Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі




НазваниеКіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
страница1/6
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-Болашақ-мұғалімнің-ақпараттық-мәдениетін
  1   2   3   4   5   6
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында республикалағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз бала тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ.

Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқыны адамзат баласының талғамының өсуі, электронды есептеуіш (комьпютер) құралдарының кең көлемде қолданылуы, интернеттің т.б. ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инноватциялық жаңашылдыққа көшуге болашақ мұғалімдердің іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады.

Жаңа типті мектептегі мұғалімнің біліктілігін жетілдіру мен қатар, кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибелеріне қолдануға, адами-құндылық қасиеттермен қатар іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда оқушыны қалай оқыту керек –деген мәселеге жаңа көзқарас, жаңа ой қажет. Қоғам талабына сай даму кезеңінде ең қажеттісі жаңа мазмұн, жаңа ақпаратты меңгеріп ыңғайына қарай қолдану білікті мамандарға қойылатын негізгі бір талаптардың бірі.

Ақпараттар тасқыны толассыз ағылған қоғамымызда әр мұғалім өз ісіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білу керек.

Осы орайда білім беруді ақпараттандырудың жүйеленген бағыты "Мектептерге –Интернет " атты ведомствоаралық бағдарламен анықталады. Бұл бағдарламаның әрекеті – компьютермен жабдықталған және байланыстары бар мектептерде ғаламдық ақпараттық жүйе қосу болып табылады. Бүгінгі күні аталған бағдарламаға сәйкес республикадағы 800-ден астам мектептер

" Интернет " жүйесіне қосылған.

Бірақ Қазақтелекомның мәліметтеріне сүйене отырып, интернет жүйесіне қосылғанымен көптеген мектептерде ғаламдық жүйеде жұмыс жасалмайтыны анықталған.

Көптеген мәліметтерді сапаптай келе, бұл жағдайда болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру процесін зеттеу жеткіліксіз боғандықтан үлкен ғылыми-педагогикалық проблемаға айналып отырғанын байқаймыз.

Педагогикалық ғылымда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында В.П. Тихомиров, А.П. Ершов, М.П. Лапчик, А.А. Кузнецов, Д.Ш. Матрос т.б. ғалымдар қарастырса, отандық ғалымдардан Е.Ы. Бидайбеков, Ж.А. Қарайов, Б.А. Қойшыбаев айналысса, электронды-педагогикалық оқулықтар мен жүйелерді жасауда Г.К. Нұрғалиева, С.С. Құнанбаева, М.К. Қойкелдиев, М.Х. Балтабаев, Г.Б. Ахметова т.б. ғалымдарымыз зерттесе, оқу процесі мен ұйымдастыру құрылымына жаңа ақпараттық технологияларды комплекстеуді интеграциялау арқылы енгізу мәселесімен Б.Б. Бөрібаев, Д.М. Джусубалиева,и А.М. Татенов, Е.Г. Гаевская және т.б. ғалымдар зерделеп өзіндік тұжырымдама жасады.

Бірақ көптеген ғылыми еңбектерді қарастыра келе болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, мұғалімді жаңашылдық бағытпен қамтамассыз ету мәселелерін әле де толық зерттелмегеніне көзіміз жетті.

Сондықтан, болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдниетін қалыптастыру өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын “Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ” -деп таңдауға себепші болды.

Зерттеудің мақсаты: Болашақ маманның ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны мен әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу және педагогикалық-эксперименттік жұмыста тиімділігін тексеру.

Зерттеу объектісі: Болашақ мұғалімдерді ақпараттандыру процесі.

Зерттеу пәні: Болашақ мұғалімдерді ақпараттандыру әрекеті.

Зерттеудің болжамы: Егер, ақпараттық мәдениетті басқару процесі болашақ мұғалімнің іс-әрекетіне сай жасалса, онда болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетінің мәнін ашуға бағытталған болар еді, өйткені жоғары оқу орындарындағы ақпараттық процестің негізі болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың іс-әрекеті болып табылады.

Зерттеудің міндеттері: Мұғалімнің ақпартатық мәдениетінің теориялық негіздемесін даярлау, зерттеу тақырыбына сай тірек ұғымдардың мәнін ашу.

Зерттеудің негізгі ойы. Ақпараттық ғасырда ақыл-ой қызметінің дамуы компьютерлік және қазіргі қарым-қатынас құралдарымен тығыз байланысты. Бұл ақпаратпен өзін-өзі қамтамассыз ету адамның іскер белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне, ал жалпы айтқанда ғылым мен көзқарасқа түбегейлі әсер етеді. Бұл жағдайда болашақ мұғалімдердің ақпараттық мәдениеттінің қалыптасуы жалпы оқу-тәрбие процесінің тиімділігінің артуына бағыттала жүргізіледі.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың үлгісі мен әдістемесі даярланды.

Зерттеудің жаңалығы: "Ақпараттық мәдениет" ғылыми негізде талданды болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері жасалды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Мектептегі педагогикалық ұстанымдарды басшылыққа ала отырып, болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың әдістемесін жасау және оны практикаға енгізу жолдарын анықтау.

Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, қорыту және жүйелеу, педагогикалық зерттеу әдістерін (теориялық, эмпирикалық) қолдану, озық тәжірибелерді меңгеру, арнайы ұйымдастырылған тәжірибе жұмыстары бойынша зерттеу нәтижесін қорытындылау.

Бастапқы мәліметтер: Бұрыннан қалыптасқан болашақ мұғалімге қойылатын талаптар. Қазіргі кездегі мұғалімнің ақпараттық мәдениетінің қалыптастырудың тәжірибелік негіздері.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Ақпараттық мәдениет процесінің сипаттамасы.

  2. Қазіргі болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздемесі.

  3. Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру әдістемесінің жобасы және пайдалану жолдары.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде болашақ мұғалімнің кәсіби-адами құндылық қасиеттері мен қатар "ақпараттық мәдениет" ұғымының мән-мағынасын ашып, оны теориялық тұрғыда дәлелдейміз. Ақпараттық мәдениет идеяларын зерттеген ғалып-педагогтардың ой-пікіріне сүйене отырып, екінші бөлімде болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың жүйесін ендіре отырып, әдістемелік тұрғыда қолдануға болатынын айқындадық. Әр бөлімді қорытындылап, соңында пайдаланған әдебиеттердің тізімін көрсеттік.


  1. Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері

    1. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың

алғышарттары мен ғылыми-педагогикалық негіздері


Бүгінгі таңда болашақ мұғалімді өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқұлығы, әрбір адамзаттың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Атап айтқанда:

  • жеке тұлғаның білімділікке және дарындылыққа ынталандыру;

  • білім басқыштарының сабақтастығын қамтамассыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

  • білім беру мекемелерінің ұйымдастырылуы-құқұқтық және қызмет бағытының әр түрлілігі;

  • білім берудің ізгілікті және дамытушылық сипаты;

  • білім берудің құқұқықтық және экологиялық бағыттануы;

  • білімнің зиялылық сипаты;

  • оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы;

  • білімнің, ғылымның және өндірістің өзара кірігуі;

  • білім жүйесін ақпараттандыру.

Білімді басқарудың демократиялық, мемлекеттік-қоғамдық сипаты және білім беру мекемелерінің дербестігін кеңейту [1.3 ].

Яғни, Білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқұқтығын негізге ала отырып, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамтиды және оқыту мен қатар тәрбие жұмыстары арқылы бойға дарыту мәселелері қарастырылған.

Осы орайда жаңа ғасырдағы оқыту технологиясының өркендеу, жаңашыл білім алу жолдары мен білім жүйесінің сабақтастығы т.б. мәселелер жөніндегі педагогикалық ой-пікірлер, оның ішінде біз зерттеу нысанымызға алып отырған жоғары оқу орны мен жалпы орта білім беретін мектептердегі оқыту үрдісі мен тәрбие жұмыстарының сабақтастығының озық идеясын бүгінгі білім заңына сәйкестендіре отырып пайдалану көзделді.

Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейдегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қабілетінің негізгі шарты болып табылады. Маман өзінің мамандық сипаттамасымен қажеттілік құндылық ретінде өзінің кәсіпшіл қызметін ұсынушы нарықтық қарым-қатынастар оъектісінің ролін атқарады.

Осымен байланысты кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу, өзінің жоғары жеке қабілеті мен танымдық қызығушылығының қалыптасуына мен қатар ақпараттық мәдениеті қалыптастыру мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орны мен оның түлектерінің негізгі табысы болып табылады.

Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп, жаңаша реңге ие болады. Жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халқымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек. [2.18].

Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруге әртүрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Сенім мен дүниетаным қатарласа жүрсе ғана адам санасының сапасы арта түседі. Өйткені, бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Сенім терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке даманың өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез құлқын сипаттайды [3.18].

Қазіргі кезеңде- жеке тұлға мен қоршаған орта арасындағы қарама қайшылықтар мен өзара қарым-қатынастар заманы. Тұлғаның отбасылық, азаматтық құқықтық әлеуметтенуі белсенді түрде іске асырылып отырылған кезең.

XXІ ғасырдың басындағы ғылыми революциялық жалықтардың ашылуы, оның соңынан ғылыми техникалық прогресс әлемдік алаңға жаңа мәселелері алып келді. Ақпарат пен білімнің жетілдірілуі техникалық дамуына және өндірістің әр түрлі технологиясын іске асыруға мүмкіндік туғызды. Техника, технология, өндірістің дамуы мен оларды адамзаттың қарқынды қолдануы экологиялық аппатқа әкелудің шегінде тұр. Адамзаттың негізгі тапсырмасы болып өзінің сапасын жетілдіру “адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда ” басты мақсат адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Жалпы дамуды түсінудегі негізгі екпін адамның өз қажетін өтеуге бағытталады және оған қалай жете алады, ол арқылы қандай нәтижеге жетеді деген сұрақтарды қанағаттандырады. Тек қана даму арқылы адам сапасы мен адамдық қабілетіліктің өзгеруіне қол жеткізе аламыз. Яғни, даму барысында адамгершілік қасиеттермен адам бойында жеткілікті деңгейде қалыптастырылады. [4.23].

Жеке адам еңбексіз дамымайды. Еңбек арқылы адамның дене бітімі, адамгершілік, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып, жетіледі. Кәсіби еңбектің әлеуметтік мәні және құндылығы арта түседі. Кәсіби еңбек процесінде өзінің және бүкіл қоғам мүшелерінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам материалдық және рухани құндылықты жасайды. Жеке адам өз күшінің шамасын және қабілетін, творчествалық қабілетін анықтайды. Неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, өз басының және отбасының бағыты толыса түседі.

Болашақ маманның еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері:

  1. психологиялық және практикалық тұрғыда даярлау;

  2. ұжымдық еңбек дағдыларын қалыптастыру;

  3. еңбек мәдениеті дағдыларын дарыту;

  4. ынтасын және қабілетін дамыту;

  5. өз бетімен өз еркін пайдаланып отыруға дағдыландыру.

Бұл процесс екі фактордың ықпалымен жүзеге асырылады: объективтік фактор қоғамның материалдық-техникалық базасын және жаңа қоғамдық қатынастарды жасау. Болашақ маманның еңбек мәдениетінің көрсеткіші: жұмысты сапалы және тиімді істеу, уақытты ұтымды пайдалану, еңбек құралдарына, түрлі материалдарға құндылықпен қарау, өзінің инициативасын көрсете білу, дербестік, алдағы жұмысының кезеңдерін белгілей білу, еңбек процесін талдау және іс құжаттарын сауатты жасай білуі. Болашақ маман тәрбиесінің мақсат, міндеттерінің бірі халық шаруашылығында электрониканы, радиотехниканы, компьютерлерді, автоматтарды, роботтарды т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауттылықты талап етеді. Сондықтан мектепте оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуындағы бағыттар – бұл әр түрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде білім мен қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізіг принципі оны өмірмен байланыстыру, былайша айтқанда, халық шаруашылығы оның салалары, мамандықтар туралы түсінігін еңбектен ұштастыру. Болашақ маман тұлғасын қалыптасытруда олардың бейімділігін, қабілетін психофизиологиялық қасиеттерін еске алу қажет. Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу:

А) білім деңгейі;

Б) адамның жеке қасиеттері, қабілетін, мүмкіншілігін дамыту бейімділігінің арнайы қабілеттерінің динамикасына көңіл аудару. Мамандығын анақтауда жан-жақты зерттеу, оған кеңес беру арқылы көмек көрсету. Бұл бүкіл оқу-тәрбие жұмысының барысында үнемі бағыт-бағдар беріп отыруды қажет етеді. Болашақ маман тұлғасының кәсіби қалыптасуында кәсіптік іріктеудің мақсаты – мамандыққа жарамдылығын немесе жарамсыздығын анықтау. Ол үшін жеке адамның еркешеліктерін, мамандыққа қоятын талаптарды да жете білген жөн. Осығын байланысты күні бұрын профессиограмма жасалады. Профессиограмма – бұл белгілі бір мамандықтың ерекшеліктерін жеткілікті бейнелеу (жазу), мұндай мәліметтер жеке адамның белгілі мамандыққа жарамдығын, психолог, физиолог және медиктердің көмегімен анықталады. Мысалы, мұғалім мамандығына жеке адамның жарамдылығын анықтау үшін оның басқа қабілеттерімен бірге көру, есту мүшелерін және сөйлеу, психологиялық жағдайы, тіл табыса білуі, есепке алу басты талаптардың бірі болып саналады. [5.19].

Қазақстандағы жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік

және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп,

жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себебті еліміздің болашағын дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабарлар болуы керек.

Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейіндегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қаблетінің негізгі шарты болып табылады. Кәсіби даярлық процесінде жоспарлау, білім алу,өзінің жоғары жеке қабілеті мен қажеттігіне жауап беру мүмкіндігі бар студент еңбек нарығында елеулі орын алуы заңдылық болып табылады. Осыған орай, маманды даярлау сапасы тек қана даму көрсеткіші және оқу орынын тәмәмдау факторы ретінде шешуші ролге ие болып қана қоймай, негізгі өмірлік табысы болып табылады [6.9].

Өмірге көзқарасы, дүниетанымы кең болуы керек. Дүниетаным - ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси, діни болуы мүмкін. Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымның өмірмен байланыстылығынан және берік сенімінен туады. Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әртүрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы: материалистер мұндай мәселені ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал діни ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп қарастырады.

Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Сенім терең, тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы. Сенім жеке адамның өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізі, шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру.

Адамзаттың сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың ұлы қозғаушы күші – сенім. Сенімнің тұрақтылығы мен нақтылығы болашақ маман дүниетанымының қалыптасуына негіз болады. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Оның барысында жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады және жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Дүниетаным процесіне әр түрлі факторлар, әлеуметтік, оқыту мен тәрбие, ақпарат құралдары тағы басқалары жатады. Осы тұрғыда дүниетанымды нақтырақ анықтау үшін, оның негізгі құрылымдарына тоқталып өтейік:

  • ағартушылық - ғылыми дүниетаным адам үшін қоғам мен

табиғат әлемін анықтайды да ағартылушылық сананы қалыптастырады. Ол философиялық принциптер методологиясы мен таным тәсілдерімен қаруландырылады.

  • тәрбиелілік - қабылданған көзқарастар мен сенімдер нәтижесі

адамнан шындыққа негізделген моралдық-ерік бастамаларымен эстетикалық қатынастарды талап етеді.

  • дамытушы – дүниені қабылдау мазмұнын меңгеру арқылы,

ішкі рухани қозғалыс әсері ойлауды белсенді әрекет етуге итермелейді. Ғылыми дүниетаным негізінде ойлаудың дамуына түрткі болатын және шығармашылыққа ынталандыратын диалектикалық тәсілдердің принциптері жатыр.

  • ұйымдастырушылық - адамдардың тәжірибелік іс-әрекеті

барысында қолайлы позиция болып табылады.

  • болжамдық - ғылыми дүниетаным ғылыми теориямен

тәжірибенің меңгеру тенденциясын айқындай отырып, бүгінгі мен болашақты құру идеясын алға жылжытады.

  • тәрбиелік мақсат баланың тұлғалық құрылымының

тұрақтылығы мен сенімді орталық ұйымының қалыптасуын қадағалайды да, табиғатқа, қоғамға және ойлауға деген қатынастың негізінде мінез-құлық пен ерік-сезімдердің санадағы бірлігін айқындайды.

Осы барлық міндеттердің шешімі өнегелі, мәдени, экономикалық және экологиялық тәрбиелер нәтижесінде сараланады. Жоғарыда аталған мақсаттар мен міндеттердің орындалуы, болашақ мамандардың дүниетаным аймағының кеңейуін қадағалайды да оның нәтижесі үлкен маңызға ие. Дүниеге көзқарас дүниетанымның құрамдас бөлігі болып табылады. Дүниеге көзқарастың өзі адамның дүниедегі орны жайындағы түсініктердің жиынтығы. Жеке адам болып қалыптасу үшін оның міндетті түрде туған жері, өскен ортасы, тұрақты мемлекеті, ата-анасы, бауыр-туыстары, дос-жарандары, білім алу жолындағы ғылыми орталары т.б. болуы шарт. Осы аталғандардың нәтижесінде адамның дүниеге көзқарасы, дүниетанымы дамыйды. Қортындылай келе дүниетаным жалпы жеке адамның, оның ішіндегі арнайы дайындалатын болашақ мамандардың қалыптасуында үлкен рөлге ие бола отырып, олардың ары қарай нағыз кәсіпті, білікті маман болуына көмектеседі.

Дүниетанымы жоғары, дүниеге көзқарасы кең адам әр уақыттада өзінің мамандығына адал, біліктілік, кәсіби деңгейі жоғары, ойы ұшқыр, қиялы жүйрік болары анық.

Гуманизм мен гуманитарлық білімнен саяси, экономикалық, экологиялық, құқықтық, өнегелік, көркемдік-эстетикалық, физикалық мәдениет және т.б. негізгі тәрбиелерді бойына сіңірген мәдени тұлғаны дамыту, кең мәдени тәсілдерден туындайды.

Тұлға мәселесі психологияда көбіне орталық мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта тұлғаның психологиялық мәнін түсінудегі ізденістер аяқталған жоқ. Дәл осы тұлғаның және іс-әрекеттің құрылымы ең бірінші негізгі ғылыми зерттеу әрекетінің мәдени шеңберін анықтайды.

Кәсіби білім беретін оқу орындарындағы болашақ маманның даярлығының сапа көрсеткіші ретінде Д.В. Чернилевский мен О.К.Филатов [7.46]. еңбектерінде негізделген.

Нарықтық қатынастың мәнін анықтайтын өзекті түсінік - бәсеке түсінігі. Мамандардың бәсекеге түсу мүмкіндігіне сәйкес бірқатар параметрлерді бөліп қарастырайық.

  • Техникалық (мамандық және мамандандандыру:

бағдарламаның сағаттық, пәндік, үлгілік негізгі көлемі стандартқа сәйкес даярлық деңгейі немесе оның саласының жоғарылауы мен пайдалану шекарасы, алынатын құжат т.б)

  • Экономикалық (барлық шыққан шығынды есепке алғандағы

маманның даярлығына жіберілетін шығын).

  • әлеуметтік-ұйымдастырушылық (тұтыну құрылымының

әлеуметтік есебі, яғни, бітірушілер мен жұмыс берушілердің, сол сияқты өндірісті ұйымдастырудың ұлттық және аймақтық ерекшелігі).

Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда құқықтық мәдениет, компьютерлік іскерлік, шет тілі білімі, экономикалық мәдениет, ынтымақтастық, құрылымдық қатынасы және жүйелі ойлауға қабілеттілігі, техникалық даярлығы қажет. Кәсіби білім берудің дамуы және тұлғалық қажеттілігі төмендегідей бағыттар арқылы жүзеге асырылады:

  • тұлғаның білім алу қажеттілігін қанағаттандырудағы кәсіби

білім беру ролінің артуы,

  • білім берудің әралуандылығының тиімді түрін іздеу және

таңдау;

  • оқу орындары ұсынатын қосымша білім беру қызметі

саласының дамуы;

  • сәйкес мөлшерлік-құқылық база және психологиялық-

педагогикалық қолдауды қамтамасыз етуді қалыптастыру арқылы студенттердің өз бетімен білім алу жолына жағдай жасау;

  • оқыту мен оқудың тәсілі мен жүйесін дамыту;

Кәсіптік білім беру кейде кәсіптік ақпарат деп те аталады. Кәсіптік білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың адамға қоятын талаптары жөнінде оқушылардың білімін қаруландыру. Кәсіптік білім берудің негізгі принципі оны өмірмен байланыстыру негізінде қалыптастыру.Кәсіптік білім беру процесінде жастардың қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін, т.б қасиеттерін еске алу керек.

Маман даярлау ісінің сапасын арттыру – үздіксіз білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту кезеңіндегі негізгі мақсат кәсіби білім беріп студенттердің біліктерін қалыптастыру мен шектелмейді. Қоғамға керегі - өз ісін тиянақты меңгерген маман ғана емес, рухани дүниесі бай, кемелденген, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие болған, әлеуметтік жауапкершілігі мол өз басының қадірін түсінумен қатар өзгелерді де қарірлей білетін азамат, тұлға дайындау [7.23].

Сонымен қатар болашақ маманның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда тәрбие жұмысына ерекше назар аудару қажет. Тәрбие жұмысының осындай кезеңдерін басынан өткізген студенттер өздерінің болашақ мамандығына қызығушылығы мол,болашақта жұмыс тауып істеуге мүмкіндігі бар, ақпараттық мәдени деңгейі жоғары екендігіне сенімді болды және мамандықты меңгеру процесі оның қабілетіне лайықты болады. Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды білім нәрімен сусындату, өз бетімен білім алуын, өзін-өзі тәрбиелеуін үнемі жетілдіріп отыру қажет.

Болашақ маман тұлғасының ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттарының бірі өз сүйіп таңдаған мұғалім мамандығының білімді, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз ауылына іс-әрекетімен де өнеге үлгісімен де білім мен мәдениет таратады, оның өз ортасының алдыңғы қатарлы азаматы болуы -өмір талабы. Мұғалімнің біліктілігін арттыруды ұдайы, үздіксіз ұйымдастыру –оның кәсіби деңгейіне теориялық біліміне байланысты. Кәсіби білім арқылы оның шығармашылық қабілеті де дамиды. Ол үшін болашақ мұғалім мәдениетінің негізі педагогикалық шеберліктің қалыптасуы.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconОңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі
Оның негiзiн баға және қаржы-несие қатынастарының өзара байланысы құрайды, ал оның құрылымының басты элементтерi – баға, несие, салық,...
Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconЗерттеу тақырыбының өзектілігі
Олай болса, шет елдегі қазақтардың әдеби мұрасы жалпы қазақ мәдениетінің ажырамас бір бұтағы, сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі
Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconДипломдық зерттеу жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconКіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі
...
Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі icon1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның жалпы ғылыми, жалпы мемлекеттік бағдарламалармен (практикалық және ғылым мен техника дамуының сұраныстарымен) байланысы
Д. 14. 31. 03. Диссертациялық кеңесте қорғалатын ҚҰлбарақов сәмен Оразғалиұлының 10. 01. 02 – қазақ әдебиеті мамандығы бойынша филология...
Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе б
Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconДиплом жұмысының өзектілігі
Кіріспе
Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconҚорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Тақырыптың өзектілігі
Тарау. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының алғы шарттары
Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі iconЖоспар кіріспе І ақша жүйесінің теориялық негізі
Тақырыптың өзектілігі. Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастару ақша жүйесі болып табылады. Әрбір...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница