Тақырыбы: Денсаулық салауатты өмір салты




НазваниеТақырыбы: Денсаулық салауатты өмір салты
Дата конвертации14.02.2016
Размер45.1 Kb.
ТипДокументы
источникhttp://tarbie.org/_ld/64/6439_densaulyk-salau.doc
Тәрбие сағаты 3 сынып


Тақырыбы: Денсаулық – салауатты өмір салты


Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе

отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені

сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.

2. Қоғамдағы зиянды заттардың адам организмін

тоздырып, уландыратынын түсіндіре отырып,

оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі:интербелсенді тақта, суреттер, ойындар


Сабақтың барысы:

Н.Назарбаевтың сөзі:

Салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізуіміз қажет.


І. Денсаулықтың негізі-дұрыс тамақтану.


1. Қолыңды сабындап жу.

2. Қисаймай, түзу отыр.

3. Қасықты оң қолыңмен ұста.

4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап,газет оқыма.

5. Шамадан тыс тойып ішпе.

6. Нанды үзіп же.

7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.

ІІ.Денсаулықтың дауасы- таза ауа

ІІІ.Денсаулықтың ең басты негізі- сергіту жаттығулары

ІҮ. Денсаулық мықты болу үшін ми демалысы ұйқының орны ерекше.

Кірқоймас пен Қарабайдың тақпақтары

Жұмбақтар шешу

1.Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең,
Кетіп кір-ласың,
Тап-таза боласың

Сабын


2.Шомылған баланы,
Аймалап алады.
Сипайды қолында,
Сипайды жонында

Орамал

3.Иілсең , иіліп,
Түйілсең, түйіліп.
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне

Айна


4. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар

Тарақ


Бастаушы:

Шат көңіл адамдар,

Ақ көңіл адамдар!

Денсаулық- зор байлық,

Жансаулық-мол байлық.

Амандық үшін де,

Адамдық ісінде

Қолданып ел сынар,

Табиғат-емші бар.

1.КҮН.

Нұр сәуле –шуақты,

Беретін қуатты.

Ұлы емші анамыз,

Күннен күш аламыз.

Жылытып, қыздырып

Нұрына жүздіріп,

Күн ана шуағы

Сырқатты қуады.

2. АУА.

Жер шары-«дәу » әлем,

Қоршаған ауамен.

Ауадан тыныс ап,

Өсті өмір, ырыс, бақ.

Денсаулық-дауа да,

Дәмге күш-ауада


3. СУ.

Сусын да әрі дем,

Су-емші бәрінен.

Сусынан берді жер,

Жуынсаң сергітер.

Денсаулық тірегі.

4. Бойды тік ұстау.

Тік ұстап денеңді,

Сапқа тұр сен енді.

Жанға сеп шынығу,

Жаттығып тынығу.

Сымбатты болуда,

Өзіңнің қолыңда.

5. Дене жаттығулары.

Спорттық ойында,

Күш берер бойына.

Спортта ем болар,

Жаттықсаң ем қонар.

6. АШЫҒУ.

Ас же, іш сіміріп,

Асқазан сіңіріп.

Жақсартып қаныңды,

Жасартар жаныңды.

Асқазан жұмысын

Аяла, бұл үшін

Ас ішсең аптықпа,

Кейде көн аштыққа.

Талға да бір сәтті,

Тазала құрсақты.

Ас ішсең толасың,

Аман сау боларсың.

7. ТАБИҒИ ТАЛҒАМ.

Жеміс пен көкөніс,

Нан, сүт берер күш.

Витамин –тағам-нәр,

Ас адамның арқауы.

Тағам іш жағымды.

Дертіңді қуатты,

Денеңнен қуады.

8. ДЕМАЛЫС.

Еңбекпен шынықтық,

Енді сәл тынықтық.

Серги біл құр жатпа,

Сейілде гүл бақта.

Ұйқыны қоя тұр,

Көр кино, театр.

Жиналдық аманда,

Күш бере адамға.

9. АҚЫЛ-ОЙ.

Ой салып ақылға,

Он істі мақұлда.

Табиғат әрқашан,

Емдерін пайдалан.

Талпынсаң құрыспай,

Денсаулық құрыштай.

Боласың көңілді,

Қуантып еліңді.

Ие боп жақсы атаққа,

Жетесің мақсатқа.

Мұғалім: Адам ұзақ өмір сүремін десе, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек . Деніңіз сау болсын десеңіз ».

Асылан:

1-ерте тұру,

2- орта тазалығын ұстау;

3-дене шынықтыру,

4-үнемі денені таза ұстау,

5-үнемі сергек жүру,


“Мақал- мәтелді жалғастыр”ойыны


1.Бірінші байлық-денсаулық,
Екінші байлық- ақ жаулық
Үшінші байлық- ...


2.Дәрі шөптен шығады,
Дана....


Денсаулықтың достары


Денсаулықтың қастары

Әр адам өз өміріндегі жолды өзі таңдайды.Кейбіреулері жаман жолға түсіп арақ ішіп, шылым тартып, есірткілерді қолданады . Ал басқалары болса, салауатты өмірді таңдайды.Салауатты өмірді таңдау дегеніміз- шылым щекпеу, арақ ішпеу, шынығу, спортпен айналысу.

Үш пәледен аулақ бол




Д енсаулыққа кері әсерлер.

Теледидар.

Бала зорлық зомбылықты көре берсе, өмірге суық, қатыгез ешқандай қызығушылығы жоқ адам


Компьютер.

Компьютерлік ойындар қояншық ауруына әкеліп соғады, фантастиканы шын қабылдап, шындық пен жалғанның арасын өшіріп алады.


Осыдан балада тез ашулану, тамаққа тәбетінің кемуі,

оқу ниетінің төмендеуі, еріншектік, жалқаулықтың артуы, бағынбаушылық қасиеттері пайда болады

  • Салауатты өмірді таңдау дегеніміз – шылым шекпеу, арақ ішпеу, есірткі қолданбау, спортпен айналысып, шынығу. Қазіргі кезде жастардың көбі жаман жолға түсуде.
    Темекінің Темекінің зияны ұшан теңіз, темекінің құрамында улы зат никотин бар. Темекі шегетін адамның тек қана ағзасы ғана емес, жүйке жүйесі де ауруға шалдығады. Адамның терісі өзгеріп, бозғыл тартып, денсаулығы күрт төмендей бастайды. Біз салауатты өмір сатын таңдаймыз.Себебі жастайынан шылым тартып, арақ ішіп, есірткі қолдансақ, өсе келе ешбір білім ала алмаймыз. Сондықтан қазірден бастап, денсаулығымды мықтап ұстап, ауырмай, жаман әдеттерден аулақ

жүру керек.




  • Сондықтан қазірден бастап, денсаулығымды мықтап ұстап, ауырмай, жаман әдеттерден аулақ жүру керек.


-Ал сіздер спортты жақсы көресіздер ме?

  • ....

  • Спорттың қандай түрлерін білесіздер?

  • ....

  • Қандай спорттық үйірмелерге қатысасыздар?

  • ....

  • Өте жақсы. Ал Сидней олимпиадасы қашан өтті? Онда алтын жүлдемен оралған қандай қазақстандықтарды білесіздер?

  • ....

  • Алда болатын қысқы олимпиада қашан және қай жерде өтеді?

  • ....

  • Өте жақсы, балалар! Спорт туралы көп біледі екенсіздер.

  • Олай болса, күнде ертеңгілік жаттығулар жасасаңдар, денелеріңді таза ұстап, спортпен айналыссаңдар, мен әрқашан сіздердің қастарыңызда боламын. Көріскенше хош-сау болыңдар. (Музыка ойнайды).

  • ...

  • Бақыт.

  • Денсаулық.

  • Достық.

Мұғалім: - Балалар, болашаққа денсаулықпен бірге барайық. Сабақ аяқталды.

Похожие:

Тақырыбы: Денсаулық салауатты өмір салты iconИп №6 умс при Казгма
Дәрістің мақсаты: „Салауатты өмір салты“ түсінігіне анықтама беру, салауатты өмір салтында қолданылатын негізгі әдістерін игеру,...
Тақырыбы: Денсаулық салауатты өмір салты iconТақырыбы: Салауатты өмір сүру деген не?
Мақсаты: оқушыларға «салауатты өмір салты»ұғымы туралы түсінік беру;оларды СӨС сақтауға баулып,спортқа деген қызығушылығын ояту тамақтану...
Тақырыбы: Денсаулық салауатты өмір салты icon«Салауатты өмір салты» 051101 «Мейірбике ісі» мамандығы үшін
Кафедра меңгерушісі: Жәутікова Сауле Базарбайқызы, медицина ғылымдарының докторы, жоғары категориялы дәрігер, педагогикалық жұмыс...
Тақырыбы: Денсаулық салауатты өмір салты iconІ. негізгі бағыт -аудан тұрғындары арасында салауаттылық өмір салтын насихаттау
Бұхаралық спортты дамыту арқылы балалармен жас өспірімдерді төбелес, темекі тарту, ішімдік ішу, нашақорлық сияқты теріс әдептерден...
Тақырыбы: Денсаулық салауатты өмір салты iconДені саудың – жаны сау
Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың...
Тақырыбы: Денсаулық салауатты өмір салты icon«Салауатты өмір салты» 051103 «Фармация» мамандығы үшін Оқу сағатының көлемі 180 сағат (4 кредит)
Кафедра меңгерушісі: Жәутікова Сауле Базарбайқызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары категориялы дәрігер, педагогикалық...
Тақырыбы: Денсаулық салауатты өмір салты iconҚмму ф 4/3-05/03
«Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.Қоғамдық денсаулықты жақсартудың негізгі бағыттары» тақырыбы
Тақырыбы: Денсаулық салауатты өмір салты iconҚазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығЫ
А.Ғ. Төлеғалиева, Ж. Е. Баттақова, С. Б. Мұқашева, Л. Н. Шумилина, Алматы қаласы, 2013 жыл 35 бет
Тақырыбы: Денсаулық салауатты өмір салты iconСабақтың тақырыбы
Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және аурудың алдын- алу жолдарын үйрету
Тақырыбы: Денсаулық салауатты өмір салты icon2015 жылға ерекше тәртіпті қолдана отырып үкіметтік емес ұйымдар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әлеуметтік мәні бар жобаларды жүзеге асыру қызметін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасы
«Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мкқК директоры м у а., конкурстық комиссия төрағасы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница