«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым




Название«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым
страница3/6
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.63 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/1f39085a-4989-11e4-973d-f6d299da70eeдемогр 33.doc
1   2   3   4   5   6

Лекция №9. 1970 жылдардағы Қазақстан халқы

  1. 1970 жылдардағы Қазақстан халқы.

  2. 1970-1979 жылдардағы халық санағы.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

1970 жылы қарай Қазақстан халқының саны 13 млн. адамнан астам болып, 40 пайыз жуық өсті, олардың ішінде қазақ 4234 мың (32,6 пайыз), орыс 5522 мың (42,5 пайыз), украин 933 мың (7,2 пайыз), неміс 858 мың (6,6 пайыз), татар 288 мын, (2,2 пайыз), езбек 216 мың (1,7 пайыз), белорус 198 мың (1,5 пайыз), ұйғыр 121 мың (0,9 проц,), корей 81 мың (0,6), әзірбайжан 58 мың (0,4 пайыз), басқа ұлттар 498 мың болды.

Бұдан Қазақстандағы ең саны көп этнос 1939, 1959, 1970 жылы халық санағы арасында орыстар болды. 1939—1970 жылдар арасында орыстар, украиндар, белррустар (қосып санағанда) халықтың басым көпшілігі болып келді.

Осыған қарамай 1969—1970 жылдары қазақ халқынын, демографиялық дамуында бетбұрыс болды. Бүған бірсыпыра факторлар: салыстырмалы түрде табиғи өсімнің жоғарылығы, көші-қон үрдісі қарқынының төмендеуі, келушілерден кетушілер санынын, артуы көмектесті. Осының нәтижесінде қазақтардың жалпы санының өсуімен бірге, республика халқының құрамында олардың үлес санының да үнемі өсу тенденциясы басталды. Оның үлее саны қазан төңкерісіне дейін-ақ үнемі кеміп келе жатқаны мәлім, ал 1897—1959 жылдары 81,8 пайыз 30 пайыз дейін темендеді. Республикада қазақтардың жалпы саны 1959—1970 жылдары 1446,9 мын, адамға, яғни 51,9 пайыз көбейді. Сөйтіп XX ғ. 60-жылы қазақтардың біршама шапшаң табиғи өсіп, болашақта өзінің этностық территориясында неғұрлым саны көп халық болуының негізі қаланды.

1970 жылы қарай негізгі этностардың урбанизациялану дәрежесіндегі алшақтықтар елеулі түрде азайды. Қазақтар мен орыстардың урбанизациялау дәрежееінде 1970 жылы екі еседен астам айырма болды, ал бұл айырмашылық 1926 жылы 10 есе болатын. Мұндай айыр-машылықтың шұғыл азаюына республиканы индустриаландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, КСРО-дағы мәдени революция көмектесті. Орыстар, татарлар, корейлер, негізінен қалада тұратын этностар болып қалды да, қазақтар, немістер, өзбектер, әзірбайжандар ауыл-селолық этностар болды.

Егер республиканы тұтас алғанда қала тұрғындарының үлес саны 1959-дан 1970 жылы дейін 6,5 дәрежеге өссе, орыстар (10,1 дәр.), украиндар (13,4), корейлер (17,9), әзірбайжандар (13,1 дәрежеге) неғүрлым шапшаң урбанизацияланды. Белорустар ғана бұрынғы урбанизациялану дәрежесін сақтап қалды, қалған этностар қала халқын қалыптастыруда соңында қалды.

1979—1989 жылдары этнодемографиялық құрамның ағымы мынаны көрсетеді: 1979—1989 жылдары. халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес саны 70, орыстардың үлесі 13, немістердің үлесі 3 пайыз болды. Оның бер жағында Қазақстанда қазақтардың өсуі 23,5 пайыз, орыстар 3,9 пайыз, немістер 6,4 пайыз, татарлар 4,6, өзбектер 26,1, белорустар 11 пайыз, ұйғырлар 25,3 пайыз, корейлер 12,3 пайыз өсті. Жанұядағы бала саны қазақтарда үнемі төмендеп келеді: 1972 жылы 5,01 болса, 1978 жылы 4,85, 1985 жылы 4,27. Қазақ әйелінің бала тууы 1979 жылы 5,787 болса, 1989 жылы 3,584, бұл 1979 жылы дәреженің 61,9 пайыз Қазақстанда қазақтардың табиғи есуі 1962 жылы 110 мың адам (халықтың жалпы табиғи өсімінің 37 пайыз) болса, 1964 жылы 111 мың болған (43 пайыз), 1970 жылы 107,7 мың (48,1 пайыз), 1972 жылы 114 мың (49,0 пайыз), 1979 жылы 125 мың (52,1 пайыз), 1989 жылы 162 мың адам (63,5 пайыз) болған.


Лекция №10. 1980-1990 жылдардағы демографиялық ақуал

  1. 1989 жылғы халық санағы.

  2. Кеңес өкіметінің ыдырауының демографиялық дамуға әсері.

  3. 1980-1990 жылдардағы демографиялық ақуал.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

1980—1989 жылдары бүрын аграрлық этностар болып келген қазақтардың (53,3 пайыз) ұйғырлардық (52,8 пайыз) өзбектердің (30 пайыз) урбанизациялану дәрежесі неғүряым шапшаң өсті. Сейтіп Қазақстан этностарының екі тобының әлеуметтік-экономикалық даму жөнінен шапшаң теңесу тенденциясы бар, дегенмен бұлардың арасындағы зор айырмашылық сақталып отыр. 1970—1989 жылдары ауылдық жердегі қазақ халқының этностық топтасқандығы сақталып қана қоймай, ол күшейе түсті. Бұған ауылдық жердегі халықтың табиғи өсу дәрежееінің жоғарылығы, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс шөл және шөлейт аймақтарының ауа райы жағдайының КСРО-ның Еуррпалық бөлігінен, Сібір мен Қиыр Шығыстан көшіп келушілер үшін ұнамсыздығы көмектесті. Алайда бұл облыстар қалаларына КСРО орталық ведомстволарының күш салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға, ірі келемде күрделі құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстанушылар жіберіліп жатты. 1989 жылы қазақтардың урбанизациялануы 38,4 пайыз, немістер 49,1 өзбектер 37,3, ұйғырлар 34,2 пайыз жетті. Неғұрлым урбанизацияланған ұлт орыстар (77,8 пайыз), украиндар (65,3), татарлар (77,2), белорустар (61,6), корейлер (84,2 пайыз) болды.

1951—1970 жылдары жалпы алғанда КСРО-ның басқа аудандарынан Қазақстанға кеші-қон үрдісінің бәсендеуі байқалды. 1951—1970 жылдары 100 мың адамнан астам дәрежеден кетушілерден кетушілердің басымдылығына дейін өзгерді. Осымен бірге қазақтар басқа республикалардан, еол сияқты 1955—1959 жылдары және 1962-жылы Қытайдан кері көшіп келіп жатты.

1970—1990 жылдары республикааралық көші-қон үрдісінде келушілерден кетушілер артық болды. 1970 жылы көшіп кетушілер 35 мыңнан 1988 жылы 95 мың адамға жетті. 1985—1988 жылдары республика аралық айырмашылық Қазақстандағы саяси процестерді кейбір орыстардьщ өздері үшін қолайсыз деп санауы нәтижесшде олардың көшіп кетуінің көбеюінен болды. Қазақстанда 1983—1987 жылдары халықаралық эмиграция санаулы ғана еді. 1988 жылы бастап КСРО-да эмиграцияға шек қою тоқтатыла бастады. 1988 жылы бұл процесс өсе түсіп, ол 92,3 мың адамға жетті. Эмигрантгардың негізгі бөлігі немістер, еврейлер, гректер болды.

1989—1990 жылдары республикааралық теріс көші-қоныс 1989 жылы 46,8 мыңнан 1990 жылы 36,6 мыңға дейін азайды.

Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988—1990 жылдары орыстар 53—55 пайыз, украиндар 9—12, немістер 6—8, қазақтар 6—9 пайыз, республикаға көшіп келушілер арасында орыстар 48 пайыз украиндар 8, немістер 5, қазақтар 20 пайыз болды. Сөйтіп 1990 жылы республикааралық көші-қоныста орыстардың саны 17,7 мың, украиндер 4,1 мың адамға азайды, қазақтар 16,6 мық адамға көбейді. Қазақ этносының тарихи отанына жиналу процесі күшейді. 1989 жылы бастап қазақтардын, Өзбекстаннан (әсіресе Қарақалпақстаннан), Ресейден, Түрікменстаннан көшіп келу процесі күшейді.


Лекция №11. 1999 жылғы халық санағы

  1. Санақ жүргізу әдістемесі.

  2. Тұрғындар саны және орналасуы

  3. Тұрғындардың жас-жыныстық құрылымы.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

Тұрғындар туралы негізгі статистикалық мәліметтер жинаудың негізі, арнайы ұйымдастырылған, бірыңғай бағдарлама, әдіспен барлық жерде бір уақытта жүргізілетін халық санағы болып табылады және соңғы санақ қорытындысын бұрынғы өткен санақ мәліметімен салыстырып, алдағы уақытқа болжам жасауға болады. Біріккен Ұлттар Ұйымының статистика комитеті 1960 жылдан бастап барлық мемлекеттерге он жылда бір рет халық санағын өткізуді ұсынды. Мұның өзі жекелеген мемлекеттің және жер шарының тұрғындарының нақты санын білуге мүмкіншілік береді.

Қазақстанда ең алғашқы санақ 1897 жылы патша өкіметінің кезінде жүргізілсе, кеңес өкіметі орнаған соң 1920, 1923, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдары халық санағы өткізілді.

1999 жылы 25 қаңтардан 4 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық статистикалық агенттігінің басқаруымен республикада тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші рет халық санағы жүргізілді. Санақтың ерекшелігі, біріншіден, бағдарламасы, стандарты, методологиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының талабына сай, екіншіден, XX ғасырдағы қорытынды санақ болғандықтан XXI ғасырдағы еліміздің демографиялық жағдайына болжам жасауға болады.

Санақтың бағдарламасын 1998 жылы 4 тамызда Республикалық комиссия бекітті, оған әлеуметтік- демографиялық, экономикалық, баспана мәселесі сияқты 23 сұрақ енгізілді. Оның 18 сұрағы демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, 5 сұрағы тұрғындардың баспана мәселесіне (жеке меншік немесе жалға алынған баспана, пәтердің, үйдің тұрмысқа ыңғайлылыгы) және бірге тұратын адамдар санын анықтауға арналған. Кеңес өкіметі жылдарындағы санақ сұрақтарымен бірге тұрғындардың табысы, адамның еңбек статусы (жұмыс беруші, жалдамалы жұмысшы, жұмыссыз), мемлекеттік тілді білуі, көші-қон үрдісі сияқты сұрақтар енгізілді.


Лекция №12. Қазақстан Республикасының демографиялық дамуы

1. Тұрғындардың ұлттық құрамы.

2. Тұрғындардың орналасуы.

3. Тұрғындардың жас-жыныстық құрылымы.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

Санақ аралығындағы он жылда Қазақстан Республикасының халқының демографиялық дамуы өзгеріске ұшырады. Тұрғындар арасында туу көрсеткішінің азайып, өлімнің көбеюі табиғи өсімді кемітті, көші-қоным үрдісі нәтижесінде механикалық өсім болмауы 1989 жылғы Бүкілодақтық, 1999 жылғы республикалық халық санағы аралығында облыста тұрғындар санын азайтты.

Санақ қорытындысы Республикада он жыл аралығында болып өткен (1989 жылдың 12 қаңтарынан 1999 жылдың 25 ақпаны аралығы) және тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеті жыл ішінде қалыптасқан демографиялық үрдіске талдау жасаута мүмкіндік береді.

1999 жылы Шығыс Қазақстан облысының жер көлемі 283,3 шаршы шақырымды алып жатты, ол Республика территориясының 10,4%-ын құрайды. Көлемі жағынан Шығыс Қазақстан облысы Республика бойынша Қарағанды (428,0), және Ақтөбе (300,6) облысынан кейін үшінші орында. Облыс территориясында 14 аудан, 10 қала (оның 5 облыс қарамағында), 30 поселка, 224 ауылдық округ, 846 ауылдық елді мекен орналасқан. Санақ аралығындағы он жылда облыста 84 ауылдық елді мекен қысқарды.

Санақ мәліметі бойынша облыста халық тығыздығы 1989 жылғы әрбір шаршы шақырымға 6,2 адамнан келіп (республикада 6 адам) республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болса, 1999 жылы халық тығыздығы 5,4 адамға төмендеп республикалық көрееткішпен теңесті. Шығыс Қазақстан облысы халық тығыздығы жағынан республика бойынша 14 облыс арасында 7 орында. Егер республикамен шектелетін басқа мемлекеттермен салыстыратын болсақ, Россияда халық тығыздығы 9 адам болса, Түркіменстанда 10, Қырғызстанда 22, Өзбекстанда 52, және Қытай мемлекетінде 125 адам. Көрші мемлекеттердің халық санының көп болуы және халық тығыздығының Қазақстан Республикасындағы көрсеткіштен 2 еседен 23 есеге дейін артық болуы еліміз үшін қай жағынан болмасын қауіпті.

1999 жылғы санақ методологиясы негізінде республикада қазіргі шекара бойынша 1989 жылы 16199145 адам тұрды. Олардың 7846680 ер адамдар (48,4%), 8352474 әйелдер (51,6%) болды. Қала түрғындарының саны 9132067 адам (56,4%), ауыл халқы 7067087 адам (43,6%) құрады.

1999 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша (25 ақпанда) шетелдерде тұратын Казақстан азаматтарын және олардың жанүя мүшелерін қоса есептегенде, бірақ сол уақытта Казақстанда түратын шетел азаматтарын, олардың жанұя мүшелерін қоспағанда республика территориясында тұрғындардың саны 14953126 адам болды. Олардың 7201783 ер адамдар (48,2%), 7751343 әйелдер (51,8%) қүрады. Оның ішінде 8376814 адам қалада (56,0%), 9576312 адам ауылда (44,0%) тұрды.

Санақ аралығындағы он жыл аралығында Республика халқының саны 1246028 адамға, немесе 1989 жылмен салыстырганда 7,7%-ға кемісе, оның ішінде ер адамдардың саны 644897 адамға 8,2%-ға, әйелдер 601131 адамға 7,2%-га кеміген. Қала түрғындарының республикадағы үлесі 1999 жылы 1989 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға, саны 755253 адамға немесе 8,3%-ға кеміді. Ауыл түрғындарының республика халқының арасындағы үлесі он жыл аралыгында 0,4%-ға өскеніне қарамастан, саны 490775 адамға немесе 6,9%-га кеміді. Республика халқының санының 1998-1999 жылдар аралығындағы кемуіне Шығыс Қазақстан облысындағы он жылдағы демографиялық үрдіс өз әсерін тигізді,


Лекция №13. Қазақстан Республикасының демографиялық дамуына арналған заңнамалар

  1. Көші-қон үрдісін зерттеу.

  2. Ана мен балаға көмек.

  3. Жастар сасаты.



3 ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАР


1-тақырып. ХХ-ғасыр Басындағы Қазақстан халқы:

  • Қоныс аударудың халық санының өзгеруіне әсері;

  • Ғасыр басындағы Қазақстан халқының ұлттық құрамы, әлеметтік құрылымы.

- Қазан төңкерісіне дейінгі тұрғылықты халықтар.


2-тақырып. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан халқы;

-Азамат соғысының демографиялық дамуға әсері;

- 1921-1922 жылғы аштық салдары.


3-тақырып. Қазақ АССР –ның құрылуы:

- Қазақ жерін біріктіру;

- Қазақ АСС халқы;

- Тұрғындардың орналасуы.


4-тақырып. 1926 жылғы халық санағы;

- Санақ мәліметі бойынша ауыл тұрғындары;

-Қала тұрғындары;

- Тұрғындардың орналасуы.


5-тақырып. 1930- жылдардағы Қазақстан халқы:

- 1931-1933 жылдарда аштық салдары;

- Аштықтың Қазақстанның демографиялық дамуына әсері;

- Индустриализацияның тұрғындардың орналасуына әсері.


6-тақырып. ХХ –ғасырдың 30 -жылдарындағы халқы санағы:

- 1937 жылғы халық санағы;

- 1939 жылғы халқы санағы


7-тақырып. ҰОС алдындағы Қазақстан халқы;

- ҰОС алдындағы Қазақстан халқы;

- 1938 жылы кәрістерді Қазақстанға күштеп қоныс аудару


8-тақырып. ҰОС жылдарындағы Қазақстан халқы;

- Соғыстың демографиялық дамуға әсері;

- Тұрғындарды эвакуациясы;

- Халықтарды күштеп қоныстандыру


9-тақырып. 1950 –жылдардағы Қазақстан халқы;

- Тың жерді игерудің демографиялық дамуға әсері;

- Тұрғындардың ұлттық құрамы;

- Тұрғындар санының өзгеруі;

- 1959 жылғы халық санағы


10-тақырып. 1970 жылғы халық санағы:

- Тұрғындардың саны және орналасуы;

- Ұлттық құрамы;

- Жас жыныстық құрылымы:


11-тақырып. 1979 -жылғы халық санағы:

- Тұрғындардың саны және орналасуы;

- Ұлттық құрамы;

- Жас жыныстық құрылымы:


12-тақырып. - Тұрғындардың саны және орналасуы;

- Ұлттық құрамы;

- Жас жыныстық құрылымы:


13-тақырып. 1999-жылғы халық санағы:

- Тұрғындардың саны және орналасуы;

- Ұлттық құрамы;

- Жас жыныстық құрылымы:


14-тақырып. 2009 жылғы халық санағы:

- Тұрғындардың саны және орналасуы;

- Ұлттық құрамы;

- Жас жыныстық құрылымы:


15-тақырып. Қазақстан Республикасының демографиялық дамуы:

- Табиғи қозғалыс;

- Механиқалық қозғалыс


  1. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Кесте-1




Тапсырма

Оқыту

факторы

Балл

саны

1-2

апта

1.Қазақстанның демографиялық дамуына арналған еңбектер каталогын құру.

анықтамалар

жазу




3 апта

  1. Демографиядағы сандық және сапалық мінездеме.

  1. Әлемдегі адам өмірінің ұзақтығы мәселесі.

  2. Қытай Халық Республикасындағы «Бір жанұяға бір бала саясаты»




хронологиялық кесте

15

4 апта

  1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы демографиялық жағыдайға әсер ететін оқиғаларға талдау жасаңыз..

  2. Н.В. Алексеенко, А.Н Алексеенколардың «Население Казахстана за 100 лет» еңбегі бойынша ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстанның тұрғылықты халықтарын қаорастырыңыз.




тақырыптық тест

(бір сұрақта 5 жауап)

15

5 апта

1926 жылғы халық санағы мәліметін қолданып тұрғындардың орналасу картасын жасаңыз.

2. 1926 жылғы халық санағы мәліметін қолданып тұрғындардың ұлттық құрамының картасын жасаңыз.

тарихи конспекті

немесе тарихи эссе

20

6 апта

        1. Әлеуметтік жағдайдың демографиялық дамуға әсері.

        2. Қазақстандағы урбандалу үрдісінің ерекшеліктері.

        3. Жанұяның демографиялық дамуға әсері.

тарихи сараптамалық анықтама жазу

30

7 апта

1. Деректерді пайдаланып 1931-1933 жылдардағы әр облыс бойынша аштық зардабының кестесін құрыңыз.

2. Әр ұлт бойынша аштықта қайтыс болғандардың кестесін құрыңыз.

тезис жазу

35


№ 1 аралық бақылау жұмысы: Өтілген тақырыптар бойынша

тест орындау 25 сұрақ 5 жауаптан

60




БАРЛЫҒЫ:




175

8 апта

  1. 1937 жылғы және 1939 жылғы халық санағын жүргізу әдістерін салыстырыңыз.

  2. Салыстыру кестесін құрыңыз

мазмұны бойынша қысқаша конспекті

10

9 апта

Республика бойынша соғыстан кеиінгі жылдардағы көші –қон себептерін анықтаңыз.

2. Көші – қон түрлерін талдаңыз.

тарихи анықтамалар жазу

10

10 апта

1 Қазақстандағы сыртқы көші-қон ерекшелігі.

2 Қазақстандағы ішкі көші-қон ерекшелігі.

  1. Қытайдағы демографиялық даму ерекшелігі.




тарихи эссе жазу

10

11 апта

  1. 1989-1999 жылғы халық санағының мәліметтер бойынша республика бойынша он жылдық көші-қон жиілігін анықтаңыз

  2. Сыртқы көші – қонның негізгі бағыттарын және оның жиілігін анықтаңыз.




хрнологиялық тарихи сараптамалық кесте

10

12 апта

  1. Жас-жыныстық құрылым бойынша республика тұрғындарының ХХ ғасырдағы демографиялық дамуын талдаңыз.

  2. Әр облыс бойынша тұрғындардың демографиялық жасын анықтаңыз.

тезис жазу

15

13

апта

ШЫҰ: құжаттары мен шешімдердің орындалуы туралы

тарихи эссе

15

14

апта

1.Әлеуметтік-экономикалық факторлардың туу көрсеткішіне әсері.

2. Демографиялық факторлардың туу көрсеткішіне әсері.

3.Әлем халқы санының өсу болашағы.

№ 2 аралық бақылау

15

15

«Қазақстандағы демографиялық үрдістер» пәні бойынша қайталау, өткен шолу

Қорытынды

сұрақ-жауап

20




жеке сұрақтар арқылы жазбаша тапсырмалар орындау

60




БАРЛЫҒЫ




165
1   2   3   4   5   6

Похожие:

«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым
В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым
В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Дінтану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 11. 09. 2014
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы т.ғ. к., профессор М.Қ. Каримов
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Дінтану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 11. 09. 2014
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы т.ғ. к., профессор М.Қ. Каримов
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Дінтану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 11. 09. 2014
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы т.ғ. к., профессор М.Қ. Каримов
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Дінтану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 11. 09. 2014
Адат- (араб тіл.«әдет-ғұрып»)-исламды қабылдаған халықтардың дәстүрлі наным сенімі, құқығы
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Тарихи үдерістегі Азияның рөлі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым
Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талдап алу
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым iconОҚУ-Әдістемелік кешені
«Схемотехника негіздері» пәні бойынша «Информатика» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешені / Құраст. Мнафиянов Е....
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым iconПәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Геологиялық эрозия – табиғатта болуға тиісті биологиялық процесс, ол топырақты жаңартуға көмегін тигізеді
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Алашорда қозғалысы: тарихы және тарихнамасы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы т.ғ. к., профессор М.Қ. Каримов
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница