Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар




Скачать 294.68 Kb.
НазваниеМемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар
страница1/2
Дата конвертации14.02.2016
Размер294.68 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://library.psu.kz/fulltext/buuk/b217.doc
  1   2


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер факультеті


Қазақ тілі кафедрасы


МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ЖҮРГІЗУ

пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған

бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау


Павлодар

УДК 651. 7 (07)

ББК 65. 050. 2 Я7

М 44


Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК ұсынады


Рецензент:

филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ф.Зейнулина


Құрастырушылар: Т.Х. Сматаев, Т.Д. Айтқазина


М44 Мемлекеттік тілде іс жүргізу/Сырттай оқу бөлімінің

студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік

нұсқау. Құраст.: Сматаев Т.Х., Айтқазина Т.Д. – Павлодар,

2008. – 29 б.


«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәні бойынша бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау ретінде сырттай оқу бөлімінің барлық мамандықтарының студенттеріне ұсынылады. Әдістемелік нұсқауда тапсырмалар жиынтығы мен оны орындау және қорғау туралы мәлімет, құжаттардың үлгілері берілген.


УДК 51. 7 (07)

ББК 65. 050. 2 Я7


© Сматаев Т.Х., Айтқазина Т.Д., 2008

© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2008

Кіріспе


«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 4-тарауында көрсетілгендей жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 1999-2000 оқу жылынан бастап «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» курсы пән ретінде өткізіліп келеді.

Аталған оқу орындарының қазіргі студенттері – мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, қызметкерлері немесе олардың құрамдас бөлімдерінің ертеңгі басшылары. Келешекте мекемедегі құжаттарды құрастыратын, ресімдейтін, я осы істерге басшылық жасайтын мамандар. Сондықтан мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайында «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» арнайы курсын оқу орындарының оқу жоспарына енгізудің маңызы зор болып отыр.

Қалай десек те, еліміздегі мемлекеттік ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізуге кірісіп те кетті. Сондықтан іс жүргізуде әрбір азамат құжат жұмыстарымен айналысқан жағдайда өзінің сауаттылығын, білімін, шеберлігін жоғары ұстаған жөн.

Әрбір қызметкер, білікті маман әр түрлі іс қағаздарының жазылу тәртіптерін, толтыру үлгілерін білулері қажет.

Әдістемелік нұсқауда пәнге қатысты қысқаша түсініктеме, жұмысты өткізу мен қорғау, студенттерге ескертпелер, жеке тапсырмалар , т.б. тұрады. Әдістемелік нұсқаудың мақсаты іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізудің маңыздылығын, құндылығын ұғындыру болып табылады. Іс қағаздарды мемлекеттік стандартқа сәйкес толтыру әдістері, құжаттың стилі, оларға қойылатын талаптардың ерекшеліктерімен таныстырып, іс жүзінде жүзеге асыру.

Қосымшада құжат толтырудың үлгілері студенттерге оңтайлы болу үшін қатарластырылып беріледі.

Әдістемелік нұсқауда ресми құжаттарға сүйене отырып, сауатты түрде құрастыруға, құжаттарды рәсімдей алуына мүмкіндік береді.

Әдістемелік нұсқау кафедраның «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде (№1 хаттама. 29 тамыз 2007 ж.) жасалды.


1 Әдістемелік нұсқауға қысқаша түсініктеме


«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» курсында әрбір студент іс

қағаздары үлгілерімен таныса отырып, құжат түрлері бойынша мемлекеттік тілде құрастыру, ресімдеу жұмыстарына дағдыланады. Бұдан басқа термин сөздер мен ресми іс қағаздары стилінің қолданылуын практика жүзінде қалыптастыра алады.


Мақсаты:

Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.

Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз ету. Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың дұрыс ресімделуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру


1.1 Бақылау жұмыстарының маңыздылығын анықтайтын себепкер шарттар

- пән бойынша құжаттарды дұрыс құрастыруда және оны меңгеруде үлкен орын алады;

- бақылау жұмысы студенттердің пәнге деген көзқарастарын қалыптастырады;

- бақылау жұмысы барысында студенттердің келесі қабілеттері қалыптасады: еңбекқорлық, мақсаттылық, ұқыптылық, жинақтылық, өздік ойлау, іске деген жауапкершілік;

- жүйелі тапсырмалар студенттердің ойлау қабілеттерін арттырады, білімдерін тереңдетеді, кеңейтеді.

Студенттер мыналарды білуі қажет:

- Қазақстан Республикасының Тіл туралы Қазақстан Республикасының Заңын, оның қашан, қай жылы қабылданғанын;

- Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін;

- құжаттардың түрлерін;

- құжаттарды құрастырудың және ресімдеудің негізгі талаптарын;

- құжат мәтінін дұрыс құрастыруын;

- реквизиттердің қазақша атауларын;

- реквизиттердің орналасу тәртіптерін;

- ресми іс қағаздары стильдерінің ерекшеліктерін;

- іс жүргізуге байланысты термин атауларын;

- іс қағаздарын толтыруда мемлекеттік тілде сауатты жазу.


2 Жұмысты өткізу және қорғау


- студенттер бақылау жұмыстарын арнайы тіркеуден өткізіп, практикалық сабақтарда оқытушы белгілеген кесте бойынша қорғауы тиіс;

- студенттер өз уақыттарын және жұмыстың тапсыру күнін оқытушымен келістіріп, белгілейді;

- жұмыстарды тексергеннен кейін тиісті ұпайлары (балл) қойылады;

- студенттер құжаттарды төменде берілген үлгілерді пайдалана отырып құрастырулары керек;

- әр құжат әрбір студенттің атынан құрастырылуы керек;

- құжатты толтырудағы талаптар міндетті түрде ескерілуі керек.


Ескерту


1. Үлгі көшіріп алу үшін емес, ондағы реквизиттердің қалай орналасқаны, тілі, стилі және нешінші жақтан баяндалатынын ескеру үшін ұсынылған.

2. Құжаттар А4 форматты қағазға компьютермен терілген болуы керек. Құжаттар KZ Times New Roman қарпімен, 14 шрифтімен, сол жағы – 3 см., оң жағы – 1,5 см., жоғары және төменгі жиектері – 2 см., жоларалық (полуторный) интервалмен басылған болуы керек.


1-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян – Автобиография

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

2. Түйіндеме – Резюме

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз )

3. Қолхат - Расписка

(Жолдасыңыздан бағалы зат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат - Доверенность

(Жолдасыңыздың автокөлігін уақытша иемденуге байланысты сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш - Заявление

(Жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық - Приказ

(Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме - Характеристика

(Жұмыскеріңіздің лауазымдық қызметін көтеру мақсатында мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама - Протокол

(Жұмыс барысында өткізілген отырыстың хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы - Личный листок по учету кадров

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама - Справка

(Жұмыскеріңіздің жұмыс орнын растайтын анықтама жазып беріңіз)

11. Баяндау хат - Докладное письмо

(Жұмыскеріңіздің жұмыс тәртібін бұзғаны жөнінде баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме – Объяснительное

(Жұмысқа кешігіп келгеніңізге байланысты түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру – Объявление

(Жұмыскерлерге жиналыс болатыны туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат – Служебное письмо

(Кәсіпорын басшысының атына өтініш хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз


2-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян – Автобиография

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

2. Түйіндеме – Резюме

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

3. Қолхат - Расписка

(Жолдасыңыздан ақша алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат - Доверенность

(Еңбекақыңызды алуға байланысты жолдасыңызға сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш - Заявление

(Жұмыстан босату туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық - Приказ

(Жұмыстан босату туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме - Характеристика

(Жұмыскеріңіздің басқа лауазымдық қызметке ауысуына байланысты мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама - Протокол

(Жұмыс барысында өткізілген отырыстың хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы - Личный листок

по учету кадров

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама - Справка

(Жұмыскеріңіздің тұрғылықты мекен-жайы бойынша жазылған анықтама мәтінін құрастырыңыз)

11. Баяндау хат - Докладное письмо

(Жұмыскеріңіздің берілген тапсырманы орындамағаны туралы баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме – Объяснительное

(Жұмысқа келмей қалуыңыздың себебін көрсетіп түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру – Объявление

(Мерекелік шараға байланысты хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат – Служебное письмо

(Кәсіпорын басшысының атына жауап хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз





3-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян – Автобиография

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

2. Түйіндеме – Резюме

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

3. Қолхат - Расписка

(Жұмыс орнынан құжат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат - Доверенность

(Почтадан хат-хабарларыңызды алып тұруға байланысты жақын адамыңызға сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш - Заявление

(Кезектен тыс еңбек демалысын беру туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық - Приказ

(Кезектен тыс еңбек демалысын беру туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме - Характеристика

(Жұмыскеріңіздің сынақтан өтуіне байланысты мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама - Протокол

(Жұмыс барысында өткізілген жиналыстың хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы - Личный листок по учету кадров

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама - Справка

(Жұмыскеріңіздің сынақтан өткенін растап анықтама жазыңыз)

11. Баяндау хат - Докладное письмо

(Жұмыскерлердің берген тапсырманы толық орындамағанын баяндап баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме – Объяснительное

(Жүктелген тапсырманын орындалмай қалғаны туралы түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру – Объявление(Мәжілістің болу туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат – Служебное письмо

(Конференция өткізілуіне байланысты ақпараттық хат мәтінін құрастырыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз



4-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян – Автобиография

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

2. Түйіндеме – Резюме

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

3. Қолхат - Расписка

(Қарызға ақша алу туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат - Доверенность

(Пәтеріңізді жолдасыңызға сеніп тапсыру жөнінде сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш - Заявление

(Іссапарға бару туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық - Приказ

(Іссапарға жіберу туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме - Характеристика

(Қызметке жоғарылату мақсатында мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама - Протокол

(Ұжым жиналысының хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы - Личный листок по учету кадров

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама - Справка

(Жоғары оқу орнында оқитыныңыз туралы анықтама жазыңыз)

11. Баяндау хат - Докладное письмо

(Жұмыскерлердің берген тапсырманы толық орындамағанын баяндап баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме – Объяснительное

(Жүктелген тапсырманын орындалмай қалғаны туралы түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру – Объявление

(Мәжілістің болуы туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат – Служебное письмо

(Өткізілетін шараға байланысты шақырылатын құрметті тұлғаға шақыру хат жіберіңіз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз





5-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян – Автобиография

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

2. Түйіндеме – Резюме

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

3. Қолхат - Расписка

( Алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға байланысты қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат - Доверенность

(Зейнетақыңызды алуға байланысты сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш - Заявление

(Материалдық көмек сұрау туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық - Приказ

(Материалдық көмек беру туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме - Характеристика

(Оқуға түсу мақсатында жазылған мінездеме мәтінін құрастырыңыз)

8. Хаттама – Протокол

(Хаттама көшірмесін жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы - Личный листок по учету кадров

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама - Справка

(Еңбекақы туралы мәліметті растайтын анықтама жазыңыз)

11. Баяндау хат - Докладное письмо

(Жұмыскерлердің берген тапсырманы толық орындамағанын баяндап баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме – Объяснительное

(Жүктелген тапсырманын орындалмай қалғаны туралы түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру – Объявление

(Жалпы жиналыстың болатыны туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат – Служебное письмо

(Берілген тапсырманы уақытында орындамаған мекемеге немесе жеке тұлғаға ескертіп ескерту хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз.




6-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян – Автобиография

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

2. Түйіндеме – Резюме

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз )

3. Қолхат - Расписка

(Танысыңыздан қомақты ақша алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат - Доверенность

(Жолдасыңыздың автокөлігін уақытша иемденуге байланысты сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш - Заявление

(Өз еркіңізбен жұмыстан босатуға байланысты өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық - Приказ

(Марапаттау туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме - Характеристика

(Жұмыскеріңіздің лауазымдық қызметін көтеру мақсатында мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама - Протокол

(Жұмыс барысында өткізілген отырыстың хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы - Личный листок по учету кадров

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама - Справка

(Жұмыс орныңыздан берілген анықтама мәтінін құрастырыңыз)

11. Баяндау хат - Докладное письмо

(Студенттің сабақ үлгерімінің төмендігін баяндап, факультет басшысына баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме – Объяснительное

(Жоғарыда жазылған баяндау хатқа байланысты түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру – Объявление

(Жобаларға байқау жариялау туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат – Служебное письмо

(Тапсырма беру мақсатында бөлім қызметкерлеріне өкім хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз


7-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян – Автобиография

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

2. Түйіндеме – Резюме

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

3. Қолхат - Расписка

(Жолдасыңыздан ақша алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат - Доверенность

(Еңбекақыңызды алуға байланысты жолдасыңызға сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш - Заявление

(Жұмыстан босату туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық - Приказ

(Жұмыстағы кемшіліктерге байланысты сөгіс жариялап бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме - Характеристика

(Жұмыскеріңізге мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама - Протокол

(Күн тәртібінде қарастырылған отырыстың хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы - Личный листок по учету кадров

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама - Справка

(Жұмыс орнынан берілген анықтама мәтінін құрастырыңыз)

11. Баяндау хат - Докладное письмо

(Жұмыс тәртібін бұзғаны жөнінде басшы атына баяндап баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме – Объяснительное

(Жұмыс тәртібін не себептен бұзғаныңыз жөнінде түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру – Объявление

(Үйірменің кезекті мәжілісі болатыны туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат – Служебное письмо

(Лауазымдық бос орынға ұсыну мақсатында мекеме басшысының атына ұсыныс хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз


8-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян – Автобиография

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

2. Түйіндеме – Резюме

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

3. Қолхат - Расписка

(Жұмыс орнынан құжат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат - Доверенность

(Жолдасыңыздың карточкасын пайдалануға байланысты сенімхат мәтінін құрасытырыңыз)

5. Өтініш - Заявление

(Материалдық көмек сұрап басшыңыздың атына өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық - Приказ

(Материалдық көмек беру туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме - Характеристика

(Жұмыскеріңіздің сынақтан өтуіне байланысты мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама - Протокол

(Күн тәртібінде белгіленген мәселелер бойынша хаттама құрастырыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы - Личный листок по учету кадров (Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама - Справка

(Дәрігердің ауырғаныңыз туралы мәліметі бар анықтамасын жазыңыз)

11. Баяндау хат - Докладное письмо

(Сабаққа қатыспай жүрген студент туралы факультет деканының атына баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме – Объяснительное

(Не себептен сабаққа қатыспағаныңызды баяндап түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру – Объявление

(Театрдағы қойылым туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат – Служебное письмо

(Мекемеге қажет құжаттарды сұрау мақсатында басқа бір мекеме басшысының атына сұраныс хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз


9-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян – Автобиография

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

2. Түйіндеме – Резюме

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

3. Қолхат - Расписка

(Кадрлар бөлімінен керекті құжат алғаныңыз туралы қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат - Доверенность

(Пәтеріңізді жолдасыңызға сеніп тапсыру жөнінде сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш - Заявление

(Іссапарға бару туралы өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық - Приказ

(Іссапарға жіберу туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме - Характеристика

(Қызметке жоғарылату мақсатында жұмыскеріңізге мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама - Протокол

(Ұжым жиналысының хаттамасын жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы - Личный листок по учету кадров

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама - Справка

(Жоғары оқу орнында оқитыныңыз туралы анықтама жазыңыз)

11. Баяндау хат - Докладное письмо

(Жұмыскерлердің берген тапсырманы толық орындамағанын баяндап баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме – Объяснительное

(Жүктелген тапсырманын орындалмай қалғаны туралы түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру – Объявление

(Мәжілістің болуы туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат – Служебное письмо

(Өз мәселеңізге байланысты мекеме басшысының атына жеке хат жазыңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз




10-нұсқаның тапсырмалары


1. Өмірбаян – Автобиография

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

2. Түйіндеме – Резюме

(Үлгі бойынша құрасытырыңыз)

3. Қолхат - Расписка

(Алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға байланысты қолхат жазыңыз)

4. Сенімхат - Доверенность

(Зейнетақыңызды алуға байланысты сенімхат жазыңыз)

5. Өтініш - Заявление

(Отбасы жағдайына байланысты жұмыстан уақытша сұранып өтініш жазыңыз)

6. Бұйрық - Приказ

(Басқа оқу орнына ауыстыру туралы бұйрық шығарыңыз)

7. Мінездеме - Характеристика

(Практикадан өткен студентке мінездеме жазыңыз)

8. Хаттама – Протокол

(Хаттама көшірмесін жазыңыз)

9. Кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы - Личный листок по учету кадров

(Үлгі бойынша толтырыңыз)

10. Анықтама - Справка

(Практикадан өткен студентке анықтама қағазын беріңіз)

11. Баяндау хат - Докладное письмо

(Жұмыскерлердің жұмыс орнына үнемі кешігіп жүретіні туралы баяндау хат жазыңыз)

12. Түсініктеме – Объяснительное

(Жұмысқа кешіккеніңіз туралы түсініктеме жазыңыз)

13. Хабарландыру – Объявление

(Мерекелік шара болатыны туралы хабарландыру жазыңыз)

14. Қызметтік хат – Служебное письмо

(Іскерлік қарым-қатынас орнату мақсатында басқа бір мекеме, кәсіпорын басшыларының атына ресми хат жолдаңыз)

15. Құрастырған құжаттарыңыз бойынша қысқаша сөздік (термин сөздер бойынша) жасаңыз


Әдебиеттер


1 Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.

Ресми іс қағаздары. – Астана, 2001. – 216 б.

2 Баймұқанова М.А. Мемлекеттік тілде іс жүргізу: Оқу құралы. – Павлодар, 2004. – 65 б.

3 Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 208 б.

4 Салагаев В., Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. – Алматы: Раритет, 2000.

5 Жахина Б., Құрманова А., Қайырбекова И. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу курсы. – Көкшетау, 2003. – 100 б.

  1. Қасымбеков М. және т.б. Екі тілде іс жүргізу. – Алматы, 1994. – 224 б.

7 Есімболова М.Қ. Мемлекеттік тілде іс жүргізу курсы (үлгілер): оқу құралы. – Алматы, 2004. – 150 б.

8 Делопроизводство в Республике Казахстан /Составители:

Скала В.И., Скала Б.В., Скала Н.В. – Алматы: «LEM», 2001. – С.216.

9 Конститутция. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. – Алматы: «Жеті жарғы», 1998.

  1. Казақстан Республикасының Тіл туралы Қазақстан Республикасының Заңы. – Алматы: «Жеті жарғы», 1998.

  2. ілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. – Алматы, 2001. – 42 б.

12 Екі тілде іс жүргізу: Сөздік-анықтамалық. – Алматы: Атамұра Қазақстан, 1994. – 224 б.

13 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Іс жүргізу мен мұрағат ісі/жалпы редакциясын басқарған пед. ғ.д., профессорА.Қ. Құсайынов. – Алматы: Республикалық мемлекеттік «Рауан» баспасы, 2000. – 256 б.


А қосымшасы

(Міндетті)


Ө М І Р Б А Я Н


Мен, Қуат Амантайұлы Нұрмыш, 1970 жылғы қаңтардың 1-інде Павлодар қаласында, қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. Әкем, Амантай Қазтайұлы Нұрмыш, Павлодар қаласының №1 қалалық емханасында дәрігер. Шешем, Сұлушаш Сембайқызы Нұрмыш, Павлодар қаласының №11 жалпы білім беру мектебінде мұғалім.

1977 жылы Павлодар қаласының №1 орта мектебіне бардым. 1982 жылы №2 орта мектепке ауыстым. 1987 жылы осы мектепті бітіріп, сол жылы Павлодар индустриалдық институтына машинажасау факультетіне түстім. Институтты 1992 жылы машинажасау мамандығы бойынша бітірдім. 1992-1994 жылдары Алматы облысының Отар қаласындағы № 10007 әскери бөлімде әскери міндетімді атқардым, сержант атағым бар. 1994-1996 жылдары Павлодар трактор жасау заводында инженер болып жұмыс істедім. 1996-2002 жылдары «Асыл» ЖШС-інде бағдарламашы болып жұмыс істедім.

Үйленгенмін. Әйелім, Нұрсұлу Жақыпқызы, «Қазақстан Алюминийі» АҚ-ында инженер болып жұмыс істейді. Ұлымыз, Дастан Қуатұлы, №1 балалар бақшасына барады.

Мекен - жайым: Павлодар қ., Қамзин к., 81-үй, 26-пәтер. Тел.: 46-00-01


01. 01. 2007 қолы / тегі /


Ә қосымшасы

(Міндетті)


ТҮЙІНДЕМЕ

Аты-жөні: Қуат Амантайұлы Нұрмыш

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Қамзин к.,

81-үй, 26-пәтер

Телефон /0000/ 00-00-00

Жалпы ақпарат:Туған жылы, айы, күні:1970 жылғы қаңтардың 1-і

Ұлты: қазақ

Жынысы: ер

Отбасы жағдайы: үйленгенмін

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының

азаматымын

Жұмыс тәжірибесі: 1996-2002 жылдар, «Асыл» ЖШС-і,

бағдарламашы

1994-1996 жылдар, Павлодар трактор жасау

заводы, инженер

Білімі: Орта:1982-1987 жылдар, Павлодар қ. №2 орта мектебі

1977-1982 жылдар, Павлодар қ. №1 орта мектебі

Жоғары:1987-1992 жылдар, Павлодар индустриалдық институты

Тілдерді білуі: қазақ тілі – өте жақсы білемін,

орыс тілі – еркін білемін ,

ағылшын тілі - сөздіктің көмегі арқылы

Компьютерді білуі: PC-Windows 95/2000

Жеке қасиеттері: жауаптымын, ұйымдастырушылық қабілеттерім бар

Қосымша ақпараттар: еркін күрестен спорт шеберімін

Құштарлығы: әдеби кітаптар оқу


01.02.2004 қолы /тегі/

Б қосымшасы

(Міндетті)


Қ О Л Х А Т


Мен, Болат Серікұлы Бек, жеке куәлік №00012 ҚР ІІМ

02.01.2000 жылы берілген, мекен жайым: Павлодар қ., Мир к., 1-үй,

2-пәтер, азамат Қайрат Мұратұлынан, жеке куәлік №00013 ҚР ІІМ

01.01.2000 жылы берілген, мекен жайы: Павлодар қ., Мир к., 2-үй,

1-пәтер , 1000 (мың) АҚШ долларын алдым.

1000 (мың) АҚШ долларын 2003 жылғы қыркүйектің 1-іне қайтаруға міндеттенемін.


01.02.2007 қолы /тегі/

Б.С.Бектің қолын куәландырамын

Мемлекеттік нотариус М.О. қолы /тегі/


02.02.2007


В қосымшасы

(Міндетті)


  1   2

Похожие:

Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар iconПавлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев іс қАҒаздарын жүргізу мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен студенттерге арналған оқу құралы
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің филология, журналистика және өнер факультетінің
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар iconӘдістемелік нұСҚау (жоғары оқу орны ішінде пайдалану үшін) Павлодар бекітемін
Бұл әдістемелік нұсқау "Менеджмент" пәнін оқитын сырттай оқыту нысанындағы экономикалық мамандықтардың сырттай оқыту бөліміндегі...
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар iconМал дәрігерлігі мамандығы бойынша дуалды оқу және сырттай бөлімінде білім алатын оқушыларға арналған бақылау жұмысына
Мал дәрігерлігі мамандығы бойынша дуалды оқу және сырттай бөлімінде білім алатын оқушыларға арналған бақылау жұмысына әдістемелік...
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар iconОрганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтарының сырттай оқу түрінің студенттеріне арналған бақылау тапсырмаларының әдістемелік нұсқаулары Павлодар
«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 050721– «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтарының сырттай оқу...
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар iconПәні бойынша 050509 «Қаржы» мамандығына сырттай білімінде оқитын студенттерінің бақылау жұмысына арналған Әдістемелік нұСҚаулар
«Қаржы» мамандығына сырттай білімінде оқитын студенттерінің бақылау жұмысына арналған
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар iconВ070200 автоматтандыру және басқару мамандықтарының сырттай оқитын студенттеріне жұмыс бағдарламасы, бақылау жұмысына тапсырма және әдістемелік нұсқаулар Өскемен 2013
В072900 – құрылыс, 5В074500 – транспорттық құрылыс, 5В080700 – орман ресурстары мен орман шаруашылығы, 5В070200 – автоматтандыру...
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар iconМазмұны
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар iconАзақ тілі пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Павлодар Кереку 2009
С. Торайғыров атындағы пму-дың қазақ тілі кафедрасының оқу-әдістемелік кеңесі басуға ұсынған
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар iconЭкономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы Павлодар
...
Мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған бақылау жұмысына әдістемелік нұсқау Павлодар iconКӘсіпорынның инвестициялық Қызметі экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы Павлодар Кереку 2011
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница