«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым




Название«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым
страница2/6
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.63 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/1f39085a-4989-11e4-973d-f6d299da70eeдемогр 33.doc
1   2   3   4   5   6

Лекция № 2. ХХ-ғасыр басындағы тарихи оқиғалардың демографиялық дамуға әсері

  1. Столыпиннің аграрлық реформасы.

  2. Бірінші дүние жүзілік соғыс.

  3. 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің демографиялық дамуға әсері.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

ХХ –ғасыр басындағы Ресей империясының құрамына кірген Қазақстанның демографиялық дамуына ғасыр басында болған барлық саяси және басқада өзгерістер әсер етті. Бұл тарихи оқиғалардың барлығы Қазақстандағы демографиялық дамуға тікелей және жанама әсер етті.

1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша еліміздің қазіргі шекарасы шеңберіндегі аумағында 4147,8 мың адам болған. Оның 3392,7 мыңы, немесе 81,7 пайызы қазақтар болды.

1914 жылы қазақ жеріндегі тұрғындар саны 5910,0 мың адамға жетті. Олардың ішінде 3845,2 мың тұрғынын қазақ халқы құрады, немесе 65,1 пайыз болды.

Небәрі 46 жылдың ішінде (1871-1917 жж.) өлкеге 1,6 млн. адам (қайтып кеткендерді қоспағанда) келіп тұрақтап қалды, олардың негізгі көпшілігі 1907-1916 жж. келді. Осының салдарынан XIX ғасырдын, аяғында және XX ғасырда Қазақстан халқының көп ұлтты құрамының қалыптасуы шапшаңдады. XX ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлттың өкілдері тұрды, олардың ішінде түрік тілдес халықтардан (өзбек, үйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт, және т.б.) басқа неміс, поляк, мордва, дұнген, тәжік, еврей, және т. б. бар еді.

Столыпинның аграрлық реформасының салдарынан қазақ жерінде басқа ұлт өкілдерінің үлесі өсті. Қазақтар өз жерінен айрыла бастады. 1916 жылға дейін қазақтардан алынған жер көлемі 45 млн. десятинаға жетті. 1897-1914 жылдар аралығында қазақтардың үлесі 16,6 пайызға кемісе, славян халқының саны 16,8 пайызға артқан.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтың саны едәуір азайды, мұның себебі - табиғи әсім азайып, өлім көбейіп кетті. Бұл 1916 жылғы көтерілістің жеңілу салдары болатын, сонда жүз мыңдаған қазақ жазалаушылар қолынан қаза болды және Қазақстаннан сыртқа қашып кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана 105 мың қазақ шетке кетті. Осылайша қазақтың өзінің ата-қонысында азшылыққа айналуының негізі қаланды.

1916 жылғы 25 шілде жарлығыда Қазақстанның демографиялық дамуына кері әсерін тигізді. Жарлық бойынша Қазақстан мен Отра Азия халықтарынан 400 мың адам тыл жұмысына алынуға тиіс болды. Жарлыққа қарсы көтерілген қазақтар ауыр шығынға ұшырады. Бейбіт тұрғындар аяусыз қырғынға ұшырады. Бұған шыдамаған 105 мың адам, немесе Жетісу өлкесі қазақтарның 25 пайыз Қытайға қоныс аударуға мәжбүр болды.


Лекция № 3. Азамат соғысы жылдарындағы демографиялық жағыдай

  1. 1917-1918 жылдардағы демографиялық үрдіс.

  2. 1921-1922 жылдардағы аштық салдары.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

Этностық-демографиялық дамудағы бұл және басқа қисындар, Қазақстанның көп ұлтты бола түсуінің күшеюі, әсіресе Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірде үлкен қарқынмен жүрді. Қос төңкеріс аралығында қазақ халқының әлеументтік-экономикалық жағыдайлары төмендеді. Нәтижесінде қазақ халқының демографиялық дамуы шектелді.

Азамат соғысы Қазақстандағы демографиялық дамуға өзіндік өзгерістер әкелді. Соғыс нәтижесніде өлкенің тұрғындар санының табиғи өсімі кемісе, Ресейдің басқа өңірлерінен келген әскери бөлімдер және қоныс аударушылар есебінен тұрғындардың ұлттық құрамы өзгерді.

Кеңес өкіметінің жүргізген әскери-коммунизм шаралары еліміздің ауыл шаруашылығын құлдыратты. Ауыл шаруашылығындағы болған апат нәтижесінде Қазақстанда аштық басталды. Сол кездегі мәліметтерге қарасақ, 1921-1922 жылдары республикада 2,3 млн. адам аштыққа ұшыраған. Аштықтан және оның салдарынан басқа жаққа көшу үрдісі күрт өскен. 1914 жылғы көрсеткішпен 1922 жылғы тұрғындар санын салыстырсақ өлке халқы шамамен 1 млн. адамға қысқарғанын көруге болады.


Лекция № 4. 1926 жылғы халық санағы

  1. Тұрғындар саны және орналасуы.

  2. Тұрғындардың ұлттық құрамы және жас-жыныстық құрылымы.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

1920 жылы қазан айында Ресей Федерациясынын, құрамында Қазақтың Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасы жарияланды, астанасы Орынбор қаласы болып белгіленді. Бұл қазақтың этностық жерінің бір бөлігін мемлекеттік құрылымға біріктіруге мүмкіндік берді.

1924 жылы Орта Азия республикаларының ұлттық-территориялық шекаралары белгіленді, осының нәтижесінде Түркістан АКСР-ның қазақтар тұратын аудандары (Сырдария мен Жетісу облыстары) Қазақстанның құрамына кірді Орынбор губерниясы Ресей Федерациясына беріліп, Қазақ АКСР-ның астанасы 1925 жылы Орынбордан Қызылордаға көшірілді.

1926 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның, қазіргі шекарасында 6198,4 мың адам тұрды, олардың 58,5 пайызы қазақ, 20,6 пайыз орыс, 13, 9 пайыз украин, 2,1 пайыз өзбек, 1,3 пайыз татар, 1,0 пайыз ұйғыр, 0,8 пайыз неміс және басқа ұлт өкілдері болды. Егер мұны 1897 жылы Бүкіл Ресейлік халық санағының мәліметтерімен салыстырсақ 29-30 жыл ішінде республиканың халқы шамамен 1,5 есе өскен, оның ішінде орыс 2,8 есе, басқа халықтардың өкілдері 4,3 есе, қазақ небәрі 234,8 мың адам, яғни 7 пайыз ғана өскен. Қазақтық үлес саны 23,2 дәрёжеге төмендеген, орыс —9,6 дәрежеге, басқа ұлттар 13,7 дәрежеге өскен.

Қазақ АКСР-ындағы негізгі ұлттардың көпшілігінің сан жағынан өсуі төрт негізгі бағыт бойынша: 1920 жылы ортасынан бастап көшіп келушілер санының көшіп кетушілер санынан артық болуы; табиғи есім, туылғандар санының келгендерден артық болуы; автономиялық республика құрылғаннан және 1924 жылы Орта Азия Республикаларының ұлттық-территориялық шекаралары белгіленгеннен кейін республиканың нақты әкімшшік шекарасының кеңеюі, ассимиляциялық және қосылу процестерінің есебінен өсті.

Лекции № 5. ХХ-ғасырдың 20 жылдың аяғы және 30 жылдар басындағы тұрғындар

  1. ХХ-ғасырдың 20 жылдың аяғы және 30 жылдардағы демографиялық жағдай.

  2. 1931-1933 жылдардағы аштық салдары.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

1920-жылы басында демографиялық құбылыстардың қолайсыз болғаны мәлім, бір жағынан, 1921 жылы егін шықпауы және жұттың салдарынан шаруалардың бір бөлігі РКФСР мен Украинаға өз бетімен көшіп кете бастады. Қазақ АКСР-ның Орталық Атқару Комитеті республиканың шаруа халқына олардың көшіп кетуін тоқтату үшін арнаулы үндеу қабылдады. Екінші жағынан, 20-жылы басында Ресейдің әртүрлі аудандарынан (мысалы, Саратов, Астрахань губернияларынан) Қазақстанға тек шаруалар (орыс, украин, мордва және басқалар) ғана емес, сонымен бірге қазақтар да көшіп келе немесе қайтып орала бастады.

1925—1926 жылдары көшіп келушілер мен кетушілердің балансы анықталған сияқты, бірте-бірте көшіп кетушілерден келушілердің саны көбейе берген.

1926 жылы халық санағы кезінде тұрақты халық саны 6268 мың адам болған жағдайда көшіп келушілер 1601 мың адамға жеткен. Олардың жартысы әкелінген шаруалар және 1916 жылға дейін көшіп келген қазақтар еді. Сонымен, 1926 жылы желтоқсанда 1916 жылдан 1926 жылы дейін 800 мыңнан астам жергілікті емес ұлттың өкілдері көшіп келгені тіркелген.

Республикаға көшіп келгендер онан көшіп кеткендерден 638,8 мың адам артық болған. Олардың көпшілігі Украинадан, Волга бойынан, РКФСР-дың Солтүстігінен, Батысынан, Орталығынан, азырақ белігі Сібірден, Уралдан, Белоруссиядан, Орта Азиядан, Қиыр Шығыстан еді. Еуропалық бөліктен көшіп келгендердің көпшілігі егіншілік аудандарында қоныстануды қалаған. Мәселен, келгендердің 15 пайызы Қостанай облысына, 40 пайызы Ақмола және Ақтөбе облыстарына, 24 пайыз Семей облысына орналасты. Демек, бұл орманды дала және дала өңіріндегі тәлімі егіншілік аудандары көшіп келушілердің көшкен аудандарының ауа райы мен топырақ жағдайына жақын деген сөз. Оның үстіне Ресейдің Еуропалық бөлігінен көшіп келгендер бұл өңірлерден өздеріне жақын этностық ортаға тап болды.

Орта Азия республикаларымен де көші-қоныс қарым-қатынасы орнады. Жоғарыда аталған факторлардан басқа бұл ауданның көші-қоныс процесіне ұлттық-территориялық шекараны белгілеу ісі әсер етті. Шығыс Түркістаннан 1916 жылы ұлт азаттық қозғалысына қатысқандар республикаға қайтып оралды. Республиканың өз ішіндегі көші-қоныс жергілікті халықтың отырықшылануына байланысты олардың шөл және шөлейт аймақтардан суармалы және тәлімі егіншілік аудандарына келіп орналасуымен сипатталды. Осымен бірге қазақтардың қалаларға келіп орналасу тасқыны байқалды. 1926—1929 жылы Қазақстанда халық санынын, өсуі қарқынды жүріп жатты. КСРО мен Қазақстандағы демографиялық тенденциялардағы айырмашылық көзге көріне бастады: елдің өнеркәсібі дамыған және урбанизацияға ілінген аудандарында бала туу төмендесе, оңтүстік шығыс аудандарында ол көбейді. Республикада бала туу орыс халқының да, украин халқының да арасында азайған жоқ.

1928—1934 жылы Қазақстанда ашаршылық басталды, ол көшпелі және жартылай көшпелі елді отырықшыландыру, сол сияқты қолдан урбанизациялау істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра жүргізу салдарынан туды. Жүздеген мың орыстар, украиндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері қырылды, бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп бой-ынша 1929—1934 жылы 1610 мың қазақ қырылды, 1935—1938 жылы әлеуметтік және саяси репрессияның салдарынан 135 мың адам жойылды. Қазақтардан барлық шығын 1750 мың адам болды.

Халықтың 20-жылдың ортасына дейін созылған өз бетінше көшіп-қону процесі бірте-бірте ұйымдасқан сипат алды. Елдің орталық әнеркәсіпті аудандарында болған, 1,3 млн. адамға жеткен аса күшті жұмыссыздық ондаған мың адамдарды жұмыс пен нан іздеп, Қазақстанға Түрксибтің, Қарағанды көмір бассейінінің, Балхаштың және басқалардың құрылысына кетуге мәжбүр етті. Қазақстанға елдің басқа аудандарынан да 1931-1940 жылы жұмысшы күшінің ұйымдасқан түрін қабылдау арқылы ғана 509 мың адам келді. Бұл жұмысшылардың және жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың басым көпшілігі өнеркәсіп орындарының, темір жолдардың, қалалардың, жұмысшы поселкелерінің құрылысы аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа ауысып, осында қалып қойды.

Осымен қатар аграрлық қоныс аудару жүріп жатты. 20 жылдың аяғында —30 жылдың басында Қазақстанға Ресейден, Украинадан және басқа ресубликалардан тәркіленіп жер аударылған шаруалар, сондай-ақ елдін, Еуропалық белігінен, Сібірден әскер қатарынан босатылған қызыл әскерлер және қоныс аударған шаруалар келе бастады, соңғылары жер-жерде коммуналар мен ауылшаруашылық артельдерін құрды. 1928-1930 жылдардың ішінде жаңа құрылып жатқан совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың отбасы көшіп келді. 1940 жылы Украина мен РКФСР-дің жері аз аудандарынан, әсіресе Мордовия, Чувашия, Татарстан және басқа республикалардан ерік білдірген шаруаларды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу басталды. Сөйтіп Қазақстанға 24,4 мың отбасы көшіп келді, оларды тың жерлерде астық шаруашылығын дамыту үшін республиканың солтүстік облыстарына орналастырды.


Лекция № 6. Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы демографиялық даму

  1. 1937, 1939 жылдардағы халық санағы.

  2. Соғыс қарсаңындағы Қазақстан халқының ұлттық құрамы.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

ХХ ғасырдың 30-жылдың ақырында жекелеген ұлт өкілдерін жер аудару бас-талды, олардың бір бөлігі Қазақстанға қоныс аударылды. 1937 жылы қыркүйек-қазан айларында Қиыр Шығыстан Казақстанға 110 мың корейлер, Азербайжан мен Армениядан 2,4 мыңнан астам ирандық, әзербайжан, курд, армян отбастары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды.

1939 жылы халық санағы бойынша республикада 6094 мың адам тұрды, яғни 1926 жылмен салыстырғанда республиканың халқы 100 мың адамға, немесе 1,7 пайыз азайған. Неғұрлым күшті қырғын қазақтардың басына түскен, олардан бар болғаны 2314 мың адам ғана қалған, 1926 жылмен салыстырғанда 1314 мыңға немесе 63,8 пайызға азайған. Украиндардың саны 203 мың, өзбектер 26 мың, ұйғырлар 28 мыңға азайған. Алайда 1926—1939 жылдар арасында басқа эт-ностардың саны өскен, әсіресе орыстар 1174 мың адам, яғни 92 пайыз, татарлар 27 мың —34 пайыз, белорустар 6 мың —22 пайыз өскен.

Сөйтіп, 1939 жылы қарай Қазақстанда этностардың мүлде жаңа жағдайы қалыптасты. Көшіп-қону экспансиясы күшті қарқынмен жүрді. Қазақтардың үлес саны 1926 жылы салыстырғанда 20,5 дәрежеге құлдырап, 38 пайызға теңесті, украиндардың үлесі 13,9-дан 10,8 пайызға, өзбектер 2,1-ден 1,7 пайызға, ұйғырлар 1,0-ден 0,66 пайыз темендеді. Орыстар Қазақстандағы ең ірі этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20 дәрежеге өсіп, 40,2 пайызға жетті. Немістер 1,5 пайыз, корейлер 1,6, татарлар 1,6, белорустар 0,5 пайыз болды.


Лекция №7. Ұлы Отан соғысының демографиялық дамуға әсері



  1. Ұлы Отан соғысының демографиялық дамуға әсері.

  2. Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

Ұлы Отан соғысы еліміздің демографиялық дамуына кері әсерін тигізді. Қазақстанның әрбір төртінші азаматы соғысқа шақырылды. Нәтижесінде тұрғындар арасында жанұялық қатынас бұзылды. Ер адамдар жаппай соғысқа аттана бастады. Туу көрсеткіші кеміп, өлім көрсеткіші өсіп, нәтижесінде табиғи өсім көрсеткіші кеміді.

Тұрғындардың жас-жыныстық құрылымының бұзылуы туу көрсеткішінің төмендеуіне тікелей әсер етеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында ер адамдардың әскер қатарына және тыл жұмыстарына шақырылуының нәтижесінде отбасылық байланыстың бұзылуы, XX ғасырдың 40-жылдарында бала туу көрсеткішін төмендетті. Соғыс жылдарындағы бұл демографиялық өзгеріс бүгінгі күнге дейін еліміздің жас-жыныстық құрылымына әсерін тигізуде.

Ұлы Отан соғысы жылдарында туу көрсеткішінің кемуі нәтижесінде болашақ аналар - қыз балалар саны кеміді. Мұны табиғи өсімнің брутто-коэффициентінен көруге болады. 1960-жылдардың аяғындағы, 1970-ші жылдардың басындағы өнікті жастағы әйелдердің 1941-45 жылдарда туылғанын ескерсек, брутто-коэффициент Казақстан бойынша (әр анаға шаққандағы өмірге келген қыз балалар саны) 1941 жылы 2,5, 1942 жылы 1,6, 1943 жылы 0,9, 1944 жылы 0,5, 1945 жылы 0,6 болды. Бұл көрсеткіш әліде бірнеше ұрпақ алмасуында қайталанады.

Қазақстанда оның түпкілікті тұрғындарының мүдделеріне зиян келтіре және көшіп келушілердін, үлес санын арттыра отырып, көші-қоныс арқылы экспансиялау Ұлы Отан соғысы дәуірінде және онан кейін де одан әрі күшейе берді.

Соғыс жылдары Қазақстанға көшіп келушілердің тасқыны шұғыл артты. Қазақстанға елдін, батыс бөлігінен көшіріп әкелінген 536 мың адамнан басқа автономиясы алдын-ала жойылған түтас халықтар осында жер аударылды. Жаппай жер аударудың қарсаңында, 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 54696 поляк, 3569 латыш, 808 литван және басқа ұлт өкілдері тұрды. Елдегі неміс халқының да тағдыры осылай болып шықты. 1941 жылғы тамызда Қазақстанға 349 713 неміс көшіріп әкелінді, олардың жалпы саны 441713 болатын. Қалған немістер Қазақстанға 1944—1945 жылдары қоныс аударылды. Мұның үстіне Қазақстанның және елдің басқа жерлерінде жалпы саны 2,5 млн. адам неміс және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді. 50-жылы әскери тұтқындарды өз отандарына қайтару аяқталды.

Орта Азия мен Қазақстанға 1944 жылы ақпанда шешендер мен ингуштер, наурызда-балқарлар, қарашада месхет — түріктері, қырым татарлары, қарашайлар және басқа халықтар күштеп көшіріп әкелінді.


Лекция №8. 1950-1960 жылдардағы демографиялық ақуал



  1. ҰОС кейінгі демографиялық даму.

  2. Тың және тыңайған жерді игерудің Қазақстан демографиясына әсері.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)

1957 жылы чечен және ингуш халықтарының автономиялары қайтадан қалпына келтірілгеннен кейін олар тарихи отаны Солтүстік Кавказға қайта көше бастады, қарашайлар, балқарлар, қалмақтар ағылып қайтып жатты. Гректердің, месхет түріктерінің, қырым татарларының, поляктардың, корей ұлт өкілдерінің, Еділбойы немістерінің бір бөлігі бұрынғъі тұрған жерлеріне қайтып оралды. Бірақ олардың негізгі бөлігі Орта Азия мен Қазақстанда тұрақтап қалды. Кеңестік Балтық жағалауы республикаларына латыштар, эстондар, литвандар ағылып қайтып жатты.

Соғыстан кейін 50-жылы ортасына дейін Қазақстанға ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу азайды. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты республикаға аса ірі көші-қон тасқыны келді, мұның өзі уақыт жағынан ірі өнеркәсіптік құрылыстар жүруімен түспа-түс келді. 1954—1962 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. жуық адам, олар негізінен елдің Еуропалық бөлігінен келді. Өнеркәсіп, құрылыс жөне транспорт үшін жұмысшы күшін ұйымдасқан түрде тарту арқылы 1954—1965 жылдары 0,5 млн, адам келді, бұл республикаға ұйымдасқан түрде жұмысшы күшін тарту-дың 80 пайыз еді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Белоруссиядан, Молдавия мен Литвадан іріктеп алынды. Мұның өзі бір жағынан түпкілікті халық саны мен екінші жағынан келушілер саңының арасындағы алшақтықты бұрынғыдан да күшейте түсті. 1959 жылы орыстардың үлес саны 42,7 пайыз жетті де, қазақтардъщ үлес саны 1939 жылы салыстырғанда 8 дәреже төмендеп, 30 пайыз ғана болып қалды. Басқа этностық топтардың үлесі өзгерген жоқ. Қазақстанға көші-қон тасқыны мұнан кейінгі кезде де аздап баяулаған қарқында жүріп жатты, бірақ ол 70-жылы келушілерден көшіп кеткендер саны артық болып қалыптасты.

Республика халқының саны 1959 жылы 9294741 адам, яғни соғысқа дейінгі саңынан 1,5 есе артық болды.

Қазақтардың саны 20 жыл ішінде бар болғаны 474 мың адамға (20 пайыз), орыстар 1523 мың ( 62 пайыз), украиндер 105 мың (16 пайыз), белорустар 76 мың (3,4 есе), ұйғырлар 24,4 мың (69 пайыз), басқа халықтар 311 мың (2,6 есе) өскен. 1939 жылы немістердің саны 92379 адам болғаны мәлім, ал олар 1959 жылы 659658, әзірбайжандар 12 мыңнан 38 мыңға жеткен. Осы уақыт ішінде корейлердің саньі 0,8 пайыз кеміп, жалпы саны 22 мың адамға азайған.

1   2   3   4   5   6

Похожие:

«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым
В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым
В020300 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасының негізінде жасалған....
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Дінтану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 11. 09. 2014
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы т.ғ. к., профессор М.Қ. Каримов
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Дінтану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 11. 09. 2014
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы т.ғ. к., профессор М.Қ. Каримов
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Дінтану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 11. 09. 2014
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы т.ғ. к., профессор М.Қ. Каримов
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Дінтану» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 11. 09. 2014
Адат- (араб тіл.«әдет-ғұрып»)-исламды қабылдаған халықтардың дәстүрлі наным сенімі, құқығы
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Тарихи үдерістегі Азияның рөлі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым
Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талдап алу
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым iconОҚУ-Әдістемелік кешені
«Схемотехника негіздері» пәні бойынша «Информатика» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешені / Құраст. Мнафиянов Е....
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым iconПәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Геологиялық эрозия – табиғатта болуға тиісті биологиялық процесс, ол топырақты жаңартуға көмегін тигізеді
«Қазақстандағы демографиялық үдерістер (ХХғғ.)» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым icon«Алашорда қозғалысы: тарихы және тарихнамасы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені №1 басылым
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасы т.ғ. к., профессор М.Қ. Каримов
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница