12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері




Название12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері
страница4/21
Дата конвертации14.02.2016
Размер3.25 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://old.kazmkpu.kz/attachments/417_Bereke Habarshi.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

УДК 33.2 А 52


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ

ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК РӨЛІ


Амандосова Г.Т.- оқытушы, (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Біз қоғамның маңызды институттары жөнінде сөз қозғағанда, ең бірінші отбасын айтамыз. Бұл бұрынғы кезден осылай; отбасы – адамзат қоғамының басты институты, қоғамның ұяшығы болып табылады.

Адамзат қоғамының тарихи дамуы барысында әр түрлі жыныс өкілдерінің арасындағы еңбек бөлінісінің нәтижесінде табиғи байланыстар мен мүдде бірлігінің ұштасуынан отбасы дүниеге келеді /1-220, 221 б./ .

Отбасы - әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Алғашқы қауымдық құрылымда адамдар арасындағы қарым-қатынас тек қажеттілік арқылы ғана жүзеге асып отырған, соның ішінде жыныстық қатынасқа қоғамның барлық мүшелері түсе алған. Бұл кезеңде қандас адамдар арасында мұндай қатынасқа түсу ерекше орын алады. Осыдан келіп, алғашқы қауымдық құрылымдағы ең көне отбасы түрі топты некеге негізделген. Мұндай қатынастарды ретсіз жыныстық қатынас немесе промискуит (латын тілінен аударғанда promisuis – ортақ жыныстық қатынас) деп аталған. Әрине бұл бізге әдепсіз көрінеді, бірақ сол кездегі адамдар үшін бксқа көзқарас. Оны К. Маркс: «Алғашқы заманда, қарындасы ағасының әйелі болған, мұның өзі әдептілікке жататын еді», деп көрсетеді. /2-14 б./

Отбасы тарихының бұдан кейінгі даму сатысы Ф. Энгельс айтқандай топты некенің жұп отбасының қалыптаса бастауымен, яғни қандас туысқандар арасындағы некелесу ғұрпына тыйым салуына байланысты болған.

Яғни «экзогамды» неке дүниеге келді. Мұндай топтық негіздегі неке тас дәуірінің аяғына дейін сақталады. Осындай топ аралық қатынастардың ішінен біртіндеп таңдап қатынасқа түсе бастады, өз қауымындағы емес, таңдаулы адамымен отбасын құру етек жаяды. Бірақ бұл отбасылық қарым-қатынастар өте тұрақсыз болады. Бұл жағдайға ер адамда келімді-кетімді. Бұлардан туылған ұрпақтар аналардың шыққан қауымына жатқызылады. Осыдан келіп, қоғамда матриархат үстемдік ала бастады. Тарихымыздан белгілі, қола дәуірінде шаруашылықпен айналыса бастаған отбасы арасында жекелену басталады. Яғни, отбасын құрған адамдар өз шаруашылығын жүргізуге мәжбүр болды. Мұның өзі қара күшті қажет етті. Осылайша ер адам әр отбасының басшысына айналып, отбасы бұрынғыға қарағанда тұрақтана бастады. Осы кезде матриархат жойылып, патриархат өз тегін жайды. Бұдан былай туысқандық әке жағынан болып есептеледі. Міне, осы сәттен бастап, қара күштің, шаруашылықтың қажет болуы, отбасының құрылуы әлеуметтік институттың, мемлекеттің құрылуына әкеліп соқты.

Ф. Энгельстің айтуы бойынша, топты неке – жабайылық дәуірге тән болса, жұпты отбасы – варварлық, ал моногамиялық отбасы – цивилизацияға тән. Сонымен қатар, отбасының қалыптасуы, оның тағы бір түрі полиандрия (бір әйелдің бірнеше ер адамға тұрмысқа шығуы) пайда болуына әкелді. Қазіргі кезде полиандрия Үндістанның, Оңтүстік Американың тайпаларынан кездеседі.

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында қазақ арасында негізінен шағын отбасы үстем болған. Негізінен, осы шағын отбасында патриархалды отбасының сипаттары сақталған. Оны Л. Морганның айтуынан: «Қарауындағы жерін өңдеп, малын бағу үшін әке үкіміне бағыныштылыққа белгілі мөлшердегі ерікті және еріксіз адамдардың отбасын құруы үлкен патриархал отбасының негізгі белгісін», - көреміз. Кейбір деректер бойынша, патриархалды отбасы ХХ ғасырдың басына дейін өз үстемдігін құрған. Сонымен бірге, отбасының әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын В.Т. Соколовскийдің «Қазақ ауыл-мекендерді зерттеп, ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда бүкіл қазақ жұртшылығына шағын, дара отбасының тән болғандығын айта келіп, олар моногамиялық некеге негізделгендігін дәлелдеді». /2-15-17 б./

Міне, осы жерден отбасының әлеуметтік институт ретінде қалыптасуының бастапқы қадамы, сол алғашқы қауымдық құрылымнан басталғанын байқауымызға болады.

Социологиямен қатар, отбасын басқа ғылым салалары зерттеп қарастырған. Бірақ солардың ішінде, отбасының әлеуметтік-экономикалық жағын, отбасын әлеуметтік институт ретінде қарастыратын отбасы социолоиясы болып табылады.

Сонымен қатар, отбасы институты, туыстық институт, аналық институт, аталық институт, жеке институт, әлеуметтік қорғау институты, т.б. Институтционалды көзқарас бойынша отбасының бейнелік процесі әлеуметтік нормаларды, әлеуметтік рөлдерді, әлеуметтік стандарттарды ұзақ уақыт қабылдайтын процесс ретінде көрінеді.

Отбасы некеден басталады демекші, неке институты – отбасы өмірінің бүкіл сферасын қамтымайды, яғни отбасының туысқандық қатынастарын қамтымайды. Ол жас жұбайлардың арасындағы қарым-қаынасты бақылайтын нормалардың жиынтығы. Мұндағы кейбір нормалар юридикалық түрде болады, яғни заңға сәйкес, ал кейбір нормалар мәдениетке, салт-дәстүрге сәйкес келеді. Бұл екі норма отбасының құрылуы мен бұзылуында басты рөл атқарады. Отбасы институтының тарихи аспектісі неке, отбасы және туыстық типологияларды қамтитын тарихшылар, этнографтар, антропологтар қарастырады. Ал ондағы экзогамия, эндогамия, моногамия, полигиния, патриархалды, матриархалды түсініктер социологияға көбінесе туысқандық дисциплиналардан келген. Мысалға: үлкен және нуклеарлы отбасы, есеп бойынша отбасы бір балалы және көп балалы отбасы т.б. социологияның ғылымынынан енгендер /3-31, 5-139/ .

Отбасы институты ретінде, дәлірек айтсақ, нақты қазіргі адамдарға қатысты емес институттардың жиынтығы. Отбасы институты адамдардың арасындағы туысқандық қатынастарды сақтайтын, дәстүрлермен, заңмен, ережелермен тығыз байланысты. Отбасындағы адамдар арасындағы қарым-қатынас әртүрлі болуы мүмкін. Отбасы басты екі тұрғыдан қарастырылады; 1) әкесі – жолдасы; 2) шешесі – жұбайы. Осы екі тұлға арқылы отбасының әлеуметтік статусы көрінеді. Негізінен отбасы институты тарихын әртүрлі зерттеулермен мәдени және әлеуметтік антропология айналысады. Олар туысқандық және неке типтерін, отбасындағы мәртебе мен рөлді, некелеу дәстүрін, құда түсу, бала туу, ажырасқандарды, бойдақтарды, ата-аналық құқықтан айырылғандарды, жетімдер, заңсыз туылғандар жүйесін анықтайды.

Отбасы инстиутының әрбір қоғамда өзінің тапсырмалары, құрылымы, әлеуметтік рөлі бойынша айырмашылықтары бар. Бірақ барлық қоғамға жалпы түрде (мінезі бойынша ортақ. Негізінен отбасының құрылу себебі, адам баласының жануарлардан айырмашылығы балалық шағының ұзақ болуы. Бұл балалардың ата-аналардан қамтамассыз етілуі. Бұл жерде отбасы тек білім беру, тәрбие беру қызметтерін ғана атқарып қоймайды, сонымен бірге ата-тегін беру, жинаған байлықтарын ие ету, әлеуметтік мәртебе және қоғамда белгілі бір орын алуына т.б. көмектеседі. Міне, осындай себептердің әсерінен, отбасы әлеуметтік институт ретінде қоғамда ерекше орын алады. /5-153/

Сонымен, отбасы – қоғамдағы халық санын толықтыратын және тұрақтылығын сақтайтын, фундаменталды институттардың бірі болып табылады. Бір жағынан отбасы қоғамның кіші топ ретінде тұрақтылығын сақтайтын негізгі ұясы. Адам өз өмірінде көптеген әртүрлі топтардың мүшесі болады. Мысалға: мектеп сыныбында, бала-бақшада, еңбек бригадаснда, қызық клубтарды т.б. тек отбасы ғана, ешқашан тастап кетіп қалмайтын тұрақты тобы. Яғни, отбасы-әлеуметтік ұйымның ең кең таралған түрі. /6-19/

Әлеуметтік институт дегеніміз – қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.

Әлеуметтік нститут (латын тілден аударғанда institutum «айқындау», «қандыру» деген сөзден алынған) қоғамдық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі. /8-122-123/

Негізінен әлеуметтік институттарға: саяси иститут, дін, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, отбасы т.б. жатқызамыз. Бірақ қарап отырсақ, отбасы әлеуметтік институттардың ішінде алғашқы және қалған инстиуттарды құрушы институт. Отбасы адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ежелгі формаларының бірі.

Отбасы институтының алға қойылған басты себебі: басқа да дін, мемлекет сияқты әлеуметтік институттардан әлдеқайда бұрын пайда болған. Сондықтан отбасы институты қоғамның бастапқы ұясы ретінде Елбасы Жолдауындағы айтылған еліміздің екі жылдай бұрын қолға алған дағдарысқа қарсы кешендік жүйенің жүзеге асырудың Қазақстан қоғамы және әрбір отбасы үшін маңызы зор болып табылады.

Қазіргі отбасы Қазақстанда әлемнің қай елінде болмасын мүмкідігінше «өзіндік емес» қызметтерді атқару арқылы өмір сүруге тырысады: меншікті, әлеуметтік мәртебені жинау және келесі ұрпаққа беру, отбасы мен тұтынуды ұйымдастыру, үй шаруашылығын жүргізу, демалыс пен көңіл көтеруді уақытылы өткізудің, денсаулық туралы қамқорлық, стрестерден қорғау, әлеуметтік әділетсіздіктен қорғау сияқты қызметтер атқаруда Қазақстан отбасыларында мемлекет тарапынан көрсетілген шаралар Президент Жолдауында нақты көрсетілген. Осыған орай мемлекеттің қоғам өмірінің әртүрлі салаларында: экономика, әлеуметтік жағдай, мәдени жағдай т.б. қолға алып және жүзеге асырып отырған шараларының маңызы зор. Еліміздің сондай-ақ қазақстандық әрбір отбасының тіршілігі ең алдымен агроөндірістік кешеннің өрістеп дамуымен байланысты. Ауыл шарушылығы, тың өнімдері адамдардың тіршілігінің басты шарты. Оларды азық-түлік т.б. қажетті заттармен қамтамассыз ететін бірден-бір сала. Сондықтан бұл салаға үлкен көлемде қаржы бөлу және оны тиімді жұмсау қазақстан отбасыларына тікелей қолдау көрсету болып табылады.

Жалпы отбасы институтының негізгі қызметтерінің бірі болып табылатын репродуктивтік қызметін жүзеге асыру үшін идеалды жағдайлар қоғамның дамуының тұрақтылығы кезеңінде туады және керісінше, дағдарыстың өтпелі кезеңдерінде туылу күрт бәсеңдеп құлайды. Сондықтанда отбасы инстиутының репродуктивтік қызметінің жұмысының бәсеңдемеуі үшін мемлекет тарапынан көптеген көмектер көрсетілуде.

Қорыта келе, отбасы – бір-бірімен өзара байланысты адамдар арасындағы туысқандық қарым-қатынасқа негізделген әлеуметтік жүйе, қоғам тұрақтылығын сақтайтын адамдар тобы. Олай болса отасының қоғам өмірінде маңызды орынды атқарады.

Қазақстан әйелдерінің ІҮ Форумында айтылған Елбасымыздың мынандай сөзі бар: «Отбасы, балалар, үй-ішілік һәм адамгершілік құндылықтар қоғамымыздың, мәдениетіміздің негізі болып келеді. Біз бұларды ел дамуының жаңа кезеңінің түп құқығы, ілгеріміздің басым бағыты деп білеміз. Ұрпағымыздың гүлденген, Бейбіт Қазақстанда өмір сүріп, берік шаңырақтың, бақытты отбасының иесі болуын мақсат етеміз». Яғни қазіргі дағдарыс кезінде де біз отбасылық құндылықтарымызды жоғалтып алмай қайта жаңғырта білуіміз керек.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан». Астана, 28 ақпан 2007.

2. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға». Астана, 6 наурыз 2009.

3. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. Алматы: «Қайнар», 1996 ж.

4. Курманова М. Семья и модернизация общества. Семья как – краеугольный камень построений мира на земле: Междунар. Науч-практ. Конф. 03.11.04 – Алматы 2004 ж.

5. Голод С.И. Современная семья: - плюрализм моделей // социологический жцрнал, 1996 №3-4.

6. Тощенко Ж.Т. Социология. Общий курс 2-е изд. Доп. И прераб. – М: «Прометей»: Юрайт, 2001.


ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада ҚР Президентінің халыққа Жолдауындағы отбасы институтының маңызы қарастырылған.

РЕЗЮМЕ

В данной статье рассматривается роль института семьи в Посланиий Президента РК народу Казақстана.


ИНОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Ақбергенова К. – психолог. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Ал білім беру саласындағы технологиялық идеялар бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде оқыту технологиясы үлкен өзгеріске ұшырап отыр. Оқытушылар мен студенттерге әртүрлі дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келеді.

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін оқытушылардың инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан оқытушының біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.

Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген. 1960 жылдарда шет ел зерттеушілері “Педагогикалық технология” терминін енгізді. В.Беспалько “Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер – оның құрамды бөлігі ғана” – деген тұжырымдама берді.

Педагогикалық технология оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және оны өткізудің формасымен анықталады. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны оқытушы мен студенттің өзара байланыс іс-әрекеті, студенттің ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат ғана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады.

Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз” дейді.

Ендеше инновация ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде “жаңа”, “жаңалық енгізу”, деп көрсетілсе, кейбіреулер оны “өзгеріс” деген терминмен анықтайды.

“Инновация” деген сөз – латынның “novus” жаңалық және “in” енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы “жаңару, жаңалық, өзгеру” деген мағынаны білдіреді.

Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде “Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, қалыптастыру, яғни, инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал “жаңаша” деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз” делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде “инновация”әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым “жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі.

Ал А.И.Кочетов “инновация” ұғымына төмендегідей анықтама береді: “Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы”. Алайда Р.Масырова мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, “Егер баратын деңгей” алдын-ала көрсетілген болса, ол қандай инновация” делінген. В.Кваша мен В.Латинаның пікірлері бойынша “инновация”- бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдары кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ” Масырова Р., Линчевская Т - “Жаңару” (новшество) дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.

Инновациялық үрдіске түскен ұжым даму барысының бірнеше кезеңін бастан кешірді: 1) жалтақтап күдіктену; 2) даңғазашылдық; 3) тұрақтану; 4) ынтымақтастық қалыптасу. Соңғы екі кезең – инновациялық үрдісті ұжымның шығармашылықпен сезінген, түсінген кезеңдері. Олар әрбір адамның аталған кезеңдерді басынан өткізуімен сәйкестеледі.

Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тәжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны “Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу” деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.

“Инновация” ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни, бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.

Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді дедік. Яғни, С.Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. Инновация ұғымын әр елде әртүрлі түсінген. Кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал, Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес.Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда “Инновация” ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.

Ресейде “Инновация” ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, XIX-XX ғасырдың басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді.Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни, инновациялық үрдіс өткен, бірақ инновация термині еш жерде аталмайды. Ал Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны “Құрамына материалдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс” деп түсінеді.

Найхос инновацияны процесс деп есептейді де, “Инновация қандай да бір идеялардан басталатын өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдауы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс” дейді.

Қазақстан мемлекетінде “Инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдың еншісінде. Ең алғаш “Инновация” ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады.

Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .

“Инновация” сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз “Жаңа, өзгеру, жаңаша” деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да “Жаңа, жаңаша өзгерудің” мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.

Инновациялық әдіс – тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады.

Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

  • ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде “бала-субъект”, “бала-объект” тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;

  • ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

  • қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

  • иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда “адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

  • саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;

  • оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

  • дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілігн арттырады;

Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады.

Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: “Жоғарғы білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады”,- деп атап көрсетілген.

Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процестерді бірлкте жетілдірудің де жүйесі.Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады.

Инновация өзінің даму барысында белгілі бір өмірлік даму сатыларынан тұрады:

- жаңа идеяның пайда болуы;

- мақсат қоюшылық;

- тарату және жойылу.

Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер анықталады:

  • енгізілген технологияның ерекшеліктерімен;

  • жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен;

  • жаңалықты енгізу жолдарымен.

Сондықтан бұл уақыт ағымына байланысты дамиды, бірқалыпты өзгеріске ұшырайды, жағдайына байланысты тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы болып саналады. Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың, білімді көтеру ұйымдастырушыларда т.с.с. “Әр жоғары сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс”, - дейді.

Инновациялық технологияның негізі болып саналатын жаңа педагогикалық технологиялар көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, М.Монтессори мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Шаталовтың ірі блоктік жүйесі және т.б.

Инновациялық технологияларды енгізудің жөні осы деп түрлі технологиялар мен халықаралық бағдарламаларды сабақта қолдану көпшілігімізге тән құбылыс болып кетті. Кейбір әріптестеріміз жаңа технологиялардың философиялық мазмұнын, тұтастығы мен жүйелілігін меңгеріп алмай, таза еліктеушілікпен сыртқы формасын ғана қолдануда. Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады. Міне сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан сан алуан инновациялық технологияларды реттеу, жүйелеу, сұрыптау, нәтижелерін талдау үшін арнайы ақпараттық-әдістемелік орталық құрылуы қажет.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру - міндет. // Қазақстан мектебі. № 9-10. 2005. 25-26 б.

  2. Байғазиева Г. Жаңа педтехнология . // Қазақстан мектебі. № 8. 2005 . 53-54 б.

  3. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар . // Қазақстан мектебі. № 4. 5-8 б. 2005

  4. Арысбаева З. Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшеліктері. // Қазақстан мектебі. № 1. 2007 . 69-70 б.


ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада білім беру саласындағы жаңа технологиялар, ауқымды өзгерістер, ынталы бастамалар қарастырылып, олардың тиімділігі сараланған.


РЕЗЮМЕ


В статье расматриваются новые технологии и разнобразные методики образования.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Похожие:

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі)
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconУчебник для взрослых
Бұл оқу құралы қазақ тілін оқытудың белсенді әдістемесінің элементтерін пайдалану негізінде құрастырылды. Ол бұрын қазақ тілін оқып-үйренбеген...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconЖасай бер, ана тілім – Қазақ тілі!
Мақсаты: Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру барысында 2011 жылы окба қди жанында өткізілетін курстардың жоспары
«Шаңырақ» жеке мектебінің ұйымдастыруымен «Искусство творить вместе» тақырыбында бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің шығармашылық...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconАҚТӨбе қаласының білім бөлімі бойынша б ұ й р ы қ
...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconПайдаланылған әдебиеттер Қосымша Кіріспе
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconОмарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылсуат ауылының №39 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon1. Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқытудың ерекшеліктері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница