Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ




НазваниеЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
страница6/28
Дата конвертации14.02.2016
Размер4.07 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.zhambyl.gov.kz/userfiles/files/ПРТ 2015 г_ (каз_)+.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Қазақстандағы минералды шикізаттар

мен минералды тыңайтқыштар өндіру

3 сурет




Химия өнеркәсіптерінің қуаттары республиканың қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруға да мүмкіндіктері бар. Алайда, 2009 жылы әлемдік дағдарыс салдарынан машина жасаудағы, құрылыстағы, ауыл шаруашылығындағы, Евроодақтағы сары фосфор өніміне деген сұраныстың күрт төмендеуінен сары фосфор мен минералды тыңайтқыштар бағасының (3-3,5 есеге) төмендеуінен, электр қуаты (50%), табиғи газ (23%), электр қуатын тасымалдау (17%), сондай-ақ теміржол тасымалы бағасының өсімінен химия өнімдерін өндіру төмендеді. 2008 жылмен салыстырғанда тауарлық химия өнімі 41,9%-ға аз шығарылып, өндіріс көлемі 21,6 млрд. теңгені құрады. Дегенмен, қабылданған шаралардың арқасында оның салдары төмендетілді. 2010 жылы химия өнеркәсібін шығару көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 38,9% - ға артқан және 29,0 млрд. теңгені құрған, оның үлесі өңдеу өнеркәсібі саласында 30%-дан астамға жеткен. Өнімнің негізгі түрлерін өндіруді арттыру байқалуда, 2009 жылғы 35,0 мың тоннаға қарсы 62,5 мың тонна фосфор шығарылған.

2009-2014 жылдардағы химия өнеркәсібінің серпіні

4 сурет



2011 жылы химия өнеркәсібінің өндірісін ұлғайту жалғасуда. 49,3%-ға өндіріс көлемінің өсімі натрий үшполифосфатын өндіруді 1,9 есеге, ортофосфор қышқылын - 1,8 есеге, минералды тыңайтқыштарды – 1,5 есеге, сары фосфорды - 1,4 есеге өсіру есебінен қамтамасыз етілген. Жоғары шектегі химия өнімін экспорттау 151,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 1,1% артық.

Алайда, 2012 жылы өткен жылмен салыстырғанда химия өнімінің нақты көлем индексі 9,1%-ға төмендеп 50,7 млрд.теңгені құрады. Талдау нәтижесінде жұмыс қарқынының төмендеуінің негізгі себебі фосфор өніміне сұраныстың төмендеуі, ортофосфор қышқылы (28%-ға), натрий үшполифосфаты (33,3%-ға) көлемінің қысқаруы, күкірт қышқылының жоқтығы болып табылатындығы анықталған.

2013 жылдың қорытындысы бойынша химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 51,7 млрд. теңгені, НКИ – 97,8%-ды құрады. 2012 жылмен салыстырғанда ортофосфор қышқылының өндірісі 13,3%-ға төмендеген (2009 жылдан бастап Шымкент қаласында «Реактивті фосфорлы қосындылар» ЖШС фосфор қышқылы өндірісі нәтижесінде өткеру нарығы төмендеген, мұнда демпингтік баға орнап Ресей нарығын игеруде), натрий үшполифорсфаты – 12,8%-ға төмендеген (Польшадағы, Үндістандағы өткеру нарығын жоғалту, теміржол тарифтерінің өсуіне, долларға шаққандағы ресей рублінің өсуіне, ұсынылған баға Ресей нарығында бәсекелестікке қабілетсіз болуына байланысты). Сонымен қатар, фосфор өндірісі 3,7%-ға, азотты тыңайтқыштар – 4,3%-ға, фосфорлы тыңайтқыштар – 1,3%-ға артқан.

«Казфосфат» ЖШС компаниясы химия өнімдерін әлемдік нарыққа негізгі экспорттаушылардың бірі болып табылады, облысымыздың химия өнеркәсібі көлеміндегі үлесі 98,2% құрайды. Дайын өнімнің 80% астамы шет елдерге өткізіледі, атап айтқанда сары фосфор - Ұлыбританияға, Германияға, Данияға, Үндістанға, Италияға, Польшаға, АҚШ, Чехия Республикасына, Швейцарияға; минералды тыңайтқыштар – Бельгияға, Кореяға, Латвияға, Испанияға, Қытайға, Голландияға, Норвегияға, Түркияға, Финляндияға, Швецияға, Қырғызстанға; натрий үшполифосфаты – Германияға, Қытайға, Чехия Республикасына, Украинаға; ортофосфор қышқылы – Бразилияға, Ұлыбританияға, Германияға, Қытайға, Кореяға, Чехия Республикасына, Швейцарияға өткізіледі.

Осыған байланысты, «Казфосфат» ЖШС жұмыс істеп тұрған және соғылып жатқан қуаттылықтарының тұрақты жұмысы минералды тыңайтқыштар мен сары фосфордың әлемдік нарықтарындағы жағдаяттарына байланысты болады.

Индустрияландыру Картасының шеңберінде 2012-2013 жылдар аралығында Компаниямен Тараз қаласында натрий гексаметафосфатын және тағамдық фосфаттар өндірісін құру бойынша инвестициялық жобалары іске асырылды және өз өндірісін күкірт қышқылымен қамтамасыз ету мақсатында күкірт қышқылы цехінің құрылысы бойынша инвестжобасын іске қосты.

2014 жылдың қаңтар-желтоқсанының қорытындысы бойынша сары фосфор өндірісінің – 1,1 есеге (99,9 мың тонна), азотты минералды тыңайтқыштар – 7,1%-ға (13,2 мың тонна), фосфорлы минералды тыңайтқыштар – 8,6%-ға (71,0 мың тонна) өсуі есебінен химия өнеркәсібінің көлемі 2013 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға өсіп, 69,8 млрд. теңгені құрады.

Қаратау қаласында 2014 жылы ҮИИД аясында натрий цианидінің өндірісі бойынша зауыты «TalasInvestmentCompany» ЖШС-і –инвестжобасы іске қосылды, онда қалдықтарды өңдеу есебінен жылдық қуаттылығы 5 мың тонна аммоний сульфатын өндіруді жоспарлап отыр.

2016-2018 жылдары «Біріккен химиялық компаниясы» ЖШС-і глифосат және калий сульфатын өндіру бойынша 2 инвестжобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Ұзақ мерзімді және тұрақты дамудың басты басымдылығы саланың ғылыми-техникалық әлеуетін пайдалана отырып, қосымша құны жоғары өнімдерді шығару, ішкі және сыртқы нарықта химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілетті тұстарын нығайтатын болады. Саланың болашағы одан әрі фосфориттерді, фосфорды өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың түрін кеңейтумен және көлемін ұлғайтумен байланысты. Мұнда жылдар бойы жинақталған - ресурстық, кадрлық, технологиялық және инновациялық әлеуеттер бар.

Облыста химиялық кластерді дамытуға барлық басмыдықтар бар, онда «Казфосфат» ЖШС-і, «Еврохим» және ««Тараз» Химиялық паркі АЭЗ» ЖШС-і кәсіпорындарымен бірқатар болашағы бар жобалар жүзеге асырылуда.

«Казфосфат» ЖШС-і 2016 жылға дейін 6 жобаны іске асыруды жоспарлауда - №8 цехындағы пеш газын пайдалану жүйесінің (ПГПЖ) құрылысы; №7 және №8 пештерін технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу; азықтық фосфат өндірісін қайта құру; фосфор жағудан жылуды кәдеге асыратын тәжірибелі-өнеркәсіптік қондырғыларды енгізу, пеш газынан этанол алу, облыстың индустрияландыру Картасына бір жоба енген - экстракционды фосфор қышқылы (ЭФҚ-1) өндірісінің технологиялық жүйесін қайта құру.

«Еврохим-Удобрения» ЖШС – Қазақстан Республикасында 2008 жылы құрылған, «ЕвроХим» Холдингі құрамына кіретін, минералдық тыңайтқыштар кешенін шығаратын кәсіпорын Жамбыл облысының Қаратау бассейні кен орнында өз қызметін іске асыруды жоспарлайды. Компанияның облыста жұмыс жасауы жалпы аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсер береді. Жобаның аса маңызды аспектісі қазақстандық газды қолдана отырып өзінің азоттық өндірісінің құрылысын салу болып табылады, бұл өз кезегінде Республиканың Өзбекстаннан тасымалданатын аммиакқа деген тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын 2015 жылы Жаңатас қаласында тау-кен байыту комбинатын (фосмука), 2018 жылы – Қаратау қаласында қуаттылығы жылына 1 млн. тоннадан астам минералды тыңайтқыштар шығару бойынша кешенін іске қосуды жоспарлап отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі 356 млрд. теңгеден аса құрап, 2000-ға жуық тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.

Ресейлік ірі кәсіби компаняларының бірін тарту арқылы салынып отырған инвестиция есебінен осы жобаны нәтижелі іске асыру Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын барлық тыңайтқыштар гаммасымен: азоттық, фосфорлық, калий, кешендік қамтамасыз етуге және қолданыстағы егін алаңдарының өнімділігін едәуір ұлғайтуда өсіп келе жатқан қажеттілікті қанағаттандыруға, сонымен бірге, жаңа жерлерді ауыл шаруашылық айналымына тартуға мүмкіндік береді. Зауыт өнімі алыс және жақын шет елдерге экспортқа шығарылатын болады.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның қатысумен «Тараз» Химиялық паркі» АЭА-н құру жұмыстары жүргізілуде, онда жалпы инвестиция көлемі 390 млрд. теңгеге дейін болатын 16 жобаны іске асыру жоспарлануда. 2017 жылы алдын ала бағалау бойынша «Тараз» Химиялық паркі» АЭА-да өндірілетін өнімдер көлемі 101,0 млрд. теңгеге 890 мың тоннаны құрайды.

Дамыған алдыңғы қатардағы технологияларды пайдалану арқылы химиялық кластерді дамыту елдің химиялық өнеркәсібін дамытуға, қазақстандық үлесті ұлғайтуға, күкірт қышқылы шикізатын жеткізушілерден тәуелсіз болып, өндірілген өнімнің сапасын арттыруға, бастысы, қосымша жұмыс орындарын ашуға, аймақтың экологиялық жағдайын түзеуге, қалдықсыз өнім өндіруді ұйымдастыруға және минералды тыңайтқыштардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.


Машина жасау

Машина жасау саласы республика көлемінің шамамен 0,1% болмашы үлесін, облыс өнеркәсібінің - 5,3% және өңдеу саласының 7% құрайды.

Салада кір жуу техникалары – тұрмыстық немесе кір жуатын үйлер үшін сыйымдылығы 10 кг құрайтын кір жуу машиналары; кір сығуға арналған машиналар басымды шығарылуда.

Машина жасаудағы өндірістің құлдырауы өнімге деген сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты, өнім шығару көлемі 2009 жылы 2008 жылға қарағанда – 8,5%-ға төмендеген. Дағдарысқа қарсы шаралардың, мемлекеттік қолдаудың арқасында салада 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 3,8%-ға өсім байқалуда. (5 сурет).


2009-2014 жылдардағы машина жасау серпіні

5 сурет





2011 жылы өндірісті ұлғайту тенденциясы сақталған, онда саланың өндіріс көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өскен (6 сурет). Еңбек өнімділігі 2010 жылғы 7,3 мың АҚШ долларын/адам қарағанда 9,1 мың АҚШ долларын/адам құрады.

Машина және құрал жабдық өндіруде тек «Таразкоммаш» атты жалғыз кәсіпорын өндірістік жуу машиналарын, киім кептіретін және кір сығатын машиналар ғана шығарады. Бірқатар шешілмеген мәселелердің салдарынан кәсіпорынды дамыту қарқыны баяу болып отыр, олар: ішкі нарықтың болар болмас көлемі, жабдықтардың моралдық және нақты ескіруінің жоғары деңгейі, өндірістік қуаттырын толық пайдаланбау, бәсекеге қабілеттіліктің төмен деңгейі.

Машина жасау көлемінде аса көп үлесті «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалдары береді: қозғалыстағы темір жолдың құрылымын, оның түйіндерін және агрегаттарын күрделі жөндеумен және жетілдірумен айналысатын «Шу локомотив жөндеу зауыты» және «Тараз локомотив жөндеу депосы».

Темір жолдың құрылымын күрделі жөндеуге ішкі сұраныс облыста жүк вагондарының және локомативтердің тұтынушысы - «Қазақстан тeмip жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен (әрі қарай – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) қалыптастырылады. Жүктасымалдаудың өсімі және теміржол техникасы паркілерінің ескіруінің өсімі салалардың өндіріс көлемдерін арттыруға негізгі әсер етуші факторлар болып табылады. Бірақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ РМК барлық жүйесінде пайдалануға беруге 600-700 тепловоздар, жан-жақты зерттелген моторесурстар секілді жартысы есептен шығарылған, күрделі жөндеуден толық өткен парк есептелінді. Есепке алынатын паркті жаңартудан мен толықтырудан қызметінің мерзімі мен техникалық жағдайы бойынша жүк вагондарын қатардан шығару едәуір озық болып келеді, оған байланысты кәсіпорындар үшін жылсайын тапсырыс көлемі төмендеуде.

Кәсіпорынды сақтау мақсатында басшылықпен жаңа өндірістер және озық технологиялар енгізілуде. Сонымен, 2011 жылдың сәуірінен «Қамқор Менеджмент» ЖШС Шу локомотивтік зауытында жетілдендірілген «Енисей-Камкор» комбайнын жинау өндірісі іске қосылған. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 43 комбайн жиналды.

Сондай-ақ, электр жабдықтарын өндіруде 2011 жылы Индустриаландыру картасының шеңберінде кең спекторлы пайдаланудың жарық диодтық шамдарын өндіру – жолдарды, көшелерді және саябақтарды жарықтандыратын жарық диодты шамдардан 5 есе тиімді шамдарды өндіру бойынша зауыт («Энерджи Тараз» ЖШС) іске қосылды.

2012 жылы машина жасаудың өндіріс көлемі комбайндарды жинау бойынша тапсырыстардың төмендеуінен 7,5%-ға төмендеп, 9,2 млрд.теңгені құрады. Бірақ, 2013 жылы зауыт басшылығы қытай өндірісінің жоғары технологиялық маневрлік тепловоздары өндірісін қалыптастырды, онда 3,1 млрд. теңгеге 18 тепловоз құрастырылды. Нәтижесінде саладағы өнім өндіру 13,2 млрд. теңге көлеммен 1,3 есеге ұлғайған.

Алайда 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанының қорытындысы бойынша машина және қондырғы өндірісінің 37,6%-ға, автокөлік құралдарының -50,5%-ға төмендеуіне байланысты машина жасау саласында өндірілген өнім көлемі 4,9%-ға қысқарған.

Сонымен, машина жасау облыс экономикасында маңызды роль атқармайтынын айтуға болады. Кәсіпорындар негізінен жинау өндірісіен айналысады. Бірақ облыста ауыл шаруашылықтық машина жасауды дамыту үшін барлық жағдайлар бар (комбайндар, тракторлар, дақылдарды қайта өңдеу жабдықтар және машиналары), өйткені өңір аграрлық-индустриалдық болып табылады және ауыл шаруашылығы өңір экономикасында маңызды орын алады.

Қазіргі таңда Қазақстанның ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтарының нарығы импорттық өніммен толықтай қамтылған, сондықтан облыстың жұмыс істеп жатқан кәсіпорындары басымды түрде ауыл шаруашылық және тракторлық машина жасауды дамытуы қажет, олардың даму стратегиясы жабдықты импорттау мүмкіндігімен қатар жаңа шет елдік технологияларды енгізуге, тәжірибе жинай отырып, жабдықтарды өз өндірісінде өндіруге бағытталады.


Металлургия

Облыста алтын кенін өндіру мен байыту, металл балқыту, сондай-ақ металдан бұйымдар жасау іске асырылуда. Ферроқойыртпалар, алтын және құрамында алтыны бар концентраттар өндіру аса маңызды салалар болып табылады.


2009-2014 жылдардағы металлургия өнеркәсібінің серпіні


6 сурет




2008 жылдан бастап өндіріс көлемінің өсуі «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС жаңа өндірісін ашу есебінен қамтамасыз етілген (ары-қарай «ТМЗ» ЖШС), бұл өңдеу өнеркәсібінің жаңа саласын, яғни қара металлургияны дамытуға жол берді. «ТМЗ» ЖШС-де болат балқытуға пайдаланылатын жоғары сапалы қойыртпаларды өндіру отандық нарықта ғана емес, сыртқы нарықтада талап етіледі, ал электрлік-термостық пештердің үздіксіз өздігінен ерітілетін электродтарын алу үшін арналған электродтық масса жоғары сұраныста пайдаланылуда.

2009 жылы «ТМЗ» ЖШС-де өндірістің төмендеуі сәуір айында жөндеу және тамыз айында жоспарланған жөндеу жұмыстары үшін тоқтатылуы, сондай-ақ ферросиликомарганец шығаратын шикізатпен қамтамасыз етілмеуі негізгі себеп болды. Нәтижесінде металлургия өнімін шығару шамамен 8%-ға қысқарған және 4,1 млрд. теңгені құраған.

Индустриаландыру бағдарламасы өндірісті 2010 жылы 4,7 млрд. теңгеден 2011 жылы 12,5 млрд.теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Нақты көлем индексі 233,4%-ға дейін жетті. Саладағы өсім біріншіден «ТМЗ» ЖШС-де өнім шығарудың өсімімен қамтамасыз етілген, бұл 2010 жылы «Химпром-2030» ЖШС зауытын ферроқорыпа өндіруге қайта профилдеуге, болат балқыту, электркалцийлендірген антрацит өндірісін ұйымдастыруға байланысты, онда 2011 жылы 5,2 млрд. теңге сомасында 30,3 мың тонна ферросиликомарганец өндірілді.

Облыстың дайын металл бұйымдарын өндіру Тараз қаласында шоғырланған және «Құрылыс қондырғылары зауыты» ЖШС, «Имсталькон» (ЖМКЗ) ЖШС және «Керамик инвест» ЖШС-мен ұсынылады.

«Имсталькон» (ЖМКЗ) ЖШС Қазақстан мен таяу шетел нарығында болат конструкцияларын дайындау мен монтаждау бойынша беделді орынды иеленеді. Кәсіпорында көлемі 100-ден 20000 текше метрге дейінгі шикі мұнай мен мұнай өнімдерін, су мен басқа да сұйықтықтар сақтайтын болаттан жасалған тік шеңбер тәріздес ыдыстар шығаратын екі қуатты қондырғылар бар. Кәсіпорында IS0 9000 сапа менеджменті жүйесі енгізілді.

Темір бетондық плиталарды және фундаменттік блоктарды шығару бойынша «Керамик инвест» ЖШС болашақтың өндірісі деп атауға болады. Оңтүстікте аналогы жоқ импорттық технологияны пайдалана отырып, кәсіпорын Батыс Еуропа – Батыс Қытай жолдарының құрылысына бетондық дөңгелектерді және көпір ғимараттарын өндірудің жаңа үлгісін меңгерді, майда даналы бұйымдарды шығару цехын ашты, тапсырыс берушілердің қалауы бойынша әртүрдегі және конфигурациядағы темір бетондық бұйымдарды шығара алады.

ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салада 2010-2011 жылдар аралығында ферроқорытпа өндірісін жаңғырту және кеңейту («ТМЗ» ЖШС); легірленбеген болат шығаратын, шойын және болат құю бойынша қызметтер көрсететін электрометаллургиялық шағын зауыт («Запчасть» АҚ); кенорынның өнімділігін он есеге ұлғайтуға және жаңа инновациялық «Доре» балқыту технологиясы бойынша жыл сайын 1,3 тонна асыл металл балқытуға мүмкіндік беретін Ақбақай алтыншығару фабрикасының қуаттылығын арттыру бойынша инвестициялық жобалар іске қосылды.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртудың арқасында металлургиялық өнеркәсіп өндірісі 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 16,4 млрд.теңгені құрады (ферросиликомарганец – 1,7 есе, күміс – 1,3 есе, алтын – 1,4 есе, шойын құю бойынша қызметтер – 1,6%).

Алайда, 2013 жылы металлургия өнімінің көлемі 41,2%-ға төмендеген (10,7 млрд.теңге). Облыстағы ферроқорытпа өндіру бойынша ірі кәсіпорындардың бірі – «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-нің қаражат айналымының жоқтығынан тоқтап қалғанына, кен құрамындағы алтын мөлшерінің аз болуына («Алтыналмас» АК» АҚ) байланысты негізгі салалардың төмендеуі тіркелген: қара металлургия – 71,8%-ға, негізгі асыл және түрлі-түсті металл өндірісі – 9,6%-ға. Сонымен қатар, «Запчасть» АҚ-да құймадағы легірленбеген болат өндірісі қалпына келтірілді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге өсіп, 20,9 мың тоннаны құрады.

2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 11,9 млрд. теңгеге жетті, 2013 жылдың сәуірінен бастап «ТМЗ» ЖШС-нің тоқтап тұру есебінен нақты көлем индексі 2013 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 98,8%-ды құрады. Металлургия өндірісінің көлемін ұлғайту үшін индустрияландыру Картасы шеңберінде 2014 жылы бағалы металл қойыртпаларын өндіру бойынша «Central Asia Gold Production» ЖШС инвестжобасы іске қосылды.

Кәсіпорынның тоқтап қалуы («ТМЗ» ЖШС) зауыт аумағында цехтар мен дайын өнім қоймаларын ауыстыру, жаңа үгіту-сорттау кешенінің құрылысы, теміржол жолдарын жөндеу, сондай-ақ, балқыту пештерінің тұрақты жұмыс істеуіне кедергі болған қондырғыларды жоспарлы алдын-ала жөндеуден өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді.

2015 жылы өндіріс көлемін арттыру үшін зауытта РКО-25 №5,6 жаңа пештерінің құрылысы, сондай-ақ ФС45, ФС65, ФС75 маркалы ферросилиция өндірісін игеру және шығару, ферроқорытпаның альтернативті түрлерін өндіру, қосымша ШМП қайта бөлінген қалдықтарды ала отырып ФМн78 жоғары көміртекті ферромарганец балқыту технологиясын игеру және өндіріске енгізу жоспарлануда.

2016 жылы Индустриаландыру картасын өзектендіру аясында ферроқорытпа өндірісін және оның шикізаттық базасының қуаттылығын жылына 300,0 мың тонна ферросиликомарганец өндіруге дейін жеткізе отырып кеңейту бойынша инвестициялық жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру кәсіпорынның басты қоры мен келешегі болып табылады.


Металл емес өзге минералды өнімдер өндірісі

Облыс кендік емес пайдалы қазбаларға – құрылыс материалдарына шикізаттар, оның ішінде өңдеу тастары, әктастар, әрлеу, құрылыс тастарына және т.б. өте бай. Облыста құрылыс материалдары өндірірісін дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар.

2009 жылы өзге де металл емес минералды өнім шығару 3,9 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 80,3%-ды құрады. ЖӨӨ құрылымындағы құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 2009 жылы – 0,6%-ға жетті. Экспорт көлемі 2009 жылы - 4305 мың теңге болды. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі металл емес өзге минералды өнімнің үлесі 4,4%-ды құрайды.

Әлемдік дағдарыс 2009 жылы құрылыс индустриясы кәсіпорындарының жұмысы мен құрылыс материалдары өндірісіне барынша қатты әсер етті. Цемент, кірпіш, ұсақ тас, әктас және т.б. өндіретін кәсіпорындар («Монолит» АҚ, «Ақтас» ЖШС, «Керамик-Инвест» және т.б.) жартылай немесе толығымен тоқтап қалды. 2009 жылы кірпіш өндіру көлемі 48%-ға қысқарып, 60,8 мың текше метрді құрады, ұсақ тас өндіру 34%-ға қысқарып, 553,6 мың текше метрді құрады, әктас пен гипс өндірісінің көлемі 884,7 мың тоннаға қысқарып, өткен жылдың деңгейінен 47%-ға төмендеген.

Тұрғын үй саясатын және ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асыру құрылыс материалдары өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік берді. Күйдірілген, силикатты кірпіштер, темір бетондық бұйымдар, полиэтиленді құбырлар шығарудың жаңа өндірістік қуаттылықтары пайдалануға берілген, бұл 2010 жылы өзге метал емес минералды өнімдер өндірісін 1,6 есеге (6,1 млрд.теңге), 2011 жылы - 2,7 есеге (13,6 млрд.теңге), 2012 жылы – 1,5 есеге (22,0 млрд.теңге) арттыруға ықпал етті.

2012 жылы портландцемент өндірісі 1,7 есеге, гипс – 1,2 есеге, гипстан жасалған бұйымдар - 1,1 есеге, бетоннан жасалған бұйымдар - 1,5 есеге, гипсокартон – 1,1 есеге, бетон - 1,2 есеге, граниттен жасалған плиталар – 1,6 есеге өскен.

ҮИИДМБ шеңберінде 2010 жылы «АльБасар» ЖШС гранит пен одан жасалатын бұйымдарды өңдеу цехының құрылысын аяқтады. Шығарылатын өнімдер - жиектеме, қырлама және кеспелтек.

Құрылыс кешенінің қазіргі кездегі талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары, құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өндірісіне, сонымен қатар жоғары деңгейдегі өңдеу өнімдеріне арналған шикізаттың негізгі түрлерінің қолданыстағы кен орындарының бар екендігін көрсететін бірегей минералдық-шикізаттық базасы бар біздің облысымызда Мойынқұм ауданында цемент зауытының құрылысы бойынша 2 инвестициялық жоба іске асырылды, оның бірі 2010 жылы енгізілген «Мынарал Тас Компани» ЖШС, ал екіншісі 2011 жылы Хантау станциясындағы «ACIG» АҚ. Зауытты дамытудың ғылыми-технологиялық стратегиясы өндірістің тек құрғақ технологиясын пайдалануда болып келеді, бұл қауіпті қалдықтар санын біршама төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өндірістің толық циклі мәселесі шешілген - шикізатты өңдеуден, оны қайта өңдеуден, тұтынушыларға дайын өнімді жеткізуге дейін. Бүгінгі таңда ылғал әдісі басым Қазақстан үшін бұл инновациялық әдіс болып келеді.

Бүгінгі таңда «ACIG» АҚ өнім шығаруға кіріспеген. Жаңа инвестор тартылып, жобаға 8 млн. АҚШ доллардан астам қаржы салынды, бұл қаражат қосымша жабдықтар мен материалдар сатып алуға (2,5 млн. АҚШ доллар), құрылыс монтаждау жұмыстарына (3 млн. АҚШ доллар), арнайы техниканы сатып алу (2 млн. АҚШ доллар), жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға (500 мың АҚШ доллар) бағытталды.

2011 жылы темір бетондық бұйымдарды өндіру («Бином Строй-Деталь» ЖШС), 2012 жылы - кірпіш зауытының құрылысы («База-Servis» ЖШС), 2013 жылы – полиэтиленді құбырларды және тамшылап суғаруға арналған құбырларды өндіру («Тараз құбыр зауыты» ЖШС) инвестициялық жобалары пайдалануға берілді. Озық технологияларды пайдалану «Тараз құбыр зауыты» ЖШС-де ауыл шаруашылығында тамшылап суару үшін полиэтиленді құбырларды өндіруге, құрылыс индустриасында газбен және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Экологиялық, коррозияға қарсы, жеңіл құрастырылатын жоғары өткізу қабілеттілігі бар және қолайлы бағадағы құбырлар.

Жаңа кәсіпорындарды іске қосудың нәтижесінде 2013 жылы салада өндіріс көлемдері 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 есеге ұлғайып, 23,4 млрд.теңгені құрады. Құрылыс индустриясында еңбек өнімділігі 2012 жылғы 58,6 мың АҚШ доллары/адам 2013 жылы 65,7 мың АҚШ доллары/адам қол жеткізіп, 4,9%-ға артты. Керамикалық кірпіш өндірісі – 1,2 есеге, портландцемент – 3,6%-ға, цемент және бетоннан жасалған тақташалар – 7,8%-ға, бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялары – 1,4 есеге, тауарлы бетон – 2,6 есеге өскен.

2014 жылдың қаңтар-желтоқсанының қорытындысы бойынша құрылыс индустриясында өндіріс көлемі 24,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2013 жылдың деңгейінде қалды - 100,0%. ҮИИД шеңберінде инвестиция сомасы 800 млн. теңгеге жаңа өндірістер іске қосылды «БиномСтройДеталь» ЖШС - құрылыс материалдары комбинатының базасындағы үй құрылыс комбинатының құрылысы және «Арайстроймаркет» ЖШС - радиаторлар өндіру бойынша шағын зауыт құрылысы.

Бүгінгі таңда құрылыстық кешеннің өнеркәсіптік базасын 24 шаруашылық субъектілерінің өндірістік қуаттары құрап отыр. Олармен тауарлы бетон, асфальт-бетон қоспалары, әктас, гипс, минералды ұнтақ және мрамор үгіндісі, металл немесе ағаш конструкциялары, гранит және мраморлық блоктар шығарылады. Іске қосылған 5 жаңа өндіріс есебінен портландцемент, күйдірілген және дымқыл құрылыс кірпіштері, керамикалық кірпіштер, өңделген тастар, цементтен жасалған бұйымдар секілді өнімдерге деген тапшылық жойылды.

Саланың әрі қарай дамуы шикізатты дайын өнімге дейін өңдейтін жаңа өндірістерге инвестиция тартуға байланысты. 2014-2016 жылдар аралығында Индустриаландыру картасы аясында келесі жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жоспарланған, олар: «БиномСтройДеталь» ЖШС – құрылыс материалдары комбинатының базасында тұрғын үй-құрылыс комбинатының құрылысы; «Арайстроймаркет» ЖШС – радиаторлар өндірісі бойынша шағын-зауыт құрылысы; «Жамбылгипс» АҚ – құрғақ құрылыс қоспалары мен гипсокартон өндірісін кеңейту және жаңғырту; «AlinaHolding» ЖШС – «Құрғақ құрылыс қоспалары», «жұқа ұнтақталған толтырғыштар», «гипс» өндіру кешенінің құрылысы.

Сондай-ақ, «ТаразХимпарк» АЭА-да құрылыс материалдары өндірістерін (құрылыстағы бунақтар мәселелерін шешу үшін егу ерітінділері, пенопорит, изопласт, монолитті поробетон, түрлі-түсті жылуқорғағыш кірпіш, бетонға арналған суперпластификаторлар, биоірітілгіш полимерлер, пластикалық құбырлар) ұйымдастыру облыстағы құрылыс индустриясының дамуына серпін береді.


Жеңіл өнеркәсіп

Жеңіл өнеркәсібі облыс экономикасы құрылымының аз үлесін алады. ЖӨӨ құрылымындағы жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығару үлесі 0,06%. 2009 жылы саладағы өнім өндірісінің көлемі жалпы өңдеу өнеркәсібі көлемнің 0,4%-ын ғана құрады. Саладағы өндіріс көлемі 2009 жылы 569,8 млн. теңгені, 2010 жылы – 1191,6 млн. теңгені, 2011 жылы – 1550,1 млн. теңгені, 2012 жылы – 2358,6 млн. тңгені, 2013 жылы – 1414,9 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индекісінің 1,3 есеге өсуі 2011 жылы байқалады, ал 2012-2013 жылдары 11,7%-ға және сәйкесінше 21,2%-ға төмендеген. 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанының қорытындысы бойынша салада өнім көлемі 1,4 есеге өсіп, 2,1 млрд. теңгені құрады.

Саладағы жұмыс істейтін кәсіпорындардың 80%-дан астамы моральдық тұрғыдан ескірген жабдықтармен жарақтандырылған шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Похожие:

Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік
БАҒыт жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница