Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ




НазваниеЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
страница5/28
Дата конвертации14.02.2016
Размер4.07 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.zhambyl.gov.kz/userfiles/files/ПРТ 2015 г_ (каз_)+.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

2009-2014 жылдардағы өнеркәсіптің серпіні


1 сурет



Өңдеу өнеркәсібі

Облыс өнеркәсібінде өңдеу өнеркәсібі басымды сала болып табылады, оның кәсіпорындарының үлесіне 2009 жылы өнеркәсіп өндірісінің 76,3%, 2010 жылы - 76,2%, 2011 жылы – 77,8%, 2012 жылы – 75,3%, 2013 жылы – 74,7%, 2014 жылы – 73,2% сәйкес келеді. ЖӨӨ-ң құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2009 жылы 12,3%-ды, 2010 жылы – 13,2%-ды, 2011 жылы – 14,3%-ды, 2012 жылы – 12,4%-ды, 2013 жылы – 13,1%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар 2009 жылы 20,8 млрд. теңгеге, 2010 жылы – 33,5 млрд. теңгеге, 2011 жылы – 14,0 млрд. теңгеге, 2012 жылы – 22,0 млрд. теңгеге, 2013 жылы – 19,9 млрд. теңгеге, 2014 жылы – 22,9 млрд. теңгеге жетті.

Облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымында химия өнеркәсібі, азық-түлік өнеркәсібі, металлургия саласы, машина жасау, мұнай өнімін қайта өңдеу және құрылыс материалдары өнеркәсібі басым.

Экономикалық дағдарыс өте маңызды сынақ болды және ол облыстағы өнеркәсіп саласының кәсіпорындарының жұмысына қатты әсер етті. 2009 жылы өндірілген өнім көлемі 88,2 млрд. теңгені құраған (2008 жылдың деңгейіне НКИ - 73,4%). Нақты көлем индексінің төмендеуі химия өнеркәсібіндегі (41,9%-ға), азық-түлік өндірісіндегі (23,8%-ға), өзге де металл емес өнімдер өндірудегі (19,7%-ға), машина жасаудағы (8,5%-ға), металлургиялық өнеркәсіптегі (7,8%-ға) және т.б. өндіріс көлемдерінің қысқаруынан болып отыр.

Дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында 2010 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында өсім химия өнімін өндіру (2009 жылдың деңгейіне 138,9%), дайын металл бұйымдары (122,7%), өзге де метал емес минералды өнімдерін (1,6 есеге), былғары және былғарыға жататын өнімдер (3,3 есеге) көлемдерін едәуір арттыру есебінен 16,5%-ды (91,1 млрд. теңге) құрады, қара металлды өндіруде өсімнің оң қарқындары байқалуда (ферроқойыртпалары – 28,2%).

2011 жылы өңдеу өнеркәсібінің өндірісінде оң қарқыны байқалуда, онда 27,4%-ға (144,5 млрд. теңге) өндіріс көлемінің өсіміне қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 25,6%-ға артқан (35,8 мың АҚШ доллар/адам).

Ең үлкен өсім өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында байқалады: химия өнеркәсібі 1,5 есеге, мұнай өнімдері – 2,6 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдары – 8,9 есеге, өзге де металл емес минералды өнімдер – 2,7 есеге, металлургия өнеркәсібі – 2,3 есеге, дайын металл бұйымдары – 1,8 есеге, машина жасау – 1,2 есеге, ағаш бұйымдары – 1,8 есеге, жиһаз – 1,4 есеге, жеңіл өнеркәсібі – 1,3 есеге, сусындар – 1,1 есеге өскен.

Алайда, 2012 жылы азық-түлік өнімін өндіру көлемдерінің 27,6 пайыздық тармаққа, химия өнеркәсібін - 9,1 пайыздық тармаққа, жеңіл өнеркәсібін - 11,7 пайыздық тармаққа, резеңке және пластмасса бұйымдарын - 8,5 пайыздық тармаққа, машина жасау - 7,5 пайыздық тармаққа қысқаруының салдарынан өңдеу өнеркәсібінің 1,8 пайыздық тармаққа төмендеуіне жол берілген (155,7 млрд. теңге).


2009-2014 жылдардағы өңдеу өнеркәсібінің серпіні

2 сурет




Бұл кезеңде өндіріс көлемдерінің өсімі келесі салаларда байқалады: мұнай өнімдерін қайта өңдеу көлемдері 2,2 есеге, өзге де металл емес минералды өнімдерін - 1,5 есеге, металлургия өнеркәсібі - 1,5 есеге, дайын металл бұйымдары 2%-ға өскен.

2012 жылы өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі бір қызметкерге 45,2 мың АҚШ долларын құрады және 2011 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өскен. Еңбең өнімділігінің ең үлкен көрсеткіші металлургия саласында байқалуда - 24,9 мың АҚШ доллар/адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есеге өскен, өзге де металл емес минералды өнімдерін өндіруде - 1,8 есеге (58,6 мың АҚШ доллар/адам), азық-түлік өнімдерін өндіруде және мұнай өнімдерін қайта өңдеуде - 1,5 есеге (тиісінше 55,3 мың АҚШ долларын/адам және 84,1 мың АҚШ долларын/адам), химия өнеркәсібінде - 1,2 есеге (90,6 мың АҚШ доллары/адам), машина жасау - 1,1 есеге (10,5 мың АҚШ доллары/адам).


2009-2014 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі

негізгі өнім түрлерін өндірудің серпіні

2 кесте

Өнімнің атауы

өлшем бірлік

жылдар

2009

2010

2011

2012

2013

2014 қаңтар-желтоқсан

Тамақ өнімдерін өндіру

ет және тағамдық қосымша өнімдер

тн

5284

6783

5557

5927

6258

7524

шұжық өнімдері

-/-

8023

4386

4313

3445

3274

3513

өсімдік майы

-/-

2069

4247

2137

1671

1623

1378

өңделген сүт

-/-

7868

9268

7644

7740

8373

8544

сары май

-/-

1013

1 074

966

989

1016

1197

ірімшік және сүзбе

-/-

866

704

431

492

569

785

дәнді дақылдар мен өсімдіктерден жасалған ұн

мың тн

35,6

36,2

40,4

43,6

52,4

47,0

жаңа піскен нан

-/-

45,0

29,8

43,6

43,8

43,4

35,6

макарон, кеспе және ұн өнімдері

тн

1959

2764

3794

6017

4714

4855

қант шикізаты немесе тазартылған қант

мың тн

225,3

218,9

178,9

135,4

273,1

345,3

арақ және ликерлі арақ өнімдері

мың л

803,2

1081

1212

1006

1380,0

785

алкогольсіз сусындар

-/-

950,1

1151,1

1012,7

1690,7

1912,9

1886,9

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

сары фосфор

мың тн

35,0

62,5

85,2

86,4

89,6

99,9

ортофосфор қышқылы

-/-

43,9

43,8

77,7

55,9

48,5

42,3

натрий үшполифосфаты

-/-

46,8

45,6

86,2

57,5

50,1

40,2

азотты, минералды тыңайтқыштар

-/-

7,8

7,4

11,5

11,9

12,4

13,2

фосфорлы, минералды тыңайтқыштар

-/-

42,8

40,7

62,9

64,6

65,4

71,0

Машина жасау

тұрмыстық кір жуу машиналары

шт.

55

65

43

71

22

-

жуылған киімді сығуға арналған машиналар

-/-

42

20

50

48

22

-

Металлургия өнеркәсібі

ферросиликомарганец

мың тн

9,6

12,3

30,3

50,6

6,5

0,071

өңделмеген күміс

кг

125

91

302

404

345

326

өңделмеген алтын

-/-

561

315

769

1 104

998

1026

құрама құрылыстық металл конструкциялары

мың тн

13,8

17,0

23,7

24,8

22,9

21,9

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірісі

құрылыс кірпіштері


мың

текше м

60,8

43,3

33,9

19,0

22,9

19,5

цемент

мың тн

0,2

41,2

574

1002,3

1 038,5

1665,6

бетоннан жасалған құрама құрылыстық конструкциялар

-/-

28,4

26,2

26,4

27,2

36,9

43,9

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

мотор отыны

мың тн

18,1

22,6

13,9

14,8

40,3

7,2

газойльдер (дизельдік отын)

-/-

7,0

6,8

41,0

94,1

79,7

51,0

оттық мазут

-/-

3,1

4,9

46,3

126,7

133,7

67,4

Тоқыма бұйымдарының өндірісі

жүн

тн

853

1 543

1 596

574

535

278

трикотаждан басқа ерлер мен ұл балаларға арналған сырт киімдер

дана

846

7 487

3 349

1 827

1236

2389

трикотаждан басқа әйелдер мен қыз балаларға арналған сырт киімдер

дана

4 808

3 549

2 254

1 222

10996

17155



2 кестеден көргендей, 2009-2012 ж.ж. азық-түлік өнімдерін (ірімшік, сүзбе, шұжық өнімдері, ұн, қант-шикізаты), химия өнеркәсібінде (сұраныстың қысқаруынан – сары фосфорды, ортофосфор қышқылын, натрий үшполифосфатын, минералды фосфорлы тыңайтқыштарды өндіру), металлургия өнеркәсібінде, машина жасауда және өзге металл емес минералды өнімдер (құрылысқа арналған жиналмалы металл қондырғылар, тұрмыстық машиналар мен құрылыс материалдарына деген сұраныстың төмендеуінен) өндіруде көлемдер айтарлықтай қысқарған.

Бірақ, 2010 жылы сары фосфорды; ет, сүт, ұн; ферросиликомарганецті, құрылыстық жиналмалы металл қондырғыларын; цементті; мұнайды қайта өңдеу өнімдерін, мотор отынын, оттық мазутты; трикотаж киімдерін өндіруде өсім қарқыны байқалуда.

«Казфосфат» ЖШС, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС, «Қант» АҚ, «Меркі қант зауыты» ЖШС, «Имсталькон» АҚ-ның ЖМКЗ филиалы, «Ақбақай КМК» АҚ, «Жамбылгипс» АҚ, «Казтрансгаз» АҚ, «Мақсат А» АҚ компаниялары секілді өңдеу саласының кәсіпорындары облыстың өнеркәсіп өнімдері өндірісінің негізгі көлемдерін берді.

2011 жылы сары фосфор, ортофосфор қышқылын, натрий үшполифосфатын, минералды тыңайтқыштар, дизель отыны, оттық мазут, құрылыстық құрама металл қондырғылары, цемент, гипс, бетон, ферросиликомарганец, күміс, алтын, жүн, арақ бұйымдары өндірісінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілген.

2011 жылы «SUPER PHARM» ЖШС-і ҮИИДМБ шеңберінде тоқыма емес матадан (стерильденген және стерилденбеген) бір реттік пайдаланымға арналған медициналық киімдер өндіру бойынша зауытты, 2012 жылы - «Карат-V» ЖШС жиһаз ламинатын қаптау және әрлеу желісі (цех) бойынша инвестициялық жобаны іске қосты.

2012 жылы өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемдерінің төмендеуіне қарамастан «Луговой жылқы зауыты» ЖШС, «Kaz-Ir-Agro», ЖШС, «Куликов сүт өнімдері» ЖШС, «Та-Мак» ЖШС, «Амангельдинский ГПЗ» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС, «SUPER PHARM» ЖШС, МынаралТасКомпани» ЖШС, «АльБасар» ЖШС, «ТМЗ» ЖШС, «АК «Алтыналмас» АҚ, «Запчасть» АҚ, «Бином Строй-Деталь» ЖШС, «Карат-V» ЖШС секілді индустриаландыру кәсіпорындарын пайдалануға беру және жетілдендірілген кәсіпорындардың өндірісін ұлғайту ет өнімін өндіру көлемдерінің 6,7%-ға, өсімдік майын - 3,4 есеге, сүт - 1,3%-ға, сары май - 2,4%-ға, ірімшік және сүзбе - 1,1 есеге, ұн өнімдерін - 1,6 есеге, мұнай дистилятын - 2,3 есеге, фосфор - 1,4%-ға, фармацевтік препараттарды - 9,3 есеге, портландцемент - 1,7 есеге, өңделген тастан жасалатын бұйымдарды – 1,1 есеге, өңделген гранит - 10 есеге, ферросиликомарганец 1,7 есеге, күміс – 1,3 есеге, алтын - 1,4 есеге, құрама құрылыс металл конструкцияларының - 4,6%-ға өсуін қамтамасыз етті.

2013 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласының өсімі 2012 жылға 8,4%-ды құрап, 174,8 млрд. теңгеге жетті. Еңбек өнімділігі бір қызметкерге 46,8 мың АҚШ долларына жетіп, 2012 жылмен салыстырғанда 99,6%-ды құрады, ал 2008 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге өскен (21,2 мың АҚШ долл/адам).

НКИ басым мәндері келесі салаларда орындалған: жиһаз жасауда – 2,3 есеге, тамақ өнімдерін өндіруде – 1,5 есеге, сусындарды өндіру – 1,3 есеге, мұнай өнімдерін өңдеуде – 7,3%, резеңке және пластмасса бұйымдарын – 1,4 есеге, өзге де металл емес минералды өнімдерді – 1,1 есеге, машина жасауда – 1,3 есеге.

2013 жылы индустрияландыру Картасының шеңберінде іске қосылған 8 инвестжобалардың – 6 осы секторда («Құрылыс-Полимер» ЖШС, «Үміт Қордай» ЖШС, «Бірлік Энерго» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС - күкірт қышқылы цехі, «Тараз құбыр зауыты» ЖШС, «Алкопищепром» ЖШС). Жаңа өндірістерді енгізу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жетілдіру өңделген көкөніс өндірісін арттыруды 4,7 есеге, сүзбені 1,2 есеге, ұнды 1,2 есеге, шикі қантты 2 есеге, теріні 2,8 есеге, бензинді – 2,7 есеге, мазут отынын 5,5 %-ға, кірпіштерді – 1,2 есеге, портландцементті – 3,6%-ға, тауарлық бетонды – 2,6 есеге және т.б. арттыруды қамтамасыз етті.

2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында 200,8 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,3%-ды құрады, келесі салаларда өндіріс көлемдері артқан: тамақ өнімдерін өндіру 1,2 есеге, жеңіл өнеркәсібі – 1,4 есеге, химия өнеркәсібі – 4,6%-ға, фармацевтикалық өнімдер – 5,2 есеге, өзге металл емес минералдық өнімдер өткен жылдың деңгейінде – 100%, жиһаз жасау – 1,2 есеге.

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 10,4%-ға өсіп, 50,7 мың АҚШ долл/адам құрады, 2008 жылға өсім – 2,2 есе.

Сонымен қатар, сұраныстың азаюынан, сондай-ақ тапсырыстың төмендеуінен, жоспарлы жөндеу жұмыстары есебінен өткен жылдың тиісті деңгейіне қарағанда сусындарды өндіру – 35,6%-ға, мұнай өнімдерін өндіру көлемдері 49,1%-ға (мұнай дистиляттары, мотор отыны, дизелдік отын, оттық мазут), резеңке және пластмасса бұйымдары – 31,6%-ға (пластмассадан жасалған құбырлар, есіктер, терезелер, тұрмысқа қажетті бұйымдар), металлургия өнеркәсібі – 1,2%-ға (ферросиликомарганец), дайын металл бұйымдары – 3,6%-ға (құрама құрылыс металл конструкциялары), қағаздар – 15,1%-ға жетпейді.

2014 жылы ҮИИДМБ шеңберінде 6 инвестициялық жоба іске асырылды, оның 4 жобасы өңдеу саласында («Talas Investment Company» ЖШС - натрий цианидін өндіру бойынша зауыт, «БиномСтройДеталь» ЖШС - тұрғын үй құрылысы комбинаты, «Арайстроймаркет» ЖШС – радиаторлар өндіру бойынша шағын зауыты, «Central Asia Gold Production» ЖШС – бағалы металл өндіру бойынша зауыты).


Химия өнеркәсібі

Химия өнеркәсібі – Жамбыл облысында барынша дамыған сала, оның облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 2009 жылы 24,5%-ды, ал жалпы облысы өндірісіндегі үлесі – 18,7%-ды құрайды. Химия өнеркәсібінде облыс экономикасында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 1,4%-ға жуығы жұмыс істейді. Инвестиция көлемі 2009 жылы 1,4 млрд.теңгені құрады.

Облыстағы Қаратау фосфориттік бассейнінде біздің республикамызда ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде теңдесі жоқ фосфат шикізатының өте ірі қорлары бар. «Казфосфат» ЖШС компаниясының құрамында фосфарит өндіретін және оны өңдейтін «Қаратау» ТӨК мен «Шолақтау» ТӨК-і, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты өндірістік бірлестігі, «Минералды тыңайтқыштар» зауыты жұмыс істейді (3 сурет). Облыстың химия саласының негізі – құрамында фосфоры бар шикізат өндіру, тыңайтқыштарды қоса алғанда құрамында фосфоры бар өнімдер өндіру болып табылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Похожие:

Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ
Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және нәтижелер көрсеткіштері, қойылған мақсаттарға...
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconЖамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік
БАҒыт жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconПавлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
«Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» №330/30 шешімімен бекітілді
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мазмұНЫ iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница