12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері




Название12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері
страница9/21
Дата конвертации14.02.2016
Размер3.25 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://old.kazmkpu.kz/attachments/417_Bereke Habarshi.doc
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ - ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕ


Иманбаева С.Т. - п.ғ.д., доцент, Өмірбаева Г.Ш. - доцент м..а.

(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Еліміз егемендік алуымен байланысты және қоғамның жаңа әлеуметтiк даму жағдайында патриоттық тәрбие беру мәселелері жаңа санатқа ие болды. Патриотизм – жеке тұлғаның “табиғат-адам-қоғам” жүйесінде әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін тұлғаның құнды сапалық қасиеті. Сондықтан да патриотизмді философиялық категориялар тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда патриотизм адамның табиғатпен үйлесе дамуының басты факторы, адамдармен қарым-қатынасының құралы, қоғам дамуының дәйекті әсер ететін себеп-салдар болып табылады. Осыған орай патриотизмнің мәні мен патриоттық тәрбиенің мазмұны “мәдениет – тарих – білім” деп аталатын қоғам дамуының макропарадигмалы логикасы арқылы дамиды.

Қоғамның жаңа әлеуметтiк даму жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбиенің философиялық және педагогикалық-психологиялық негіздерін айқындауда әлеумет, әлеуметтік кеңістік, әлеуметтік даму, тұлғаны әлеуметтендіру мәселелері бойынша ғалымдардың еңбектерін саралай отырып, теориялық негіздерін айқындадық.

Философ – ғалым Р.Әбсаттаров «Мемлекеттің әлеуметтік тұрғыда дамуы құқықтық мемлекет құру принциптерінің рөлін төмендетпейді», - деп атай келе, әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін негізгі белгілеріне тоқталады;

  • бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады;

  • екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады;

  • үшінші - бюджеттік - әлеуметтік төлемдер;

  • төртінші - әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйенің болуы саяды;

  • бесінші - қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуі жатады;

  • алтыншы - өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары деңгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан»/1,30/. Жоғарыдағы айқындалған белгілерден әлеуметтік даму үрдісінде азаматтардың өмір сүруіне лайықты жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік жағдайының қорғалуына, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, т.б. бағытталады.

«Әлеуметтену ұғымы дәстүрлі «білім» және «тәрбие» ұғымдарымен салыстырғанда кең ауқымды, терең мағыналы ұғым. Білім белгілі бір білім жиынтығын беруді көздейді. Тәрбие мақсатты, саналы түрде жоспарланған әрекеттер жүйесі ретінде түсіндірледі, оның мақсаты – балада белгілі бір тұлғалық сапаларды және мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру. Әлеуметтендіру өзіне білім беруді де және тәрбиені де қосып алады, сонымен қатар тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін ешкім жоспарламаған тосын жағдайларды да, стихиялық жиынтығын да, әлеуметтік топтарға индивидтердің ену процесін де қамтиды», - деген тұжырымнан бүгінгі даму үрдісінде тұлғаны әлеуметтендіру негізгі орын алатынын байқаймыз, әлеуметтендіру ұғымы бұл индивидтің қоғамдық өмірге қатысуына тартатын, мәдениетті түсінуге және әлеуметтік ортада, ұжымда өзін - өзі ұстау дағдысына үйрететін, өзін баянды ете түсетін және әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындаттыратын жалпы ортаның ықпалы» /1,32 б./.

Қоғамның жаңа әлеуметтiк даму жағдайында патриоттық тәрбие беруде қоғамның даму заңын негізге аламыз. «Даму заңы – бұл әлеуметтік – саяси өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік – саяси құбылыстар байланыстарының себебін ашады, өзгерістердің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды» / 1,36 б./

"Әлеуметтік кеңістік – күн сайын баланың алдында қимыл, іс- әрекет, мінез-құлық ретінде немесе ерекше заттар, интерьер, ғимрат, көлік т.б. ұғымдар бейнесінде келген әлеуметтік қатынастардың алуан түрлігі”, - деп әлеуметтік қатынастардың түрлілігі дәстүрде, моральдық құндылықтарда, өнерде, ой-санада, ғылымда бекітілген тарихи тәжірибені қамтиды деп атап көрсетеді педагог-ғалым И.П.Подласый /2/. Әлеуметтік кеңістікте тәрбиені жүзеге асыру – бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа көшіп жүретін баланың бүкіл өмір салаларын мойындап, қазіргі мәдениеттің жоғары жалпы адамзаттық құндылықтарға бағыт беретін ортақ тәрбиелік пікірге жол көрсету.

Ал, Д.И.Грядовойдың түжырымы бойынша “Әлеуметтік кеңістік әлеуметтік болмыстың формасы” ретінде төмендегі мәселені қамтиды:

  • атрибуттық өмір сүру формасы және әлеуметтік ұйымдастырылған материяның дамуы (қоғам);

  • әртүрлі әлеуметтік формалардың, әлеуметтік болмыстың түрлі қырларының өзара әрекеттесуі;

  • әлеуметтік кеңістіктің ұзақтығы, тығыздығы және қоғамдық форма құрылымының қозғалысы” /3, 43/.

Біз мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруде тұтастай әлеуметтік кеңістікті қарастырдық. Б.Момышұлының “Соғыс психологиясы” /4/ еңбегінде патриотизм берген тұжырымы бойынша, әлеуметтік уақыттан, яғни тарихтың өткенін, бүгінін және болашағын өзара кіріктіру арқылы іске асырылады деген тұжырымын негізге алдық.

Әлеуметтік жүйе – адамның және әлеуметтік топтардың қатысуымен реттелетін көптүрлі қоғамдық қатынастардың тұтастығын өздігінен басқару (Д.И.Грядовой бойынша). Әлеуметтік жүйе өте күрделі және иерархиялық сипатымен, сапалардың кіріктірілуімен ерекшеленеді. (Кесте 1).


Кесте 1 - Тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі әлеуметтік жүйесі

Әлеуметтік-құрылымдық компонент

Әлеуметтік жүйенің негізгі белгілері

Әлеуметтік жүйенің негізгі функциялары

1

2

3

Субъектілік – іс-әрекет (іс-әрекет субъек іс-әрекетінен: индвид, индивидтердің топтасуы (этнос, әлеуметтік тап, ұжым, отбасы, т.б.).

Иерархиялық және күрделі сипаты


Жүйені сақтау функциясы



Қызметтік құрылымның іс-әрекет айналымы (іс-әрекет барысында: тәрбие, білім, ғылым, басқару, қорғаныс, денсаулықсақтау, өнер, т.б.).

Әлеуметтік жүйенің әмбебаб құрылымы – адам.

Жүйені жетілдіру функциясы

Әлеуметтік-мәдени құрылымның іс-әрекет айналымы

(іс-әрекет механизмі: әлеуметтік – психологиялық ырымдар мен дәстүрлер, қоғамдық мекемелер, материалдық өндіріс құралдары, т.б.).


Әлеуметтік жүйе сапалардың кіріктірілуімен сипатталады.

Жүйені дамыту функциясы

1

2

3

Әлеуметтік – құрылымның субъектілік сипатты: (этникалық, аймақтық, таптық, кәсіптік, т.б.).

Өзін-өзі басқару

Жүйені басқару функциясы


Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына әр жылғы жолдауларын зерделей келе Қазақстандағы әлеуметтік жағдайлар жылдан – жылға дамып отырғанын көреміз: ұлттық білім беру жүйесінің әлемдік білім жүйесімен кіріктірілуі, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық мәселесі, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан ары дамытуға, т.б./5/.

ХХ ғасырдың басында ұлттық патриотизмнің негізін салушы ғалым-ағартушылардың бірі М.Жұмабаев “Тәрбиеден мақсұт адамды һәм сол адамның, ұлтын асса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі - әрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі - әрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты”, - қоғам мүшелерінің бақытты болуы ұлт бақытының негізі екеніне тоқталады /6, 15б./.

Осыдан бір ғасыр бұрын жазылған тұжырым ХХI ғасыр қоғамын қалыптастыруда негізгі мұрат болып табылады. «… әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті», - деп ұлттық тәрбиеге аса мән береді /6, 16-17 бб./. Расында да, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасыр басында тәуелсіз елімізде қоғамдық даму үрдісінде ұлттық салт-дәстүрге, халықтық тәрбиеге деген бетбұрыс айқын байқалады.

“Патриотизм“ ұғымына философиялық, педагогикалық, психологиялық тұрғыда ғалымдардың анықтамаларын негізге ала отырып, жалпыадамзаттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм, ұлтжандылық, қазақ патриотизмі ұғымдарының мәнін бүгінгі күн тұрғысынан зерделей келе, «патриоттық құндылық дегенiмiз - елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, ділін, салт - дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту», деп атап көрсетеді /7/.

Философ-ғалым М.Изотов патриотизмді ұлттық, жалпыұлттық және жалпықазақстандық тұрғыда қарастыра отырып, ұғымдарға жеке-жеке тоқталады.

«Ұлттық патриотизм – өзінің туған жеріне, өз ұлтының бірлігі, мәдениеті, тілі, дәстүрлеріне деген сезімінен туындайды, жалпыұлттық патриотизм – Мемлекет халықтарының бір бөлігі екенін түсінуі, әртүрлі ұлт өкілдірінің өз Отанына деген махаббаты пен шыңайы сүйіспеншілігі, жалпықазақстандық патриотизм – республика халықтарының ажырамас бөлігі екенін түсінуі, махаббат сезімі, Қазақстан Республикасына деген шынайы сүйіспеншілігі, халық пен отанының мүддесін қорғау азаматтық парызы» деген тұжырым жасайды /8, 45б./.

Жалпы патриотизмді адамгершілік, саяси принцип және адалдық, мақтаныш, сүйіспеншілік, сезім тұрғысынан қарастырады. Патриоттық тәрбиенің философиялық астарына, даму үрдісіне үңілетін болсақ, түп тамыры Түркі қағанатынан бастау алатынын ауыз және жазба әдебиет үлгілеріне шолу жасағанда айқын аңғарамыз. Түркі жұртының ұлттық ерлік дәстүрі негізінде оқушы жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру ерекше орын алады.

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі негізгі міндеттер – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, қоғамға деген рухани-мәдени қатынас, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау, Қазақстан көпұлтты мемлекет екенін негізге ала отыра бүгінгі қоғам мүшелерінің бойында Қазақстандық патриоттық сезімін қалыптастыру.

Сондықтан да жас ұрпақ бойындағы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, яғни жастайынан ерлік пен елжандылықтың рухын себу отбасынан бастау алады. Отбасындағы негізгі міндет - баланы жастайынан ата-анасына, туған-туыстарына, әулетіне, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін жетілдіру арқылы, Отанына, мемлекетке деген шынайы сезімін қалыптастыру.

“Еліңді сүйсең ерлік істейсің”, “Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі” деген елжандылық ұрандар адамның жеке басына қарағанда ел намысы, елі үшін мақтаныш сезімі жоғары екенін түсінеміз.

Расында да, көптеген ғылыми еңбектерді зерделейтін болсақ, патриотизмді қалыптастыруға себін тигізетін қасиетті белгілер: ұлттық сана - сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық салт-дәстүрлер, әдет - ғұрыптар, парыз, намыс, бірлік және міндет. Патриотизм сапа, сенім тұрғысынан негізделіп, сезім арқылы көрініс береді.

“Ұлттық сезім,- дейді философ-профессор Т.Сәрсенбаев - ұлттық ой-санадан ерекшелеу – бұл адамның түрлі өмірлік құбылыстар мен жағдайларды, ұлттық сезім де бар және оны құрметтеу заңды” /9, 38 б./.

Әр адам ата-бабаларымыз негізін салып кеткен игі дәстүрлерді мақтан ете отырып, өз ұлтын терең сүю арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.

“Ұлттық мақтаныш, - дейді Б.Момышұлы - ұлттық материалдық, әлеуметтік және мәдени жетістіктерінің негізінде қалыптасатын әрі алдыңғы қатарлы ұлттық идеялар, ой-пікірлерімен байып отыратын, ұлт бостандығы және саяси әлеуметтік бостандық жолындағы күрестің тарихымен байланысты әлеуметтік психологиялық сезім болып саналады” /4, 28 б./.

Саналы азамат болып қоғамға пайда келтіру, білім мен тәрбие алу, ата-ананы сыйлау және қартайған шағында оларға қамқорлық жасау әрбір жасөспірімнің парызы болып саналады.

Ал ұлттық парыз – Отанға деген сүйіспеншілік, сыртқы жаулардан елін, жерін аман сақтап қалу, ата-баба дәстүріне өте сезімталдықпен қарау.

“Парыз - өзінің мағыналық аясына ақыл-ой, сезім, ерік-жігер, ар - ождан, абырой, әділдік, шындық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді қамтып, оларды адам өміріндегі қайшы құбылыстарға қарама-қарсы қоятын жоғары интеллектуалды ұғым.

Парыздан мықты күш жоқ,

Парыздан берік сауыт жоқ,

Парыздан нәзік сезім жоқ,

Парыздан қатал қазы жоқ”, -дей келе Халық батыры Бауыржан Момышұлы, парыз сезімін қиындықтан қайтпай, дұшпан алдында тайсалмай, Отан үшін ақтық демі біткенше қызмет етуге әзір болу сезімінен туады”,- деп қорытады /4, 29 б./.

Ұлттық намыс туралы халықтық тұжырымдар “Ер намысы-ел намысы”, “Ер-намыстың құлы” т.б. деп ой қорытып, халқымыздың ерлікке бай тарихын, игі ерлік дәстүрлік мұрасын әлемге паш етумен құнды болып отыр.

Ұлттық парыз, мақтаныш, намыс, сезім, сана, рух, т.б. құндылықтар ұлттық идеяның негізгі көрінісі болып табылады.

Сонымен қатар, ұлттық идеяның қалыптасуында ұлттық игі дәстүрлердің маңызы ерекше. Ата-бабаларымыздың ұрпақтарына қалдырған асыл мұралары әділетсіздікке қарсы күресі, елін, жерін сүйген батыр, сыртқы жауға мейірімсіз болуға баулығанын көреміз. ХҮIII ғасырдағы ерлік және жауынгерлік тарихын зерттеп отырғанда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан игі дәстүрлерге кездесеміз.

Мысалы, Бөгенбай батырдың әкесі Ақша батырдың ақ туын ұрыстарға алып шығып, жеңіспен оралуы дәстүрге айналған. Қабанбайдың сенімді серігі Қубас атқа деген құрметі мұсылман халқында жалғасын тапқан игі дәстүрлері болып табылады. Ақан серінің Құлагерге деген құрметінен осы дәстүрлердің жалғастығын көреміз. Ұрысқа кірерде қарумен, астына мінген атымен серттесуі түркі халқының негізгі дәстүрлерінің бірі болып табылады.

Б.Момышұлы ‘‘Соғыс психология’’ атты еңбегінде Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі халықтардың ынтымағына, бірлігіне тоқтала келе, жеке адамды қалыптастыратын жақсы қасиетпен бірге жаман қасиеттерге әскери психология тұрғысында анықтама береді.

Жоғары сезімдер: парыз, адамгершілік, ержүректілік, ерлік, батырлық, қаһармандық және т.б.. Төменгі сезімдер: опасыздық, ұждансыздық, үрей, қорқыныш, шошу және т.б.

Ол Ұлы Отан соғысы кезіндегі әрбір жауынгердің бойындағы ұрыс кезінде қалыптасатын қасиеттерге әскери-психолог тұрғысынан тоқталады. Талай ғасырдан бізге жеткен түркі, қазақ халқының көшпенді тұрмыс тіршілігіне тән қасиет ерлік, жауынгерлік, батырлық, қаһармандық, т.б. екенін байқаймыз.

Қорыта келгенде, Б.Момышұлы қазақ халқының жауынгерлік және ерлік дәстүрлерін жинақтай отырып, ұлттық әскери педагогика мен психологиясының негізін салды деп айта аламыз /4/.

Егер тарихи тағылымдық мұраларды зерделейтін болсақ, ерлік дегеніміз - ұлттық тәрбие тағылымының, салт-дәстүрдің, тұрмыс-тіршіліктің негізгі тұтқасы болып саналады. Әр ғасыр, кезең ерлік тарихын, өзіндік қайталанбас батырлары мен ерлерін тудырып отырған.

Екінші дүниежүзілік соғыста жауынгерлердің ерлік әрекеттерін психологиялық тұрғыдан талдау жүргізген Б.Момышұлы “солдаттардың бойында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы аса зор екеніне көзім жетті“ /4, 43 б./ - деп атап көрсеткендей, ХХI ғасырдағы жас ұрпақ бойындағы ерлік пен елдіктің рухын себетін негізгі күш – туып өскен жері мен елі, ұлттық мұра мен ұлттық байлығымыз екені дау туғызбайды. Жоғарыда айтып кеткендей, патриотттық рухты қалыптастыруда жеке адамның рухы мен халықтың руханилығы негізгі орын алады.

Б.Момышұлы мемлекет байлығын жеке адам байлығының нәтижесінде құралатынына тоқтала келе, өткенгі, бүгінгі және болашақтағы тарихтың өз-ара байланысы, сабақтастығы арқылы патриоттық сезімді қалыптастыруға болады деген пікір айтқан /4/

Қазақстан халқының патриоттық рухын жетілдіруде Елбасының “ұлттың болашағына, оның өзіндік “МЕН” дегізерлік қасиеттерін сақтау мүмкіндіктеріне сеніммен қарау, - дей келе, ұлттық әрекеттің аясын үш түрлі фактор тұрғысынан, бірінші - ұлттық бірігу (интеграция), екінші - қазақтың ұлттық тұтастануы, үшінші - ұлттың жасақталу үрдісінде өзінің рөлі мен қызметін айқын сезінулері қажет”,- деген сөзі Қазақстандағы негізгі мемлекетік идеология - ұлттық бірлік, экономикалық, әскери, ақпараттық дербестікті сақтауда негізгі орын алары сөзсіз /5,154/.

Ұлы Абай “адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады”,-деген тұжырымы, егер қоршаған орта дұрыс болса, тұлғаның бойындағы рухани-адамгершілік қасиетті дамытуға болатынын көре білген. Абайдың тұжырымы бойынша патриотизмнің түсінігінің шынайылығы руханилыққа негізделеді. Патриотизм ең жоғарғы сезім, өзгермейтін құндылық және таусылмайтын бастау. Тұлғаның, әлеуметтік топтың, әлеуметтік қызметтің барынша мәдени дамуына түрткі тудырады /10/.

Тәрбиенің негізі болып саналатын жалпыәлемдік құндылықтардың бірі – тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамдарды сүйе білу қажеттілігі болып табылады. Әр адамның тағдыры әрқашан әлемдік дүниемен, адамдармен, ұжыммен байланысты. Сондықтан демократияландыру, адамның құқығы мен бостандығын сақтау жағдайларында ұжымдағы қарым-қатынас мәселелері бұл күнде ерекше маңызға ие болуда.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану.-Алматы: Ғылым. 2003.- 376 б.

  2. Подласый И.П. Педагогика. – М.: Просвещение, 1996. - 432 с.

  3. Грядовой Д. Философия структурный курсов основ философии. Учебное пособие. - М.: Из-во «Щит М»,1999. - 266 с.

  4. Момышұлы Б. Соғыс психологиясы - Алматы: Қазақстан, 991.- 400 б.

  5. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Алматы. 2007. -72 б.

  6. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1998. – 112 б.

  7. Иманбаева С.Т. Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы: 2007. -310 б.

  8. Изотов М. Проблемы патриотического воспитания народа в процессе формирования общеказахстанской национальной идеи. //Общенациональная идея Казахстана: опыт философско-политологического анализа МОН РК. –Алматы: 2006. - 280- 305 С

  9. Сәрсенбаев Т. Ұлттық сана-сезім мен ұлттық қадір қасиет. – Алматы: Білім, 1990. – 52 б.

  10. Абай. Қара сөздер. – Алматы: Ел, 1993. - 272 б


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада Қазақстандық патриотизм - әлеуметтік педагогикалық мәселе тұрғысынан қарастырылады.


РЕЗЮМЕ

В статье расмматривается Казахстанский патриотизм как социально - педагогическая проблема.

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

Похожие:

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі)
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconУчебник для взрослых
Бұл оқу құралы қазақ тілін оқытудың белсенді әдістемесінің элементтерін пайдалану негізінде құрастырылды. Ол бұрын қазақ тілін оқып-үйренбеген...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconЖасай бер, ана тілім – Қазақ тілі!
Мақсаты: Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру барысында 2011 жылы окба қди жанында өткізілетін курстардың жоспары
«Шаңырақ» жеке мектебінің ұйымдастыруымен «Искусство творить вместе» тақырыбында бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің шығармашылық...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconАҚТӨбе қаласының білім бөлімі бойынша б ұ й р ы қ
...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconПайдаланылған әдебиеттер Қосымша Кіріспе
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconОмарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылсуат ауылының №39 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon1. Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқытудың ерекшеліктері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница