Скачать 41.45 Kb.
|
Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылы атқарған жұмысы туралы мәлімет 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне «Әйел - әлем тірегі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, өткізілді. Ұлы нарыз мерекесіне орай «Бақ береке, құт-мерекем, әз Наурыз» атты театрландырылған қойылым және мерекелік концерт берілді. Аудандық мәдениет үйі жанындағы Халық театры 27 наурыз театр күніне орай М.Әуезовтың «Қаракөз» спектаклін қойды. Астана қаласының 15 жылдығына орай «Атақ-даңқы артқан, абыройы асқан Астана» атты жастар форумы өткізілді. Облыстық «Күлкі думан» әзіл сықақ отауларының байқауына аудандық мәдениет үйі жанындағы «Тамаша» ойын сауық отауы қатысып ІІІ орын иеленді. «Біз бәрімен бірдейміз» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен өнер фестивалі болды. «Достық таңы, ынтымақ бірлікке бастау» атты 1 мамыр мерекесіне орай мәдени-көпшілік мереке шарасы орталық алаңда өткізілді. 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік концерт берілді. Аудандық мәдениет үйінде «Біз талантты егіздерміз, ардақтаған ана тілін, егеменді ізгі елміз» атты егіздердің қатысуымен аудандық байқау өткізілді. Байқау жеңімпаздары Гүлзат, Бекзат Мамбетовалар облыстық байқауға қатысып жүлделі ІІ орынды иеленді. 9 мамыр Ұлы жеңістің 68 жылдығына орай орталық алаңда «Соғыстың соңғы сағаты» атты театрландырылған қойылым қойылып, сарбаздар шеруі және мерекелік концерт берілді. 31 мамыр қуғын-сүргіндерді еске алу күніне орай вокзал маңындағы қуғын-сүргін құрбандарына орнатылған ескерткіш жанында «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты театрландырылған қойылым қойылып, еске алу митингісі өткізілді. 1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Әнші балапан» байқауы өткізілді. 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне байланысты «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің басты нышаны» атты мәдени-көпшілік шарасы ұйымдастырылды. Байқоңыр қаласында «Ерлік-ұрпақ ұраны» атты патриоттық ән байқауында Қосжар ауылдық клубының баянисі Бектұрсынов Ғазиз қатысып ІІ орынды иеленді. Аудандық «Серпінді мақсат тудырған Жолдау» атты «Үздік клуб-2013» ауылдық клуб меңгершілерінің кәсіпқойлық сайысы өткізіліп, жеңімпаз Қызылжар ауылдық мәдениет үйі облыстық байқауға қатысты. Аудандық мәдениет үйі жанындағы «Көңілашар» халықтық-мәдени үгіт бригадасы ауылдық елді мекендерді аралап концерттер қойды. Жалағаш ауданында өткізілген облыстық үгіт бригадалар байқауына қатысты. Астана қаласының 15 жылдығына орай аудандық мәдениет үйінде «Астана-Отанымның жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» атты салтанатты кеш өткізіліп, орталық алаңда мерекелік концерт берілді. Қызылорда қаласының 195 жылдығына орай өткізілген «Елім менің» патриоттық ән байқауына Сексеуіл кентінен Мисаев Жанасыл қатысты. Аманөткел елді мекеніндегі мәдениет үйінде ауылдық мәдениет қызметкерлерінің аудандық «Ауыл мәдениеті – ел мәдениетінің тірегі» атты семинары өткізілді. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында «Аймақты әнмен тербетіп» атты дәстүрлі байқауға терме жанры бойынша А.Тұяқова қатысып, бас жүлдені иеленсе, А.Үсенов ынталандыру сыйлығына ие болды. 30 тамыз Конститутция күніне орай, аудандық мәдениет үйінде салтанатты кеш, орталық алаңда «Ата заңым - айбыным, асқар таудай - айбарым» атты концерттік мәдени іс-шарасы өткізілді. Исатай Әбдікәрімовті еске алуға арналған «Тау тұлға» атты жазба ақындар мүшайрасында жергілікті ақын Толыбай Абылаев қатысып ІІ орынды иеленді. Қызылорда қаласында өткізілген «Мерейлі отбасы» фестиваліне аудандық мәдениет үйі жанындағы «Сыдықовтар жанұялық ансамблі» қатысып, өнер көрсетті. Мәдениет қызметкерлерінің мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде «Мәдениет өмір – мәйегі» атты кеш өткізілді. Қарттар күніне орай, аудандық мәдениет үйінде «Қарты бар ел- қазыналы» атты мәдениет саласының зейнеткерлікке шыққан ардагерлеріне концерт беріліп, сый-сияпат жасалды. Дәстүрлі «Алтын күз 2013» мерекесіне аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары сахналық интермедиялар дайындап, әннен шашу шашты. 1 қарашада «Арал фестивалі» мәдени іс-шара өткізілді. Мәдени іс-шарадан соң Арал қаласының тұрғындарына облыстық филармония өнерпаздарының және Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылған гала концерт көрсетілді. Аудандық мәдениет үйінде «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» атты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қатысуымен аудандық байқау өткізіліп, облыстық байқауға «Ең үздік би» номинациясы бойынша Нұрланова Айгерім, «Ең үздік орындаушы» номинациясы бойынша Тажидинова Жеңіскүл қатысты. Байқауда қазылар алқасының шешімімен республикалық байқауға лайықты деп Тажидинова Жеңіскүл танылып, Астана қаласында «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» атты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қатысуымен өткізілген фестивалге қатысып қайтты. 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Ел тірегі- Елбасы» атты салтанатты жиын, мерекелік концерт ұйымдастырылды. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – арай таңы атқалы» атты аудандық мәдениет үйінде мерекелік салтанатты кеш ұйымдастырылды. Қызылорда қаласында Арал ауданының өнерпаздары «Жырлайды Арал қабыл ал, қыдыр қонған Қызылорда» атты мәдениет және өнер күнін өткізді. «Мемлекеттік тіл-менің тілім» 2013 жылдың 18 қыркүйегінде аудандық Н.Кенжеғұлұлы атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік тіл күні мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты мерекелік салтанатты жиын өткізілді. «Туған тілім,тұғырым» Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық жыраулар үйінде 2013 жылдың 18 қыркүйегінде 22 қыркүйек Тіл мерекесі күніне арналған 7-11 сыныптар аралығында аудан көлеміндегі барлық ауылдық округтерінен жас ақындар қатысқан «Туған тілім,тұғырым»- атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді. |