Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты




Скачать 62.22 Kb.
НазваниеАқтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты
Дата конвертации14.02.2016
Размер62.22 Kb.
ТипДокументы
источникhttps://45minutkz.files.wordpress.com/2014/11/d182d399d183d0b5d0bbd181d196d0b7d0b4d196d0ba-d2afd
Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна

Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.

Сабақтың мақсаты: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі жайында жалпы білім беру, тарихи маңызын ашу;

Міндеттері:

  • Сақтардың жатжерліктерге қарсы күрестегі ерлігі мен тәуелсіздік үшін күрескен даңқты қолбасшылары Томирис, Спитамен, сақ жауынгері Шырақтың ерлігі туралы қосымша ізденіс жұмыстары арқылы жүйелеп меңгерту;

  • Қосымша құжат, деректер мен әдебиеттерді пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту;

  • Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, оларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге үйрету; елін, жерін сүйетін отансүйгіш, дарынды ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ

Әдіс-тәсілдері: репродуктивті, ой-толғаныс, топтық жұмыс

Көрнекілігі: портреттер, дүниежүзі картасы, тірек-сызба, семантикалық карта, бағалау парағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті мен қазақ тілі, дүниежүзі тарихы

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа даярлау.

САҚ ҚАЗАҚ ТӘУЕЛСІЗДІК...

ҚАС+САҚ=ҚАЗАҚ (сөзінің шығу тарихына тоқталу)- «сақшы», «сақа адам» т.б



1991ж 16.12 22жыл



арман Қазақстан



егемен батырлар

Жалғанның жартысындай қазақ елі,

Алғандай көздің жауын сұлу жері

Ақ пейіл, дарқан көңіл, халқымыз бар,

Болғанда бірі – батыр, бірі – сері.

Әз бабам азаттықты аңсап өткен,

Ел үшін талай саңылақ шаһид кеткен.

Солардың құдіреті, ой-арманы,

Таңы боп, тәуелсіздік бізге жеткен.

II. Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру:

Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі». Сабағымызда сақтардың Парсы патшалары Кир мен I Дарий, грек қолбасшысы А.Македонскиймен күресіп, өз жерлерін, тәуелсіздігін қорғап қалған сақ қолбасшылары Томирис, Спитамен; сақ малшысы Шырақтың ерлігі туралы білетін боламыз.

III. Жаңа сабақ.

Сабақтың эпиграфы:

«Европалық патшалықтар түгілі Азияның өзінде сақтарға қарсы келетін бірде-бір халық жоқ». Грек тарихшысы Фукидид.

Сабақтың жоспары:

  1. Кир әскерінің басып кіруі

  2. I Дарийдың шабуылы

  3. Александр Македонскийдің (Ескендір Зұлқарнайын) жорығы.

3 топқа осы тапсырмалар беріледі, оқулықпен жұмыс жасап өз түсініктерін 72б қосымша материалды пайдалану арқылы баяндайды. Кир, I Дарий, А.Македонский суреттері беріледі.

Мұғалім әр тақырыпқа қосымша материалдармен қосып отырады.

Спаргапис бастаған жауынгерлердің қателігі неде?(тәрбиелік жағына көңіл бөлу)

  • Отан қорғау жауапты іс.

  • Ешқашан жауыңа сенбе.

  • Адамдар шарап ішуден аулақ болуы керек.

Мұғалімнің түсіндіруі: «Бехистун» жазбасында: «Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым. Осы жорығымда сақтардың Скунха атты көсемін қолға түсірдім» деп жазылған.

Оқушылар Шырақтың ерлігін баяндайды.

  • Шырақтың осындай ерлікке барғанын қалай түсінесің?

  • Шырақтың орнында болсаң сен де осындай әрекет жасар ма едің?

Мұғалім Марафон шайқасын картадан көрсетеді, Марафон жарысына түсінік береді.

Алайда ұзақ жылғы соғыста сақтардың біраз жері парсылардың қол астында қалып қойған еді. Олар алым-салық төлеп, парсылармен бірігіп соғысуға өз әскерлерін жіберіп тұрды. Мысалы: б.з.б 490ж Марафон шайқасында (Марафон жазығы) парсы әскерінің құрамында гректерге қарсы сақтар да соғысты. Гректер жеңіске жетеді. Гректерге өз әскерлерінің жеңісі туралы хабарлау үшін Марафоннан Афиныға дейін жүгіріп келген аты аңызға айналған грек жауынгерінің (Фединикс) батырлығын еске түсіреді. 42км астам жол жүгіріп келіп, өзіне берілген бұйрықты орындаған жауынгер жерге құлап мерт болған. Алғаш рет Марафон жарысы 1896ж алғашқы Олимпиада ойындарында өткізілген болатын. Ашық кеңістікте 42 км арақашықтыққа жүгіру.

Мұғалім аңыз әңгіме арқылы баяндау арқылы жұмбақ жасырады.

I Дарий бастаған парсы әскерлері сақтар жеріне келіп адасып кетеді. Алдарынан үлкен қамал шығады. Бұл қамалды алмақ болады, бірақ сақ патшалары жұмбақ сыйлықпен елші жібереді. Сыйлық құрамында құс, тышқан, көлбақа және 5 жебе болған делінеді,- аңызда. Парсылар мұның мәнін табуы керек еді. Бұл жұмбақтың шешімін Гобри деген қарт қолбасшы табады. Бұның мәні: «Егер сендер, парсылар, құс тәрізді аспанға ұшып кетпесеңдер немесе тышқан секілді жер астына кіріп кетпесеңдер, көлбақа құсап суға түсіп жоғалмасаңдар,біздің жебеміздің астында қаласыңдар» Парсы әскерлері сақ жерінен кетуге мәжбүр болды.

А. Македонский б.з.б 332ж Египетті бағындырады, Парсы елін өзіне қаратады, б.з.б 328ж Үндістанды жаулайды. Б.з.б 330-328ж Орта Азия мен Қазақстан жеріне шабуыл жасайды. Спитамен деген сақ қолбасшысы Орта Азия халықтарын біріктіре отырып қарсы шықты.

Мұғалім аңыз әңгіме айтады.

Ескендір патшаның басында қос мүйізі бар. Ол Зу-ль-Карнейн («Қосмүйізді») аталыпты. Сол мүйізін ешкімге көрсетпеуге тырысып, шашын алған адамдарды түгел өлтіріп отырған. Сондай шаштаразшылардың ішінен біреуі тірі қалады. Күндердің бір күнінде білетін құпиясын жасыра алмай, ол құдыққа барып: « — …Ескендірдің мүйізі бар!» — деп айқайлайды. Құдықтан қамыс өсіп шығады. Ол қамыстан бір қойшы сыбызғы жасап, ойнайды. Сөйтсе, сыбызғыдан шыққан дыбыс «…Ескендірдің мүйізі бар!» — деген ән болып, Ескендір патшаның құпиясы елге жарияланып кетеді.

Абай атамыздың «Ескендір» поэмасын айтып кету.

Аристотель: Бұл адамның көз сүйегі.Адамның көзі тіршілікте тоймайды.Тек өлгенде ғана тоқталасың.Алтын қақпа сізге қу сүйек беріп,тойымсыздығыңызды әшкереледі.

Жауап:біз ұлы ақынның «адам баласы» болу үшін «бес досың» болу керек екенін «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен білгенбіз.Сол бес достың ,бес асыл істің бірі – қанағат.Оны Абай былай деген:

Талап,еңбек,терең ой,

Қанағат, рахым , ойлап қой.

Мұғалім:Дана халқымыз ұрпағына: «Қанағат қарын тойғызады,қанағатсыздық жалғыз атын сойғызады» деп өз тұрмысынан алған жай күнді тәлім етіп кеткен болатын.



3 топқа бесжолды өлең құрау тапсырылады.


  • Томирис

  • Тәуелсіздік

  • Шырақ



IY. Сабақты бекіту.

Семантикалық карта.

Тірек сөздер

Кир

I Дарий

Александр Македонский

Спаргапис

Арриан

Камбиз

Скунха

Геродот

Полиэн

Спитамен

Томирис

Шырақ

Ескендір Зұлқарнайын












Y. Сабақты қорыту.


Қазіргі заманмен байланыстыру (Астанадағы Жер- ана ескерткішіне тоқталу) Томирис патшайымға қойылған ескерткіш, Авторы-Даша Намдакова.

Т Ә У Е Л С І З Д І К



не берді?

не алды?

бостандық, жеңіс, батырлар, адамдар өмірін, көп уақыт, тарихи тұлғалар

ауызбіршілік, жер, елбасын т.б. өмірін т.б.


YI. Оқушылар білімін бағалау.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау парағы.

Күні:_______ Пәні:____________________Класы:_____ Оқушы аты-жөні:_____________________

Мен бүгінгі сабақта «__ »-ке жұмыс жасадым. Себебі:______________________________________

_____________________________________________________________________________________


YII. Үйге тапсырма.

§16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі оқу; Абайдың «Ескендір» поэмасынан үзінді оқу; Отан, ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдер әкелу.


18 орта мектеп




Тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі.

6 «А» класс


Өткізген

тарих пәні мұғалімі Атамұратова Б.Ә


Ақтөбе, 2014 жыл.

Похожие:

Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты iconСабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Сабақтың мақсаты: Сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығын түсіндіру
Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты iconҚызылорда қаласы №257 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Байтасова Айгүл Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: Тұқым құрылысы, дамуы және қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың құрылысы ерекшеліктері жөнінде жалпы мағлұмат...
Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты iconАқтөбе қаласы, №36 қазақ орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Сапарова Жадыра Муханбетқазықызы Сабақтың тақырыбы
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға таныс түсініктерді еске түсіру, жаңа мағлұматтарды талдау, Еуразияның халқы мен елдері туралы...
Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты iconАтырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебінің география пәні мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы. Сабақтың тақырыбы: § 21 Мұхиттар Сабақтың мақсаты
...
Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты icon7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: Монгол империясының құрылуы Сабақтың мақсаты
Империяның көрші елдерді жаулауы туралы оларға қарсы халаықтар күресі туралы түсінік беру
Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты icon№33 орта жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
...
Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты iconАқтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой орта мектебі Музыка пәнінің мұғалімі: Сыргабекова Айнагул Амитжановна. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты: а Махамбет Өтемісұлы туралы ұғымдарын молайту,халық үшін белін буған батыр ретінде,ақын ретінде,күйші ретінде таныту....
Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты iconХ. А. Яссауи атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі
...
Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты iconСиллабус «Археология» пәні бойынша 5В011400 «Тарих» мамандығы и-131 топ 1 курс студенттеріне арналған
Пәннің пререквизиті: Алғашқы қоғам тарихы, Ежелгі дүние тарихы, Ежелгі Шығыс тарихы, Орта ғасырлар тарихы, Ежелгі және және ортағасырлық...
Ақтөбе қаласындағы №18 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Атамуратова Бибигуль Абдрахмановна Класс: 6 «А». Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §16 Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі. Сабақтың мақсаты icon9 «А»-сынып Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік-тұғырым. Сабақтың мақсаты
ОҚО, Қазығұрт ауданы, Ынталы елді мекені, «Ынталы» жалпы орта мектебі, Ж. Жантасова
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница