ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені




НазваниеПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені
страница6/19
Дата конвертации14.02.2016
Размер2.6 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://edu.semgu.kz/ebook/umkd/5e4f178e-3bc7-11e3-9713-f6d299da70eekz_Кәсіби қазақ тілі.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19



1-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.

Компьютерлер есептеу операцияларының күрделі қатарларын адамның қатысуынсыз, алдын ала көрсетілген нұсқаулық-бағдарлама бойынша ........
Есептеуіш техниканың қазіргі тарихының негізі 1943 жылы «Марк-І» машинасының......

Қазіргі кезде компьютерлер көмегімен сандық есептеулер жүргізіліп қана қоймайды, баспаға кітаптар ....., музыка, суреттер, кинофильмдер...., заводтар мен ғарыштық кемелерді ......

Бүгінде компьютерлердің бесінші буыны ЭЕМ-нің суперкомпьютерлер, мейнфреймдер, серверлер және дербес компьютерлер сияқты негізгі түрлерін ... . 


Фразеологизмдер

Фразеологизмдер – тұрақты тіркескен, құрамындағы сөздердің орындарын ауыстыруға болмайтын, лексикалық толық мағына беретін сөз тіркестерінің бір түрі. Фразеологизмдер сөздің көркемдік мәнерін арттырады. Сондықтан көркем әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Мысалы, ұзын құлақ – хабар (молва, весть, слухи), құлақ салу – тыңдау (слушать), құлағым сізде – тыңдап тұрмын (слушаю Вас), он саусағынан өнер тамған – шебер (мастер на все руки), қой аузынан шөп алмас – момын немесе жуас (тихий, мухи не обидет), қас пен көздің арасында – жылдам, лезде, тез (мгновенно, быстро) т.б.


2-тапсырма. Жаттап алыңыз, ситуациялық жағдаят құрыңыз.

Ақ сөйле – говори правду, ақылынан адасу – сходить с ума, ала ауыз болу – быть в разногласии, алып қашты сөз – слухи, арзан қол – дешевый, ат құлағында ойнау – лихо скакать на коне, атар таң көрер күн жоқ – невыносимые условия жизни, ат басын тіреу – остоновиться для отдыха, ата жау – кровный враг, аталы сөз – слово-назидание, атам заманнан – издавна, аты жер жару – стать очень знаменитым, қол ұшын беру – оказывать помощь, аузы ауызына жұқпау – говорить очень быстро, ауызы ауыр – неразговорчивый, аузы берік – держать язык за зубами, аузына қарату – завоевать, всеобщее уважение, аяғын аспаннан келтіру – побеждать в споре, ашса алақанында, жұмса жұдырығында – добиваться полного подчинения, ауызыңа май, астыңа тай – да сбудутся твои слова.

3-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін тауып, сұхбатты аударыңыз.

  • Қайрат, сен өзің ақылыңнан адасқансың ба?

  • Неге олай дедің ?

  • Жолдастарыңмен ала ауыз болып не көрінді?

  • Кімнен естідің ?

  • Бәрі айтып жүр ғой.

  • Оның бәрі алып қашпа сөз, сенбе. Алмат, аталы сөз бар емес пе? Көзің жетпейінше ешкімді кінәлауға болмайды.

  • Қайрат, рас айтасың.

  • Мен аузым берік адаммын, болған істі ешкімге айтпаймын. Ал олар айналасын ауызына қаратқысы келеді, ашса алақанында, жұмса жұдырығында болса деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Олар дұрыс жолмен жүрсе игі еді. Мен ешкімге жаманшылық тілемеймін. Қайта қиыншылықта қол ұшымды берсем деймін.

  • Дұрыс, Қайрат. Сендей кешірімді адамдар көп болса екен!


4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Программное обеспечение. Компьютер – это машина, которая, команда за командой выполняет то, что ей приказано. Набор таких команд – это программа. При смене программы вся работа компьютера меняется: то он играет в шахматы, то редактирует книгу, то рассчитывает зарплату. Для игр – свои программы. Программа кодируется и хранится в памяти компьютера так же, как любая другая информация – в виде одного или нескольких файлов.

Языки программирования. Чтобы компьютер «понимал» программы, их записывают, используя определённые слова и знаки ­– «язык» программирования. Таких языков много: Бейсик, Си, Паскаль и другие. У каждого свои достоинства.

«Вирус» - это программа, которая разрушает память компьютера, мешает его работе. С вирусами можно бороться. Для этого используют антивирусные программы.


* * *


Тәрбиелік мәнін ашыңыз.

Бір елдің бас әкімі өзіндей бір баймен жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кедей өтеді. Ол өтіп бара жатып иіліп бас ұрып сәлем берді. Оған қарсы әлгі үлкен онан да төменірек иіліп сәлем алады.

Қасындағы бай:

  • Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, қайдағы бір кедейге неге сонша иілдіңіз? – деп сұрапты.

Сонда әкім:

  • Ешбір ілім үйренбеген кедей сонша иіліп әдептілік көрсеткенде мен онан да әдепсіз болып қалайын ба ? – депті.



&&

$$$003-006-002$3.3.6.2 №6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Компьютер деген не?

2. Компьютерлердің қандай түрлерін білесіздер?

3. Компьютер қалай жұмыс істейді?

4. Құрылысы бойынша компьютерлердің қандай түрлері бар? Сізге қандай түрі ұнайды?


&&&

$$$003-007-000$3.3.7 Практикалық сабақ №7

Компьютерлік бағдарламалар. Көнерген сөздер мен неологизмдер.

&&&

$$$003-007-001$3.3.7.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:

  • Бағдарламаның үш түрі бар: қолданбалы – пайдаланушылардың жұмыс істеуі үшін, жүйелілік – қолданбалы бағдарламаның жұмыс істеуі үшін, аспаптық – жаңа бағдарлама жасау үшін, осы бағдарламаларға қазақша сипаттама беріңіз;

  • Көнерген сөздердің анықтамасын жаттап алыңыз, берілген тапсырмаларды орындаңыз.



Әдістемелік нұсқау


Компьютерлік бағдарламалар

Біз бәріміз бала кезімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, адамдармен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз.

XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.

Алғашқы компьютерлер үлкен бөлменің ауқымындай болды, оны ЭЕМ (электронды есептеу машинасы) деп атады.

Дербес компьютерлер ақпараттарды сақтауға, оны өңдеу кезінде есептеуді жеңілдетуге арналған. Дербес компьютерлердің жұмыс істеуі, оған «бағдарлама» деп аталатын арнайы нұсқауларды ендірмей мүмкін емес. Бағдарламаның үш түрі бар: қолданбалы – пайдаланушылардың жұмыс істеуі үшін, жүйелілік – қолданбалы бағдарламаның жұмыс істеуі үшін, аспаптық – жаңа бағдарлама жасау үшін.

Жүйелік бағдарламасының ең күрделісі – операция орындау жүйесі (Microsoft фирмасының MS, DOS, Windows 95 және Windows NT Workstation). Олар компьютерді басшылыққа алып, бағдарламаны іске қосады және мәліметтің сақталуын қамтамасыз етеді.

1952 жылы АҚШ-та пайдаланушылардың ақпараттарды іздеуге және өзара алмасуға қолайлы Интернет компьютерлік желісі құрылады. Нәтижесінде Интернет планетадағы барлық компьютерлік желілердің басын қосатын дүниежүзілік «өрмекші торға» айналады.

XXI ғасырда барлық қоғамның қалыптасуы үшін шешуші рөл информатика мен компьютерлендіруге түсіп отыр. Онда негізгі бағалы зат ақпарат болмақ. Осы мақсатта «Қазақстан 2030» даму жолындағы Президенттік стратегияда елімізде ғылым, басқару, және оқу-ағарту салаларында компьютерлік базаны кеңінен ендіру көзделіп отыр.


Жаңа сөздерді жаттаңыз.

электронды есептеу машинасы – электронно-вычислительная машина

ақпараттарды сақтауға – для хранения информации

арнайы нұсқауларды ендірмей – без ввода специальных инструкции

қолданбалы – прикладные

жүйелілік – системные


аспаптық – инструментальные

мәліметтің сақталуын қамтамасыз етеді – обеспечивают защиту данных

ақпараттарды іздеуге – для пойска информации

«Өрмекші тор» - паутинная сеть

шешуші рөлрешающая роль




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Похожие:

ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 090140...
ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
Пәннің-оқу әдістемелік кешені Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі әзірлеген және ұсынған 050114...
ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – I
Пәннің оқу әдістемелік кешені «Цитология» бойынша 050113 – «Биология» мамандығы типтік оқу бағдарламасы. Алматы, 2005ж. (типтік бағдарлама...
ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені
Берілген құжатқа сәйкес пән бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі процедураларын жүйелеп, реттейді және «Қаржы» кафедрасында...
ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені icon«Ежелгі дүние тарихы» пәнінің оқу- әдістемелік кешені №1 Басылым 18. 09. 2013 ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені
...
ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені пәнінің ОҚытушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы семей – 2012 Мазмұны
Биотехнология мамандығы бойынша студенттеріне арналған. Ол студенттерді пәннің мазмұнымен, саясатымен, өзектілігімен, қажеттілегімен...
ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені iconБарлығы – 90 сағат Орал
Курс бағдарламасы пәннің оқу әдістемелік кешені 050116 география мамандығы 2 курс студенттеріне арналған кредиттік оқыту технологиясы...
ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені пәннің ОҚытушыға арналған оқу жұмыс бағдарламасы семей 2009 Алғы сөз
«Адам биологиясы» пәнінің ОӘК 050607 «Биология» мамандықтарына арналған. Ол студенттерді пәннің мазмұнымен, саясатымен, өзектілігімен,...
ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені iconА оқитын білімгерлерге арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешенін қҰрастыру және рәсімдеудің Әдістемелік нұСҚаулары смж қН 02/036 2012 тараз 2012
Пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК). Әдістемелік нұсқаулар оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін қамтамасыз ететін...
ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені iconПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені
От бойынша оқитын 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығының студенттеріне арналған. ПэоәК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница