12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері




Название12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері
страница8/21
Дата конвертации14.02.2016
Размер3.25 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://old.kazmkpu.kz/attachments/417_Bereke Habarshi.doc
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

БОЛАШАҚ ФИЗИКА МҰҒАЛІМІНІҢ

КӘСІБИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ДАЙЫНДЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Ильясов Н.И. – доцент, Байқадамова Л.С.-оқытушы,

(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Соңғы жылдары қоғамның ашықтығы мен ондағы қайта құрулар, еліміздің экономикасын дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Себебі, әлемнің жетекші елдері білім беру мақсатын, мазмұны мен технологияларын, оның нәтижесіне қарап бағалайды. Осыған байланысты, білім берудің негізгі мақсаты, оқушылар мен студенттердің алған білім, білік және дағдыларының негізінде, өзін-өзі дамытуға, мағлұматтарды өз бетінше табуға, талдауға және ұтымды пайдалануға, өз ісін дұрыс атқаруға үйрету болып табылады.

Бұл, әрине, жаңадан ашылып жатқан бағдарлы мектептер, лицейлер мен гимназияларда табысты жұмыс істей алатын іргелі білімі бар, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, оның өзгермелі талаптарына бейімделген, шығармашылық қабілеті жоғары мұғалім кадрларын дайындауды керек етумен қабат, жаңа бағдарламалар құруды, жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын жазуды керек етеді. Осыған байланысты, өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының сапалық деңгейін көтеру мәселесіне арналған зерттеу жұмыстары көбейе бастады/ 1,2/

Әдістемелік дайындық, болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының ажырамас бөлігі болып табылады және оның кәсіби қызметінде атқаратын іс-әрекеттерінің әдістемелік аспектілеріне сәйкес, шешетін оқыту міндеттерінің ерекшеліктеріне байланысты, өзіндік маңызға ие. Мектепте өтілетін әрбір нақты пәнді (физика, математика, химия, астрономия және т.б.) оқытудың кез келген сатысында, шектес ғылыми білімдердің интеграциялануы мен әртүрлі педагогикалық ахуалдарда, оның арнайы міндеттерін, принциптерін, мазмұнын, формалары мен әдіс-тәсілдерін айқындау мен тағайындау арқылы оқытудың тиімді жолдарын талдау, анықтау және негіздеумен қамтамасыз ету әдістемелік дайындықтың басты функциялары болып табылады. Бұл жерде, мұғалімнің кәсіби дайьшдығының әдістемелік аспектісінің міндеті оқыту жолдарын негіздеу және таңдаумен шектеліп қана емес, сонымен қатар, оқушыларды оқу-танымдық процестің сан-алуан әдіс-тәсілдеріне үйрету және олардың іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда ұйымдастыруды жүзеге асыру екендігін ескерте кетейік.

Студенттердің кәсіби-әдістемелік дайындығы мынадай негізгі компоненттерден: бағыттылық, сәйкес білім, білік пен дағдылардың жиыны, дамыған логикалық ой-өріс пен сана-сезім, тұлғаға тән қабілеттер мен қасиеттер, іс-әрекеттерді атқару тэжірибелерінен құралады. Осы аталған компоненттерді қалыптастыру мен дамыту болашақ мұғалімнің кәсіби-әдістемелік дайындаудың басты мақсатын құрайды.

Бұл мақсаттарды, қоғам мен заманның, кез келген қазіргі білім беру жүйесінің болашақ физика мұғалімінің шығармашылық потенциалын, мүмкіндігін қалыптастыру мен дамыту талаптарына сай дәлдеу және толықтыру, мұғалімді жоғарғы педагогикалық оқу орнында кәсіби-әдістемелік дайындаудың вариативтілігі тұрғысынан қарағанда да аса тиімді екендігі байқалады.

Оқыту заңдылықтарының негізін қарастыруда, біз оны жүзеге асырудың, білім беру жүйесінің әртүрлі сатыларына және оның негізгі міндеттеріне (оқу курсы, жеке тарауды өтудің әдістемесі, кәсіби дайындық дәрежесін дамыту жүйесі және т.б.) тәуелділігі ескерілетін, мынадай деңгейлерін бөлдік:

- оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары;

- қарастырылатын оқу материалының құрылымы мен мазмұны;

- оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың құрылымдық сипаты;

- оқу курсының мақсаттары мен негізгі міндеттерінің құрылымы.

Қазіргі кезеңде, болашақ физика мұғалімінің кәсіби дайындау барысында, осы деңгейлер жүйесін жүзеге асыру, негізінен, студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың әдістері мен формалары деңгейінде жүзеге асырылады. Бұл, әрине, мұғалімді кәсіби-әдістемелік дайындауды тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін объективті және субъективті факторлардың көп түрлілігін, көп жақтылығын есепке алуда жеткілікті емес. Мұғалімді теориялық және әдістемелік дайындау процестерінің интеграциялануы, оны кәсіби іс-әрекетке дайындаудың вариативтілігін, жоғарыда аталған деңгейлердің барлығында жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Педагогикалық оқу орындарында болашақ физика мұғалімінің кәсіби дайындығының трансформациялануын, философиялық, педагогикалық және психологиялық идеялар мен заңдылықтардың негізінде іске асыратын, басты педагогикалық құралдар мыналар болып табылады:

- болашақ физика мұғалімін кәсіби-әдістемелік дайындауда, оның оқу - танымдық іс-әрекетінің циклдік принципін жүзеге асыру;

оқу мазмұнына, физика мұғалімінің кәсіби қызметке дайындығын қамтамасыз ететін, әдіснамалық білімдер мен біліктерді енгізу;

- арнайы және әдістемелік пәндердің құрылымын анықтауда, теориялық және кәсіби-әдістемелік білім, біліктер мен дағдылардың сатылығы мен қалыптасу мерзімін, оқу курсының қатаң сызықты кұрылуына жол бермейтін, оқу материалының маңыздылығы мен күрделілігінің біртіндеп артып отыруын қамтамасыз етілуін ескеру;

- оқытудың әрбір сатысының міндеттерін айқындау және оны орындау арқылы болашақ мұғалімдердің аналитикалық, шығармашылық және рефлексивтік қабілеттерінің дамуын қамтамасыз ету.

Сонымен, философиялық, психологиялық, педагогикалық арнайы және әдістемелік жұмыстар мен әдебиеттерге жан-жақты жүргізілген талдау мен сараптаулардың нәтижесінде, жоғары кәсіби білім берудің педагогикалық теориялары мен концепциялары әдіснаманың қазіргі жалпы ғылыми деңгейінде жүйелілік, қарекеттік және тұлғалық келістерге негізделетіні айқындалды. Оқытудың нақты концепцияларын тағайындау (әдіснаманың дербес ғылымилық деңгейі) осы келістердің өзара әсерлесу дәрежесімен, қатынастарымен, соның ішінде, айрықша, мақсаттарымен анықталатыны байқалды.

Физика мұғалімінің кәсіби-әдістемелік дайындығын жүзеге асыру осы келістердің жетекші, бір-бірін өзара толықтыратын идеяларын пайдалануға; студенттердің белсенділігі мен дербестігін өзіндік жұмыста қолданылатын әдіс-тәсілдердің негізінде дамытуға; оқу материалының мазмұнын беруді және оны ұйымдастыру формаларын таңдауды ғылыми негізде жүзеге асыру есебінен студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін, олардың келешек мектепте атқаратын кәсіби қызметіне адекватты ұйымдастыруға; болашақ физика мұғалімінің кәсіби бағытталуын анықтайтын және жүзеге асыратын мотивациялық шеңберін кеңітуге негізделеді.

Болашақ физика мұғалімін кәсіби дайындауда, бұл идеяларды жүзеге асырудың негізгі шарты ретінде, студенттердің белсенді әрі жемісті оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетпен айналысуын қамтамасыз ететін, оқу-танымдық және әдістемелік тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін құру, теориялық білімдерін кеңейтуді мақсат тұтатын, оларды еркін қолдануға үйрететін арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыру саналады. Әрине, осының негізінде оқытудың дифференциалдық және жекелендіру формалары мен түрлері камтамасыз етіледі. Қазіргі кезде, қоғам мен заманға лайық физика мұғалімін дайындаудың тиімділігін арттырудың жолдарын тағайындау, құралдарын анықтау жоғары оқу орындарының оқытушыларының практикасында да жүзеге асырыла бастады. Еліміздің әртүрлі аймақтарында өтіп жатқан республикалық, халықаралық конференциялардағы физика пәнінің мазмұнына, физиканы оқыту әдістемесіне арналған материалдарға жасалған талдаулар мен талқылаулар, осы аталған мәселелерді шешудің негізгі бағыттарының қатарына мыналар кіретінін көрсетті: оқу материалының теориялық жалпылануын арттыру; студенттерді келешек кәсіби қызметіне қажетті әдіс-тәсілдерді еркін қолдануга үйрету; студенттерде арнайы және әдістемелік пәндердің материалдары мен зерттеу әдістерін құрылымдық тұрғыда жүйелеу біліктерін қалыптастыру.

Осы аталған талаптарға сәйкес, болашақ физика мұғалімінің кәсіби қызметке дайындық деңгейін дамытудың әдістемелік жүйесі өзінің құрылымы, функциясы және құралатын элементтерінің функциялары мен өзара байланыстары арқылы сипатталады. Педагогикалық университтер мен институттарда болашақ физика мұғалімін кәсіби қызметке дайындаудың әдістемелік құраушысының жетекші функцияларының қатарына мыналарды жатқызуға болады:

- болашақ физика мұғалімінде кәсіби қызметіне ізденімпаздық, шығармашылық көзқарас қалыптастыру (мотивациялық-құндылық функциясы);

-физика мұғалімінде өзінің кәсіби қызметін тиімді, әрі табысты атқаруға қажетті іргелі теориялық, кәсіби-әдістемелік және әдіснамалық білімдер мен біліктер комплексін, жиынын қалыптастыру (оқыту, бақылау және әдіснамалық функциялар);

- болашақ физика мұғалімінің сана-сезімін, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру (дүниетанымдық функция);

- физика мұғалімінің, іздену-эвристикалық, оқу-зерттеу деңгейлеріндегі, практикалық кәсіби іс-әрекет, қызмет тәжірибесін қалыптастыру (кәсіби- практикалық функция).

Осыларға сәйкес физика мұғалімін кәсіби қызметке дайындаудың әдістемелік жүйесінің құрылымы, шартты түрде, мынадай негізгі үш компоненттен: мақсаттардан; құралдардан және алынған нәтижелерден құралуы тиіс.

Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика мұғалімін кәсіби-әдістемелік дайындау жүйесінің мақсаттары, олардың иерархиялық кұрылымын бейнелейтін, компоненттік құраушылары мен өзара байланыстары тұрғысынан ашылуы тиіс. Мақсаттардың құрамын анықтауда, іс-әрекеттік келістің талаптары жетекші деп саналып, қалыптасатын іс-әрекеттердің терминдері арқылы тұжырымдалуы тиіс. Бұл кезде, мақсаттардың амалдық компоненттері ретінде физика мұғалімінің теориялық, кәсіби-әдістемелік дайындықтарының элементтері алынады. Бірақ, іс-әрекеттердің жеке элементтерін жүзеге асыру белгілі білімдер мен біліктер жиынын игеруді талап ететіндіктен, олардың тізімі іс-әрекеттердің түрлері мен элементтерін нақтылайды.

Тұлғалық келіс тұрғысынан, адамның бойындағы бұрыннан қалыптасқан рухани және мәдени-құндылықтарды есепке алмай, кез - келген іс-әрекетті орындау мүмкін емес. Сондықтан, мақсаттардың амалдық комплексі, жиыны тұлғада сапалық қасиеттер қалыптастыру мақсаттарымен; бағыттылық; логика; ойлау; сана-сезім және т.б. толықтырылуы керек. Осы аталған талаптар, педагогикалық университеттер мен институттарда болашақ физика мұғалімін кәсіби қызметке дайындаудың әдістемелік жүйесіндегі мақсаттар компонентін құруда жүзеге асырылады. Ұсынылып отырған әдістемелік жүйенің негізгі міндеті, оқушыларды физика пәнінің мазмұны мен кұралдары арқылы оқыту, тәрбиелеу мен дамыту болғандықтан, мақсаттардың амалдық кұрамы болашақ мұғалімдердің кәсіби-әдістемелік іс-әрекеттерінің сан-алуан элементтеріне сәйкес және оларды ғылыми негізде ұйымдастырудың мүмкіндіктерін ескеру арқылы анықталды.

Кәсіби-әдістемелік іс-әрекеттердің элементтері мұғалім, оқушы және информацияның арасындағы өзара әсерлесулердің мүмкін болатын түрлерімен анықталады. Бұл жерде физика мұғалімінің келешекте атқаратын қызметінің мынадай негізгі түрлері: оқу-әдістемелік жұмысы, окушылардың танымдық, ізденімпаздық іс-әрекеттерін ғылыми тұрғыда ұйымдастыруға бағытталған және өз бетінше білімін толықтыруы мен өзіндік оқу-зерттеу жұмыстары қарастырылуы тиіс.

Физика мұғалімінің кәсіби кызметке дайындығын дамытудын әдістемелік жүйесінің негізгі мақсаттарының амалдың компоненттерінің құрамына, оларға өзінің ұстаздық қызметін жемісті атқаруға қажетті физикалық білімдер мен біліктер; физика сабақтарын және оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарының сан алуан түрлерін еркін қолдануды жүзеге асыруды және оны әдістемелік негізде дайындауды игеруін қамтамасыз ететін, оқу-әдістемелік білімдер мен біліктер жиыны; физиканы оқытудың көп функционалды арнайы кұралдары (физикалық оқу эксперименті, физикалық есептерді шығару әдістері, оқушылардың оқу-танымдық, ізденімпаздық және шығармашылық іс-әрекеттерге жұмылдырудың әдіс-тәсілдері, жолдары және т.б.); физика мұғаліміне өз пәнінің материалдық базасын құруы мен дамытуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұйымдастыру-әдістемелік біліктері мен дағдылар жиыны; мұғалімге, оқушыларды физиканы оқыту процесінде өз жұмысының нәтижелеріне сай адекватты сезінуін қамтамасыз ететін оқу-танымдық және шығармашылық білімдер мен біліктер; оқытудың әдістерін, тәсілдері мен құралдарын ғылыми негізде жетілдіріп отыру және оқу процесінде туындаған түрлі ахуалдарда оларды сауатты қолдануға мүмкіндік беретін арнайы біліктер енгізілді.

Ғылыми және практикалық маңызы жоғары жалпы психологиялық-педагогикалық теорияларда, оқытуды ұйымдастыру мен басқарудың негізі болып табылатын, күрделі динамикалық жүйелердегі процестер мен күйлерді оптимизациялау және реттеу идеялары жүзеге асырылады.

Біз, өз зерттеу пәнімізге байланысты, студенттерді оқушылардың оқу-танымдық және әдістемелік біліктерін қалыптастыруға дайындау мәселесін қарастырайық. Мысалы, оқу процесінде студенттер физикалық білімін толықтырумен қабат, оны игерудің тиімді тәсілдерін меңгеруі қажет. Бұл, көптен бері зерттелініп келе жатқан мәселе және көп жағдайда, студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырумен тығыз байланыста қарастырылады. Әрине, бұл біліктер оқытушының келешек қызметінде ауадай қажет, себебі, заман талабына сай, студентердің кәсіби дайындауда, оларды тұтынатын еңбек әлемінде, ғылымда, техникада және экономикада қандай өзгерістер мен ағымдар туып жатқанын ескеріліп отыруы тиіс. Осыған сәйкес, жоғары оқу орындарында өзінің келешек кәсіби қызметіне және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тез бейімделетін, өздігінен білімін толықтыра алатын, өзін-өзі дамытатын, өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын сапалы мамандар дайындалуы қажет. Олай болса, болашақ мұғалімді дайындауда, оның іргелі теориялық және әдістемелік дайындығына басты назар аударылып, ұстаздык қызметтің шығармашылық сипаты ескерілуі керек /3/

Физикалық білім берудің барлық түрлерінде мысалы, лабораториялық жұмыстарды орындауда студенттердің қаракеті мазмұнды-практикалық және кәсіби іс-қимылдардан құралады. Сабақ барысында студенттер білімін бекітумен, толықтырумен қатар өздерінің іс-әрекетін саналы, бағытты түрде ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін (байқау, өлшеу, эксперимент нәтижелерін статистикалық өңдеу, талқылау, қорытынды жасау және т.б.) бірінен соң бірі жалғасып келетін іс-қимылдар арқылы игереді, солардың негізінде, зерттелетін құбылыс туралы мәлімет алады, мақсатқа жеткізетін көп жолдың ішінен тиімдісін анықтайды. Іс-әрекет жасаудың осындай микротәсілдері, студенттің кәсіби дайындык деңгейін дамытудың қажетті элементтері түрінде қалыптасады. Сонымен қатар, практикум кезіндегі студенттің оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігі, оның мұғаліммен, топтағы студенттермен, лаборанттармен пікір алмасуларының сапасымен де анықталады.

Біздің зерттеу проблемамыз, мұғалімді кәсіби даярлау процесіндегі орнын анықтау үшін, психологиялық дайындықтың барлық түрін, ескеруді талап етеді. Сонымен қатар, психология ғылымының, мұғалімнің кәсіби іс-әрекетке дайындық күйінің пайда болуы мен даму шарттарына қоятын талаптарын білу де өте маңызды.

Ғалымдардың пікірінше мұғалімнің кәсіби дайындық күйінің пайда болуы мен қалыптасуы, оның кәсіптік қызметтің міндеттерін, жауапкершілігін саналы түсінуімен және осы бағытта табысқа жету ынтасымен анықталады. Оқу процесінде, соңынан, келешек еңбектену жолында кәсіби дайындықтың атқаратын функциясының кеңеюі мен сапалық тұрғыда дамуын оқытудың, жұмыс істеудің шарттары және міндеттері ғана емес, сонымен қабат, тұлғаның қабілеттері, қасиеттері, тәжірибесі мен мотивтері анықтайды.

Олай болса, болашақ физика мұғалімінде кәсіби іс-әрекетті орындауға дайындықты қалыптастыруды, оған мақсатты түрде, өзара байланысқан әсер етулер арқылы жетуге болады. Ол үшін:

- белсенді тәрбиелік жұмыстар жүргізу арқылы, олардың кәсіби кызметіне қызығушылығын арттыру, мотивациясын тудыру;

- пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру арқылы кәсіптік міндеттердің шарттары мен мазмұнын айқындайтын білімдер жүйесін құру;

- сөзбен және көрнекті құралдармен келешек қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру;

- студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыру мен жаттығуларды пайдалану негізінде, оларды қажетті біліктер және дағдылармен қаруландыру;

- студенттердің келешек қызметіне өзін-өзі дайындауын қадағалау, икемдеу.

Кәсіби даярлауды ұйымдастыруда студенттерде оқуға, білімге деген оң көзқарас қалыптастыруға үлкен ықпалын тигізетін шарттарды (игерілген білімнің теориялық және практикалық маңыздылығы мен оқытудың жақын және қашық мақсаттарын түсіну, оқу материалының жаңалығы мен мазмұнын біртіндеп өсіріп отыру, информациялық танымдық қарама-қайшылықтары бар ахуалдар, проблемалық мәселелер тудыру және т.б.) жүзеге асыру маңызды роль атқарады / 4 /

Біз, студенттердің кәсіби дайындығын қалыптастыруға арналған жұмыстарымызда, оқытудың іс-әрекеттік келісінің негізінде ұйымдастырылатын, олардың танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық және әдістемелік іс-әрекеттеріне басты назар аудардық. Әрине, бұлар болашақ физика мұғалімінің келешекте атқаратын іс-әрекеттеріне адекватты болатындай таңдалуы керек.

Студенттердің жоғарыда келтірілген іс-әрекеттерді игеруі, оқытушының тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мысалы, Н.В.Талызина /5/ осы мәселелерге қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, студенттердің, оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру жолдарын анықтады. Егер іс-әрекет бұрын әлеуметтік тәжірибеде қолданылмаған (объектіленбеген) болса, оны объектілеудің бірнеше жолдары болады:

1.Теориялық-эксперименттік жол. Бұл жол, шешілетін мәселеге (ахуалға) ұқсас мәселелерді теориялық талдаулар мен оқыту практикасында туындайтын қиындықтарға анализ жасау негізінде, модель құрудан басталады. Оқытудың келесі сатыларында құрылған модель дәлденеді.

2.Осындай есептерді, мәселелерді шешу барысындағы алдыңғы қатарлы оқушылардың іс-әрекеттерінде туындаған қиындықтарды талқылау мен талдау.

3.Психологиялық талдау арқылы, бұрын шешілген, ұсынылғанға ұқсас ахуалдарды шешудің тиімді жолдарын анықтау.

Оқу процесін басқару концепциясының жетекші қағидалары ретінде мыналарды алуға болады:

1. Оқу, оқушыда оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарынан туындайтын сапалық қасиеттер мен қабілеттерді дамытуды жүзеге асыратын, жеке және коллектив атқаратын іс-әрекеттердің сан алуан түрлерінің жүйесі;

2.Дәстүрлі оқытуда басқару негізінен іс-қимылдардың параметрлері арқылы, яғни, оқушыға белгілі іс-қимылдар жүйесін беру жолымен іске асырылды. Қазіргі кезеңде, психологиялық тұрғыда дұрыс басқару деп білім алушының іс-әрекеттік мұқтажын, мотивтері мен мақсаттарын өтейтін дамыту шарттарын құру мен мүмкіндіктерін жасауды айтады;

3.Оқу процесінде, оқытушымен немесе оқытушы жүйемен құрылған, оқушы атқаратын іс-қимылдардың тізбелілігі қатаң сақталуы тиіс. Бұл тізбектілік білім алушымен неғұрлым көп анықталса, басқару соғұрлым икемді болады.

4.Басқарудың тұлғалық дәрежесі деп білім алушының оқытудың мақсаттылығы мен оқу процесіндегі өзінің іс-әрекетін құрудағы дербестік дәрежесі аталады.

5.Оқушының дамуы ең тиімді жүретін оқу, оны қиындык шегінде оқыту. Сондықтан, оқу процесін басқаруда оқушының ішкі потенциалы мен мүмкіндігіне сүйену керек.

6.Оқытуды (оқытушының іс-әрекеті) басқару жүйесінің негізіне оқушының іс-әрекетінің прогностикалық моделі қойылуы қажет.

Біз, болашақ физика мұғалімдерінің жоғарғы оқу орнындағы оқу-танымдық іс-әрекеттерінің мынадай: репродуктивтік (студент әртүрлі физикалық және оқыту-тәрбиелеу мәселелерін қарастыруға арналған оқу-танымдық, әдістемелік тапсырмаларды орындауға ықылас білдірмейді, талаптанбайды, олардың физикалық құбылыстарды, теориялар мен заңдарды түсінудегі немесе оқу процесін ұйымдастырудағы маңыздылығын түсінбейді); информациялық - репродуктивтік (студент оқу-танымдық, әдістемелік тапсырмаларды ішінара орындайды, бірақ олардың мәнін жеткілікті дәрежеде түсінбейді, психологиялық-педагогикалық және физикалық білімдерін жүйелі толықтырмайды, оқу-танымдық әдіс-тәсілдерді, білімі мен біліктерін қарапайым мәселелерді шешуде ғана қолдана алады); іздену-эвристикалық (студент берілген физикалық, әдістемелік тапсырмаларды орындайды, физикалық және педагогикалық құбылыстарды дұрыс түсінеді, бірақ игерген білімдерін, біліктері мен дағдыларын оқушыларды дамытуда жеткілікті дәрежеде еркін қолдана алмайды); оқу-зерттеу (студент оз бетінше білімін, білік-дағдыларын кеңейтіп және толықтырып отырады, оларды кез келген мәселелерді шешуде қолдана алады, білім алудың жаңа технологияларын игеруге тырысады) деңгейлері болады деп санаймыз.

Физика мұғалімінің кәсіби дайындығының қалыптасу динамикасын, студенттердің репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттерінің ара қатынасын зерттеу негізінде талдау, олардың кәсіби қабілеттерін дамытуды тиімді, нәтижелі технологияларын айқындауға мүмкіндік берді. Біз, студенттердің кәсіби дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді (даму деңгейі, нақты кәсіби міндеттер мен мәселелерді табысты шешу мүмкіндігі, жоғары педагогикалық мектепте білім алуда кәсіби дербестікке жетуі, келешек кәсіби қызметіне бейімделу процесі және басқалары) болашақ физика мұғалімінің кәсіби даярлаудың сапасын көтеруді болжауға болады. Олардың оқу-танымдық, кәсіби-әдістемелік іс-әрекеттерін мақсатты, жоспарлы ұйымдастыруға және қолданылатын технологиялардың тиімділігін анықтау үшін пайдаландық.

Физика мұғалімінің кәсіби дайындығының белгі-шарттарын тағайындау проблемасы арнайы пәндер мен оның әдістемесін оқыту процесін оптимизациялаумен тығыз байланысты.

Мұнда күрделі динамикалық жүйелерде байқалатын өздігінен реттелу процесін, яғни, синергетикалық заңдылықтарды пайдалану жақсы нәтижелерге әкелуі тиіс.

Педагогикалық жүйеде жүретін процестердің кішігірім өзгерісі күтпеген күрделі жағдайлар тудыруы мүмкін. Бұндай ахуалдар оқушылардың іс-әрекетін басқаруда үнемі кездеседі. Екінші жағынан, жүйедегі осы өзгерістер, оны орнықты ұстау үшін қандай күйді таңдау қажеттігі жөнінде белгілі информация берді. Демек, оқу-процесінде туындаған ахуал, кез келген уақыт мезетінде, оны құрайтын элементтердің өзара әсерлесуімен анықталатын, егеменді процесс ретінде қарастырылады. Бұл болашақ мұғалімде жаңа білімдер мен біліктер қалыптастырады, оның жаңа сапалық күйге ауысуын қамтамасыз етеді, кәсіби-әдістемелік дайындығын дамытады.

Іс-әрекеттің белсенді түрлендіруші сипатының ықпалынан педагогикалық процестің жекелеген элементтерінің өзара ұйымдасқан, үйлескен қимылдарының нәтижесінде, жүйеде бұрынғы байланыстардың қайта құрылуы мен жаңа байланыстардың түзілу процесі жүреді. Бұлар тізбекті түрде жаңа құрылымдардың пайда болуына әкеледі. Студенттің жоғары үйлесімді, когерентті іс-қимылы педагогикалық жүйені құрайтын жеке элементтердің өзара іс-әрекеттермен, оның әртүрлі иерархиялық деңгейлерінің арасында сақталған, өңделген, берілген, түрленген және қабылданған информация алмасулардың негізінде жүзеге асады. Шын мәнінде, күрделі ашық жүйелерде информациялық деңгейлер иерархиясы орын алады. Бұл кезде педагогикалық жүйе дами отырып әртүрлі күйлерде бола алады, олай болса, оның субъектілеріне қандай күйді таңдау қажеттігі туралы информация керек. Олай болса, жүйенің әрі қарай даму қарқынының артуы мен баяулауы оны қабылдау сапасына тығыз байланысты. Кәсіби іс-әрекеттер кезінде жүйелердің немесе оларды құрайтын элементтердің арасында жүретін информациялар әлеуметтік маңызды ерекше функционалдық қасиетке ие. Себебі, ол субъектінің дамуында, тұлға болып қалыптасуында, өзін-өзі басқаруы мен жетілуінде үлкен роль атқарады.

Студенттің ой-өрісі кеңейген сайын, кәсіби дайындығы артқан сайын, оның алдында, бірнеше жолдың қиылысында тұрған саяхатшы сияқты, әртүрлі мүмкіндіктер тұрады. Бұл кезде, олардың екеуін де бифуркациялық нкүтеде тұр деп айтады. Мысалы, студенттің табысқа жетуі, оның өзіне қандай міндет қойғанына байланысты.

Субъект игерген білімін өзінің бұрынғы тәжірибесімен салыстырады, оның ерекшеліктерін есепке ала отырып пайдаланады, жаңа білім құрудың құралы ретінде немесе басқа жаңа білім алуды қамтамасыз ететіндей түрлендіреді. Бұл жағдай көп рет қайталанады, соған сәйкес, бйфуркацияларда пайда болып отырады. Нақты айтқанда, барлық кезенде екі стационар күй: білім мен білімсіздік бір мезгілде қатар пайда болып отырады. Осы күйлердің бірі таңдалса бастапқы информация екі еселеніп отырады, яғни, шешім қабылданған мезетте алғашқы бірмәнсіздік (білімсіздік) жойылады.

Ғылымының жаңа әдіснамалық бағыты синергетиканың заңдылықтарын талдау арқылы Князев Е.Н., Курдюмов С.П., Мукушов Б.А. сызықты ойлау шекті жағдайларда ғана дұрыс нәтиже беретініне назар аударады /6,7/

Бұрындары сызықты ойлау жаратылыстану ғылымдарында, экономикада, саясатта көп жағдайларда, жақсы нәтижелерге әкелмегені белгілі. Сондықтан қазіргі кезеңде, классикалық ғылымға тән, бірмәнділік пен сызықты ойлаудан, күрделілік пен ашық жүйелер туралы білімімізді дамытатын көпөлшемді, көпмәнді және сызықты емес ойлауға көшу байқалады. Барлық материалдық объектілер мен жүйелерде байқалатын өздігінен реттелу процесінің заңдылықтарын ашық жүйе ретінде, педагогика ғылымында да қолдануға болады. Тепе-теңдікте қашық ашық жүйелерді зерттеу әдістері, күрделі мінезге ие, сәйкес элементтерінің даму заңдылықтары сызықты емес болып табылатын, педагогикалық процестің қызметін түсінуге мүмкіндік береді.

Ғылыми зерттеу жұмысының негіздеуге арналған философиялық-әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық талдау, бізге болашақ физика мұғалімінің кәсіби дайындығын дамытудың құрылымын, құралдары мен мазмұнын анықтауға, оған қойылатын талаптарды тағайындауға және соның негізінде, оның әдістемелік жүйесін құруға сонымен қатар, студент-физиктердің кәсіби қызметке дамыту мен қалыптастырудың технологияларын таңдауға және оның белгі-шарттарын айқындауға мүмкіндік берді.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Земцова В.И. Формирование методической готовности учителя в педагогическом вузе. (В сб подготовка кадров в педагогическом институте). Орск: 1993. 143 – 148 с.

  2. Ивахнова М.Л, Есенова М.И, Ильясов Н.И. Совершенствование дидактической подготовки учителя в процессе изучения спецпредметов. Методические пособие. Алматы: КазПи им. Абая, 1989. – 102 с.

  3. Жаңабаев З. Ж, Ильясов Н.И, Тынтаева Ш.Б. Физиканы оқыту теориясы және әдістемесі. Оқу құралы. Алматы: 2006. – 169 б.

  4. Ильясов Н.И., Есенова М.И. Педагогические требование к системе позновательно - поисковых задач и заданий для подготовкии студентов к профессинальной деятельности / В. Сб. Проблемы формирования проффицонального мастерства учителя. Алма – Ата: КазПИ им. Абая, 1985. 132 – 140с.

  5. Тальзина Н.Ф. Теория поэтапного формирования умственных действий и проблема развития мышления // Сов. педагогика 1962. – 15-22 с.

  6. Князева, Курдюмов С.Л. Синергетика как новое мировидение. // Вопросы философии, 1992 № 2 3-20 с.

  7. Жаңабаев З.Ж, Мукушев Б.А Синергетика в педагогике. Алматы: 2002 – 128 с.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада педагогикалық университетінің оқу процесінде болашақ физика мұғалімінің кәсіби-әдістемелік дайындығын жетілдіру мәселелері қарастырылады.


РЕЗЮМЕ

В настоящей статье рассматриваются возможности совершенствования профессионально-методической подготовки будущего учителя физики в учебном процессе педагогических университетов

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

Похожие:

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі)
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconУчебник для взрослых
Бұл оқу құралы қазақ тілін оқытудың белсенді әдістемесінің элементтерін пайдалану негізінде құрастырылды. Ол бұрын қазақ тілін оқып-үйренбеген...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconЖасай бер, ана тілім – Қазақ тілі!
Мақсаты: Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру барысында 2011 жылы окба қди жанында өткізілетін курстардың жоспары
«Шаңырақ» жеке мектебінің ұйымдастыруымен «Искусство творить вместе» тақырыбында бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің шығармашылық...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconАҚТӨбе қаласының білім бөлімі бойынша б ұ й р ы қ
...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconПайдаланылған әдебиеттер Қосымша Кіріспе
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconОмарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылсуат ауылының №39 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon1. Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқытудың ерекшеліктері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница