бастап халықтың ауызша шығармашылық ескерткіштері толығымен;

- жазба деректер- этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетін жазба ескерткіштерінің бәрі;

- дыбысты деректер- сөзсіз немесе сөзбен бірге орындалатын (саз, әуен, ән, т.б.);

- салттық деректер- тұрмыста, мінез-құлыққа қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.

Көптеген тарихи деректер тобы белгілі бір типтерге жатпайды, олар аралық типтерді, аралас типтерді құрайды. Мысалы, теңгелер заттай да, бейнелеу де, жазба да топтарына жатады, кинофильмдерде бейнелеу де, сөз де, дыбыс та бар.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.

  1. КСРО-дағы оқулықтың алғашқы авторлары?

  2. Ш.Уәлихановты неге қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы деп атаймыз?

  3. Деректану саласында зерттеген Шоқанның қандай еңбектерін айтуға болады?

9 дәріс

Тақырыбы: Қазақ тарихының дерек көздері.

Дәрістің мазмұны:Қазақстанның өткен тарихы отандық және шетелдік ғалымдардың көптен бері назарын аударып келді. Өлкенің ортағасырлық тарихын жазу жөнінде Евразия тарихнамасындағы алғашқы тәжірибелер ХҮІІ ғасырда жасалды. Жалайыр тайпасынан шыққан түрік тарихшысы Қадырәлі бек 1606 жылы ауызша айтылып келген тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің (ХҮІ ғ.) тарихи жинағы негізінде «Оқиғалар жинағы» деген еңбек құрастырған, онда монғол шапқыншылығынан кейінгі қыпшақ даласында болған оқиғалар суреттеледі. Алдыңғы ортағасырлық кезең үшін бірқатар түрік тайпаларының (қыпшақтардың, қарлұқтардың, қаңлылардың, ұйғырлардың), оғыз тайпасының негізін қалаушы Оғыз ханның тарихымен тікелей байланысты аталуының маңызы зор. Хиуа ханы Әбілғазы (ХҮІІ ғ.) тарихи екі шығарма: «Түріктер шежіресі» және «Түрікмендер шежіресі» жазған, олардың беттерінде оғыздардың, қыпшақтардың, қаңлылардың алдыңғы және кейінгі орта ғасырларға қатысты тарихына едәуір көңіл бөлініп, түрік этнонимдерінің этимологиясы келтіріледі, сондай-ақ Қазақстанның тарихи географиясы жөніндегі мәселе қозғалады.

Нақ сол ғасырда түрік тарихшысы Мунеджджим-башы өзінің елеулі шығармасында ҮІІІ-ХІІІ ғасырларда Қазақстан жерінде мекендеген көптеген түрік тайпаларының тарихы және этнографиясына ден қояды. Орталық Азияның мемлекеттері мен әулеттері, атап айтқанда, қарахандар, салжұқтар, хорезмшахтар және басқалар туралы маңызды мәліметтер келтіріледі. Мунеджджим-башы өзінің алдындағы мұсылман шежірешілерінің көптеген шығармаларын пайдаланған.

Батыс Европа тарихнамасында Қазақстанның ортағасырлық тарихы мәселелерін қамтитын алғашқы жарияланымдар ХҮІІ ғасырдың аяғында пайда болады. Ориенталист д’Эрбело мұсылман тобының оғыздар мен кимектер туралы бірқатар жазбаша ескерткіштерінің мәліметтерін тарихи айналымға енгізген. ХҮІІ ғасырда қытай жылнамалары мен арабтардың құрастырған азын-аулақ шығармалары негізінде Ж. Дегинь түрік және монғол тайпаларының тарихына жалпы шолу жасауға тұңғыш рет әрекет етті. Шығыстың нарративтік деректемелері бойынша монғолдар тарихын жазған арабист д’Оссон ән-Нувайри (ХІҮ ғ.) бойынша қыпшақ тайпаларының тізбесін берген. Европадағы ғылыми әдебиетте оғыздар, қыпшақтар мен кимектер туралы алғашқы мәліметтердің бұл проблеманы одан әрі пысықтауға шынына келгенде ешқандай ықпал жасамағанына таң қалуға болмайды.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.

  1. КСРО-дағы оқулықтың алғашқы авторлары?

  2. Ш.Уәлихановты неге қазақтың тұңғыш деректанушы ғалымы деп атаймыз?

  3. Деректану саласында зерттеген Шоқанның қандай еңбектерін айтуға болады?

10 дәріс

Тақырыбы: Шежіренің деректік маңызы,орны және ерекшелігі

Дәрістің мазмұны:ХҮІІІ ғасырдың басындағы орыс ориенталистикасының алғашқы өкілі Г. З. Байер Әбілғазының «Түріктер шежірелік тармағы» деген шығармасын аударумен шұғылданды. Түрік этностарының ортағасырлық тарихын зерттеу ісінде Ресей тарихнамасының бастауында В. Н. Татищев, Н. М. Карамзин, С. М. Соловьев, В. Т. Василевский, П. В. Голубовский және басқалар болды, олар оғыздар мен қыпшақтардың тарихын Киев Русінің тарихымен тікелей байланысы болған ыңғайда қарастырды, Н. М. Карамзиннің өзі қыпшақтардың қазақтармен генетикалық байланысына назар аударды.

Түрік тайпалары мен олардың бірлестіктері айтылған ІХ-ХІІ ғасырлардағы А. Шпенглердің, Г. Юльдің, А. Вамберидің, Х Френнің, В. В. Григорьевтың, В. П. Тизенгаузеннің еңбектерінде олар туралы толып жатқан анық мәліметтерді анықтауға мүмкіндік берді. Нақ осы кезеңде орыстың Шығыс тарихнамасы нарративтік жазбаша ескерткіштер мен нумизматикалық материалдар түрінде берік тарихтану базасына ие болды.

Қазақстанның ортағасырлық тарихы жөніндегі мәліметтер келтірілген бірқатар бағалы деректемелерді ашып, ғылыми айналымға енгізуге Х. Д. Френ (1782-1851 жж.) зор еңбек сіңірді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс ориенталистикасында қазақ халқының шығу тегі проблемаларына, оның негізгі этникалық компоненттерінің тарихына, рулық-тайпалық құрылымына ынта-ықылас арта түсті. Ресейде Шығыс тарихынан университеттік курсты алғашқы рет оқыта бастаған В. В. Григорьев Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерттеуге ерекше көңіл бөлді.

Қазақстандағы тарихи-шығыстанушылық зерттеулердің бастапқы кезеңі А. П. Чулошниковтың, С. Ж. Асфендияровтың есімдерімен байланысты. А.П. Чулошниковтың ғылыми ізденістері жаңа деректемелер тартуға, қазақтардың және оларды құрайтын этникалық компоненттердің тарихын басқа да түрік халықтарының тағдырларымен байланыстыруға әрекет жасауға бағытталды. С. Ж. Асфендияров тарихтың және мәдениет тарихының көптеген түбегейлі проблемаларын – қазақтардың этногенезін, қазақ эпосын зерттеді, Қазақстан аумағында феодалдық құрылыс қалыптасуының күрделі және сонымен бірге әлі де аз зерттелген үрдісін ой елегінен өткізіп, қорытуға елеулі әрекет жасады. Ру тарихын тану бұрынғысынша көкейтесті проблема болып қала берді. М. Тынышбаев қазақтардың негізгі тайпалары мен руларының генеологиясын қысқаша баяндап, тарихи түсініктемелер жасады.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. Деректану саласында зерттеген Шоқанның қандай еңбектерін айтуға болады?

  2. Ә.Бөкейханов еңбектерін неше салаға бөліп қарастыруға болады?

  3. «Әдебиет танытқыш» деген еңбекте кімнің деректанушылық ойлары келтірілген?

11 дәріс

Тақырыбы: Ежелгі жазба тарихи деректер.

Дәрістің мазмұны:Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихын зерттеу негізінен алғанда Шығыстың шектес және алыс елдерінен шыққан авторлар жазған жазбаша деректемелердің материалдарына негізделеді. Нарративтік шығармаларда: ең алымен парсы тілінде жазған тарихи, мемуарлық, географиялық шығармаларда аса маңызды материал бар, оларды шағатай, ескі өзбек (түркі), сондай-ақ араб тілдерінде жазылған еңбектер толықтырады. Бұл деректемелер ақпараттарының дәрежесі әртүрлі, көршілес Орта Азияның (Мауаранахрдың), сондай-ақ Иранның, Шығыс Түркістанның авторлары мейлінше хабардар, оның үстіне олардың неғұрлым көлемді де дәл мәліметтері Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанға қатысты. Мысалы, Моғолстаннан айырмашылығы арнайы Қазақ хандығының тарихына арналған деректеме жоқ.

Қазақстан жөніндегі мәліметтер шығыс авторларының шығармаларында үзік-үзік келтірілген, негізінен алғанда саяси тарихқа, оның халқы мен билеушілерінің көрші мемлекеттердің халықтарымен өзара қатынастарының тарихына қатысты әр түрлі әулеттен тараған хандардың шежіресі келтірілген. Этникалық құрамы, шаруашылық кәсібі, рухани және материалдық мәдениетінің элементтері жөнінде бытыраңқы мәліметтер де бар. Шығыс деректанушылардың материалдарын батысеуропалық, кейініректе – орыс саяхатшыларының, елшілерінің, ғалымдардың хабарлары, сондай-ақ орыс жылнамалары мен мұрағаттарының мәліметтері толықтыра түседі.

Монғолдардың жаулап алуы түрлі тілдегі ауқымды әдебиетті өмірге келтірді. Оңтүстік Қазақстандағы, сондай-ақ Орта Азиядағы моңғолдар жаулап алуын зерттеуде басты деректеме Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейнидің «Тарих-и джахангуша» («Әлемді бағындырушының тарихы») деген еңбегі болып табылады. Шығарма 1260 жылы аяқталған. Автор Түркістанға, Ұйғырияға, Монғолияға өзі барған, монғолдардың ауызша әңгімелерін пайдаланған. Жувейни Отырарды қоршау, Сырдариядағы басқа қалалардың талқандалуы туралы хабарлайды. Шағатай, Жошы, Үгедей жұрттарының Қазақстан аумағында орналасуы, ХІІІ ғасыр ортасында Шағатай ұлысында болған қырқыстар мен бүліктер туралы деректер келтіреді.

Фазаллах Рашид ад-Диннің «Жами ат-таварих» («Жылнамалар жинағы», 1310-1311 жылдары аяқталған) деген тарихи еңбек ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы монғол және түрік тайпалары мен халықтарының тарихы жөніндегі мейлінше елеулі еңбек болып табылады. Рашид ад-Дин шығармасының негізіне ресми монғол хроникалары, монғолдар жаулап алған түрлі елдердің тарихи шығармалары, оқиғаларға қатысушы хабарламашылардың материалдары алынған. Әдет-ғұрып, діни нанымдар, көшпелі тұрмысы туралы мәліметтер алуан түрлі. «Жылнамалар жинағының» екінші томында тайпалардың этникалық құрамы, Қазақстан монғол ұлыстарының құрамына кірген кездегі оның топонимикасы, тарихи географиясы, оның саяси тарихы жөніндегі деректер, Орда Ежен ұлысының тарихы, оның ұрпақтарының, басқа да Жошы ұрпақтарының генеологиясы жөніндегі мәліметтер келтірілген.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. Е.Бекмахановтың деректанулық көзқарастары оның қандай ірі еңбегінде қамтылады?

  2. О.Сүлейменовтың «АЗиЯ» еңбегі қандай жырды талдауға арналады?

  3. «Жыр» нешінші ғасырдың жазба ескерткіші болып табылады?

12 дәріс

Тақырыбы: Орхон-Енесей жазбаларының түрлік және тілдік ерекшеліктері мен деректік маңызы.

Дәрістің мазмұны:

Терхин құлпытасы да (756 ж.) Елетміш-қағанға арналған және көп жағынан мазмұны Шине Усу жазбасынан асып түседі, кейде оған жолма-жол сәйкес келеді. Ескерткіште Алтай-Тарбағатай қарлұқтарының Жетісуға қоныстану уақытына қатысты мезгілі көрсетілген маңызды тарихи оқиға айтылады. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштерінде кейіннен Қарлұқ және Қарахан мемлекеттерінде елеулі рөл атқарған ягма тайпасының уақыты жағынан бірінші рет аталуы да құнды мәліметтердің бірі болып табылады.

ҮІІ–Х ғасырлар деп белгіленген Енисей аңғарының жазбалары мен Суджа құлпытастарынан тұратын Қырғыз мемлекетінің ескерткіштері белгілі бір ынта-ықылас туғызады. Енисейдің екі тексінен Қазақстанның алдыңғы ортағасырлық тарихына қатысты материалдар табылды. Бір эпитафияда қырғыздар жерінде өлген түргеш бегі туралы айтылады. Басқа бір жазбада түргештердің Қара ханына елші болып кетіп, қайтып оралмаған атақты қырғызды жоқтау тексінің үзінділері бар. Бұл оқиғалар 744 және 756 жылдарға жатады.

Батыс-түрік қағанатының Жетісудан (Талас өңірінен) табылған ескерткіштері елеулі мәдени-тарихи қазына болып табылады, оған қабірлерге қойылған құлпытастарға, теңгелерге, тұрмыстық заттар мен ағаш таяқшаларға жазылған 12 жазба жатады. Бұл ескерткіштердің жоғары мерзімі едәуір айқын – ҮІІІ ғасыр, ал төменгі хронологиялық шегі, тегінде, ҮІ-ҮІІ ғасырлар шебі болуы ықтимал. Талас эпиграфиялары «қара рудан» шыққан түргеш қағандары – Сұлық Шабыт-шора мен оның ұлы билік еткен кезге (716-740 жж.) жатады.

Ежелгі түрік ескерткіштерінің алдыңғы ортағасырлық Қазақстанның тарихи географиясы мәселелерін талдап шешуге айқын жарық беретін деректеме ретіндегі маңызын бағалау қиын.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

  1. Ә.Бөкейханов еңбектерін неше салаға бөліп қарастыруға болады?

  2. «Әдебиет танытқыш» деген еңбекте кімнің деректанушылық ойлары келтірілген?

  3. Е.Бекмахановтың деректанулық көзқарастары оның қандай ірі еңбегінде қамтылады?

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы аты-жөні

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Шетел әдебиеті»
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Шетел әдебиеті»
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Хайдаров Е. Е. – дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Жұмыс бағдарламасы Қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды. №8 хаттама, 23. 04. 2009 жыл
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні) келісілді *
В050300 – Психология мамандығының күндізгі оқу формасында оқитын студенттеріне арналған
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Мырзабаева Бақытгүл Мырзахметқызы – жалпы тарих кафедрасының оқытушысы. Сарайшық көшесі 34, 407-бөлме
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница