Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы




Скачать 482.37 Kb.
НазваниеБигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы
страница3/4
Д Д Шайбакова
Дата конвертации14.02.2016
Размер482.37 Kb.
ТипДиссертация
источникhttp://old.ablaikhan.kz/upload/news/Bigeldieva.doc
1   2   3   4

ҚОРЫТЫНДЫ



Антропонимдердің пайда болуы өте ұзақ уақытты талап ететін күрделі процесс. Ол процесс әр халықта, әр ұлтта өзіндік саяси, әлеуметтік және ең бастысы қоғамдық жағдайларға байланысты қалыптасып, дамиды. Антропонимиялық жүйе қоғамның талаптарына сай өзгертіле отырып жетілдіріледі.

Адам есімдерінің қоғам құрылысына байланысты дамып отырғанына көз жеткіземіз. Қоғам дами түскен сайын дамып, қоғам құрылысы күрделене түскен сайын күрделе отырып, қоғам ағымына сай өзгертіліп, ыңғайландырылады, сәйкестендіріледі. Антропонимдер мен антропонимиялық жүйе қоғамның құрылысына, оның дамуына сәйкес өзгеріп, түрленіп қоғамдық талаптарға жауап беріп отырады.

Көне түркілерде Көк Тәңірге деген сенім мен шаманизмнің өте ықпалды болуының себебінен, Буддизм, Манихаизм, Насторизм мен басқа да сырттан болған әсерлердің нәтижесінде адам есімдерін жынысқа қарай ажырату қиын. Себебі олар жалпы ортақ мағыналы сөздерден жасалған. Мысалы: Gün, Ay, Yıldız, Günay, Yıldızay, Günhan, Altunhan, Kunduz. Десек те, ерте заманның өзінде түркі халықтары аттарды жынысқа қарай ажыратқан. Әр жынысқа сәйкес мағыналы сөздерден жасалған есімдерді беріп отырған. Ер адам есімдері қошқар, бұқа, түйе сияқты үй жануарлары, лашын, сұңқар, бүркіт сынды жырқыш құстар мен арыстан, барс, жолбарыс, киік сияқты жабайы жануарлардың атауларына байланысты туындап отырған. Қолда бар есімдерді қарастыра келе көне түркі әйел есімдері негізінен мата, асыл тастардың атауларынан және гүл, келін, қыз, жеңге сияқты сөздерден жасалатындығы ортаға шықты.

Көне түркі антропонимдердің көбі күрделі болып келеді. Олар көбіне лауазыммен бірге қолданылған. Лауазым атаулары адамның жынысына қарай бөлініп отырған және қолда бар материалдарды саралай келе көне түркі әйел есімдері көбіне Hatun, Teñrim, Begim (Begüm, Bigim), Ağa лауазымдарымен қолданылатындығы анықталды.

Жазба ескерткіштер көне заманымыздың тарихы, мәдениеті, діні, тілі, қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайы мен қатар, сол заманның ономастикалық атаулары, антропонимиялық жүйесі жайлы баға жетпес мағлұмат береді. Сол ескерткіштердегі әйел есімдері көбіне сол кездегі ел басқарған адамдардың аналарының, жұбайларының және қарындастарының аттары. Бұған қоса бірнеше күң есімі де аталып өтеді. Қай жазба ескерткішті алып қарамасақ та, ол жерде әйел есімдері ер адам есімдерімен салыстырғанда анағұрлым аз екені анық көрінеді. Бұны сол кездегі патриархалды қоғамдық құрылыспен қатысты деп түсінуге болады.

Көне түркі әйел есімдері екі құрамдас бөліктен тұрған есім және лауазым. Есім бірінші ал лауазым екінші тұрған. Кейде бір есімнен кейін бірнеше лауазым атауының қолданғанын көруге болады. Жалпы көне түркі есімдерінің белгілі бір жынысқа тән айрықша белгісі жоқ. Тек есімге жалғанған лауазым атауларына қарай не есімнің семантикасына байланысты ажыратуға болады.

Көне түркі әйел антропонимдері құрамы жағынан бай, мағынасы жағынан әр түрлі болып келген. Ерте заманның өзінде түркі халықтары аттарды жынысқа қарай ажыратқан. Әр жынысқа тиісті, сәйкес мағыналы сөздерден жасалған есімдерді беріп отырған. Көне түркі есімдерінің көбісі лауазыммен жасалған және ер адамдарға бөлек, әйел адамдарға бөлек лауазымдарды қолданған.

Әр тілдің ономастикалық қоры түрлі кезеңдерде, түрлі тілдерде пайда болған тілдік бірліктердің жиынтығын құрайды. Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы жағынан біркелкі емес. Тіліміз түркі сөздерімен қатар, араб, парсы, орыс және де басқа шет тілдерден енген кездеседі. Қарастырылып отырған екі тілде де басқа шет тілдерден енген антропонимдермен салыстырғанда көбіне араб және парсы тілдерінен енген есімдер пайыздық көрсеткіші жағынан басым. Түрік тілінде қазақ тілімен салыстырғанда араб тілінен алынған жалқы есімдер біршама көптеп кездеседі.

Халық ауыз әдебиеті шығармаларындағы әйел есімдерін қарастыру барысында, жиналған есімдерді саралай келе бірден-бір көзге түскен нәрсе, есімдердің жас ерекшелігіне байланысты, қоғамдық, әлеуметтік жағдайына байланысты бөлінетіндігі. Жас қыздарға бір бөлек есімдер, оның ішінде бай мен хан қыздарына басқа есім, жасы ұлғайған әйел адамдарға бөлек есім, тұрмыстағы әйелдер мен бай әйелдеріне бөлек есім беріліп отырған. Бұдан шығарар нәтижеміз халық әлеуметтік және қоғамдық жіктегі әйел затына тиісінше мағыналы есімдерді беріп отырған. Осылайша, кейіпкерлердің есімінің олардың іс-әрекеті, шыққан тегі мен сыр-сипатына сәйкес екені анықталды.

Қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдердің барлығы дерлік ұлт болмысын білдірумен қатар, халықтың діни дүниетанымы мен ат қоюға байланысты түрлі наным-сенімдерінен, әдет-ғұрыптары және салт-дәстүрлерінен лингвомәдени ақпарат береді. Балаларға жарасымды да сұлу eciм беруде eшбip шек болмаған. Есімдер тарихында ғасырлар бойы жаңару, ecкipy, архаизмге айналу npoцeci болып отырады. Бұл заңды құбылыс. Қазіргі қазақ есімдері құрамы мен саны жағынан өте бай әрі көп. Есім қоры негізінен сырттан келген есімдермен (сөздермен) және қордағы бар есімдерді аффикстермен түрлендіру жолымен молайып, толығып отырады.

Қазақ және түрік есімдер қорын құрамы жағынан әр түрлі болып келетін есімдер құрайды. Есімдерді құрамына қарай дара тұлғалы, туынды тұлғалы және біріккен тұлғалы деп бөлеміз. Екі тілдегі дара тұлғалы жай есімдер негізінен үш сөз табынан жасалады: сын есім, зат есім және етістік.

Қазақ және түрік тілдеріндегі біріккен тұлғалы әйел антропонимдері алуан түрлі қосымшалардың көмегімен жасалады. Олардың құрамынан бұл күндері қолданыстан шығып қалған лауазым атауларын, семантикалық тұрғыдан әйел затына тән сөздерді кездестіруге болады.

Қарастырылып отырған екі тілде де есім жасағыш сөздер мен олардың түрлі қосымшалары бар. Аздаған ұқсастықтары болғанымен көп жағдайда айырмашылық жақтары басым. Екі тілде де тек әйел есімдерінің не тек ер адам есімдерінің құрамында кездесетін қосымшалар мен қатар ортақ қосымшалар да жоқ емес.

Қазақ және түрік тілдерінде әйел есімдерінің көптеген ресми емес түрлері бар және олардың жасалу жолдары да сан түрлі. Түрік тіліндегі ресми емес есімдер есімді қысқарту жолымен жасалатын болса, қазақ тілінде ол есімді қысқарту жолымен қатар түрлі эмоционалды реңк беретін жұрнақтарды жалғау жолымен жасалады. Ол жұрнақтардың көбі орыс тілінің жұрнақтары.

Зерттеудің келешегі. Бұл жұмыс әйел есімдеріндегі тілдің әлемдік бейнесін, қазақ және түрік тілдеріндегі әйел антропонимдерін басқа тілдермен салыстыра, салғастыра зерттеуге жол сілтейді. Сонымен қатар, қазақ және түрік әйел антропонимдерін жаңа қырларынан, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып зерттеуде негіз бола алады деген сенімдеміз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Қайдаров Ә. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері. // Қазақ тілінің тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы, Ғылым, 1988.

2 Қожанов О. Қазақ ономастикасының нормативтік актілерінің жай-күйі // Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Астана: «Ақжол-Баспа» 2004. – 224 бет. 105-106 беттер.

3 Жанұзақов Т.Ж. Қазақ есімдерінің тарихы. Алматы, Ғылым, 1971 – 218 бет. (Лингвистикалық және тарихи этнографиялық талдау).

4 Юркенас Ю. Онимизация аппелятивов и развитие индоевропейских антропонимических систем. АДД. М., 1979. – 48 с.

5 Султаньяев О.А. Об основах положительной экспресии в казахских именах. // Антропонимика. В.А. Никонов, А.В.Суперанская. М.: 1970 – 360 с. С. 74-77.

6 Никонов В.А. Имя и общество. Главная редакция восточ­ной литературы издательства «Наука», 1974. 278 стр.

7 Джанузаков Т.Ж. Очерк казахской ономастики. – Алма – Ата: Наука, 1982. – 176.

8 Abdurrahman V. Tűrklerin Ad Koyma Gelenekleri Üzerine Bir İnceleme // Milli Folklor, 2004, yıl 16, C. 8, sayı 61. S. 124-133.

9 Yetişen R. “Köyde Doğum ve Ad Verme”, Türk folklor Araştırmaları, Ekim 1972, Yıl 24, C. 14, s. 6450.

10 Uca А. Türk Toplumunda Ad Verme Geleneği // А.Ű. Тűrkiyat Araştırmaları Enstitűsű Dergisi. Sayı 23. Erzurum 2004. S. 145-150.


Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері бойынша келесідей ғылыми мақалалар жарық көрді:

1. Қазақ және түрік халықтарының есім беруіндегі тарихи ерекшеліктер // Международная коммуникация и перевод: Мат-лы респ.науч.-практ.конф. – Алматы:. – 236 с. – С. 64-67.

2. Есімдер ел байлығы // «Молодежь и духовное единство народов Казахстана» (Материалы научной конференции студентов, аспирантов и молодых ученых вузов Алматинского региона) – Алматы: КазУМОиМЯ им. Абылай хана, 2007. – 86 стр. – С. 52-54.

3. Түрік және қазақ халықтарының ататек ерекшеліктері // «Қазақ тілінің лексикология, лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері: қалыптасуы, дамуы мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 328 бет. – 110-113 бб.

4. Қазақ және түрік әйел есімдерінің құрылымы мен құрылысы // А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тілтаным» 2008, №2 (30) Алматы. – 121-128 бб.

5. Қазақ және түрік тілдеріндегі ресми емес есімдер // Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ хабаршысы “Филология” сериясы 2 (19) 2008, Алматы. – 163-172 бб.

6. Қазақ және түрік әйел есімдерінің семантикалық ерекшеліктері // Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы Шығыстану сериясы, Филология бөлімі, Алматы, №1 (46) 2009. – 57-62 бб.

7. Әйел есімдерінің лексикалық жүйесі // Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ хабаршысы “Шығыстану” сериясы 1 (7) 2009, Алматы. – 40-45 бб..

8. Қазақ және түрік әйел есімдерінің құрылысы мен құрамындағы формальді көрсеткіштер // Шығыстану білімі мен ғылымының іргелі және инновациялық мәселелері: Шетелдік ғалымдар, отандық шығыстанушылар және Әл-Фараби атындағы университетінің ОҚП қатысуларымен өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының материалдары. – Алматы, 2009. – 467 б. – 86-91 бб.

9. Kazak ve Türkiye Turkçesi Kadın İsimlerinde Kullanılan Kelimeler // 3. Uluslararası Bir Bilim Kategorisi Olarak Kadın: Edebyat, Dil, Kültür ve Sanat Çalısmalarında Kadın Sempozyumu 28-30 Nisan 2010, Selcuk Üniversitesi, Dilek Sabancı Devlet Konservatuvarı, Konya/Türkiye ss. 633-640.


РЕЗЮМЕ

автореферата диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук по специальности 10.02.20 сравнительно-историческое, типологическое и сопоставительное языкознание


Бигельдиева Молдир Махаббатовна

Казахская и турецкая женская антропонимия
1   2   3   4

Похожие:

Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconҚазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер
Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері) ежелгі ошақтары. «Түрік» этнонимі. Ашина түркілері-«Түрік...
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconҚазақстан жеріндегі ортағасырлық мемлекеттер
Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері) ежелгі ошақтары. «Түрік» этнонимі. Ашина түркілері-«Түрік...
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтар болды. Олардың ішіндегі басым көпшілігіқай тайпа боды?
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconҚожа Ахмет Иасауи және Түркістан
Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын атап өту жөнінде арнайы шешім қабылдады. Бұл мәні зор оқиға тек қазақ елінің ғана емес, бір...
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Тарих – педагогика факультеті Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Спортшылардың және дене шынықтырумен шұғылданушылардың функционалды дайындығын басқарудың физиологиялық негіздері
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Филология факультеті
Мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттарын өткен ғасырдың 20,30,40,50,60 жылдардағы...
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы
Грузия және Түрік Республикасының Үкіметі мен арасындағы Қытай Халық Республикасы мемлекеттік шекарасы – Қазақстан Республикасы (Каспий...
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті Жаратылыстану факультеті Физика кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы
Мақсаты: Ағылшын тілін оқыту мақсаты – студенттердің коммуникативті және кәсіптік біліктілігін қалыптастыру
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Мәдениеттегі «гендер» және «мәдениет» ұғымдарды түсінуі, гендерлік жүйе және оның дамуы кезеңдерді қарастыру, феминизм теориясы,...
Бигельдиева молдир махаббатовна қазақ және түрік әйел антропонимиясы iconСтуденттерге арналған жол көрсеткіш
Сізді Түркі әлемінің және Қазақстан мемлекетінің ішінде ең алғашқы Халықаралық мәртебесіне ие болған жоғары оқу орны – Халықаралық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница