Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның




НазваниеМақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның
страница1/6
Дата конвертации14.02.2016
Размер0.51 Mb.
ТипДокументы
источникhttp://psu.kz/arm/upload/umk/170417.doc
  1   2   3   4   5   6
БІРІНШІ САБАҚ


Лексикалық тақырып: Қазақ тілі тарихы.


Грамматикалық тақырып: Мезгіл, мекен үстеулері.


Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның басқа елдермен байланысы туралы мәлімет беру. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Қазақ тілі тарихы

Қазақ тілі білімі — қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И. Ильминскийдің “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия” деген еңбегінде ұшырасады. Бұл — қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А. Терентьевтің “Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская” (1875), П.М. Мелиоранскийдің “Краткая грамматика казах-киргизского языка” (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің “Грамматика киргизского языка” (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикография жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады.

Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді (А.Е. Алекторов, “Краткий казахско-русский словарь”‚ 1891; “Начальное руководство к изучению арабского‚ персидского и татарского языков с наречиями бухарцев‚ башкир‚ киргизов и жителей Туркестана”‚ 1869; Т.Бокин “Русско-киргизский словарь”‚ 1913; Н.И. Ильминский “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия”‚ 1861, т.б.). Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912 — 29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930 — 88) болып екіге бөлінеді. Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде қалыптасып, дамуы Ахмет Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған “Тіл — құрал” атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады.

Әліппе мен емле. 19 ғ-дың 2-жартысында Ыбырай Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді. Бұл орайда ғалым қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын, тілдің фонологиялық ерекшеліктерін айқындап шықты. Байтұрсыновтың Қазақ тіл білімінің фонетика, фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов еңбектерінде жалғасын тапты.

Грамматика. А .Байтұрсыновтың оқулықтары, мақалалары қазақ тіл білімінің грамматика саласының қалыптасуына да негіз болды. Ғалым сөз жүйесі мен түрлері, сөйлем жүйесі мен түрлері деп атаған оқу құралдарында қазақ тілінің морфология, синтаксис салаларын арнайы зерттеп, оқушыларға түсінікті де жеңіл тілмен жеткізуге тырысты. Осы еңбектер арқылы сөз тіркесі, сөйлем, бастауыш, баяндауыш, зат есім, етістік, толықтауыш, т.б. атаулар қалыптасып‚ тұрақталды. Байтұрсыновтың грамматика саласындағы еңбектерінде функционалды грамматика, сөзжасам мәселелері де сөз болды. Ғалымның сөзжасамға қатысты тұжырымдары кейінгі еңбектерде дамытылды.


Лексика-грамматикалық тапсырмалар.

1-тапсырма.Мәтінді түсініп, оқыныз.

2 тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз.

3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.

4 тапсырма.Осы мәтін туралы өз ойыңызды білдіріңіз.

Еске түсірейік:

Іс

әрекет, қимылдың, заттың сынының түрлі белгілерін білдіретін сөздердің лексико

грамматикалық тобы үстеу деп аталады.Мағынасына қарай 8 түрі бар.

Мезгіл үстеу (қашан? Қашаннан?)

бүгін, жаздыгүні, анда

санда,былтыр,жуырда,күн ара, кейде, әуелде т.б.. Ерте ояндым, жете алмадым (Абай).

Мекен үстеу (қайда?қайдан?)

әрі, бері,жоғары, төмен, алға, артқа,мұнда, сонда т.б.. Ілгері басқан жасты кері қайтқан кәрі кейін тартады(мақал).






ЕКІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдар

Грамматикалық тақырып: Септік категориясы

Мақсаты: Берілген мәтін арқылы студенттерге қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдары туралы мәлімет беру. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.


Қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдар


Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тіл білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді.

Мәулен Балақайұлы Балақаев— қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым. Балақайұлытың ғылыми-зерттеген еңбектері қазақ тілі ғылымының грамматика, емле, терминология, тіл мәдениеті, стилистика тәрізді өзекті мәселелеріне арналған. Балақайұлы орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене ат салысты.М. Балақайұлы 150-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 20-ға жуық кітаптар мен монографиялық зерттеулердің авторы. М. Балақайұлының «Жай сөйлем синтаксисі» деген докторлық диссертациясы тіл білімі тарихындағы жаңалық ретінде жоғары бағаланды; әсіресе, «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы – синтаксистің салаларын ғылым тұрғыда жүйелеп, оның құрылымдық қызметін терең зерттеген еңбек. Балақайұлы «Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің негізгі типтері» деген монографиясында синтаксистің дербес саласы ретінде сөз тіркесін алғаш зерттеді. Еңбектерінің бірқатары қазақ әдеби тілінің дамуы мен көркем әдебиет тілін зерттеу мәселелеріне арналған. «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» деген монографиясы үшін Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986) атағы берілді.

Мархабат Томановтың “Қазақ тілі тарихи грамматикасының мәселелері” (1974), “Түбірлердің дамуы туралы мәселеге” (1974), “Үстеулердің тарихынан” (1975), “Тарихи грамматика мәселелері” (1975 ж. екінші авторы – Т. Қордабаев), “Көне түркі жазуының (Орхон-Енисей) ескерткіштері” (1963), “Махмуд Қашғари (ХІ ғ.)”, “Махмуд Қашғари түркі тілдерінің фонетикалық құрылымы туралы” (1971), “Тарихи морфологияны зерттеуде көне мұраларды пайдаланудың принциптері туралы” (1976), “Көне түркі жазба ескерткіштері – қазақ тілі морфологиясының тарихын зерттеудің көзі болып табылады” (1977) сияқты туындыларының әр­қай­сысы өз алдына бір күрделі мәселенің ауыр жүгін арқалап тұр. “Қазақ лексикографиясының алғашқы нұсқасы” (1968) деп аталатын тарихи сөз­діктануға ар­нап жазған мақаласынан бастап, М.Томанов орысша-қазақша сөздіктерді құрастыруға атсалысты. Олардың ішінде екі тілді құ­ры­лыс, архитектура, физика, астрология, заң, педагогика, психология салаларына арналған салалық терминдер сөздігі бар. Көптеген терминдік сөздіктерге алғысөздер жазып, басылып шығуына мұрындық болды.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма.Мәтінді түсініп, оқыныз.

2 тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз. 3-тапсырма. Мәтінге жоспар құрыңыз.

4 тапсырма.Осы мәтін туралы өз ойыңызды білдіріңіз

5-тапсырма. Берілген сөздерді септеңіз.


Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

Құрылық



















Қоғамдастық



















Елшілік



















Кеңес



















Бедел



















Өркениет


















  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның iconЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның iconЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның iconЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның iconЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның iconЕскерту: сұрақ кітапшасын ауыстыруға; сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға; жауап парағын ауыстыруға
Сұрақ кітапшаcы қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті,...
Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның iconПәннің атауы: «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті»
М020400-Мәдениеттану мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті» пәні...
Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның iconҚ азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Ежелгі және қазақ хандығы дәуіріндегі қазақ әдебиетінің тарихы» пәнінен 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның iconҚазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі Қ.Қ. Нұржанованың
Студенттердің дербес жұмысына арналған мәтіндер жинағы (оқу құралы). Isbn 9965-04-180-6
Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның iconЖалпы орта білім беру мектебіндегі «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі мен әдебиеті» ПӘндерінің интеграциясы
Бұл мақалада авторлар жалпы орта білім беру мектебіндегі «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі және әдебиеті» пәндерінің байланысына...
Мақсаты: Қазақ халқының тілі және қазақ тілі тарихы туралы мәлімет бере отырып, елі және жері, рухани мәдениеті мен тарихы туралы әңгімелей білу. Қазақстанның icon050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 050205 «Филология: қазақ тілі» мамандықтары...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzdocs.docdat.com 2012
обратиться к администрации
Документы
Главная страница