Қолы) (аты-жөні)




НазваниеҚолы) (аты-жөні)
страница5/14
Дата конвертации14.02.2016
Размер1.34 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/УМКД_Деректану_07301,07303.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ


1 дәріс

Дәрістің тақырыбы: Қазақстан Республикасы тарихы дерекнамасы курсына кіріспе.

Дәрістің мазмұны: Деректану – тарих ғылымының маңызды салаларының бірі болып табылады.

Деректану тарихнамамен қатар болашақ тарихшы мамандардың теориялық-методикалық және арнайы дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пәндер санатына қосылады. Тарих объектісі қоғамның өткенін тарихшы тікелей зерттей алмайды. Ол тек тарих ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылатын тарихи деректерді сыни талдау арқылы ғана зерттей алады. Тарихи деректерді сын елегінен ғылыми негізде өткізудің қажеттігі мен маңызы туралы белгілі орыс ғалымы Л. Гумилев былай деп жазды: «Оларға тарихи сын әдісін қолданбай деректерді оқу ешқандай мән-мағына бермейді».

Сол деректерді сыни талдау арқылы пайдалануға кәсіпқой тарихшыларды үйрететін ғылым – деректану ғылымы. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесінің барысында пайда болды. Алғаш ежелгі тарихи ескерткіштер зерттеуді және нақты тарихи фактіні тануға дерек не береді деген мәселенің фактілік жағына ғана көңіл аударған қолданбалы деректану қалыптасты. Деректік базаның кеңеюіне ғылыми айналымға жаңа деректер тобының молынан тартылуына байланысты нақты бір тарихи оқиғаның, құбылыстың немесе процестің әр түрлі деректерде әр түрліше бейнеленетіндігі көріне бастады. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып, сыннан өткізу қажеттігі туындады. Империкалық жолмен жасалған және ұзақ жылдарға созылған іс тәжірибелік сынақтан өткен тәсілдер дерек оқиғаны қалай бейнелейді деген проблеманы шешуге көмектесетін жазба деректерді зерттеу методикасына айналады. Жазба деректер археологиялық және заттай деректерден бөлек зерттелетін болады.

Егер ғылым ретінде А. Байтұрсынұлы айтқандай «тарихтың қызметі бүтін адам баласының яки бір жұрттың екінші бір топтың өткен өмірін болған күйінде айнытпау болса, деректанудың ғылым ретіндегі қызметі тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің объективті бейнелену дәрежесін зерттеу». Демек тарихи деректер тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылады. Деректану тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті жоғарыда айтқандай, тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің объективті бейнеленуін зерттеу.

Әдебиеттер тізімі: 1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

  1. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.,

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Деректанудың өзекті категориясы не болып табылады?

2. Деректерді жіктегенде неге «сыныптау» деп қарастырамыз?

3. Деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және тарих ғылымдарымен арақатынасы қалай?

2 дәріс

Дәрістің тақырыбы: Деректану теориясы.

Дәрістің мазмұны:Ежелгі дәуірдегі, әуелгі және кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер түрлі тілдерде: көне парсы, көне грек, латын, қытай, көне түрік, араб, парсы, түрік тілдерінде жазып қалдырылған. Бұл түпкі деректемелердің ақпараттық деңгейі оның хронологиялық және аймақтық шектеулілігі, сондай-ақ осы аймақтың халықтары мен тайпалары тарихының мейлінше әртүрлі болуы салдарынан ерекшеленеді.сондай-ақ тарихи үрдістің дамуына қарай жазба ескерткіштердегі нақты материалдардың жинақталуы да өскелең бағытта жүреді. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен ұштастырып алғанда жазбаша ақпараттың сипаты мен мазмұны жөнінен былайша алуын түрлі болуы 2,5 мыңжылдықтан астам уақыт бойындағы тарихи оқиғаларды, Қазақстанның әр түрлі этностарының шаруашылық және әлеуметтік қатынастарын, мәдениетін, тұрмысы мен әдет-ғұрыптарын зерттеуге мүмкіндік береді. Деректемелердің негізгі топтарының сипаттамасына тоқталайық.

Қазақстан халықтарының тарихы жөніндегі деректемелр Дарий (б.з.б. 522-486 жж.) және Ксеркс (б.з.б. 486-465 жж.) патшалардың Ахеменид державасында қолданылған негізгі үш тілде: көне парсы, элламдық және аккад тілдерінде жазылған ежелгі парсы жазбалары болып табылады.

Дарийдің өкімет басына келуінің және содан кейін болған азамат соғысының мән-жайы туралы баяндалатын. І Дарийдің Бехистун жазбасының да мейлінше зор маңызы бар. Жазбада «елдер» – тайпалық облыстар тарихы келтіріліп, Таяу және Орта Шығыстың, сондай-ақ Орталық Азияның тарихи географиясы жөнінде едәуір материал берілді. Қазіргі уақытта ғылыми әдебиетте, әсіресе археологиялық әдебиетте сақ тайпаларының аталған жазбалары – хаумаварга мен тиграхауда Қазақстан аумағына қатысты деген пікір орныққан, алайда Ахеменидтер дәуірінің басқа жазбаларын тарта отырып, жазба деректеріне мұқият талдау жасау бұл тайпалардың Хамун көлі маңында, қазіргі Иран мен Ауғанстан шекарасында, кейіннен Сақастан аталған ауданда орналасқанын көрсетеді.

Ахеменидтер дәуіріндегі мәдениет пен дінді зерттеу үшін маңызды. Басқа бір ірі жазба Ксеркстің «Дәулер туралы» дейтін жазбасы болып табылады, онда Ксеркстің көптеген ғалымдар Заратуштра есімі аталмаса да, зороастризмнің мемлекеттік дін ретінде енгізілуімен байланыстырылатын формасы баяндалады.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және тарих ғылымдарымен арақатынасы қалай?

2. Деректерді синтетикалық сынау дегеніміз не?

3. Қайталанатын деректерге қандай деректер жатады?

3 дәріс

Дәрістің тақырыбы: Деректанудың қалыптасуы дәне дамуы

Дәрістің мазмұны:

Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды. Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланылып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі деректерде әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнелетіні көріне бастада. Сондықтан, ол деректерді зерттеу, бір-бірімен салыстыру, сол арқылы шындықты іздеу қажеттілігі пайда болды. Ұзақ жылдардағы зерттеу тәжірибесі барысында қолданылған әр түрлі тәсілдер негізінде деректерді зерттеу методикасы қалыптасты. «Дерек оқиғаны қалай бейнелейді?» деген сұрақ негізгі мәселеге айналды. Жазба деректер заттай деректерден (археологиялық) бөлек зерттеле басталды.

Ежелгі әдебиет авторының ойын, шығарма мәнін дұрыс түсінуге және оны дұрыс түсіндіруге (интерпретациялауға) деген ұмтылушылық деректану негізінің қалыптасуына алып келді. Мысалы, ежелгі орыс жылнамаларын зерттеуші А.Л. Шлецердің (1735-1809) «тазартылған Несторды» қалпына келтірмек болған әрекеті шығарма авторына, автор ойына деген ерекше көңіл бөлудің жарқын көрінісі болды. Август Шлецер – ұлты неміс, орыс тарихшысы және филологы, Петерберг Ғылым академиясының адьюнкті, кейіннен Геттенген университетінің профессоры. Ол «Бағы замандар хикаясының» тек Киев-Печерскі монастырының монахы Нестордың ғана емес, оның ісін жалғастырушылардың және хикаяны көшіріп жазушылардың да туындысы деген қорытындыға келді.

Белгілі неміс теологы және философы Ф. Шлейермахер (1768-1834) «Жаңа өсиет» мәтінін зерттеу негізінде жазба ескерткішті зерттеудің жалпы принциптерін көрсетті. Өзінің «О герменивтике и критике особенно в их отношении к Новому завету» деген еңбегінде шығарманы зерттеудің екі жолын: герменивтика туралы ілім және сын туралы ілімді негіздеді. Герменивтика туралы ілімге «Басқаның сөзін түсіне білу өнері» деп, анықтама беріп, герменивтикалық және психологиялық талдау жасаудың қажеттігін айтты. Ғалымның айтуынша, психологиялық талдауға автор ойын кешенді түсіну енеді. Ал деректерде кейбір қателіктердің жіберілгендігі байқалған кезде деректерді сынау қажеттігі пайда болады. Шлейермахер ол қателіктерді механикалық (көшіріп жазған кезде кеткен қателіктер) және өзін шығарма авторымен деп ойланушының еркімен жіберілген саналық қателіктер деп екіге бөлген. Дегенмен, ол сынның міндеті шығармалардың түпнұсқалығын анықтау методын жасау деп түсінді.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қайталанбайтын деректерге қандай деректер жатады?

  2. Филологиялық сын неге бағытталған?

  3. Синергетика дегеніміз не?

4 дәріс

Тақырыбы: Қазақ зиялылырының деректанушылық көзқарасы

Дәрістің мазмұны:

ХХ ғасыр басында Шоқанның ғылыми ізденістерін, Абай ойын, Абай ісін үзбей жалғастырып алып кетушілердің бір және бірегейі – Ахмет Байтұрсынұлы. А. Байтұрсынұлы Абайдан соңғы дәуірде еліне, ұлтына еткен еңбектері, сіңірген туралы соңғы жылдары аз айтылған жоқ. Дегенмен уақыт өткен сайын оның қызметінің кей қырлары өзін аша түсуде, маңызын тереңірек ұғынуды қажет етеді.

Осындай Ахмет Байтұрсынұлының ерекше назар аударуды қажет ететін қырларының бірі – оның тарих ғылымына, тарихи деректануға қосқан үлесі.

Өз халқының келешегін ойлаған ойшыл ретінде ол тарихқа қатысты өзінің ойларын білдірді, пікірлерін жазды. Қазақ тілінің жұрт мойындаған маманының, қазақ сөзін зерттеушінің « Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих », - деп артында қанатты сөз қалдыруы, оның халық келешегінің халық жады – тарихпен тікелей байланысты екендігін терең түсінгендігінің белгісі.

А. Байтұрсынұлының тарх ғылымы туралы, тарихи деректану туралы негізгі ойлары оның 1926 жылы жазған « Әдебиет танытқыш » деп аталатын бөлімінде аталған.

Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның төл тарихыныңқалыптасу кезеңінде, өз бастауымызға көз салсақ, кезінде А. Байтұрсынұлының тарих туралы, әсіресе тарих ғылымының аса бір күрделі саласы, тарихи деректану ғылымы туралы айтқан ойлары, білдірген пікірлеоі өзінің дәлелділігімен, ғылыми құндылығымен ерекшелетіндігін байқауға болады. Мысалы, тарихтың атқарар қызметі, оның ғылым ретінде алдында тұрған мақсаттары мен міндеттері туралы « Тарихтың қызметі – бүтін адам болмысының, яки бүтін бір жұрттың я бір таптың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту; тарихтың мақсаты – бүтін адам баласының өмірі нендей табиғат заңымен өзгеретінін білу », - деп, тарих ғылымының белгілі бір табиғи заңдылықтарға негізделгені, оның жалпы адамзаттық құндылықтакры басшылыққа алған методологиялық бағдары туралы өте дұрыс, ғылыми негізделген пікір айтса, одан әрі тарихидеректану ғылымының негізгі принциптері қағидаларының бірі – кез келген деректің деректанулық талдауды қажет ететіндігі туралы: « тарихшылар халық басынан кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын сымға тартқандай, сынға салып мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді», - деп , тарихшылардың өздеріне жеткен мағлұматтарды, яғни тарихи деректерді « сынға салып», демек деректанулық талдаудан өткізіп, « мінсіз етіп», яғни ғылыми құндылығын анықтап алатындығын айтады.

Ахмет Байтұрсынұлы тарихи деректердің табиғатта «таза» күйінде кездеспейтіндігі, олардың түрлері қоспарлардан тұратындығының себептері туралы: « Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді.», десе , ғылымның жай шежіре жазудан айырмашылығы « Тарихшы лар құр естігенімен қанағаттанбай, рас өтірігін тексеріп, расын ғана алды», - деп көрсетіп берді.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж

  1. Деректануда қаралатын екі проблемалар кешені?

  2. Деректерді ғылыми айналымға түсірудің экстенсивті жолы дегеніміз не?

  3. Деректерді ғылыми айналымға түсірудің интенсивті жолы дегеніміз не?

5 дәріс

Тақырыбы: Қазақ ғалымдарының Кеңес өкіметі жылдарындағы деректанушылық еңбектері.

Дәрістің мазмұны:

Ахмет Байтұрсынұлы тарихи деректердің табиғатта «таза» күйінде кездеспейтіндігі, олардың түрлері қоспарлардан тұратындығының себептері туралы: « Шежіре жазушылар естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде тізеді.», десе , ғылымның жай шежіре жазудан айырмашылығы « Тарихшы лар құр естігенімен қанағаттанбай, рас өтірігін тексеріп, расын ғана алды», - деп көрсетіп берді.

Тарих ғылымының негізін тарихи деректер құрайтындығын, деректерде салынған ақпараттарды алып, ғылыми еңбектерде пайдалану үшін тарихи деректану ғылымының қажеттілігін , Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі детарихтың жемі есебіндегі нәрселер. Тарих олардың айтқанының бәрін ала бермейді. Аударып атқарып, түрлі жағынан қарап, түрлі мағлұматтармен салыстырып, сипатталған мағлұматтарды ғана алды», - деп , қаранайым ғана сөздермен, аса маңызды ғылыми проблеманың шешімін түсіндіре білді.

Сонымен Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» деп аталатын еңбегіндегі деректану проблемаларына арналған ойларын талдау, оның ұлттық деректерімізге ерекше көңіл бөлгендігін, оларды «сыннан» өткізудің, яғни деректану ғылымының қажеттігін нақты аргументтер келтіріп, дәлелдеп бергендігін, ұлттық деректер ерекшелігін дәл басып көрсеткендігін және оның осы салада Шоқан Уәлиханов пен Әлихан Бөкейханнан кейінгі өз ойларын айтқан, қазақ халқының төл деректеріне жан – жақты ғылыми таолау жасаған қазақ ғалымы болғандығын көрсетеді.

1. Атабаев Қ. Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж.

2. Атабаев Қ. Деректану. Алматы, 2007ж.

  1. Деректану теориясы бойынша зерттеудің негізгі нысаны не ?

  2. Кеңес дәуірінде деректерді сыныптау неше кезеңмен жүргізілді?

  3. Типтік сыныпталу мен түрлік сыныпталудың айырмашылығы неде?

6 дәріс

Тақырыбы: Деректану методы.

Дәрістің мазмұны:

Тарихи деректерді талдау методының дамуына ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ірі ғылыми жаңалықтардың ашылуы да үлкен әсер етті. Олар көптеген тарихи деректерді зерттеуге және оларды сыни талдаудың методын жетілдіріге ықпалын тигізді. Сонымен, «Деректану» тарихи деректерді іздеп тауып жинау, зерттеу және жүйеге келтіріп, жариялау нәтижесінде пайда болып, қалыптаса бастады.

Дегенмен, Батыс Еуропада деректану ғылымының дамуы неміс тарихшысы Э. Бернгейм (1850-1942) мен француз ғалымдары Ш.В. Ланглуа (1863-1920) және Ш. Сеньобостың (1854-1942) аттарымен тікелей байланысты. 1889 жылы Грейсвиль университетінің профессоры Э. Бернгейм «Тарих ғылымына кіріспе» 1898 жылы француз ғалымдары Ш. Ланглуа және Ш. Сеньобос «Тарихи зерттеуге кіріспе» атты оқулық жариялады. Оқулық ретінде дайындалған екі еңбек те бірнеше рет қайта басылып шықты және екеуіде орыс тіліне аударылды. Бір қызығы екеуі де пайда болған күндерінен бастап үздіксіз сынға ұшырап келеді. Дегенмен, содан бері бұл еңбектерге сілтеме жасалмай бір де бір деректанушылық еңбек жазылған жоқ деп айтуға болады. Олар тарихтың позитивтік методологиясының, әсіресе тарихи фактілер мен оларды ғылыми еңбектерде пайдаланудың өзіндік эталонына айналды деуге болады. Көптеген жағдайда бұл еңбектер әлі де өз маңызын жойған жоқ.

Аталған еңбектердегі тарихқа және тарихи деректерге қатысты тұжырымдрды буржуазиялық ғалымдардың көзқарасы ретінде жоққа шағармақ болған кеңестік тарихнама өзі уақыт соңына шыдай алмай сахнадан кетуге мәжбүр болды. Ал жоғарыда атлған ғалымдардың еңбектері күні бүгінге дейін пайдаланылып келеді.

Өз еңбегінде Бернгейм тарих ғылымына түсінік береді, оның басқа да қоғамдық ғылымдармен байланыстылығын көрсетеді. Ол тарих ғылымының методология, методика, түсініктер және баяндау сияқты зерттеу процесі барысында көрінетін бір-бірімен тығыз байланысты төрт аспектісіне тоқталады.

Автор методологияны ғылым методы мен оның міндеттері туралы түсініктер мен білімді баяндау ретінде анықтайды. Методика құрамына Бернгейм деректер туралы материалдар жинайтын, деректерді сыннан өткізетін, материалдарды сұрыптап, олардың іс жүзіндегі ғылыми құндылығын анықтайтын деректануды кіргізеді. Деректермен жұмыс істеу методикасынан тарихшы оны түсінуге, ой елегін өткізуге және өз зерттеу жұмысының қорытындысын баяндауға көшеді. Одан ары методика мәселесі көптеген тарихнамалық және библиографиялық көрсеткіштер арқылы жан-жақты ашып көрсетілген. Еңбектің деректануға арналған бөлімінде тарихшы деректерге жіктеу жасаған, оларды жинау және сақтау мәселері туралы айтқан. Деректерді сынау сыртқы сын және ішкі сынға бөлінген. Сонымен қатар еңбекте деректерді талдау туралы да айтылған. Бернгейм еңбегінде деректанулық концепция мен деректерді сынау идеясы өзінің логикалық жалғасын тауып одан ары дамытылды. Сыныптау, демек көптеген объектілерді айқын логикалық сыныптарға бөлу, ғылым үшін зерттеудегі объекті белгілі бір тәртіпке келтіру үшін ғана қажет емес, сонымен қатаролардың ерекше белгілерін және қасиеттерін де айқындауға мүмкіндік беретін таным құралы ретінде де қарастырылған.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы аты-жөні

Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Шетел әдебиеті»
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
«Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Шетел әдебиеті»
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Хайдаров Е. Е. – дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Жұмыс бағдарламасы Қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды. №8 хаттама, 23. 04. 2009 жыл
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні) келісілді *
В050300 – Психология мамандығының күндізгі оқу формасында оқитын студенттеріне арналған
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған
Қолы) (аты-жөні) iconҚолы) (аты-жөні)
Мырзабаева Бақытгүл Мырзахметқызы – жалпы тарих кафедрасының оқытушысы. Сарайшық көшесі 34, 407-бөлме
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница