Диплом жұмысының маңыздылығы. Синтаксистің үлкен бір саласы құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер»




НазваниеДиплом жұмысының маңыздылығы. Синтаксистің үлкен бір саласы құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер»
страница1/4
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.55 Mb.
ТипДиплом
источникhttp://www.diplomkaz.kz/wp-content/uploads/2013/03/Дип.-қазақ-тіліндегі-мезгіл-бағыныңқылы-сабақ
  1   2   3   4



Ф – ОБ - 001/033

М а з м ұ н ы

Кіріспе..........................................................................................................................3


І тарау. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың қолданыстағы көріністері мен жасалу жолдары.

1.1. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың зерттеулердегі сипаттамасы...............................................................................................................11

1.2. Ә. Нұрпейсовтің «Қан мен тер» трилогиясындағы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаласының жасалу жолдары...........................20


ІІ тарау. Трилогиядағы мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқылы және басыңқы компонентерінің мезгілдік жағынан өзара қарым – қатынастары

2.1. Трилогиядағы бір мезгілдес сабақтас құрмаластар...................35

2.2. Трилогиядағы әр мезгілдес сабақтас құрмаластар.........................42


Қорытынды..............................................................................................................49

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................55


Жұмыстың жалпы сипаттамасы


Диплом жұмысының маңыздылығы.


Синтаксистің үлкен бір саласы - құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романында жасалу жолдары мен қолданыстағы көріністері , бағыныңқы , басыңқы компонентерінің мезгілдік жағынан өзара - қатынастары теориялық тұрғыдан жаңаша қарауға ықпал етеді. Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың жетіліп отыруы әдеби тіліміздің баю, даму жолымен тығызы байланысты. Сол көріністердің мазмұн -сыры осы жұмысымызға негізгі арқау болды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:

Диплом жұмысын жазудағы мақсат – қазақ тіліндегі мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдердерің табиғаты мен мәнін, оның сөйлемде алатын орынын айқындау.

Диплом жұмысының міндетттері.

Диплом жұмысының көрсетілген мақсатына орай жұмыста мынадай нақты міндеттер қойылды:

  • романда кездесетін мезгіл бағыныңқылы сабақтастарға талдау жасап, жасалу жолдарын анықтау;

  • мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың мағыналық жағынан қарым – қатынастарын көрсету;

  • оларды өзіндік ерекшеліктері бойынша біртұтас жүйеге жинақтау;

  • мезгіл бағыныңқылы сабақтастардың қазақ тілінің тіл – сөйлеу жүйесінде алатын орны мен атқарылатын қызметтерін сипаттап анықтау.

Диплом жұмысында пайдаланылған әдістер.

Дағдылы лингвистикалық сипаттама, салыстыру, топтау, талдау әдістері қолданылады.

Диплом жұмысының құрылымы.

Орындалған жұмыс кіріспеден, екі тараудан , қорытынды мен пайдаланылған әдбиеттер тізімінен тұрады.


Кіріспе

Қазақ тіл білімі саласындағы ең көп қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі - құрмалас сөйлем синтаксисі.

Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, оқу бағдарламаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау - құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем - екі я одан да көп жай сөйлемдерден құралатын құрамды категория.

Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден құралады да, құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі -сөз, екіншісінің мүшесі - сөйлем. Бұл жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен қүрылысы, қүрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешілігі - олардың бірінің жеке бір ғана ойды біілдіріп, екшшісінің күрделі ойды білдіруінде.

Осы айтылған структуралық және мағыналық сипаттары жағынан алғанда, құрмалас сөйлемге екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғана ойды білдіретін сөйлемдер жатады. Сөйлем құрмалас болу үшін өз ішінен сөйлемдік бөлшектерге бөлінуі шарт.

Құрмалас сөйлем синтаксисіндегі күні бүгінге дейін кездесіп жүрген күрделі мәселелердің көбі оның сабақтас түрінен болады.

Сабақтас құрмалас сөйлем мәселесі тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркология бойынша күрделі проблемалардың бірінен саналады.

Сабақтас құрмалас сөйлемді дұрыс тану деген сөз мұның өзіне тән айырым белгілерін ғылыми жүйеде саралау болып шығады. Ал бұл жағдайдың өзі қазақ тіл білімі былай тұрсын, түркологиялық ілімде де басы ашылмаған мәселе. Құрмалас сөйлемді зерттеушілердің көбі сабақтасты айқындауда өзіндік түсінік, тұжырым мен әр түрлі критерийлер үсынады. Бұл ретте көптеген түркологтар сабақтас құрмалас сөйлемнің әрбір компонентінің айырым бастауышы болсын деген талапты бірінші орынға қойса, енді қайсыбіреулері басыңқы бөлшектен бөлек бағыныңқыда арнайы бастауыштың болуын басты меже тұтпайды. Сондай-ақ соңғы кездерде танылып жүрген интонациялық белгіні бір топ ғалымдар қолдаса, енді біреулері бүны бағыныңқыға тән айырым белгі ретінде қарамайды. Міне, осы жағдайларды ескере келіп, сабақтас сөйлемнің грамматикалық сипатын дұрыс тани білу үшін, оған тән айырым белгілерді саралап алу қажет. Ондай белгілерді Қ.Есенов мынадай деп саралайды:

1. Сабақтастағы әрбір сөйлемнің өзіне тән бастауышы мен баяндауышы болып, соған орай олардың субъект-предикаттық қатынасқа түсіп отыруы;

2. Бағыныңқы сөйлем баяндауышын басыңқымен байланыстыратын түрліше амал-тәсілдердің болуы. Олар - шартты рай, есімше, көсемше, қимыл есім формалары және осылармен қосыла айтылатын түрліше жалғаулықтар мен шылау сөздер.

3.Бағыныңқы сөйлемнің біршама да болса айырым ойға ие болып, басыңқыдағы ойдың мазмүнын түрлі жақтан айқындап тұруы.

4.Бағыныңқы компоненттің басыңқымен ұласпалы интонация арқылы айтылуы [1,175]

1. Тіл білімінде сөйлемнің сөйлем екендігін айқындайтын ең басты меже-предикаттық қатынастың болатындығы айтылады. Осыған орай түркологиялық ілімде де бағыныңқы сөйлемді айқындауда бұл белгі (предикаттық қатынас) соңғы кездерде таныла бастады.

Предикаттық қатынас - бастауыш пен баяндауыштың қатынасы. Олай болса, бұл байланысу бағыныңқы сөйлемдерден осындай бас мүшелердің болуын талап етіп отырады. Сөйлем ішінде болатын бастауыш кейде арнайы аййтыла бермейді, алайда оның барлығы баяндауыштың жіктік жалғау формасы арқылы белгілі болып тұрады. Мұндай заңдылық сабақтаста шартты рай тұлғасы арқылы жасалған бағыныңқыларда болады. Сондықтан мұндай сөйлемдердің баяндауышы арқылы әрі қимыл иесін біліп тұрамыз. Ал есімше, көсемше тұлғасы арқылы жасалған бағыныңқылар жайында мұны айтуға болмайды. Өйткені бұл сөйлемдерде предикаттық қатынастың орын алуы, шартты рай тұлғалы бағыныңқылардағыдай, баяндауыштың сөздің жалаң өзімен ғана емес, арнайы бастауыштың айтылуымен тығыз байланысты болады.

Бұл жай қазақ тілі бағыныңқыларын саралауда «предикаттық қатынас» болсын деген тұжырымның тым әлсіздеу де бір жақты екендігін аңғарта түседі. Сондықтан да есімше, көсемше тұлғалы сөйлемдердің де бағыныңқы болудағы қызметін ескере отырып, жалаң «предикаттық қатынас» деуден гөрі «субъект-предикаттық қатынас»деп айтқан дұрыс болар еді [1,176].

Сабақтас құрмалас сөйлемді айқындауда бүл критерий ең басты меже болып саналады. Өйткені кез келген конструкцияның сөйлем екендігін оның бойында субъект-предикаттық қатынастың бар-жоқтығы айқындап тұрады. Егер сөйлемнің бойынан мұндай қасиет табылса, онда оның сөйлемдік қүрылыста келгені де, ал табылмаса, ондай конструкцияның сөйлемдік дәрежеге жете алмағандығы белгілі болады.

Құрмалас сөйлемдегі бастауыш жайындағы ілімді одан әрі дамытқан және осы жайында кейбір толықтырулар енгізген адам профессор Н.К.Дмитриев болды. Автордың мүндай пікірі оның бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілерін айқындаумен тығыз байланысты еді [2, 245].

Профессор Н.К.Дмитриевше, сөйлемнің бағыныңқы бола алуы ондағы бастауыш пен баяндауыштың бар-жоқтығына қатысты келеді. Егер

де бағыныңқының өз бойында басыңқы сөйлемнен бөлек өз алдына бастауышы мен баяндауышы болса, автор мұндайды сабақтас құрмалас деп атайды. Кейінгі кездерде жарық көрген түркі тілдерінің еңбектеріндегі сөз болатын предикаттық қатынас осы Н.К.Дмитриевтің ілімімен ұштасып жатады. Автор мұндай предикаттық қатынасты сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының қиысып келуі негізінде түсіндіреді де, бұл қасиетке ие бола алмағандарын бағыныңқы сөйлемнің ауыспалы түрі деп қарайды.

Бағыныңқы сөйлемге тән болатын субъект-предикаттық қатынас жалпы сөйлем атаулыға қатысты ортақ заңдылықтардан шығады. Өйткені сабақтас құрмаластың компоненттерін (бағыныңқы, басыңқы) сөйлем дәрежесінде қарастыратын болсақ, олардан талап етілетін заңдылықтар жалпы сөйлем синтаксисінің нормасынан алынады.

Сабақтас құрмаластың бастауышы жайында ілімді саралай талдасақ, оның мазмүны толығырақ ашылады:

1) Бастауыштың қажеттілігін барлық бағыныңқы сөйлем түрлерінде бірдей қарау. Мұндай көзқарасты әсіресе профессор Ғ.Абдурахманов қолдайды.

Профессор Қ.Сартбаев бағыныңқы сөйлемнің өзіндік белгілерін айта келіп, ондағы болатын грамматикалық тұтастықты орынды көрсетеді. Мұндай грамматикалық тұтастық бағыныңқының бойында болатын бас мүшелермен айқындалады. [3,102]

Ал профессор Ғ.А.Абдурахманов сабақтас құрмаластағы бас мүшелердің қатынасын бағыныңқылардың барлық түрлерінен бірдей қажет етеді. Сөйтіп күні бүгінге дейін көптеген түркі тілдерінде сабақтас құрмалас деп танылып келген конструкцияны жай сөйлем деп түсіндіреді. [4,84]

Сол сияқты профессор Ч.Б.Алиев те сөйлемнің құрамында бастауыш біреу-ақ болса, мұндайды жай сөйлем деп қарайды. [5,131]

Қазақ тіл білімінің тұңғыш филолог-профессоры Қ.Жұбанов құрмалас сөйлемнің бас мүшелердің негізінде құралуын талап етіп еді:

«Күрделі сөйлем болу үшін күрделі мүшенің бастауышы да, баяндауышы да болуы шарт» [6,230]. Күрделі мүше деп бүл жерде қүрмалас сөйлемді айтып отыр.

2) Бастауышты бағыныңқы сөйлем түрлерінде саралай қолдану. Бұлар бастауыштың әрбір бағыныңқыда бірдей бола беруін талап етпейді, оны міндетті деп санамайды. Бастауышты саралай қолданудағы мұндай ғалымдардың қатарына Г.Саибатталов, М.Гаджиев, Н.Сауранбаев. Ғ. Бегалиев т.б. жатқызуға болады.

Башқұрт тілінің құрмалас сөйлем синтаксисін арнайы қарастырған профессор Г.Саибатталов бастауыш сөзінің бағыныңқыларда әрдайым бола бермейтінін, соған орай олар қүрылысы жағынан екі құрылымды болуымен қатар бір құрылымды да болып келетінін және осы бір құрылымды құрылыстың түркі тілдерінде басым екендігін айтады. Автор бастауыштың болуын есімшелі, көсемшелі бағыныңқы сөйлемдермен ғана байланыстыра қарайды [7,19].

Профессор М.З.Закиев сабақтас құрмалас сөйлемнің әрдайым екі құрылымды болып келуін айта отыра, кейде оның бір құрылымды да болуын теріске шығармайды [8,278].

Сабақтас құрмаластағы бастауыштың қажеттілігі, сонымен қатар кейде оның әрбір компонентте бола бермейтіндігін қазақ тіл ғалымдары да (С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев) айтқан еді.

Доцент С.Жиенбаев өзінің «Синтаксис мәселелері» атты еңбегінде құрмалас сөйлем компоненттерінен бастауыштарды талап ете отырса да, шартты рай тұлғасында келген бағыныңқылардың бір ғана бастауышқа ортақтасуын да айтады. Бұл жайды автордың осы бағыныңқыларға берген мысалдарынан көруге болады: Барсам да, таба алмадым [9,19].

Доцент Ғ.Бегалиев «Құрмалас сөйлем» атты еңбегінде шартты және қарсылықты бағыныңқылардың бір бастауышқа да ортақтасып келе беретіндігін ескертеді.

Профессор Н.Сауранбаев та бастауыштың ортақ болып келуін теріске шығармайды. Профессор Т.Қордабаев бағыныңқы сөйлемдердің бас мүшелердің негізінде құрылуын қолдайды [24,267].

3) Бағыныңқы сөйлемді айқындауда бастауыш меже бола алмайды.

Бұлар сөйлемнің сабақтас екендігін ажыратуда бастауышты негізгі тірек қылмай, баяндауышқа арқа сүйейді, сондықтан баяндауыштың болуын басшылыққа алады. Мұндай ілімді жақтаушылардың қатарына Н.П.Дыренкова, М.Ш.Ширалиев, С.Аманжолов, М.Балақаев, т.б. жатқызуға болады.

Сөйтіп бір топ ғалымдар бағыныңқы сөйлемнің критерийін айқындауда баяндауыш мүшені ең негізгі басты меже ретінде ұсынды. Бұл ретте бастауыштың әр компонентте де бола бермей, оның ортақтаса айтылуына мүмкіндік беріледі. Осы турасындағы ілімнің әлі де болса тұрақталмағанын байқауға болады.

2. Баяндауыш - сөйлем сабақтастырудағы негізгі орталық. Сабақтас қүрмаластағы синтаксистік компоненттер субъект предикаттық қатынастың негізінде белгілі бір форма арқылы өзара тығыз байланысқа түседі. Бүл ретте жай сөйлемдердің арасын құрмаластырып, оларды бір бүтіннің қарамағына түсіруде бағыныңқының баяндауышы елеулі қызмет атқарады. Сондықтан да ол сабақтас сөйлемдегі негізгі орталық, аралық баспалдақ болып саналады. Олай болса, бағыныңқының баяндауышы - жалпы сабақтас құрмалас сөйлемнің типтерін жасаудағы негізгі көрсеткіш, ең қажетті байланыстырғыш элемент ретінде танылады.

3. Бағыныңқы сөйлемнің дербес ойға ие бола алуы.

Сабақтас құрмалас сөйлемге тән болып келетін бүл белгі ондағы оқиға желісінің субъект-предикаттық қатынастың негізінде құралуымен тығыз байланысты. Осындай байланыстың қарамағына түскен әрбір синтаксистік компоненттер өзіндік айырым ойға ие болып түрады. Мұндай әрбір жеке ойлар бірін-бірі толықтырады, айқындайды, біріншідегі ой арқылы екіншісінің мазмұны ашылады. Бұл ретте әсіресе бағыныңқы компонент айрықша мәнге ие болады. Өйткені негізгі сөйлемде баяндалған түпкі ойдың мазмұны бағыныңқыдағы дербес оймен байланысты келеді. Сабақтас сөйлемнің бағыныңқы компоненті басыңқыда хабарланған ойдың шартын, мезгілін, себебін т.б. мағыналық белгілерін білдіріп тұрады деуіміз де осыдан.

Бағыныңқы сөйлемде дербес ойдың болуы жайында ең алғаш пікір айтқан адамдардың бірі - профессор Н.К.Дмитриев еді: [2,192-бет]. Кейіннен бұл пікір әр зерттеушілер тарапынан қолдау тапты. Бұлардың қатарына М.Ш.Ширалиев, Н.Сауранбаев т.б. жатқызуға болады.

4. Бағыныңқы сөйлемнің өз басыңқысымен ұласпалы интонацияда айтылуы.

Кез – келген сабақтас құрмалас сөйлем өз құрамындағы синтаксистік компоненттердің ыңғайына қарай айтылу барысында интонациялық жікке ие болып тұрады. Мұндай интонациялық құбылыс жеке сөйлемдер арасын селбестіруде елеулі қызмет атқарады. Бағыныңқы сөйлемде болатын дауыс екпіні оның баяндауыш тұлғасымен тығыз байланыстырыла қаралады. Өйткені интонациялық жік бағыныңқыдағы осы баяндауыш сөзінің басыңқымен байланысқа түскен жерінде болып отырады.

Құрмалас сөйлемдегі интонация ұластырушы мәнге ие болып, екі жай сөйлемнің басын бір жерге қосуда елеулі қызмет атқарады. Сабақтас құрмаластағы интонация жөнінде профессор М.Балақаевтың пікірі назар аударарлықтай. Автор өзінің «Сабақтас сөйлемнің ерекшеліктері» атты мақаласында сөйлем атаулыда болатын интонациялық құбылыстың барлығын бірдей тең дәрежеде қарауға болмайтынын, олардың әр сөйлемде өзіндік қызметі барлығын ескертеді: «Сөйлемнің айтылу интонациясы ұластырушы болса, онда ол сөйлемнің бағыныңқы болғаны. Сөйлемдегі сөздер тобы ырғақты үнмен, түрлі әуенмен және кідіріс жасалып айтылса, олар сөйлем ішіндегі сөйлем болмай, жай сөйлемнің бөлшектері» болғаны.

Сабақтас құрмалас сөйлемдегі интонациялық белгіні әңгіме қылғанымызда, оның сөйлемдер арасын байланыстыратын тәсілдік қызметін де ескергеніміз жөн.

Сабақтас құрмалас сөйлемдердің бойынан осы аталған төрт критерийдің де орын алуы қажет. Егер де олардың біреуі сөйлем бойынан табылмаса, оның сабақтас та бола алмағандығы. Олай болса, бағыныңқы сөйлемге тән болып келетін басты белгілерді талап етіп отыр - жалпы сабақтас құрмаластың грамматикалық құрылысын дұрыс тани білуге мүмкіндік жасайды.

  1   2   3   4

Похожие:

Диплом жұмысының маңыздылығы. Синтаксистің үлкен бір саласы құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» icon1.Қай бірыңғай мүшеден кейін үтір қойылады?
Берілген сөйлемдердің қайсысы аралас құрмалас сөйлемнің соңғы басыңқы сөйлемі бола алады?
Диплом жұмысының маңыздылығы. Синтаксистің үлкен бір саласы құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» iconОқытушы: Кумакбаева. Г науаи – 2013 Тақырып: Құрмалас сөйлем синтаксисiнен берiлетiн бiлiм көлемi және оны оқытудың жүйесi. Жоспар
Тақырып: Құрмалас сөйлем синтаксисiнен берiлетiн бiлiм көлемi және оны оқытудың жүйесi
Диплом жұмысының маңыздылығы. Синтаксистің үлкен бір саласы құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» iconДиплом жұмысы
Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында...
Диплом жұмысының маңыздылығы. Синтаксистің үлкен бір саласы құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» iconСабақтың тақырыбы
Білімділік: оқушылардың қазақ тілін зерттеген ғалымдар туралы білімдерін қорытындылай отырып, құрмалас сөйлем туралы білімдерін,...
Диплом жұмысының маңыздылығы. Синтаксистің үлкен бір саласы құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» iconМазмұны
Синтаксис – сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркесін, сөйлем және оның түрлерін, сөйлем мүшелерін зерттейтін тіл...
Диплом жұмысының маңыздылығы. Синтаксистің үлкен бір саласы құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» iconБарлығы – 135 сағат Орал, 2011ж
«Қазіргі қазақ тілі. Құрмалас сөйлем синтаксисі» пәнінен оқу-әдістемелік кешен. 2007ж Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті...
Диплом жұмысының маңыздылығы. Синтаксистің үлкен бір саласы құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» iconДиплом жұмысы
Н. Сауранбаев, Ғ. Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне...
Диплом жұмысының маңыздылығы. Синтаксистің үлкен бір саласы құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» iconҚарағанды облысы, Қаражал қаласы
Мақсаты: Оңтүстік Қазақстан жайында білімдерін арттыру,құрмалас сөйлем түрлерін қайталау,қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту:...
Диплом жұмысының маңыздылығы. Синтаксистің үлкен бір саласы құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» iconҚан Қан – ашық қызыл түсті сұйықтық, ол тұйық тамырлар жүйесінде айналады және дәнекер ұлпасының бір түрі болады. Органихмде 5 л қан болады. Қан құрамы
Организмнің ішкі ортасына қан, лимфа және ұлпа сұйықтығы жатады.ішкі ортанын салыстырмалы химиялық құрамы мен физика-химиялық тұрақтылық...
Диплом жұмысының маңыздылығы. Синтаксистің үлкен бір саласы құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бір түрі мезгіл бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница