Қарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің




Скачать 71.76 Kb.
НазваниеҚарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің
Дата конвертации14.02.2016
Размер71.76 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://karaganda-region.gov.kz/files_program/otchet_kaz.doc


Қарағанды облысында

нашақорлыққа және

есірткі бизнесіне қарсы күрестің

2009-2011 жылдарға арналған

бағдарламасын 2010 жыл ішінде

іске асыру барысы туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы №784 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәселені қарап, облыс әкімдігі Қарағанды облысының атқарушы, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша белгілі бір жұмыс жүргізді деп атап көрсетеді.

Жоғарыда көрсетілген Бағдарламаны оырндау үшін 15 іс-шаралардан құрастырылған Қарағанды облысындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған Жоспар әзірленіп бекітілген. Сонымен қатар, Қарағанды облысы бойынша нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және қарсы тұру жұмысын үйлестіру мәселелері жөніндегі аймақтық Комиссия құрылған, отырысы тоқсанында бір рет өткізілген. Аймақтағы есірткі бизнесіне қарсы күрес пен нашақорлықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік органдардың іс-әрекетін арттыруы бойынша, сондай-ақ осы қызметті үйлестіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және нақты шараларды қабылдау, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту, сонымен қатар халық арасында есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыру Комиссияның негізгі міндеттері болған.

Облыста есірткіге қарсы насихатты күшейту және қоғамда есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатымен нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресуге бағытталған іс-шараларды іске асыру барысын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша кең көлемді жұмыс жүргізіледі.

Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында «Дәрігер кеңесі», «Шипагер», «Денсаулық - зор байлық», «Салауатты өмір салты», «Вы и ваше здоровье», «ЗОЖ», «Медицина и здоровье», «Сделай выбор», «Помоги себе сам», «Советы специалиста», «Советы врача», «Нет наркотикам», «Беседа врача», «Законность и правопорядок», «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ», «Правовой всеобуч», «Ко дню борьбы с наркоманией», «К всемирному дню борьбы с наркоманией», «Деректер», «Реалии жизни» айдарлары ашылды. Маскүнемдік, темекі тарту, нашақорлықтың медициналық жағынан зиянды екені, есірткі заттарды сақтау, тарату және қолданған үшін құқықтық жауапкершілікке тартылатыны жайлы түсініктеме беретін «В борьбе с наркобизнесом», «Нашақорлық - ғасыр індеті», «Ұрпақ саулығы ұлт болашағы», «Здоровье детей - здоровье нации», «Молодежь против наркотиков»(«Жастар нашақорлыққа қарсы»), «ЖИТС орталығының жетістіктері мол» мақалалар үнемі басылып тұрады.

Облыстық телеарналар эфирлерінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша әлеуметтік бейнероликтердің көрсетілуі ұйымдастырылады. 2010 жылы аталмыш тақырып бойынша барлығы 7 бейнеролик көрсетілді.

Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті (бұдан әрі – ІІД), Қарағанды облысы бойынша Ұлттық қауыпсыздық комитеті (бұдан әрі – ҰҚКД), облыстың жергілікті атқару органдарының өткізетін есірткі бизнесіне қарсы күресу, оның алдын алу операциялары, мәжілістері, комиссия отырыстары облыстық БАҚ беттеріне жедел шығарылып отырылады. Аймақтың комиссияның нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдарын баспа беттеріне шығарып отыру жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіледі.

Жалпы есеп беру кезеңі ішінде аймақтық БАҚ басылымдарында аталмыш тақырып бойынша 300 мақала жарық көріп, электрондық БАҚ эфирлерінде 150-ге тарта сюжеттер мен бағдарламалар көрсетілді.

2010 жылында Қарағанды облысының ІІД Есірткі трафик арналарын жоюға, есірткілік қылмыстылыққа тиімді қарсы күрестің тиімділігін күшейтуге бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру бойынша практикалық және ұйымдастырушылық шара қолданды.

ІІД-нің Қарағанды облысы бойынша ҰҚКБ және КБД-мен Қарағанды облысы аумағындағы есірткінің контрабандасын анықтау, есірткі құралдардың, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы фактілерінің жолын кесу бойынша бірлескен жоспарлар әзірленіп, бекітілді. Көршілес облыстардың есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі арнайы бөліністерімен есірткі құралдарды Қарағанды облысына жеткізумен, сондай-ақ облыс аумағы арқылы оларды тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топтарды анықтау және жою бойынша бірлескен операциялар өткізілді.

Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін өткізу нәтижесінде есірткі құралдарды жеткізудің 19 арнасы жойылып, қылмыстық айналымнан 327 килограмм 237 грамм әртүрлі есірткі құрал алынып, 20 килограмм 346 грамм астам героин есірткісі алынды.

Арнайы жедел-профилактикалық іс-шарлар Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігімен бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.

Ұжымдық Қауіпсіздігі туралы Келісімі ұйымының мүшелері - Мемлекеттер басшыларының шешімін орындау үшін, әзірлеген жоспарға сәйкес, 2010 жылдың қыркүйектің 13-16, қарашаның 14-нен 23-не дейінгі мерзімі аралығында облыс аумағында «Арна-Оңтүстік 2010» локалды нашақорлыққа қарсы операциясының екі кезеңі өткізілді.

Жалпы операцияның екінші кезеңіне 225 қызметкер қатыстырылды, оның ішіндегі 63 қызметкер – облыстың ІІО есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі бөліністерінен және мүдделі ведомстволардан - 25 қызметкер.

Өткізілетін іс-шараларды үйлестіру және өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру үшін операция өткізуге қатысқан мүдделі қызметтердің қызметкерлері санынан 7 бірлескен жедел топ құрылып, олар 3 автожолды бақылауға алды (Алматы-Қарағанды, Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды, Қарағанды-Астана). Қызметтік-іздестіру иттер мен арнайы техникалық құралдарды қолдануымен Қарағанды облысының шекарасынан өтетін жеке тұлғаларды, жүктерді, сондай-ақ көлік құралдарын қарауды өткізу қамтамасыз етілді. Есірткінің заңсыз айналымын анықтау мен жою, есірткінің контрабандасын анықтау мақсатында үлкен жүк тасыйтын 149 бірлік автокөлігі мен 124 жеңіл көлік бірлігі, 42 пошталық т/ж вагоны мен 41 жүк тасыйтын т/ж вагоны тексерілді.

Көрсетілген іс-шараны өткізу нәтижесінде Қарағанды облысының ІІД есірткімен байланысты 29 қылмыс анықтады. 21 қылмыстық іс қозғалды, 8 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Қарағанды облысының ІІД, жеке меншік кісіпкерлік туралы заңының талаптарана сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық жұмысы Комитетінің департаментімен бірлескен тексерістерді өткізу жөніндегі жоспарды бекітті. Жыл басынан есірткі құралдарды, психотроптық заттар мен прекурсорларды айналдыруға лицензиясы бар жеке меншік кәсіпкерлік субъектілерінде 2 жоспарлы бірлескен тексеріс өткізілді («Микрохирургия глаза» ЖШС, «Лек» ЖШС).

Медициналық және өнеркәсіптік кәсіпорындарда бар есірткі құралдарды, психотроптық заттар мен прекурсорларды тарату мүмкіншілігі мен қауіп-қатерін төмендету мақсатында облыстың ІІО ЕБҚКБ әр бір бөлінісінде есірткі


құралдардың, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы бағытына бұйрық арқылы нақты қызметкер бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде берілген, мемлекет Басшысының көніл көтеру өрісінде құқықтық тәртіптін заңдылық жағдайын күшейтуды бақылау туралы тапсырмаларын орындау үшін, Қарағанды облысының аумағында ҰҚКД-мен бірігіп көніл көтеру мекемелерінде есірткі және психотропты заттарды тұтынатын және тарататын адамдарды айқындау үшін жұмыс жүргізілді. 2010 жылдың қарашасында көніл көтеру мекемелерінің иелерінің қатысумен есірткі және психотропты заттарды тұтыну, тарату фактілерін болдырмау үшін дөнгелек үстөл өткізілді.

2010 жылдың 12 айында көніл көтеру мекемелерінде 11 қылмыс айқындалып, Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексінің 259 бабы бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды, бір материал бойынша көніл көтеру мекеменің иесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 319 бабы бойынша әкімшілік жаупкершілікке тартылды.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша жыл сайын 26 шілдеде Нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күні аталып өтіледі. Қарағанды облысының ІІД облыстың жергілікті атқарушы органдарымен, сол сияқты мүдделі органдармен және мекемелермен, нашақорлық мәселесімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен бірге Нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күніне арналған іс-шаралар өткізеді.

Айлық шеңберінде білім беру ұйымдарында сыныптан тыс іс-шаралар, әңгімелер мен лекциялар, радиолинейкалар, дебаттар, дөңгелек үстелдер, суреттер мен плакаттар конкурстары, дәрігер-наркологтармен, құқық қорғау органдары инспекторларымен кездесулер өтеді.

Бұқаралық спортты дамыту, нашақорлықтың, шылым шегудің, алкоголизмнің, қылмыстың алдын алу, саламатты өмір салтын насихаттау, барлық жастағы тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында жыл ішінде спорттың 11 түрі (стол теннисі, шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, пневматикалық винтовкадан ату, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, футбол, жаяу туризм техникасы, мини-футбол) бойынша Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер клубтарының командалары арасындағы VІІІ Спартакиада шеңберінде жарыстар өткізілді. 2000 мыңнан артық балалар мен ересектер қатысты.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат назарға алынсын.

2. Облыстық басқармалардың бастықтары, қалалар мен аудандар әкімдері Қарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысын әкімдіктердің отырыстарында қарастырсын. Ақпарат 2011 жылдың 1 желтоқсанына дейін облыс әкімі аппаратына жолдансын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.О.Қырықбаевқа жүктелсін.

Қарағанды облысының әкімі С. Ахметов


орын.: Әйешов Б.Ғ.

тел.: 42-10-99


Похожие:

Қарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің iconЗайсан ауданында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған

Қарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің iconШығ. №2-42/174 2010 жылғы 19 ақпан
Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 2011 жылдарға арналған бағдарламасын Федоров ауданында іске...
Қарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің iconАудандық ішкі саясат бөлімінің
«Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес», «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес», «Әйелдер істер және демографиялық...
Қарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің icon8. Шығыс қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Шығыс қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі...
Қарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің iconЗайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы зайсан қаласы
Зайсан ауданында қҰҚЫҚ БҰзушылықТЫҢ алдын алудың ЖӘне қылмысқА Қарсы күрестің 2008-2010 жылдарға арналғАН
Қарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің iconI халықаралық ҚҰҚЫҚ пен қазақстан заңнамасында сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы күрестің Қалыптасуы
Кіріспе
Қарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің iconҚарағанды – 2012ж
Тақырыбы: «Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық жіктеу. Алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары»
Қарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің iconАқтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы
Ару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 «Қазақстан Республикасындағы...
Қарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №396 қаулысы
«Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы»...
Қарағанды облысында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің iconСыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады
Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница