Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы




Скачать 55.29 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы
Дата конвертации14.02.2016
Размер55.29 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://www.akorda.kz/upload/Ж №18 к, 05.05.15.doc


Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 шілдедегі
№ 364 және «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы



ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2012 ж., № 51, 686-құжат; 2013 ж., № 24, 381-құжат; № 31, 465-құжат; 2014 ж.,
№ 32, 279-құжат):


2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бағынысындағы әскерлер мен әскери құралымдардың күнделікті қызметін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын басшылыққа алсын.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында:

72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«72. Төтенше жағдай – адамдардың құрбан болуына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай.

Төтенше жағдайларды жою үшін ішкі істер органдарының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың күштері мен құралдарын, қоғамдық бірлестіктер мен халықты тарту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдері негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшыларының бұйрықтарымен әскери бөлімдер төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға, адамдардың өмірін құтқаруға және зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге тартылуы мүмкін.»;

208-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«тергеуші немесе анықтау органдары (ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, әскери полиция органдары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, экономикалық тергеу қызметі, әскери полиция органы болмаған жағдайда, шекара бөлімдерінің командирлері, әскери бөлімдердің командирлері) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстаған әскери қызметшілер – жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге;»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің жарғысында:

232-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жақын маңдағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің өртке қарсы бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыруға міндетті.»;

319-тармақтың үшінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«төтенше жағдайларда міндеттерді орындау үшін тағайындалатын Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің құрама жасақтары, кезекші бөлімшелері;»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:

27, 28, 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының, Бас әскери прокурордың орынбасарлары өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты әскер тегі қолбасшысының тәртіптік құқықтарын пайдаланады.

28. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің (Республикалық ұлан) бастығы, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, Бас әскери прокурор өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты Қарулы Күштер түрі Бас қолбасшысының құқықтарын пайдаланады.

29. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі және Қазақстан Республикасының Бас прокуроры өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты осы жарғыдағы тәртіптік құқықтарды толық көлемде пайдаланады.»;

тәртіптік жарғыға 2-қосымшада:

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің үлгі лауазымдары бойынша тәртіптік құқықтардың салыстырмалы кестесінде:

мына:

«

ҚР ҚК бас сержанты, ҚР ІІМ
Ішкі әскерлерінің бас сержанты




»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

ҚР ҚК бас сержанты, Ұлттық ұланның бас сержанты




»;

2) «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 548-құжат; 2014 ж.,
№ 32, 279-құжат; № 55-56, 538-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережеде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Қажет болған жағдайда республикалық жедел штаб басшысы Қазақстан Республикасының Президентіне терроризм актісінің жолын кесу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану туралы ұсыныс енгізеді.»;

13-тармақта:


2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бастығы;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімінің командирі;»;


26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жедел штабтарында іс-қимыл жасайтын мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік орган бекіткен нормалар бойынша қажетті материалдық-техникалық құралдармен жарақтандырылады.».

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев


Астана, Ақорда, 2015 жылғы 5 мамыр


№ 18


Похожие:

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы icon«Қазақстан республикасы қарулы күштерінің Әскери жалпы әскерлік жарғылары»
Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери Жарғылары оқу курсы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара қарым-қатынастарын...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы iconЖоба Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандарымен және әскери бөлімнің Жауынгерлік туымен таныстыру. Уақыты
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышандары және әскери...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы iconМетодикалық кітаптар коорекция Кіріспе сабақ 1 1 Алғашқы әскери дайындаудың мақсат-міндеттері және мазмұны, «Қазақстан Республикасы қорғанысы және Қарулы Күштері туралы»
«Қазақстан Республикасы қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери қызметкерлердің әскери міндеттері және мәртебесі туралы»,...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айырым белгілер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ҚР Қк ішкі қызмет жарғысын, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін, әскери атақтар мен айырым белгілерді...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы iconӘскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық ЖӘне қарауылдық Қызметтер жарғысы
Осы Жарғы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыру және өткеру, әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шаралар өткізу тәртібін...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы iconАзаматтарды әскери қызметке даярлау, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ оның оқу-материалдық базасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы icon«Азаматтық қорғау туралы»
Республикасы Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастыру қағидаттарын, Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы iconБалық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы
«Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдiң қорғаныс қабiлетін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница