12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері




Название12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері
страница3/21
Дата конвертации14.02.2016
Размер3.25 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://old.kazmkpu.kz/attachments/417_Bereke Habarshi.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТІЛДІ ДАМЫТА ОҚЫТУ


Шарипходжаева Ж.Б. - оқытушы (ҚазмемқызПУ)


Бастауыш мектеп бағдарламасында балалардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар, жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл жұмыстары мәтіндерді оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтаға жауап беру және шығарма,мазмұндама жазу арқылы жүзеге асырылады. Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу − бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек – талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңғырту, өмір талабына орай дамыта оқыту,оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдерін қолданып заман ағымына жауап беруі мұғалімдерге жауапты істерді жүктейді. Оқыту күрделі жаңа мазмұнда жүргізілсе, оқушылар ана тілінің қыр – сырын, ауызша сөйлеу тілін игерсе, тілі дамиды. Оқушыға әдеби сөйлесу дағдыларын меңгертуде өлең, әндер жаттау, көркем сөзді тыңдау, сөз шеберлеріне ерекше мән беру, оларды нақышына келтіріп, аса шеберлікпен оқылған поэзия мен көркем сөзді баурап алатын күш ерекше. Сабақ үрдісінде оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыру қажет. Халық даналығында әдеп, нақыл сөздер өте көп. Мысалы: «Бұлақ көрсең - көзін аш», «Оқу өрге тартады, надандық жерге тартады», «Тіл ақылдың өлшемі», «Тіл жеткенше сөйлеген шешен, қол жеткенше нұсқаған көсем» деген этикалық ережеге айналған даналық сөздерді аша отырып оқыту бастауыш сынып оқушыларын тілге, ғылымға құрметпен қарауға үйретеді. Бала тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы. Атап айтсақ, айналасындағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы, көрген спектакільдері мен киносы баланың ойлау әрекетін дамытады және қорытынды жасай білуге бейімдейді. Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады. Оқушы ойын жүйелі айта білуге, бір –бірімен тікелей қарым – қатынас жасуға дағдыландыруда ана тілі, қазақ тілі пәндерінің рөлі айрықша. Оқушының көбірек сөйлейтін сабақтары да осы аталған пәндер. Баланың сөйлеген сөзі, берген жауаптары осы арқылы байқалып отырады. Бала тілін дамытып қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауызекі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал–мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары,ойнақы, жеңіл тілімен беріледі. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей, бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілеті мен тілін ұштайды. Мақал–мәтелдерді пайдаланудың әдіс–тәсілдері көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқытумен бірге сәйкестендіріп алған ыңғайлы. Шешендік сөздерді оқыту – тілді дамыту. Шешендік өткен өмірден сыр шертіп, тарих тынысын, сөз зергерлерінің өрнекті де өткір тілін үйретеді.

Жасөспірімдердің тілінің дамуына отбасының ықпалы да көп тиеді. Сондықтан балаға шыр етіп жерге түскен сәтінен бастап бесік жырын айтып, ән тыңдату, яғни ана әлдиін құлағына сіңіру, өсе келе жаңылтпаш, жұмбақ, шағын өлеңдерді жатқа айтқызып, сөз ұйқастарын танытып, үнемі осы сияқты игі істерді отбасынан бастап құлағына құйып отырса, оның ойы да, тілі де дамиды.

Тіл дамытуда ертегілердің атқаратын рөлі зор. Ертегі тілінің көркемдігі және оқиғаларының қызықтылығы баяндалуы баланы еріксіз өзіне тартып, баурап алады. Ертегілерді баланың оқуы не тыңдауы, мазмұнын қайталап айтып беруі сөздік қорын молайтады, байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, қиялдауға мүмкіндіктер туғызады.

Оқушыларға сюжетті суретті көрсете отырып, соған бірнеше сөйлемдер құратып, тілдік қорларын дамытамын. Әсіресе 1 сыныпты Әліппе, Ана тілі, Математика пәнінен мынадай жұмыстар жүргізуге болады.

«Ы» дыбысын өткенде

Мына жұмбақты шеш:

Кесе,шыны, пиала

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз? (ыдыстар)

− Ал енді осы сөзді буынға бөлейікші!

− Ы – дыс – тар

− Ы дыбысы қай буында

Ы дыбысы 1 – ші, 2 – ші буында.

− Буын дегеніміз не?

Сөзде неше дауысты болса, сонша буын болады.

Дыбысты естиміз айтамыз.

Әріпті көреміз жазамыз.

− Кәне осы дыбысқа өлең құрастырайықшы.

Ыз – ыз – ыз – Айгүл жақсы қыз.

Ыр – ыр – ыр – ырылдайды қасқыр.

Ыс – ыс – ыс – келіп қапты қыс.

Ойынның да тигізетін пайдасы өте көп. Қайталау сабақтары оқушылардың тілдік қорын дамытады.

Мысалы: «Бәйге ойыны»










1. Қарлығаш. Қарлығаш адамға дос.

2. Алма. Асан алма алды.

Матеметикадан мысалдарды шығарта отырып, «Аукцион» ойыны ойналу арқылы ойлау және тілдік қорын дамытады.


ф

2+4

ұ

9- 2

Л

5+4

О

10-5

Е

1+7

Н

7- 4




Я

3+1

Ы

0+1

Т

2+8




7

4

9

1

10

8

9

8

6

5

3

Ұ

Я

Л

Ы

Т

Е

Л

Е

Ф

О

Н

Бастауыш кластың қай пәнінде болсын оқушылардың тілдік қорын дамыту, сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын ынтасын дамыта түседі.

Мысалы: Төмендегі әріптерден сөз құрап айт. Бір әріп бір сөзде екі рет қайталанбауы тиіс.



Жауабы: Асық, ұзақ, бас, бақ, мал, мұз, бұлақ, лақ, сым, лас, құм, сақ, қыс, қыз, құс, бұзақы, бал, саз, ұзақ, сыз, бұз, басқы, ұлыс, бақа, мыс, сұлы, салық, балық, қал, ұзақ, құм.

Тіл дамыту жұмыстары мынандай бағытта жүргізілсе:

1. Мұғалім сабақты түсіндіру барысында баламен қарым – қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп, тыңдаушысын өзіне қаратып баурап алуы, яғни тіл мәдениетінің өте жоғары болуы шарт.

2. Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдаланса.

3. Жеңіл түрде сөйлемдер құрату, және ауызекі сөзде қолдана білу.

4. Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс жүзінде қолдана білу.

5.Баланы әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты жазуға үйрету.

6.Оқушыға арналған материалдар аса түсінікті болуы керек.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада бастауыш сыныптарда тілді дамыта оқыту және қызықты етіп өткізу жолдары қарастырылған.


РЕЗЮМЕ

В статье автор рассматривает развития речи и пути их организации.


Ж А Л П Ы П Е Д А Г О Г И К И К А Л Ы Қ Б І Л І М Б Е Р У Т А Р И Х Ы

Ж Ә Н Е Э Т Н О П Е Д А Г О Г И К А


КӘСІБИ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ


Ахметова Г – 4 курс студенті (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


Ел президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты жолдауында “ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығыраққа тірелері анық”, - дей отырып, білім беруді әлемдік стандарт деңгейіне жеткізу үшін жаңа сипаттағы мамандар қорын жасау қажеттігін баса айтқаны баршаға мәлім.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарына арналған “Білім беру жүйесінің жоғары сапасын қалыптастыру, әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекелестікке қабілетттілікті қалыптастыру және экономиканың дамуындағы индустриалды-инновациялық дамуды қазіргі кездегі қажеттіліктерге жауап бере алатындай қалыптастыру” бағдарламасын жүзеге асыру үшін білім беру салаларында кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби қызметінің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсіне білетін, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын меңгерген, кәсіби және бәсекеге қабілетті мамандар жұмыс істеуі тиіс.

Осыдан келіп Қазақстанды білім беру жүйесіндегі негізгі мәселе мемлекетті қажетті мамандармен қамтамасыз ету мәселесі туындайды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін қазіргі кезде білім беру саласындағы мамандандырылған дайындықтар негізінде болашақ мамандарды қазіргі заманғы инновациялық технологияларды қолдану арқылы дайындап, оларды мамандандырылған мәселелер мен қызметтердің шешімін табуға үйретеді. Ал бұл қызметтерді орындау үшін адам белгілі бір білім мен біліктілігі, инновациялық технология саласын меңгерген болуы керек.

Студенттердің кәсіби бағыттылығы қазіргі заман талаптарына сай жоғарғы оқу орындарындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Кәсіби бағыттылықтың қалыптасуы болашақ маманға сапалы білім беру мақсаттарын жүзеге асырудың бірден бір жолы.

Білім беру технологияларында психологиялық тренигтерді пайдаланудың тиімділігі оқытушының кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты екендігі белгілі. Бүгінгі таңда педагогикалық іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды зерттеу еңбектері баршылық.

Қазіргі таңда ақпарат көздері ауқымды екендігін ескерсек, негізінде сыныпта ұйымдастырылған сабақ беру формасы, әсіресе ересек адамдарды оқытуда жеткіліксіз болып келеді. Оқыту үрдісіне жаңалықтар енгізіліп, олардың тиімділігі мен жоғары сапасын және т.б. қамтамасыз ететін мультимедиа құралдары, кәсіптік оқытудың ерекшелендірілуі мен жекешелендірілуі қажет.

Корпоративтік оқытудың нәтижесінде мамандарды жетілдіруде, қайта даярлауда және біліктілігін жоғарылатуда оқытудың қысқа мерзімдері, оқыту бағдарламаларының жиі жаңартулары, жұмысшы орындарының талаптарына сай келмейтін оқыту мазмұны, оқытудың төмен нәтижелілігімен байланысты мәселелерді белгілі бір шамада шешуде мүмкіндік беретін ең тиімді бағыт – психологиялық дамыту тренингтерін ұйымдастыру болып табылады.

Қазіргі таңда мамандарды корпоративтік кәсіптік оқытуды дамыту келесі жағдайлармен анықталады:

  • Қазіргі заманғы еңбек нарығы дағдыларды қалыптастыруға бағытталған, оқытудың жаңа технологиясы бойынша дайындықтан өтуді қажет ететін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге бағытталған, бәсекелестікке қабілетті, мобильді, жоғары кәсіби маманды талап етеді.

  • Қазіргі заманғы экономикалық жағдайларда маманды оқытудың мерзімдерін қысқартудың қажеттілігі, компанияның алдына, нақты жұмыс орнына немесе жекелеген тұлғаға маңызды болатын, кәсіпкерлік қызметтің нақты түйіндік мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырудың мәселесін қойып отыр.

  • Білім беру жүйесін дамытудың қазіргі заманғы жетістіктерінің ішіндегі біреуінің мәні ақпараттық хабарлаушы оқытуда оқытуды кәсіптік дамытудың ең жақын аймағына бағыттайтын және маманның кәсіпкерлік қызметін дұрыс айқындауға мүмкіндік беретін жобалаушы оқытуға көшумен анықталады. Бұл кәсіпкерлік қызметтің жүйелі талдауы негізінде оқыту мазмұнын жобалауды және қызмет түрі мен кәсіпкерлік функцияларына сай оны модульдерге құрылымдандыруды талап етеді.

Осындай беталыстардың біріншісіне әмбебаптарға, яғни бірнеше мамандықты игерген адамдарға немесе қызметтің кең саласындағы жан-жақты дайындыққа ие адамдар бағдар алады. Бізде де білім беру жүйесіндегі маман парадигмасын бірте-бірте сыртқы жағдайлардың өзгеруіне байланысты жауап беретін, лауазымдық нұсқауларды жүзеге асыру емес, әдістемелік және аспаптық құралдардың кең жинағын қолдану жолымен нақты мақсаттарға жетуге бағытталған кәсіби маман парадигмасын алмастыруы жай емес. Мұндай маманның қайтарымы жоғары.

Батыс елдерінде ірі бизнес ең қымбат тауар болып табылатын еңбекке деген шығындарды қысқартуға тырысады. Шағын және орта бизнестегі кәсіпкер шарасыздықтан кәсіптің кең спектрін меңгере отырып, бір адам бойында бірнеше қызмет түрін біріктіреді.

Екінші беталысқа барлық еңбектік өмірі бойында перманенттік білім алу, маманның ұдайы өзін-өзі жетілдіруі, оның кәсіби жинақылығы жатады. Қазіргі заманға сай технологиялық салалардағы қолданбалы, кейде көбінесе негізгі кәсіби білімдердің жаңаруының орташа нормасы 3-5 жылды құрайды, ал осы уақыт аралығында маманның арнайы білімдерінің үш бөлігіне дейін құнсызданады. Сөйтіп белсенді қызметі негізінде адамға өзінің кәсіби білімін үш-төрт рет жаңартып отыруы қажет болып табылады, ал бұл өз негізінде кейінгі және жалғасымды білім беруге деген сұраныстың туындауына әкеледі. Шынында да қайта қалпына келетін секілді, жаңа құрылушы өндірісте бөлек топтардың (жетекшілердің, инженерлік-техникалық мамандардың немесе өндірістің учаскелері мен негізгі кәсіптерінің жұмыскерлерінің) ғана емес, барлық мамандар контингентінің адам ресурстарының озық дамуын талап етеді. Осыған байланысты белгілі бір үміттер ұдайы ішкі немесе фирма аралық білім беру үрдісінің жаңғыруына жүктеледі. Ал ол өз кезегінде жас маманның дайындықты қажет ету мәселесін оны еңбек саласына тезірек кірістіруге мүмкіндік бере отырып шешуге септігін тигізеді.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Технологиялық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау – мұның бәрі мұғалімнің біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Көп жылдар бойы білім беру жүйелерінің дамуы экзогенді (жүйеге сырттай қатысты) факторлармен анықталып келеді. Мұның өзі осы дамудың қажетті жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ғылыми әлеуеті көптеген бағыттары бойынша әлемдік деңгейге сәйкес келеді. Сондықтан ол білім берудегі инновациялық саланы дамытуға негіз бола алады деп айта аламыз.

Қазіргі таңда оқытудың сапасын арттыру мақсаты мен оқу үрдісін жетілдіру үшін оқытушының инновациялық білім беру технологияларын пайдалануы ерекше мәнге ие болды.

Қазақстан Республикасының білім беру Заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау - білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды даярлау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда. Білім беру саласында мамандарды даярлаудың қазіргі ұйымдастырылуының негізінде жүйелі білім берумен қатар, оқу материалын ұғынуда қиындықтар тудыратын бөлек-бөлек тұрғылары бар. Мұндай жағдайдың негізгі себебі, біздің ойымызша, білім беру процесі негізгі оқу пәндерін оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми ұсыныстарға негізделмейтіндігінде, ал оның өзі білім берудің барлық деңгейлерінде оқыту, білім беру процесінің өрістеуіне кері әсер етеді. Кез-келген пән бойынша оқу бағдарламарын жасаушыларға оларға неғұрлым жандандырудың логикалық-психологиялық негіздерін жаңаша етіп іздестіру проблемасы қойылады.

Біздің ғасырымыздың 30-жылдары Л.С.Выготский қазіргі кездегі оқыту процесінің маңызды қағидаларының бірін атап көрсетті. “Оқыту дамудың соңында жүрмейді, керісінше оны жетелейді”. Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов зерттеулері дамыта оқыту қағидасының психологиялық негіздерін қалады. Л.В.Занковтың дамыта оқыту эксперименталды жүйесі бірнеше принциптерге, қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту принципі, теориялық білімдердің жетекшілік принципі, оқушының өз оқуын ұғынуы, оқушылардың дамуын қалыптастыру принциптеріне негізделген. Л.В.Занковтың жүйесінің негізгі ерекшелігі оқытудың жоғарғы қиындық деңгейінде өткізілуі.

Л.С.Выготский, Д.В.Элькониннің еңбектерінің теориялық тұрғысында В.В.Давыдов, дәстүрлі оқытуға қарама-қарсы жүйені қарастырып, жалпыдан жекеге, дерексізден нақтылығына, жүйеліден даралыққа бағытталған жаңа оқыту жүйесін ұсынады. Осындай оқыту барысында қалыптасқан баланың ойлауы – теориялық, ал оқытудың өзі – дамыта оқыту деп аталынады. С.Л.Рубинштейн көрсеткендей “бала дамып, тәрбиеленіп және оқымайды, тәрбиеленіп және оқи отырып дамиды”. Ол дегеніміз тәрбиелеу мен оқыту дамыту процесінде іске асырылады. Баланың жеке даралық іс-әрекетінде қалыптасады.

Сонымен бірге, ғылымда орын тепкен дамыта оқыту қағидасы студенттің ғылыми теориялық ойлау жүйесін қалыптастыруға да пайдасын тигізіп, соның негізінде студент нақты–бағдарланушыдан жүйелі–модульдеуші деңгейіне көтеріледі. Осы жағдайда студенттің оқыту обьектісінен оқыту субьектісі позициясына біртіндеп өтуі іске асырылады. Даму жолында оқу әрекеті енді нағыз іс-әрекет мағынасына ие болады. Ғылыми ұғымдар жүйесін құру оқу пәндерінің құрылымындағы ерекше қисынды талап етеді. Осы талапқа сәйкес педагогикалық жоғары оқу орындарында жалпы базистік білім беретін оқу жүйесіне қоса, кәсіби мамандықты меңгеру біліктілігі жүзеге асырылады.

Жоғары оқу орындарындағы кәсіби мамандарды оқыту процесінде студенттерді кәсіби іс-әрекетке психологиялық тұрғыдан дайындайтын кәсіптік пәндерінің мазмұнында психологиялық тренинг жұмыстары субьект-субьектілік әрекеттестікті қалыптастыратын қарым-қатынас мәселелерімен толықтырылса, ғылыми тірек ретіндегі біртұтас жеке тұлғалық принциптерге сәйкес құрылымдық жүйесі жасалынса, болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттері анықталынса, онда студенттердің кәсіби білімдер жүйесіндегі пәндерді оқып меңгерулері нәтижелі болады, сонымен бірге, келешектегі іс-әрекеттерінде де айтарлықтай табысқа жетулері мүмкін. Мұндай мақсатқа жету үшін болашақ маман арнаулы білімдерді меңгерумен бірге, заман талабына сай әдістемелерді де кең түрде қолдана білулері қажет.

Жоғарғы мектеп кәсіптік іс-әрекетке психологиялық даярлығын қалыптастырады. Ең алдымен, адамда қоғамның алға тартқан міндеттерін табысты түрде шешуде мүмкіндік беретін психологиялық іс-әрекеттердің нақты формаларын қалыптастырады. Жоғары оқу орындарында маманды даярлау процесін зерттей отырып, кәсіптік оқудың бұл формасының негізгі міндеті – маманның іс-әрекетінің небір түрі мен типтерін психологиялық изоморфты әрекет өрісінде жинақтайтын кәсіптік сананың мақсатты түрде қалыптасуына мүмкіндік береді деген ой түйеміз.

В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Н.Ф.Талызина, П.Я.Гальперин, Д.Б.Эльконин, Қазақстандық ғалымдар М.М.Мұқанов, С.М.Жақыпов, Х.Т.Шерьязданова және т.б зерттеулері көрсеткендей, жоғары мектептегі оқу процесі – мақсат–мотивтерден, ақпаратты қабылдаудан басталып, күрделі шығармашылық процестерді іске асырумен аяқталатыны мәлім.

Психологиялық жоғары оқу орындарында студенттерге заман талабына сай психологиялық білім берудің мазмұны мен формасы жалпы психологиялық дайындықтың үздіксіздігі мен сабақтастығын білдіретін өмір талабы, болашақ мамандарға кәсіби білім беріп, олардың мамандығын шыңдауды қамтамасыз ету кәсіптік пәндерді оқыту мен меңгеру практикасы педагогикалық жоғары оқу орындарында психологиялық тренингтер арқылы даярлықпен бірге эксперименттік зерттеулермен тығыз ұштастырыла отырып жүргізіледі.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Климов Е.А. Психология профессионального самоопределения. – Ростов на Дону: Феникс, 1996.

  2. Лебедев В.И. Проблемы руководства жизненным самоопределением личности старшекласников: Автореф.дис.канд.пед.наук. - Москва: НИИ общей педагогики, 1974.

  3. Липкина А.И. Психология самооценки школьника: Автореф. дис. канд. психол. наук. - М., 1974.

  4. Филиппов А.А., Кондратьева М.Л. Профессиональная ориентация и профессиональное самоопределене личности // Активность личности в общении и в профессиональном самоопределении. - Москва, 1976. 65-76 бб.

  5. Түрікпен-Ұлы Жолмұхан. Мектептегі кәсіптік бағдар жұмысы. //Көмекші құрал//. Алматы, 1992.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада қазіргі заман талаптарына сай жоғарғы оқу орындарындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын студенттердің кәсіби бағыттылығы қарастырылады. Кәсіби бағыттылықтың қалыптасуы болашақ маманға сапалы білім беру мақсаттарын жүзеге асырудың бірден бір жолы ретінде түсіндіріледі.


РЕЗЮМЕ

В данной статье расматривается актуальная на сегодняшний день проблема профессиональной ориентации студентов. Формирование профессиональной направленности объясняется в ней как один из эффективных путей качественного образования.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Похожие:

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі)
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconУчебник для взрослых
Бұл оқу құралы қазақ тілін оқытудың белсенді әдістемесінің элементтерін пайдалану негізінде құрастырылды. Ол бұрын қазақ тілін оқып-үйренбеген...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconЖасай бер, ана тілім – Қазақ тілі!
Мақсаты: Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру барысында 2011 жылы окба қди жанында өткізілетін курстардың жоспары
«Шаңырақ» жеке мектебінің ұйымдастыруымен «Искусство творить вместе» тақырыбында бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің шығармашылық...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconАҚТӨбе қаласының білім бөлімі бойынша б ұ й р ы қ
...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconПайдаланылған әдебиеттер Қосымша Кіріспе
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconОмарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылсуат ауылының №39 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon1. Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқытудың ерекшеліктері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница