Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма»




Скачать 397.27 Kb.
НазваниеДиссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма»
страница1/3
Дата конвертации14.02.2016
Размер397.27 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://www.korkyt.kz/Docs/ibragimova.doc
  1   2   3
ӘОЖ 82.03.000:802.0

Қолжазба құқығында


ИБРАГИМОВА ЭЛЬМИРА АЙТХОЖАЕВНА


Ағылшын тіліндегі «Еркіндік» концептісінің когнитивті-коммуникативтік аспектілері және оның аудармада берілу жолдары


6М020700-Аударма ісі мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Рефераты


Қазақстан Республикасы

Қызылорда, 2013ж.


Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма» кафедрасында орындалды


Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жұмағұлова М.Ш.


Ресми оппоненті: филология ғылымдарының

кандидаты, профессор Таукебаева Р.Б.


Диссертация 2013 жылы « 3 » маусымда сағат «9:00» Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультетінде ( 120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі № 40, № 1 оқу ғимараты) қорғалады.


.


Диссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Кіріспе


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Аталмыш жұмыс ағылшын тіліндегі «Еркіндік» концептісінің когнитивті-коммуникативтік аспектілері мен оның аудармада берілу жолдарына арналған.

Зерттеу когнитивті лингвистика шеңберінде жүргізіледі. Когнитивті лингвистикада тіл ұйымдастыру және ақпараттың өңдеу мен жеткізу құралы ретінде қарастырылады, бұл адамның когнитивті қабілетін білдіреді. Сондықтан да, салыстырмалы түрде әртүрлі тілдердің зерттелуі тілдерде үйлесімін тапқан әлемдік бейненің ерекшеліктері мен сәйкестіктері туралы тұжырымдарды қажет етеді.

Әртүрлі тілдердің лексико-семантикалық өрістерінің құрылымы мен салыстырылуы когнитивті лингвистикадағы тұжырымды (концептуальды) талдаудың бір әдісі болып саналады. Ол талданып жатқан концептіде үйлесімін тапқан әлемнің тілдік бейнесінің белгілі бір элементтері ерекшеліктерін ажыратуға септігін тигізеді.

Өріс ұғымында бірнеше топтастыру түрлерін атауға болады: лексико-семантикалық өріс, лексико-семантикалық топ және тақырыптық топ.

Когнитивті лингвистика контекстінде өріс концептіні зерттеу әдісі болып есептеледі. Ал әртүрлі тілдердің өрісін талдау мен салыстыру осы тілдердегі концептілер арасындағы ерекшеліктерді айқындауға мүмкіндік береді.

Жұмыстың өзектілігі. «Еркіндік» концептісінің ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде айқындалуының зерттеулерде жеткіліксіз болуы оның дүниені ұғыну мен адамдардың мінезқұлқын анықтайтын мағыналы құндылықтардың бірі болып саналатындығын білдіреді.

«Еркіндік» концептісі бірнеше рет лингвистикалық зерттеулердің нысаны ретінде қарастырылды: «еркіндік» сөзі мағынасының түрлі тілдердегі универсалды элементтері ажыратылды, еркіндік-ерік-liberty синонимдік жұптарына зерттеу жасалды, аталмыш концептінің диахрондық аспектісі қарастырылды, еркіндік ұғымы «адам-тыйым көзі-таңдау жасаудың нормативті аймағы» құрылымымен түсіндіріліп келді. Алайда, «еркіндік» концептісінің кейбір аспектілері әлі де зерттеуді қажет етеді. Мысалы, аталмыш концептінің тілдер концептосферасындағы когнитивті мазмұны кешенді және көпаспектілі зерттеуде әлі де анық көрсетілген жоқ. Осыған қоса «еркіндік» концептісінің әлеуметтік және саяси шарттарының қызмет етуі оның мазмұны құрылымында этноспецификалық ерекшеліктерді туындатады. Қазіргі таңда қарастырылып отырған концептінің универсалды және ұлттық спецификалық компоненттерін зерттеу ұлтаралық қарым қатынас және тұлғалық деңгейде аса маңызды роль атқарады. Аталмыш магистерлік диссертацияның өзектілігі «еркіндік» концептісінің ұлттық және ұлтаралық өзара әрекет төңірегіндегі маңыздылығымен, оның барлық социум үшін құндылығымен, оның барлық аспектілерде түсіндірілуімен нақтыланады.

Жұмыстың нысаны- концептуалды жүйенің ең маңызды мәселесі болып саналатын ағылшын тіліндегі «Еркіндік» концептісі.

Жұмыстың пәні «Ағылшын тіліндегі «Еркіндік» концептісінің когнитивті-коммуникативтік аспектілері және оның аудармада берілу жолдары.

Аталмыш жұмыстың мақсаты «Freedom», «Еркіндік», «Свобода» лексико-семантикалық өрістерін талдау және оларды салыстыру болып саналады.

Қарастырылатын тілдерді таңдау «Еркіндік» концептісінің үш мәдениеттің әрқайсысы үшін маңыздылығымен негізделген. Қазақстан халқы үшін аталмыш концепт азаттық, бостандық және тәуелсіздік ұғымдарымен тығыз байланысты. Англия еркіндік идеясы заңмен қорғалатын әлемдегі елдердің ішіндегі ең беделдісі. Ал, Ресейде еркіндік ұғымын, оның ішінде демократиялық еркіндікті түсіну әлі даму үстінде.

Аталған мақсатты орындауда алға қойылған міндеттер:

-когнитивті лингвистика шеңберінде концепт теориясы мен оның құрылымына қатысты теориялық зерттеулер деректеріне талдау жасау;

-концептінің құрылымы мен мазмұнын зерттеуде негізгі методологиялық бағыттарды анықтау;

-ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде «Freedom», «Еркіндік» , «Свобода» лексико-семантикалық өрістеріне жататын бірліктерді іріктеу;

-іріктелген бірліктерге компонентті талдау жасау;

-талдау негізінде лексико-семантикалық өрістерге талдау жасау;

-трансформациялық талдау жасау;

-үйлесімін тапқан лексико-семантикалық өрістерде бейнеленген еркіндік құбылыстарының мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерін табу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

1)«Еркіндік» концептісінің когнитивті моделі философиялық, лингвомәдениеттану және тарихи деректер негізінде, көпаспектілі құбылыс ретінде бірінші рет ұсынылып отыр.

2)«Еркіндік» концептісі аспектілерінің компоненттері теориялық тұрғыдан тұжырымдалып, жүйелі түрде талданды.

3)«Еркіндік» концептісінің универсалды компоненттері менталды дүниетанымдық құбылыс ретінде айқындалды.

4)«Еркіндік» концептісінің этноспецификалық компоненттері ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі тілдік құбылыстар арқылы түсіндірілді.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

1) Базалық компонент болып саналатын «Еркіндік» концептісі тұлға мен социумның дүниетанымын қалыптастырады және тұлғаның қоғамдағы ұстанымын реттейді, оның кең көлемдегі қолданысқа ие болуын шындықтың түрлі аспектілеріне жататын құбылыстарды адамдардың ұғынуы дәлелдейді.

2)«Еркіндік» концептінің мағыналық өрісі қарастырылып отырған концептосфераларда шындықтың қоғамдық-саяси, тұлғалық-бағытталған, құқықтық, философиялық, ауызекі, тұрмыстық және тарихи аспектілері тұрғысынан жіктеледі.

3) Антропоөзектік бағыт пен когнитивті лингвистика тұрғысына «Еркіндік» концептісі фреймдер, дербес концептуалды фрагменттер арқылы ақиқат болмыстың қандай да бір үзігін бейнелейтін күрделі де құрастырмалы модель ретінде танылуы тиіс.

4) Концептінің қолданыс жиілілігі оның тілдегі қызметінің негізгі көрінісі болып саналады, ол тілден тыс (мәдени және әлеуметтік саяси) факторлармен негізделеді.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Жұмыс когнитивтік, әлеуметтік, функционалдық зерттеулердің дамуына үлес қосқан социолингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика және прагмалингвистикалық тұжырымдарға сүйеніп дәйектелді.

Концепт теориясы мен өріс ұғымдарына қатысты тұжырымдамаларының барлығы Т.А.Ван Дейк, Ю.С.Степанов, Е.С.Кубрякова, С.Аскольдов-Алексеев, В.З. Демьянков, А.Вежбицкая, В.В.Колесов, А.П. Бабушкин, В.И. Карасик, А.А. Уфимцева, Л.В.Щерба сынды шетелдік зерттеушілер, сонымен қатар, А.Байғұтова, М.Күштаева, Н.А.Ильясова, Б.Н.Ағабекова, Ш.Жалмаханов, А.Ислам секілді отандық ғалымдардың тұжырымдарымен сабақтасады.

«Еркіндік» концептісіне қатысты тұжырымдамалар М.Минский, А.Солохина тәрізді шетелдік ғалымдар еңбектерінің негізінде берілді.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: түсіндірме әдісі, бірыңғай сұрыптау әдісі, статистикалық талдау әдісі, тұжырымдылық әдісі, семантикалық өріс әдісі, сөздіктегі анықтамалар әдісі, комментарий әдісі, психолингвистикалық сараптама (сауалнама жүргізу).

Жұмыс материалы ретінде түсіндірме, синонимдік, этимологиялық сөздіктер (британ және американ нұсқалары), паремиологиялық анықтама кітаптар, көркем шығарманың мәтіндік фрагменттері, социолингвистикалық сараптамалар деректері пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми-практикалық құндылығы. Диссертацияның нәтижелері мен тұжырымдамаларын аударма теориясы, аударма ісінің негіздері, сондай-ақ, аударматану бағытындағы зерттеулерде, семинарлар мен практикалық курстарда, зерттеу нәтижелерін когнитивті лингвистика саласында және мәтін лингвистикасына қатысты жаңа бағыттағы оқулықтар мен әдістемелік құралдар дайындауға, арнайы курстар мен семинарларға арналған бағдарламалар жасауда пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу жұмысы барысында қол жеткізілген ғылыми тұжырымдар мен нәтижелер тілдік қатынас, лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, псхолингвистика мәселелерін талдауға, олардың ғылыми-теориялық ерекшеліктерін ағылшын тілінің деректері арқылы дәлелдеуге арқау болады.

Зерттеудің талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен нәтижелері халықаралық және республикалық көлемдегі ғылыми-теориялық конференцияларда жарияланды. Диссертация мазмұны бойынша 2 ғылыми мақала жарияланды. Атап айтсақ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ң 75 жылдығына арналған «Жоғары кәсіптік білім берудің инновациялық дамуы: тәжірибесі, мәселелері және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Еркіндік» концептісінің лингво-мәдени ерекшеліктері» тақырыбында (2012), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде өткен «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында ««Еркіндік» концептісінің ортақ мазмұндық компоненттері» тақырыбында (2013) жарияланды. Зерттеу жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинарында талқыланды (хаттама № 5, 29.01.2013ж.).

Магистерлік диссертацияның құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі мен нысаны нақтыланып, негізгі мақсаты мен міндеттері, әдіснамалық негізі, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы, еңбектің теориялық маңызы, практикалық құндылығы, жұмыс материалы және зерттеу жұмысының жариялануы туралы мәлімет көрсетіледі.

Негізгі бөлімнің бірінші тарауында лингвокогнитологияның негізгі ұғымдары болып саналатын концепт, концептосфера, әлемнің тілдік бейнесі талданады, концепттің лингвистикада зерттелуінің дискуссиялық және терминологиялық мәселелері қарастырылады, концепт ұғымына анықтамалар беріледі, оның ішкі құрылымын зерттеудің әртүрлі әдістері келтіріледі.

Сонымен қатар, «еркіндік» концепті философиялық, лингвомәдениеттану және тарихи тұрғыдан қарастырылады. Аталмыш концептінің құрылымы фреймдік өрістік модель түрінде зерттеледі.

Екінші тарауда «еркіндік» концептісінің үш тілдегі өрістік талдауы қарастырылады. «Еркіндік» концептісі қолданысының аясы кеңінен баяндалады. Аталмыш концепттің мағыналық аясы шындықтың қоғамдық-саяси, тұлғалық-бағытталған, құқықтық, философиялық, ауызекі тұрмыстық және тарихи аспектілер арқылы қарастырылады.

Қорытынды бөлімде диссертациялық зерттеулердің жалпы нәтижелері көрсетіліп, тұжырымдамалар жасалады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі шетелдік және отандық лингвист-ғалымдардың еңбектерінен, сөздіктер мен интернет ресурстардан құралған.

Қосымшада «Еркіндік» концептісіне байланысты үш тілдегі глоссарий берілген.


Жұмыстың негізгі мазмұны


Жұмыстың «ӘЛЕМНІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ КОНЦЕПТ- ТАНЫМ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ» деп аталатын бірінші тарауында когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымы болып саналатын концептке сипаттамалар беріліп, оның әлемнің тілдік бейнесіндегі орны айқындалады. Сонымен қатар концептінің құрылымы мен оны жеткізу методикасы сараланып, «Еркіндік» концептісінің лингвомәдени ерекшеліктері қарастырылады.

Концепт когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымы ретінде.

Әлемнің тілдік бейнесі – сананың жемісі, ойлау, болмыс және тілдің әлем туралы ойын жеткізу құралдары ретінде өзара әрекеттерінің нәтижесі. Әлемнің концептуалды көрінісі ұғымының аясы өте кең, себебі оның жасалу барысында ойлаудың көптеген түрлері қызмет атақарады, олардың қатарында тілдің бейвербалды түрлері де кіреді. Берілген ұлттық тілдің нұсқасына тән арнайы тәсілдер мен атау құралдары әлемнің тілдік бейнесінің ажырамас бөлшегі ретінде әлемнің номинативтік көрінісін білдіреді.

Тіл әлемнің ұлттық мәдени көрінісін жүзеге асырады, оларды вербалдандырады, оны сақтайды және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді қамтамасыз етеді. Тіл әлемнің ұлттық көрінісінде кездесетін ұғымдардың барлығын белгілей бермейді, ол тек қана бейнелей алады. Біз мәдениеттің тілге алғашқы қатынасы немесе керісінше, тілдің мәдениетке деген қатынасы туралы саналы түрде айта аламыз. Шын мәнінде, осы аталған екі әлемдік бейне бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бұл екі бейнеге қатысты себеп- салдарлық байланысты қолдау мүмкін емес.

Әлемнің тілдік бейнесінде қалыптасатын этникалық менталитет көбінесе белгілі бір тілді тұтынушылардың өздерін қоршаған орта туралы менталды көрінісін сипаттайтын символдық вербалданғанбейнелердің мәдени «тірек» концептілері арқылы өзектіленеді [2,85].

XX ғасырдың соңында филологияда концептуалды мәдениеттанымдылық бағыт қалыптасты [3,8].

Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулер нәтижесі мен анықтамаларды сараптай келіп, біздің ойымызша, когнитивтік лингвистиканы тіл білімінің антропоөзектік бағытқа сүйенген саласы деп түсінуге болатын сияқты. Когнитивтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі – концепт. Қазіргі лингвистикада «концепт» термині көптеген пікірталастың өзегіне айналғаны, осыған байланысты бірнеше ғылыми бағыттар қалыптасқаны белгілі. Соған орай, «концепт» терминіне берілген анықтамалар да алуан түрлі [1,8].

«Концепт» терминін тіл аясындағы мәселелерге қатысты пайдалануды өткен ғасырдың бірінші жартысында тұңғыш рет орыс философы С.А.Аскольдов ұсынған. Ол «Концепт и слово» атты еңбегінде концептіні былайша түсіндіреді: «Шығу тегі бірдей сандаған заттарға қатысты ой процесінің орнын басатын ойдағы түсінік» [4,271].

Концепт термині когнитивтік лингвистика ғылымының қажеттілігінен туындайды. Жоғарыдағы ғалымдардың пікірлерін саралай келе, концептінің ұғымнан басты айырмашылығы- ұғымда энциклопедиялық ақпарат беріледі, яғни концепт ұғымнан кең мағынаға ие. «Ұғым» ғылыми білімнің нәтижесін берсе, концепттің сөздіктегі мағынасымен қатар, алғашқы этимологиясы, басты тарихи белгілерін ғана қалдырып қоймаған, оның қазіргі заман ассоциациясын, бағалауын жинақтаған көп қабатты құрылым. Демек концепт ұғымдық ақпараттан басқа психологиялық, этимологиялық, прагматикалық, мәдени ақпараттарды да білдіреді [2, 86].

Лингвистика саласында қолданылатын концепт термині бір жағынан жаңа, ал екінші жағынан ескі ұғым деп есептеуге болады. А.Вежбицкая «концепт» терминін адамның болмыс әлемі туралы жекелеген белгілі бір мәдениетке негізделген көзқарастарымен берілетін шынайы әлемнің объектісі ретінде лингвистика саласында алдыңғы орынға қойып отыр. А.Вежбицкая мәдениетті сол мәдениет үшін ерекше рөл атқаратын «тірек сөздер» арқылы қарастырады. Бұл сөздер негізгі мәдениеттің біртұтас салалары шоғырланған орталық нүкте ретінде талданады [8, 286].

М.Т.Күштаева: «Концепт пен ішкі форма» термидерінің мәнін ажырату қиын. Бұл терминдер сөздердің алғашқы мағынасын, ұлттық мәдени тілдік құбылыстың ерекшелігін түсіндірудің кілті болып табылады. Олардың айырмашылықтары сақталуы мен қызметінде. Сөздің ішкі формасы жоғалып кете алады, ал концеп әрқашан сөзбен бірге өмір сүреді. Сондықтан, концепт қатары тұрақты»,- дейді [10,35].

Сонымен, когнитивтік тіл білімі әлемді тану негізінде санада қалыптасқан әлем туралы ақпараттарды жинақтау және концептілеу, оларды бір жүйеге топтастыру, әлемнің санада көрініс табуы мен оның тілде берілу сипатын анықтау қызметтерін атқарады. Ал тілдік әлем бейнесі концептуалды әлем бейнесінің негізгі элементтерін мазмұндайды, тілдік құралдарымен концептуалдық әлем бейнесін ашады.

Сонымен, жоғарыда берілген тұжырымдамалар концептінің когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымы екенін және концепт құрылымының ауқымы кең екенін дәлелдейді.

  1   2   3

Похожие:

Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма» iconДиссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды
М011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма» iconДиссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды
Ағылшын тіліндегі экологиялық дискурстың лингвистикалық аспектілері және аудармада берілу жолдары
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма» iconДиссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды
Көркем аударманы оқытуда болашақ аудармашының лингвомәдени құзіреттілігін қалыптастыру жолдары(«Гүл» концептісі негізінде)
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма» iconДиссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасында орындалды
Диссертация 2012 жылы маусымда сағат 00-де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы,...
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма» iconДиссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Тарих, құқық және экономика институтының «Тарих, саясаттану...
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма» iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады
Диссертация 2012 жылы маусымның «25» күні сағат 10. 00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика магистрі...
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма» iconДиссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің филология факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті және...
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма» iconДиссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің роман герман тілдері кафедрасында орындалды
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру (ағылшын тілі негізінде)
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма» iconДиссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақ тілі кафедрасында орындалды
Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Шетел тілдері және аударма» iconДиссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда
Диссертация 2012 жылы маусымда сағат 00-де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница