Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі




Скачать 80.41 Kb.
НазваниеОңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі
Дата конвертации14.02.2016
Размер80.41 Kb.
ТипДокументы
источникhttps://45minutkz.files.wordpress.com/2014/12/d0bad183d180d0bcd0b0d0bdd0b0d0bbd0b8d0b5d0b2d0b0-d
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі


Тәрбие сағаты


Тақырыбы: Ана-біздің

күніміз!


Сыныбы: 4

Сынып жетекші: Құрманалиева Б


Төлеби 2012ж

Ана – біздің күніміз!

Сабақтың мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, ананы сүюге, сол арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру. Жалпы барлық аналарға деген, қыздарға деген сыйластыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойындағы өнері мен талабын арттыра түсу.

Сабақтың көрнекілігі: Мереке өтетін орынды түрлі – түсті шармен безендіру, түрлі нақыл сөздер мен плакаттар, оқушылардың өз қолдарымен жасаған гүлдері мен сюжетті сурет.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қымбатты ұстаздар, қонақтар, аналар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша, шуақты мейрамдардың бірі - 8-наурызды, Халықаралық әйелдер күнін тойлап, атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар!

Сіздерге 4-сынып оқушыларының дайындаған мерекелік сыйы бар, қабыл алыңыздар. Еламан: Шын жүрек, ақ көңілменен

Алғашқы көктемнің күлімдеген

Құттықтаймыз 8-наурыз мерекесі,

Халықаралық әйелдер күніменен!

Мұғалім: 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін екке аналар мерекесі – бұл.

Еламан: Неге дәл осы күн 8-наурыз әйелдердің Халықаралық мерекесі болып белгіленді?

Мұғалім: 1908 жылдың 8-наурызында өздерінің ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты. Осы оқиғаның есте қалдыру үшін 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ Халықаралық конференциясы 8 наурыз - Әйелдер күні болып белгіленді.

Еламан:Ана! осы жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына жатыр. Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейрімі, ақ тілегі.

Мұғалім: Тіршілікке нәр берген – ана сүті қандай құдіретті! Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек, мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасы жатыр.

Еламан: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен, күн-Ана

Алып келдің жер бетіне гүл көктем!

Мұғалім: Ана – жүрек, жүректі құдірет де,

Ана – тірек, тіректі құрметте

Ана – шың, шыңыңа сағынып жет

Ана – күнің, күніңе табынып өт.

Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.

Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан – жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.

Дарын: Дүниедегі ең асыл жан, анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге, мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан сірә анадан, бар жақсылық аналардан тараған.

Жер бетене өмір нәрін себуші - Ана алдында борышты ғой бар адам

Еламан: Маралдың орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар!

Еламан: Құрметтейік те, көтерейік те Ана - әйелді . Оның сүті таусыла ма?! Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі, ананың ақ сүтінен жаралған.

Индира:

Ана тұрса құшаққа алып баласын, бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.

Қабағыңды кірбің шалмай өмірде, қуанышқа кенеле бер анашым.

Мен ананы шуағы мол кн деймін, анадан зор құдіретті білмеймін.

Анам ылғи қамқор болып жүреді, сондықтан да жылда түлеп гүлдеймін

Марал: Күнсіз гүл өспейді. Сүюсіз бақыт жоқ. Әйелсіз сүю жоқ. Анасыз ақын да, батыр да болмайды.

Иманғали:

Анам менің, асылым, лағыл әнім, кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызыңдай көгіңде жағыламын. Алыс кетсем аңсаймын, сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім.

Абылай:

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін, Махаббатың жүрегімде жүр менің.

Күн нұрындай жадырай бір күлгенім Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ер жеткізіп елге берген баласын, Ардақтысың, ақылдысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің, қайратыңнан қайта көрме, анашым !

Еламан: Индираның орындауындағы «Ана туралы жыр» әнін қабыл алыңыздар!

Ерболат:

Аяулы да, алтын нұрлы анашым, жүрегіммен мәңгі бірге боласың,

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің, сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.

Барлығы: Сендерден өскен балалар, сендерден өскен даналар,

Құттықтаймыз мейраммен, құрметті әже – аналар!

Айдана:

Асыл анам–алтын жан, асқар тауым, арайланып алдымнан атқан таңым. Әлпештедің, әлдилеп аяладың, әр кеш менің - ән –күйім, сая бағым,

Гүлің болып көгімде сен көрінген, күнім болып көгімде сен көрінген,

Ақын ең сен, әр таңға асық жаның, алыс кетсем аңсаймын, сағынамын.

Тұрлыхан: Баларды қаршадай, баулып анам өсірді.

Шалдыққаннан шаршамай, бірге күндер кешірдім,

Бәйтеректей ырғалып, ұл балалар ер жетті.

Көздерінде нұр жанып, қыз балалар бой жетті.

Саят:

Анашым менің, саялы қамқор шынарым, баулуға мені сан азап көріп шыдадың. Тілерің болса алдағы жерде анашым, үмітіңді ақтап, арналсын саған жыр әнім!

Еламан: Дарынның орындауында «Мама» әнін қабыл алыңыздар!

Еламан: Әке-шешені Пайғамбар да қатты құрметтеген. «Ұжмақ ананың табанында»-деді ол. Бір күні Пайғамбарға әлдекім келіп: «Шын айтыңызшы, мен жақсылықты әуелі кімге жасауым керек» деп сұрапты . «Өз анаңа»-деді Пайғамбар. «Тағы да кімге?» - деді әлгі адам. «Анаңа» - деді Пайғамбар. «Сонан соң кімге?»-деді сраушы . «Өз әкеңе» - деген екен Пайғамбар.

Нұрмахан:

Анашым, жыр арнады қалқаң бүгін, көмкерер сен дегенде бір таңды күн. Болса егер уысымда бір өзіңе, сыйлар ем дүниенің дархандығын!

«Қой» десең, балаң күнде «неге» дедің, өзіңде нұрға бөлеген үн....

Қанат жоқ әттең, шіркін асыл анам, жұлдыздың бәрін әкеп берер едім.

Ш. Диас: Төгілген маған мейірің–бейне шуағын,

Сарқылмас мәңгі ән салған бастау

Жасашы Ана! Жасашы-менің тілерім,

Қанатын қомдап ұшса да биік ұланың.

Анашым, сенсің мәңгілік менің тірегім,

Мен үшін пана нұрлы әлем сыйған жүрегің.

Еңбегіңді ақтап, аялап өтсем тек сені,

Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім.

Еламан: 1. Елдің көркі, әкесінің жұлдызы, анасының күні «Қыз»

«Қыз» сөзіне синоним сөздерді ата Жауап (бойжеткен, ару апа, қарындас)

2. Ол өте мейірімді, ақ шашты, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән не ертегі айтып береді. Ол кісі кім?

«Әже» «Әже» сөзіне синоним сөзді атаңыз Жауап (үлкен ана, ақ әже, қарт)

3. Әлпештеп өзіңді өсірген, Нағашы әжеңнің баласы. «Ана»

«Ана» сөзіне синоним сөзді атаңыз Жауап (шеше, апа, мама)

Мұғалім: Бұл үш буынның жалпы атауы - АНА. Ана! Осы сөздің өзі адамға қандай Күш береді! Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына не жетеді! Жақсылық атааулының барлығы да ананың сүтінен жаратылған. Халық арасында «Меккеге анаңды үш рет арқалап апарсаң да қарызын өтей алмайсың» деген сөз ананың соншалықты қадірлі екенін адамзатқа ұғындыру үшін айтылса керек. Сондықтан, бұл сөздің мәнін ананың қабағына кірбің түсірмей аялап ғұмыр кешу деп ұғамыз.

Міне, осы сөздің ерекшелігін түсініп аналарына арнап жазған екі қыздың өлең шумақтарын тыңдаңыздар

Альбина:

Марал:

Еламан: Ұл-қыздарыңыздың биін қабыл алыңыздар!

Ізгілік:

Ақниет:

Уалихан: Алақаны ақ самал, мәпелеген, жан ана.

Көкте күнім батса да, өзің күнсің балаңа

Көрініс: «Күншуақ елі»


Барлығы: Аналарды сүйеміз, сөзін ойға түйеміз,

Әжелерді ардақтап, әдеппен бас иеміз

Аяжан: Әже деген көп шығар, әжемдей менің жоқ шығар,

Мейірімді бұл кісі қандай ғажап күлкісі

Айналайын дегені, жанға рахат береді

Көңіліңді табады, әнді әдемі салады

Ертекке ол сенеді, таусылмай-ақ келеді,

Таусылмайды өлеңі, күнде айтып береді.

Барған сайын қонаққа, кәмпит алып келеді

Әжем мені өйткені, өте жақсы көреді.

Дидар:

Адам бар ма ана сүтін татпаған, алуан - алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықты ар-намысты сақтаған, мен анамның сонысына мақтанам

Ерасыл:

Ізгілік пен Саяттың орындауындағы «Анашым» әнін қабыл алыңыздар

Әже-аналарға қойылатын сұрақтар:

1. Бесік жырын білесіз бе? Біреуін айтып беріңізші?!

2. Немерелеріңізге ертегі айтып бересіз бе?

3. Немерелеріңзге ұлы тұлғаның қайсысын үлгі етесіз?

4. Қыз туралы мақал-мәтел айтыңызшы. Түсіндіріп беріңіз?

5. Немереңіз сізге сырын айта ма, қандай сырын жария етпеу керек?

6. Ана туралы бір ән салып беріңізші?

7. Бала дүниеге келген күні қандай той жасалынады?

8. «Тақиялы періште» фильмінің басты кейіпкерін білесіз бе ?

7. Ана туралы мақал-мәтел айтыңызшы. Түсіндіріп беріңіз?

9. Бала туралы мақал-мәтел айтыңызшы. Түсіндіріп беріңіз?

10. Телефон шырылдайды. Анасы баласына «Мені жоқ дей салшы » - дейді

Теріс тәрбие беріп тұрған жоқсыз ба?

12-сі айтады.

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген - бәйтерегі өмірдің

Ана деген - алтын қазық , алтын бақ.

Ана деген - асыл жандар болаттай,

Ана деген - мөлдір жандар бұлақтай.

Ана деген - адамзаттың данасы,

Ана деген - сәбилердің панасы.

Ана деген - жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген - қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген - өмірдегі қамқорың.

Ана деген - сүйенерің жан құрбың.

О, адамдар қадірлей біл Ананы, елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.


Дарын:

Қыздар-ай қызыл жалау түзге ұстаған,қорғап тұрған шырылдап қызғыш далам

Сендер гүлге керемет ұқсағанмен, гүлдер бірақ көбірек қызға ұқсаған

Ш.Диас:

Қыздар, қыздар, көңілдің көк гүлдері, Көк гүлдердің көзге ыстық кептерлері.

Азаймаңдар, арулар жауқазындар, Азаймасын өмірдің көктемдері

Қ. Диас:

Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен, бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен

Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар, жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.

Абылай: Қыздар, қыздар, кімсіңдер? Күлімдеген күнсіңдер

Шұғылалы шуақты, таңғажайып дүрсіңдер.

Саят: Қыздар, қыздар, кімсіңдер? Мына бізбен бірсіңдер

Осынау дархан өмірді, Думандатып жүрсіңдер

Тұрлыхан: Қыз сұлу көрінеді қылығымен, Жарыса төгілген қос бұрымымен

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы, Қыз сұлу көрінеді білімімен

Нұрмахан: Қыз сұлу көрінеді шашыменен, Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен

Қыз сұлу көрінеді толған айдай, Он беспен он сегізде жасыменен.

Ізгілік:

Ұрпағыңның ойласаң болашағын, қызды сыйла, жамағат қызды сыйла

Деп біздің қыздарға деген сыйымызды қабыл алыңыздар


Қ. Диас:


Ақ сүтінен жаралған, ақ сүтінен нәр алған

Анаға бас иеміз

Туған елдің тілі деп, Туған жердің үні деп

Анаға бас иеміз


Мұғалім: Елін, жерін сүйетін ей, адамдар! Алдымен ананы аялаңдар!!!

дей отырып мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.

Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Атырау облысы Исатай ауданы Х. Ерғалиев ауылы Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебі
Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің 9-сынып оқушысы Қадылжанова Гүлнәрдің «Исатай ауданының топырақ экологиясы» атты ғылыми...
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі iconМазмұны Кіріспе. І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол мекенінде өткізілген туристік экологиялық жарыс
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі iconПрограмма углубленного изучения казахского языка орыс тілінде жалпы орта білім беретін
Бағдарлама Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, жалпы орта білім беру ғылыми –зерттеу институты даярлаған «Орыс, ұйғыр,...
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі iconОңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бірлік елді-мекені №100 Ә. Жанкелдин атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каюпова Сабира Жылгелдіқызының қысқа мерзімді жоспары

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі iconОңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Раң ата ауылы, Б. Батырбекова атындағы орта мектеп

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі iconЕкібастұз қалалық әкімдігінің білім бөлімінің №4 жалпы орта білім беретін мектеп
«Екібастұз қалалық әкімдігінің білім бөлімінің №4 жалпы орта білім беретін мектеп» Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алу бойынша...
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі iconЖалпы орта мектептің математика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру ниязымбетов А. Д., Бүркіт Ә.Қ
...
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі icon2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама)
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі icon2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама)
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемесі icon2015-2016 ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 18 мамырдағы №4 хаттама)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница