Курс – ІҮ Семестр – 7




НазваниеКурс – ІҮ Семестр – 7
страница5/7
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.89 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://inside.wksu.kz/dmdocuments/Салыстырмалы_грам._исправить.doc
1   2   3   4   5   6   7
5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

1 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәні, мақсаты, зерттеу нысаны

2. Түркі тілдерінің зерттелуі

3. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері

Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

Салыстырмалы грамматиканың мақсаты – түркі тілдері, олардың жалпы сипаты, жеке түркі тілдерінң өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастыру. Студенттерге ттсг-ның тақырыптары мен мазмұны бойынша ғылыми негізде, жүйелі білім алуына бағыт беріп, туыстас тілдердің ерекшеліктерін кең түрде мәлімет алуыларына жағдай туғызу.

Түркітану – тіл білімінің бір ғылыми саласы. Түркі тілінің салыстыра зертеу дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір жүйеге келген ғылым саласы екенін сутденттерге түсіндіру.ТТСГ негізгі нысаны – түркі тілдерінің грамматикалық құрылысы. Түркі тілдерінің жүйесіне тән оларды өз алдына жеке топтастыру ретінде ерекшелейтін белгілер: 1. Фонологиялық ерекшеліктері. 2. Морфологиялық құрылысы. 3. Лексикалық қабаты. 4. Синтаксистік құрылысы. Түркі тілдерінің зерттелуі. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері: Түркі тілдерінің қалыптасуындағы алтай дәуірі; ә) Хун дәуірі; б) Түркі тілдерінің дамуындағы көне түркі дәуірі (Ү-Хғғ); в) Түркі тілдерінің дамуындағы орта ғасыр дәуірі (Х-ХҮғғ): г) Жаңа дәуір, жеке түркі тілдерінің қалыптасуы (ХҮ-ХХғғ)

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Түркі тілдеріне енетін тілдік топтар.

2. Түркі тілдерінің зерттелуі

3. Салыстырмалы-тарихи әдіс

2 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің классификациясы

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Тілдік жіктеулер, топтастырулар жайында мәлімет

2. Батыс ғұн тілі: бұлғар тобы, оғыз тобы, қыпшақ тобы, қарлық тобы.

3. Шығыс ғұн тілі: ұйғыр-оғыз тобы, қырғыз-қыпшақ тобы

Түркітану ғылымында маңызды орын алатын мәселелердің бірі – түркі тілдерінің дамуы және қалыптасуы жағынан, туыстық элементтер негізінде классификациялау. Түркі тілдері арасындағы байланыс пен ұқсастықтарды анықтау және түркі тілдеріне классификация жасау тек лингистер үшін ғана емес, сондай – ақ әдебиетшілер, тарихшылар, этногрофтер үшін де өте маңызды мәселе.

Классификация - тілдерді ортақ белгілері бойынша топтастыру.

Түркі тілдерінің классификациялау – шешімі қиын, өте күрделі мәселелердің бірі. Себебі түркі халықтарының қалыптасу және даму тарихы өте күрделі сипатта. Сондықтан да түркі тілдерінің классификация лау осы түркі тілдерінің тарихымен тығыз байланысты.

А. Н. Самойлович (1880-1938) – белгілі орыс кеңес түркітанушысы. 1922 жылы Петроградтағы Шығыс тілдері институтын бітірген. 1925 жылдан КСРО Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 1929 жылдан академигі, 1934 жылдан КСРО Ғылым академиясы жанындағы Шығыстану институтының директоры. А. Н. Самойлович өз дәуірінің талантты, білгір түркітанушыларының бірі блып есептеледі. Ол түркі тілдері бойынша 300-ге жуық ғылыми мақала жазған адам. Ол түркі тілдерін 6-топқа бөліп қарастырды.

1. Бұлғар не чуваш тобы

2. Ұйғыр не солтүстік-шығыс тобы

3. Қыпшақ не слтүстік-батыс тобы

4. Шағатай не оңтүстік-шығыс тобы.

5. Қыпшақ-түркімен не орта тобы.

6. Түркімен не оңтүстік-батыс тобы.

А. Н. Самойловичтің бұл классификациясында көптеген бөлулердің бүгінгі көзқараспен ұштасып жатқандығы байқалады.

Әрине, кез келген дауыссыз мұндай позицияда қолданыла алмайды. А.М.Шербак «сына» ретінде қолданылатын дауыссыздар деп мыналарды көрсетеді.р, ш, с, й не сына дыбыстардың қолданылуы көне түркі тілдерінде кездеседі.Осы тілде жіңішке дауыстыдан басталған сөздердің құрамында жіңішке дауыстыдан бұрын й сына дауыссызы айтылған. Қазіргі тілдердің ішінде бұл жүйені одан гөрі дамытқан тіл – қарашай тілі. Көне түркі сілінде й сынасының қолданылуын мына сөздерден көреміз: йумуртқа ( бірсыпыра алтай тілінде умутқа, умуқта), йыра (қашу, ыра қашу). Қарашай тілінде :йешік (елік), йер (әр). Қарашай тілінде й сынасының айтылатын орны тек сөздің абсолют басы ғана емес, сөздің орта шенінде ерін дауыстылардың алдыңда да айтылады: сйоз;гагауз тілінде : йем (ем, емшек ем),йең ( ең, ең алды), Қақақалпақ тілінде (қазақ тілінде де) сына й дыбысы е, о, ө дыбысының алдынан естіледі. Исына дыбысы басқа түркі тілдерде кездеседі. Бұл ыңғайда оғыз тіліндегі сөз ішінде й дыбысының қолданылуын айту керек.Мысалы: түркі тілінде йазмайыныз ( жазбаңыз) йаз – ма- й- ының, бабайы ( әкесі –баба-й-ы ) т.б. Бұған қоса, осы тілдерде осы шақ есімше тұлғасы – йор түрінде й – мен айтылатындығын қосу керек. Осындай із ескі түркі (орта ғасыр) тілінде болған сайрайур (саиранды) – сайра – й – ур, сөйлейур (сөйлейді) – сөйлей- үр т.б. р, ш, дыбыстарының сына ретінде қолданылуы. Көбіне топтау сан есімнің құрамында, түбір мен қосымша шегінде екі дауыстының арасында (дауыстыға аяқталған түбір мен дауыстыдан байланысатын қосымша арасында ) болады: орта түркі тілдерде іккірер ( екуден), алтырар ( алтаудан), татар тілінде – ікішер ( екуден) Ұйғыр тілінде –р дыбысы дауыстыға аяқталған сөзге тәуелдік жалғау жағынан айтылады: тихо –р – ум (тауығым), дүниуы ( дүниесі). С дыбысының сына ретінде қолданылуы түбір мен жалғаудың арасы. Бұл көбінесе, қазақ тіліндегі сияқты, тәуелдіктің III жағынан кездеседі.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Батыс ғұн тілі: бұлғар тобы, оғыз тобы, қыпшақ тобы, қарлық тобы.

2. Шығыс ғұн тілі: ұйғыр-оғыз тобы, қырғыз-қыпшақ тобы

3 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің негізгі жүйелік ерекшеліктері

Қарастырылатын сұрақтар:

1) фонетикалық жүйе;

2) морфологиялық құрылыс;

3) лексикалық қор

Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты немесе түркі тілінің ортақ заңдылықтар,өз алдына дербес семья ретінде ерекшеленетін белгілер:

1.Фонетикалық жүйе бойынша

а) сөздің бірінші буынында кездесетін дауыстылар мен сөздің келесі буындарында ұшырайтын дауыстылар екі түрлі жүйе құрайды.Бірінші буынды ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік- езулік болып жұптасатың 8 дауысты дыбыс жұмсалады. Кейбір тілдерде бұл 8 дауысты дыбыс 16-ға дейін көбейеді. Өйткені оларда дауысты дыбыстар әдеттегідей әрі созылыңқы дыбысталады. Түркі тілінің дауыссыздары басқа жүйелі тілдермен салыстырғанда, сапа, түр жағынан өзгеше фонетикалық жүйенің тағы бір ерешеліктері сөз екпіннің сөздің соңғы буынына түсетіндігі.

2. Морфологиялық. құрысыстың негізі – аффиксация. Себебі типолоргиялық жағынан жалғамалы (агглютинациялы) топқа жатады. Мәні мен қызметі әр түрлі аффикстер бір-біріне қабастасып, қосарланып жалғана береді. Сөздің морфологиялық құрылысы 3 элементтен: түбір мен аффикстен және жалғаудан құралады. Осы бөліктерден құралған сөздер негізінен 3 типке бөлінеді:

1. Тек қана түбірден құралған сөз.

2. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан құралған сөз.

3. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан немесе бірнеше жалғаудан құралған сөз. Сонымен қатар 4 типі кейбірінің орын ауыстыруынан және қосымшалардың аралас түрінің қатысуымен жасалады. Мысалы: дау- лас-қан-дар-дікі-нен.

Шылаулар грамматикалық қызметі мен мәні жағынан индоевропа тілдеріндегі предлогтарға ұқсас болғанмен, қолданылу ыңғайлы жағынан олардан мүлде өзгеше. Жалғамалы тілдерде сөздердің орналасу тәртібіне сәйкес шылаулар өздеріне қатысты сөздерден кейін келеді. Ал басқа тілдегі предлогтар болса, өздері қатысты сөздердің алдынан айтылады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты

2. Түркі тілдерін ерекшелейтін фонетикалық белгілер

3. Морфологиялық және лексикалық ерекшеліктер


4 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Фонетикалық жүйе бойынша салыстырмалы зерттеудің нысаны, мақсаты, әдісі.

2. Түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстар жүйесі жайлы мәселе

3. Дауысты дыбыстардың қалыптасуы

Түркі тілдерінің дауысты дыбыстар жүйесі

Әзірбайжан, башқұрт, қарақалпақ т.б. түркі тілдерінің дауысты дыбыстар жүйесі

Түркі тілдерінің дауысты дыбыстарының жасалу орнына, дыбысталуына, еріннің қатысына қарай бөлінуі.

Түркі тілдерінде бір буынды сөздер құрамындағы дыуысты мен көп буынды сөздердің 1-ші және келесі буындардағы дауыстыларды бір бірінен ажыратып қарау керек. Өйткені, бір буынды түбір құрамындағы дауысты әрі тұрақты, әрі сапалық жағынан басқа сөз құрамындағы дыбысқа бағынышты емес. Көп буынды сөз құрамындағы дауыстыларда мұндай қасиет жоқ: олар көбіне айнымалы болып келеді және сингорманизм, ұйғыр умлауты тәрізді құбылыстар оларға қатты ықпал жасады. Оның үстіне фонемалар өзгерістер әсер етпейтін жағдай тек бір буынды түбір құрамында ғана болады.

В.В.Радлов төлеуіт тілінің вокализмін еске алып, түркі ата тілінде 8 дауысты а, о, ө, у, і, а, у, ф (бұлар қазіргі қарашай- балқар, қырғыз, құмық, әзербайжан тілінің ерекшелігін ескеріп, олардың санын 9- ға жеткізеді.(э) Кейінгі зерттеулер көбіне Радлов ұсынған осы жүйеге сүйенеді.Кейін Б.Я.Владимерцов пен Н.М.Поппе моңғол вокализмнің ерекше сүйеніп, түркі негіз тілінің, түркі негіз тілінің ( сондай-ақ түркі- моңғол негіз тілінің) вокализм жүйесіне қосымша мұндай фонемалар тән деп көрсетеді:\а\ чуваш тіліндегі аплауттағы \у, якутта а\, а немесе а\ түркі а, чуваш, якут і\, е\е мен салыстырғанда біршама жабық, чуваш і\,іа чуваш у, басқа дауыссыздың өзгеуіне байланысты.

Дауыстылар сан жағынан қазіргі түркі тілдерінде бірдей емес. Екінші сөзбен айтқанда, бір тілдегі дауысты дыбыстар екінші бір түркі, тіліндегі дауыстылармен сан жағынан сәйкес келмейді. Мұндай әр қилылық, бір жағынан , сол түркі тілінің негізін салғанру, тайпа тілдерімен ұштасып жатса, екінші жағынан, олардың әрқайсының тарихи дамуының да жемісі.

Түркі тілдерінің негізгі топтарында дауысты дыбыстардың бөлінісі мына тәрізді болып келеді: әзербайжан тілінде- 9, башқұрт- 11, қарақалпақ- 8, қырғыз- 8, татар- 11, түркі-8, түркімен-9, өзбек- 6, ұйғыр-8, чуваш-9, алтай- 8, ноғай-11, тува- 8, шор- 8,т.б. Қазақ тіліндегі дауыстылардың саны әр түрлі көрсетіліп отыр. Бірсыпыра оқулықтар мен зерттеулерде 9 дауысты фонема бар деушілер дифенгоид дауыстылар немесе аса қысаң дауыстылар дейтін топты көрсетеді де, оған бу, ки\ киім \ тәрізді сөздер құрамындағы дыбыстар тіркестерін жатқызады. Дұрысында бұлар жалаң дауысты дыбыстар емес, қысаң дауыстылар мен дауыссыздардың қосындысы, тіркесі. Олай болса, қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар дейтін көзқарас шындыққа сай.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Түркі тілдерінің дауысты дыбыстар жүйесінің ерекшеліктері

2. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ тілдерінің фонетикалық құрылымы

3. Ашық-қысаң, ерін-езулік дауыстылар жүйесі

5 дәріс тақырыбы: Созылыңқы дауыстылар жүйесі

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Түркі тілдерінің созылыңқы дауыстылар жүйесі

2. Созылыңқы дауыстылардың түркі тілдеріндегі зерттелуі

3. Созылыңқы дауыстылардың қазақ тіліндегі көрінісі

Дауысты дыбыстарды жіктеудің жоғарыда аталған принциптері,бұдан бұрын аталғандай түркі тілдерінің барлығына дерлік тән құбылыстар. Сондықтан барлық тілдерге тән құбылыстардың жеке тілдердегі ауытқулары қажет етеді. Жеке тілдердегі бинарлық топтар арасындағы сәйкестіктердің сақталуы бірде экстраленгвистикалық себептерге байланысып жатса, бірде субетраттық ерекшеліктерімен және тілдің ішкі заңдылығымен ұштасып жатады. Сонымен бірге, дауыстыларды барлық түркі тілдеріне емес, жеке тілдерге ғана тән болып келетін сапалық топтар бар. Олар негізінен дыбыстардың жасалу процесінде дыбыстардың мөлшеріне негізделген. Сондықтан оларды дауысты дыбыстардың өлшемдік жіктелуі деп те қарауға болар еді. Сондай топтардың бірі – созылыңқы дауыстылар.Созылыңқы дауыстылардың жіктелуі әдеттегідей дыбыстылармен салыстыра қарағанда мүмкін екендігі белгілі.Соңғы топ түркі тілдерінің барлығында бар.Ал, созылыңқы дауыстылар немесе дауыстылардыңсозылыңқы айтылыуы барлық тілдерде емес, алтай,қырғыз,гагауз, түркімен,тува, хакас, шор, якут, тілдерде ғана бар.Осы аталған тілдерде дауыстылардың созылыңқы немесе әдеттегідей дыбысталуы фонемалық дәрежеге жеткен. Сондықтан ол тілдердің фонетикалық жүйесі жайлы сөз болғанда, созылыңқы дауыстыларға тоқтамай кету мүмкін емес. Ең алдымен, түркі тілдерінің көне дәуірлеріне түркі негіз тілінде дауыстылардың созылыңқы дыбысталуы болған ба? – дейтін мәселеге тоқталу қажет. Түркологияда бұл мәселе туралы әр түрлі көзқарас айтылады. Зерттеушілердің бір тобы түркі негіз тілінде бар деп қараса, екіншілер созылыңқы дауыстылар жеке тілдердің даму процесінде қалыптасқан

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Түркі тілдеріндегі созылыңқы дауыстылар

2. Алтай,қырғыз,гагауз, түркімен,тува, хакас, шор тілдеріндегі созылыңқы дауыстылар


6 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің дауыссыз дыбыстар жүйесі

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Түркі тілдерінің дауыссыз дыбыстар жүйесі

2. Әзірбайжан, башқұрт, қарақалпақ т.б. түркі тілдерінің дауыссыз дыбыстар жүйесі

3. Түркі тілдерінің дауыссыз дыбыстарының жасалу орнына, дыбысталуына, тәсіліне қарай

бөлінуі.

Қазіргі түркі тілдерінде барлық тілдерге ортақ болып келетін 23-25 дауыссыз фонема бар. Дауыссыз дыбыстардың қазіргі тілдердегі мұншалық үлкен топ құрауы тілдердің ұзақ даму процесінің нәтижесі.Түркі тілдерінің көне ескерткіштері Орхон-Енисей жазбаларының тілдерінде арнаулы графикалық таңбамен белгіленген дауыссыз фонемалар саны 16-17-ден аспайды. Сонда, шамамен 7-8 дауыссыздық фонеманың қалыптасус – тілдердің даму барысында болған құбылыс. Жаңа фонеманың пайда болуы, әдетте, тілдің іштей өзгеріс дамуының немесе басқа тілдермен қарым-қатынастың нәтижесі болуы мүмкін. Тілдің іштей өзгерісінің нәтижесі дегенде тілдің дыбыстық жүйесінің өзгерістері еске алатыны белгілі. Түркі тілдерінде жаңа дауыссыз фонеманың пайда болуын жоққа шығаруыға, әрине, негіз жоқ. Сол сияқты басқа тілдермен қарым- қатынақа түсудің салдарынан сөз ауысады. Жаңа атауды, жаңа ұғымды білдіретін сөздің ауысуы мен бірге кейде жаңа фонема пайда болады. Тілдің кейінгі даму барысында ондай фонемалардың көпшілігі тіл құрамында орнығып қолтума фонемалармен оппазиция құрады немесе белгілі бір сөздер құрамында ғана орнығып қалады. Әйтсе де, мынадай бір ерекшелікті айту керек: бүкіл тілдердің барлығына ортақ болып келетін заңдылықтар бар да, жеке бір ғана тілге тән заңдылықтар немесе белгілер бар. Дауыссыз дыбыстар жүйесінің дамуында ондай ерекшеліктер де байқалады. Әлеуметтік, географиялық жағдайдың салдарынан жеке бір халықтың тарихи дамуы басқа туыстарынан өзгеше болып отырады. Әлеуметтік, географиялық жағдаймен байланысты ол халық бір халықтармен әртүрлі қатынасқа түседі. Осының бәрі оның тілінде өзінің іздерін қалдырады. Тіл білімінде экстралингвистикалық фактор деп аталатын жағдайлардың салдары тек тілдің лексикалық қорына ғана әсер етіп қоймайды, фонетикалық жүйесінде де белгілі дәрежеде ықпал жасайды. Жеке түркі тілдері құрамында дауыссыздар жайында осы тұжырымды айтуға болады.

Дауыссыз дыбыстарды жоғарыда келтірілген саны қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік кездеседі.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Жеке дауыссыз дыбыстардың сапалық ерекшеліктері

2. Қарқалпақ, өазақ, қырғыз тілдерінің дауыссыз дыбыстары


7 дәріс тақырыбы: Қосар дауыссыз дыбыстар жүйесі

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Түркі тілдерінің қосар дауыссыз дыбыстар жүйесі

2. Қосар дауыссыз дыбыстардың түркі тілдеріндегі зерттелуі

3. Қосар дауыссыз дыбыстардың түркі тілдеріндегі көрінісі

Кейбір түркі тілдерінде дауыссыздардың қосарлануы кездеседі. Бір ыңғайда түркімен әдеби тілінде, сол тілдің есарий диалектісіне, құмық тілінде мынадай фактілерді көрсетуге болады: түркімен тілінде аррық (арық), чаррық (кәрілік), ыссы(ыссы). Нақ осы сияқты фактілер Н.К.Дмитриев еңбектерінен алынды. Осыған ұқсас фактілер қазіргі қазақ тілінде де ұшырайды. Ащ-щы, сәт-ті т.б. Олай болса, негіздер құрамында тілдері сияқты, қазақ тіліне де жат емес.

Н.К.Дмитриевтің айтуынша, басқа түркі тілдермен салыстырғанда, әзербайжан тілінде туынды етістіктер құрамында дауыссыздардың қосарлануы жиі ұшырайтын факті және ондай етістіктердің арғы түбі- еліктеуіш сөздер болып келеді: запыл – замог\ азақ тіліндегі зықы, зықысы шықты – сөзімен байланысты болуы мүмкін. Түркі тілдерінің көпшілігінде кездесетің құбылыс – екі, жеті, сегіз, тоғыз, елу, отыз – сан есімдердің қосар дауыссыздармен атылуы. Өкки, икки, т.б.Якут тілінде – сәтте, секкиз, т.б., өзбек тілінде – тұқиз, тоққуз;түрікмен – доқкуз; әзербайжан – доғуз, орттуз, т.б. Түркі тілдерінің қайсысымен салыстырғанда да, сөз құрамында қосар дауыссыздарды жиі қолданатын тіл – чуваш тілі. Чуваш тілінде суққыр (соқыр), анне (ана) т.б. тәрізді сөздердің түбірінде дауыссыздардың екі дауысты аралығында қосарланып келуі әдеттегі құбылыс: перре, икке, таватта т.б. Алайда, чуваш тілінде қосарланған дауыссыздардың жиі айтылатыны – түбір мен қосымша шегінде. Оларды алдыңғы топтан бөліп, белгілі дәрежеде морфологиялық мән алған құбылыс деп қарауға болар еді. Чуваш тілінің мамандары дауыссыздардың қосарлануының мына тәрізді түрлерін көрсетеді:

1. Екі буынды зат есімдердің ілік, барыс септікте қосар дауыссызбен айтылуы: ваййам, сассен (пышақтың),т.б.

2. Сондай- ақ сөздер тәуелдік жалғаумен (3 жағы да), көптік жалғаумен келгенде: саввам (менің әнім), савву (сенің әнің), савви (оның әні), саввамар (біздің әніміз);

3. Дауыссыз не қысаң дауыстыға аяқталған сын есімдер мен салыстырмалы шырайлар тұлғасымен келген сын есімдер тәуелдіктің үшінші жағының қсымшасы жалғанғанда: пысак (үлкен), пысакхи (сол үлкен), т.б.

4. Тәуелдіктің үшінші жағы –и қосылғанда мына тұлғалардың соңғы дыбысы қосарланады: осы шақ есімшесі – акан (екен)- сыракан (жазушы)- сыраканни; келер шақ есімшесі – ас (ес), оның болымсыз түрі – мас (мес), пулас (болар, болатын), т.б. Өткен шақ есімшесінің болымсыз түрі – ман (мен) – варанмен;

5. Осы шақ, көпше үшінші жақта барлық етістіктер с дауыссызымен айтылады (болымды түрде де, болымсыз түрде де): пуранассе (тұрады, тіршілік етеді ), т.б.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Түркі тілдегі дауыссыздар ерекшелігі

2. Қазақ, қырғыз, қарақалпақ тілдеріндегі дауыссыздар


8 дәріс тақырыбы: Сына дауыссыз дыбыстар

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Түркі тілдеріндегі сына дауыссыздар жүйесі

2.Сына дауыссыздар жүйесінің дауыссыз дыбыстар жүйесіне әсері

3.Сына терминінің мәні

Әрине, кез келген дауыссыз мұндай позицияда қолданыла алмайды. А.М.Шербак «сына» ретінде қолданылатын дауыссыздар деп мыналарды көрсетеді.р, ш, с, й не сына дыбыстардың қолданылуы көне түркі тілдерінде кездеседі.Осы тілде жіңішке дауыстыдан басталған сөздердің құрамында жіңішке дауыстыдан бұрын й сына дауыссызы айтылған. Қазіргі тілдердің ішінде бұл жүйені одан гөрі дамытқан тіл – қарашай тілі. Көне түркі сілінде й сынасының қолданылуын мына сөздерден көреміз: йумуртқа ( бірсыпыра алтай тілінде умутқа, умуқта), йыра (қашу, ыра қашу). Қарашай тілінде :йешік (елік), йер (әр). Қарашай тілінде й сынасының айтылатын орны тек сөздің абсолют басы ғана емес, сөздің орта шенінде ерін дауыстылардың алдыңда да айтылады: сйоз;гагауз тілінде : йем (ем, емшек ем),йең ( ең, ең алды), Қақақалпақ тілінде (қазақ тілінде де) сына й дыбысы е, о, ө дыбысының алдынан естіледі. Исына дыбысы басқа түркі тілдерде кездеседі. Бұл ыңғайда оғыз тіліндегі сөз ішінде й дыбысының қолданылуын айту керек.Мысалы: түркі тілінде йазмайыныз ( жазбаңыз) йаз – ма- й- ының, бабайы ( әкесі –баба-й-ы ) т.б. Бұған қоса, осы тілдерде осы шақ есімше тұлғасы – йор түрінде й – мен айтылатындығын қосу керек. Осындай із ескі түркі (орта ғасыр) тілінде болған сайрайур (саиранды) – сайра – й – ур, сөйлейур (сөйлейді) – сөйлей- үр т.б. р, ш, дыбыстарының сына ретінде қолданылуы. Көбіне топтау сан есімнің құрамында, түбір мен қосымша шегінде екі дауыстының арасында (дауыстыға аяқталған түбір мен дауыстыдан байланысатын қосымша арасында ) болады: орта түркі тілдерде іккірер ( екуден), алтырар ( алтаудан), татар тілінде – ікішер ( екуден) Ұйғыр тілінде –р дыбысы дауыстыға аяқталған сөзге тәуелдік жалғау жағынан айтылады: тихо –р – ум (тауығым), дүниуы ( дүниесі). С дыбысының сына ретінде қолданылуы түбір мен жалғаудың арасы. Бұл көбінесе, қазақ тіліндегі сияқты, тәуелдіктің III жағынан кездеседі. Мысалы: бала-с-ы.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Сына сөзінің анықтамасы.

2. Сына дауыссыздарынң ерекшлеіктері

3. С дауыссызының сына ретінде қолданылуы

9 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің есім сөз тұлғасының өзгеру тәсілдері.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Түркі тілдерінің есім тұлғаларының даму көрсеткіштері

2. Түркі тілдерінің Зат есім, сын есім, сан есім тұлғаларының тұлғалық көрсеткіштері

3. Түркі тілдерінің Есімдіктің мағыналық түрлерінің сапалық ерекшеліктері

Түркі тілдеріндегі морфемалар басқа жүйелі тілдердегі сондай элементтерден ерекше болып келеді. Ол ерекшелік түркі тілдері жүйелі жалғамалы (аглотинациялық) болып келетіндігіне және аглютинацияға байланысты сөз тұлғасы құрылыстың ерекшелігі, грамматикалық мағыналардың берілуінің ерекшелігіне барып ұштасады.

Қазіргі тіл білімінде аглютинация құбылысын жан- жақты қамтитын айқын ереже қалыптаса қолйған жоқ. Зерттеушілер бұл құбылысқа әр қилы анықтама берумен келе жатыр. Алайда, тіл мамандарының көбісі аглютинативтік тілдерде берілетін грамматикалық мағыналардың санына сөз құрамындағы грамматикалық көрсеткіштердің саны біршама сай, көбіне екеуі тепе- тең болып отырады. Сондықтан ол тілдерде сөз формасының күрделенуі (көрсеткіш қана емес, сөз беретін мағынаның да аффикстердің сөзге қабаттасып жалғануы арқылы іске асады да, ондай құбылыс сөз формаларының іштей өзгеісі немесе ішкі флекция арқылы болмайды.

Осындай грамматикалық көрсеткіштер саны мен грамматикалық мағыналар санының сәйкестігін сақтауға құрылған сөз формасының қалыптасқан орны мен қызметі, мәні айқындалып, синтаксистік тіркеске ұқсас болып келеді. Аглютинатифтік тілдердегі сөз формасынынң бұл ерекшелігі кейбір зерттеулердің ол тілдерде грамматикалық мағыналар дербес сөздер арқылы берілген, грамматикалық форма атымен болмаған дейтін қорытынды жасауына мүмкіндік берді. Диафрондық тұрғыдан алғанда, аглютинативтік тілдегі жеке морфемалардың арғы тегінің сөз болуы мүмкін. Алайда бүгінгі тілдердегі кез келген морфеманы жеке сөзбен салыстыруға ешбір негіз жоқ. Синхрондық тіл білімі сөз бен морфеманы грамматикалық жағынан да, семантикалық жағынан да принципті айырмасы бар элементтер деп есептейді.

2. Грамматикалық мән аффикстерден басқа синоним сөздерде екпіннің орын ауысуы арқылы да беріледі: қазақ тілінде – алма (зат есім, алма, салма \етістік\ , салма \зат есім\, әзербайжан – ахшам (кеш), пара (қайда).

3. Грамматикалық мағына берудің тағы бір жолы – негіздердің қайталанып айтылуы. Бұған сын есімнің күшейтпелі түрі жатады. Бұл тәсілде қайталанған негіздердің бірі (көбіне алдыңғысы ) қысқарып, оған п, б, м, дыбысының біреуі қосылады. Бұл тәсілдің екінші түрі алдыңғы сыңардың сәл өзгертіліп айтылуы арқылы көрінеді: ат- мат, әзірбайжан ет- мет, т.б.

4. Түркі тілдеріндегі аналитикалық немесе перифрастикалық формалар, олардың грамматикалық мәндерін білдірудегі ерекшеліктердегі өз алдына тоқтауда қажет ететін мәселе. Аналитикалық немесе перифрастикалық формалардың грамматикалық мәнді білдіруді, басқа тәсілдермен салыстырғанда өзгеше болып келеді. Мұнда, 1- ден, абстракты мән көмескі болып келеді де, көбінесе деректі әрекетке қосымша мән беру басым.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Түркі тілдеріндегі есімдіктер қызметі.

2. Есімдіктер түрлері, ерекшеліктері


10 дәріс тақырыбы: Түркі тілдеріндегі күрделі морфемалар

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Күрделі морфемалар олардың құрылысы

2. Күрделі есім тұлғалары

3. Күрделі етістік тұлғалары

Басқа дыбыстардың ыңғайына қарай түркі тілдерінде кездесетін ілік септік қосымшаларын екі топқа бөлуге болар еді.Дауыстыдан басталатын түрі(-иын). Түркологияда осы екі вариянттың қайсысы бұрын қалыптасқан деген сұраққа жауап беруде әр қилы пікірлер айтылып келе жатыр. Бетлинг, Радлов т.б. зерттеушілер дауыстыдан басталған вариан (-ын) қалыптасу мерзімі жағынан әлдеқайда бұрын болған, ал соңғы дауыссыздан басталатын вариант алдыңғысының сөз құрамында морфологиялық ығысу құбылысына ұшыраудың нәтижесі деп қарайды. Солардың нәтижесінде қалыптасқан (-ның) кейін барлық есім сөздерге жалғана алатын еркін қосымша болып кетсе керек.Алайда екінші бір топ зерттеушілер дауыссыз дыбыстан басталатын вариант (-ның) бұрын қалыптасқан, оның өзіне не сөзінің энкметикалық қолданысының нәтижесін дауыстыдан басталатын қосымша соның кейінгі варианты деп есептейді.

Түркі тілдерінің ішіндегі ілік септік жалғауы кездеспейтін- якут тілі. Якут тілінде –та қосымшасы арқылы біздің тіліміздегі ілік пен «жасырын» табыс септік мағыналарын береді.Бірақ айқын ілік септік мәні ол тілде атымен жоқ. Якут тілінің бұл ерекшелігі манғол тілдерінің ықпалы деп түсіндіріледі. Якут тілінің қалыптасу, даму тарихында манғол тілдерінің ықпалының басым болғандығы белгілі. Ондай ықпалдың нәтижесі бұл ыңғайда ғана емес, тілдің басқа салаларында да байқалады. Сонымен бұл жағынан якут тілі – түркі тілдерінің ерекше түрі.

Түркі тілдеріндегі ілік септігінің өзіндік үлкен ерекшелігі – ол басқа септік жалғаулары сияқты жеке қолданылмайды. Бір тіркесте айтылған екі есім сөздің өзара байланысының бір тәсілі ретінде ғана көрінеді. Қысқасы, қазақ тіліндегі Асанның үйі тәрізді конструкция басқа түркі тілдерінде де бар құбылыс. Мұндай конструкция құрамындағы тәуелдік жалғау мен ілік жалғауы бір ғана байланыстың көрінуінің екі тәсілі екені айқын. Тәуелдік жалғау ілік жалғауынсыз, ілік жалғау керісінше тәуелдік жалғауынсыз айтылмайды.Дегенмен, қазақ ілінде ілік жалғауы бір ғана ыңғайда дербес граматикалық тұлға ретінде айтылады. Ол біздің бала, сіздің ауыл тәрізді модаль құрамында кездеседі. Осындай қолданыс басқа түркі тілдерінде де бар: әзірбайжан – ізін күнә, алтай – менің бала, өзбек – бізнің ел,көне байланыста түркі тілдерінде ілік жалғауы тұлға кейде септіктер жалғанатын негіз болғандығын көруге болады: бізіңе, сізіңе, т.б. ілік жалғауы үстіне барыс, жатыс, шығыс жалғаулары

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Түркі тілдеріндегі септік жалғаулар

2. Ілік септігінің қолданылу жолдары.

3. Етістік категориясы


11 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің есім сөз тұлғасының өзгеру тәсілдері.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Түркі тілдерінің есім тұлғаларының даму көрсеткіштері

2. Түркі тілдерінің Зат есім, сын есім, сан есім тұлғаларының тұлғалық көрсеткіштері

3. Түркі тілдерінің Есімдіктің мағыналық түрлерінің сапалық ерекшеліктері

Қазіргі тілдер ішінде осындай факт татар, башқұрт,т.б. тілдерде көбірек ұшырайды.Чуваш тілінде (бізде-бізінде), піряндек (бізден-бізінде), т.б.қазақ тілдерінде бұл сақталмаған.Тек бір ғана жағдайда байқалады: біздіңше,бізше.Мұнда да ілік жалғаусыз тұлға көбірек қолданылатынын айту керек.

Ілік жалғауы тұлғаның басқа септіктерге негіз болуын ілік жалғаудың тек есімдерге қолданылуынан іздеу керек.Басқа бірде-бір септік жалғауы мұндай шектеулі қолданыста болмайды:олар не екі (әрі есім, әрі септік) немесе тек қана етістікке қатысты айтылады.

Барыс септік түркі тілдерінде әр түрлі сипатта көрінеді. Қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын айту керек. Қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын барыс септік қосымшаларын өзара салыстырып келгенде, олардың барлығына негіз болған вариант деп –қа (-қе, -ға, -ге) вариантын айту керек. Қазақ тіліндегі –қа түркі тілдерінің бір сыпырасында, әсіресе Оңтүстік Шығыс тілдерінде –ға түрінде, яғни басқы дыбысы ұяғ болып айтылады. Әрине қазақ тілінде де осындай вариант бар, бірақ негізгісі –қа, ал –ға соның сингормониялық сыңары ретінде ғана ұғынылады. Сібір мен Алтайдағы түркі тілдерінде бұл қосымша –ха, -хо; якут тілдерінде осылармен бірге –на түрінде айтылып қалыптасқан. Дегенмен, -қа түрінде қатаң дыбыстан басталу негізінен қыпшақ тілдерінің ерекшелігі де –ға негізінен өзбек, ұйғыр тобына жататын тілдер ерекшелігі. Оғыз тілінде де (Оңтүстік Батыс) барыс септік қосымшасы –а, -йа (кейде диалектілік ерекшелігі ретінде ғана) түрінде дыбысталады. Дегенмен оғыз тіліндегі немесе жалпы Оңтүстік Батыс тіліндегі –а, -йа варианттарын алдыңғылардан оқшау қалыптасқан деп қарауға болмайды. Мұндай варианттардың шығуы түркі тілдеріндегі дыбыстардың тарихи ауысуларының нәтижесі. Чуваш тілінде осы варианттар қолданылады, сонымен қатар –на (якут тіліндегідей) варианты айтылады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Түркі тілдеріндегі қосымшалардың түрлері

2. Зат есім категориясы

3. Сын есім, оның түрлері

12 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің етістіктерінің ерекше тұлғалық түрлері

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Есімше, тұлғалары. Оның есім мен етістікке қатыстылығы.

2.Көсемше, тұлғалары, түрлену жүйесі.

3.Тұйық етістік, ерекшелігі.

Күрделі морфемалық тұлғалар (единицалар) деп бойынша морфемадан құралып, тілдік материял мен тұлғаның мазмұндық бірлігін білдіретін сөз тұғасын айтады. Тілдік материлдар – дыбыс, тұлға – белгілі бір мәнді білдіруде дыбыстардың ерекше құрылымға бірігуі.Әр түрлі мәнді білдіруде дыбыстық құрылымның айрықша болып отыруы сөз тұлғаларын іштей ажыратуға, сол сияқты оларды (сөз тұлғаларын) әр түрлі граматикалық кластарға жіктеуге басты негіздің бірі болып саналады.

Сөз құрылымы түркі тілдерінде сөздің белгілі граматикалық мән білдіре алатын бөліктерінен тұрады. Сөз негізгі екі бөлікке ажырайды:түбір (негіз) және аффикс немесе аффикстер тобы. Кез келген түркі сөзі құрамындағы морфемалық орындалуы қалыптасқан жүйеге бағынады. Әуелі түбір (негіз) морфема, содан кейін аффикстік (не суффикстік) морфема келеді. Функциялық процестер түбір морфемамен аффикстік морфеманың түйіскен жерінде болады. Түбір морфема әр түрлі мән бере алады: бегілі бір граматикалық класқа тән мәндерді білдірумен қатар атау септік тұлғасымен (есім болса) немесе бұйрық райдың екінші жақ (етістік болса) тұлғасымен сәйкес келеді.

Аффикс көбіне бір ғана мәнді білдіре алады, сондықтан мұндай жағдайда граматикалық тәсілдердің санын білдіретін граматикалық мәндердің санымен сай келеді.Оқушыларымыздың – сөздің тұлға құрамында төрт түрлі қосымша бар: шы- кәсіп иесін білдіретін сөз жасаушы жұрнақ, лар- көптік жалғау (ы) мыз- тәуелдік жалғу, дың- ілік септік. Егер сөз жасаушы қосымшаны жеке алмасақ, мұнда үш түрлі граматикалық мән үш түрлі аффикс арқылы берілген. Бұл жерде граматикалық мән категориялық мағына ыңғайында берілген. Мысалы, бір ғана –ымыз деген тәуелдік жалғау тәуелдік мағынамен бірге жақтық (1-жақ), көпше (орталық) мағынаны білдіріп тұрады.Сондықтан граматикалық тәсілдердің формалдың саны граматикалық мәндердің саны сай келеді дегенді шартты түрде түсіну керек (редактордың ескертпесі). Ал негізгі түбірді іс істеуші субьектіге алынатын шы аффиксін қоса есептегенде, төрт түрлі қосымша арқылы берілген. Аффикстің марфемалар атқаратын қызметіне туғызатын мәнінің ретіне қарай қатаң жүйемен айтылады.Атамызға сөзінің құрамындағы тәуелдік жалғауы мен барыс жалғаудың орындарын ауыстыруға болмайды. Аффикстердің орын ауыстырып айтылуы бір ғана ыңғайда – көптік жалғау алдынан тәуелдік жалғауды айтуда кездеседі. Бұл барлық тілдерде емес, Қырым татарлары, қарағас, чуваш тілдерінде кейде ұшырасып қалады. Ахазылар (қарағас) – ахазы – лар.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Өздік, ырықсыз, өзгелік, ортақ етістер

2.Есімше, көсемше тұлғалары, қызметі


13 дәріс тақырыбы: Түркі тілдерінің салт-сабақты, болымды-болымсыз категориялары

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Түркі тілдерінің салт-сабақты категориялары

2.Түркі тілдерінің болымды-болымсыз категориялары

Түркі тілдеріндегі есім сөз тұлғаның барлығына бірдей болып келетін үлгісі мына тәрізді: т-а-с-тж-сж-т-түбір, а-түбірдің сапалық не басқа бір айрықша ерекшелігін білдіретін аффикс, с- санды білдіретін қосымша, тж – тәуелдік жалғау, сж – септік жалғауы. Кейде есім түбір орнына заттанған етістік туынды түбір айтылуы мүмкін. Ондай жағдайда айрықша сапалық ерекшелікті білдіретін қосымшадан басқасы (а) сол сөзге жалғана алады. Әрине, мұндай сөз тұлғасы, таза есім тұлғаға қарағанда, әлдеқайда күрделі болып келеді.Өйткені, етістік түбірге әр түрлі тұлға жасайтын аффикстер жалғана алады, соладың үстіне бүкіл құрамның есімге айналуына мүмкіндік жасайтын аффикстер жалғана алады.Әрине, мұндай сөз тұлғасы таза есім тұлғаға қарағанда, әлдеқайда күрделі болып келеді.Өйткені, етістік түбірге әртүрлі тұлға жасайтын аффикстер жалғана алады, олардың үстіне бүкіл құрамның есімге айналуына мүмкіншілік жасайтын қосымша қосылады. Мұндай туынды есім сөз тұлғаның жалпы моделі мына тәрізді:т(е-ес-м-б-ж)-а-с-тж-сж. Есім түбір ретінде қолданылатын негіздің өзі күрделі: е- етістік түбір,ес – етістік,м- модалдық мән беретін қосымша, б – болымсыздық, ж- етістік түбірді есім ретінде қолдануға мүмкіншілік жасайтын қимыл есім қосымшасы.Әрине, есім орнына қолданылатын кез келген етістік негізден осы қосымшалардың бәрін іздеуге бола бермейді.Бұл жалпы сипаты ғана көптік, тәуелдік, септік жалғаулар түбірге жалғана алады. Ал, түбірдің ерекше сапасын аңғаратын аффикстер (жұрнақтар) жалғана бермейді. Олардың әрқайсысына тән қолдану сферасы бар.Айталық, -ма жұрнағы сөз тұлғаларының белгілі біртобына ғана жалғанса, -нақ жұрнағы синоним сөздерге, олардың барлығына емес белгілі бір мағыналық тобына ғана жалғана алады.

Етістік сөз тұлғаларының барлық тілдеріне ортақ жүйесі мына тәрізді: т-ес-м-б-р-ж-т- түбір, ес- етіс қосымшасы, м- модалдық қосымшасы, б – болымсыздық қосымшасы, р – рай қосымшасы, ж-жақ, сан қосымшалары. Сонымен қатар етістік түбір орнына есім түбірден жасалған сөз тұлға қолданылады.

Етістік сөз тұлғаларының бұл жүйесі – оның толық түрі. Түркі тілдерінде етістік сөз тұлғаның осы аталған компаненттері түгел айтылмайтын, қысқарған түрі бар. Ол – көсемше тұлғалары. Көсемше тұлғаларының рай, жақ, сан қосымшаларының қолданылмайтыны мәлім (қабылдаған жағдайда көсемшелік дәрежеден шығып қалады). Олардың орнына п- ғали, т.б. қосымшалар айтылады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. 1. Етістіктің лексикалық-грамматикалық қызметі

  2. Етістік түрлері, олардың сөз тудыру тәсілдері


14 дәріс тақырыбы: Етістіктің грамматикалық категориялары

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Рай категориясы. Рай түрлері, ерекшеліктері, тұлғалық көріністері.

2. Шақ – етістіктің негізгі грамматикалық категориясы. Шақ түрлері, берілу жолдары.

3. Етістіктің жақ категориясы. Жіктелуі.

Есім сөз тұлғасының өзгеру тәтілдері деген жалпы атпен есімдерге тән жалғаулар жинақталып отыр. Бұлай атаудың өзіндік себептері бар: салыстырмалы грамматика пәні белгілі бір тілді синхрондық жүйемен түгелдей сипаттауды мақсат етпейді. Олай болатыны - ондай сипаттау бұл пәннің міндеті емес. Әрбір тілдің грамматикалық құрылысы жайлы оқулықтар , ол мәселелер жан- жақты талданған. Екінші жағынан, салыстырмалы грамматика жеке сөз таптарының негізгі ерекшеліктері мен олардың әрқайсына тән категорияларды түсіндіруді мақсат етпейді. Тіл білімінің бұл нгізгі мәселелерді теориялық тіл білімі мен жеке тілдер грамматикасында толық айтылып, талданады. Салыстырмалы морфология теориялық тіл білімі мен қазақ тілі грамматикалық құрылысын түгелдей оқыған, олардың барынша хабарды бар тыңдаушыларға арналады. Сондықтан онда жеке сөз таптарының теориясы жайлы арнайы түсінік беру қажет емес. Осылардың барлығын ескергенде, бүкіл есімдерге тән жалғауларды осы атпен біріктіріп, жүйелей айту қолайлы деп есептедік.

Септік жалғаулары. Атау септіктің арнайы тұлғасы қазақ тілінде ғана емес, барлық түркі тілдерінде жоқ Атау деп қарауға мүмкін болатын арнайы тұлға қазіргі түркі тілдерінде ғана емес, түркі тілдерінің бүкіл даму тарихында болған емес. Бірақ соған қарамастан, өзіне тән арнайы грамматикалық формасы болмаса да, атау септіктің өзіне ғана тән грамматикалық мағынасы ол нольдік формада тұрған сөздің өзіне тән синтаксистік қызметі бар екенін ескеуіміз керек.

Ілік септік тұлғасының түркі тілдерінде қолданылған вариянттарын шамамен мына тәрізді топтарға бөлуге болады:

1. – ның (-нің), -ның- қырым татарлары, татар, өзбек, ұйғыр тілдері.

2. – наң, -ның, -нуң,-нөң, -дың, -лун, -дон,(-дзон), -тың, - тоң, яғни басқа дыбыс бірде н, бірде т, бірде тіс арқылы дз түрінде айтылуымен қатар, дауысты дыбыс та бірде езулік, бірде еріндік болып өзгереді. Бірақ алдыңғы топ тәрізді соңғы дыбыс мұрын жолды н түрінде айтылады. Варианттардың мұндай көп түрлілігі бір ғана тілге тән емес. Бұл варианттар қазақ, алтай, башқұрт, тува, хакас, шор тілдерінде қолданылады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. түркі тілдеріндегі септік жалғауларының орын тәртібі

2. Рай түрлері

3. Шақ категориясы


15 дәріс тақырыбы: Салыстырмалы грамматика

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Сөздің грамматикалық құрамы, басты ерекшеліктері.

2.Түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе.

3.Көмекші морфема, түрлері.

4.Жалғаулар, олардың түрлері.


Түркологиялық зерттеулер бойынша, түркі тілдерінің барлық топтарына тән, оларды өз алдына дербес семья ретінде даралайтын мынадай морфологиялық ерекшеліктері бар:

а) Морфологиялық құрылыстың негізі – аффиксация. Олай болатын себебі – типологиялық жағынан жалғамалы топқа жатады. Мәні мен қызметі әр түрлі аффикстер бір-біріне қабаттасып, қосарланып жалғана береді.

Сөздің морфологиялық құрылымы 3 элементтен: түбір мен суффикстен және жалғаудан құралады. Осы бөліктерден құралған сөздер негізінен 3 типке бөлінеді:

  1. Тек қана түбірден құралған сөз;

  2. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтардан құралған сөз;

  3. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан және де бір не бірнеше жалғаудан құралған сөз.

4-типтің құрамына мына тәріздес: түбір-жұрнақ (бір не бірнеше)-жалғау-аралас-қосымша-жалғау. Мысалы, дау-лас-қан-дар-дікі-нен,

ә) Сөз таптары түр жағынан басқа тілдердегі сондай типтерді негізінен қайталағанмен, олардан өзге шылаулар тобының бар екнімен ерекшеленеді. Шылаулар грамматикалық қызметі мен мәні жағынан индоевропа тілдерінлдегі предлогтарға ұқсас болғанмен, қолданылу ыңғайы жағынан олардан мүлдем өзгеше.

б) грамматикалық категориялар жүйесінде мына тәрізді ерекшеліктер бар: 1) индоевропа тілдеріндегі зат есімдер жанды және жансыз құбылыстарды білдіруіне қарай грамматикалық категорияларға жіктелсе, түркі тілдерінде адамды және басқа заттар мен құбылыстарды білдіруіне қарай жіктеледі. Грамматикалық род категориясы жоқ; 2) тәуелдік жалғаулар және тәуелділікті білдіретін конструкциялар жүйесі бар. Грамматикалық категориялардың бұл түрлері басқа тілдердегі «быть» етістігімен келетін конструкциялардың мәні мен қөызметін атқарады; 3) абстрак көптік мәннің жекелік тұлға арқылы берілуі, ал көптік жалғаудың біршама нақты мәнді білдіруі; 4) көптік, жекелік тұлғалардағы сөздерге жалғаулардың өзгеріссіз, бірыңғай жалғануы; 5) тәуелдік септеудің бар екені; 6) атау тұлғанын көп мәнділігі; 7)шығыс септікті конструкциялардың салыстырмалы шырай мәнін беретіндігі;

ІІ. Тілдің морфологиялық құрылысының даму ерекшеліктері туралы айтқанда бір ескеретін жай – түбірлердің синкретизмі жайлы мәселе. Бір кезде П.М.Мелиоранский Күлтегін ескерткішіне байланысты бірсыпыра қосымшалардың есім түбірге де, етісті түбірге де жалғануының себебі сірә түбір атаулының омонимдес болуынан болған шығар деген ой айтқан еді. Кейінгі уақытта да түркі тілднріндегі есім, етістік түбірледің омонимдігі проблемелық мәселе ретінде жиі сөз болып жүр. Түбірлердің бұл ерекшелігі көбіне контекст құраммында айқындалады.

Сонымен, синкретизм дегенді қалай түсінуге болады? Синкретизм немесе синкретикалық түбірлер – грамматикалық мәні мен қызметі жағынан бірдей, бірөңкей болмайтын сөздер. Синкретизм термині тілдің тарихи даму барысына қатымты қолданылады да, қазіргі тілдің құрамындағы синкретикалық ұқсас сөздер әдетте омонимдер деп аталады. Сонда; айналып келгенде, синкретизм тарихи омонимдер болып шығады.

ІІІ. Сөз құрылымы түркі тілдерінде сөздің белгілі грамматикалық мән білдіре алатын бөліктерінен тұрады.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Түркі тілдеріндегі сөз таптары

2. Синкретизм ұғымы нені білдіреді?

3. Түркі тілдеріндегі сөз құрылымы

1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Курс – ІҮ Семестр – 7 iconПрограмма курса Микроэкономика (5 семестр)
Курс микроэкономики рассчитан на один семестр и читается студентам третьего курса
Курс – ІҮ Семестр – 7 iconКурс – 4 Семестр –8
Курс бағдарламасы Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы.ҚР ғылым және білім министрлігі 11. 05. 2005 №289
Курс – ІҮ Семестр – 7 iconПәннің оқу-әдістемелік кешені. Курс – 3 Семестр – 6 Кредит саны – 3
Курс бағдарламасы : Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 11. 05. 2005ж. №289 негізінде жасалды
Курс – ІҮ Семестр – 7 iconКурс – 1 Семестр – 1,2 Кредит саны 2
Курс бағдарламасы ҚР-ның жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған «Экология» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде (Астана қаласы,...
Курс – ІҮ Семестр – 7 iconКурс – 1 Семестр – 8 Кредит саны 1
Курс бағдарламасы ҚР-ның жоғарғы оқу орнының студенттеріне арналған «Экология және тұрақты даму» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде...
Курс – ІҮ Семестр – 7 iconКурс – 3 Семестр – 6

Курс – ІҮ Семестр – 7 iconПрограмма «Татар теленә өйрәтү»
Кдуда татар филологиясе һәм тарихы факультетының IV курс студентлары өчен укыла торган бу курс 34 сәгатькә исәпләнгән һәм семестр...
Курс – ІҮ Семестр – 7 iconКонтрольная работа I (первый семестр I курс)

Курс – ІҮ Семестр – 7 iconПояснительная записка автор программы
Второй семестр «Политика Канады» включает курс по государственно-политическому устройству страны, а также занятия по внутренней и...
Курс – ІҮ Семестр – 7 iconКонтрольная работа III (второй курс, третий семестр)

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница