12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері




Название12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері
страница14/21
Дата конвертации14.02.2016
Размер3.25 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://old.kazmkpu.kz/attachments/417_Bereke Habarshi.doc
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Жетімдер мен жетімханалар жайлы алғашқы мәліметтер дәуіріміздің IU ғасырынан (335 жыл, Цареград) бастау алады, ал олардың көбею кезі Еуропада CUII ғасырдың тұсы болып саналады. 1760 жылы испан елінің бір дін қызметкері “жетімханада бала көңілсіз күй кешеді және көбі қайғы-мұңнан өледі” деп жазған. Алайда жабық типтегі балалар мекемелерінде өмір сүрудің салдары ғылыми мәселе ретінде тек ХХ ғасырда ғана қарастырыла бастады.

Жетімдерді тәрбиелеудің тарихы адам тарихы сияқты көне болып келеді. Оларды тәрбиелеу тарихи арнайы мекемеде қысқаша айтқанда көп уақытты құрайды. Ал, жетімдер жайлы ғылыми зерттеулер тарихы және интернаттағы шарттардың арнайы құрылымы тым қысқа. Сондықтан да ата-анасыз балаларға психологиялық көмек жайлы біз сөз қозғауымызға тура келеді. Ол мәселе дәл қазіргі жағдайдағы көз алдымызда өтіп жатқан мәселелерімен тығыз байланысты. Яғни бұл әлеуметтік-қоғамдық мәселелер қазіргі таңда ең қажетті өзекті мәселе болғанымен де ол жайында ғылыми зерттеулер аса мол еместігі рас. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің дамуы жайындағы алғашқы психологиялық зерттеулер ХХ ғасырдың 20-жылдарында қарастырылған. Бұл жылдары психоаналитикалық теориялардың ықпалымен психология ғылымында көптеген сенімдер талқыланды. Яғни бұл бала өміріндегі кездесетін жеке адам болып қалыптасу мәселелері екені анық.

Ал Гамбургте 1760 жылы мынадай сұрақты шешуде конкурс жарияланды. «Жетімдерді мекемеге тәрбиелеуге берген тиімді ме, әлде жанұяда ақша төлеу арқылы тәрбиелеген дұрыс па?» Сол кезеңде көптеген философ, ойшылдар, теологтардың пікірлерінше, қоғамдық мекемелерде тәрбиеленген дұрыс деген шешімге келеді. Осы жерде швейцарлық ұлы педагог Песталоцциді еске түсіруге болады. Яғни осындай идеяның туындауына байланысты сол кезеңдері балаларды шағын топқа бөлген. Осы ситуацияның өзгерісі XX ғасырға дейін аса байқалмады. Содан бұндай мекемеде тәрбиеленушілер саны арта түсті.

Балалар үйі, интернаттар жағдайындағы «жабық» орта сенсорлық «аштық» тудыра отырып кез-келген жастағы адам баласына зиянды болып есептелінеді. Әсіресе, жаңа дамып, өсіп келе жатқан бала психикасы үшін оның зардаптары өте көп. Осы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса күрделі жағдайда. Бұл жағдайға қатысты өзекті мәселелердің негізгілері мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық араласуға жағдай жасау.

Балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілерінің ішінен жоғары оқу орындарына түсіп, түрлі салаларда қызмет атқарып, қоғамдық өмірге белсене араласып жатқандары бар екені белгілі. Дегенмен, қазіргі кездегі балалар үйіндегілердің барлығы бірдей жетім балалар емес. Мұндай мекемелерде ата-аналық құқынан айырылғандардың балалары, жалғызбасты ата-аналардың балалары, ата-аналары тастап кеткен балалар, ауруына байланысты әрекетке жарамсыз деп танылғандардың балалары, ата-анасы сотталып кеткендердің балалары, жетім және тастанды балалар тәрбиеленеді. Бұларды «әлеуметтік жетімдер» деп атайды.

А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых зерттеулері бойынша мынадай мәліметтерді білуге қол жеткіздік. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің көптеген жағдайда өздерінің жеке құндылықтары, әлеуметтік беку жайлы ұғымдары жоқ болады, бұл терең эмоционалды жайсыздықа (дискомфортқа) әкеліп соғады, ал ол өз кезегінде агрессия мен мазасызданудың пайда болуына себепші болады. Мазасыздану - болатын қауіп-қатерді күтуге орай эмоционалды жайсыздықты бастан кешу жағдайы.

Жалпы жетімдер үйінде, мектеп-интернаттарда оқыту процесімен қатар мазмұны бойынша түрліше тәрбие бағдарламасы жүзеге асады. Бұл тәрбие бағдарламасының негізгі міндеті – дене жағынан және адамгершілікке қабілетті, қазіргі таңдағы өмірге дербес түрде өмір сүре алатын тұлғаны даярлау болып табылады.

Бұл міндеттің практикалық шешілуі өте ұзақ және ұзақ мерзімді процесс.

Балалар үйлеріндегі балалардың көбісі өмірдегі ең басты нәрсе – ата-ана қамқорлығы мен сүйіспеншілігінен айрылғандар. Олардың көбісі «жанұя», «үй», «ана», «әке» деген ұғымдарды түсінбейді. Бұл ұғым-сөздерді білмеу интернат пен балалар үйі жағдайындағы ұйымдасқан тәрбие процесіне өте көп проблема тудырады.

Жанұялық үйлер, әрине, жетімдік проблемасын шешудің тиімді жолы, бірақ өкінішке орай, бұл экономикалық тұрғыдан қымбат мекеме, сондықтан да әлі де ұзақ уақыт бойына дәстүрлі интернаттық типтегі балалар үйлері сақтала бермек. Ол мекемелердегі тәрбиелік процесс ұжымдық өмір принциптеріне негізделген регламенттік сипатта болады.

Дегенмен бұл жағдайларда да балалардың өмірін едәуір дәрежеде жанұялық үй үлгісіне жақындатуға болады.

Соңғы жылдардағы экономикалық қиындықтар сөзсіз, білім беру мекемелерінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуінен көрінуде. Дегенмен, балалар үйлері мемлекет, қайырымдылық қорлары, демеушілер тарапынан назардан тыс қалып тұрған жоқ.

Балалар үйлерінің кейбір жетекшілері жоғары материалдық шараларға қол жеткізе отырып, оларды саналы жұмсай алмайды, яғни орасан көп жиһаз, кілемдер, қымбат теледидар, музыкалық аспаптарды, компьютер тағы басқаларды үйіп алып, ақыр соңында дүние тәрбиелік емес декоративті функция атқаратын болады.

Нәтижесінде, жанұядағы сияқты қолайлылықтың негізгі критерийі ретінде материалдық жетістік бірінші жоспарға шығады да, балалар өмірге икемсіз, әрі суық, қайырымсыз болып өсетін болады.

Әрине, кедейлік тұлғаның үйлесімді қалыптасуына көмектесе қоймайды, сондықтан да жанұялық, әсіресе балалар үйінің материалдық камтамасыздығы ерекше маңызды жағдай, ол бірақ ең алдымен балалардың бойында өмір сүруге аса қажетті қадір-қасиет, сапаларды қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Тұрмысты ұйымдастыру ең алдымен гигиеналық, эстетикалық талаптарға жауап бергені жөне және тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай бола отырып, олардың бойында материалдық ұмтылыс-қажеттіліктерге шама-шарқынша сезім білдіруге ұмтылуы тиіс.

Бұл нәрселерге өмір салтын ойластырып құрумен қол жеткізуге болады, яғни мұндайда заттар мен бұйымдар тек қана қолданылып, сақталынбайды, әрі тәрбиеленушілердің өз қолдарымен сақталады, жөнделеді, жаңаланады. Тәрбиелік іс-шаралар жүйесіне жанұядағы сияқты түрлі жұмыс түрлері енуі тиіс, олар: киім, жиһаз, тұрмыс заттарын жөндеу тағы басқалар.

Ал, Қазақстандағы балалар үйінің хал-жағдайлары туралы жазар болсақ, жетімдікпен күрес мәселесі тек қана мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге көптеген бейтарап ұйымдардың да басты мәселесіне айналды.

Егер де 1991 жылы біздің республикамызда 42 балалар үйлері болса, 2004 жылы 614 интернаттық мекемелер саны белгілі болып есептелінді, онда 13000 жетім-балалар саны мемлекеттің шығынын арттырады.

Бұл мекемелердегі бір баланы жыл бойы ұстап-тәрбиелеу үшін шамамен 3600 АҚШ доллары жұмсалады. Негізгі шығын ол мекемелердегі қызметкерлер еңбегін төлеуге, әлеуметтік салық пен балалар тамағына жұмсалады. Әрі, мемлекеттік құрылымдар қоғаммен бірлесе отырып, қолдарындағы мемлекеттік құрал-жабдықтарды иемдене отырып, жетімдік проблемасының қайнар көздерін, яғни ішімдікпен, нашақорлықпен, қажетсіз жүкітілікпен тағы басқаларды жоюға орай үлкен жұмыстар атқаруда және бұл құрылымдар психологиялық, әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыруда, көп балалы жанұяларға әлеуметтік көмек беруде елеулі еңбек етуде.

Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары, яғни соңғы он жыл ішінде 24 жаңа балалар үйі пайда болған. 16000 балалар үйінде тәрбиеленушілердің 2000-ы толық жетімдер, ал қалғандары – “тастандылар және бас тартқандардың балалары”. Міне, осы балалар үйлерінен де олар “тастанды және бас тартқандар” болып өмірге де қосылады. Бұрын олардан ата-аналары бас тартса, кейін онымен мемлекет айналысады.

Ал Ресейде балалар үйінің дамуы жайы мына фактіге байланысты 1905-ші жылғы Декабрь қарулы көтерілісінен кейін атақты орыс психиатры, қоғам қайраткері В.П.Кащенко жаралы революционерлерге көмек беруіне байланысты мемлекеттік қызметтен қуылғаннан соң, кемістігі бар және қиын, әрі жүйкесі ауыратын балаларға арналған емдік-педагогикалық мекеме ашпақ ойға келеді. 1908-ші жылы ол шетелге осы мақсатта тәжірибе алмасу үшін жол жүреді. Ресейге оралған соң, Кащенко “санаторий-мектеп” ашады. Бұл сияқты “санаторий-мектеп” бұл кезеңде ресей түгілі, шетелде де болмаған.

Ал кеңестік одақ кезеңінде білім беру жүйесінде балалар үшін тек қана екі түрлі оқу мекемесі болды. Олар: ақыл-ой кеміс және кәмелеттік жасқа толмаған қылмыс бұзушыларға арналған.

Балалар қорының мәліметтеріне орай, әлеуметтік жетімдік саны 1995-1996 жылдары алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе өскен.

Қазіргі уақытта Ресейде балалар үйлерінде 20,5 мың балалар тәрбиеленеді, оның үштен бір бөлігі бір жастағы дамуында түрлі ауытқулары бар балалар құрайды.

Балалар үйлеріндегі балалардың психикалық дамуының түрліше болуына тұқымқуалаушылық ерекшеліктерінен гөрі тұрмыс жағдайында тәрбие мен оқытудағы айырмашылықтар көбірек әсер етеді. Өмірінің алғашқы күндерінен бастап балалар үйіне түсетін жандардың дамуы ата-анасы барлардың дамуынан ерекше болатыны хақ қарым-қатынасқа деген қажеттілік бала 1 айға толар-толмас шақта байқалады. Әрине, ондай қарым-қатынас жасайтын ансының жоқтығынан сыртқы ортадан алатын бала әсерлерінің ауқымы шектеулі болады. Мұндай сенсорлық оқшаулану, дамуды кешеуілдетеді. Атап айтқанда, қимыл-қозғалыстарының дамуы баяулайды, тілдері кеш шығады, кей жағдайда ақыл-ойының дамуы да тежеледі.

Баланың тұлға ретінде қалыптасуына өмірінде «Ата-ана-бала» қарым-қатынас жүйесіне түспеуі қатты әсер етеді. Мінездерінде қырсықтық, бірбеткейлік сияқты жағымсыз қасиеттер ерте көріне бастайды.

Бала толыққанды даму үшін ең алдымен оның сүйіспеншілікке деген қажеттілігі қанағаттандырылуы қажет. Кейбіреулер оны туылғаннан пайда болатын қажеттілік десе, енді біреулер өмір сүру барысында қалыптасатын қажеттілік деп есептейді.

Осы қажеттіліктің қанағаттандырылмауы бала дамуының бұзылысына және эмоциялық депривацияның пайда болуына әкеліп соғады.

Депривация – психология мен медицинада кең қолданылатын термин. Бұл термин ағылшынның «deprivation» сөзінен шыққан, қазақша мағынасы: өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі немесе жойылуы. Эмоциялық депривация балалар үйінде тәрбиеленетіндер де ерекше байқалады. Депривацияның келесі түрі – сенсорлық депривация – яғни заттық ортаның болмауы және сезім мүшелері қоздырғыштарының жетіспеуі. Депривацияның бұл түрін де балалар үйінде тәрбиеленетіндерден кездестіреміз.

Депривация сонымен қатар тек балалар үйінде емес, отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларда да байқалады. Отбасында анасы болмаған немесе баласына эмоциялық көңіл бөлмеген жағдайда аналық депривация туындайды. Психикалық күймен сипатталады. Аталған психикалық жағдай мінез-құлықтың өзгеруінен байқалады. Депривация механизмі баланың сыртқы орта адамдарымен қарым-қатынасының шектелуімен, баланың негізгі психикалық қажеттіліктерінің жеткіліксіз қанағаттандырылуымен байланысты. Сонда, психикалық депривация деген өмірлік жағдайлар нәтижесінде туындайтын нақты психикалық күй. Мұндай жағдай баланың негізгі қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға қолайлы мүмкінідіктері болмаған кезде туындайды.

Балалар үйінде тәрбиеленетіндер көп жағдайда нашар тұқымқуалаушылық қасиеттеріне ие: алкоголизм мен нашақорлық, туылғаннан пайда болатын психикалық және неврологиялық патологиялар маскүнем ата-аналардан туылған балаларда, жүктілікті тоқтату үшін түрлі шараларды қолданған аналардан туылған балаларда түрлі психикалық ауытқулар байқалады. Балалар үйінде тәрбиеленетіндерде психопатологиялық белгілер: ақыл-ой кемістігі және шизофрения белгілері де кездеседі.

Қазіргі таңның өзінде балалар үйлерінде депривацияның түрліше формаларының байқалуын көруге болады.

Үш жаста ғана сюжетті және рөлдік ойын белгілері қалыптасатындығы байқалады. Ал тіл дамуына келсек, тек сөзді айтуда емес, сөздік реакциялар яғни ойлаумен байланыста бола отырып кешеуілдеп дамыған.

Л.С.Выготский атап кеткен “сензитивті” кезең, яғни екінші жаста бұл балалар сенсорлы және тілдік дамуда өте артта қалушылық көрсетеді.

Балалар үйіндегі балалардың даму динамикасын бақылай отырып мынандай қорытынды жасауға болады: 4-5 айлық кезеңнің өзінде эмоция, көру, есту анализаторларының дамуында алғашқы ауытқуларды көруге болады. Ал 7-12 айлық кезеңінде тілдің дамуындағы дайындық кезеңдерінің терең артта қалушылығы көрінеді.

Алғаш туылғаннан анадан айрылу баланың қарым-қатынасқа тапшы, жұтаң болуына жеткізеді. Алғашқы бірінші жылы қалыптаспаған эмоционалды-іскерлік қарым-қатынас баланың тілінің дамуына кедергі болады, ал әрі қарай оның жеке басының қалыптасуына да өз зиянын тигізеді. Екі жастағы балаларда қозғалыс белсенділігі төмен болады, бұл бір жағы олардың сергектік күйлерін көп жағдайда «кедергі, барьер артында» өткізуімен де байланысты түсіндіріледі. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мінез-құлқының қалыптасуы да түрлі ауытқулармен көрінеді. Олардың көпшілігіне қатты қозғыштық тән: олар ұзақ уақытқа дейін ұйықтай алмайды, мазасыз ұйықтайды. Оларға ұйықтарда аналық жылылық, жылу сөздері, бесік жыры, ертегі айту жетіспейді. Ұйықтар алдында жалғыздан-жалғыз қалғандықтан, олардың көбісі саусақтарын сорады, тербеледі де ұйықтайды.

Психикалық депривация күйіне орталық жүйке жүйесі зақымдалған балалар жиі ұшырайды.

Осылайша, балалар үйіне қарағанда, қандай да болса, яғни қолайсыз отбасының өзі жас нәресте, бала үшін жақсы орта болады. Дене және ақыл-ойы дамуының артта қалуы ол балалардың эмоционалды-еріктік және мінез-құлық кемістіктерімен толықтырылып, дамуын тағы да кешеуілдетеді.


ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Прихожан А.М..,Толстых Н.Н.Дети без семьи.- М., 1990.

  2. Прихожан А.М.., Толстых Н.Н. Психология сиротства.- М.,Питер, 2005.

  3. Шахманова А.Ш. Воспитание детей-сирот дошкольного возраста


ТҮЙІНДЕМЕ


Мақалада жетім балалардың жетімханада тәрбиелену мәселесі, әлеуметтік психологиялық ахуалы талданып, оны жақсарту жолдары қарастырылады.


РЕЗЮМЕ


В статье рассмотрены вопросы воспитания детей в детских домах, подвергнуты анализу социально-психологическая атмосфера в них и пути ее улучшения.


АРНАЙЫ МЕКЕМЕДЕГІ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Омарбекова М.К. (Алматы қ.. ҚазмемқызПУ)


Әлеуметтік тәжірибеде адамдардың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесін балалар ересектердің көменгінсіз игере алмайтыны белгілі. Ересектер бала үшін тәжірибенің тірі үлгісі; бала олардың мінез-құлық, іс-қимылына сын көзбен қарап баға беруі арқылы өзіне керекті қасиеттерді бекітеді және қоғамға жат қылықтардан өзін аулақ ұстауға тәрбиелейді, белсенділігін арттырып дұрыс жолға бағыт алады. Осы айтылғанның барлығы да ересектермен күнделікті дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас әсерлерінен туындайды. Сондықтан, баланың психологиялық тұрғыдан дұрыс дамуы үшін оның ересектермен жеткілікті түрде қарым-қатынас жасауы шарт.

Адамның балалық шағы ересектер, кішілер және өз қатарластары арасында өтеді. Баланың өмірлік белсенділігіне ересектердің әр-түрлі «тыйымдарының» алатын орны зор. Баланың сезімі мен оның өз еркіне ұмтылуы — оның толық дамуының куәсі. Мысалы, «мен жүгіре аламын, бірақ жүгіруге болмайды, себебі: апам дем алып жатыр», тағы сол сияқтылар. Осындай әр-түрлі шек қоюлар баланың көзге көрінбейтін ішкі қасиеттеріне, өмірге талпынысына әсер етеді.

Баланың қарым-қатынас сферасы екі бағытты қамтиды: 1) балалардың ата-анасымен, тәрбиеші-педагогтармен және басқа ересектермен қарьім-қатынас жасауы, 2) балалардың басқа балалармен, өз қатарластарымен, өзінен кіші және ересектеу балалармен қарым-қатынас жасауы.

Көптеген жылдар бойы психологтар балалар мен ересектердің қарым-қатынасына аса көңіл бөлуде. Балалардың ересектермен және баска балалармен қарым-қатынас жасауы әр-түрлі ғылыми позициялардан түсіндіріледі. Психология ғылымында «бала мен ересек» жүйесіндегі қарым-қатынас «бала мен бала» жүйесіндегі зерттеулерге қарағанда аз қарастырылған /1/.

1945-1952 жылдары Дж.Боулби, Рене Шпиц, Анна Фрейд зерттеулері баласының анасымен қарым-қатынас жасауындағы кемшіліктер баланың психикалық және физикалық дамуына кері әсер ететіндігін көрсеткен. Баланың анасымен байланыстың жетіспеушілігінен мінез-құлқында агрессивтілік, девианттылық, делинк-венттілік, селқос енжарлылықтың орын алатындығын дәлелдеген. Бала мен ересектер қарым-қатынасын сипаттай отырып Н.М. Щелованов «қарым-қатынас дефициті» ұғымын ең алғаш қолданған. Л.С.Выготский, М.И.Лисина, Д.Б.Элькониннің зерттеулерінің нәтижесінен бала мен ересек қарым-қатынасының мазмұнынан баланың келешектегі, мінез-қүлқы қалыптасады деп көрсететінінен байқауға болады /2/.

Отбасылық тәрбиедегі сәби екі айлық кезінен бастап сөздік коммуникациясының тәсілі арқылы қоршаған ортадан хабардар болғандақтан, оның тілі мен сөйлеунің дамуына жол ашылады. Ал арнайы мекемедегі тәрбиеленушілер ше? Олар вербалды қарым-қатынастың жеткіліксіздігінен тілі мен сөйлеуінде айтарлықтай тежеулер болады, соның салдарынан танымдық үндістері дұрыс жетілмейді де, өзіндік тұрақты сезімнің қалыптасуы артта қалады. Сонымен қатар жетім балалардың қабылдауы мен көруі, моторикалық координациясы қалыпты деңгейден төмен болады. Балалр үйінде тәрбиеленушілердің сөздік қоры аз және дұрыс қүрылмағандықтан қарым-қатынастың жеңілдетілген түрін қолданады. Баланың ересектермен қарым-қатынасы неғұрлым басым болса, соғұрлым өмірге араласуы жеңілірек болар еді. Балалар үйінде ата-анасын мүлдем көрмеген балаларға қарағанда сәтсіз жанұядан шыққан балалар коммуникативті және ересектердің ықпалын жылдам қабылдайтын көрінеді /3/

Психологтар қазіргі кезде балалар үйінде тәрбиеленуші балалар мен отбасылық тәрбиедегі балалардың ересектермен қарым-қатынасының бірқатар айырмашылықтарын тағайындаған:

Ересектермен қарым-қатынас тығыз эмоциональдік-іскерлік бағыталады, яғни ересектер балалардың істеген әрекеттеріне қатты назараударып қуаныш немесе наразылық білдірмейді, бала тарапынанұсынылған талабына қолдау таппайды. Ал ересектер сезімталдықтанытар болса, бала белсенділігінің дамуы жағымды әсеріге ие болар еді.

Ересектермен қарым-қатынас баланың танымдық дамуына себеп болады.

Ересектер - баланың іс-әрекетін бағалап, оны теріске шығарады немесе түзетуге тырысады.

Бала мен ересектердің қарым-қатынасы осы аталып өткен үш түрі жағдайда орын алады, оның әрқайсысы өз мазмұнына ие.

Жанұялық тәрбие жағдайында бала 3 жасқа толған кезден бастап «Мен өзім» деген сөзді айтуымен ерекшелінеді. Психикалық дамуда баланың санасында «мен өзім» деген үғымның пайда болуы баланың жеке басының қалыпты дамуының дәлелі деп есептеледі. Тәрбиелеу ісінде мұндай белгі тұрмыстық деңгейде қарастырылып, сыртқы ортадан көмек сұрамайтын, баланың өзбеттілігінің пайда болуымен байланыстырылады /4/.

Жабық түрдегі мекемелерде, сәбилер үйінде, мектепке дейінгі балалар үйінде және интернаттарда қатаң күн тәртібі ұстанып, ережелермен өмір сүреді, тазалыққа үйренеді. Бұл балалардың ерікті іс-әрекетінің дамуы емес, керісінше, тежелуі байқалады. Осындай мәселенің орын алу себебі неліктен деген сұрақ заңды туындайды.

Ерікті мінез-құлықтың негізі саналы түрде жасалады басқаша айтқанда, өзіңді, өз іс-әрекетіңді саналы түрде жүзеге асыру. Сондықтан балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің ерік-жігерінің төменгі дәрежеде болуына себеп - өзіндік санасының жетіспеуі.

Арнайы мекемелерде тәрбиеленушілердің психологиялық дамуының өзгеріске ұшырауының негізгі факторы ересектермен қарым-қатынастың тапшылығынан екені даусыз. Бірақ ол қарым-қатынас жай ғана емес, ол сол жастағы балалардың қарым-қатынас қажеттілігінің мазмұнына адекватты болуы керек.

IX ғасырдың соңында және XX ғасырдың жеке және мемлекеттік балаларды паналату үйлері ашылды. Бүл мекемелерде балалар өмірінің алғашқы бір-екі ай мөлшерінде шетінеуі өте жиі кездескен, ал тірі қалғандарының өздерінің физиологиялық және психикалық дамуында ауытқушылықтары болғандығы белгілі. Мұндай психологиялык кемістіктері басым болған балалар үш жас мөлшеріне келгенде өз-өздеріне қызмет көрсете алмаған, сөйлемеген, тәрбиелеу шараларына көнбеген, мүлдем немқұрайлы немесе агрессивті болғандықтан мұндай құбылыс ғылымда «госпитализм» комплексі деген атқа ие болған.

Француз психологы Рене Шпицтың айтуынша дұрыс тамақтанған балалардың 37 % өмірінің алғашқы екі жылында шетінеген, олардың 20 % ғана тірі қалған, оның ішінде 5-і мүлдем отыра және жүре алмаған, 3-і өз-өзіне қызмет көрсете алмай отырған, 8-і өзгенің көмегімен қозғала алған, 12-і қасықпен тамақтана алмаған, ал 20-ы өзбеттінше киіне алмаған, сөйлеуі мүлде дамымаған, сөйлем құра алмаған. Ұйымдағы балалардың айрықша ерекшеліктері - оларда үнемі невротикалық, яғни депрессиялық күйде болуында. Балалардың аса тұйық, қоршаған ортаға қарсы агрессия, басқа біреулерді қабылдамау және барлық дүниеде өздерін жеке ұстаулары байқалған. Белсенділіктері төмен, ойыншықтарға ұмтылмаған, тәбеттері де төмен болған, көпшілігі ұйықтай алмаушылықтан зардап шеккен.

Бұл бақылаулардан балалардың ересектердің сипау, құшақтау, қолын тигізуінің жетіспеуінен осындай күй кешкенін көруге болады деп түсіндреді. Сонымен қатар осы балаларды өмірге қайтарудың мүмкіндіктері - тек ересек адамның көмегінде, олармен толық қарым-қатынастың қажеттілігінде. Балалар ересектермен қарым-қатынасқа түскенде, олардың психикалық даму барысы да өріс ала бастаған.

Американ ғалымы X. Скилз 60-шы жылдары жабық түрдегі мемлекеттік мекемедегі жетім балалардың өмір сүруі барысына жүргізілген он екі жылдық бақылауының қорытындысын жариялған, Онда балалар үйінде қалған тәрбиеленушілер мен олардың он үш жастағы жанұялар асырап алған құралпастарын (жас мөлшерлері біркелкі) салыстырған, асырауға алынғандар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қарағанда жылдам дамып, қоғамның мүшесі бола алғандығы көрсетілген.

Жетім балалар ойыны - ешбір сезімсіз, біртекті, ойынды жоспарлауы, рөлдерді бөлісуі, көрнекілігі болмаған, рольдік ойында кейіпкер бейнесіне кірмей өз атынан ойнаған. Сырттан бақылағанда рольдік ойын деп атауға болады, ал субъективтік және психологиялық жағынан рольдік ойыннан өте көп айырмашылығы болған. Көріністік рөльдік ойындарда қарым-қатынастың екі түрі болады олар: рольдік және өзіндік, деп 1987 жылы Н.Я.Михайленко мен Н.А. Короткованың зерттеулерінде көрсетілген. Бала өзін біріншіден - рольдегі кейіпкер деп алса, екіншіден нақтылы субъект, деп қарастырады. Жетім балалардың ойынында рөлдердің өзара байланысы жоқ, ойындағы кейіпкердің іс-қимылы шынайы емес орындалады, кейіпкермен бірге куанып, бірге қайғыруы жоқ, барлық іс-қимылдары автоматты түрде болады. Бір-бірімен қарым-қатынасы тек нұсқау, бұйрық берумен ғана шектеледі ( бер, қара, әкел, ары отыр, бері кел т.с.с.) деп көрсеткен.

Жетім балалардың тағы бір ерекшелігі - ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасында мазмұны өте таяаз, эмоциясы болмайды. Бірақ, кез-келген уақытта олар ересектердің ортасын, олардың өзіне көңіл аударуын күтіп тұрады, әр уақытта олармен қарым-қатынасқа түсуге даяр екенін көрсетеді, мадақтауы мен қатысуларын күтеді. Ашықтық, сензитивтілік педагогиклық әсерге жылдам көнуге әкеліп соғады, бірақ ересектердің мейірімі жетім балалар үшін жалғыз ғана коммуникативтік қажеттілік болмау керектігін біз есте сақтауымыз керек. Осының негізінде күрделі қажеттіліктер орнайды, ол: өзара сыйластық, кішіпейілділік, мейрімділік. Осының барлығы ересектермен баланың қарым-қатынасынан туындайды. Педагогикалық іс осы сенімге арқалануы тиіс /5/.

В.С. Мухина мектеп-интернаттарында тәрбиеленушілер толық жанұя балаларына қарағанда бірқатар мәселелер кездесетіндігін көрсеткен. Оларға:

Балалардың өз құрбыларының арасында бейімделе алмауы эмоционалды қозуға, мазасыздыққа, агрессивтілікке әкеледі;

Жағымды эмоция, махаббат, адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынасы деформацияланған;

Өзіндк сананың қалыптасуында аса мәнді - жеке қалу мүмкіндігінің болмауы;

Жауапкершіліктің, өз заттарын күтудің болмауынан берілген нұсқаулар бойынша өмір сүру позицияның қалыптасуы;

«Біз» сезімінің басым болуы, «өзімдікі» және «бөтен» адамдарға бөлуіне қатысты топтық эгоизмнің пайда болуы, нәтижесінде, өз мақсатына жету үшін біртектілік немесе агрессивтіліктің тууы.

Сонымен қатар В.С.Мухина жабық түрдегі мекемелерде тәрбиеленушілердің қарым-қатынасқа түсе алмайтындығын атаған. Оның қатынастары үстірт, неврозды, асығыс бола отырып өзіне көңіл бөлуді талап етіп, қоршаған адамдарының назарын қабылдамайтындығын, көңіл-күйі агрессивтілік пен енжарлылыққа алмасатындығын атаған. Махаббат пен көңіл бөлінуін қажетсіне отырып, осы қажеттіліктің орындалуына қатысты -өзін ұстай алмайды. Баланың қарым-қатынасы дұрыс қалыптаспағандықтан өзгелердің арасында негативті позицияны иеленеді деп сиппатайды.

Балалар үйі интернаттар жағдайындағы «жабық» орта сенсорлық «аштық» тудыра отырып кез-келген жастағы адам баласына зиянды болып есептелінеді. Әсіресе, жаңа дамып, өсіп келе жатқан бала психикасы үшін оның зардаптары өте көп. Осы балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің мәселелері аса күрделі жағдайда. Бұл жағдайға қатысты өзекті мәселелердің негізгілері мыналар: жетім балалар денсаулығына деген әлеуметтік қамқорлықты күшейту, олардың құқығына қол сұқпау, қоғам өмірінің барлық салаларына толық араласуға жағдай жасау.

Осы мәселелерді шешуде негізгі екі көзқарас қалыптасқан. Бір жағынан, балалар үйі мен мектеп-интернаттың балалары отбасында тәрбиеленетін балалардан ерекшеленбейді және олардың мәселелерін тек материалдық жағдайда жақсарту және оқу тәрбие процесіне бірқалыпты жағдай туғызу арқылы шешуге болады десе, екінші жағынан, қазіргі таңда балалар үйінде және интернаттардағы балалардың дені сау емес, барлығы ауыр тұқым қуалаушылыққа негізделген соматикалық және психикалық аурулармен ауырады деген көзқарас қалыптасқан.

Балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілерінің ішінен жоғары оқу орындарына түсіп, түрлі салаларда қызмет атқарып, қоғамдық өмірге белесене араласып жатқандары бар екені белгілі. Дегенмен қазіргі кездегі балалар үйіндегілердің барлығы бірдей жетім балалар емес. Мұндай мекемелерде ата-аналық құқынан айырылғандардың балалары, жалғызбасты ата-аналардың балалары, ата-аналары тастап кеткен балалар, ауруына байланысты әрекетке жарамсыз деп танылғандардың балалары, ата-анасы сотталып кеткендердің балалары, жетім және тастанды балалар тәрбиеленеді. Бұларды «әлеуметтік жетімдер» деп атайды /6/.

А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых зерттеулері бойынша мынадай мәліметтерді білуге қол жеткіздік.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің жиі жағдайда өздерінің жеке құндылықтары жайлы ұғымдарының әлеуметтік беку жағдайлары жиі жағдайда жоқ болады, бұл терең эмоционалды дискомфортқа әкеліп соғады, ал ол өз кезегінде агрессия мен мазасызданудың пайда болуына себепші болады. Мазасыздану дегеніміз, бұл болатын қауіп қатерді күтуге орай эмоционалды дискомфортты бастан кешу жағдайы.

Жалпы жетімдер үйінде, мектеп-интернаттарда оқыту процесімен қатар мазмұны бойынша түрліше тәрбие бағдарламасы жүзеге асады. Бүл тәрбие бағдарламасының негізгі міндеті — дене жағынан және адамгершілікке қабілеті, қазіргі таңдағы өмірге дербес түрде өмір сүре алатын адамды даярлау болып табылады.

Бұл міндеттің практикалық шешілуі өте ұзақ мерзімді процесс,

Балалар үйлеріндегі баллардың көбісі өмірдегі ең басты нәрсе - ата-аналар қамқорлығы мен махаббатынан айырылғандар. Олардың көбісі «жанұя», «үй», «ана», «әке» деген үғымдарды түсінбейді, Бұл ұғым сөздерді білмеу интернат пен балалар үйі жағдайындағы ұйымдасқан тәрбие процесіне өте көп проблема тудырады.

Жетімдер үйі, мектеп-интернаттарда жүргізілетін түзету тәрбиелік жұмыстардағы ең басты фактор баланың әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыруға көмектесетін гуманды, яғни адамгершілік ортасын құру факторы болып табылады. Балалық әлемін жақсы біліп, түсінетін адам ғана нағыз тәрбиеші екендігі баршаға аян, ал оның педагогикалык тактісі тек қана педагогикалық біліммен ғана шектеліп қоймайды, әрі интуицияның болуымен, әрбір баланың жүрегіне шеберлікпен жол табуда ерекше әдістерді меңгеріп қолданумен де анықталады.

Интернаттар мен балалар үйлері білім беру жүйесінде қажетті мен пайдалылығына орай, ондағы тәрбиеленушілерге бірқатар ерекшелік сиппаттарды дарытады. Ең бастысы, интернат, балалар үйі дегеніміз олар үшін — ұжымдық мекеме, онда балалар үшін «менің үйім», «менің бөлмем», «менің бұрышым», «менің ойыншықтарым», «менің ата-аналарым» тағы басқа осы сияқты үғымдар жоқ. Үй болмай, үлкен ұжым үшін мекеме бола отырып, ереже, бойынша бұл балалар үйлері балалардың бойындағы жеке-дара сұраныстар мен қажеттіліктерді қалыптастыра қоймайды және мұнда «мен» сезімі өз дәрежесінде дами қоймайды. Осыған орай, әрине жанұялық типтегі балалар үйлерінде педагогтар ата-аналар функциясын атқарады, ал 6-10 бала — соларға бала, қыз, бір-біріне апа, сіңлі, аға, іні рольдерін атқарады.

Жанұялық үйлер, әрине, жетімдік проблемасын шешудің тиімді жолы, бірақ өкінішке орай, бұл экономикалық тұрғыдан қымбат мекеме, сондықтан да әлі де ұзақ уақыт бойына дәстүрлі интернаттық типтегі балалар үйлері сақтала бермек. Ол мекемелердегі тәрбиелік процесс ұжымдық өмір принциптеріне негізделген регламенттік сипатта болады /7/.

Дегенмен бұл жағдайлар да балалардың өмірін едәуір дәрежеде жанұялық үй үлгісіне жақындатуды біледіреді.

Қазіргі таңда көптеген интернат, балалар үйлері мекемелерінің басшылары соңғы жылдары балалар топтарын жүйеліп-топтастыруда басқаша әдіс-тәсілдерді қолдануда. Яғни, олар топты құрауда түрлі жастағы балаларды бір топқа біріктіруді қолға алған. Бұл топтарда ересек балалар, кіші балаларға көмектеседі, әрі әрбір топта өз қолдастарында бірнеше бөлмелердің болатындығы маңызды. Ол бөлмелер: жатын бөлме, ойын бөлмесі, демалыс және сабақ бөлмелері, санитарлы-гигиеналық блок, асхана. Демалыс күндері бұл асхана-буфетте балалар өздеріне ұнайтын асты, өздері даярлауға, қажет кезде шәй ішуге, мереке және туған күндерге қонақтарын-достарын шақыруға мүмкіндік алады.

Бұл жоғарыда аталған үлгілер балалар үйлері, интернаттардағы сақталған дәстүрлі өмір салтын бұзуға, автономды тұрмыс салтын құруға көмектеседі. Мүндай автономды дербес тұрмыс салты психологиялық комфортты сезінуге көмектеседі және балалардың бойында қажетті дәрежеде тұрмыстық дағды-іскерліктердің қалыптасуына себебші болады.

Түрлі жастағы балалар топтарында ересек және кіші тәрбиеленушілер арасында өзара қрым-қатынастар жеңіл әрі оңай қалыптасады, яғни ересектер кішілерге қамқор болу арқылы және жатақхананың түрлі жағдайларында тәрбиеші көмек бере отырып, әрі өмір сүрудің кейбір автономдығына орай, балалар үйлерінің барлық топтары өмірдің жалпы ритмін ұстау, сақтау арқылы бірігулері тиіс. Онда күн бойына оқу іс-әрекетімен қатар басқаша да түрлі жұмыс түрлері қолдану қажет. Ол жұмыс түрлері: спорт, уйірмелік, шығармашылық жүмыс тағы басқалар. Соңғы жылдардағы экономикалық қиындақтар сөзсіз, білім беру мекемелерінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуінен көрінуде. Дегенмен балалар үйлері мемлекет, қайырымдылық қорлары, демеушілер тарапынан назардан тыс қалып тұрған жоқ. /5/.

Балалар үйлерінің кейбір жетекшілері сияқты қолайлылықтың негізгі критерийі ретінде материалды шараларға қол жеткізе отырып оларды саналы жұмсай алмайды, яғни орасан көп жиһаз, кілемдер, қымбаттеледидар, музыкалық аспаптарды, компьютер тағы басқаларды үйіп алып, ақыр соңында дүние тәрбиелік емес декоративті функция атқаратын болады.

У.Денис пен П.Наджарьян ливанда 100 жетімді зерттей отырып, балалар үйінде тәрбиеленушілердің өмірінің бірінші жылының аяғында-ақ жанұяларда тәрбиеленуші өз қатарластарынан психикалық даму жағынан кейін қалатындығын анықтаған. Зерттеушілер бұндай ерекшеліктердің себебін ана мен бала қарым-қатынасының кемшілігінен деп тапқан.

Л.Ярроу анасымен және анасыз тәрбиеленген балалардың биологиялық және әлеуметтік жағынан дамуында ерекшеліктері болатындығын анықтаған. Дәл осындай қорытындыға.

М.Раттер жабық түрдегі мекемелерде тәрбиеленуші балалардың «кері» тәрбиеленуінің себебі анасымен жеткіліксіз эмоционалды қатынасы, сенсорлы және әлеуметтік стимуляциялардың аздығынан деп түсіндіреді.

Егер Р.Заззо жазбаларына үңілетін болсақ (1967) француздар бастапқыда, балабақшалардың құрылуына қарсы болған. Олар балаларын мұндай жалпылық мекемелерде «нақұрысқа» айналдырды деп есептеген және сондай жағдайдың пайда болуынан сақтаған.

Р.Шпиц жазбаларынан анасынан бөлініп жабық түрдеғі мекемелерге келген сәбилердің бір жасқа деңгейінің 70% шегінетінің, ал қалған белігінің ақыл-ойлары артта қалатындығын көруімізге болады.

Ана бала үшін жалғыз ғана жақын адамы, қамқоршысы болады. Балалар үйінде де бірнеше қамқоршы-тәрбиешілер бар, олар сондағы балалардың туған анасын алмастыруға әрекеттер жасайды. Балалар үйі тәрбиешілерінің жұмысының тиімділігі, балалардың жеке адам болып қалыптасып дамуы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысына тигізетін әсері туралы мәселелерді көптеген психологтар жан-жақты қарастырған, Г.Х. Рейнгольд пен Н. Бейли (1959) көп аналардың балаға тигізер психологиялық әсерін сипаттады. Зерттеушілер балаға бір немесе бірнеше тәрбиешінің қамқорлығында болуы оның дамуына ерекше әсер етпейтіндігі туралы қорытындыға келеді. осы мәселеге байланысты өзге зерттеулерде ғалымдар мыңадай қорытындыға келеді: «Қанша адамның қамқор болуы бала үшін маңызды емес, аса маңыздысы әр баланың қамқорлык пен сүйіспеншілікті біліп, сезініп өсуінде», - дейді. Тәрбиешінің аздығы баланың дамуын тежейді, даму ең алдымен ересектермен қарым-қатынас процесінде, іс-әрекетте ілгері басады. Нәресте неғұрлым жас болса, соғұрлым ол әлсіз болады, сондықтан да қай ортада өмір сүрсе, соған тәуелді болады.

Жанұяда және жанұядан тыс тәрбиеленген балалардың психологиялық дамуы жөніндегі ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, көп жағдайда жанұя тәрбиесіндегі балаларға қарағанда жанұядан тыс тәрбиеленүшілердің даму барысының әлде қайда баяу екендігін көреміз. Вербальды емес функцияның қалыптасуының тоқырауға ұшырауы ерте жастағы ойлауға, балалардың айналадағы адамдармен қарым-қатынасына, сөйлеуіне, тағы басқа іс әрекеттерін де із қалдырады. Мектеп интернаттарында балалар дамуындағы шынайы қауіп — оларды «өзгелердің ақылымен» басқарыла отырып, өмір сүруінде. Үнемі қатарластарының ішінде жүруі, шулы уақытта бос өткізетін ортада жүруі, ересектердің оларға сирек көңіл аударуы, балалардың жүйкесінің шаршауына себепші болады. Бұл тәрбиенің жетіспеушілігі болып табылады /8/

Ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге түсердің алдында балалардың өмірлік жағдайын талдау көрсеткендей, баланы осында алып келген себептер мен жағдайлардың ішінен қандай да біреуін жекелеп көрсетуге болмайды. Көп жағдайларда отбасыларында келеңсіз жағдайлар болған, соның салдарын балалар одан әрі тұруы мүмкін емес немесе олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген. Келеңсіз жағдайлар көбінесе өте ұзақ орын алғандықтан, балалардың психикалық және физикалық денсаулығына жағымсыз ықпал еткен. Балаларды ұрып-соғу, олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескермеу, ата-аналарының жұмыссыздығы - осылардың бәрі девиантты және деликвентті мінез-құлқы балалардың санының артуының себептерінің толық емес тізімі.

Әлеуметтік жетімдіктің салдары балалар үшін өте ауыр және олардын одан кейінгі барлық өмірінде орын алады - денсаулығы мен психикасына ықпалы, ансының қаламаған аяғы ауыр кезіндегі аномальді жатырішілік даму процесі, ерте және мектепке дейінгі балалық қезеңіндегі жағымсыз, теріс әлеуметтік тәжірибе /9/.

Келеңсіз биологиялық және әлеуметтік факторлар ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың дамуындағы түрлі ауытқулардың себептері болып табылады. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне психологиялық, педагогикалық, медициналық және әлеуметтік проблемалар тән. М.И.Лисинаның мәліметтері бойынша, ата-анасының қарауынсыз қалған балалар отбасында өскен өз құрбы-құрдастарынан бірінші жылдың өзінде-ақ өздерінің көңіл-күйінің жоқтығымен, танымдық белсенділігінің төмендігімен, апатиялығымен, босаңдығымен ерекшеленеді. В.С.Мухинаның айтуынша, балалардағы ауытқыған мінез-қүлықтың болуының басты себептері болып олардың «сүйіспеншілік пен мойындау сезімдеріне қажеттіліктерінің орындалмауы» болып табылады, ол балалык тұлғаның деформациясына әкеп соқтырады. Қарым-қатынас тәжірибесінің дұрыс қалыптаспауынан, көбінесе балаларда басқа адамдарға деген агрессивті-негативті бағытты ұстану жиі кездеседі. Ата-анасының маһаббаттын толық сезінбеу ауытқыған мінез-құлықтың түрлерінің қалыптасуына, тәрбиелеудегі қиындықтарға, дамудағы жекелік қиындықтарға, эмоционалдық қақтығысқа және фрустрацияға алып келеді, өтірікшілік пен қызғаныш сезімдерінің дамуына да апаруы мүмкін. Аталған теріс аффективті реакциялар (төбелесқұмарлық, қақтығысқа бейімділік, дөрекілік, агрессия) балаға өзінің мүмкіндіктерін бағалауды төмендетпеуге көмектесетін, өмірлік маңызды қажеттіліктерге қанағаттанбаудың қорғаныш реакциясы ретінде болады.

Психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдай келе, арнайы мекемелер мен жанұя тәрбиесіндгі балалардың ересектермен қарым-қатынас жасауында бірқатар ерекшеліктердің болатындығы анықталды.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Гальперин П.Я. Формирование умственных действии. // Хрестоматия по общей психологии. - М, 1981

  2. Бернс Р. Развития Я - концепция и воспитания. М.Прогресс, 1986, 27-356.

  3. Мақашқулова Г. Балалар үйінде тэрбиеленушілердің психикалық ерекшеліктері // Қазақстан мектебі.-2005.- 11/127 52-53 .

  4. Қасымбекова Г.К. Мемлекеттік жабық мекеме тәрбиесіндегі балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері /Мәтін/ // «С.Аманжолов оқулықтары» Өскемен, 2005.-3-білім. 343. 3496. – Библиогр: 10 атау.

  5. Ауренова М.Д. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық дамуы // ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы -Вестн. КазНУ.Сер. психология. - 2004. -№1. -102-105 б.

  6. Ерментаева А.Р., Ауренова М.Д. Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің ересектермен қарым-қатынас ерекшеліктері. //Аманжолов С. оқулары

  7. Акажанова А.Т. Социально-психологические аспекты деятельности специальных образовательных детских учреждений.// Международная научная конференция, ун-т. «Қайнар», 2007 год, стр. 89-93.

  8. Дубинин Н.П., Карпец И.И., Кудрявцев В.Н. Генетика, поведение, ответственность (о природе антиобщественных поступков и путях их предупреждения). - М., 1992

  9. Дубровина И.В. Психологическое развитие воспитенников детских домов //И.В.Дубровина, А.Г. Рузской. - М.: Педагогика, 1990


РЕЗЮМЕ

В статье расматриваются особенности отношений между подростками в специальных учреждениях.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада арнайы мекемедегі жеткіншектердің қарым-қатынас ерекшеліктері қарастырылған.

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

Похожие:

12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы» (ағылшын тілі)
Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерде шет тілін оқытудың кезеңдері. Шет тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Ағылшын...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconУчебник для взрослых
Бұл оқу құралы қазақ тілін оқытудың белсенді әдістемесінің элементтерін пайдалану негізінде құрастырылды. Ол бұрын қазақ тілін оқып-үйренбеген...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconЖасай бер, ана тілім – Қазақ тілі!
Мақсаты: Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconМазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
Тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді жүзеге асыру барысында 2011 жылы окба қди жанында өткізілетін курстардың жоспары
«Шаңырақ» жеке мектебінің ұйымдастыруымен «Искусство творить вместе» тақырыбында бастауыш класс әдістемелік бірлестігінің шығармашылық...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconАҚТӨбе қаласының білім бөлімі бойынша б ұ й р ы қ
...
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconҚазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconПайдаланылған әдебиеттер Қосымша Кіріспе
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері iconОмарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қызылсуат ауылының №39 негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
12 жылдық білім беруде бастауыш сыныптарда ана тілін оқытудың белсенді шығармашылық іс-әрекет негіздері icon1. Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқытудың ерекшеліктері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница