«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті




Скачать 195.23 Kb.
Название«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Дата конвертации14.02.2016
Размер195.23 Kb.
ТипРегламент
источникhttp://www.pavlodar.gov.kz/upload/files/Reglamenty/10_2014/Vydacha_arxivnyx_spravok_kaz.rtf


Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы 10 сәуірдегі

№ 102/4 қаулысымен бекітілді


«Мұрағаттық анықтамалар беру»

мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер


1) «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаттары (бұдан әрі – қызметті беруші) 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы; шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы; «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2) Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

3) Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

көрсетілетін қызметті берушіде, ХҚКО-да – мұрағаттық анықтамаларды беру;

порталда – мұрағаттық анықтамалардың дайын екені туралы хабарлама.


2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісіндегі

қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібін сипаттау


1) Мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-әрекетін) бастау үшін негіздеме жеке және заңды тұлғаның (бұдан әрі – қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 183 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 9-тармағында қарастырылған құжаттардың толық жиынтығы қоса берілген өтініш болып табылады.

2) Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінің құрамына жататын рәсімдер (іс-әрекеттер) мазмұны, орындау ұзақтығы (мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің әрекет ету тәртібі, үдерістер (іс-әрекеттер) және оларды орындау кезектілігі, соның ішінде барлық үдерістерден (іс-әрекеттерден) өту кезеңдері):

қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің келіп түскен құжаттарды қабылдап, тіркеуі, басшыға келіп түскен сәттен 15 (он бес) минутта қарауға ұсынуы;

қызметті берушінің басшысының келіп түскен құжаттарды қарауы және қаралған құжаттарды келіп түскен сәттен 1 (бір) күнтізбелік күнде қызметті берушінің тиісті бөлім басшысының қарауына жіберуі;

қаралған құжаттарды келіп түскен сәттен 1 (бір) күнтізбелік күнде қызметті берушінің бөлім қызметкеріне орындау үшін тапсыруы;

қағаз түріндегі мұрағаттық анықтаманы беруге дайындау және нәтижені қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберуі – келіп түскен күннен 10 (он) күнтізбелік күн, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымның құжаттарын, сонымен қатар бес жылдан астам уақыт аралығындағы құжаттарды қарау қажеттілігі болған жағдайда қызмет беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартады, ол туралы қызмет алушыға құжаттар тіркелген күннен бастап 3 (үш) күнде хабарланады;

қызметті берушінің басшысының нәтижеге қол қоюы және оны келіп түскен сәттен 15 (он бес) минутта қызметті берушінің кеңсесіне жіберуі;

қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің қызметті берушінің басшысының қолы қойылған құжатты келіп түскен сәттен 1 (бір) күнтізбелік күнде қызметті алушыға немесе ХҚКО-ға немесе портал арқылы жіберуі.

3) Мемлекеттік қызметті көрсету процедурасының нәтижесі мұрағаттық анықтаманы беру болып табылады.


3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісіндегі

қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)

өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау


1) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

қызметті берушінің басшысы;

қызметті берушінің бөлім басшысы;

қызметті берушінің бөлім маманы.

2) Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасында және 3-қосымшасына сәйкес әр рәсімнің өту блок-схемасында көрсетілген.


4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау


1) ХҚКО-ға және (немесе) басқа қызметті берушілерге жүгіну тәртібі, қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы.

мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушылар ХҚКО-ға және (немесе) басқа қызметті берушілерге жүгінген кезде стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

Қызметті алушының сұранысын өңдеу ұзақтығы – 15 (он бес) минут.

2) ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу үдерісінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды ұсынады;

ХҚКО инспекторы қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды, тіркейді және құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат немесе стандарттың 10-тармағына сәйкес себептерін түсіндіре отырып құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы негізделген жауап береді;

қабылданған құжаттарды жинақтаушы секторға жібереді;

жинақтаушы сектордың инспекторы құжаттарды тіркейді, штрих-код сканерінің көмегімен бекітеді;

жинақтаушы сектор құжаттарды курьерларға тапсырады.

Мемлекеттік қызмет «электрондық» кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады. Құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етілетін уақыт – 15 (он бес) минут, қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін уақыт – 15 (он бес) минут.

Құжаттарды ХҚКО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беретін күні (уақыты) мен орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде ХҚКО мен қызметті берушінің өзара әрекеттер кезеңдері:

курьер құжаттарды қызметті берушіге ұсынады;

сұраныс орындалғаннан кейін ХҚКО курьеры мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алып кетеді;

курьер алынған нәтижені жинақтаушы сектордың инспекторына береді;

жинақтаушы сектордың инспекторы нәтижені штрих-код сканерінің көмегімен бекітеді, беру секторына тапсырады;

беру секторының инспекторы қызметті алушыға мұрағаттық анықтаманы немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауапты береді. Мұрағаттық анықтаманы алуды күту үшін рұқсат етілетін уақыт – 15 (он бес) минут, қызмет көрсету үшін рұқсат етілетін уақыт – 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу стандарттың 8-тармағы 2-тармақшасында қарастырылған тәртіп бойынша іске асырылады.

3) Мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-ның ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ) арқылы көрсеткен кездегі ХҚКО және қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдер (іс-әрекеттер) кезеңдерінің сипаттамасы.

Мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы алу және ХҚКО ЫАЖ-да ХҚКО қызметкерлерінің қызмет алушының сұранысын тіркеу және өңдеу барысындағы іс әрекет схемасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-әрекеттер диаграммасында (№2 диаграмма) көрсетілген:

1-үдеріс – ХҚКО операторының халыққа қызмет көрсету орталығына арналған ақпараттық жүйенің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ХҚКО ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);

2-үдеріс – ХҚКО операторының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдап алу, экранға сұраныс үлгісін шығару, ХҚКО операторының қызметті алушының деректерін немесе сенімхат бойынша қызметті алушы өкілінің деректерін (нотариуспен расталған сенімхат болған жағдайда, басқа сенімхат болған жағдайда – бұл деректер енгізілмейді) енгізуі;

3-үдеріс – қызметті алушының деректері туралы сұранысты «электрондық үкімет» шлюзы арқылы (бұдан әрі – ЭҮШ) «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерек қорына (бұдан әрі – ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ), сонымен қатар, бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – БНАЖ) жіберу;

1-шарт – қызметті алушының деректерінің ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ-да, сенімхат деректерінің БНАЖ-да болуын тексеру;

4-үдеріс – қызметті алушының деректерінің ЗТ МДҚ/ЖТ МДҚ-да, сенімхат деректерінің БНАЖ-да болмауына байланысты деректерді алу мүмкіндігінің жоқтығы туралы хабарламаны құрастыру;

5-үдеріс – ХҚКО операторының сұраныс нысанын қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы бөлігі бойынша толтыруы, құжаттарды сканерлеу, оларды сұраныс нысанына жапсыру, оларды электрондық цифрлық қолтаңбамен растау (бұдан әрі – ЭЦҚ);

6-үдеріс – ХҚКО операторының ЭЦҚ расталған электрондық құжатты (қызметті алушының сұранысын) ЭҮШ арқылы қызметті берушінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – АЖО) жіберу;

7-үдеріс – электрондық құжатты қызметті берушінің АЖО-да тіркеу;

2-шарт – қызметті алушының қоса берген құжаттарының стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізіміне және қызмет көрсету негіздемелеріне сай келуін тексеру (өңдеу);

8-үдеріс – қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

9-үдеріс – қызметті алушының қызмет нәтижесін (мұрағаттық анықтаманы) ХҚКО операторы арқылы алу;

4) Мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсеткен кездегі қызметті беруші мен қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдер (іс-әрекеттер) кезеңдерінің сипаттамасы.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу схемасы және жүгіну, рәсімдер кезеңдерінің тәртібі осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекетерінің диаграммасында (№3 диаграмма) көрсетілген:

қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің/бизнес-сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН/БСН) және парольдің (порталда бұрын тіркелмеген қызметті алушылар үшін) көмегімен порталда тіркеледі;

1-үдеріс – қызметті алушының ЖСН/БСН-ның және парольді (авторизация үдерісі) порталға енгізуі;

1-шарт – ЖСН/БСН мен пароль арқылы порталда тіркелген қызметті алушы туралы деректердің дәлелдігін тексеру;

2-үдеріс – қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

3-үдеріс – қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, сұраныс нысанын экранға шығару және қызметті берушінің оның құрылымы мен форматты талаптарын ескере отыра оны толтыруы (деректерді енгізу), сұраныс нысанына стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың электрондық түрдегі көшірмелерін қоса беру, сонымен қатар қызметті алушының сұранысты растау (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін алуы;

2-шарт – порталда ЭЦҚ қызмет ету мерзімін және оның күші жойылған куәліктер тізімінде болмауын тексеру, сонымен қатар сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН) тексеру;

4-үдеріс – қызметті алушы ЭЦҚ-ның түпнұсқа болмауына байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

5-үдеріс – сұранысты қызмет аулышының ЭЦҚ арқылы куәландыру және электрондық құжатты (сұранысты) қызмет берушінің өңдеуіне ЭҮШ арқылы қызмет берушінің АЖО-ға жіберу;

6-үдеріс – электрондық құжатты қызмет берушінің АЖО-сында тіркеу;

3-шарт – қызметті берушінің қызметті алушы қоса берген құжаттардың стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізіміне және қызмет көрсету негіздемелеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

7-үдеріс – қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

8-үдеріс – қызметті берушінің АЖО құрастырылған қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы мұрағаттық анықтаманың дайындығы туралы хабарлама) қызметті алушының алуы. Электрондық құжат қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып құрастырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті берушінің өңдеу тәртібі мен рәсімдері кезеңдерінің сипаттамасы.

Мемлекеттік қызметті қызметті беруші арқылы алу схемасы және жүгіну тәртібі, рәсімдер кезеңдері осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекетерінің диаграммасында (№1 диаграмма) көрсетілген:

1-үдеріс – қызметті беруші қызметкерінің қызметті көрсету үшін қызметті берушінің АЖО-на ЖСН/БСН мен парольді енгізуі (авторизация үдерісі);

2-үдеріс – қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызмет түрін таңдап алуы, экранға қызметті көрсету сұраныс нысанын шығару және қызметті беруші қызметкерінің қызметті алушының деректерін енгізуі;

3-үдеріс – қызметті алушының деректері туралы сұранысты ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-ға жіберу;

1-шарт – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да қызметті алушы деректерінің болуын тексеру;

4-үдеріс – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да қызметті алушының деректері болмауына байланысты деректердің алуы мүмкін еместігі туралы хабарламаны құрастыру;

5-үдеріс – қызметті берушінің қызметкерінің сұраныс нысанын қызметті алушы ұсынған қағаз негіздегі құжаттардың болуы бөлігі бойынша толтыруы, оларды сұраныс нысанына жапсыру және қызметті көрсетуге толтырылған сұраныс нысанын ЭЦҚ-мен растау (мәліметтерді енгізу);

6-үдеріс – электрондық құжатты қызметті берушінің АЖО-да тіркеу;

2-шарт – қызметті берушінің қоса берген құжаттардың стандартта көрсетілген құжаттар тізіміне және қызмет көрсету үшін негіздемелерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

7-үдеріс – қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұратылған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

8-үдеріс – қызметті алушының қызмет нәтижесін (мұрағаттық анықтаманы) алуы.






«Мұрағаттық анықтамалар беру»

мемлекеттік қызметін көрсету регламентіне

1-қосымша



Мемлекеттік мұрағаттардың мекенжайлары





Мекеменің атауы

Мекенжайы

Телефондар

1

Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты

Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі, 51/1

Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 62/1

gosarchiv2011@mail.ru

8 (7182)

32-10-52

8 (7182)

62-18-51

2

Жеке құрам жөніндегі

Павлодар қалалық мұрағаты

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25

kense.oar.ap@pavlodar.gov.kz

8 (7182)

32-72-48

3

Екібастұз қаласының мемлекеттік мұрағаты

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергостроителей көшесі, 7

arh-ekb@mail.ru

8 (7187)

33-48-74

4

Ақсу қаласының мемлекеттік мұрағаты

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Камзин көшесі, 14

aksu_arhiv@mail.ru

8 (718-37)

6-54-50

5

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Ақтоғай бөлімі

Павлодар облысы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 72

aktogaiarchiv@mail.ru

8 (718-41)

2-11-44

6

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Баянауыл бөлімі

Павлодар облысы, Баянауыл ауылы, Бектұров көшесі, 27

bayanaularchiv2011@yandex.kz

8 (718-40)

9-15-70

7

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Железин бөлімі

Павлодар облысы, Железинка ауылы, Космонавтов көшесі, 2

zhelezinkaarchiv@mail.ru

8 (718-31)

2-22-55

8

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Ертіс бөлімі

Павлодар облысы, Ертіс ауылы, Бөгенбай көшесі, 97

irtyshskarchiv@mail.ru

8 (718-32)

2-10-16

9

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Качиры бөлімі

Павлодар облысы, Теренкөл ауылы, Гагарин көшесі, 15

kachiryarchiv@mail.kz

8 (718-33)

2-46-27

10

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Лебяжі бөлімі

Павлодар облысы, Аққу ауылы, Амангелді көшесі, 69

lebyajearchiv@mail.ru


8 (718-39)

2-12-15

11

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Май бөлімі

Павлодар облысы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 34а

mayskarchiv@mail.ru

8 (718-38)

9-13-42

12

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Успен бөлімі

Павлодар облысы, Успенка ауылы, Баюк көшесі, 42

uspenkaarchiv@mail.ru

8 (718-34)

9-14-98

13

Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Шарбақты бөлімі

Павлодар облысы, Шарбақты ауылы, Ленин көшесі, 33

sherbaktyarchiv@yandex.kz

8 (718-36)

2-12-05

«Мұрағаттық анықтамалар беру»

мемлекеттік қызметін көрсету регламентіне

2-қосымша


Әрбір рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) тәртібін сипаттау





Рәсімдердің (әрекеттердің) тәртібін сипаттау

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Іс-әрекеттің (қадамның, жұмыс ағынының) №

1

2

3

4

5

6

2

Құрылымдық бөлімшенің (қызметкерлердің) атауы

Қызмет берушінің кеңсе қызметкері

Қызмет берушінің басшысы


Қызмет берушінің бөлім басшысы


Қызмет берушінің бөлім маманы

Қызмет берушінің басшысы

Қызмет берушінің кеңсе қызметкері

3

Рәсімнің (әрекеттің) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттарды тіркеу


Құжаттарды қарастыру

Құжаттарды қарастыру

Мұрағаттық анықтаманы беруге дайындау

Нәтижеге қол қою

Нәтижені қызметті алушыға жолдау

4

Аяқталу нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Құжаттарды басшылыққа қарастыруға тапсыру

Құжаттарды тиісті бөлімнің басшысына жолдау

Бөлім маманына орындауға тапсыру

Нәтижені басшылыққа қол қоюға жолдау

Кеңсеге жолдау

Мұрағаттық анықтаманы беру

5

Орындау мерзімі

15 (он бес) минут

1 (бір) күнтізбелік күн

1 (бір) күнтізбелік күн

10 (он) күнтізбелік күн

1 (бір) күнтізбелік күн

15 (он бес) минут




«Мұрағаттық анықтамалар беру»

мемлекеттік қызметін көрсету регламентіне

3-қосымша



Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу схемасы

қызмет берушіге жүгіну кезінде




«Мұрағаттық анықтамалар беру»

мемлекеттік қызметін көрсету регламентіне

4-қосымша



Мемлекеттік қызметті қызметті беруші арқылы көрсету кезінде функционалдық өзара іс-әрекеттің № 1 диаграммасы

Қызмет беруші


Мемлекеттік қызметті ХҚКО АЖ АЖО арқылы көрсету кезінде функционалдық өзара іс-әрекеттің № 2 диаграммасы


ХҚКО операторы


Мемлекеттік қызметті Портал арқылы көрсету кезінде функционалдық өзара әрекет етудің № 3 диаграммасы


Қызмет алушы

Шартты белгілер:



Бастапқы хабарлама



Аяқтаушы хабарлама



Аралық хабарлама



Аяқтаушы қарапайым оқиға



Қате










Ақпараттық жүйе




Үдеріс





Шарт





Хабарлама ағыны





Басқару ағыны



Соңғы тұтынушыға ұсынылатын қағаз тасымалдағыштағы құжат

Похожие:

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартына
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Ұлттық мұрағаты
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге қойылатын бірыңғай талаптар
Аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру мемлекеттік қызмет регламентін әзірлеуге...
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті iconҚызылорда облысы әкімдігінің
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2315 қаулысымен бекітілген «Мұрағаттық анықтамалар беру» стандарты негізінде...
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету...
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Алматы қаласының жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті iconАзаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш берушiге азаматтық...
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Жеке меншік құқығын беретін актілер ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету...
«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті Негізгі ұғымдар
«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» азаматтардың жеке селолық округі аумағында тұрғылықты тұратын және қосалқы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница