12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері




Название12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері
страница2/21
Дата конвертации14.02.2016
Размер3.25 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://old.kazmkpu.kz/attachments/417_Bereke Habarshi.doc
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ОЙЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Зайкенов М.-мұғалім (Алматы қ., №163 жалпы білім беретін мектеп)


Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру ойындарын қызықты етіп ұйымдастырудың маңызы зор. Оқушылардың ұйымшылдық қабілетін дамыту, ізденіске жетелеу, белсенділіктерін ояту, оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оқушылардың ептілік, жылдамдық, иілгіштік, шапшаңдық дағдыларын қалыптастыруда эстафеталық ойын сабағын ұйымдастыру – белгілі бір дәрежеде нәтиже беріп жүр.

Сабақтың көрнекілігіне доп, эстафеталық таяқ, жалауша, «Дені саудың жаны сау», «Шынықсаң, шымыр боласың», «Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі», «Ұл тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелеп отырып, ұлтты тәрбиелейміз» (Платон) т.б. нақыл сөздерді плакатқа жазып, іліп қоюға болады.

Дене тәрбие сабағының басқа сабақтардан үлкен айырмашылығы бар. Барлық пәндерге тән сабақ барысы бірінші, ұйымдастыру кезеңі, екінші, үй тапсырмасы деп екіге бөлінсе, денешынықтыру сабағында ұйымдастыру кезеңі бірнеше кезеңге бөлінеді. Себебі, оқушылар үй тапсырмасын айтпастан бұрын мұғалім оқушыларға сәлем бермейді. Керісінше оқушылар сыныпты қабылдап алу туралы мұғалімге сынып секторы рапорт береді. Сонан кейін ғана пән мұғалімі оқушылармен сәлемдесіп, мәліметін қабылдайды. Сонымен бірге сабақтың негізгі бөлімінде «Допты бастан асырып беру», «Өз орныңды тап», «Кім шапшаң?», «Нысанаға дәл тигіз», «Әркім өз жалаушасына» деген сияқты ойын түрлерін бір сабақ көлемінде жүргізуге да болады. Бірақ бұл оқушылардың қабілет қарымына қарап жүргізіледі. Біз осы ойын түрлерінің ішінен «Әркім өз жалаушасына» деген ойынның әдіс-тәсілдерін ғана көрсетпекпіз. Сондықтан да сабақтың негізгі ұйымдастыру бөлімдерін ғана көрсетіп отырмыз.

Сабақтың кіріспе бөлімі: Мұнда саптағы жаттығулар оңға бұрыл, солға бұрыл, кері бұрыл, алға қадам бас т.б. Жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, ішкі және сыртқы қырымен жүру. Жүгіру, оң жақ, сол жақ жанымен, артымен бір бағытымен жылдамдықты өзгерте жүгіру.

Дайындық бөлімі: Жалпы дене қимыл жаттығуларын қатарда және шеңберде жасату.

  1. Қолға жасайтын жаттығулар.

  2. Иыққа жасайтын жаттығулар.

  3. Тізеге, аяққа жасайтын жаттығулар.

  4. Сабақтың тақырыбына жасайтын жаттығулар.

Негізгі бөлім: «Әркім өз жалаушасына» деген ойын түрі бойынша.

Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенім артып, оның бойында ойлау, тапқырлық, шешімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық, ұйымдастырушылық, жан-жағын пайымдаушылық секілді қабілет-қасиеттері қалыптасады. Сондықтан қандай бір қозғалыс ойынын ұйымдастырсақ та оны әуелі ой таразысынан өткізіп алған жөн. Ол сонда ғана бала көңіліне ізгі әсер етіп, есінде ұзақ сақталады. Әуелі ойынды ұйымдастырмас бұрын, оған ең алдымен ойын өтетін орынды, керекті құралдарды даярлап алу керек. Егер ойын сабақ үстінде ұйымдастырылатын болса, оған сынып кезекшісі, денешынықтыру жұмыстарын ұйымдастырушы, сондай-ақ арнайы бөлінген оқушылар жәрдем етеді. Мысалы, дене тәрбие сабағы басталмас бұрын үзіліс кезінде-ақ дене тәрбиесі пәнінің мұғаліміне сынып кезекшісі, спорт секторы және жәрдемші оқушылар келіп, болатын сабаққа не керек екендігін алдын-ала біліп алады.

Екіншіден, ойынды түсіндіргенде оқушыларға өте нанымды, жеңіл тілмен ұғынықты, тұжырымды етіп қызықтырып жеткізсе, қатысушылардың кезекті ойынға деген қызығушылығы, ықыласы мен ынтасы арта түседі.

Мысалы: Балалар, сендердің бүгінгі үйренетін ойындарыңның аты «Әркім өз жалаушасына» деп аталады. Ол үшін 4 командаға бөлінеміз.

  • Тұрыңдар. (Егер, барлық балалар отырған болса) Сапқа түзеліңдер.

Тік тұр!

  • Бірден төртке дейін санал! Бірінші нөмір орнында, екінші нөмір бір қадам, үшінші нөмір екі қадам, төртінші нөмір үш қадам, кәне жаса! – деп бұйрық беріп, командаға бөлеміз.

Әр команда өзінше шеңбер жасау керек. Команда да бір-бір оқушы қолына жалауша ұстап, шеңбердің ішінде тұрады. Шеңбердің ішіне кірген оқушыға әр түсті жалауша беріледі.

- Енді тыңдаңдар! Ойын қалай ойналады, - деп қысқаша оның ережесін түсіндіреміз. Бірінші берген белгі бойынша біріңді-бірің ұстап, оң жаққа қозғаласыңдар! Ал екінші белгі берілгенде қолдарыңды жіберсеңдер де алаңда жүгіріп, секіріп ойнап жүресіңдер. Ал үшінші берілген белгіде әрқайсың өз орныңда қандай қимыл жасап жатсаңдар, сол күйлеріңде қозғалмастан, көзді жұмып тұрып қалуларың керек.

Мысалы, тағы да белгі естігенде жүгіріп бара жатса, бір аяғын алға, екінші аяғы артта жерге тимей тұрып қалады. Қол да қалай қимылдап бара жатса, сол қалпында қалады, - деп өзіміз де бір қимылда қалай тоқтайтынын көрсетеміз. Сондай-ақ, осындай жансыз, көз жұмулы тұрған мезгілде әр команданың жалауша ұстаған ойыншысы білдірмей орындарын ауыстырып, тұра қалуы керек. Тағы да белгі берген кезде көзді жұмып жансыз тұрғандарға жан бітіп, өз жалаушасын тауып алуға қайтадан шеңбер жасауға асығулары керек. Егер қай команда соны тез тауып, тез шеңбер жасап тұрса, сол команданың жеңіске жеткендігін түсіндіреміз. Міне, содан кейін барып, ойын басталады. Мұғалімнің міндеті ойынға барлық сынып оқушыларын қатыстыру. Сынып ішіндегі жүгіруге, секіруге жарамайтын, денсаулығы нашар балалар болса, оларды төрешілікке, жәрдемшілікке тағайындайды. Сонда ойынға денсаулығына байланысты қатыса алмаған оқушылардың бойында «сынып қажетін өтедім» деген жақсы сенім туады. Сөйтіп көңілдері көтеріліп қалады. Ойынды қызықты және тартымды өткізу үшін команданың ішіндегі бір оқушыға жалауша беріп, ойын басқарушысын сайлап қою керек. Осындай жауапкершілікті сезінген оқушы ойынды қызықты етіп өткізуге, әрбір ісіне есеп беруге ұмтылады. Егер ойын бұрыннан таныс болса, онда оны аздап қана ойға түсіргеннің артықшылығы жоқ. Тіпті «Қалай ойналатын еді?», - деп балалармен бірігіп қайталап қойса, ол қызықты да, тартымды болуы мүмкін. Кейде оқушылардың өздеріне осындай ойынды «Өздерің ойнап көріңдерші» деп сенім артуға болады. Ол үшін оқушылардың ішінен жауапкершілігі күшті біреуін басшы етіп сайлап қою керек. Ол жәрдемшілерін өзі таңдап алады да, солардың көмегімен ойынды өткізуге дайындалады. Сонымен қатар, төреші ойын басқарушысын, оқушыларды алаңға орналастыруды және ойынға керекті құралдарды да даярлап алады. Содан кейін жауапты оқушы мұғалімге келіп ойын өткізуге бәрінің дайын екендігін баяндайды. Мұғалім барлығын көзімен көріп, байқағаннан кейін ойнауға рұқсат етеді. Оқушыларға баға ойынды дұрыс ұйымдастырғанына қарап қояды. Ойын өте қызықты өту үшін әр команда оқушылары күш жағынан қимыл-қабілеті жағынан тепе-тең болғаны жөн. Ойын бастамас бұрын командаға бөлінгенде осы жағын дұрыс қадағалау керек. Сондай-ақ команда капитандарын мұғалім оқушылармен келісіп отырып сайлап алады. Командалық ойындар барлық командаға қойылатын талап бірдей болуы керек. Олар қолданатын құралға және де алаңда орын ауыстыру кезінде мерзіміне сәйкес көптеген ойындарға жетекші сайланады. Мұндай жағдайда олардың тез түсінгіш, айтқанды тез қабылдаған қолынан бәрі келетін қабілеттілігі ескеріледі. Егер жаңадан үйреніп жатқан болса, ондай жағдайда басқарушылық қабілеті бар баланы сайлаған дұрыс. Ойынның қызықты өтуі ойын басқарушыға тікелей байланысты екенін естен шығармауымыз керек. Ал ойын сабақ сайын ойналып жүрген болса, онда ойын жетекшілігі балалардың кез-келгенін сайлай беруге болады. Мысалы, «Табан балық және шортан балық» деген ойында шортан болып кім көп уақыт ойында ұстатпаса соны сайлай беруге болады.

Көп жағдайда мұғалім ойынға тек басшылық жасап қана бақылайды. Кейде ойынды қызықтыра түсу үшін өзі де қатысып кетуі мүмкін. Ал ойынға басшылық жасағанда оның ережесіне лайық өте әділ шешім беруі керек. Ойын тәртібінің түсініксіздеу жері болса, оны қайталап айту жіберу де оқытушының тікелей міндеті. Ойын барысында ойыншылардың бірін-бірі көре алмаушылығын болдырмаған дұрыс. Балалардың жақсы ойнауына мұғалім жәрдем етіп жіберем деп тікелей араласпай, тек қана олардың сәтті қимылдарын көтермелеп отырған жөн. Қозғалыс ойындарынан оқушының жеке басының қасиеттері қалыптаса бастағанын жоғарыда айттық. Сондықтан біз оның ізгілікке үндейтін жағына айрықша көңіл бөлуіміз керек. Кейбір бала ынтасыз, жігерсіз ойнап, ойын ережесін қасақана қайшы келетін әрекетін істеп, көзге түсіп қалса, ал екінші біреулері өзін-өзі қатаң ұстап, ойынға қызықпай, тек қана жеке басының қамын ойлап тұрады немесе үшінші біреулері мұғалімнің айтқанын бұлжытпай орындап, сонымен бірге басқа ойыншыларға да жәрдем етіп жан-тәнімен беріледі. Міне, осылардың барлығын өз көзімен көріп, ақыл-ой таразысына салып тұруы керек. Тіпті керек болған жағдайда кейбір ойыншы өз қимылын ойын ережесіне сай етіп, орындаған болса, оны мақтап, мадақтап қойған дұрыс. Ал ойын ережесін қасақана бұзып, тәртіпсіздік көрсеткен ойыншыға да дер кезінде тежеу салу қажет. Кей жағдайда осындай теріс қылық байқағанда төрешілік етіп жүрген оқушының да пайдасының көп тиетіндігін бағалауымыз керек. Ойын бітісімен қорытындылаған дұрыс. Оны қорытындылағанда ойынға кім қалай қатысты, жеңімпаз болуға кімдердің септігі көбірек тиді немесе керісінше жеңіліп қалуға кімдер кінәлі, ойынның ережесі қалай сақталды? Міне, осының бәріне талдау жасап, ондағы орын алған кемшіліктерді келесі ойында болдырмауына баса назар аудару керек. Кейде ойынды қорытындылауға оқушылардың өздерін де қатыстырып талдау жасап қоюға болады. Талдау жасау арқылы оқушылардың өздері-ақ не себептен жеңілгендерін, қандай мүмкіндікпен кімдердің арқасында жеңіске жеткендеріне көздерін жеткізіп, толық талдау жасаса, олар барлығын дұрыс түсініп алады. Егер мұғалім ойынды сабақ үстінде қызықты етіп өткізсе, балалар сол ойын арқылы-ақ жақсы тәрбиелі өмірге қажетті қимылдарды тез үйреніп, ақыл-ой парасаты дами түсінуіне толық мүмкіндік туады.Ойнау арқылы балалар бірімен-бірі достасады. Сөйтіп ойын баланың ойлау қабілетін дамытып, оны ізгілікке, адамгершілікке, абзал қасиеттерге тәрбиелейді.

Қорытынды бөлім: Сабақтың бұл кезеңі төмендегідей бөліктерден тұрады: 1. Организмді бастапқы қалпына түсіруге арналған және тыныс жолдарына әсер ететін жаттығулар жасату. 2. Сабақты қорытындылау. 3. Үйге тапсырма. 4. Оқушылардың білімін бағалау. 5. Қоштасу.

Дені сау ұрпақсыз ұлттың болашағы да жоқ. Жас ұрпақтың рухани жағынан да, дене тәрбиесі жағынан да жарымжан болмай өсуі – тәуелсіз ел болған тұсымыздағы еселене түсетін, аға ұрпақтың мойнына жүктелген жауапты міндет. Сондықтан да еліміздегі іргелі жоғары оқу орындары мен мектептегі дене тәрбиесінің оқытылуына мән бере қарағанымыз жөн сияқты.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада бастауыш сыныптарда денешынықтыру ойындарының рөлі, оны қызықты етіп ұйымдастыру жолдары қарастырылған.

РЕЗЮМЕ

В статье автор рассматривает роль физических игр и пути их организации.


ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ


Накипова Н - мұғалім (Талғар қ., № 1 И.Ф.Халипов атындағы орта мектеп)

Рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыру отбасынан басталып, орта балабақша мен мектеп табалдырығында жалғасын табады. М. Жұмабаевтың «Жас бала - жас бір шыбық. Жас күнінде қалай исең, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып аласың», - деген пікірі ұрпақ тәрбиесімен айналысатын педагогтар үлкен жауапкершілікті жүктейді. Рухани-адамгершіліктің мәні – адам еңбегіне құрметпен қарау, шығармашылық күші мен мүмкіншілігін дамытудағы ролінен көрінеді. Рухани-адамгершілік мәдениеті жалпы адамгершілік тұрғысынан алғанда, ол адамның жемісті іс-әрекеті болып табылады. Рухани-адамгершілік қасиеттер адамдардың еңбек мәдениетінде, қоғамдық мәдениеттің көркем және эстетикалық, ғылыми және білім беру компоненттерін өзара байланысын, қоғамдық қатынастағы мәдениетін, рухани-адамгершілік көз қарасын қалыптастырады. Осы сөздеріміздің дәлелі ретінде, әлемдік ой-сананың асқар биігіне көтерілген әл-Фараби бабамыздың «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» деген сөздері, В.Г.Белинскийдің «Тәрбие ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» деген, Д.И.Менделеевтің «Тәрбиесіз білім – есуастың қолындағы қылыштай» дегені, Я.А.Коменскийдің «Тәрбиені мойындамау–адамдардың, жан-ұяның, мемлекеттің және бүкіл әлемнің құруы» деп айтуы әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған. Рухани-адамгершілік туралы айтқанда біз тәрбие салаларын толық қамтимыз. Себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның өмірге, еңбекке көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыруда оқытуды тәрбиелеуді өмірмен байланыстыруда рухани-адамгершілік яғни адалдық, кішіпейілдік, ниеттілік, жомарттылық, жауапкершілік т.б. қасиеттерді дамытады. Аталған сапалық қасиеттерді қалыптастыру арнаулы орта білім беретін және жоғары оқу орындарында оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу негіздері курсын бөлек пән ретінде оқытуды қажет етеді.

Тәрбиелі мінез адам бойында ибалық қасиеттердің бар екендігін көрсетеді. Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның адамгершілік түсініктерінен туындайды. Рухани адамгершілік тәрбиесінде тәрбиеші оқу шебері тұлға ретінде тани біліп қана қоймай, үш кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білуі қажет.

  • бұрынғысы;

  • қазіргісі;

  • болашағы.

Мұғалімнің негізгі қызметтерінің ең бастысы оқушы тәрбиесіндегі сәттілікті айтуға болады. Ол үшін ең қажеттісі.

  1. Оқушыны тек тәрбиенің жемісі ғана емес, сонымен қатар ол өз елінің және өзіне байланысты мінез-құлықты анықтайды. Нақтылап айтқанда, оқушы өзіне тәрбиеші.

  2. Оқушылар өзінің өз тәжірибесінде, өзіндік ойлауы арқылы айналасындағыны қабылдайды әрі бағалайды. Олардың мінез-құлқын, әсерін түсіну үшін өмірге олардың көзімен қарау қажет.

  3. Оқушыларға тек біз айтқан нәрселер ғана әсер етпейді, сонымен қатар мұғалімдердің оқушының мінез-құлық ерекшеліктерін ескеруі де қажет сияқты.

Рухани адамгершілік тәрбиедегі педагогикалық шарттардың бірі — кешенділік. Яғни, педагогикалық үрдісте оқушының дүниетанымымен, мінез- құлқының бағалы негіздерімен, оқуға, еңбекке, табиғатқа, өз-өзіне, басқа адамдарға қатынасымен байланысты жүргізілетін рухани тәрбиелік шарт.

Рухани адамгершілік тәрбиенің тағы бір шарты, оқу — тәрбие жұмыстарының өмірімен тығыз байланыста жүргізілуі. Балаларды ұжымдық ортада өзін-өзі ұстауына қатысты педагогикалық үрдістегі адамгершілік тәрбиесінің орны ерекше.

Рухани адамгершілік тәрбиенің тағы бір шарты балалардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.

Баланың еңбекке, тағы басқа қызметтерге қызығушылығын арттыру мақсатында рухани адамгершілік тәрбиедегі маңызды педагогикалық шарттардың бірі - танымды, қабілетті қалыптастыру болып табылады.

Тағы бір шарт баланың қабылдауына мән беру болып табылады. Яғни, бұл баланың жас ерекшілігімен тығыз байланысты болмақ: оның білім деңгейі, тәрбие дәрежесін, өмірлік тәжірибесі мен мінез-құлқы, оның дамытушылық қасиетіне көңіл аудару керек.

Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа –қайрымдылық, мейрімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздық, ата-ананың да болашағы зор болмақ. Мұғалім мен ата-ананың беделін орынды пайдалануды да шарт ретінде қарастырамыз.

Тағы бір шарт біртұтастық, интеллектуалды эмоциялы және танымдық –шығармашылық шарттар оқушының рухани, физикалық мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жүзеге асырылады.

Жасөспірімдерді рухани адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу адамдармен достық, мейірімділік, басқаны түсіну, біреулердің қайғысы мен қуанышына ортақтасу, өзгелердің мінез-құлқы мен пікіріне төзімділік таныту кезінде жетіле түседі.

Қазіргі уақыттағы оқушыларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге арналған бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда. Халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде баланы рухани адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін жүзеге асыру басты мақсат болатыны белгілі. Осы жылдары одақ көлемінде В.В.Давыдов, Ш.Амонашивили, В.Ф.Шаталов, И.Т.Волков т.б. ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде оқушыны жан-жақты, дамытып, оның белсенділігін арттыруды көздеген оқыту технологиялары дүниеге келді. Е.Н.Ильиннің «Оқушының рухани дүниесі мұғалім үшін негізгі зерттеу нысаны болып табылады»,- деген пікірі оқушының рухани адамгершілігін ынтымақтастықта дамыта оқытуды көздегенін байқатады. Мұндай озық педагогикалық тәжірибелер оқушылардың рухани-адамгершілігін дамыту мақсатында қазіргі кезде біздің оқу тәрбиесі үрдісінде кеңінен қолданылуда. Демек, рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген мұғалім қазіргі түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтыны белгілі. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы керек. Сондықтан мұғалімге мынадай қызметтер қажет: жылылық, түсінгіштік, сезімталдық, кең ойлай алу, шабыттандыра алу, шығармашылық ізденіс. Сыныптағы рухани адамгершілік, психологиялық ахуал - бала үшін адамдар мен қатынастық алғашқы мектебі нақ осы өз сыныбында баланың мейрімділікке және зұлымдыққа, тәртіпке материалдық және рухани құндылықтарға деген көз қарасы қалыптасады. Сонымен қатар махаббат сезімін, достықты, жауапкершілік пен шындықты түсінеді, яғни мектептердегі тәрбие өсіп келе жатқан балалардың барлық, өмірлік іс-әрекетіне ықпалын тигізеді. Солардың кейбір көңіл бөліне бермейтін маңыздыларына тоқталатын болсақ, рухани адамгершілік тәрбиесіндегі аса маңызды шарттардың бірі - мұғалім өзінің әрбір ісі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, сөйлеген сөзінің басқаларға ықпалы мен әсері, одан келіп шығатын нәтижеге жауапкершілігі. Бұны іске асырудың тетігі-мектепте туындап отырған әр түрлі ахуалдарды шешуде әділетті, дұрыс жөн таба білу.

Өз ісіне жауапкершілікпен қарау өзін-өзі тексеруден басталады. Үнемі сағат сайын бос уақытта өзін-өзі тексеру өйткені олар тез естіп, сезіп, біліп қояды. Мектепте тәрбиенің дұрыс іске асырылып жатқандығының басты белгісі — оқушының мұғалімнен еш нәрсені жасырмауы, оларға қарай үнемі ұмтылысы, жақын болуы. Осындай жағдайда ғана рухани жақындық туады. Мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы алуан түрлі іс-әрекет барысында жүзеге асады. Мұғалімдер осы жерде еңбектің балаға тигізетін ықпалына көңіл бөлуді естен шығармауы қажет. Еңбектеніп жатқан бала емес, еңбек нәтижесі олар үшін маңыздырақ, тағы бір мұғалімнің қаперінен тыс қалатын нәрсе – оқушыларға көрсету, нұсқау бере отырып, істеген шаруасын бағалап, кемшілігі үшін тез шешім қабылдамай, оны жөндеуді үйрете отырып бірлесе істеу.

Педагог ғалымдар істің өзі емес, сол істегі мұғалім мен оқушы арасындағы мәнді екені, мұғалімнің тәлім-тәрбиелік ықпалы осындай жақын, бірлескен қарым-қатынас барысында іске асатынын дәлелдеген. Мұнда тағы бір маңызды мәселе шешіледі. Ол – баланың істеп жатқан еңбегіне қызығушылығын ояту, оның пайда–зиянын білу. Бұрынғы кездері үлкендер тәрбие жұмысының негізін білім, іскерлік, дағды және құндылықтарды балалардың бойына жинақтау деп түсінді. Соның негізінде балалар, олардың ата-анасы өмір сүрген ортаның қағидаларына сүйенеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік өзгерістер ғылыми-техникалық мәдени, тұрмыстық жағдайлардың күрт өзгеруіне байланысты болғандықтан, балаларды осы ыңғайға дайындауымыз қажет сияқты. Сондықтан тәрбиенің жетістіктері оларға өздерінің іскерліктері мен дағдыларын беру ғана емес, олардың жеке әрекет жасауға және шешім қабылдауға өз бетінше үйрена алуына мүмкіндік туғызу. Жас ұрпақ үнемі өзгеру жағдайында болады, оның психологиялық реакциясы да ауыспалы болып отырады. Осы күні педагогикалық білімі жоқ адамдар да білетін ереже – «тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек». Бірақ кейбір мұғалімдеріміз өзін-өзі тексеріп, өзін-өзі қайта тәрбиелеуде бас тартқандардың жауабы біреу - енді кеш, болары болды дейді. Тағы да сол ұлы ғалымдардың айтқаны бар. «Үйрену ешқашан кеш болмайды», ал халқымыз «Ештен кеш жақсы» дейді. Мектептегі тәрбие өз оқушыларын артынан ертіп, еліктетіп әкетуді, онда тек жақсы істермен ғана үлгі көрсетуді көздесе, оның басты жолы рухани-адамгершілік тәрбиесі болмақ.

Баланың сана – сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыратын- тәрбиенің ең бірінші рухани міндеті. Рухани-адамгершілік тәрбие барысында әрдайым өз мұраттарды басты нысана етіп ұстау қажет. Себебі, баланың көз қарасы оның күнделікті іс-әрекетімен сәйкес келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іс-әрекетке, қарым-қатынасқа жоқ адамдар болып шығады.

Рухани тәрбиесі дұрыс жастар әрқашан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, өз идеаларына ұқсауға ұмтылады. Таңдаған болашақ мамандығына лайықты мінез-құлық қалыптастырғысы келеді. Кейбір оқушылар алғашқы кездескен қиындықта-ақ өз күшіне сенімсіздік тудырып, бастаған ісін аяқсыз қалдырады. Оқушының жақсы қасиетке ұмтылған ниетін мұғалімдер кезінде біліп, қиын психологиялық сәттерден байқап, оған қолдау көрсетіп отырған болса мектептерде қайшылық жағдайлар кездеспейді. Оқушыларды ибалыққа баулып, мейрімділік, қайрымдылылық, кішіпейілділілік, қамқорлық, ізгілік және адамгершілік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіру әрбір мұғалімнің және мектептің басты парызы. Оқушылардың рухани-адамгершілік жеке басының даралық ерекшеліктеріне мінез-құлық көрсеткіштігі жатады. Мінез ол адамның өзіндік бағыт-бағдардың, жан дүниесінің ерекшіліктерінің тұрлаулы белгісі. Дана ақын, рухани адамгершілік қасиеттерін талдап жеткізген халықтың ырысы. «Құтты біліктің» негізін қалаушы Ж. Баласағұн адамның мінез-құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше тоқталады.

Адам дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы сөз бен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Ол үшін әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп–тұруы тиіс деген ойлары жақсы мәлім. Ендеше, оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың басты мақсаты.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркенниетті әлемге танытатын, елдер қатарына терезесін тең ететін күш – білім мен білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ - егеменді елдің берік тірегі, себебі мемлекеттің болашағы білімді де саналы жас ұрпақтың жеке басының қалыптасып дамуымен тікелей байланысты. Біз білімді ұрпақтың, рухани жан-дүниесі бай, біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең болуын, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыруын қалаймыз. Жаңа ғасырға аяқ басып отырған заманымызда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, басында ұлттық сана-сезім қалыптасқан ертеңгі қоғам иелері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру әрбір отбасының, мектептің, жоғарғы оқу орындарының, ортаның, ұжымның барша жұртшылықтың міндеті.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада рухани адамгершілік тәрбие беруде ұстанатын педагогикалық шарттар қарастырылған.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются педагогические условия духовного и нравственного воспитания.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Похожие:

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі)
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconУчебник для взрослых
Бұл оқу құралы қазақ тілін оқытудың белсенді әдістемесінің элементтерін пайдалану негізінде құрастырылды. Ол бұрын қазақ тілін оқып-үйренбеген...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconЖасай бер, ана тілім – Қазақ тілі!
Мақсаты: Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру барысында 2011 жылы окба қди жанында өткізілетін курстардың жоспары
«Шаңырақ» жеке мектебінің ұйымдастыруымен «Искусство творить вместе» тақырыбында бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің шығармашылық...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconАҚТӨбе қаласының білім бөлімі бойынша б ұ й р ы қ
...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconПайдаланылған әдебиеттер Қосымша Кіріспе
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconОмарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылсуат ауылының №39 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon1. Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқытудың ерекшеліктері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница