Қазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқытық ойлардың эволюциясы




Скачать 156.18 Kb.
НазваниеҚазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқытық ойлардың эволюциясы
Дата конвертации14.02.2016
Размер156.18 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://group-global.org/sites/default/files/publications/Ергобек Е, Алтаева К 1.doc
УДК 321(091); 34(091)

Ш.Қ. Ергөбек,*К.Ж.Алтаева**


*Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, з.ғ.к., қаржы, кеден және экологиялық құқық кафедрасының доценті м.а., Алматы, Қазақстан *shyngys.ergobek@mail.ru

**Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, доктор PhD, халықаралық құқық кафедрасының доценті м.а., Алматы, Қазақстан


Қазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқытық ойлардың эволюциясы


Мақалада Қазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқықтық ойдың эволюциясы сараланған. Хандықтың күшею кезеңі қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік институттарының арасындағы мүдделер қақтығысына алып келді. Жыраулар мен хандардың арасында халықты біріктіру, қуатты мемлекет құру идеяларына қатысты ойлар бәсекелестігі саяси-құқықтық ойдың қарыштап дамуына жол ашты.

Кілтті сөздер: жыраулар поэзиясы, саяси-құқықтық ойлар, бірлік идеясы, қуғын-сүргін.


Ш.К. Ергобек, К.Ж.Алтаева

Эволюция политической и правововй мысли в поэзии жырау в период укрепления Казахского ханства


В статье рассмотрены вопросы эволюции политической и правовой мысли в поэзии жырау в период усиления Казахского ханства. Усиление ханство привело к конфликту интересов между традиционными институтами государственной власти. Конкуренция идей по построению сильной государственности и объединения народа между ханской властью и жырау открыли новые пути для развития политической и правовой мысли.

Ключевые слова: поэзия жырау, политико-правовые мысли, идея единства, политические репрессии.


Sh.K. Yergobek, K.J. Altayeva

The evolution of political and legal thought in poetry zhyrau during the strengthening of the Kazakh Khanate


The article discusses the evolution of political and legal thought in poetry zhyrau during strengthening of the Kazakh Khanate. Strengthening Khanate led to a conflict of interest between the traditional institutions of state power. Competition of ideas on building a strong state and union between the people of the khan's power and zhyrau opened new avenues for the development of political and legal thought.

Key words: zhyrau poetry, political and legal thought, the idea of unity, political repression.


Қазақ хандығының қалыптасып, күшею кезеңінде дала демократиясының өкілдері белді орын алады. Жыраулардың зор әлеуметтік күшке айналуы, олардың кейде билер қызметін атқаруы қоғамның билеуші осы екі тобының арасында қайшылық туғызбауы екіталай еді. Хандықтың күшеюі билікті орталықтандыру тенденциясы болуымен бірге, саяси аренаға Жиембет секілді халық қамын ойлайтын тұлғаның шығуы заңдылық еді.

Шамамен Тәуекел ханның саяси билікке келген тұсында, өзінің би ретінде қызметін бастаған жырау Еңсегей бойлы ер Есім мен Салқам Жәңгір тұсында да өз ықпалынан айрылған жоқ. Тіпті халық мүддесін қорғауда хандарға оппозиция болып, әділеттілік принциптерін қорғауға бар күшін салды.

Саяси-құқықтық тұжырымдамасының негізі ретінде халық қамын ойлауы мен әдет-ғұрып нормаларының сақталуына ықпал еткендігін байқаймыз. Жыраудың ойы бойынша заң алдында бәрі тең. Мұнда хан секілді лауазымды тұлғалардың артықшылықтары болғанымен, ол да заңмен реттелетін база екендігіне ерекше маңыз береді. Заң бойынша өз міндетін дұрыс атқарған хан ғана халық тарапынан қолдауға ие болады. Ол үшін қылмыс пен келеңсіздіктерді кешірмейтін, бірақ жазаны жеңілдететін шаралар бар. Оған Жиембет жыраудың жас кезінде Тәуекелге айтқаны ретінде сақталған өлең жолдары дәлел бола алады:

«Үш ай тоқсан күнінде,

Қошқар менен бура мас.

Қас көктемнің кезінде,

Айғыр менен бұқа мас.

Жас болжалы жеткенде,

Қыздар менен жігіт мас.

Сол мастықтың жөнімен,

Алдыңа келген мен бір жас –

Кессеңіз, ханым, міне бас» [1, 39 б.], – дейді. Мәселе, Жиембеттің өз бәйбішесін әкесінің рұқсатынсыз алып кеткендігінен туындаған болатын.

Өзін кешіретін жәйттердің көптігін алға тартқан жырау, бұл факторлардың маңыздылығын ескеру керектігін айтады. Адамның тағдырын шешпес бұрын, мәселенің мән жайын жетік талдау керектігін ескертеді. Іс егжей-тегжейлі қаралса ғана, шығарылатын шешімнің әділ болатындығын ескерсек, мұндай соттың шешіміне жырау көнуге әзір.

Оның үстіне жыраудың «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» принципін ұстанатындығы байқалады. Сөз бостандығын далалық демократия көрінісі ретінде қабылдар болсақ, жырау өз сөздері арқылы адамдардың өзара теңдігін еске салып отыр. Мұндағы кінәні өзінен бұрын табиғи жетілу процесіне нұсқаған адамның құқықтық көзқарастары гуманизмге әлде қайда жақын екендігі байқалатын секілді. Жиембеттің саяси ықпалы хан билігінен кем болған жоқ. Халық арасындағы осындай бедел Есім хан тарапынан қызығушылық тудырмай қоймасы және де айқын. Дәл осы уақытта Есім ханның Кіші жүздегі ең басты қолдаушысы һәм кеңесшісімен арадағы қатынастардың біртіндеп суи бастағандығын байқаймыз.

Есім ханның ішкі саясаты мен халықаралық аренада Қазақ хандығының атын шығаруға бағытталған әрекеттері, оның ішінде Орта Азиядағы ықпалдан айрылып, көп жылдан бері жауласып келе жатқан Қалмақ ханымен жасаған одақтастық келісімшарты Жолымбет батыр тарапынан наразылыққа ұшырап, ханның қалыңдығын батырдың алып қашуымен аяқталады. Осыны түсінген хан, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, өзінің Кіші жүздегі оппоненті, халық сеніміне ие болған биден құтылуға жасалған тамаша мүмкіндік екендігін түсінеді. Түсінеді де бидің туысқаны болып табылатын батырдың басын талап етеді.

Мұндағы Есім секілді тәжірибелі саясаткердің меңзегені де жәй батырдың басы емес, Кіші жүздегі билік екендігін түсінген жырау ханға тоқтау айтуға тырысады. Осы жәйт туралы Сабыр Қазыбайұлы былай деп жазады: «…хан ісінен реніш тапқан он екі ата Байұлы Есім ханға жиылып келіп, ханды ақылына түсуге шақырады. Бірақ хан жібімейді. Себебі, Жиембеттің он екі ата Байұлын өзі жеке билеп бара жатқанына ызалы еді. Сондықтан Жиембетті әбден жеңіп алғысы келеді» [2, 51 б.].

Ханның ешқандай шегініс жасамайтындығын түсінген Жиембет өзінің «Әмірің қатты, Есім хан» толғауын жырлайды:

«Әмірің қатты Есім хан,

Бүлік салып бұйырдың

Басын бер деп батырдың -

Қанын ішіп қанбаққа,

Жанын отқа салмаққа.

Атадан жалғыз мен емес,

Хан ие, ісің жол емес.

Жолбарыстай Жолымбет

Құрбандыққа қол емес.

Жол тосып, алып кетіпті

Қалмақтан алмақ сыйыңды.

Қаһарыңды басқалы

Қалың елім жиылды.

Бастап келген өзге емес,

Жиембет сынды биің-ді.

Малын салып алдына,

Әр саладан құйылды,

Он екі ата Байұлы

Бір Тәңірге сыйынды» [3, 39 б.].

Гуманист ақын толғауында өзінің белді би екендігін көрсетеді. Төреліктің дұрысы гуманистік жолмен құн төлеу екендігін айтқан жырау, өзінің саяси тұрақтылық пен орталықтанған билік жүйесін де қолдайтындығын жасырмайды.

Ел басқаруда қатыгездікке қарағанда ақыл мен байып алдыңғы орынды иеленуі керек. Өзін ақылға жеңдіре алмаған билеуші ұзаққа бармасы белгілі. Осыны халыққа да түсіндіру керек. Өзінің ханға толық сенімді екендігін айтып, ұлттың болашағында маңызды рөл ойнайтын батырды арашалап алып қалмақшы.

Оның үстіне Есімнің дін ұстанымы бойынша халықтан бөлектенуі халық тарапынан қолдау туғыза қоймасын білетін жырау, ескі дәстүрлерді жаңғыртуды ұсынады. Ру болып жинаған малды өз батырларының амандығы үшін еш аямайтындығын көрсеткен жырау нағыз ықпал мен билік қаһар мен күш арқылы емес, түсіністік пен халыққа деген шынайы махаббат арқылы ғана тарайтындығын түсіндіргісі келеді. Оның үстіне белді батырға кешірім жасау ханның билігінің Кіші жүзде нығаюына алып келер еді. Осыдан кейін аз уақыт хан саябырсығандай болып батырды кешіреді.

Алайда халық жағдайының бірқалыпты сақталмауы саясат векторының өзгеріп отыруы хан мен бидің арасындағы суық қатынастардың қылаң беруіне алып келді. Хан мақсаты - баяғысынша ықпалды биді тықсырып, өзінің ықпалын күшейту болатын. Мұны түсінген жырау ханға:

«Еңсегей бойлы Ер Есім,

Есім, сені есірткен

Есіл де менің кеңесім.

Ес білгеннен, Есім хан,

Қолыңа болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін

Ертеңгі күн болғанда,

Елің кеңес құрғанда,

Айналып ақыл табарға

Есіктегі ебесін,

Сонда, ханым, не десін?!

Мен жоқ болсам, Есім хан,

Ит түрткіні көресің.

Жиембет қайда дегенде

Не деп жауап бересің?…» [3, 39-40 б.] - деп сұрақ қояды. Осы сұраққа дұрыстап жауап беруін сұрайды. Есі кірген кезден бастап ханның басты билерінің бірі болып, Есімнің хан көтерілуіне ықпал еткендігін есіне түсірген жырау, осындай жақсылыққа жауаптың нашар болуы, хан тарапынан сенімсіздіктің білдірілуі бидің көңіліне реніш ұялатады. Осыдан біз жыраудың мемлекеттік басқарудағы айтарлықтай орталықтанған жүйені қолдағандығын байқай аламыз. « ... В отличие от Жиембета, который всецело посвятил себя, правда, не без достаточного на то основания, воспеванию своей собственной доблести, отваги и силы, услуг, которые он оказал, и обид, которые он испытал по отношению к хану Есиму (1598-1628 гг. правления)» [4, 127 с.].

Жырау үшін ең маңызды сезім адалдық болып табылады. Ол орталық билікке әр уақытта да адал болғандықтан олардан өзіне деген адалдықты талап етеді. Адамның негізгі өмір сүру принципі «сыйға - сый, сыраға – бал» екендігін түсінген жырау ханға өзінің кімнің арқасында хан болып отырғандығын еске салады. Яғни «Саяси өкіметті алып жүруші мемлекет пен оның құрылуын іске асыруға қатынасушы азаматтың арасында қатынас, теңдік және адалдық негізінде болуы қажет» [5, 64б.].

Жырау орталықтанған билік жүйесін қолдағанымен биліктің абсолютті болуына қарсы. Хан өзінің қызметінде деспотқа айналып кетпеуі үшін де кеңес беруші билер болғандығы дұрыс. Қазақ хандығының далалық демократия принциптерінің билерді қорғайтындығын түсіндірген жырау, ертең басыңа күн туғанда не істейсің дегенді алға тартады. Есімге балалық жасама дейді. Хан өзінің ішкі саясатын адамдарға негіздеуі керек. Ол үшін өзара сенім мен құрмет керек дейді жырау. Орталық жергілікті билікті қолдамаса, жергілікті билік орталықтың тірегі болмаса, мемлекет ыдырайды. «Ханның арқа сүйеуі жарасымды бимен табылады. Бисіз хан оңбайды, хандықпен қатар қырағы билік те бір жерге бас қосса, ондай ханды ел де сүйеді, ұмытпайды, шежіресінде атын қалдырады» [6, 75 б.].

«Меніменен, ханым, ойнаспа,

Менің ерлігімді сұрасаң,

Жолбарыс пенен аюдай.

Өрлігімді сұрасаң,

Жылқыдағы асау тайыңдай.

Зорлығымды сұрасаң,

Бекіре менен жайындай.

Беріктігімді сұрасаң,

Қарағай менен қайыңдай.

Көруші едім Есім хан,

Ханымды күнім, сізді айымдай

Сырым саған түзу-ді

Садаққа салған бұлыңдай

Жұмыскерің мен едім

Сатып алған құлыңдай.

Жүруші едім араңда

Өзіңнің інің менен ұлыңдай…

Мен, өлсе, құнсыз кетер деме сен

Кешегі өзің өлтірген

Тілеуберді құлыңдай!

Тілеуберді құлың мен емес,

Мұның, ханым, жөн емес.

Менің ер екемді көргенсің,

Әуелден бірге жүргенсің,

Дегенімді қылғансың,

Қайратымды білгенсің» [3, 40 б.], – дейді жырау. Ханды ұят нәрсе жасамауға шақырады. Қазақтың хандары өзінің негізгі мақсаты ел бірлігін сақтау деп білгендігін, ол үшін халқымен тату тұруы керектігін еске салады. Адамның басты құндылығы жеке бас тәуелсіздігі екендігін баса айтады. Адамдар жәй құл болып табылмайды. Олардың да құқықтары бар екендігін ескертеді. Халықты құл деп қарастыру халық тарапынан наразылық тудыруы мүмкін, ол ішкі саясаттағы үлкен қателік. Себебі, кең даланы иемденіп отырған халыққа жеке бас бостандығынан қымбат ештеңе жоқ. Мемлекет өз халқына құл деп қараса, ол мемлекеттің кемелденуіне бұғау болады. «Свобода – важнейший компонент процесса прогрессивного развития социума, без нее невозможно ни формирование цивилизованного общества, ни создание высокоразвитого государства, ни нравственное воспитание человека» [7, 57 с.]. Осыны ханға жырау ескертеді.

Өзін қолдаған адамдарға әділ болып, көмек көрсету адамгершілік тұрғыдан ақталатын ой болғанымен саясат деген салада мұндай нәтижелерге қол жеткізу айтарлықтай қиын екендігін жырау түсінеді. Алайда ханды мұндай әрекетке қимайды. Ханға қарсы шығуға барлық мүмкіндіктері барын есіне сала отырып, ханға доқ көрсету арқылы емес, қайта жаңа мүмкіндікті пайдаланып өзара одақтас болуға шақырады. Ханға қызметкерлеріңді ұмытпа дегенде олардың қоғамда атқарған қызметіне байланысты айтылғандығы түсінікті.

Осы ойларды тұжырымдар болсақ, Жиембеттің біртіндеп нығайып келе жатқан «қара сүйек» элитасының өкілі екендігін байқау қиын емес. Оның үстіне күшейіп келе жатқан бұл элита ішкі саясатта ханның өзімен есептесуін талап етеді.

Ел бірлігі үшін өзінің тәуелсіздігіне шек қойғанымен де «қара халық» өкілдерінен шыққан элитаның өзін саяси күш ретінде позициялауы хандар мен жаңа элита тарапынан қақтығыс туғызуы мүмкін еді. Осы сөздерінен кейін, жырау ханға: «Қалмақтың ханы соңғы рет келгенде қалада тығылып отырдың емес пе? Мұны сен ұмытсаң да халқың ұмыта қойған жоқ», - деген ойға жетелейді. Қалмақ ханынан қаймыққанын бетіне басады:

«Тал шарбаққа мал сақтап,

Тас қалаға жан сақтап,

Тасқан екен мына хан!

Қайырылып қайыр қылуға

Қылығың жоқ ұнаған.

Қайратым қанша қайтса да,

Мұныңа ханым шыдаман!

Арқаға қарай көшермін,

Алашыма ұран десермін,

Ат құйрығын кесермін,

Ат сауырын берермін,

Алыста дәурен сүрермін,

Қарамасаң, ханым қарама,

Сенсіз де күнімді көрермін!» [3, 41 б.] – бұл бидің ашу, ызасы. Көкірегін мен-мендік билеген хан халықты алысқа апара алмайды. Мұндай ханды халық көтере алмауы мүмкін. Қазақ халқы ежелден еркіндікті сүйген халық, сондықтан деспотиялық билеуді ұнатпайды. Осындай ханның әрекеттеріне қарамастан, жырау ханға қарсы көтеріліс ұйымдастыру ойынан аулақ. Тек, ханның саяси ықпалы жетпейтін аймаққа көшу қажеттігін өзі шешетіндігін ескертеді. Ханды сабырлылыққа шақырады. Жыраудың осылай ашулануында әділеттілікті сүйетін, мемлекеттің негізгі қызметі әділдік орнату деп түсінетін тұлғаның адамға деген озбырлықты кеше алмаушылық сарыны байқалады. Би мен ханныњ таласында кімнің жеңіске жететіндігін ешкім біле қоймас. « ... Тоқтамыс хан мен Едіге бидің тартысы да сайып келгенде «ханнан билік кетіп, биге медет жету» мен «хан қашып, бидің қууымен» тиянақталады. Мұнан егер де хан мен би екі бөлініп таразының екі басына түсе қалса, ел ниеті қашан да бидің жағына ауып отыратындығы көрінеді» [6, 75 б.].

Қазақ хандарының кейде шектен шыққан деспотиялық әдістеріне қарсы саяси қарсы тұру әдісі ретінде көшіп кетудің институт ретінде күшеюі орталық билікті әлсірететін фактор. «Бұл халықтар (егіншілікпен айналыспайтын – Ш. Е.) жер өңдемейтін болғандықтан жерге тәуелді емес, олар көп еркіндіктерге ие. Олар көшіп-қонып жүреді, егер олардың көсемдерінің қай біреуі олардың бостандықтарын шектегісі келсе, онда олар басқа көсемдерден пана іздеген болар еді немесе отбасын бөліп алып, қалың ормандарды паналап кетер еді. Бұл халықтар жеке басының еркіндіктері өте жоғары, оның әсері азаматтық еркіндікке де тиеді» [8, 322-323 б.].

Алайда, мұнда ханға қарсы көтеріліс идеясы жоқ. Яғни, жырау дәстүрлі билік органдарын құрметтейді, сыйлайды, оған қарсы бас көтермейді, қайта қолдайды.

Ал хан билігінің, төрелігінің дұрыс болмауы жырау көзінде дәстүрді әшкерелемейді. Қайта, озбырлыққа қарсы күрестің жаңа әдісін қалыптастырады. Оның үстіне даладағы сөз еркіндігі де тікелей дәстүр тарапынан қолдауға ие болады.

Осылайша ішкі саясаттағы сепаратизмнің пайда болуы, бұл жағдайда тікелей ханның ішкі саясатына байланысты деп қарастыруға толық негіз бар. Мұндай саяси қарсыластықта ханның жеңіске жетіп, Жиембет жыраудың жер аударылғанын байқаймыз:

«Қол-аяғым бұғауда,

Тарылды байтақ кең жерім!

Арманда болып барамын,

Қоштасуға аял жоқ,

Қалқаман, Шолан ерлерім!

Қайрылып қадам басарға

Күн болар ма мен сорға,

Өзен, Арал жерлерім?!

Қиядан қолды көрсеткен

Төбеңе шығар күн бар ма,

Жотасы биік Дендерім?!

Қайырымсыз болған хандарға

Тиер ме екен бір күні

Жолбарыстай шеңгелім?!» [3, 41 б.]

Ақынның аталмыш өлең жолдарында, еліне деген махаббаты айқын көрінеді. Ханның кесір саясатының салдарынан жырау жер аударуға мәжбүр. Соған қарамастан жыраудың көңілі әлі де айбынды. Ханның әділетсіз шешімі жыраудың кектенуіне алып келеді. Осыдан қорыта келе, жыраудың нақты Есім ханмен болған қақтығысы, хандық билікке деген көзқарасын өзгертпегенімен, қайырымсыздық танытқан хандарға қарсылық көрсету құқығын береді. Осылайша Қазақ хандығында билік қастерлі болғанымен де, билеуші қасиетті болғанымен де халық үмітін ақтамаған жағдайда, қатаң шаралар қолданылуы мүмкін. Жырау философиясында жеке мүдде толықтай дерлік қоғамдық мүддеге тәуелді болып табылады. Өзінің саяси қуғын-сүргін көрген жылдары халқына пайдасы тимеген жырау, өз тағдырынан бұрын халқының тағдырына көңілді көбірек бөледі.

«Басы саудың түгел-дүр

Толған тоғай малы-дүр.

Тоқтамай соққан толағай

Толастар мезгіл жеткей-дүр.

Керегеге ілінген

Шабылмаған семсер тұр.

Жаудан алмай кегімді,

Есіл де өмір өткен құр.

Азап шектім аралда

Ханға қарсы тұрам деп.

Түн ұйқымды бөлгенмін,

Жұртымды жөнге салам деп.

Бас кессе де басылмай,

Ақ ісімді жасырмай,

Атқа мінген ер едік,

Қашырды бүйтіп елімнен

Күйеуден безген қатындай» [3, 42 б.], – деп толғайды. Ол өзінің айдауда жүргеніне кейімейді, бұл уақыттың босқа өтіп, халыққа бағдар, бағыт бере алмағандығына реніші бар. Оған хан кінәлі емес, ханмен айтысқан жырау өзін кінәлімін деп есептейді.

Жырау үшін қоғамдық жұмыс жеке бас пайдасынан әлдеқайда мәртебелі болып табылады. Ал, ең ауыр жазаның түрі адамның істегісі келген жұмысқа рұқсат бермеу. Рудан, ағайын – туыстардан алшақ ұстап, олардың тағдырына деген ықпал етуді шектеу. Ал, Жиембеттей жырау үшін бұл көкірегін қарс айырған қасірет.

Осыдан туындайтын ойға тоқталар болсақ, көшпелі қазақ өркениетіндегі жаза шараларының ішіндегі ең ауырларының бірі қоғам немесе ру тарапынан қуғынға ұшырату екендігі байқалады.

Өмірінің соңғы кезеңінде қайтадан саяси өмірге екпінді араласуға мүмкіндік алып, Есім ханның баласы Салқам Жәңгірдің жасағында белді қолбасшы, өз елінде белді ақылгөй дана болған жырау қазақ халқының саяси-құқықтық тарихында өзінің орны бар, белді қайраткер ретінде қалары сөзсіз.

Есім ханның тұсындағы саяси процестердің күрделенуі, бір топ жырауларды тарих сахнасына шығарды. Солардың бірі - Марқасқа жырау. Есім ханның сарай ақыны қызметін атқарып қана қоймай, халық бірлігін өзінің негізгі мақсаты деп қарастырған жырау, бір ханның маңайында топтасу ғана саяси тұрақтылықтың кепілі деп біледі. Есімді Қазақ хандығын нығайтушы деп қарастырып, қолынан келгенше ханның жеке билігін нығайтуға үлес қосқандығын ескерсек, жыраудың монархиялық бағытты қолдайтындығын айқындау аса қиынға соқпас. Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысқан жырау бұл бүліктің мемлекеттік-құқықтық тұрғыдан ақталатындығына сенімді болғандығына ешқандай күмән жоқ. Есім хан партиясының белді өкілі:

«Ей, Қатағанның хан Тұрсын,

Кім арамды ант ұрсын!

Жазықсыз елді еңіретіп,

Жер тәңрісіп жатырсың.

Хан емессің, қасқырсың,

Қара албасты басқырсың.

Алтын тақта жатсаң да,

Ажалы жеткен пақырсың!

Еңсегей бойлы Ер Есім

Есігіңе келіп тұр

Алғалы тұр жаныңды,

Шашқалы тұр қаныңды!» [3, 43 б.] – деп саяси көзқарастарын жеке адамға байланыстырып емес, қайта еркіндік пен бейбітшілік идеяларына басымдық беретіндігін білдіреді. Жырау жәй ғана халықтың қамын ойлау керектігін, ел бірлігіне төнген қауіптің болашақта өз ықпалын сездірерін айқындап береді. Бұл жыраудың жеке адамға деген ызасы ғана емес. Тұрсын әрі нақты адам, әрі жинақы образ. Тұрсынды сөгу арқылы жырау сепаратистік тенденцияларға мұрындық болып отырған басқа да хан, сұлтандарға ескерту жасайды. Халықтың бірлігіне нұқсан келтіретін адамдарды күтіп тұрған нәтиже біреу-ақ, ол Есім ханның қаһары екендігін түсіндіреді. Осылайша белді жырау позицияларының хан позициясымен сәйкес келген жағдайда саяси көзқараста тұрақтылық пен бірлікке қол жеткізуге болатындығын пайымдайды. Жырау сонда ғана барлық мемлекеттік шаралар ақталатындығына баса мән береді.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1.Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. (Төртінші кітап). Құрастырған: М.Мағауин. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 176 бет. 55

2.Қазыбайұлы С. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. (Жыраулар поэзиясы). – Ақтөбе: А-Полиграфия, 2004. – 296 бет. 57

3.Жеті ғасыр жырлайды. 2 томдық. Құрастырған: Е. Дүйсенбайұлы. – Алматы: Жазушы, 2004. – 1 том. – 400 бет.

4.Сегизбаев О.А. Казахская философия ХҮ-начала ХХ века. – Алматы: Ғылым, 1996. – 472 с.

5.Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. – Алматы: АГЗУ, 2003. – 328 бет.

6.Сәтпаев Қ.И. Биде қырық кісінің ары, білімі бар // Қазақтың Ата Заңдары. Құжаттар, деректер және зерттеулер. Бағдарлама жетекшісі: С.Зиманов 10 томдық. - Алматы: Жеті жарѓы, 2001. - 1 том. – 75 бет.

7.Баймаханов М.Т., Аюпова З.К., Ибраева А.С. и др. Становление правового государства и конституционный процесс в Республике Казахстан. Алматы: КазГЮА, 2001. – 287 с.

8.Монтескье Ш.Л. Зањдар рухы туралы. – Алматы: ‡ш ќиян, 2004. – 784 бет.

References:

1.Khazakh handigi dauirindegi adebiyet. Khrestomatiya. (Tortinshi kitap). Kurastyrgan: M.Magauin. – Almaty: Ana tili, 1993. – 176 bet.

2.Kazybaiuly S. ХҮ-ХІХ gasyrlardagy kahazakh adebiyeti. (Zhyraular poeziyasi). – Akhtobe: A-Polygrafia, 2004. – 296 bet.

3.Zheti gasir zhyrlaydy. 2 tomdykh. Khurastyrgan: Е. Duysenbaiuly. – Almaty: Zhazushy, 2004. – 1 tom. – 400 bet.

4.Segizbayev O.A. Kazahskaya phylosophya ХҮ-nachala ХХ veka. – Almaty: Gylym, 1996. – 472 s.

5.Agdarbekov T. Memleket zhane kukyk teoriyasy. – Almaty: AGZU, 2003. – 328 bet.

6.Satpaev Kh.I. Bide khyrykh kisinisng ary, khyrykh kisining bilimi bar// Khazakhtyng Ata Zangdary. Khuzhattar, derekter zhane zertteuler. Bagdarlama zhetekshisi: S. Zimanov 10 tomdykh. - Almaty: Zheti zhargy, 2001. - 1 tom. – 75 bet.

7.Baymakhanov M.T., Ayupova Z.K., Ibrayeva A.S. I dr. Stanovleniye pravovogo gosudarstva y konstitutcionnyi process v Respublike Kazakhstan. Almaty: KazGUA, 2001. – 287 s.

8.Montesque Sh.L. Zangdar rukhy turaly. – Almaty: Ush khiyan, 2004. – 784 bet.


Похожие:

Қазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқытық ойлардың эволюциясы icon«Саяси тарих» пәнді оқу барысында келесі тақырыптармен және мазмұнымен танысасыз
Афинадағы құлиеленушілік демократияның саяси ұйымдастыруы. Спартаның саяси ұйымдастыруы. Көне Римдегі саяси ойлар. Рим аристократиялық...
Қазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқытық ойлардың эволюциясы icon1 Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі Германиядағы саяси дағдарыс
Кіріспе
Қазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқытық ойлардың эволюциясы iconПавлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы
Хvіі ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет және өнер, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы, ақын-жыраулар шығармашылығы, халық әншілері...
Қазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқытық ойлардың эволюциясы iconҚазақ поэзиясындағы діни-пәлсапалық сарын (ХV-ХVІІІ ғасырлар)
Хv-хvііі ғасырлар қазақ хандығы дәуірі әдебиетіне жататыны белгілі. Себебі бұл дәуірде қазақ даласында Керей, Жәнібек басқарған қазақ...
Қазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқытық ойлардың эволюциясы iconПән тақырыптарының мазмұны Тақырып №1. Қоғамның саяси жүйесі
Саяси жүйе ұғымы. Саяси жүйенің функциялары. Саяси жүйе қоғам мен биліктің өзара әрекеті ретінде. Саяси жүйенің құрылымы. Саяси жүйенің...
Қазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқытық ойлардың эволюциясы iconХіх ғасырдағы қазақ поэзиясындағы сопылық сарын көріністері
Ахмет Йасауи хикметтерімен сарындас екені қазақ ақындарының сопылық поэзия үлгілерімен етене жақын екенін де байқатады. Алайда қазақ...
Қазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқытық ойлардың эволюциясы iconҚазақ халқының қоғамдық өмірінде, даму тарихында ерекше роль атқарған Қазақ
Жоғарыда аталғандай, газет саяси орган болуымен қатар, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнері, журналистиканың дамуындағы үлкен бір...
Қазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқытық ойлардың эволюциясы iconӨткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру
...
Қазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқытық ойлардың эволюциясы iconҚазақ хандығының құрылуы және Қазақ халқының қалыптасуы
...
Қазақ хандығының күшеюі кезеңіндегі жыраулар поэзиясындағы саяси-құқытық ойлардың эволюциясы iconҚызылорда облысы,Қармақшы ауданы №121 орта мектеп Бүркітбаева Гүлназ Бердібек қызы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница