Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты




НазваниеҚазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
страница1/14
Дата конвертации14.02.2016
Размер2.07 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umm/d2aaa8ec-39a7-11e3-9713-f6d299da70eeАбикенова- Қазақ тілінің эпис
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы


Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты


Семей 2008


ББК 81, 2 Қаз

Ә 12


Сүлеймен Демирел атындағы университеттің Ғылыми кеңесі шешімімен ұсынылған


ISBN 9965-19-004-6


Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы

Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты. Монография Семей: 2008. – 158 бет.


Жалпы редакциясын басқарған:

Шалабай Б. –- филология ғылымдарының докторы, профессор


Пікір білдіргендер:

Қосымова Г. –- филология ғылымдарының докторы, профессор

Нәзбиев Ж.Д.- филология ғылымдарының докторы, профессор


Еңбекте қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің қалыптасу, даму тарихы, функционалдық стильдер жүйесіндегі орны, өзіндік ерекшелік, белгілері мен қолданылуы жайлы жан-жақты қарастырылды. Қазақ халқының біртуар азаматтары мен қоғам қайраткерлері, ақын жазушылардың хаттарын, қолжазбалары дереккөз ретінде алынып, хаттардың стилі, мәтін құрылымы, грамматикалық, лексикалық, стилистикалық ерекшеліктері талданды.

Кітапты студенттер қазақ әдеби тілінің жалпы курсын оқу кезінде хат мәтіні тілінің өзіндік ерекшеліктерін тануда, көркем мәтіндегі тілдік бірліктердің, көркемдегіш амал-тәсілдердің семантикалық және стилистикалық табиғатын ашуда көмекші құрал ретінде қолдана алады.


ББК 81,2 Қаз

ISBN 9965-19-004-6 Әбікенова Г.Т., 2008


Алғы сөз

Адамзаттың даму процесімен бірге дамып, жетіліп келе жатқан адамдардың қарым-қатынас әрекеттері тек ауызша ғана емес, жазбаша да заман талабына сай қарым-қатынас жолдары арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынас әрекеттерінің бірі - хат жазу дәстүрі. Хат жазу ертеден бүгінгі таңға дейін әлеуметтік жағынан алғанда мәдени және тарихи мәні зор жанрлардың, жазба тілдің ежелгі формаларының бірі болып табылады.

Қазіргі қазақ тіл білімінде хат мәтіні арнайы қарастырылмаған, зерттеуді қажет ететін тақырыптардың қатарына жататын тың және көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақ халқының біртуар азаматтары мен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылардың хаттарын, қолжазбаларын зерттеп тану, стилін, мәтін құрылымын стильдік тұрғыдан қарастыру, грамматикалық, стилистикалық, лексикалық т.б. ерекшеліктерін зерттеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Яғни мұндай ұлттық құндылықтарды зерттеудің, бүгінгі таңдағы көзқараспен алып, бағалаудың, саралаудың, талдаудың мәні зор. Сонымен қатар, тіліміздегі эпистолярлық стильдің өзге функционалды стильдерден даралығы мен ұқсастығын танудың да маңызы бар.

Қазақ тілінің эпистолярлық стилі жеке дара толық зерттелмеген, тың тақырып болып табылады.

Монографияда ғылыми тұжырымдар жасауға, лингвистикалық талдау жасауға негіз болған деректер - қоғам қайраткерлері, ақын-жазушыларының хаттары, сондай-ақ эпистолярлық жанр туындылары.

Эпистолярлық стиль ерекшелігін зерттеу, қазіргі әдеби тілмен салыстырғандағы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерін саралау, хат мәтінінің тілдік стильдік ерекшеліктерін талдау және хат жанрының түрлерімен таныстыру жұмыстың алдына қойылған мақсаты болып табылады. Зерттеудің негізгі мақсаты әр кезеңдегі эпистолярлық стильдің жан-жақты – тарихи-лингвистикалық, типологиялық, функционалдық-стилистикалық ерекшеліктерін сипаттау. Жұмыста қойылған мақсаттарға сәйкес зерттеудің төмендегідей екі негізгі аспектісі айқындалады: тарихи-мәдени және хат мәтінінің мазмұнына бағытталған типологиялық және мәтіннің ертеректе туу үрдістеріне байланысты функционалдық-стилистикалық факторлары, сондай-ақ эпистолярды жасаушының сөз қолданыс факторларын айқындау.

Еңбекте қазақ эпистолярлық жанрына жататын туындылардың, яғни хаттардың тілі лингвистикалық тұрғыда бірлікте қаралып, талдауға түсті.

-эпистолярлық стильдің типологиясы және оның функционалдық-стилистикалық түр ретінде қалыптасуының даму үрдісі анықталды;

-функционалды-стилистикалық тұрғысынан эпистолярлық стильдің қазақ тілі қалыптасуы кезеңіндегі қазақ әдеби тілі дамуының жалпы үрдісіне қалай әсер еткені жан-жақты зерделенді;

-жалпыхалықтық қолданыста ұшыраспайтын кейбір сөздер талдауға түсіп, мағынасы айқындалды;

-хат мәтініне әсер еткен экстралингвистикалық белгілері анықталды;

-алғаш рет сол кездегі хаттар эпистолярлық стильдің ішкі үрдістерін зерттеуге жұмсалды.

Жұмыстың нәтижесі ұлттық әдеби тіл қалыптасуының негізгі үрдістері мен жазба түрлерінің, оның ішінде эпистолярлық стильдің эволюциялық үрдістері жөнінде белгілі ережелерді тереңдетеді, толықтырады және эпистолярлық стильге тән ерекшеліктерді анықтайды. Хат жанрының қалыптасуы мен даму тарихын танып білуге септігін тигізеді.

Еңбекті жоғары оқу орындарында қазақ әдеби тілі тарихының жалпы курсын оқытқан кезде, қазақ тілінің стилистика саласына да қатысты қосымша материал ретінде пайдалануға болады.


І ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ СТИЛЬ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СТИЛЬДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ


  1. 1 Эпистолярлық стильдің зерттелуі


«Әр стильдің лингвистикалық тұрғыда алғанда, сондай-ақ экстралингвистикалық тұрғыдан алғанда да, өзіне ғана тән белгілері болатыны анық» [1, 39-б]. Эпистолярлық стиль өзіне тән ерекшеліктері арқылы өзге стиль түрлерінен дараланады.

«Қазіргі кезде стилистика ғылымында әдеби тілдің бес функционалды стилі анықталады. Олар: ғылыми, ресми, публицистикалық, көркем әдебиет және ауызша сөйлеу стильдері. Олардың өздері қатынас жасаудың нақтылы жағдай, міндеттеріне т.б. байланысты тағы ұсақ түрлерге жіктеледі. Оның үстіне функционалды стиль араласып та келе береді, яғни бір стильде басқа стильдердің элементтері кездесе береді. Функционалды стильдердің әр түрінің элементтері қабаттаса қолданылып, көп қабатты стильдік құбылыстар пайда болады. Бұл жағдайда стильдердің өзара нәтижесінде және олардың өз ішінде бөлінісі себепті жасалады. Сөйтіп, тілде функционалды стильдік және стилішілік жіктеліс өте күрделі, сан тармақты болып келеді» [2, 74-б],-дейді профессор Б. Шалабай. Біз қарастырып отырған эпистолярлық стиль ресми стиль ішінде алынып келген шағын стиль болып табылады. Сонымен қатар функционалды стильдердің құрамында қолданыла береді.

Стиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда жазу құралы деген мағына береді. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану принциптерін айтамыз.

Винокур Г.О.: «Стилистика изучает язык по всему разрезу его структуры…» [3, 16-б] ,- десе, Ефимов А.И. стилистиканың зерттеу нысаны туралы былай дейді: «Изучая выразительные качества (экспрессию) речевых средств, устанавливая синонимические эквиваленты и варианты, бытующие в области лексики, фразеологии, частей речи и синонимических конструкций, стилистика является своего рода вершиной исследования языка, теоретической основой развития национальной речевой культуры» [4, 5-б]. Стилистиканы кейінгі уақытта лингвистикалық стилистика және әдебиеттану стилистикасы деп екіге бөлу орын алған.

Лингвистикалық стилистика – шығарма тіліндегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік, бейнелегіштік мүмкіндіктерін, стилистикалық бояулары мен мағыналарын, қолданылу заңдылықтарын тілдік тұрғыда зерттейтін сала.

Лингвистикалық стилистиканың ең басты түрлері, оның мазмұны мен негізгі бағыттарын айқындайтын түрлері – функционалдық стилистика мен тіл ресурстары стилистикасы. Функционалдық стилистиканы зерттеушілер қолданыс тілі стилистикасы деп те атайды. «Стилистиканың бұл түрінің басты бағыты – шығарманың, мәтіннің құрылымы, ондағы тілдік құралдардың орнымен қолданылып, тыңдармандарға немесе оқырмандарға ойды мүлткісіз жеткізуді қадағалау» [5, 16-б].

Функционалдық стильді топтастыру мәселесі тіл білімінде әлі де болса зерттеуді қажет етеді.

Орыс тілі мамандарында стильдерді классификациялауға байланысты әр түрлі пікірлер бар. Орыс тіл білімінде стильді әр түрлі тармақтарға бөлу, функционалды стильдерді топтаған кезде әр түрлі принципке сүйену кездеседі. Стильдерді топтастыру мәселесі Мещерский Н.А., Ларин Б.А., Ефимов А.И., Винокур Г.О., Виноградов В.В., Филин Ф.П., Котков С.И., Лихачев Д.С., Иванова А.И., Будагов Р.А., Кожина М., Тарабасова Н.И., Волков С.С.т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде қарастырылады.

Р.А.Будагов стиль түрлерін ауызекі-жазбаша, ғылыми-көркем әдебиет стилі деп бөледі [6, 258-б].

М. Кожина стиль түрлерін ресми-методикалық, тұрмыстық іс қағаздар, ғылыми-техникалық және көркем әдебиет стильдер деп көрсетеді [7, 81-б].

М.М.Михайлов орыс тілінде ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет, ғылыми, публицистикалық, ресми, іс-қағаздар, салтанатты-риторикалық (парадно-риторический), сот тілдерінің (судебный) стильдеріне жіктейді [8, 46-б].

Әдеби тілдің стильдерін классификациялауда Д.Э.Розенталь орыс тілінің функционалды стильдерін мынадай топтарға бөледі:

-ауызекі сөйлеу стилі;

-жазба (кітаби) стиль;

-публицистикалық стиль;

-көркем әдебиет стилі [9, 125-б].

Ал А.И.Ефимов классификациясы бойынша стиль:

- көркем-беллетристикалық стиль,

-қоғамдық-публицистикалық стиль,

-ғылыми стиль,

-профессионалды-техникалық стиль,

-ресми іс қағаздары стилі,

-эпистолярлық стиль деп тарамдалады [10, 140-б].

Cтилистика және стильдің мәні тілдің коммуникативтік аспектісімен, оның қолдану, қызмет ету мәселелерімен тығыз байланысты. Ресейде И.А. Бодуэн де Куртенэден басқа бұл мәселе төңірегінде Е.Д.Поливанов, Л.П.Якубинский, В.В.Виноградов, Г.О.Винокур сияқты ғалымдар еңбек сіңірген. Сондай-ақ стилистика мәселелерін талдауға чехословакиялық «функционалдық-лингвистика» мол үлесін қосты. Тіл құрылымының зерттеуінен бастап, оның қызмет етуіне дейінгі функционалдық-стилистикалық зерттеулер ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары тереңдей түседі.

Орыс тіл білімінде стилистиканы зерттеген ғалым Н.Шанский стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін атайды [11, 40-б].

Қазақ тіл білімінде қазақ тілінің стилистикасын зерттеуші ғалымдар жоғары пікірлермен үндес пікірлерді айта отырып, қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін талдайды. Ғалымдар: «Стиль ұғымы-кең де күрделі. Әсіресе, функционалды стилистика мәселесі тіл ғылымының барлық саласын және жаңа ғылыми бағыттарды өзіне иемденіп отырады» [12, 2-б] «Стильдер - тілдің бәріне тән құбылыс. Стильдерді топтастыру проблемасы да – тіл білімінде тиянақты шешілмеген даулы мәселелердің бірі. Стильдерді топтастырудың дәстүрлі, қалыптасқан, бұрыннан белгілі принципі жоқ» [13, 19-б],-дейді.

Осыған байланысты қазақ тіл білімінде де түрлі топтастырулар бар.:

І Сөйлеу стилі

ІІ Кітаби жазба стильдер

Іс-қағаздар және ресми стиль

Публицистикалық стиль

Ғылыми стиль

Көркем сөз стилі [13, 19-б].

Ғалым Ә.Болғанбаев қазақ тілінде шешендік стиль қалыптасқандығы жөнінде: «Бұл стиль қазақ халқының көне тарихымен қоса жасалып келе жатқан бірден-бір көне стильге жатады» ,- деп атап көрсетеді [14, 5-б].

Профессор М.Балақаев «Қазақ тілінің стилистикасы» еңбегінде:

«Орта ғасырда Грецияда, Римде стиль – сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика риторика (шешендік) өнері болып саналған. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген. Кейін, ұлттық әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде кейбір елдерде стиль белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құрал деген ұғымда қолданыла бастады. Бұл ұғым Россияға да кең тараған болатын. Мысалы, Ломоносовтың үш стилі (жоғары, орташа, төмен) осы жанрлық принципке негізделген» [13, 5-б], дейді.

Қазақ тілінің эпистолярлық стилі ресми стильмен бірге алынып жүргені белгілі. Эпистолярлық стиль хат мәтіні тілінің ерекшелігін, жазу мәнерін қарастырады. Эпистолярлық стильге ғалым Р.Сыздық: «бұл стиль – жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарының тілін танытатын сөз мәнері» - [15, 229-б], -деп анықтама береді.

Орыс тіл білімінде ресми стильді арнайы зерттеген – В.В.Виноградов [16].

Ал М.П.Вяткин арнайы зерттеу жұмысын жүргізбесе де, қазақ хандары мен сұлтандарының орыс әкімшілігіне әр түрлі мақсатта жолдаған хаттарын өзінің «Қазақ ССР тарихы бойынша материалдар» деген еңбегінің 2,3,4 томдарында жариялаған [17].

Функционалдық стильдер тіл қай әлеуметтік салада қызмет ететіне байланысты қоғамның қажеттіліктері мен тілдік құралдардың даралануынан қалыптасты. Функционалдық стиль белгілері бір салаға тән ойлау түрін сәулелендіреді. Бұл экстралингвистикалық факторлар барлық тілдерге жалпы болып табылатындықтан, белгілі бір салада қызмет ететін әр түрлі тілдерде сөйлеуге деген бірдей талаптар іске асырылады. Бірақ іске асырған кезде әр тілде тіл жүйесімен негізделген өз ерекшеліктері бар.

С.И.Котков ресми стильді тілдік (кітаби-сөйлеу) және мазмұндық ерекшеліктеріне қарай :

1) эпистолярлық (жеке хаттар, грамоткалар);

2) актілік (іс қағаздары, заңдық-құқықтық мазмұндағы мәтіндер);

3) статьялық (статьялық тізімдер мен есептер) [18, 4-б]- деп бөледі.

Н.Тарабасова С.И.Котковтың жіктеуіне мынадай толықтырулар енгізеді: актілік стильге тек қана мемлекеттік акт-іс құжаттарын жатқызады, ал эпистолярлық түріне жеке хаттарды ғана емес, ресми және әкімшілік хаттарды, олардың аралық түрі болып табылатын хаттар (расспросные речи) мен ертегілерді қосады. Бұл жөнінде ғалым былай дейді: «Между этими существенно отличаюшимися по характеру проявления индивидуального начала видами материала деловой письменности, можно выделить своего рода переходит тип, в котором личные, вступая в чужой передаче, становится констатирующим, т.е.фактом делопроизводственным. Это так называемые расспросные речи и сказки» [19, 157-б].

С.Ю.Федюрко функционалдық стильдердің өзіндік ерекшеліктері мен түрлеріне талдау жасай келіп, мынадай тұжырым айтады: «Функциональные стили представляют собой функционально ориентативное членение литературного языка с целью наиболее эффективного обслуживания сфер коммуникации. Функциональные стили отличаются с одной стороны определенной стабильностью, определяют угол общения в различных сфер коммуникации, с другой стороны они динамичны, т.е. функциональный стиль приспособливается в новым формам обмена информации. Социальная функция деловой письменной речи крайне важна, т.к.именно деловая речь призвана обслуживать официальные и чрезвычайно важные сферы человеческих отношений: отношение между государственной властью и населением между странами, между предприятиями, между личностью и обществом» [20, 125-б].

«Әр функционалдық стильді жеке зерттеу олардың әрқайсысының түрлі аспектідегі қолданысын, қызметін, ерекшелігін көрсетуге, әр стильдің жеке стилистикасын танып білуге жол ашады» [21, 23-б] ,- дейді Л.Дүйсембекова.

Қазақ тіл білімінде ресми іс қағаздарының тілі мен стилі 60-70 жылдары зерттеле бастады. 1972 жылы Н.И.Ергазиеваның «Формирование и развитие официально-деловой речи в казахском языке» [22] деген тақырыпта жазылған кандидаттық диссертациясын атауға болады.

Ф.Ш.Оразбаева, Қ.Т.Мұхамади іс қағаздардың үлгілерінің тіл ерекшелігінен гөрі, ресми документтердің лексикасына, оның ішінде ресми документтерге тән терминдердің қалыптасып, дамуы жөнінде қарастырады . Ғалымдар: «Іс-қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі өте зор. Іс-қағаздардың саяси, тарихи, құқықтық, әлеуметтік мәні зор»,-деп тұжырымдайды [23, 5-б]. Ресми стиль, іс қағаздар үлгілері Әбілқасымов Б. [24], Сыздықова Р. [25], Балақаев М., Жанпейісов Е. [26], Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. [12] және Л.Дүйсембековалар [27] еңбектерінде зерттеледі.

Көптеген ғалымдар хатты «Эпистолярлық стиль», «Эпистолярлық әдебиет», «Эпистолярлық жанр» деп атап жүр. Эпистолярия сөзі гректің «эріstole», яғни «хат» деген мағынадан шыққан ұғымды білдіреді. «Эпистолярлық» - «хатқа тән»; «хат түрінде жазылған»; «хаттан тұратын» деген ұғымдарды береді [28, 603-б].

Қазақ Совет энциклопедиясында: «Эпистолярлық әдебиет, эпистолография (грекше жолдау, үндеу) – сан алуан хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке жеке адамдардың бір-біріне жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған хаттары да жатады» деген түсінік беріледі [29, 453-б].

Орыс тіл білімінде «Функционалдық және құрылымдық белгілері бар кез-келген мәтінді эпистолярлық» деп тұжырымдаған ғалымдардың пікірлерін кездестіреміз [16, 16-б].

Н.М.Кожина эпистолярлық стильге мынадай сипаттама береді: «Эпистолярный стиль – это исторически сложившаяся разновидность письменной речи, в которой используется несколько моделей структурной организации корреспонденции между учасниками общения, в том числе – письма и послания. Каждый стиль – это модель коммуникации, блогадаря которой информация не просто передается как высказывание сообщение источника речи, направленное к ее получателю; этот процесс является гораздо большей сложностью. Так, информирование в том или ином стиле характеризуется тем что осуществляется наилучшим для данной ситуации общения образом: выразительно, экспрессивно, в соответствии с целями и задачами общения, т.е. при помощи релевантных языковых средств»[30, 56-б].

Эпистолярлық деп хат белгілеріне тән және оның бейнелеуі үшін шынайы эпистолярлық коммуникация қызметіне және құрылымдарына ие әртүрлі мәтіндерді айтамыз.

Эпистолярлық қызмет жеке коммуникативті актіге (хатқа), сол сияқты тұтас интеракция (әртүрлі хаттар жиынтығы) үшін спецификалық композициялық – тілдік форма құрастыратын тілдік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Бұл мәтіннің макроқұрылымы деңгейін құрайтын немесе мәтіннің микроқұрылымы деңгейін құрамайтын форма түрінде қолданылады.

Эпистолярлық коммуникативтік жағдай – бұл уақытша-кеңістікте ажыратылған нақты қатысушылар арасындағы тілдесудің, сөйлесудің жазба түрі арқылы жеке тұлғалардың көп аспектілі әрекеттестіктігін жүзеге асыратын және адресат пен адресант арасындағы тұрақты емес ассимметриялық қызметпен сипатталатын тілдік коммуникация түрі болып табылады.

Эпистолярлық коммуникация жалпы түрге тән коммуникацияға қосу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, почта қызметі типін алатын болсақ, почта қарым-қатынас құралы түрінде емес, жеткізу объектісі ретінде болады. Осы мақсатта хаттың ерекше сыртқы «кеңістік» аясы – конверт болып табылады. Ол хатты қорғаушы қызметін атқарады: эпистолярлық коммуникацияға қатысы жоқ адамдардан бөледі немесе олардың қол жеткізуінен қорғайды. Осылайша конверт, тыңдаушының екі тобына арналып бағытталған жанама
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Похожие:

Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты iconҚазақ тіліндегі буын үндестігі (Сингармонизм)
А. Байтұрсынов және Х. Досмұхамедов қазақ тіліндегі сингармонизм заңдылығын алғаш зерттеушілер
Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты iconДиссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды
Ағылшын тіліндегі экологиялық дискурстың лингвистикалық аспектілері және аудармада берілу жолдары
Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты iconМаретбаева марина әбілжанқызы әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты
Ол өз кезегінде психолингвистикалық, этнолингвистикалық, когнитивтік, прагматикалық, компаративтік, әлеуметтік лингвистикалық, тілдік-мәдени,...
Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты iconЕреханова Фатима ТӨреханқызы Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдері
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдері
Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты icon«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні – тіл және әдебиет мамандарын даярлау үшін оқытылатын лингвистикалық пәндердің негізгілерінің бірі ретінде саналатын іргелі теориялық курс. Пәннің қысқаша аннотациясы
«Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» пәні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты iconҚазақ тіліндегі ресми іс қағаздары Жоспары
Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық...
Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты iconБілім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық сөздігі
Нұрғалиева Г. К., Есжанов А. Е. Білім беруді ақпараттандыру саласындағы терминдер мен оның анықтамаларының қазақ тіліндегі педагогикалық...
Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Көркем мәтінге лингвистикалық талдау» пәні бойынша 5В020500- «Филология:қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты iconБ. З. Андасова, А.Ә. Шәріпбаев, Г. Комантай
Жұмыста төте жазумен жазылған қазақ тіліндегі мәтінді кирилл графикасына және керісінше түрлендіру үшін қолданылған ақырлы автоматтың...
Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты iconЗукай шырынгүл неміс-қазақ тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің лексика-семантикалық, коммуникативтік-прагматикалық сипаты
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница